Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден,
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер композицияның
монографиялық анализін және композиция құралдарын қарастырады. Практикалық сабақ
барысында студент мынаны орындауы тиіс:
-сурет салу барысында композиция құру заңдылықтарын ескеру;
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау;
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында орындау;
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау;
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау.
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе
гуашь, түрмыстық заттардың көріністері.
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша композицияның құралдары айқындалған көріністеріне эскиздер
сызу.
1.1.қарапайым тұрмыстық заттардан құралған композиция.
2. детальдардың көлемін айқындап үйрену.
2.1. ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау.
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1.Натюрморттық композицияның бірнеше эскиздері.
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3. Берілген тақырып бойынша қарапайым натюрморт құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері.
Бақылау сұрақтары: 1.Композиция құралдарын анықтаңыз?
2.Белгілі натюрморт жанрының майталмандары кім?
3.Композициялық элементтер қанша вариантта үйлеседі?
Практикалық сабақ № 13 Сабақтың тақырыбы: Перспективалық заңдылықтарды қолдана отырып конструктивті
сызықтық қаңқасын тұрғызу. Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; эргономика, көлемді-кеңістіктік
формалар туралы ұғым. 1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. геометриялық фигуралардың пішінін макет арқылы көрсету (қағаз, қалам, қайшы, ПВА клей).