ДӘрістер кешені қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі. Қылмысты саралаудың түсінігі, кезеңдері


Бөтен  мүлікті  ұрлаудың  (талан-таражға  салудың)  түсінігі,  белгілері  және  нысандары.  Ұрлық



Pdf көрінісі
бет4/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Бөтен  мүлікті  ұрлаудың  (талан-таражға  салудың)  түсінігі,  белгілері  және  нысандары.  Ұрлық. 

Ұрлықтың түрлері. Меншікке қарсы қылмыстардың ішіндегі ең көп таралған және қоғамға едәуір қауіптісі 

ұрлау.  


Қылмыстық заң, ұрланғандық үшін, оның жасалу тәсілдеріне қарай нақты жауаптылық қарастырған. 

ҚК-тің тиісті баптарына бөліп, нормативтік тұрғыдан бекіткен, оларға ұрлаудың мына формалары жатады: 

ұрлық, иемденіп алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау және қарақшылық.  

1) мүлікті алу; 

2) алудың заңға қайшылығы; 

3) алудың қайтарымсыз болуы; 

4) пайдакүнемдік мақсат; 

Егер  айыпты  мүлікті  алып,  кейін  оңтайлы  кезде  шығаруды  ойластырып  оны  сол  күзеттегі  аймаққа 

жасырып  қойса,  сонан  соң  оны  өз  еркімен  қайтарса,  онда  ол  қылмысты  жасаудан  өз  еркімен  бас  тарту 

негізінде (ҚК-тің 26-бабы) қылмыстық жауаптылықтан босайды.  

Ұрлау  тек  тікелей  ниетпен  жасалады.  Айыпты  мүлікті  заңсыз  алғандығын  ұғынады,  өз  әрекетімен 

меншік иесіне залал келтіретіндігін алдын ала біледі, соны тілейді.  

Ұрлаудың  міндетті  нышаны  –  пайдакүнемдік  мақсат.  Ұрлауға  заң  тұрғысынан  анықтама  берілгенде 

пайдакүнемдік мақсат ұрлаудың нышаны деп тіке көрсетілген. Ол мақсат айыптының өз пайдасына, сондай-

ақ  материалдық  жағдайына  айыпты  мүдделі  басқа  адамдардың  пайдасына  метериалдық,  мүліктік  табыс 

келтіруді көздейді.  

Мүлік ұрлау заты ретінде белгілі бір экономикалық заңдық, нақтылай бар қасиеттерге ие.  

Нақтылай бар болуы дегеніміз – оның кеңістікте орналасқан сыртқы әлемде материалдық зат ретінде 

бейнеленуі.  Ол  қоғамдық  өндіріс  процесінде  алынған  мате-риалдық  нәрсе.  Осы  талданып  отырған  қасиет 

болмағандықтан  идеяны,  ойды  иелену,  мүлікті  иеленбей  мүліктік  сипаттағы  құқықтарды,  әр  түрлі 

игіліктерді алу – ұрлау деп танылмайды, мысалы, көлікте жүру үшін жеңілдік беретін билетті қолдан жасап 

алып пайдалану, т.б.  

Ұрлықтың  объективтік  жағын  талдағанда  әрекет  пен  қылмыстық  нәтижесінің  арасындағы  себептік 

байланысты анықтау қажет.  

Ұрлықтың  аяқталу  кезеңін  қылмыстық  әрекеттің  бастапқы  даму  кезеңіне  ауыстыру  заңдылықтың 

бұзылуына әкеп соғады. Бір жағынан, ұрлыққа оқталған әрекет аяқталған қылмыс қатарына жатқызылады, 

нәтижесінде  айыптының  жауаптылығы  негізсіз  күшейеді,  себебі  жаза  тағайындағанда  сот  ҚК-тің  24-

бабында  көрсетілген  мән-жайларды  ескермейді  (айыпты  жасаған  әрекеттің  қоғамға  қауіптілік  сипаты  мен 

дәрежесін,  қылмыстық  ниеттің  қаншалықты  жүзеге  асырылғандығын  және  қылмыстың  не  себепті  аяғына 

дейін  жасалынбағандығын).  Сонымен  қатар,  айыпты  үшін  оның  өз  еркімен  бас  тарту  мүмкіндігі  азаяды, 

ондай әрекеттің оған қажеттігі болмай қалады, бұл жағдайда ұрлықпен күреске нұқсан келтіреді.  

Сонымен, ұрлықты аяқталған деп айыптының заты іс жүзінде иеленген кезінен емес, сол затқа оның 

өз қалауымен билік ете алатын мүмкіндігі туған кезден бастап санау керек.  


 

15 


Кінә,  қылмыстың  себебі  мен  мақсаты  ұрлықтың  субъективтік  жағын  сипаттайтын  нышандарға 

жатады.  Бұл  нышандар  ұрлық  жасаушы  адамның  психикасындағы  ішкі  процестердің  көрінісі,  ол 

ұрлаушының санасы мен еркінің жасалған қоғамға қауіпті әрекетпен (ұрлықпен) байланысын сипаттайды.  

Субъективтік жағынан ұрлық – тікелей ниетпен жасалынатын әрекет.  

Ұрлық  жасағанда айыпты  өз  әрекетінің заңға  қайшы екендігінде,  мүлікті жасырын иеленгендігін  де 

ұғынады.  Ұрлық  жасаудың  себебі  –  пайда  табу.  Пайда  табу  болмаса  ұрлық  та  болмайды.  Ол  ұрлықтың 

субъективтік себебі болып табылады. Бірақ бұл себептің мазмұны, оның тереңдігі, оны ұғыну дәрежесі және 

тұрақтылығы әр түрлі болуы мүмкін.  



 Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету. Осы қылмыстың түрлері. 

Бұл  қылмыстың  объектісі  –  меншік,  басқаша  айтқанда,  мүлікті  иелену,  пайдалану,  оған  билік  ету 

жөніндегі қоғамдық қатынастар жиынтығы.  

Бұл  қылмыстың  объективтік  жағын,  бөтен  мүлікті  ұрлаудың  нысаны  ретінде,  иеленіп  алу  және 

ысырап ету құрайды. 

Иеленіп  алу  дегеніміз  –  белсенді  қызмет  жасай  отырып  субъектінің  өзіне  сеніп  тапсырылған 

тауарлық-материалдық құндылықты алуы, оған заңсыз иелік орнатуы.  

Иеленіп  алғанда  айыптыға  сеніп  тапсырылған  мүлік  оқшауланып,  оған  заңсыз  өтеді,  оның  өз 

меншігіне айналдыру немесе үшінші адамдардың меншігіне беру мақсаты болады.  

ҚК-тің  176-бабының  құрылымына  сәйкес  иеленіп  алудың  ерекшелігіне  субъектінің  ұрланатын 

мүлікке қатынасы жатады: мүліктің, оған деген белгілі бір өкілеттігі бар адамның заңды иелігінде болуы.  

Меншік  иесіндегі  мүлік  алынып  оқшауланған  және  ол  оның  өз  мүлкіне  қосылған  кезден  бастап 

иеленіп алу аяқталған қылмыс болып саналады.  

Иеленіп  алу  және  ысырап  ету  аяқталған  қылмыс  деп  саналады,  егер  субъект  мүлікті  тек  алып  қана 

қоймай, оны еркін айналымға жіберуге нақты мүлкін алған болса. 

Бұл қылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниетпен және пайда табу мақсатымен сипатталады. 

Қылмыс  субъектісі  арнаулы  –  жасы  он  алтыға  толған,  есі  дұрыс,  заңды  түрде  мүлік  сеніп 

тапсырылған адам.  



 Алаяқтық. Алаяқтықтың түрлері. Алаяқтықтың объектісі – меншік болып табылады.  

Алаяқтықтың заты ретінде тек мүлік қана емес, сонымен қатар, оған құқық, сондай-ақ мүлікке кейбір 

өкілеттіктер де танылады. 

Алаяқтықтың ерекшелігі осы қылмыстың жасалу тәсілінде – мұнда алдау және сенімге қиянат келтіру 

орын алады.  

Алаяқтықтың  объективтік  жағының  өзіне  тән  ерекшелігі  сонда,  жәбірленуші  қателескендіктен 

алаяққа мүлікті немесе мүлікке құқықты өз еркімен береді.  

Объективтік жағынан алаяқтық аяқталған деп саналады, егер мүлікке өзінікіндей билік етуге немесе 

сол мүлікке құқықты іске асыруға айыпты мүмкіндік алған болса. 

Субъективтік  жағынан  алғанда,  алаяқтықта  тікелей  ниет  болады.  Алаяқты  ұрлықтан  ажыратқан  жөн. 

Алаяқтық жасағанда алдау мүлікті субъектіге берудің негізгі себебіне айналады. Және де, ұрлық жасағанда 

мүлік  жәбірленушіден  жасырын,  оның  еркінсіз  ұрланады.  Ал,  алаяқтықта  мүлікті  қылмыскерге  ”еркімен” 

береді.  

Тонау.  Тонаудың  түрлері.  Тонаудың  ұрлықтан  айырмашылығы.  ҚР  ҚК-нің  178-бабында  тонау 

дегеніміз – бөтен мүлікті ашық ұрлау деп анықтама берілген.  

Бұл қылмыстық іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігі сонда, ол меншікке құқықты бұзады.  

Осы қарастырылып отырған қылмыстың объектісі – меншік.  

Қосымша тікелей объект ретінде адамның денсаулығы алынады (күш қолданып тоналғанда).  

Тонаудың  затына  ұрлаудың  кез  келген  формасының  нышандары  сәйкес  келеді.  Тонаудың  құрамы 

құрылымы жағынан материалды, сондықтан да бұл іс-әрекеттің объективтік жағын: 

а) қоғамға қауіпті әрекеттер;  

б) қоғамға қауіпті салдарлар;  

в) солардың арасындағы себептік байланыс құрайды.  



 Қарақшылық. Қарақшылықтың түрлері. Қарақшылық объектісі – күрделі қылмыстар қатарына жатады. 

Онда  бөтен  мүлікке  ғана  емес,  жәбірленушінің  өз  басына  қастандық  жасалады,  бұл  жағдайда 

қарақшылықтың құрамы  үшін факультативтік емес, міндетті екі объектінің  болуы  қажет.  Қарақшылықтың 

қауіптілігі меншікке қастандық жасауда ғана емес, сол қастандықты жасау тәсілінде – шабуылға ұшыраған 

адамның  өмірі  мен  денсаулығы  үшін  қауіпті  күш  қолданылады.  Адамның  өз  басы,  оның  денсаулығы,  бұл 

жерде, қарақшылықтың екінші маңызды объектісі болып табылады.  

Объективтік жағынан алғанда, қарақшылық – жәбірленушінің денсаулығы немесе өмірі үшін қауіпті 

зорлықпен, немесе, ондай зорлықты тікелей қолдану қаупімен ұштасқан шабуыл арқылы сипатталады.  

Қарақшылықтың  субъективтік  жағы  –  тікелей  ниетпен  және  пайдакүнемдік  мақсатпен  сипатталады. 

Қарақшылық кезінде пайдакүнемдік мақсатты анықтау қажеттілігі.  



 

тақырып. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 

1.

 



Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (189-б.). 

2.

 



Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу (193-б.). 

 

16 


3.

 

Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату (206-б.). 



4.

 

Экономикалық контрабанда (209-б.) 



Заңды  кәсіпкерлік  қызметке  кедергі  жасау.  Бұл  қылмыста  екі  объектіге  қол  сұғылады.  Бұл  талданып 

отырған  қылмыстың  негізі  тікелей  объектілері  экономикалық  қызметті  реттеумен  байланысты  қоғамдық 

қатынастарды  құрайды,  ал  қосымша  объектісі  –  кәсіпкерлікпен  және  басқа  да  заң  тыйым  салмаған 

қызметпен айналысу құқығы.  

Заңды  кәсіпкерлік  қызметке  кедергі  жасау  объективтік  жаққа  жатады,  ол  мынадай  формаларда 

болады:   а) жеке кәсіпкердің құқығы мен заңды мүдделерін шектеу; б) ұйымдастыру-құқықтық формасына 

немесе меншік формасына байланысты коммерциялық ұйымның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеу; 

в)  жеке  кәсіпкердің  немесе  коммерциялық  ұйымның  қызметіне  басқадай  да  заңсыз  араласу.  Мұндай  іс-

әрекеттерді  жасағанда  лауазымды  адам  кәсіпкердің  (жеке  немесе  заңды  тұлғаның)  қызметіне  толықтай 

кедергі жасайды немесе ол іс-әрекетін заңда белгіленген тәртіпте және шекте жартылай жүзеге асырады.  

Бұл  қарастырылған  қылмыста  формальдық  құрам  бар,  түсініктеме  –  берілген  баптың  диспозициясында 

аталған  әрекеттердің  (әрекеттің  немесе  әрекетсіздіктің)  біреуі  жасалған  кезден  бастап  қылмыс  аяқталған 

болып танылады.  

Субъективтік  жағы  ондағы  ниетпен  сипатталады.  Адам  өз  әрекетінің  қоғамға  қауіпті  және  заңға  қайшы 

екендігін біледі, оны жасауға ұмтылады.  

Қылмыс субъектісі – лауазымды адам болып табылады (ҚК-тің 307-бабының талдауын қара).  



 Монополистік  іс-әрекеттер  және  бәсекені  шектеу.  Қылмыстың  бұл  қарастырылып  отырған  құрамы 

материалдық  болып  табылады.  Қылмыстық  жауапқа  тарту  үшін  азаматқа,  ұйымға  немесе  мемлекетке  ірі 

зиян  келтіргендік  түріндегі  салдар  туындауы  және  іс-әрекет  пен  салдардың  арасындағы  себептік 

байланыстың болуы қажет. Ірі зиянға түсініктеме ҚК-тің 189-бабына ескертуде берілген.  

Субъективтік жағы – қасақаналық нысанындағы кінәмен анықталады.  

Қылмыстың субъектісі  –  жеке адамдар. Олар экономикалық қызметтің субъектілері де,  мемлекеттік билеу 

органдары  мен  жергілікті  өзін-өзі  басқару  органдарының  лауазымды  адамдары  да  болуы  мүмкін.  Бұл 

қылмыс үшін жауаптылық – 16 жастан басталады. Күш қолдану дегеніміз – жәбірленушіні ұрып-соғу, оның 

денсаулығына әдейі жеңіл немесе орташа зиян келтіру, сондай-ақ ауыр зиян келтіру, бұл жағдайларда ҚК-

тің 103-бабының 1-бөлігінде қарастырылған.  

Бұл  қылмыстың  субъективтік  жағы  –  жарнама  берушінің  тауарларға,  жұмысқа  және  қызметке,  сондай-ақ 

оларды  өндірушілерге,  орындаушыларға  немесе  сатушыларға  қатысты  жалған  ақпаратты  пайдалануы 

түріндегі әрекеті. Шындыққа жанаспайтын және тұтынушыны шатастыратын ақпарат – жалған ақпарат деп 

танылады.  Бұл  қылмыстың  субъективтік  жағы  –  тіке  ниет  түріндегі  кінә.  Бұл  қылмыстың  субъективтік 

жағының міндетті нышаны – бас пайданы ойлау.  

Қылмыс субъектісі – арнаулы – жарнама беруші болып табылатын, жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.  

Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату. 

Жалған  ақша  немесе  қағаздар  жасау  немесе  сату  әрекеті  үшін  жауаптылық  осы  бапта  көзделген.  Бұл 

қылмыстың тікелей объектісі – Қазақстан Республикасының ақша және несие жүйесі. 

Қылмыс заты – жалған ақша немесе құнды қағаздар.  

Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен сипатталады  – жалған ақшамен құнды 

қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.  

Қылмыстың құрамы – формальды. Осы үш әрекеттің біреуі жасалған кезден бастап қылмыс аяқталған болып 

саналады.  

Бұл қылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниет түріндегі кінә.  

Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.  

Осы  баптың  2-бөлігі  мынадай  саралаушы  нышандарды  көздейді:  ірі  мөлшерде  жасау  және  жалған  ақша 

немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін бұрын сотталған адамның жасауы.  

Осы баптың 3-бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны үшін жауаптылық көздейді.  

Экономикалық  контрабанда.  Қосымша  объектісі  –  Қазақстан  Республикасының  кедендік  шекарасын  кесіп 

өту ережесі. Бұл қылмыстың Заттары – тауарлар мен басқадай заттар.  

      Бұл  қылмыстың  объективтік  жағы  –  осы  Кодекстің  250-бабында  көрсетілгендерден  басқа  тауарларды 

және  басқа  заттарды  ірі  мөлшерде  кедендік  шекара  арқылы  алып  өтуге  бағытталған  белсенді  әрекетпен 

сипатталады. 

Бұл қылмыстың субъективтік жағы – тіке ниет түріндегі кінә.  

Бұл  бапты  қалыптастырғанда  жаза  тағайындау  кезінде  ескерілуі  мүмкін  себеп  пен  мақсат  қалып  қойған. 

Контрабанда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот 

практикасында ескеріледі.  

Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.  

Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше рет жасау, 

өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды адамның жасауы, кеден бақылауын жүргізушіге күш қолдану жата-

ды.  


 

17 


199-бап. Тауарлық белгіні заңсыз пайдалану 

Адам ниетті бәсекеліктің бір формасы – бөтеннің тауарлық белгісін заңсыз пайдалану.  

Қылмыстың  тікелей объектісі  –  әділ бәсекелік  құқығын және  тауарлық белгіні  пайдалану құқығын  жүзеге 

асырумен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.  

ҚК-тің 199-бабының 1-бөлімі бойынша мыналар қылмыс заты болып табылады: 

Қылмыстың  объективтік  жағы  –  бөтеннің  белгісін  заңсыз  (иесінің  келісімінсіз)  пайдалану  әрекетімен 

сипатталады.  

Субъективтік жағын кінәнің қасақана формасы ғана сипаттайды.  

Қылмыс субъектісі – жалпы жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.  

200-бап. Коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету 

Қылмыстың тікелей объектісі – коммерциялық не-месе банктік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ететін 

қоғамдық қатынастар.  

Қылмыс заты – коммерциялық немесе банктік құ-пия.  

Қылмыстың объективтік жағы – құжаттарды ұрлау, коммерциялық немесе банктік құпияны білетін адамды 

немесе  оның  жақындарын  сатып  алу  немесе  қорқыту,  байланыс  құралдарынан  ұстап  қалу,  арнайы 

техникалық құралдарды пайдалану жолымен, сондай-ақ заңсыз тәсілдер мен тиісті мәліметтерді жинау.  

Қылмыста  формальдық  құрам  бар  және  ол  ком-мерциялық  немесе  банктік  құпия  болып  табылатын  мә-

ліметтерді жинай бастаған кезден аяқталған деп таныла-ды.  

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниетпен сипатталады.  

Субъект – жалпы жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.  

Қылмыстың  субъективтік  жағы  кінәлінің  қасақана-лық  формасымен  сипатталады.  Қылмыстың 

субъектісі – қызмет немесе жұмыс бойынша коммерциялық немесе банктік құпия сеніп тапсырылған адам.  



201-бап.  Кәсіптік  спорт  жарыстарының  және  ойын-сауықтық  коммерциялық  конкурстардың 

қатысушылары мен ұйымдастырушыларын сатып алу 

Аталған қылмыстардың тікелей объектісі – кәсіптік спорт жарыстарын және ойын-сауықтық коммерциялық 

конкурстарды ұйымдастыру және өзгертуге байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар.  

Қылмыс  заты  –  ақша,  құнды  қағаз  немесе  басқадай  мүлік,  сондай-ақ  мүліктік  сипаттағы  қызмет  түріндегі 

заңсыз сыйақы. 

 Бірінші  қылмыстың  объективтік  жағы  спортшы-ларды,  спорт  төрешілерін,  жаттықтырушыларды,  команда 

басшыларын  және  ойын-сауықтық  коммерциялық  кон-курстың  басқа  қатысушыларын  немесе  оны 

ұйымдасты-рушыларды немесе қазылар алқасы мүшелерін сатып алу-дан көрініс табады 

Бұл қылмыстың құрамы – формальдық.  

Бұл қылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниет түріндегі кінә.  

Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам. Осы баптың 2-бөлігіне сәйкес бұл қылмыстың сара-

ланған нышаны – оны неше қайтара немесе ұйымдасқан топтың жасауы.  

215-бап. Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер 

Бұл  қылмыстың  тікелей  объектісі  –  банкроттық  процесін  жүзеге  асыруға  байланысты  туындайтын  қо-

ғамдық қатынастар.  

Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілер-дің мүліктік мүдделері.  

Қылмыс заты – мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мәліметтер, мүлік туралы басқадай ақпарат, бух-

галтерлік және ұйымның-борышқордың немесе жеке кә-сіпкер-борышқордың экономикалық қызметі көрініс 

та-батын басқадай есептік құжаттар.  

Бұл қылмыстың объективтік жағы мынадай әре-кеттерден көрініс табады: 

1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, туған жері туралы мәліметтерді не мүлік 

туралы басқадай ақпаратты жасыру; 

2)  мүлікті басқаның иелігіне беру; 

3)  мүлікті иеліктен шығару;  

4)  мүлікті жою;  

5) экономикалық қызметі  көрініс  табатын  бухгалтерлік және  басқа  есеп құжаттарын жасыру,  жою, бұрма-

лау.  

Бұл  қылмыстың  субъективтік  жағы  –  не  тіке,  не  жанама  ниет  түріндегі  кінә.  Айыпты  адам  банкроттық 



кезінде немесе оның алдында заңсыз әрекет жасап отыр-ғанын түсінеді, несие берушілерге ірі зиян келтіруі 

мүм-кін  екенін  алдын  ала  біледі  және  оның  болуын  қалайды  немесе  біле  тұра  оған  жол  береді  не 

немқұрайды қарайды.  

Бұл қылмыстың субъектісі – басшы, борышқор - ұйымның иесі, жеке кәсіпкер. 

216-бап. Әдейі банкроттық 

Бұл қылмыстың тікелей объектісі – банкроттық процесін іске асырумен байланысты туындайтын қоғамдық 

қатынастар.  

Қарастырылып  отырған  қылмыстың  объективтік  жағы  –  төлем  қабілетсіздігін  жасау  немесе  ұлғайту 

түріндегі белсенді әрееттер, ірі зиян түріндегі қоғамға қауіпті салдарлар және әрекет пен салдар арасындағы 

себептік байланыс.  

Бұл  қылмыстың  құрамы  –  материалдық.  Ірі  зиян  келтірген  немесе  басқадай  ауыр  зардап  шеккен  кезден 

бастап қылмыс аяқталған болып саналады.  



 

18 


Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама ниет түріндегі кінә. Субъективтік жақтың міндетті 

нышаны – себеп. Айыпкер бұл қылмысты өз мүддесі немесе басқа адамның мүддесі үшін жасайды.  

Қылмыстың субъектісі – жасы 16-ға толған басшы, коммерциялық ұйымның иесі немесе жеке кәсіпкер.  

217-бап. Жалған банкроттық 

Бұл  қылмыстың  тікелей  объектісі  –  банкроттық  процесін  жүзеге  асырумен  байланысты  туындайтын 

қоғамдық қатынастыр.  

Қосымша объект – несие берушілердің мүліктік мүддесі.  

Бұл қылмыстың объективтік жағы үш  нышанмен сипатталады: әрекет нысанындағы  қылмыстық іс-әрекет-

пен, қоғамға қауіпті салдардың келуімен және әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себептік байла-

ныспен, яғни қылмыстың құрамы – материалдық.  

Бұл  қылмыстың  субъективтік  жағы  –  тікелей  ниет  түріндегі  кінә.  Қылмысты  жасағанда  арнайы  мақсат 

болады,  ол  –  несие  берушілерге  тиесілі  төлемдерді  кейінге  қалдыру  не-месе  бөліп-бөліп  төлеу  немесе 

берешегін азайту, сол сияқты берешегін төлемеу үшін несие берушілерді жаңы-лыстыру.  

Қылмыс  субъектісі  –  арнаулы.  Бұл  қылмысты  жасы  16-ға  толған,  есі  дұрыс  басшы  немесе  коммерциялық 

ұйымның меншіккері немесе жеке кәсіпкер жасай алады. 

218-бап. Бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу 

Бұл  қылмыстың  объектісі  –  қандай  ведомствоға  қараса  да  барлық  ұйымдарда,  мекемелерде  немесе  кәсіп-

орындарда бухгалтерлік есеп жүргізудің елдегі бірыңғай тәртібі  

Бұл қылмыстың объективтік жағы мына іс-әре-кеттердің біреуін жасаумен сипатталады:  

а) заңда көзделген мәліметтерді құжаттаудан жал-тару;  

б)  есепке  алу  немесе  беру  құжаттарына  ұйымның  шаруашылық  және  қаржы  қызметі  туралы  көпе-көрінеу 

жалған ақпараттарды енгізу; 

в) қаржы және басқа есепке алу немесе есеп беру құжаттарын оларды сақтау мерзімі аяқталғанға дейін жою.  

Қылмыстың  құрамы  –  материалдық,  ол  осы  іс-әре-кеттерді  жасаудың  нәтижесінде  ұйымның  шаруашылық 

және қаржы қызметіне ірі зиян келген кезден бастап аяқ-талған деп анықталады.  

Ірі зиян түсінігі  ҚК-тің 189-бабына берілген ескер-туде келтірілген.  

Бұл  қылмыстың  субъективтік  жағы  –  тікелей  немесе  жанама  ниетпен  сипатталады.  Бұл  қылмыстың 

субъектісі – арнаулы-бухгалтерлік есепті жүргізуге уәкілетті адам.  

225-бап. Табиғатты пайдалану жөніндегі заңсыз мәліметтерді тіркеу 

Қылмыстың объектісі – табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласындағы, сондай-ақ табиғатты пайдала-

ну жөніндегі мәліметтерді мемлекет белгілеген тәртіппен тіркеуге байланысты қоғамдық қатынастар.  

Объективтік жағынан қылмыс мына іс-әрекеттер-дің кемінде біреуін жасағандықпен сипатталады: 

а) табиғатты пайдалану жөніндегі көрінеу заңсыз мәліметтерді тіркеу; 

б) табиғат ресурстарын мемлекеттік есепке алу мен мемлекеттік жер кадаскаларының деректерін бұрмалау; 

в) табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемді қасақана төмендету.  

Азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  азаматтық  құ-қықтары  мен  міндеттерді  белгілеуге,  өзгертуге  немесе 

тоқтатуға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп танылады (АК-тің 147-бабы).  

Қылмыс  құрамы  –  формальдық.  Қылмыс  ҚК-тің  225-бабының  диспозициясында  көрсетілген  кез  келген 

әрекет жасалған кезден бастап аяқталған деп саналады.      

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет форма-сындағы кінәмен сипатталады.  

Бұл қылмыстың субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам 

226-бап. Мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету. 

Қылмыстың субъектісі – әр түрлі мәміле жасаудағы бостандық.  

Қылмыстың  объективтік  жағы  мәміле  жасауға  неме-се  оны  жасаудан  бас  тартуға  мәжбүр  етумен 

сипатталады.  

Мәжбүр ету дегеніміз – жәбірленушінің еркіне ық-пал жасау. Ол ауызша да, жазбаша түрінде болуы мүмкін.  

Мәжбүр ету тәсілдері мынадай: 

а) күш қолданамын деп қорқыту;  

б) бөтеннің мүлкін жоямын немесе бүлдіремін деп қорқыту; 

в) жәбірленушінің немесе оның жақындарының құ-қықтары мен заңды мүдделеріне едәуір зиян тигізуі мүм-

кін мәліметтерді таратамын деп қорқыту.  

Бұл  қылмыстың  объективтік  жағының  міндетті  ны-шаны  сол,  мұнда  қорқытып  алушылық  нышаны,  яғни 

мүліктік  сипаттағы  талап  болмауға  тиіс.  Қылмыстың  құрамы  –  формальды.  Мәміле  жасауға  немесе  оны 

жасаудан бас тартуға мәжбүр еткен кезден бастап, яғни жәбірленушіге  психикалық қысым жасаған кезден 

бастап қылмыс аяқталған болып саналады.  

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей ниетпен сипатталады.  

Қылмыстың  субъектісі  –  жасы  16-ға  толған,  есі  дұрыс  адам  бола  алады.  Жоғарыда  көрсетілген 

әрекеттерді лауазымды адам немесе коммерциялық не басқадай ұйымның басшысы болып табылатын адам 

жасаса, әрекет ҚК-тің 226, 228-баптарының жиынтығы бойынша немесе 307- бабы бойынша сараланады. 

192-бап.  Жалған  кәсіпкерлік.  Бұл  қылмыстың  объектісі  –  заңға  негізделген  кәсіпкерлік  қызметті  жүзеге 

асырумен байланысты қоғамдық қатынастар.  

Қылмыстың объективтік жағы – кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниеті болмаса да 

коммер-циялық ұйым құру, нәтижесінде азаматтарға, ұйымға не-месе мемлекетке ірі зиян келтіру.  


 

19 


Коммерциялық ұйым құру дегеніміз – пайда түсіруді мақсат тұтып заңды негізде ұйым құру үшін жа-

салынған  іс-әрекет.  Тіркелген  және  бірыңғай  мемлекеттік  тізімдікке  кірген  кезден  бастап  коммерциялық 

ұйым құрылған болып саналады.  

Азаматқа,  ұйымға  немесе  мемлекетке  ірі  зиян  кел-тірген  жағдайда  жалған  кәсіпкерлік  үшін 

қылмыстық жа-уапкершілік туындайды.  

Қылмыс  жасаған  кезде  Қазақстан  Республикасы-ның  заңдарында  белгіленген  айлық  есептік 

көрсеткіштен  жүз  есе  асатын  сомға  азаматқа  не  бес  жүз  есе  асатын  сом-ға  ұйымға  не  мемлекетке  зиян 

келтірсе, ол зиян ірі мөл-шердегі деп танылады (189-бабына ескертуді қара).  

Бұл қылмыстың объективтік жағының міндетті түрдегі нышаны  – жалған коммерциялық ұйым құру 

мен ірі зиян келтіру түріндегі салдар арасында себептік бай-ланыстың болуы.  

Бұл  қылмыс  тікелей  ниетпен  жасалынады  және  оны  жасағанда  жалған  кәсіпкерлік  жолымен  несие 

алуды  не-месе  салық  төлеуден  босатуды,  басқадай  мүліктік  пайда  көруді,  тыйым  салынған  қызметті 

бүркемелеу (лас ақша-ны заңдастыру) мақсат тұтады.  

Қылмыс объектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.      

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет