Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері



Pdf көрінісі
бет18/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша композицияның бірнеше масштабтық және контрастық 
көріністерге эскиздер сызу. 
1.1.қала көшелерінің перспективалық композициясы.
2. детальдардың әр түрлі масштабтағы макетін жасап үйрену. 
2.1.макетті түрлі-түсті қағаздармен орындау. 
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1. Қала көшелерінің перспективалық композициясының бірнеше эскиздері. 
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау. 
3.Берілген тақырып бойынша қағаздан макет құрастыру. 
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері (масштабтылық). 


18 
Практикалық сабақ № 10 
Сабақтың тақырыбы: Әртүрлі пішінде және әртүрлі түсте бұйымдардан құрастырылған 
қойылым. 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу;сәулеттік композицияның түстік 
шешімі. 
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін бір тонды түспен орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. түрлі-түсті фигуралардың пішінін жарық-көлеңке арқылы айқындау. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сурет өнеріндегі түстік 
ерекшеліктерін анықтай отырып, негізгі заңдылықтарды меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Натюрмортта бейнеленетін заттар геометриялық денелерді еске түсіретін формалар болып 
табылады. Бұларды бейнелеу бізге қажетті мәселелерді ретке келтіруге орналастыруға, 
құрылымын құруға және жарық - көлеңке арқылы көлем беруге мүмкіндік береді. 
Негізгі көңіл аударатын нәрсе модельдің құрылымдық заңдылығы және пропорциясы. Егер 
айналу денелерін дұрыс бейнелеу үшін суретте олардың ось сызықтарын белгілеу керек. 
Көпқырлы және цилиндртәріздес заттар кеңістікте әртүрлі жағдайда, түрлі бұрылыста 
бейнеленеді. Көп бөлшектерден тұратын заттармен жұмыс барысында едәуір мағынаға ие 
болатын, көру нүктесі және оның кағаз бетіндегі дұрыс орналасуы. 
Натураның қойылымдық суретіндегі ең негізгі мәселелердің бірі кеңістіктік тереңділікті бере 
білу. Сызықтық перспективаның заңдылығын жүйелі қолданып отыру қажет. Жұмыстың сәтті 
шығуы суреттің қалай орналасқандығының да маңызы зор. Бір заттың әр көру нүктесінен 
қарағанда әртүрлі болып көрінеді. Натюрмортпен жұмыс қағаз бетіне дұрыс орналастыруды, 
қызық жерін таба білуді дамытып отырады. Суреті салынатын объектті таңдағанда өте 
табандылық таныту қажет сонда ғана салынған сурет әлдеқайда әдемі көрінеді. Атақты 
суретшілердің натурадан салған жұмыстары өзінің шеберлік деңгейімен ғана емес сонымен 
қатар олардың авторының өте бір қызықты композициялық тұрғысынан алғандығын көруге 
болады. Сол суретшілердің ойы мен мақсатын және олардың жұмыстарының кезеңдерін сезіне 
білуге тырысу керек. Мұндай анализдер жасау үшін осыған дейін жасалған ең үздік 
жұмыстармен қатар шеберлердің үлгі суреттерін қарау тиімді болып табылады. 
Түстану –түс құбылыстарынан түсінік беретін және оның шығу тегін, сырлы дүние әлемін 
бақылау құбылыстарынан байқалуын оқытып үйрететін ғылым.сонымен қатар ол көз жанары 
физиологиясын, көз мүшелерінің жұмысын дамытады, әрі көркемсуреттен әр алуан сарамандық 
іс-әрекетті теориялық тұрғыдан тұжырымдайды. 
Түстану біршама жас ғылым. Ол әлі де соңына дейін шешімін таппаған мәселе, ал белгілі 
болғандарының өзі білім жүйесінің тұтастығын ғана құрайды.
Түс туралы ілімнің негізі И.Ньютон, М.В.Ломоносов, Я.Т.Юнг т.б. ғалымдардан
бұрын қаланған болатын, ал түстану ғылым ретінде тек қазіргі заманда ғана өндірістің әр 
саласына (тоқыма, лак,бояу жасау және полиграфия) енді. Орыстың ұлы ғалымы М.В. 
Ломоносов қазіргі таңда физикалық оптикада аса маңызды қызмет атқаратын үш түсті 
колориметрияның, сонымен қатар үш сыңар түсті көрудің теориялық негізін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет