АҢдатпа 12-бет 4-бет



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата06.03.2017
өлшемі10,23 Mb.
#8100
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Арай НУГУМАНОВА

–  Қазақстан  Республикасы  Қыл-

мыстық  кодексінің  68-бабында 

ауыр  емес,  яғни,  адамның  қайтыс 

болуына,  оның  денсаулығына  ауыр 

зиян  келтіруге  қатысы  жоқ  орташа 

ауыр  қылмысқа  бірінші  рет  барған 

адам  жәбірленуші,  арыз  берушімен 

медиация тәртібімен татуласып, кел-

тірілген  зиянды  өтесе,  оны  қыл-

мыстық  жауаптылықтан  босатуға 

болатыны  нақтыланған.  Бұған  қоса, 

Қылмыстық  процестік  кодекстің 

68-69-баптарына сай, медиация тәр-

ті бімен  татуластыратын  адамның 

құқықтарын  толықтыратын,  сондай-

ақ,  аталған  Кодекстің  88-1  бабына 

медиатордың  іс  жүргізу  тұлғасын 

бекітетін  өзгерістер  енгізілді.  Сол 

себепті, қылмыстық істерде аудандық 

соттар медиация тәртібін қолданады. 

Осыған орай, сот процесіне қатысу-

шыларға  медиация  тәртібімен  қыл-

мыстық жауаптылықтан босату және 

қылмыстық  істі  қысқарту  мүмкіндігі 

түсіндіріледі.  Соңғы  жылдары  аза-

маттар  заңның  осы  мүмкіндіктерін 

жақсы  түсінуде,  оған    көрсеткіштің 

көтерілуі дәлел.  

Олжас КҮРЕНБЕКОВ: 

–  Заңның  жүзеге  асуының  өзі 

оны  азаматтарға  жеткізе,  түсіндіре 

білумен  тығыз  байланысты.  Осы 

т ұ р ғ ы д а н   а л ғ а н д а ,   д а у л а р д ы ң 

бейбіт жолмен реттелуіне көмектесу 

судьялар  қызметінің  бір  саласы 

деуге  болады.  Әлем  елдерінде 

дауларды  баламалы  түрде  шешу 

рәсімдері  белсенді  қолданылады. 

Дамыған  мемлекеттерде  медиация 

өзінің  дамуын  қылмыстық  істерден 

бастайды.  Сондықтан,  оларда  осы 

бағыттағы  бағдарламаларды  дамы-

туға басымдық беріледі. Біз де заң-

ның  орындалуына  барынша  көңіл 

бөлудеміз.

– Тәжірибеден не байқады ңыз-

дар, қылмыстық процесте медиа-

цияның  дамуына  қандай  кедер-

гілер бар?

Роман СЕЛИЦКИЙ: 

–  Негізінен  қылмыстық  істерде 

медиация  сотқа  дейін  қолданылу 

керек. Алайда, тергеп-тексеру бары-

сында  сотталушы  мен  жәбір ленуші 

татуласуға  келіскеннің  өзінде  іс 

сотқа  келеді.  Оның  себебі,  мысалы, 

тараптар келісімге келіп, нәтижесінде 

шығын  өтелді  делік.  Осылайша, 

азаматтар қылмыстық істі медиация 

тәртібімен  бітіруді  қалайды,  алайда, 

олар полиция қызметкерлері өздерін 

сотқа  жіберетінін  айтады.  Мұндай 

жағдайлар жиі болмаса да кездеседі. 

Осыны  бір  кедергі  ретінде  атауға 

болады.  «Медиация  туралы»  заң 

миссиясы  жүз  пайызға  орындалуы 

үшін  тек  соттар  емес,  сонымен 

қатар,  құқық  қорғау  органдары  мен 

медиаторлар тарапынан да белсенді 

жұмыс керек. 

Жанат БЕКЖАНОВ: 

–  «Медиация  туралы»  заңның 

бір  мақсаты  соттардың  жүктемесін 

азайту. Бірақ, ол мақсат толық деңгей-

де  орын далмай  жатқаны  жасырын 

емес.  Роман  Валерьевич  медиация 

тәрті бімен  бітетін  істерді  полиция 

қызметкерлері сотқа жіберетінін дұрыс 

айтып  отыр.  Мәселеге  тереңдесек, 

медиация  тәртібі  тек  қана  соттың 

емес,  құқық  қорғау  органдарының 

да  жұмысын  азайтады.  Алматы 

қала сының  ішкі  істер  бөлімдерінде 

тергеп-тексеру  барысында  сотқа 

дейін  қанша  істің  медиациямен 

қысқарғанын  зерттеп  көріңіздерші. 

Ондай  факт  табылатынына  күмәнім 

бар.  Азаматтардың  өз  құқықтарын 

білмеуі салдарынан да заң талаптары 

орындалмай жатады. Егер олар сотқа 

дейін-ақ істерінің медиация тәртібімен 

шешілуін  құқық  қорғау  органдары 

қыз меткерлерінен заң бойынша талап 

етсе сотқа келіп жүрмес еді. 



Елена КВАН: 

–  Заң  қабылданған  соң  оның 

талаптары міндетті түрде орындалуы 

керек.  Сондықтан,  медиациямен 

бітуге  тиісті  істерді  жөн-жосықсыз 

сотқа жолдаудың қажеті жоқ.



Роман СЕЛИЦКИЙ: 

– Тағы бір айта кетерлігі, қалалық 

сотта  медиация  тақырыбына  бай-

ланысты  дөңгелек  үстел  өтті.  Сол 

жиында  жеке  айыптауға  қатысты 

істерді  сотқа  қабылдамау  мәселесі 

сөз болды. Депутаттар көтеріп отыр-

ған  мәселе  өте  құптарлық  бастама. 

Әкімдікпен бұл тұрғыда меморан дум-

ға қол қойылды. Мысалы, Испания да 

дауласушы  азаматтар  медиа тормен 

кездескеннен кейін ғана сотқа шағым 

түсіре алады. Кез кел ген канцелярия-

да  отырған  маман  немесе  полицей 

дауласушыларға медиа цияның мүмкін-

дігін екі ауыз сөзбен жеткізеді. Бізде 

әлі  күнге  дейін  құзырлы  органдар 

белсенділігі жетіс пейді.



– Тараптарды өзара бітімге кел-

тіру дегі медиаторлар белсенді лігін 

қалай бағалайсыздар?

Арай НУГУМАНОВА: 

–  Заңның  орындалуы  медиатор-

лар  жұмысына  тікелей  байланысты. 

Осы  себепті,  олар  өздерін  жан-жақ-

ты  наси хаттауы,  былайша  айтқанда, 

жар на малауы  керек.  Бірақ,  олардың 

тара пы нан мұндай белсенді әрекеттер 

бай қала бермейтіні шындық. 



Роман СЕЛИЦКИЙ: 

–  Иә,  іс  сотқа  полиция,  прокура-

тураның алдынан өтіп келеді. Соның 

өзінде  тараптар  медиация  тәртібі-

нен  бейхабар  болады.  Бұл  елімізде 

медиацияны дамытуға тек соттардың 

күш  салып  жатқанын  көрсетеді. 

Медиаторлар  полиция,  прокуратура, 

т.б.  барлық  жерде  жүруі  керек. 

Өйткені, жәбірленушілер арасында да 

істі  келісіммен  бітіруді  қалайтындар 

бар. Сондай сәтте медиаторлар көмегі 

керек.  Медиация  тәртібін  қолдану 

арқылы түрмеде отыратындар санын 

төмендетуге  болады.  Келтірілген 

залалдың  орны  толтырылғанымен, 

айыпкерді кешірмейтін жәбірленушілер 

де  бар.  Олар  сотпен  жазалануын 

сұрайды.  Сондайда  медиаторлар 

мәселені  дипломатиялық  жолмен 

шешіп,  екі  жақты  келістіре  алса  нұр 

үстіне нұр. Әрине, бұлай болуы үшін 

медиаторлардан табанды еңбек талп 

етіледі.


Жанат БЕКЖАНОВ: 

–  Медиаторларға  бір  кабинет 

беріп  қойдық.  Сотқа  келушілер 

олардың  өз  істеріне  араласуына 

қ ы з ы ғ у ш ы л ы қ   т а н ы т ы п   ж а т с а , 

бағыт-бағдар  береміз.  Одан  кейін 

соттарда  қаралатын  істер  тізбесі 

тұр.  Медиаторлар  соларға  қарап-ақ 

ізденуге  болады.  Соттасушыларға 

өздері  жолығып,  заңның  тиімділігін 

жан-жақты  түсіндірсе,  құлақ  асады. 

Сондықтан, қызметтеріне ешкім жүгін-

бей жатқанын алға тартып, кабинетте 

отыра беруге болмайды. 



Олжас КҮРЕНБЕКОВ: 

–  Медиаторлар  қызметі  ақылы. 

Оның  өзі  үлкен  роль  ойнайды.  Олай 

дейтініміз, келтірілген шығынды өтеуге 

жағдайы жоқ адам, медиаторға қалай 

ақы төлемек? Қылмыстық әрекеттерге 

баратындар арасында балалар үйінің 

түлектері,  жағдайы  төмен  отбасы 

мүшелері  бар.  Сондықтан,  осы 

жағына  да  тереңірек  үңілген  жөн. 

Медиаторлар  тарапынан  ақысыз 

қызмет көрсету жағдайлары болады, 

бірақ,  сирек.  Дегенмен,  заңның 

жүзеге  асуына,  оның  игілігін  халық 

көруіне  әрқайсысымыз  мүдделілік 

танытуға тиіспіз.



Елена КВАН: 

–  Медиаторлардың  қатысуымен 

бітетін  істер  саны  жылдан-жылға 

көтерілуде.  Мәселен,  2014  жылдың 

бірінші  жартыжыдығында  бізде 

алты  іс  аталған  тәртіппен  аяқталды. 

Жоғарыда  айтылғандай,  өткен  жылы 

–  11,  биыл  –  23  қылмыстық  істің 

медиа ция  тәртібімен  бітуі  осының 

айғағы.  Алайда,  істің  санына  шақ-

қанда  бұл  көрсеткіш  жеткіліксіз. 

Бізде медиатор кабинеті ашылған соң 

көрсеткіш  жақсарды.  Медиаторлар 

өздерін  насихаттау  үшін  арнайы 

тақтайшалар  жасасын.  Бұқаралық 

ақпарат  құралдарына,  халықтың 

арасына шықсын. Сонда ел сотқа ісі 

түспей-ақ, заңды да, медиатордың кім 

екенін де біледі.

– Кез келген дауды келісіммен 

міндетті сатының бірі ретінде енгізудің 

маңызы  зор.  Медиаторлармен  істің 

бітуіне  келіспе гендер  ғана  сотқа 

келсін. Басты мәселе сотқа тартылатын 

адамдар  санын  азайтуда  болып 

отыр.  Болмашы  жайтпен  істі  болып 

жатқандар бар. Іс қозғалғаннан кейін 

құқықтық  статистикаға  автоматты 

түрде тір келе ді. Нәтижесінде іс қыс-

қарған  күннің  өзінде,  яғни,  адам 

сотталмаса да сотты болғанға санала-

ды. Ерлі-зайыптыларға қатысты жеке 

айыптау  бойынша  сотқа  келген  он 

істің  екеуі  ғана  қаралады.  Қалғаны 

қысқарып  кетеді.  Басында  ашумен 

сотқа бер генімен ортақ бала, т.б. бар, 

кешіре ді. Бізде медиация институтын 

жандандыру тек медиатор мен соттың 

міндеті  деген  түсінік  қалыптасқан. 

Соның  салдарынан  полицейлер 

медиа цияға құлықсыз. Испания тәжі-

ри бесіне  жүгінсек,  оларда  барлық 

органнан медиаторлар кабинетін ашып 

қойған. Мысалы, қолына кісен салып 

біреуді полицей алып келсе, олар ең 

алдымен медиатормен хабарласады. 

Дауласушылар мен медиатор бөлмеге 

кіреді. Полицейлер әйнек қабырғадан 

қадағалап тұрады. Бірақ, не айтылып 

жатқанын естімейді. Өйткені, іс құпия 

болып  қалуы  керек.  Бізде  де  осы 

тәжірбиені қалыптастыру керек.

Олжас КҮРЕНБЕКОВ: 

–  Мәселен,  құрбысының  немесе 

бөгде  адамның  ұялы  телефонын 

қызығып  алып,  артынша  ұсталып, 

иесіне  қайтарып  беріп  жататын 

жағдайлар  да  кездеседі.  Сондай 

кезде сотқа түспей-ақ іс медиаторлар 

көмегімен  реттелсе,  ол  адамның 

ертеңіне  кесірін  тигізбейді.  Біз 

медиацияның  тиімділігін  халыққа 

осы  жағынан  жеткізе  білсек,  заңды 

түсіндіру  қиынға  соқпайды.  Дау-

ларды  шешу  тәсілдерінің  кеңінен 

қолданылуы,  мысалы,  сөйлесу, 

делдалдық,  онша  ауыр  емес  ауыр-

лығы  орташа  қылмыстық  істер 

бойынша  жәбірленушімен  татуласу 

бітім гергішілікке  келудің  тиімді 

жолы  екендігінің  айқын  көрінісі. 

Түрмесі  болмаған  қазақ  даласын-

да  екі  жақты  татуластыру  билердің 

көмегі мен  шешілсе,  қазіргі  таңда 

тараптардың  татуласуы  қылмыстық 

кодексте  арнайы  көзделген.  Заң 

талабына сәйкес, тараптар татуласуға 

өз  тілектерін  білдіре  алады.  Бұл  өз 

кезегінде  заңның  кеңінен  таралуына 

жол ашады.

тандығынан айырудың балама түрлерін 

сот өндірісіне енгізуге мүмкіндік берді. 

Бабаларымыздың  «Алдыңа  келсе, 

атаңның  құнын  кеш»  қағидатымен 

үйлесетін  заң  халқымыздың  бүкіл 

әлемге  үлгі  етерлік  салт-дәстүрін 

қалпына  келтіруге  бастайтын  игі 

қадам.  Өйткені,  қазақ  халқы  үшін 

бітімгершілік  –  билік  айтудың  ең 

озық өнегесі. Бұл институт жұмысын 

жандандыру  жолында  қоғам  болып 

жұмылуымыз керек.



Елена КВАН: 

– Сот төрелігін баламалы негізде 

халықтың  өзін  қатыстыра  отырып 

жүргізу,  ең  алдымен  шынайылық 

пен  әділдікті  және  жариялылықты 

қамта масыз етеді. Осы тұрғыдан кел-

генде,  екі  жаққа  да,  іске  де  қатысы 

жоқ медиатордың жанжалды келісім-

мен  бітіруі,  қылмыстық  жауап кер-

шілікке тартуды азайтады. Сол арқылы 

қоғамды ізгілікке шақыра ды. 

Роман СЕЛИЦКИЙ:

– Г.Гегель, тараптарды «ар-ождан 

сотына»  жүгінуге  шақырған.  Демек, 

медиацияның  көздегені  –  ізгілік. 

Татуластыру  рәсімін  тиімді  қоланып, 

оны  жүзеге  асыру  азаматтарға  бай-

ланысты. Медиация адамзат қоғамы-

ның  алға  қарай  жылжуына  үлкен 

септігін тигізеді.

Олжас КҮРЕНБЕКОВ: 

– Медиация – дау-жанжал тарап-

тарының  уақытын,  ақшасын  және 

эмоцианалдық  күштерін  үнемдеуге 

көмектесетін  бірден-  бір  әдіс.  Бұл 

рәсімде  5  қағида  –  еріктілік,  тарап-

тардың  теңдігі,  медиатордың  тәуел-

сіздігі,  оның  барысына  ешкімнің 

араласпауы, құпиялылық сақталады. 

Осы  артықшылықтарды  халыққа 

жеткізетін  бірде-бір  БАҚ-та  арнайы 

а й д а р   ж о қ .   Б а р л ы қ   Б А Қ - т а р ғ а 

медиацияны  дамытуға  тапсырмалар 

беріліп,  ол  туралы  роликтер  тегін 

таратылуы  тиіс.  Өйткені,  Медиация 

туралы  заңды  жүзеге  асыруға  тек 

медиаторлар  мен  соттар  ғана  емес, 

қоғамымыздағы  әрбір  мекеме  мін-

дет ті. Ел иглігі үшін шығарылған заң-

ның  орындалуына  ешқандай  кедергі 

бол мауы  қажет.  Бұл  Елбасы  қойып 

отырған талап.



– Әңгімелеріңізге рақмет.

Түймегүл СМАҒҰЛҚЫЗЫ,

«Заң газеті»

удьялардың VI съезінде Мемлекет басшысы «Қазақстанда соттан тыс делдалдың көмегімен бітістіру 

процесі – медиация институты құрылды. Бұл екі жақ та келісетін шешім қабылдануы мүмкін істерді 

қараудан соттарды біртіндеп босату үшін алғышарт жасайды. Бұл институтты дамытып, әлемдік 

деңгейге жеткізу қажет», – деген болатын. Содан бері де 4 жылға жуықтады. Осы уақыт ішінде 

медиацияның қылмыстық сот өндірісінде қолданылуы қаншалықты артты, бұл институт жұмысын одан 

әрі жандандырудың қандай жолдары бар, осы сұрақтар жайлы Алматы қаласы Бостандық аудандық 

№2 сотының судьяларымен ой-пікір бөлістік. Алқаға сот төрағасы Жанат Бекжанов пен судьялар Елена 

Кван, Арай Нугуманова, Роман Селицкий және Олжас Күренбеков қатысты.

«МЕДИАЦИЯМЕН БІТУІ ТИІС ІСТЕРДІ 

ЖӨН-ЖОСЫҚСЫЗ СОТҚА ЖОЛДАУДЫҢ 

ҚАЖЕТІ ЖОҚ»



бітіру,  кешірімді  болу  халқымыз-

ға  жат  қасиет  емес  десек,  билер 

заманы нан  бастау  алатын  заңнан 

халық жаппай хабардар болуы үшін 

не істеу керек?

Елена КВАН: 

–  Заңға  жеке  айыптауға  қатысты 

істің бәрі соттан бұрын медиатордың 

алдынан  өткізу  туралы  өзгеріс  енсе 

жақсы болар еді. Әсіресе, отбасылық 

дауларда.  Өйткені,  ерлі-зайыптылар 

бүгін ұрысқанымен, ертең татуласуы 

мүмкін.  Азаматтық  іс  жүргізу  кодек-

сінде татуластыруға қатысты бірнеше 

рәсім  қарастырылған.  Ерлі-зайып-

тылар арасындағы істерде де сондай 

тәсілдер керек. Мысалы, Азаматтық іс 

жүргізу  кодексіндегі  партисипативтік 

рәсімде  тараптарды  адвокаттар 

келістіре алады. Сол секілді қылмыстық 

істерде де медиация аясын кеңейтудің 

артықтығы жоқ. 

Жанат БЕКЖАНОВ

–  Жеке  айыптау  ісі  бойынша, 

мысалы,  әйелін  ұруы  немесе  көрші-

сіне қол көтеруі, жала жабуы мүмкін. 

Мұндай  істер  сотқа  көптеп  келеді. 

Әріптесім  мысал  еткендей,  осылар-

ды медиатордан өтпей сотқа қабыл-

дамаса,  заң  жақсы  жұмыс  істейді. 

Медиацияны  сот  өндірі сіне  дейінгі 

Арай НУГУМАНОВА: 

–   М е д и а ц и я   –   с о т   і с і н д е г і 

тазалықты, әділ төрелікті қамтамасыз 

етудің  негізгі  тәсілдерінің  бірі. 

Біздің  ата-бабаларымыз  бұрын  бұл 

тәсілді  тиімді  қолданып,  түрлі  дауды 

билер  соты  арқылы  бітімгершілікпен 

шешкен.  Осы  себепті,  заң  бізге  жат 

емес.  Қылмыстық  сот  ісін  жүргізу 

барысындағы  медиация  қылмыстық 

процессуалдық  заңында  белгіленген 

сотқа  дейінгі  және  сотта  іс  жүргізу 

мерзімдерінде  жүзеге  асырылады. 

Осы жерде шетел тәжірибесіне жүгін-

сек, бейтарап делдалдың қатысуымен 

татуласу  рәсімі  Ұлыбри танияда  өте 

танымал.  Тіпті,  медиа тор лардың 

арнайы  қызметі  жұмыс  істейді. 

Қоңырау  шалып-ақ,  жағдайыңызды 

айтып, талабыңызға сай медиатор таба 

аласыз. Ал, неміс құқық мектептерінде 

тұрақ ты медиация курстары енгізілген. 

Заң факультетін бітірушілер осындай 

курстардан өтеді. Халық заңды жақсы 

білуі үшін медиацияны өмірдің барлық 

саласымен байланыстыру маңызды.



–  Медиацияның  маңызы,  оның 

дамуын  қамтамасыз  ету  жайлы 

түйін сөздеріңіз.

Жанат БЕКЖАНОВ: 

–  Медиация  заңды  ізгілендіру 

арқылы  жаза  қолданудың  бас  бос-

Жанат БЕКЖАНОВ

Арай НУГУМАНОВА

Роман СЕЛИЦКИЙ

Елена КВАН

Олжас КҮРЕНБЕКОВ

С 


5

zangazet@maiI.ru



№116/1  (2893/1) 

20 қазан 2016

АЙМАҚ

Биыл Алла сәтін салса, шығыстағы диқандар үшін «ақ түйенің қарны жарылған» 

жыл болатын секілді. Неге дейсіздер ғой? Өйткені, өңір диқандары рекордтық 

өнімге  қол  жеткізуі  әбден  мүмкін.  Қолға  түскен  көрсеткіштер  көңіл  қуантады. 

Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының берген мәлімет­

теріне  сүйенсек,  миллион  тоннадан  астам  астық  қамбаға  түскен.  Күнбағыс 

алқаптары әлі орылмағанын ескерсек, бұл көрсеткіш ұлғая түсетіні анық.

Жақсылық  Үшкемпіров  өз  медаль­

дарын Семейдегі мұражайға табыстады. 

«Неге  Семейге?»  деп  таңғалып  отырған 

боларсыздар,  бәлкім.  Мұның  да  өзіндік 

сыры бар. 

Грек-рим  күресінен  Мәскеу  Олимпиада-

сының  чемпионы,  қарға  бойлы  болса  да, 

қазақтың  атын  төрткіл  дүниеге  паш  еткен 

даңқты  балуан  Жақсылық  Үшкемпіров 

ағамыздың  1968  жылы  Семейдегі  мал- 

дәрігерлік  институтына  оқуға  түсіп,  спорт-

тық  жолын  осында  бастағанын  біреу  білсе, 

біреудің  білмеуі  де  мүмкін.  Болашақ  Олим-

пиада  чемпионы  алаштың  астанасы  – 

Семейде  бір  емес,  алты  жыл  тұрған.  Осы 

шаһарда шаңырақ құрған. 

Жақында  Семейде  өткен  үлкен  спорт 

додасына  арнайы  келген  даңқты  балуан 

қаладағы  облыстық  тарихи-өлкетану  мұра-

жайында  кездесу  өткізді.  Мұражайдағы 

жәдігерлермен  етене  танысқаннан  соң 

өзінің Мәскеу Олимпиадасында алған алтын 

медалін,  басқа  да  жарыстарда  қанжығаға 

байлаған  төрт  медалін,  бірнеше  кітаптарын 

мұражай қорына салтанатты түрде табыс етті.

Мұражайда  өткен  тағылымды  кездесуге 

Мәдениет  және  спорт  министрлігі  Спорт 

және  денешынықтыру  істері  комитетінің 

төра ғасы Елсияр Қанағатов, грек-рим күре-

сінен  Бейжің  Олимпиадасының  жүлдегері 

Нұрбақыт Теңізбаев, Семей қаласының әкімі 

Ермак  Сәлімов,  қала  әкімінің  орынбасары 

Надежда Шарова, спорт ардагерлері, бұқара-

лық  ақпарат  құралдарының  өкілдері  мен 

спортшының достары қатысты.

–  Бүгін  қаламызда  үлкен  оқиға  орын 

алып  отыр  деуге  толық  негіз  бар.  Сонау 

1980  жылы  Мәскеуде  аты  шыққан  ағамыз 

өзінің  қанжығасына байлаған жүлдесін сыйға 

тартып  отыр.  Қадірлі  Жақсылық  аға,  осы 

бағалы тартуыңыз үшін сізге алғысым шексіз, 

– деп қала әкімі Ермак Сәлімов семейліктер 

атынан ризалығын білдірді.

Өз  кезегінде  Олимпиада  чемпионы 

киелі  Семей  жерінде  қанатының  қатайып, 

талабының  ұшталғанын  айтып,  ұлылар 

мекеніне  қарыздар  екенін,  бүгінгі  абырой-

биігіне жеткеніне бұл шаһардың қосқан үлесі 

зор екенін мақтанышпен жеткізді.

Жақсылық  ҮШКЕМПІРОВ,  грек­рим 

күресінен  Мәскеу  Олимпиадасының 

чемпионы:

–  Семей  –  ұлылар  мекені.  Бұл  жерден 

Абай,  Шәкерім  сынды  ғұламалар  шыққан. 

Өзім  де  осы  Семейде  жүрген  кезде  бағым 

ашылды. Семей сонысымен де маған қымбат. 

Кейінгі жас ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деген 

үмітпен  медальдарды  осында  табыстауға 

шешім қабылдадым. Менің ізбасарларым көп 

болады деп сенгім келеді, жастар спортқа бет 

бұра берсін.

Соңғы  жылдары  өңірде  балық 

шаруа шылығы жанданып, нәпақа­

сын айдыннан іздеген балықшылар 

қауы мына да көңіл бөліне бастады. 

Өзен­көлге бай Шығыс Қазақстанда 

бұлай болуы заңдылық та шығар. 

Қуаныштысы сол – жуықта өңірі­

мізде тұңғыш рет облыс бюд жеті нің 

қаржы ландыруымен  Бұқтырма  су 

қоймасын  балықтан дыру  шарасы 

өтті. 

Бұқтырма  су  қоймасын  балық-

тан дыру  шаралары  бұған  дейін 

рес публикалық  бюджеттен  қаржы-

лан дырылып  келген  екен.  Соңғы 

жыл дары  аталған  бағдарлама  қыс-

қарып,  жұмыс  тоқтап  қалған-ды. 

Сол  олқылықтың  орнын  толтыруға 

мүм кіндік биыл туған секілді. Шығыс 

Қазақстан  облысының  әкімі  Даниал 

Ахметовтің  тапсырмасымен  5  млн 

теңгеден  астам  қаржы  бөлініп,  Қара 

Ертіс,  Күршім,  Қайыңды  өзендерінің 

сағасы  мен  Зайсан  көліне  320  мың 

шабақ  жіберу  жобасына  конкурс 

ж а р и я  л а н д ы .   О н ы   а л м а т ы л ы қ 

«Рыболовная  база  «Челекский  карп» 

жауап кершілігі  шектеулі  серіктестігі 

ұтып алыпты. Бірінші кезекте шабақ-

тар Қара Ертістің сағасы мен Зайсан 

көліне,  жобаның  екінші  кезеңінде 

шабақтар  Күршім  өзені  мен  Қайың-

дының сағасына жіберілді.

Тұқы балығы 

азайып барады

Оттегіні  жасанды  жолмен  айдай-

тын  арнайы  құрылғы  орнатылған 

«Мерседес» жүк көлігінің күбісіне 160 

мың шабақ тиеліпті. Балық санының 

тапсырысқа  сәйкестігіне  көз  жеткізу 

үшін комиссия мүшелері шабақтарды 

өзенге шелектеп төкті. Ол үшін әуелі 

әр  шелекке  қанша  балық  сыятыны 

қолмен  санап  есептелді.  Алматыдан 

шығысқа жерсіндіріліп жатқан шабақ-

тар  тұқы  тұқымдасына  жататын 

көріне ді.

Сымбат  ӘНУАРБЕКОВ,  Қазақ 

балық шаруашылығы ғылыми­зерт­

теу институтының Алтай фил иа лы­

ның директоры:

– Біздің институт өңірдің су қойма-

ларындағы  балықтар  әлемін  тұрақты 

бақылап  отырады.  Зерттеулер  нәти-

жесінде  қай  су  қоймасында  қандай 

балықтың  азайып  кеткені  жөнінде 

талдаулар  жасап  отырамыз.  Соңғы 

жылдары  Бұқтырма  су  қоймасында 

тұқы  балығының  таралуы  бәсеңсіп 

отыр. Кеңес заманымен салыстырып 

қарасақ, бұл балықтардың өсу қарқы-

ны  азайған.  Оған  қоса,  тұқы  балығы 

Зайсан көлі сынды ойпатты өңірлерге 

неғұрлым  бейім  келеді.  Ал,  таулы 

өлкелердің өзендеріне рипус балығын 

жібереміз.  Бұқтырма  су  қоймасына 

көксеркені  де  жіберуге  болатын  еді. 

Өкінішке  қарай,  оны  шабақ  күйінде 

өсіріп көбейту технологиясы әлі дайын 

емес. Ал, көксеркеден кейінгі ең тиім-

ді  түрі  осы  болып  отыр.  Таңдау  сол 

себепті тұқыға түсті. 

Оның  айтуынша,  әр  учаскеге 

жіберілген  80  мың  шабақтың  төрт 

мыңы аман жетілсе де аз олжа емес. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет