Литература
1. Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. - М., 1996.
2. Бережнова Е.В. Формирование методологической культуры учителя //
Педагогика. - 1996. - № 4.
3. Кабалевский Д.Б. Дорогие мои друзья. - М., 1977.
4. Каган М.С. Философия культуры. - СПб, 1996.
5. Лихачев Б.Т. Теория эстетического воспитания школьников. - М., 1985.
6. Орлов А.Б. Психология личности и сущности человека: парадигмы,
проекции, практики. - М., 1995.
7. Рыданова И.И. Основы педагогики общения. - Минск, 1998.
Н урпеисова Н. Е.
П едагог-м узы кантты ң кәсіби имиджі
Бұл мақалада мұгалімнің, ұстаздың, музыканттың өз шығармашылық, кәсіби қызметін
ұйымдастыру кабілеті карастырылады. ұстаздардың к)сіби кызметін ұйымдастыру кабілеті
тұлганың шығармашылық және арнайы қабілетінің негізінде жақсылық, үйлесушілік заңдар
бойынша өнделеді. ¥стаз-музыкант музыкалық өнердің мәдени, өнегелі-эстетикалық және
көркем кұндылыктардың жүзеге асыруы - тұлганың жоғары кэсіби мэдениеттің негізгі
көрсеткіші, оның рухани жэне мэдени байлық өсудің куэлігі.
Түйін сөз: өнер, мэдениет, музыка, мұгалім, психология, шыгармашылық, зейіңдер,
кэсіп, тұлга, эмоциялар, эстетика.
Nurpeissova N.E.
Professional image of teacher-m usician
This article examines the ability of teachers, teacher, musician build its creative professional
activity by the laws of goodness, harmony, which are formed on the basis of creative and special
abilities o f the individual. Implementation of teacher-musician spiritual, cultural, moral and aesthetic
and artistic values o f musical art is the main indicator o f a highly professional culture o f the
individual, increasing evidence o f its spiritual and cultural wealth.
Ключевые слова: Art, culture, music, teacher, psychology, creation, ability, profession,
personality, emotions, esthetics.
Ф И Л О Л О Г И Я
Ф И Л О Л О Г И Я
P H I L O L O G Y
ӘОЖ 81,243
Ғ.Қ.Хасанов - ф.ғ.д., М. Өтемісов атындағы БҚМ У профессоры
Г.А.Туленова - М. Өтемісов атындагы БҚМУ магистранты
E-m ail: adelya_karabasova@ mail .ru
TYP-TYCKE ҚАТЫ СТЫ КҮРДЕЛІ АТАУЛАРДАҒЫ ҮЛТТЫ Қ
ДҮНИЕТАНЫ М КӨРІНІСІ
А ннотация. Мақалада қазақ тілінің түр-түске қатысты күрделі атауиары тілдік сана мен
үлттық дүниетаным қатысында қарастырылады.
Түйін сөз: түр-түс элемі, тілдік таңба, үлттық мэдениет, тілдік дүние бейнесі.
Кез келген үлт мэдениетіндегі түр-түс элемі өзіндік ерекшелікке, өзіндік
белгілік таңбалық мэнге ие. Ягни, «мәдениеттегі түр-түс» арқылы халық өзіндік
эстетикалық
көзқарасын,
эмоциялық
қалпын,
адамгершілік түсініктерін
білдірген. Қоршаган орта, аспан әлемін тіпті кез-келген материалдық мэдениетке
байланысты заттар, киім-кешек, қүрал-жабдық, болмаса рухани мэдениетке
қатысты салт-дэстүрді түр-түссіз қабылдау мүмкін емес. Онсыз оның болмыс-
бітімі толыққанды болмайды. Сондықтан түр-түс - үлт мэдениетін танытатын
бірден-бір жол. Ол өз тамырын терең жайып, ата- бабамыздың мифтік
түсінігімен де астасып жатады. Адам баласы өзін қоршаган табигатты, өзін-өзі,
қоғамдағы заттар мен қүбылыстарды жан-жақты да терең танып білудің көптеген
тілдік қайнар көздері мен тэсілдеріне түр-түс элемі де жатады[1, 448 б.].
Адам баласы эртүрлі түр-түсті бір-бірімен салыстыра отырып ажыратады.
Олардың бір тобы адамға жылы көрінсе, енді біреулері суық болып көрінеді.
Осыған байланысты түстерді ж ы лы жэне суық түстер деп бөлу қалыптасқан.
Бүган себеп: ыстық оттың жалыны цызгылт, цызыл екені, суық мүздың түсі
көкшіл, жасыл, царакөк екені түсінікті. Бірақ табиғатгагы түр-түстердің барлыгы
эр уақытта да бір заттың, қүбылыстың түр-түсін, өң-реңкін, сыртқы сипатын
гана анықтаумен шектелмейді. Сонымен қатар түр-түс атауларының мүлдем түр-
түске қатысы жоқ немесе одан магынасы тым алыс үгым-түсініктерді білдіре
алатыны белгілі. Басқа халықтардагыдай цазац халңы үшін де әлем екі түске - ац
пен царага бөлінген. Оның бірі ац түс - күллі игі жақсы қасиеттер иесі болса,
цара түс - жамандық біткеннің белгісіне ие. Бүл түсінік халық санасына терең
үялап, оның тілі мен ойлау жүйесінен орын алган. Сондықтан ац түс күні
бүгінге дейін жақсы бастама атаулының бэрінен де табылад^і. Өйткені ол
сүлулық элемінің, адамгершілік қасиеттерінің біртүтас жиынтыгын қүрайды.
Қазақ халқының ежелгі дүниетанымында дүниені төрт бүрышт^і деп түсініп, эр
түсқа өзіндік таңбалық түс бергені белгілі. Сонда цара түс солтүстікті
белгілейді. Зерттеулерге сүйенсек, «Авестада» солтүстік жақтагы қасиетті тауды
«Хукариа» деп атайтындыгы айтылады. «Хукариа» атауының иран тіліндегі
бастапқы айт^ілу нүсқасының «Хух Хара» болганд^ігын ескерсек, мүндағы
«хара» о баста дей-түркінің (арғықазақ) «цара» формасынан шыққандығын
айтуга болады. Ягни «Хух Хара» сөзі бүгінгі түркі тіліне «Харатау» - «Қаратау»
деп аудар^ілады. Бүл жердегі «цара» сөзі түсті емес, «түпкі, бастащы» деген
магынага ие болып түр. Түркі тілдерінің бірі өзбек тілінде «цара» сөзі «темір»
деген мағынада қолданылады [4]. Мүндай үғым буряттардың дүниетанымд^іқ
негіздегі фольклорында да болғандығы байқалады. «Қара» сөзі жер асты, төменгі
әлем үгымын білдірсе, «ац» сөзі оған қарама-қарсы жоғарғы элем, қүдайлар
мекені, аспанның символы болған. Ац түсінің о дүниелік символы қазақ
халқының мифтік түсінігінде төрт түлік , соның ішінде жылқы малының ақ
түстісімен байланысты болған. Ац түс ежелгі түркі-монғол халықтарының
архаикалық мифтік түсінігінде күн сэулесіне, күнге теңелген. Күн сэулесінің
жылдам таралуына сол кезде желдей жүйрік жылқы ғана теңесе алған.
Астарында қазақ халқының гарыштық дүниетанымының үлтіық белгілері жатқан
табиғат қүбылыстары мен жан-жануарлардың түр-түстік символикасына қазақтар
үлкен мэн берген, халықтың үғымында ақ, кара түс атауларымен бірге, ала
түсінің де қасиеті ерекше. А ла - орта дүниенің, жер бетінің таңбасы ретінде
көптеген үлттық эдет-ғүрыптарда маңызды орын алады: «Өлікті жөнелткенде
абыз ала жіптің бір шетін мэйіттің денесіне денесіне байлап, бір үшын өзі
үстап: «Ала жіп, ала жіп, бүл кісінің бар күнэсын ала біт!», - деп айтады».
Қазақ танымында алалыц, түстілік, алапестікке байланысты эңгімелер тектен-
текке айтылмаған, бүлар таза мифтік түсініктің қарабайырлануы (профанация)
нәтижесінде ежелгі мэн мен идеяның үмытылып кетіп, есте сақталып қалған сөз
тіркесі мен эңгіме фрагменттері кейінгі жағдайда басқаша түсіндіріліп жүр.
Тілші-ғалым Б.Ақбердиева осы сөздің негізгі символдық белгісі ретінде күнге
тәуелді етеді. Яғни, алалыц - күн белгісі, атрибуты. Қазақ дүниетанымында
мүндай күнтекті белгі ретінде цал, цалша, пес, шүбар сияқты сөздер
қолданылады. Алалық пен алапестікті кейін тек ауру-сырқат болар деп түсінген.
Шындығында пес сөзі де дац, цал дегенді білдіреді. Оны белгілі сырқатқа телу -
кейінгі қазақ тілінің дэстүрі, ертедегі қазақтар ежелде күн бетіндегі дақты қалға,
меңге үқсатқан. Ала сөзіне қатысты көптеген атауларда уақыт мағынасы сезіліп
түрады. Ала түсінің уақытқа қатыстылығы жөнінде мифолог С.Қондыбай ала
сөзін ертегі-аңыздардагы ат-жылқылардың түсіне қатыстыра отырып, ала аттың
күн мен уацыттың символы екендігін айтады. Ол қазақ жылқыны түстеуге
келгенде алдына жан салмайтындыгын ескерте отырып, ала түс үгымына шүбар,
таргыл, сарыала, бурыл, цызылкүрең сияқты бірнеше түс араласқан қосындыны
ала түс деп орташалап алып, мифтік түргыдан қарастырады. Қазақтың эпостық
жырлары мен өткен гасырлардагы ақын-жыраулардың мүраларында ала сөзі am,
оның ішінде азбан үгымында жиі кездеседі. Ала, алаша am - мықты, күшті,
жүйрік аттың символы, алалыц түске байланысты емес, медиаторлық қасиетке
берілген атау. Сонда ала, алаша атты мифтік триадалық символдың тіліміздегі
лексикология-фразеология жүйесіндегі көрінісінің бірі деп тануга болады.
Сондай-ақ, тілімізде осы сөзбен кездесетін сөздер мен сөз тіркестерінде алаш,
аласапыран, алай-түлей, алапат т.б. жер жүзі, жер беті, тіршілік, өмір сүру,
күресу, мифтік таныммен айтқанда орта дүниеліктің белгісі бар екендігін айта
кету керек. Себебі жер бетінің белгісі ала түспен белгіленеді.
Кесте -дүниенің түр-түстік сипаты
Түр-түс
Ғаламның
мифтік
моделі
Сипатгамасы
Ақ түс
Жоғары дүние
Тэңірілердің мекені, мэңгілік өмір не
тазалық пен пэктіктің белгісі
Ала түс
Ортаңғы элем, жер
беті
Жоғары,
төмен дүние
арасындағы
медиатор
;бойында ақ пен қараның,
жоғары мен төменнің сипаты мен қасиеті
бар; түрақты сипаты жоқ, ақ та емес, қара
да емес.
Қара түс
Төменгі элем, су, жер
асты, қараңғылық.
Төменгі дүние, зүлымдық ордасы; өлім, о
дүние
Қазақтың қиял-ғажайып ертегілерінде, аңыздық мифтерінде, бақсы сарыны
мэтіндерінде сары түс атауының төңірегінде жасалған символдық мағыналы
сөздер де көптеп кездеседі. Көбінесе бүл сары сөзі адам, пері, шайтан аттарына,
яғни белгілі бір субъектіге қатысты қолданылған ( Мыстан, Сарыцыз, Күнікей,
Бекторы жэне т.б.). Сары түсінің жағымсыз кейіпкердің символы екендігін,
басқа да халықтардың мифтік аңыз-әңгімелерінен аңғаруға болады.
Қазақ мифіндегі көк түс аспанға қатысты, оның тәңірлік сипаты болған.
Бүл танымның тереңде жатқандығын Күлтегін ескерткішіндегі «Биікте Көк
Тәңірі, Төменде қара Жер жаралғанда, Екеуінің арасында адам баласы жаралған»
жолдары дэлелдей түседі. Ата-бабамыз дүниені төрт бүрыш деп түсініп, әр
бүрышқа өзіндік символикалық реңк-түс берген. Атап айтқанда, шығыс - көк,
оңгүстік - қы зы л , солтүстік - кара, батыс - ақ түс деген күн айналымына
негізделген таным. Осындағы шығыстың символы ретінде көк түсгн киелі
санаумен байланысты қазақ халқы шығысты да қасиетті санап, шығысқа қарап
тілек тілеген, киіз үйдің есігін шығысқа қаратып ашқан. Бүның бэрі үлы «көк» -
аспан тэңіріне табынудан келіп шыққан. Демек, көк түс -адалдықтың,
мәңгіліктің, түрақтылықтың символы ретінде «мэңгілік көк аспанмен»,
«тэңірімен» үқсастырылады. Осы түсінік жеті цат көк, тогыз цат көк
тіркестерімен бейнеленген. Еліміздің туының түсі ашық аспан түстес болуын да
көк түсінің ерекше ықыласқа бөленуімен түсіндіруге болады.
Сонымен түстердің дүниетанымдық қызметін көрсеіуде ЖА.Манкееваның
сөзімен қорытындыласақ, олар «өмір сүруді қамтамасыз ететін мэдениетке жататын
дүниелердің мэдениетке қатысы адамдардың тек өмір сүруі үшін қажет
мүқгаждықтарын ғана қанағатгандырып қоймай, сонымен бірге олардан жоғары
түратын социогендік, символдық жэне эстетикалық қажеттіліктерін де өтейді» [7, 53 6].
Әдебиеттер:
1. Байтүрсынүлы А. Тіл тағылымы. — Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.
2. Аманжолов С. Қазақ тілі теорияс^ін^ің негіздері. - Алмат^і: Ғылым, 2002.
3.Жүбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. —
Алмат^і: Ғыл^ім, 1966.
4.Кононов А.Н.Семантика цветообозначений в тюркских языках.М:, 1978
5. Оралбаева Н. Күрделі сөздер // ҚР ¥Ғ А Хабарлары. Тіл, эдебиет
сериясы. №2, 1999. — 27-41 б.
6. Қасым Б.Қ. Сөзжасам: Семантика.Уэждеме. — Алматы, 2007.
7. Манкеева Ж. Қазақ тілінің заттық мэдени лексикасы: Фил.ғыл.докт..
дисс. автореф. —Алматы, 1997. - 53 б.
Г.К.Хасанов, Г.А.Туленова
Отображение национальной к ар ти н ы м ира в сложных цветовы х номинациях
В данной статье рассматриваются цветовые обозначения в сложных номинациях, их
функции в осуществлении взаимосвязи народного языкового сознания и духовно
национальной куньтуры.
К лю чевы е слова: мир цветообозначений, языковые знаки, национальная культура,
языковая картина мира.
G.K.Khassanov, G.T.Tulenova
Reflection of the national world picture in com pound colour denom inations
The article considers colour designations in difficult nominations, their functions in
realisation o f interrelation o f national language consciousness and spiritually - national culture.
Key words: the world o f colours, language symbols, national culture, the linguistic picture o f
the world.
УДК 82 (574)
М ұсаев A.M . - ф.ғ.д., профессор
Х асан о ва М .Ж . - М. Өтемісұлы атындағы БҚМ У магистранты
E-mail: meiramgul-x@ mail.ru
Қ У А Н Ы Ш Ж И Е Н Б А Й Д Ы Ң «Д А Ң Қ Т Ү Р М Е С ІН ІҢ Т У Т Қ Ы Н Ы »
Р О М А Н Ы Н Ы Ң И Д Е Я Л Ы Қ -К О М П О З И Ц И Я Л Ы Қ Е Р Е К Ш Е Л ІК Т Е Р І
А ннотация. Мақалада қазіргі қазақ эдебиетіндегі көрнекті жазушы Қуаныш
Жиенбайдың «Дацқ түрмесінің тұгқыны» романыныц идеялық-композициялық желісі
талданып, жазушылық шеберлігі ашып көрсетілген.
Түйін создер: Экология, космодром, қорық, конвенция, мелиорация, Арал, Байқоцыр,
Барсакелмес, Кіші Теңіз, Сырдария
Жазушы Қуаныш Жиенбайдың «Даңқ түрмесінің түтқыны» романының
идеялық-композициялық желісінде XX гасырдың сощы онжылдыгы XXI гасырдың
басындағы қазақ түрмысының реалистік сипаты қамтылған. Он төрт тараудан
түратын романның композициясында бірнеше идеялық желілер саралана алынған:
біріншісі - экологиялық апатгы жагдайға үшыраган Арал теңізінің, ондағы
Барсакелмес аралындағы материалдық жэне рухани азып-тоза бастаған адамдардың
ауыр хал-ахуалы; екіншісі - отарлық ықпалдың, экологиялык апатгың зардаптары
тисе де, тектілігі жоғалмаған казақтың үлтгық ділінің мықтылығын, қанының
тазалығын, рухының биіктігін дәлелдеу.
Романның басты кейіпкерлері - XX гасырдың 80-90-жылдары мен XXI
ғасырдың басындағы қоғамдық-элеуметтік қүрылыс ықпалындағы адамдар.
Басты кейіпкерлердің бірі - Баймырза, республика су шаруашылығы министрінің
бірінші орынбасары. Кеңес Одагы қүрамындағы мықты республиканың жауапты
қызметкері
Баймырзаның
мансап
түғырындағы
кезең,
оган
деген
маңайындағылардың
қарым-қатынас
сипаты
кейіпкердің
еске
алу-
ойланыстарымен суреттеп баяндалады:
«Күллі министрліктің жасы бар, жасамысы бар, әйтеуір бар адамы
Баймырзаның төбесі көрінгеннен қоғадай жапырылмаушы ма еді. Жүмысқа
келеді, түстікке шығады, кейде әлдебір алқалы жиындарга шақырылады. Қалың
кілем төселген биік басқышпен не кетеріліп, не томен түсіп келе жатады... Сонда,
сонда деймін-ау, былайгы қызметкерлер мүның кірер, шыгар жолын әдейі
тагатсыздана тосып түра ма, әлде кездейсоқтық па, жалгыз жарылқаушыларымен
жаңакездескендей, бэрініңиіліп-бүгіліпсэлемдесіпжатқаны» [1, 84 6].
Қызмет
істейтін
мекемесіндегі
осындай
жагымпаздық-жалгандық
психологиясындағы пенделермен бірге өзі де сырты жылтыр, іші түтін қуыс
кеудеге айнала бастағанын сезбей де қалған. Баймырза арқылы сол тектестердің
көркем жинақталған түлғаларын аңғарамыз. Жоғары лауазымды қызмет
түғырында жүргендердің ішіндегі Баймырза сынды адамдардың отбасына,
жарына жалган мінезбен жылтырап жүргенмен үйінен тыс жүргенде,
жалгандыққа, екіжүзділікке толы іс-әрекеттер реалистік болмысымен баяндалган.
Арал теңізі жагалауындагы ауылдагы балықшынының отбасында дүниеге
келген Баймырзаның табиги болмысы алга үмтылган табандылықпен, оқумен,
қызмет баспалдақтарымен өсумен келе жатқан жолы кеңес заманының
шындыгымен берілген. Оның жастайынан тагдыр тауқыметімен арпалысып
өзінің көздеген мақсатына үмтылуы да адамга тән жігерлілік, қайсарлық
рухының болмысын айқын байқатқандай.
Романның композициясындағы сюжеттік бөліктерді қүрап түрган желі -
басты кейіпкер Баймырзаның тағдыр жолы, Романның бастапқы бөліктерінде
биік лауазымды билік қызметіндегі кейіпкердің жары Салтанатқа деген
қүбылмалы қылықтары, Мэскеу мен Алматы, сонымен бірге Аралдағы
Барсакелмес арасында шапқылап жүрген қызметі, адамдардың біреулерімен тату,
кейбіреулерімен аңдысып жүрген қақтығысты-қайшылықты жагдайы - бәрі де
тіршілік қозғалыстары заңдылығына сэйкес суреттелген. Авторлық баяндаулар
кейіпкердің замандастарымен ортақ тағдырлы жолын реалистік сипатымен көз
алдымызға елестетеді:
«Бірде алдын, бірде артын беретін аласапыран тіршілікпен аз арпалысты ма
Баймырза. Күресті, бір адамдай-ақ күресті. Ащы теңіздің тр д ы суымен буын
бекіткен балаң жігіттің шынымен арқа сүйер ағайыны жоқ-ты. Орта мектепті бітірер
жылы эке-шешеден бірдей айрылып, түлдыр жетім атанды!
Ата-ананың демдері осыған ғана жетті. Есік алдындағы көк теңіз үлтанға
қашып, басынан бағы тая бастаған балықшы ауылға дәл осы Баймырза секілді
бой-сойы келіскен түлгалы жігіттер керек-ақ еді. Ойпыр-ай, мектеп бітірген он
жеті жігіт пен он бес қыздың Кеңес Одағына шын берілген сондағы патриоттық
сезімдерінің шектен тыс мықтылығын қайтерсің?! Үгіт солай ма, элде солақай
тэрбиенің эсері ме, айналасы бір айға жетер-жетпес уақытта «ауылда қаламыз,
туған жерді түлетеміз» деп табан астынан үран көтеріп, ақыланып шыға келмесі
бар ма элгі мәжүнбастардың. Оу, бүл қайдан шыққан батырлық?! Жэне не
себепті көнебөгендіктер ғана бастама көтеруге тиіс» [1, 125-126 66].
Бүл
- уақытіың ащы шындығы,
Реалистік сипатты
шығармада
мемлекеттегі саяси-идеологиялық тэлім-тэрбие ықпалының қандай болатыны
романның осы жеріндегі бастамашыл жастардың тағдырынан танылады. Ал,
жалаң үранмен хаяықтың басын айналдырып, барлық қүлдық психологиямен
түмшалаган озбыр саясатқа қарсы шыға алатын адамдардың да болатыны - өмір
шындығы.
Баймырзаның
қүрдастарының
бастамасына
елікпей
өзіндік
үстанымын жазушы табиғи болмысымен бейнелеген.
«Баймырзаның кезудесінде жаны бар, тірі ғой. Бала да, шага да, бүйдасынан
жетектеп жүре беретін колхоздың сары атаны бүл емес. Адам секілді өмір сүргісі
келеді Баймырзаның, біреулердің сыртынан билеп-төстегендігін кешірмейді, кешіре
алмайды, Баймырзаүндеу-сүндеу дегенінді білмейді...» [1, 126 6].
Басты кейіпкердің адам қүқыгын шектеген озбырлыққа қарсы түра алатын
қайсарлыгы шынайылыгымен баурайды. Баймырзаның эке-шешесінің басына
барып, кешірім сүраганы, мектеп директорының кабинетінен аттестатын үрлап
алганы, пойызға үрланып мінгені, жол бойы милициясының Жамбылга түсіріп
тастаганы, сол қаладағы мелиорация жэне су шаруашылыгы институтына оқуга
қабылданганы - сол кезеңнің шындыгы екендігіне кэміл сенеміз. Себебі, жан
элеміндегі алга багытталган үмтылыстары, бүлқыныстары бар қазақ жастарының
осындай эрі романтикалық, эрі реалистік болмысы түтасқан іс- эрекеттерінің
осылайша жүзеге асқандыгы да ақиқат.
Роман композициясындағы эр кезең оқиғаларынан қүралган сюжеттік
бөліктерде Баймырза тагдырынан туындаган екі желілі сала егізделе өріліп
отырады: біріншісі - эйелі Салтанат пен одан туган баласы Ғафизге байланысты
оқигалар; екіншісі - Барсакелмес аралына барган кезекті іс сапарында сондағы
көңіл қосқан келіншек ¥мытхан мен содан туған баласы Қабыл-Қабылан
тағдыры.
Басты кейіпкер Баймырзаның тағдыр жолындағы, кызметте жүрген
кезіндегі өзгелерден дараландырып түратын жақсы қасиеті - туған атамекені
Арал теңізін, оның атырабын, табигатын, Сырдария өзенін сол өлкенің азып-
тозбауын ойлаган алаңжар көңілінің азаматтық-перзенттік көңіл тазалыгымен
дараланатыны да анық. Бүл - шығарманың көркемдік шешімі. Басты кейіпкер
Баймырзаға дэуіріне тэн ықпалдардың кемшіліктерін туындатқанын көрсете
отырып, бірақ туған топырағын, атамекенін, тартылып бара жатқан Аралын
ойлаған азаматіық ойлылығы жоғалмаған діл тазалығы шынайылығына оқырман
назарына үсынып отырады. Үлкен лауазым иесі Баймырзаны аса зор
дайындықпен қарсы алған жерлестерінің қошеметтерін (арнайы аспаздық
қызметі, қаладан аулақ ғимаратты қонақ үй ету, дайындығы мықты асабаны табу,
қонаққа арнап мадақ термесін толғаған жырауды жырлату) артықтау көргенмен,
кеңіліндегі ризалық толы сезімін білдіреді.
Баймырзаның
бойындағы
жақсы
қасиеттерінің
қатарында
оның
табиғаттағы аң-күстарды аң аулау сылтауымен орынсыз аттырмайтынын, арақ-
шараппен де шамадан тыс эуестенбейтіндігін айтуға болады, Оның жалпы
халыққа, оның ішінде қыз-келіншектерге де үнайтыны осы жақтарынан болуы
керек, мүндай қасиеттері әсіресе, Барсакелмеске барғанда, Үмытхан аруға көңілі
ауған кезде анық байқалады.
Көркем шығармалардағы кейіпкерлер - өмірдегі сан алуан адамдардың
өнердегі көріністері. Өнер туындысындағы кейіпкердің өмір шындығынан
алынған деректілік негізі сақталады. Сол деректер де адамдардың кескін-
келбеттеріндегі, қимыл-әрекеттеріндегі, мінез-қүлық ерекшеліктеріндегі тектес,
үқсас ерекшеліктер жиынтығынан қүралған жағдайымен сүрыпталады.
Шығармадағы
идеялық-композициялық
желіні
қүрайтын
сюжеттік
бөліктерде автор негізге алған шындық деректері кейіпкерлердің оқырмандарға
өте таныс болып қабылданатыны да сол оқырмандардың туындылардағы
түлғалармен кескін-келбеттерімен де, жан дүние элемі жақындықтарымен де
үндес болып сезілетіндігінен көрінеді.
Баймырза - күрделі қайшылықтары мол кезеңдегі жауапты қызмет
атқарған адамдар тағдырын реалистік шындығымен, сыншылдықпен бейнелеудің
үлгісі. Мысалы, Қорқыт бабаның кесенесіне түнеп, ата-баба аруағына дүға
бағыштауды ойлап түрса да, соны орындамайды. Байқоңыр төңірегіндегі жер
асты суларының нүктелері бегіленген картаны эуелде сүраған сүғанақ
жерлестеріне көнбесе де, кейіннен сол қүпиялы жерлердің сатылуына өзі де
қатысады.
«Аса күпия картадағы белгісіз нүктелердің сыры тек Баймырзаға ғана
белгілі-тін. Осы төңіректің жерасты суы бір-екі жылға жарайды деген түсқа
ертең қада қағылады. Арғы аптада үңғы түседі. Баймырзаға тиесілі қомақты
қаржыны су шыққан заматта-ақ осындағы жігіттер жеткізіп беруге келіскен» [1,
179-180 66].
Бүл - қазақтың өз замандарына тэн қасиет көрінісі. Жан әлемінде туған
атамекенін, Отанын ойлаған азаматтық-үлттық сезім сілемдері сақталғанмен,
жеме-жемге келгенде қу қүлқынының қүлы болып кеткендердің кесірінен
қазақтың жерінің, кең-байтақ өлкесінің жат жүрттықтардың олжасына айнала
бастағаны да уақыт шындығы.
Романның идеялық-композициялық желісінде қазақ даласындағы XX
ғасырдың екінші жартысы мен XXI ғасырдың басындағы қоғамдық-элеуметтік,
саяси-экономикалық жағдайлар үлттық сана, отаншылдық дүниетаным аясында
реалистік сипатымен алынған басты кейіпкер Баймырзаның қызметі лауазымы,
туған жері, Отаны, отбасы, элеуметтік ортасы сан алуан мэселелермен қарым-
қатынастары, көзқарастары арқылы сол тектес қазақ қызметкерлернің түлғалары
айқындалған. Жақсылығы да, жамандығы да араласып кеткен қасиеттерінен
қандай адам екендігін айырып болмайтын адамдар жайлап бара жатқан
элеуметтік дамудың жалпы экологиялық ауқымын аңғарамыз.
Баймырза - өмір шындығы аясындағы қайшылықтары, кемшіліктері жеке
басында кездесетін көп пенделердің бірі ретінде де танылатын кейіпкер. Үлкен
лауазым иелерінің біразында кездесетін өзіндік көңіл көтеру, пендешілік қылық-
дағдыларының да бар екенін оқимыз:
«Пендесің, кейде түннің бір уағында ыстық бумен шабынып, бір танысыңның
саяжайында саунаға түсіп жаіуың мүмкін. Беліңіздің қүяңьш үзіп берейін деп эп-
эдемі келіншектер есіктен сығалайды. Әне, сондайда ғой ішкен-жегеніннің тас
төбеңнен шығатыны. Шофер жігітгің иіс сезгіштігіне қайрансың: «Баймырза
Нүртаевич, Мэскеу шақырады». Ақ телефон. Ақ телефон қорқынышты. Ақ телефон
анау-мынау шаруаға арам тер болмайды. Баймырзаны шүгыл шаруа күтіп түр
ендеше. Самайдан аққан терінді жол- жөнекей сүрткіштеп, есіктен сығалаған сүлу
келіншектің тамағынан бір иіскеп, бір бөтелке сыраны бір-ақ қылғытып, сүріне-
қабына жосып баражатқаны» [1, 92-93 66].
Бүл - Баймырза тектес пенделерге ортақ дағдылардың көрінісі. Сүйіп
қосылған жарының көзіне шөп салуда осындай эрекеттерімен эбден танымал
болған еркектердің басым бөлігі осындай іс-эрекеттерімен жүргендерін де автор
Баймырзаның қылығымен дәлелдейді. Романда Баймырзаның Барсакелмес
қорығындағы ¥мытхан аруға көңілі ауған, эйелдің де ықыласы еркектің нэпсісіне
бейімделген сюжеттік бөліктегі авторлық баяндаудың да реалистік сыншыл
сипаты айқын: «Бетіне күле қарасаң, көйлегіне жамау сүрайтың еркектен
еркектің асып түрған қай жері бар. Бүлардың есебі түгел, ермек керек. Шаруасын
тындырып алған соң, шалбарының ауын жүре түймелеп, бүған дейін үйіп-төккен
уэдесінен табанда айнып, бейнебір етегінен жабысып қалмай қоятындай, жалтақ-
жалтақ артына қарайды да тайып отырады. Көбісінің көкейін тескен жалғыз
арманы сол... Ал жазатайым көшеде кездесе қалсаң, жанарын ала қашады.
Әйелімен келе жатса, тіпті бейшара. Екі көзі алақтап, май басқан мойны бырш-
бырш терлеп, кімнің астына кіріп кетерін білмей, жандары тырнақ үшына
тіреледі. Еркекемес, телпек!» [1, 140-141 66].
Реализм - адамдардың өмір қозғалыстары ағынындағы ішкі жэне сыртқы
жағдайларда байқалатын қасиеттерін, қүбылыстарын толық қамтитын күрделі
көркемдік эдіс. Әсіресе, қазақ даналығы айтқан «Адамның аласы ішінде, малдың
аласы сыртында» деп бағаланатын жан элеміне тэн болмыс қайшылықтарын
көркем шындықпен бейнелеу реализм эдісімен игеріледі.
Баймырзаның тағдырында тіршіліктегі барлық адамдарда кездесетін
бірнеше қайшылықты жағдайлар да бар: біріншісі - өзінің отбасына (эйелі
Салтанатқа, баласы Ғафизге) шынайы қалпымен қарым-қатынас жасай алмайтын
кемшілігі; екіншісі - Барсакелмес қорығына барғанда көрікті келіншек
¥мытханмен көңіл қосып, одан туған баласынан бас тартып безінгені, өмір бойы
хабарласпай кеткені. Өзінің отбасына, жарына жалған сейлеп, бірақ көзінше
шынайы секілді болып жүретін Баймырзаның сол мінез кемшілігі, эрине, қызмет
лауазымының, элеуметтік орта эсерінің зардабы түрғысында түсінеміз.
Қайда жүргенін, не істеп жүргенін өзіне шынайы берілген жары
Салтанатқа білдірмей («Кессе қан шықпастың нағыз өзі ғой бүл Баймырза. Қара
теңіз жағалауына да эйелін бір апармады») жүретіні де Баймырза бойында
заманы жүқтырған кеселдердің бірі. Ал, қызмет сапарымен барып, Барсакелмес
қорығында дәрігер болын жүрген ¥мытханмен көңіл қосып, одан туылған
баладан безіне бас тартуы да кейіпкердің шынайы өмірдегі осындай адамдармен
де
ортақ
қасиеттерін
дэлелдей
түскендей.
Соншалықты
кемшіліктері,
қайшылықтары бола түра, Баймырзаның туған жерді, халқын ардақтайтын
азаматтық отаншыл діліне беріктігі де романның қүрылысынан үнемі кездесіп
отырады. Мысалы, Сырдария өзені суының Арал теңізіне мол мөлшерлі көлемін
сақтай жетуі үшін жанталаса эрекет ететіні, теңіздің жоғалмауы үшін бөгет
салуды қолдағаны, Байқоңыр айлағы жерасты суларының жобасы сызылған
картаны космодромның Ресейлік басшыларына сатпағаны, Кіші теңізді қалпына
келтіру, сақтау үшін арпалысқан түлекеттер ортасына арнайы келгені, теңіз
дауылының кезінде бөгетті сақтау үшін күрескен жерлестерімен бірге жүргені,
содан ауырып қалғаны бэрі де кейіпкердің өмірлік шындықпен өрілген
болмысын танытады.
Атамекеніндегі жерлестерінің дуылдаған қошеметінің ортасында жүріп,
туған өлкесінің қазіргі заманғы өзекті мэселелерін ойлаған толғаныстарының
шынайылығын сезінеміз. Жазушы басты кейіпкерінің атқарып жүрген қызметінің
туған жерге, халық тағдырына қатысты өзекті сабақтастығын реалистік
сипатымен өре білген. Мысалы, жерлестерінің қаумалаған қошеметтері арасында
жақын жерде ағып жатқан Сырдарияның жағалауына барып, толғанып түрған
сэтіндегі ой өрілімдері кейіпкердің уақыт шындығын бойына жинақтаған
замандастарына тэн азаматтық болмысын аңғартады:
«Қайран, дария! Осы дарияның көктем мезгіліндегі бір тамшы суы үшін
Баймырзалардың қырықпышақ айтысып жатқандығын мыналардың біразы
білетін болар-ау. Дария басын таудан алады. Туысқан елдің суға жауап беретін
азаматтары эрнені алға тартын, қиғылықты салады-ай дейсің!» [1, 174 6].
Жазушы қазақ тарихындағы аса бір қайшылықты, қақтығысты оқиғалар
ортасында үлттық жэне жалпыадамзаттық мүдделер тоғысуы жүріп жатқанына
назар аудартады.
Ғасырлар бойы Орта Азиядағы туысқан қазақ, өзбек халықтарына ортақ
суландыру арнасы болған Сырдария өзенінің XX ғасырдың екінші жартысында
адамдардың қолынан еріксіз бүғауланған хал-ахуалымен көрінеді.
Кейіпкердің жан элеміндегі толғаныстар арнасында адам мен табиғат
қарым-қатынастарының шиеленіскен жағдайы көрінеді:
«Табиғи суды тең пайдалану жөніндегі халықаралық конвенцияға жүгінбей
мэселе шешілмейгін. Соны білер ме екен мына, жарықтық Сыр-ана?! Күзге тақау
бүралаң жолдағы жасанды теңіз, жасанды көлдерге көңіл аудармай, теңізге
жеткенше асығатын дария байғүстың ендігі еркіндігі өз қолында. Бар ғүмыры
сумен байланысты кісінің ойланбасына қоймайды, күйзелмесіне қоймайды. Мың-
миллион талапайдан эзер босанған арда дарияны қарсы алатын қазіргі теңіздің
көңіл-күйі анау. Кірпігі ғана қимылдайды, қүдды бір ақырғы демін күтіп жатқан
қарт ана. Теңіз жырын «жырлаушылардың» алды бүл күндері шаршаған. Бетіңді
жыртып, шашыңды жүлып, қанша ойбайлағаныңмен өлген адам қайта тіріле ме?
Көп жүрт күдер үзген, Ал үлы теңізді дүниенің сүп-суық қойнына бергісі
келмеген Баймырзаның қайсар мінезді жағалаулық жерлестері болса жыртылып
айрылатын «теңізді қорғаушылардың» беттеріне түкіріп, жантэсіліммен бір
эрекеттерге бас тіккенге үқсайды. Көкаралдың түсынан теңізді екіге бөлмекші.
Там-түмдап жиналған суды рәсуә етпей, кіші теңіздің табанына жинамақшы.
Сөйтіп өздерінше теңізді қайта тірілтпекші болады, кебірсіп жатқан көн ерінге су
тамызып, кішкене демемекші болады» [1, 174-175 66].
Романдағы идеялық-композииялық басты желіні қүрап түрған осы
табиғатіың апатты жағдайы мен адамдардың рухани элеміндегі азып-тозу
белгілері егіздеген болмысын автор экологиялық дағдарыс ахуалы арнасында
тоғыстырып бейнелегісі келгенін аңғарамыз. Шынында да, XX ғасырдың екінші
жартысы мен қазіргі XXI ғасырдың басындағы адамзат үрпақтары мен табиғат
қүбылыстары болмысындағы қалыптасқан қалыптан тыс ауытқулар, өзгерістер,
тосын апаттар, - бэрі де экологиялық зардаптардың көрсеткіштері. Осы
көрсеткіштердің барлығын жазушы өз шығармасында тамыршыдай тап басып
шынайы көрсете алған.
Әдебиеттер:
1. Жиенбай Қ. Даңқ түрмесінің түтқыны: Роман, эңгімелер, хикаят
Алматы: Өлке, 2002, - 320 б.
2. Сонда. 84 бет
3. Сонда. 125-126 беттер
4. Сонда. 179-180 беттер
5. Сонда. 174-175 беттер
6. Жиенбай Қ. Таңдамалы II томдық «Фолиант» баспасы, 2012
М усаев А.М., Хасанова М.Ж.
Идейно-композиционные особенности ром ана К уаны ш а Ж иенбая «Залож ник С лавы »
В статье дан анализ идейно-композиционным мотивам, также полно раскрыли
писательское мастерство романа «Заложник Славы» видного прозаика современной казахской
литературы Куаныша Жиенбая.
К лю чевы е слова: Экология, космодром, заповедник, конвенция, мелиорация, Арал,
Байконур, Барсакелмес, Кіші теңіз, Сырдария
M usaev A.M., Khassanova M.Zh.
Ideologically-composite features of the novel of Kuanysh Zhienbay "The Hostage of Glory"
In this article is given the analysis of ideologically-composite motives, also have full opened
literary skill of the novel "The Hostage of Glory" of the visible prose writer of the modern Kazakh
literature of Kuanysh Zhienbay
Key words: ecology, the cosmodrome, reservation, convention, land improvement, Aral,
Baikonur, Barsakelmes, Kyshy Tenyz, Syrdariya
УДК 82-94(574)
З.Ж . М үти ев - ф.
f
. к.,
M. Өтемісов атындағы БҚМУ доценті,
Достарыңызбен бөлісу: |