Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша кеңістік-көлемдік композицияға эскиздер сызу.
1.1.көркемдік қабылдаудағы геометриялық денелердің композициясы.
2. детальдардың көлемін айқындап үйрену.
2.1. ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау.
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1. Натюрморттық композицияның бірнеше эскиздері.
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау.
3. Берілген тақырып бойынша композициялық сурет құрастыру.
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері.
Бақылау сұрақтары: 1.Көркемдік қабылдау дегеніміз не?
2.Сурет салудың негізгі құралдары ?
3.Гризяйль дегеніміз не?
Практикалық сабақ № 16 Сабақтың тақырыбы: Интерьердегі немесе экстрерьердегі натюрморт Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу; интерьер және экстерьердегі
формалар туралы ұғым. 1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (қалам, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. геометриялық фигуралардың пішінін штрихпен көрсету.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, көркемдік қабылдаудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: Архитектор –студенттерді әртүрлі сәулеттік композициялық жаттығуларды оқыту курсында
үлкен роль атқарады. Пішімнің заңдылықтарының процесі қойылған тапсыма мен сәулеттік
композицияның түріне байланысты қарапайымнан қиынына қарай жүреді.
Композициялық шешімнің тәуелділігі, берілетін контрастілермен әртүрлі қолданады. Бұл жерде
ірі көлемдегі формалар кішілерімен үйлесімді қолданылуы мүмкін, және сфералық формадан
куб формасына, жазықтықта орналасқан затпен тігінен тұрған заттарға контрастілі үйлесімімен
қолданылуы мүмкін. Натюрморттың композициялық шешімін жазғанда жарықтың қатынасы
және қойылған нұсқаның заттар арасындағы хроматикалық контрастілері негізгі рольде болады.
Ол кезде жалпы колоритінің сюжеттен берілетін ара қатынасында қолдану қажет. Қойылған
натюрмортты нұсқада беру үшін фонын жазу үлкен мағына береді. Түрлі бояумен боялған фон,
жалпы топталған заттардың бір мезгілдегі контрастілері түрлі күште әсер ете отырып, оның
силуэтін ерекшеліндіреді. Егер нұсқада заттардың артында мата қойылса, оларды түрлі суретте
пластикалы етіп, ірі және майда бүрмелері формаға гармониялы етіп бере алатындай, жарық
түсу ерекшелігін айқын, жартылай көлеңке, көлеңке суық- жылы түстердің қатынасын шеше
алатындай орналастырып жаза білу керек. Ең негізгі роль жарықтың түсу ерекшелігіне
25
негізделеді. Бұл тапсырманы орындағанда жарық түсетін жерлерінің формасының анықтылығы
мен ірі көлеңкелі учаскелерінің массаларын да бірге жаза отырып, ұсақ-түйектерін біріктіру
әдістерін де ұмытпауымыз қажет.