тілдің халық дәстүріндегі жігі соншалық ажыраспаған кезеңді анғартады.
Бірақ солай бола тұрса да сол жазушының өзді-өзі арасында және де
айырмастары бар.
Сыдықбеков халықтың мақал-мәтел, шешендік өрнектерді, сөйлем
орамдарды сол халықтық үлгіден көп өзгертпей алады. Ал Мұстафин
халықтық үлгіні еске алумен қатар өз жанынан тың, шебер, шешен
афористік үлгілер тудырып отырады. Бірақ осы екі жазушының
геройларының ішінде қартаң адамдары шешенірек сөйлейді"
66
.
М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т. б. суреткерлер
жалпыхалықтық тілде кездесетін фразеологизмдерді әр қырынан қолданып
қана қоймай, жұртшылыққа кеңінен танымал мақал-мәтелдердің үлгісін
пайдаланып, тыңнан сөз орамдарын жасады. Ғ.Мұстафинде кездесетін
жақсы қаулы – жарым іс деген орам
жақсы сөз – жарым ырыс деген
мақалдың моделі бойынша жасалған. Осы тәрізді
өгіздің аяғы болғанша,
бұзаудың басы бол деген мәтел түріндегі фразеологиялық тізбектің
моделіне ұқсас сөз орамын М.Әуезовтің тіл кестесінен де кездестіреміз: –
Ай Зегеш-ау, бұл айтқан сөзіңнің бәрі дұрыс болғанда, қалып жатқан
қасірет тағы бар ғой. Қарамықтың дәні болғанша, бидайықтың сабаны
бол. Жаман қауымның жақсысы балғанша, жақсы қауымның жаманы бол
десе не дейсің? – деп Бегешті біраз аңыртып тоқтатып қалды
(М.Әуезов. "Абай жолы"). Ел зиялылары арасындағы сөз қақтығысын
анғартатын мұндай контексте қарапайым немесе тұрмыстық сөйлеу тілі
аясында қолданылатын фразеологиялық тізбектен гөрі
(өгіздің аяғы
болғанша, бұзаудың басы бол) кітабилеу реңктегі сөз орамы орындырақ
көрінеді. Сондықтан жазушы белгілі бір мақал-мәтелдердің моделін
пайдалана отырып, сонымен мазмұндас, бірақ реңкі жағынан контекске
кірігіп тұратын сөз орамдарын жасайды.
Фразеологиялық сөз орамдарының көркем тіл кестесіне түсуі тек
бергі кезде ғана пайда болған жоқ. Ауызша әдеби тіл дәстүрінде жасалған
көркем үлгілерде фразеологиялық сөз орамының алуан түрін ұшыратуға
болады:
"ауыр қылыш; ала білек оқ; қанды көбе; ала балта; он екі құрсау
Достарыңызбен бөлісу: