35
Практикалық сабақ №26
Сабақтың тақырыбы: Перспективалық конструктивтік құрылысын
салу .
Сабақ жоспары: берілген тақырып бойынша эскиздер сызу, композиция тәсілдері туралы
ұғым.
1.бірнеше данада ізденіс эскиздерін графикалық түрде орындау (акварель, гельді қаламсаппен).
2.ізденіс эскиздерін түстік шешімде жасау (акварельді краска, гуашь, түрлі-түсті қаламдар).
3. күрделі фигуралардың пішінін штрихпен айқындау.
Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: перспективалық композициядағы
көркемдік форманы анықтай отырып, композиция тәсілдерін меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар:
Композициялық шешімі. Қойылымды салу алдында ең алдымен бейнені қағаз бетіне дұрыс
орналастыру жағын яғни композициялық тепе-тендігін дұрыс сақтау үшін қандай көлемде жэне
қалай орналастыру керектігін ойластырыңыз. Сонымен қатар бейнеленетін затты қағаз шетіне
тақалмағаны жөн. Бейненің шекараларын анықтаған кезде суреті салынатын объектінің негізгі
пропорцияларын белгілеп алған орынды. Себебі, осы кезде қате жіберілсе, әрі ол қате дер кезінде
түзетілмесе, салып отырған сурет дұрыс шықпайды. Сондықтан негізгі пропорцияларды
белгілегенде өте мұқият болған жөн. Суреттің негізгі жалпы биіктігі мен енін анықтамас бұрын
бейнеленетін объектіні мұқият зерттеп, оның негізгі пропорцияларын белгілеуге болады.
Түс- бұл белгілі толқын ұзындығы бар жарық сәулелерінің шағылысу қасиеті.
Фактура – бұл қолданылатын материалдар құрылымына тәуелді зат бетінің қасиеті. Ол ірі
немесе
ұсақ,
кедір-бұдырлы,
тегіс
күңгірт
болуы
мүмкін.
Жоспар –бұл көлденең кесінділердің жоғарыдан көрініс беруі.
Достарыңызбен бөлісу: