29
Практикалық сабақ №20
Сабақтың тақырыбы: Ішінара қимасы көрсетілген көне құмыра, заттың ішкі
конструктивті құрылысын игеру
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, сәулеттік бөлшектердің
композициясы туралы ұғым.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (қарындаш, гельді
қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. Ішінара қимасы көрсетілген фигуралардың пішінін штрихпен көрсету.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік
форманы анықтай отырып, көркемдік қабылдаудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Сурет салу барысында негізгі принцип болып табылатын жалқыдан жалпыға, жеңілден
күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалып отыру керек. Қаншалықты салынатын модельдің
үлкендігіне қарамай кез-келген нобайды кағаз бетіне орналастыруды ойластырып отыру қажет.
Жылдам салынатын нобайларда заттың көрінбейтін бөліктерін елестете отырып көмекші
сызықтармен негізгі пропорциялық заңдылығын ұстап отыру өте маңызды. Пропорциялық
заңдылығы сақталмаған суреттерде конструкциялық құрылымы автоматты түрде бұзылады.
Натураның пропорциялық дұрыстылығын бұзуға болмайды, оларды біртіндеп және
құрылымдық заңдылығымен байланыстырып отыру қажет.
Заттың кішкене қосалқы бөлшектерін конструкциялық құрылымының көмегімен және
салынатын форманың ыңғайына қарай біртіндеп салу керек. Мұндағы жарық көлеңке жеке
бөлінбей суреттің жалпы көрінісімен бір уақытта жүргізіліп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: