күшейтеді. Ал жазушы қаламы бұл орамды дағдыдан тыс сөзбен,
самсаған сары қол дегенмен, тіркестіріп, гипербола жасау арқылы бүкіл
сөйлем тұрқын эксперссивтендіре түседі.
Тұрақты тіркестердің "үйреншікті" ортасы, дағдылы орны болады.
Олар мағыналық, стильдік ренктеріне сай контекст іздейді. Мысалы,
қанды басың бер; тарт тәрізді сөз орамының аңшылыққа, саятшылыққа
байланысты контексте қолданылуы – оның дағдылы орны. Мұхтар
Әуезовтың тіл кестесінде бір алуан сөз орамдары дағдыдан тыс контексте
қолданылады. Мысалы:
Таң ертеңнен бері әрбір арбаның түбінде ажал
оғы аңдып, сығалап, "Қанды басың бері тарт" деп отыр. Мұндағы
қанды
басың бері тарт деген сөз орамы көтерілісшілер мен патша әскерінің
арасындағы қақтығысқа орай қолданылған.
Жазушы көп орайда жаңа
контекст табу аркылы тұрақты сөз орамының өрісін кеңейте, осылайша
еркін қолданады. Мұндай қолданыстың тіл көркемдігіне тигізер әсері де
ерекше.
Жекелеген сөздер тәрізді тұрақты орамдардың да қат-қабат лексика -
семантикалық, дыбыстық нұсқалары бар. Кейбір тұрақты сөз
орамдарының сыңарлары дыбыстық өзгеріске түсіп, мағына жаңғыртуы -
тілде бола беретін заңды құбылыс. Қайсы бір каламгерлеріміздің сөз
жұмсау дағдысында олардың көмескі ізі қайта жаңғырып жатады.
Мысалы,
иттің ұлы итақай тіркесін Сәбит Мұқанов
иттің кұлы итақай
деп қолданған. Сондай-ақ
ай дер ажа, қой дер қожа жоқ деген орам
Сәкен Сейфуллин шығармаларында
әй дер әже, қой дер қожа жоқ түрінде
кездеседі.
Бұл орам Мұхтар Әуезовтің "Еңлік-Кебек" драмасында
ай дер ажа,
Достарыңызбен бөлісу: