Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Техникалық және инструменттік құралдар



Pdf көрінісі
бет33/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварль немесе 
гуашь, геометриялық фигуралардың көріністері. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша стилистикалық композицияға эскиздер сызу. 
1.1.көркемдік қабылдаудағы геометриялық денелердің композициясы.
2. детальдардың көлемін шығарып үйрену. 
2.1.ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау. 
Үй тапсырмасын орындау тізімі мен түрлері:
1. Сәулеттік композицияның бірнеше эскиздері. 
2.Эскиздерді графикалық және түстік шешімде орындау. 
3.Берілген тақырып бойынша архитектуралық конструктивті композиция құрастыру. 
4. Берілген тақырып бойынша композиция эскиздері. 
Бақылау сұрақтары: 
1.Конструктивтік шешім дегеніміз не? 
2.Пропорция дегеніміз не? 
3. Натуралық қойылым деген не? 
 
 


29 
Практикалық сабақ №20 
Сабақтың тақырыбы: Ішінара қимасы көрсетілген көне құмыра, заттың ішкі 
конструктивті құрылысын игеру 
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, сәулеттік бөлшектердің 
композициясы туралы ұғым.  
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (қарындаш, гельді 
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар). 
3. Ішінара қимасы көрсетілген фигуралардың пішінін штрихпен көрсету. 
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, көркемдік қабылдаудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Сурет салу барысында негізгі принцип болып табылатын жалқыдан жалпыға, жеңілден 
күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалып отыру керек. Қаншалықты салынатын модельдің 
үлкендігіне қарамай кез-келген нобайды кағаз бетіне орналастыруды ойластырып отыру қажет. 
Жылдам салынатын нобайларда заттың көрінбейтін бөліктерін елестете отырып көмекші 
сызықтармен негізгі пропорциялық заңдылығын ұстап отыру өте маңызды. Пропорциялық 
заңдылығы сақталмаған суреттерде конструкциялық құрылымы автоматты түрде бұзылады. 
Натураның пропорциялық дұрыстылығын бұзуға болмайды, оларды біртіндеп және 
құрылымдық заңдылығымен байланыстырып отыру қажет. 
Заттың кішкене қосалқы бөлшектерін конструкциялық құрылымының көмегімен және 
салынатын форманың ыңғайына қарай біртіндеп салу керек. Мұндағы жарық көлеңке жеке 
бөлінбей суреттің жалпы көрінісімен бір уақытта жүргізіліп отырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет