Ф-ОБ-012/062
24
7. Бақылау: (сұрақтар, тесттер, есептер және т.б.)
Ситуациялық есептер
1.Ауыр жұмыстан соң, адамның бұлшық етінің қатты ауырғаны байқалды. Бұл неге байланысты? Бұл
жағдайда сіз қандай кеңес бересіз?
2. Ауру адамда витамин В
1
-дің гиповитаминозы көрсетілген. Көмірсу алмасуының өзгеруін
анықтаңыз.
3. Қан құрамында глюкозаның мөлшері 2,5-9,7мм/л-ға тең. Бұл жағдай қалай аталады? Бұл кезде
бауырда қай процесс жылдам (тез) жүреді-гликогеногенез немесе гликогенолиз?
Есептің шарттары ортақ:
Төмендегі келтірілген (15 түрлі заттар). Тотыққанда қанша АТФ, қанша тотықсызданған НАДН
2
және
ФПН
2
және қанша субстраттан фосфорлану реакциялары жүретіндігін есептеп шығару қажет.
1. Молекула глюкозаның тотығуы, егерде процесс гликогеннен басталса (глицерофосфат шөрнек
механизмінің жұмысы кезінде)
2. 1 молекула глюкозаның тотығуы, егерде процесс гликогеннен басталса (малат шөрнек механизмі).
3. Фруктозо-6-фосфаттың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
4. Фруктозо-6-фосфаттың тотығуы малат шөрнек механизмі.
5. Фруктозо-1,6-дифосфаттың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
6. Фруктозо-1,6-дифосфаттың тотығуы малат шөрнек механизмі.
7. 1 молекула фосфо-глицеро-альдегидтың тотығуы глицерофосфат шөрнек механизмі.
8. 1 молекула ФГА-ның тотығуы малат шөрнек механизмі.
9. 1 молекула 1,3-ди ФГА тотыққанда.
10. ПЖҚ-ның 1 молекуласының тотығуы.
11. АСҚ-ның 1 молекуласының тотығуы.
12. Изолимон қышқылының тотығуы 1 молекуласы.
13. Альфа-кето-глютар қышқылының тотығуы.
14. Сукцинил-КоА-ның тотығуы.
15. Сукцинаттың тотығуы.
Жауабын схема түрінде жазып көрсету керек.
Достарыңызбен бөлісу: