Сәулет мамандығына арналған Шымкент 2022ж


Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі



Pdf көрінісі
бет69/74
Дата28.04.2023
өлшемі1,41 Mb.
#88236
түріСабақ
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
Рисунок Практика

Сабақтың мазмұны мен шарты, білімі мен біліктілігі: сәулеттік композициядағы көркемдік 
форманы анықтай отырып, адам басын салудың заңдылықтарын меңгеру.
Тарихи теориялық мағлұматтар: 
Жазылу процесінде мынадай принципті немесе қасиетті естен шығармаған жөн. Ол — үлкен 
қатынастардан бастап кіші қатынастарға дейін, кері қарай кіші қатынастардан үлкен 
қатынастарға дейін жазылу, салыстыру, реңдерін табу, көлемдерін көру, бейнелей білу болып 
табылады. 
Гризайль техникасымен жұмыс жүргізу барысында немесе жалпы живопись өңірінде нұсқаны 
еш уақытта жеке қарауға немесе оның өрісінен бөлек тыс алып қарауға болмайды. Қандай сурет 
болмасын, олардың белшектеріне жалпылама қарап, тұтас жазған тиімді. Мысалы, жазылу 
барысында геометриялық денелерді жеке-жеке жазбай, қағаз бетінде біркелкі орындау, яғни 
дене мен дене байланысын, денелердің өрісімен байланысын, жалпы композициялық 
денелердің ортамен байланысын көрсету. 
Студенттердің сабаққа дайындығына арналған ұсыныстар: Студенттер практикалық 
сабақтарға барынша дайындалып келуі тиіс. Дайындыққа лекциялық конспектілерден, 
оқулықтар мен оқу құралдарынан практикалық
сабақтарды оқып үйрену жатады. Практикалық сабақта студенттер басты салу формаларын 
қарастырады.
Практикалық сабақ барысында студент мынаны орындауы тиіс: 
-композиция құру барысында перспективалық шешім арқылы сауатты құрастыра білу; 
-композициялық эскиздерді жүйелі түрде орындау; 
-берілген тақырып бойынша композициялық жобаларды А3 форматында
орындау; 
-эскиздерді бірнеше этаптарда жасау; 
-композициялық эскизді графикалық және түстік шешімде орындау. 
Техникалық және инструменттік құралдар: карандаштың бірнеше түрі, акварель немесе 
гуашь, геометриялық фигуралардың көріністері. 
Аудиторияда орындалатын тапсырмалардың тізімі мен түрлері:
1.берілген тақырып бойынша тірі адам құрылымына эскиздер сызу. 
1.1.натураның конструктивтік композициясы.


54 
2. заттың жалпы формасын елестете білу. 
2.1. ізденіс эскиздерін А4 форматында орындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет