Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет53/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Бізді қоршаған табиғаттың кез келген бөлігін немесе денесін алып қарамайық, барлығы 
тұтастық заңдылығына негізделген. Табиғаттың өзі тұтастық зандылығынан құралған, ал адам - 
табиғаттың сыңары. Егер адам құрылысына көз жүгіртсек, адам денесі бірнеше бөлшектерден 
тұрады: бас, кеуде, аяқ, қол - бастың өзі кішігірім бөлшектердің құрамы: көз, мұрын, құлақ, 
ерін, жақ сүйектер, маңдай, қас, қабақ т.б. Адамдардың түр түсінің ерекшелігі осы бөлшектерге 
тікелей байланысты. Таныс адамдарымызды осы бөлшектердің ерекшелігінен таниды екенбіз. 
Олай болса ұсақ бөлшектердің жиынтығы үлкен денені туғызса, үлкен дене ұсақ бөлшектерсіз 
тұтас көріне алмайды екен. Сонымен, тұтастық заңы дегеніміз - табиғи құбылыс, кіші денелер 
мен үлкен денелердің арасындағы физикалық, биологиялық, психологиялық байланыстар. Сол 
сияқты жер бетіндегі жан-жануарлар, ағаш-өсімдіктер, тіршілігі бар немесе жоқ денелер - 
барлығы тұтастық заңдылықта болады екен. Тіпті Жер планетасының өзінде тұтастық белгі бар: 
жұмыр дөңгелек, яғни аяқталған формада келген, егер одан әрі көз жүгіртсек, планеталардың 
галактикадағы да тұтастық заңдылықты сақтай отырып орналасқанын байқаймыз. 
Тұтастық зандылық адам өмірінің бүкіл болмыс, тұрмыс сферасын: оның ой-өрісінің
тұтастығы әдет-ғұрпының, ұлттық құрылымының тұтастығын психология-физиологиясының
тұтастығын, мәдениетінің тұтастығын т.б. қамтиды. Міне, қарап, отырсақ адамның ішкі 
сыры, тән бойы тұтастық заңдылықтан тұрады екен. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық


43 
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер басты салу формаларын 
қарастырады.
Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-композиция құру барысында сызық-конструктивтік шешім арқылы сауатты құрастыра білу; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет