Жылдың қазан айынан шығады



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата06.03.2017
өлшемі10,14 Mb.
#8133
1   2   3   4   5   6

Жанибек САУРАНБАЕВ,

 

 

заведующий кафедрой физической

 

 

 

культуры, заслуженный мастер 

 

 

 

            спорта РК, профессор

«Жаќсы сґз – жарым ырыс», жаќсы ойлайыќ!

11

Мен  ғарышты  зерттеуші  ғалым,  не  астролог  немесе 



уфолог  та  емеспін.  Ақырзаман  бола  ма,  болмай  ма?  Оны 

зерттеуші ғалымдардың өздері де білмейді. Жай болжамда-

рын ғана жұртқа айтып, жеткізіп жүр. Жер сілкінісінің де 

қашан, қай күні және қайсы сағатта  болатынын да дөп ба-

сып, дәл айта алмай жүр ғой ешкім. Де-

мек, адамзат баласына ғарышқа қатысты 

болсын,  тылсым  тіршіліктің  құпиясы 

мол  ашылмаған  беймәлім  сыр  әлі  де 

көп.  Ал,  мына  жаңа  ғасыр  басталғалы, 

шыны  керек,  ақырзаман  болады  деген 

дақбырт  жұртты  үрейлендіріп,  дег-

бірін  қашырғаны  қашан!?.  Тесіліп 

теледидарға қарап, әңгімеге құлақтарын  

түріп жүретін болды. Әрине, ақырзаман болмасын деп ті-

лейік. Денсаулығы нашар, дімкәс, ауыратын жандарға бұл 

жайсыз әңгіме соққы үстіне соққы, жүрекке ауыр салмақ  

түсіретіні де анық. “Қызым түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден 

қалды” дейді абыржыған көршім. “Қайтеміз, қиын болды 

ғой” дейді дегбірі қашқан және бір танысым сөйлесе қалған 

сәтте сөз арасына осы ойын тықпалап.

Естеріңізде  болса,  ақырзаман  2000  жылы,  одан  кей-

ін  2006  және  2008  жылдары  да  болады  деп,  жұрттың  бір 

дүрліккені  бар.  Ешкім  оны  ұмытқан  жоқ.  “Болады-мыс” 

демейді-ау,  “Болады”  деп  кесіп  айтатындарын  қайтерсің. 

Міне, осы жолы да солай болып тұр. Бұл жолғысының со-

рымызды  қайнатқаны  нақтылысы  –  21.12.2012  жыл.  Дәл 

күні, айы, жылы  айтылып тұр. 21.12 және 12 (жыл), бұл 

цифрлардың  әрқайсысының  қосындысы  үштікті  құрайды 

екен. Ал астрологтардың айтуы бойынша бұл үш  “үштік” 

алапат  әкелетін  сипатқа  ие  көрінеді.  Шындығында  солай 

ма?  Ал,  дәл  осы  күні,  21.12.2012  жылы  дүниеге  келетін 

сәбилердің болашағы туралы әлгіндей дақпырт тарататын-

дар  енді  не  деп  болжам-сипат  айтатындарын  біз,  әрине, 

әлі білмейміз. Әйтеуір 22 желтоқсанды аман-есен көретін 

күнге жеткізсін деп тілейік. 

2001 жылдан бастап әр жыл  симметриялық даталарға 

толы  болды.  Жұрт  арасында  осыған  қатысты  ырым  да 

пайда  болып,  ол  дәстүрге  ене  бастады.  Сол  күні  некеге 

тұрып, отбасын құрағанды, сөйтіп, молшылықта , ештеме-

ге  мұқтажсыз,  бақытты  өмір  сүргенді  ырымдап  қалайтын 

болды.  Мәселен  07.07.2007  жыл,  08.08.08  жыл  деген 

сияқты. Осы соңғысында, дәл осы күні Ресейдің бір Куз-

басс  қаласында  700  жұп  үйленгенін  ақпарат  құралдары 

кезінде жазды. Симметриялық даталарға адамдардың ерек-

ше мән беріп, назар аударуы оның бір тектес цифр неме-

се  нөмірде  тұруында  екені  түсінікті.  “777”  немесе  “999” 

нөмірлі автокөлігі бар иелерін жұрт “крутой” нөмір алған, 

бай деп есептейді. Былай қарасыңыз, онда тұрған ештеңе 

де  жоқ.  Нөмірдің  аты  –  нөмір.  Жаңылыспасам,  осыдан 

жеті-сегіз жыл бұрын, Қостанай жақта ескі “Жигулиі” бар 

қарт бір кісіге МАИ қызметкерлері үш тоғыздан құралған 

“крутой” нөмір беріп, жұртты бір таңғалдырғаны бар. Оны 

кешкі соңғы хабардан, теледидардан да көрсетті. Ондағысы 

“крутой” нөмірлер “блатпен” , ақшаға сатылып берілмейді 

деген пікір қалыптастыру үшін жасалынған “келісім” деп 

ұқты жұрт. Мейлі, алсын. Бірақ мұндай цифрларға бәрінің 

де магикалық бір тартылысы бар екені де рас.

Былтыр, 2011 жылдың 11-айының  11 күні, яғни, 11.11.11 

жылы  жұрт  арасында  өз  өмірінен  көп  оңды  өзгерістерді 

күткендердің аз болмағанын  естідік және басылым бетінде-

гі хабарлардан оқыдық. “Бақытқа бөлейтін даталар” осымен 

бітіп, тура он бір жылға созылыпты. Ал биылғы 12.12.2012 

жылы некеге тұрушылар қатарының тым көбейіп отырғаны 

туралы неке агенттіктерінің мәліметтері бойынша ақпарат 

көздерінен оқып, біліп отырмыз. Мұнда 12 цифры үш реттен 

қайталанып тұр. Бұл күн шаңырақ көтерген отбасына берік 

махаббат, ынтымақ пен бірлік, молшылық сыйлайды деген 

пайым-түсінік қалыптасқан. Әйтсе де, астрологтардың мұны 

түсіндіруі  бұл  жолы  өзгеше.  Бұл  күні  Ай  толысып  бітуге 

тәмәмдайды да, жаңа Ай тууға жақындайды екен. Бұл шақ 

ең қиын кезең, әсіресе, некеге тұрушыларға өте қолайсыз 

уақыт  деп  есептеліп  отыр.  Кім  білсін,  бұл  тұжырымның 

қаншалықты дұрыс-бұрыстығын. Қосылатындар “Бақытты 

болайықшы!” деп шаңырақ көтереді. Өткен 12 желтоқсан 

күні Алматыда 150, Астанада 130 жұп некеге тұрды.

Ал, 2012 жылдың 21 желтоқсанын, яғни, 21.12.2012 дәл 

бүгіндері  кәрі  мен  жастың,  тіпті  барлығының  да  санасы-

нан бір сәтке де кетпей, бойларын қорқыныш сезімі билеп 

алғаны  шындық.  Ресейдің  коммерциялық  телеарналары 

күндіз-түні осы тақырыпты дамылсыз “тұздықтап” жатса, 

қайтпек енді. Сенбесіне лажы жоқ. Соның ішінде “РЕН” те-

леарнасы да бар. Бұл тақырыпты талдап, талмай тарататын 

өзге де ақпарат құралдары мен ақпарат көздері жетіп арты-

лады. Хабар орысша болған соң, әдейі телебағдарламаның 

атын да сол тілде жазып отырмын. Жаңағы “РЕН” телеарна-

сында Анна Чапман және Игорь Прокопенко деген танымал 

тележүргізушілердің бірқатар авторлық бағдарламасы бар. 

Мәселен,  “Секретные  территорий”,  “Территория  заблуж-

дений” деген т.б. “Я раскрою все тайны”, “Они среди нас. 

Они могут все что угодно с человеком сделать” дегенді жиі 

айтатын Анна Чапманның хабарды қызықты әрі тартымды 

жүргізетіні соншалықты, экраннан бас көтермей, көз алмай 

ынтыға қарайтынымызды жасырып қайтеміз. Білгің келеді, 

көргің келеді. Айтқанына амалсыз сенгің келеді. Соңғы кез-

дері “тұздықтайтын” тақырыбы – “Ақырзаман” болып тұр.

21.12.2012. Бұл күні күллі адамзат баласын не күтіп тұр? 

Әрине,  оны  мен  де  білмеймін.  Әйтсе  де  ішкі  бір  дүнием 

оған  сенуге  жібермейді.  Шыным  сол.  Бүгінгі  дәуірімізге 

дейін  жер  бетіндегі  күллі  тіршілік  атаулы  түрлі  жойқын 

алапаттардың  салдарынан  төрт  мәрте  жойылып,  “тыныс” 

тоқтап, қайта жанданған-мыс. Бұған дәлел дерек көздері де 

аз емес көрінеді. Солардың бірі – Майя күнтізбесі. Жеткен 

аңыз-әңгімеге жүгінсек, әлем ең алғаш “тыныш та тұнық 

аспан  мен  суық  теңіздің”  өмірге  келуімен  басталған-мыс. 

Онда    ешқандай  тіршілік,  не  өмір  болмаған.  Көп  ұзамай 

Алланың әмірімен сол теңіздің астынан, әлде мұхиттан көкке 

Жер  көтеріліп,  көріне  бастайды.  Сөйтіп  бірте-бірте  шөп 

пен ағаш, түрлі жан-жануарлар мен құстар пайда болыпты. 

Кейінірек Адамзат сол жерге табан тірейді. Бәрі де құдіреті 

күшті Құдайдың әмірімен “дүние есігін” ашып, ақыры не 

керек, Жер бетіндегі тіршілік атаулы төрт дәуірді артқа та-

стап  отыр.  Майялықтардың  есептеп  қалдырған  күнтізбесі 

бойынша  бесінші  дәуірдің  бітетін  кезеңі  –  2012  жылдың 

21  желтоқсаны.  Мен  бұған  дейінгі  төрт  дәуірдің  тіршілік 

иелерінің  аңыз  бойынша  жер  бетінен  қалай  жойылғанын 

қысқа  ғана  қайырып  айтып  отырмын.  Соңғы  дәуірдегі 

адамдар,  яғни,  біздер  туралы  айтар  болсақ,  адамзат  бала-

сы  жүгерінің  өзегінен  жаратылған-мыс.  Майялықтардың 

қалдырып кеткен аңызы бойынша сол кезеңде тірі шырын 

атанған өсімдік – жүгері болған көрінеді. Ол сөйтіп адам 

қанына айналған деседі. Мексиканың Тонин және Полен-

на деген жерлерінен табылған “бес күннің қабырғасы” де-

ген таста төңкерілген бес бас-сүйек бейнеленген. Олардың 

төбесінен  қарап  тұрған  бас  сүйекке  ұқсас  үлкен  Бастың 

мойнында  төңкерілген  төрт  адамның  басы  әшекейленіп  

тағылған.  Зерттеуші  Мартин  Пречтеланың  бұл  жайтты 

түсіндіруіне қарағанда ол майялықтардың бес дәуірін, яғни, 

көнелердің құрып, жаңа туған Күнді бейнелейді. Олар: от, 

өсімдік,  су,  жел  немесе  дауыл  және  соңғысы  –  қозғалыс 

дәуірі.


Майялықтардың  өмірін  зерттеуші  Украин  ғалымы, 

эпиграфист  және  археолог  Юрий  Полюхович  болса 

көңіл  жұбатарлық  мынадай  ой  айтады.  Ол  “Майялықтар 

ақырзаман дегенді тіршілік атаулының алапат апат салдары-

нан жер бетінен түгел жойылып, планетаның күйреуі” деп 

қабылдамаған.  Әрі мұндай түсінік майялықтар қалдырған 

көне  15  мың  жазудың  бірде  біреуінде  жоқ.  Мексиканың 

Табаско  Штатындағы  Тортугеро  қалашығынан  табылған 

монументте ғана  мынадай сөз бар: “21 желтоқсанда кезек-

ті дәуір мерзімі аяқталып, жаңа дәуір басталады”. Осыған 

сенейік.

Майя  кезінде  өркениеті  жақсы  дамыған  ел 

болғандығында күмән жоқ. Дерек көздері осыған сендіреді. 

Оларда, әсіресе, рухани әлем, математика мен астрономия, 

құрылыс,  медицина  саласы,  шығармашылық  жұмыс  өте 

жоғары деңгейде болған.

Бұл  дәуірде  үлкен  өзгерістердің  болатынын  кезінде 

Ванга, Нострадамус, Распутин және басқа да экстрасенстер 

айтқан. Мәселен Ванга 2012 және 2017 жылдар аралығында 

адамзат  баласының  дамуында  үлкен  серпіліс  кезеңі  бола-

ды  десе,  Нострадамус  пен  Распутин  2012  жылы  тарихта 

болмаған  өте  күшті  табиғат  катаклизмі  болатынын  жора-

мал ретінде жеткізген.

2012  жылғы  21  желтоқсаннан  кейінгі  келесі  кезеңді, 

яғни,  жаңа  дәуірді  Адамзаттың  жаңару  дәуірі  болады 

деп  есептесек,  мұнда  майялықтардың  бұл  күнді  бекер 

таңдамағанына  үлкен  мән  бергеніміз  дұрыс  дегенді  ай-

тады  ғалымдар.  Бұл  күні  планетаның  кіші  шеруі  өтіп, 

Күн,  Шолпан,  Марс,  Меркурий  және  Сатурн  планетала-

ры  галактиканың  құпия  энергетикалық  орталығымен  бір 

сызық  бойына  орналасады  екен.  Бұл  жағдай  әр  25  мың 

800  жылда  бір-ақ  рет  қайталанатын  көрінеді.  Пулковск 

Астрономиялық  Обсерваториясының  баспасөз  хатшысы 

Сергей  Смирновтың  айтуынша,  “Біз  (Жерді  айтып  тұр) 

галактиканың ең шеткі жағында бәріне жақын тұрғандықтан 

түн мезгілінде сол күні Күннің, Меркурийдің, Шолпан мен 

Сатурнның  өте  жарық  та,  жарқырай  көрінгенін  жақсы 

байқауымызға болады”. Ол бұл сөзді 2011 жылы желтоқсан 

айында өткізілген баспасөз конференциясында мәлімдеген 

еді. Сонда бір тілшінің “Ақырзаман шынында да бола ма?” 

деген сұрағына: “Оны Алла тағала біледі. Ол сұрағыңызды 

соған қойғаныңыз дұрыс болар” деп сырғытпа жауап бер-

ген.

“Планеталар  шеруі”  немесе  планеталардың  бір  сызық 



бойына орналасып, бір-біріне жақындауы адамзат өмірінде 

өте сирек кездесетін құбылыс дегенді айтады зерттеушілер. 

Әйтсе де Жер тарихында мұндай жағдай, мұндай құбылыс 

жиі болып тұрған. Мұндай “шеру” кезінде планеталардың 

күн жүйесіне гравитациялық ықпал-әсері болмай қалмайды. 

Күн  көзіндегі  процестердің  әсері  Жер  планетасында  да  

байқалуы  әбден  мүмкін. 

Сондықтан,  О,  Тәңірім!  Алла 

тағалам! Жер бетіне жайдары шуақ бер! Адамзатқа Жер 

бетінен мәңгілік тұрақ бер! Әрқайсысымызға төзімділік 

әрі қуат бер! – деп тілейік.

Күн  жүйесінен  Жердің  сыңары  табылды  деген  хабар 

соңғы кездері Ресейдің жаңағы “РЕН” телеарнасынан жиі 

берілетін болды. Мұны да жақсылыққа жорығанымыз жөн 

шығар.

Ойды ой қозғайды ғой. Бүгінгі таңда бір-бірімізге деген 



мейірбандық,  адамгершілік,  адалдық,  әділдік  деген  асыл 

қасиеттер  жетіспей  жатады.  Оны  шындық  деп  бағалап, 

мойындағанымыз абзал. Қазір ақша үшін, әкесінен қалған 

дүние-мүлік  үшін  ағайындардың,  тіпті  етжақын  бауыр 

ағайындылардың  өзара  араздасып,  бет  көріспей  жатқан 

жағымсыз жағдайды жиі естіп, көретін де болдық. Алдау, 

арбау,  алаяқтық,  өтірік  күліп  жақындап,  құлап  жатқанға 

қолын созудың орнына, лажы болса жарға итеріп жіберу-

ге  әзір  тұру  сияқты  залым  әдіс-тәсілдер  жиі  көрініс  таба 

бастады. Бұрын да мұндайды мүлдем болмады дей алмай-

мыз. Жаңа ғасырда тіпті өрши түскен секілді бұл жағымсыз 

жайт.  Айтпағымыз,  бер  жағыңмен  жылтырап  тұрудың 

қажеті жоқ. Құдайдың құлы, Мұхаммедтің үмбеті ретінде 

әркім Аллаға шын құлшылық етсе, жетіп жатыр.

“Біз  де  Сіздей  болғанбыз,  Сіз  де  біздей  боласыз”  деп 

таңбалы таста жазылғанындай, аруақтарды мазалау, зират 

басына қойылған тасты ұрлап әкетіп, оны өңдеп, сату не-

месе бүлдіріп, сындыру не деген сорақы көрініс  десеңізші! 

Мұны да күйкі тіршілікте кездеспейді, ондай жоқ дей ал-

маймыз. “Кемедегінің жаны бір” деген. Жер бетіндегі күллі 

Адамзат  баласына  табиғат  атаулы  ренжулі.  Оны  аяусыз 

қиратып,  жанын,  “жүрегін”  жаралап  жатқанымызды  бір 

сәт  мойындасақшы.  Білгенімізді  істеп 

бүлдірудеміз. 

Жаңағы  жоғарыда  айтылған  ойға 

қатысты.  1989  жылы  армяндар  мен 

әзірбайжан  ағайындар  өзара  даула-

сып,  жерге  таласып,  өз  аудандарының 

көлемінде ата-бабалары жерленген зират-

ты  бульдозер-трактормен  теп-тегіс  етіп 

талқандады емес пе!? Сол себепті Спитак-

та және бір қаласының атын ұмытып отырмын, сол аймақта 

күшті жер сілкінісі болып, көрші отырған екі елдің тәубәсін 

есіне түсіргенін біздер де ұмытқан жоқпыз. Есімізде бәрі. 

Содан да қаншама адам екі жақтан да жер жастанды. Бұл 

– табиғаттың тулағаны. Тынышталыңдар! Тыныш та, бір-

біріңмен тату өмір сүріңдер дегені.

Алла  тағаланың  барына  көпшілік  қазір  сенеді.  Бұрын 

атеист болдық. Қазір көпшілік жастар да имандылық жо-

лына  қарай  бетбұрыс  жасай  бастады.  Соған  қуанамыз. 

Қуанайық  соған.  Имандылық  бар  жерде  әділетсіздікке 

орын жоқ. Оның тізгіні тартылады.

Жаңағы  алдау  дегеннен  шығады.  Осы  таяуда, 

таңертеңгісін автокөлігін қардан тазалап жатқан қызымның 

қасына  шипиған,  мүсіркесін  деп  мүләйімсіген  жас  қазақ 

жігіті  келіп:  “Тәте,  осында  бір  емші  бар  дейді.  Соны  ай-

тып жібересіз бе? депті. ”Ондай адам мұнда жоқ” дегеніне 

қарамай,  басқа  да  сөзге  айналдырып,  көлік  ішіне  қойған 

сөмкесін  ұрлап  әкетті.  Олар,  әрине,  екеу  болғаны  сөзсіз. 

Өз  басына,  жұмысына  қатысты  және  автокөліктің  түгел 

дерлік  бүкіл  құжаты  қолды  болды.  Одан  басқа    онда  екі 

ұялы  телефоны,  мамасына  жаңа  сатып  алған  сақина,  20 

мың теңге ақша, қымбат косметика бұйымдары түгел кетті. 

Өзгесі табылады-ау, құжаттардың бірге кеткені қиын бол-

ды.  Жаңағыға  жаны  ашыған  қызым  тіпті  ақша  да  бермек 

болыпты  басында.  Сөйткендегісі  анау.  Қатты  қапаланған 

қызыма мен “Қызым, менің жүрегім орнында, уәйімдама, 

табылады аз күнде”  дегенімдей, бесінші күні табылды-ау 

түгел.  Көше  сыпырушы  қарт  кісі  қоқыс  арасынан  тауып 

алыпты.  Жаңағы  алаяқ  қаншама  адамды  жылатты  екен 

десеңші. Бірақ оның оңбайтынына күмән келтірмеймін.

Иә,  Алла  бар.  Индонезияда  қатты  цунами  болғанда 

ғарыштан  түсірілген  кадрда  жағаға  жақындаған  теңіз 

толқынында  “Алла”  деген  сөздің  анық  көрінгенін  БАҚ 

құралдары  жарыса  жазды.  Биіктігі  отыз  метр  болатын 

теңіз толқыны жағадағыны түгел жайпап, жоқ қылды. Бір 

таңғаларлығы, сол маңдағы мешіт дін аман. Су оны айна-

лып өткен. Бұған не дерсіз.

Менің  өз  басым  талай  таңғажайып  құбылыстың  куәсі 

болып жүрмін. Ол туралы басқа бір жолы әңгімелермін. 

Бірқатар  жыл  өтіп  кетті.  Жаңа  жыл  қарсаңы болатын. 

Осы қала іргесінде тұратын бауырым мен  келінімнің үйіне 

хал-жағдайларын біліп қайтайын деп барғам-ды.

Қуана  қарсы  алды  екеуі.  Кетерімде  сөз  арасында 

мына бір жайтты баяндады. Мектеп оқушысының шақпақ 

дәптерін  қолыма  әкеп  ұстатты.  Іші  тола  жазу.  “Бұл  не?” 

деп  сұрасам,  өздері  жақын  араласатын  үш-төрт  отбасы, 

ерлі-зайыпты  бәрі,  бірігіп,  “орыстың  ойнын”  ойнапты. 

Өлген адамдардың “духын” шақыратын. Ол үшін есік-те-

резені  тұмшалап,  қараңғылап,  шырақ  жағып,  бір  шетке 

айна,  үстелдің  ортасына  тәрелке  қойып,  үстелге  жағалай 

жайғасады  екен.  Алфавитті  жағалай  жазып,  не  деп  ай-

татындарын  білмеймін,  бірдеме  деп  айтып,  “духтарды” 

шақырмайма  бұлар.  Сол  кезде  тәрелке  өз-өзінен  ортада 

айнала  “жүріп”  отыратын  көрінеді.  Сталинді,  Ленинді 

шақырыпты.. Листьев “ол жаққа” жаңа кеткен ғой, неге еке-

нін, келмей қойыпты. Мұқағали ағаны шақырыпты. “Аға, 

әйелдерге  талай  өлең  жаздыңыз  ғой.  Ол  жақта  да  қарап 

жатпаған боларсыз. Жаңа өлеңіңіз бар ма?” деп “сұрапты” 

бұлар. Айнала “жүгіріп”, маңына тәрелке тоқтаған алфавит 

бойынша сөз құрастырғанда, Мұқаңның “айтқаны” мынау: 

“Шырақтарым,  орыстың  алфавитіне  менің  шабытымның 

келмей  тұрғаны”.  Содан  бұлар  не  істеген  дейсіздер  ғой. 

Ертесінде бәрі қайта жиналып, бас қосып, қазақтың 42 ал-

фавитін  түгел  тізіп  жазып,  “ойынға”  қосады.  “Мұқаңның 

жауабын  құрастырғанымызда,  отырған  бәріміздің  тіліміз 

байланып қала жаздады” деп сондағы бауырымның айтқан 

әңгімелері  әлі  есімде.  Сол  дәптерді  өз  көзіммен  оқыған 

мен де әлі күнге аң-таңмын. Мұқаң сонда не деді дейсіздер 

ғой. Айтайын. “Шырақтарым, аман-сау жүремін десеңдер, 

орыстың  мынау  орынсыз  ойнын  ойнауды  қойыңдар!  Біз 

мұнда қарап жатқан жоқпыз!” Ал, не дейсіздер бұған?

Айтарым, аруақтарды мазалауға болмайды!

Елдің тыныштығын, амандығын  шын тілейік! Мен өзім 

әрдайым таңмен таласа тұрып Тәңірден тыныштық тілей-

тін пендемін. Аман болайық!

“Ұйқы арсыз. Күлкі арсыз. Тамақ арсыз” деген, пайы-

мына терең мән беретін, түсінген жанға жақсы бір мәтел 

бар  ғой.  Сол  секілді  “Ерте  тұрған  әйелдің  бір  ісі  артық. 

Ерте тұрған еркектің ырысы артық” дегенді де айтқан қазақ. 

Мұны тіршілігіміз әмәнда жалғассын. Ерте тұр, еңбек ет де-

ген тұрғыда жоғарыдағы пікірімді толықтыру  үшін айтқан 

ой деп түсінгеніңіз жөн.

Иә,  орнымен  күлейік.  Орнымызды  білейік.  Ынтымақ-

бірлігіміз жарасып, жүзге бөлінбей жүрейік! Сонда біздер, 

бәріміз де, әлем халықтары түгел аман-сау, жер беті апатсыз 

болатынына күмән жоқ. Мен соған кәміл сенемін. “Жақсы 

сөз – жарым ырыс” деген, жақсы ойлайық.Ақырзаманның 

беті аулақ!

Марат ӘБДІХАЛЫҚ,

 

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының

 

лауреаты, ҚР Мәдениет қайраткері

Көзқарас

ТƏЅІРДЕН ТЫНЫШТЫЌ ТІЛЕЙІК!

(Аќырзаман жəне соєан ќатысты 

басќа мəселелер хаќында)



Жылан жылы жаќсылыќќа жолыєайыќ

БАС РЕДАКТОР:  

  

Марат ӘБДІХАЛЫҚ 

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бақдәулет ҚҰМАР       -     

кафедра меңгерушісі, т.ғ.д.

Аспандияр ӨМІРБЕКОВ -  

Қазақ тілі кафедрасының

                                         аға оқытушысы

Тілшілер:                 

Бану ШАЛОВА, 

                                      Эльмира ОРАЛБАЕВА

Газет беттеуші:       

Дидар СӘРСЕНБЕКОВ

Қоғамдық негіздегі 

фототілшілер:        

Дамир ТАИРОВ, Елена ПАПЭ

Газет  Қазақстан  Республикасы  Мәдениет    және  ақпарат 

министрлігінде 1359-Г куәлігімен тіркелген.

*Жарияланған мақаладағы автор пікірі  редакцияның көзқарасын 

білдірмейді.

*Редакцияға түскен қолжазба  қайтарылмайды, 3 компьютерлік  

беттен асатын  материалдар қабылданбайды. Суреттер JPEG, 

TIFF  форматтарында  ғана қабылданады.

* “РАС” газетіне  жарияланған  мақала көшіріліп басылса, сілтеме  

жасалуы міндетті.

Қ ұ р ы л т а й ш ы с ы :   Қ . И . С ә т б а е в   а т ы н д а ғ ы   Қ а з а қ   Ұ л т т ы қ   т е х н и к а л ы қ   у н и в е р с и т е т і

Газет :“Бизнес-Информ”  баспаханасында басылды. Мекен-жайы: Алматы қ., Төле би көшесі, 108. Тел.:293-09-09. Таралымы: 2000 дана Көлемі: 3 б.т. Тапсырыс:№ 10847

МЕКЕН-ЖАЙЫ: 480013, Алматы қ., Қ.Сәтбаев көшесі, 22 үй

     Мұнай ғимараты, 904 бөлме. Тел./факс: 292-67-03. 

Тел.: 257-71-19. Ішкі тел.: 73-23, 71-19.

Электронды мекен-жайы: http://ras.ntu.kz;   e-mail: ras@ntu.kz

12

ЌАЛЕКЕЅНІЅ “ТАПЌЫРЛЫЄЫ”



Ол кезде Шалбай Құлмаханов Алматы қаласының әкімі 

болатын.  Қалекең,  Қалтай  Мұхамеджанов  ол  кісіге  алдын-

да  бір  кіріп,  “Түркістан”  газетіне  қаржы  сұрап,  қажетті 

қаржысын  алған.  Қалтай  аға  Шәкеңе  тағы  да  бір  кірудің 

сәтін ойластырады. 

Бір күні Шалбайдың бөлмесіне артымен теріс қарап бі-

реу кіреді, беті есік жақта. Шәкең орнынан таңырқана ұшып 

тұрып:


– Сіз кімсіз?– деп сұрайды.

–  Мен  –  Қалтаймын.  Әнеукүні  алдыммен  кіріп  едім, 

“Түркістанға” көп қаржы алғанмын. Рахмет! Енді артымның 

құнын білгім келді. Артыма не көмегіңіз бар? – дейді.

Шәкең күлкіден есін жия алмай, ішек-сілесі қата:

– Сізге қанша қаржы керек? – дей беріпті. 

Қалекеңнің сөйтіп олжалы оралғаны бар.

ƏРКІМНІЅ ҐЗІНДЕ ЖОЄЫН БЕРЕДІ

 

Еліміздің тұңғыш Президенті бір топ азаматтарды мара-



паттап жатқан кез еді. Біреулеріне “Халық қаһарманы”, енді 

біріне  “Отан”  орденін,  енді  біреулерге  “Парасат”  орденін 

тапсырып жатқан көрінеді.

Сонда залда көптің бірі болып отырған Қалағаң, Қалтай 

Мұхамеджанов аға жайбарақат қана айналасындағыларына:

– Әркімге өзінде жоғын қалай тап басып тауып беріп жа-

тыр, – деген екен баяғы әзіліне басып.

“САСЌАН ЇЙРЕК АРТЫМЕН ЖЇЗЕДІ”

Министрлікте  жиналыс  болып,  Қалағаң  (Қалтай 

Мұхамеджанов) кешігіп барады. Ол кісі кабинетке кіргенде 

шетінен адамдар тарап жатады. Кірген жерде орындықта от-

ырып,  ақырын-ақырын  төрге  жоғарылай  береді.  Сонда  ми-

нистр тұрып: 

– Қалеке, сізге не болды, есіктен кіргеннен әр орындыққа 

отырып, жоғарылай бердіңіз ғой, – депті. Сонда Қалекең:

– Өзім кешігіп келгеннен кейін не істеуім керек, қарағым? 

“Сасқан  үйрек  артымен  жүзеді”  дегеннің  кері  ғой  менікі, 

– депті.


ЕРМАХАН МЕН НЎРМАХАН

«Литер  Media»  ЖШС-нің  қарамағындағы  «Айқын» 

және «Литер» газеттері Жаңа жылдан бастап «Нұр-Медиа» 

ЖШС-нің құрамына кіреді. Дәл сол кезде «Айқын» газетінің 

Бас  редакторы Нұртөре  Жүсіп  Астанада  іс-сапармен жүрсе 

керек.  Бұл  жаңалықты  ол  Елордада  жүріп  естиді.  Ертесіне 

жұмысқа келіп, кабинетінде отырса, оған сәлем бермек бо-

лып  басылымның  жауапты  хатшысы  Ермахан  Шайхыұлы 

келеді. Амандық-саулықтан соң Нұрекең:

– Иә, Ермахан, не жаңалық бар? – деп сұрайды.

Сонда ол:

–  Сіз  Астанаға  кетіп  бара  жатқанда  Ермахан  едік,  енді 

Нұрмахан  болдық,  –  деген  екен  газеттің  «Нұр-Медианың» 

қарамағына енгенін меңзеп.

        

АСАУ КЇЙЕУ

Бір күні белім ауырып оташыға емделуге бардым. Ол кісі 

адам  емдеп  отырып,  адамның  көңілін  таба  алатын,  алдына 

барған кісіні күлдіріп, ауырған жеріңді ұмыттырып та жібе-

реді екен. 

–Мен,–  деп  бастады  ол  әңгімесін,  –  үйленгенде  қайын-

жұртыммен бірге тұрып, “күшік күйеу” атандым. Үй салып, 

“пысық күйеу” атандым. Сонан кейін “асау күйеу” атандым, 

– деп ішек-сілемізді қатыра күлдіргені бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет