ДӘрістер кешені қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің түсінігі. Қылмысты саралаудың түсінігі, кезеңдері


-тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата06.03.2017
өлшемі0,63 Mb.
#8215
1   2   3   4   5   6   7   8   9

4-тақырып. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 

Бейбітшілік  пен  адамзат  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстардың  түсінігі  мен  мәні.  Осы 

қылмыстармен күресудің қазіргі жағдайдағы мәні. 

Аталған  тарауға  тоғыз  қылмыс  құрамы  енгізілген.  Олардың  қатарындағы  алты  қылмыс  құрамы 

ұлттық заң шығарушы органға жаңалық болып отыр: басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру 

немесе жүргізу (ҚК, 156-б), жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК, 158-б), соғыс жүргізудің 

тыйым  салынған  құралдары  мен  әдістерін  қолдану  (ҚК,  159-б),

3

  геноцид  (ҚК,160-б),  экоцид  (ҚК,  161-б) 



және халықаралық қорғау аясындағы адамдарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау (ҚК, 163-б),

4

 ал қалған үш 



қылмыс құрамы Қаз ССР 1959 ж. ҚК-де бұрыннан белгілі: соғысқа үгіт насихат жүргізу (57-б), жалдамалық 

                                                           

 

 


 

10 


(62-2б),  әлеуметтік,  ұлттық,  рулық,  нәсілдік  немесе  діни  араздықты  қоздыру  (60-б).  Аталған  баптар  жаңа 

Қылмыстық кодексте жаңартылған түрде белгіленген. 

Бейбітшілік  пен  адамзат  қауіпсіздігі,  яғни  мемлекеттердің  және  халықтың  өмір  сүруін  немесе 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  ететін  халықаралық  құқық  нормаларын  және  халықаралық  әлемнің  бейбіт  өмірін 

сақтаудағы қоғамдық қарым-қатынас аталған жаңа тараудың тектік объектісі болып табылады. 

Бейбітшілік  пен  адамзат  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстардың  көпшілігінің    қылмыс  құрамы  жалпы 

формальды болып келеді. 

Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың субъектісі  – 16 жасқа толған, есі дұрыс 

адам танылады. Кейбір қылмыстар құрамында арнайы субъектілерді қамтиды: мемлекеттік жауапты қызмет 

атқарып  отырған  лауазымды  адам  (ҚК,  157-б.2-бөлігі),  өзінің  қызмет  бабын  пайдалана  отырып,  адам  не 

қоғамдық бірлестіктің жетекшісі жасауы (ҚК, 164-б. 2-бөлігі) және т.б. 

Заң  әдебиеттерінен  аталған  қылмыс  топтарының  тікелей  объектісіне  байланысты  әр  түрлі 

топтастыруды  кездестіруге  болады.  Бұл  топтастыруды  (классификациялау)  шартты  деп  айтуға  болады, 

себебі оқу мақсатында аталған түсіндірмелерді оңай игеруіміз үшін жасалынады. 

Бейбітшілік  пен  адамзат  қауіпсіздігіне  қарсы  қылмыстарды  былайша  төмендегідей  топтастыруға 

болады: 


 1.  Бейбітшілікке  қарсы  қылмыстар:  басқыншылық  соғысты  жоспарлау,  әзірлеу,  тұтандыру  немесе  жүргізу 

(ҚК,156-бап);  басқыншылық  соғысты  тұтандыруға  насихат  жүргізу  және  жария  түрде  шақыру  (ҚК,157-б), 

жаппай қырып-жою қаруын өндіру немесе тарату (ҚК,158-б); 

2. Әскери қылмыстар: соғыс жүргізудің тыйым салынған құралдары мен әдістерін қолдану (ҚК,159-б); 

3. Адамзатқа қарсы қылмыстар: геноцид (ҚК,160-б), экоцид (ҚК,161-б); 

4. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы басқа да қылмыстар:  

а) қарулы қақтығыстарды реттейтін құқықтық қағидаларға қарсы қылмыстар; жалдамалылық (ҚК,162-б);  

б)    халықаралық  қорғау  аясындағы  адамдар  мен  ұйымдардың  құқықпен  реттелетін  қағидаларына  қол 

сұғатын қылмыстар;  халықаралық қорғау аясындағы  адамдарға  немесе  ұйымдарға  шабуыл жасау (ҚК,163-

б);  


в)  ұлттық,  рулық,  нәсілдік  немесе  діни  араздықтың  қозуына  тыйым  салатын  халықаралық  құқыққа  қарсы 

қылмыстар, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру (ҚК,164-б). 



Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзірлеу, тұтандыру немесе жүргізу.  

Қылмыстың  тікелей  объектісі  болып  –  бейбітшілік  пен  мемлекеттердің  бейбіт  өмірін  қорғайтын  қарым-

қатынастар танылады. 

Қылмыстың объективтік жағын үш қоғамға қауіпті әрекет құрайды: 

1)

 

басқыншылық соғысты жоспарлау; 



2)

 

әзірлеу; 



3)

 

тұтандыру. 



Басқыншылық  соғысты  жоспарлау  болып  –  әскери  қимылдарды  бастау  және  оны  жүргізу  үшін  жоспарды 

өңдеуі, дайындауы табылады.  

Басқыншылық соғысты әзірлеу  – басқыншылық соғысты тұтандыру немесе  жүргізу жоспарын қамтамасыз 

етуге арналған әрекеттер. 

Басқыншылық соғысты тұтандыру – соғысты бастау үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыру болып табылады.  

Қарастырылып  отырған  қылмыс  созылмалы  қыл-мыс  болып  танылады,  себебі  оның  құрамы  үздіксіз 

жасалып  отырады.  Созылмалы  қылмыс  әрекет  басталған  сәтінен  ескерілініп  кінәлінің  қылмысты  аяқтауға 

бағытталған әрекетімен (агрессияны не соғыс қимылдарын тоқтатуы) немесе қылмыстың аяқталуына кедергі 

болған мән-жайлардың болуы (мысалы, агрессордың құлауы) арқылы аяқталынады. 

ҚК  156-бабында  көзделген  қылмыстың  құрамы  –  формальды.  Қылмыс,  қылмыстық-құқықтық  норманың 

диспозициясында көрсетілген әрекетті жүзеге асырған сә-тінен аяқталған болып саналады. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  тікелей  қасақаналық.  Кінәлі  соғысқа  дайындалу,  жоспарлау  немесе 

әзірлеу, тұтандыру сияқты әрекеттерді ұғынып оның қауіпті зардаптары болуын тілейді. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған есі дұрыс адам. Арнайы субъектісі болып, соғысты тұтандыру мен 

тоқтату мәселесін шешетін жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адам. 

ҚК 156-бабының 2-бөлігі, аталған қылмыстың дәрежеленген құрамы бойынша жауаптылықты белгілейді. 



Жаппай  қырып-жою  қаруын  өндіру  немесе  тарату.  Қылмыстың  объективтік  жағы  мына  әрекеттердің 

біреуінің болуымен сипатталады: 

а)  кез  келген  жолмен  (қолдан  жасау,  лабораториялық,  заводта)  жаппай  зақым  келтіретін  қару  өндіру, 

өндрудің барлық сатылары

б)  жаппай  қырып-жою  қаруын  сатып  алу,  яғни  иелену,  айырбастау,  сыйға  тарту,  тонау  т.б.  әрекеттер 

нәтижесінде мұндай қарудың қожайынына айналуы; 

в)  жаппай  қырып-жою  қаруын  өткізу,  қылмыс  затын  қайтарымды  не  қайтарымсыз  түрде  басқа  біреудің 

иелігіне беру (сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.). 

Аталған қылмыстың құрамы формальды. Қылмыс аяқталған болып халықаралық шартпен тыйым салынған 

жаппай қырып-жою қаруын өндіру, сатып алу немесе өткізу сәтінен ескерілінеді. 

Қазақстан  Республикасының  халықаралық  келісім  шарты  –  шет  мемлекеттермен  ҚР  халықаралық  келісімі 

арқылы  жазбаша  түрдегі  халықаралық  құқықпен  реттелетін  бір  немесе  бірнеше  өзара  байланысты 



 

11 


құжаттарда  қамтылған,  яғни  нақты  атауларының  болуына  байланысты  емес  халықаралық  келісім  болып 

табылады. 

Сонымен  қатар  аталған  қылмыстық  құқықтық  нормаларды  қолдану,  тек  ҚР  жоғарыда  аталған 

конвенцияларға қол қойғанынан кейін қолданыла алады, 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  тікелей  қасақаналық.  Кінәлі  әрекеттің  қоғамға  қауіпті  екендігін  сезіне 

отырып, оның болуын тілейді. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам. 

Геноцид. Экоцид. 

Қылмыстың  тікелей  объектісі  болып,  ұлттық,  этникалық,  нәсілдік  немесе  діни  топтардың  қалыпты 

өмір сүруін қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар танылады. 

Геноцидтің жәбірленушілері болып жекеленген, яғни аталған топтардың ішіндегі жоюға бағытталған 

топта-ры аталады. 

Қылмыстың  объективті  жағы,  яғни  ұлттық,  этникалық,  нәсілдік  немесе  діни  топты  толық  немесе 

ішінара жоюға бағытталған арнайы әрекеттерден тұрады: 

- осы топтың мүшелерін өлтіру; 

- олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру; 

- бала тууға күшпен бөгет жасау; 

- балаларды мәжбүрлеп біреуге беру; 

- күшпен көшіру не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызуы 

әрекеттері. 

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық.  

Қылмыстың  субъектісі  –  қандай  да  болмасын  16  жасқа  толған  есі  дұрыс  адам.  14-16  жас 

аралығындағы  қылмыс  жасаған  адамдар  геноцид  үшін  емес,  яғни  нақты  жасаған  қылмыстары  үшін  – 

қасақана кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруі немесе 14 жастан бас-тап жауаптылық пайда 

болатын осы сияқты қылмыстар үшін жауаптылыққа тартылады (ҚК 15-б. Талдануын қараңыз).      



Экоцид.  Бұл қылмыс құрамы осы аталған тараудың көпшілігінің бірі ретінде ұлттық заңшығарушылар үшін 

жаңалық болып отыр. 

Экоцид, яғни "табиғатты өлтіру" деген мағынаны білдіреді. Бүкіл тіршілікті жою деген "биоцидтпен" 

тектес болып келеді. Экоцидтің болуы өсімдіктерді, қоршаған ортаны, адамзатқа, олардың өміріне аса қауіп 

төндірумен сипатталады. 

Экоцид – бұл орны толмас зардаптар тигізетін, қоршаған ортаға, адамзаттың өмір сүруі үшін қажетті 

табиғаттың  зардап  шегуі  не  әсер  ететін  қылмыстық  (дұшпандық)  әрекеттер.  Экоцид  халықаралық 

қылмыстардың бірі ретінде көптеген заңгерлермен талқыланды. 

Экоцидтің  қоғамға  қауіптілігі  –  табиғи  қоршаған  ортаға  зиян  келтіріле  отырып,  оның  салдарынан 

экологиялық  тепетеңдіктің  бұзылуы,  табиғи  объектілердің  зардап  шегуімен  қатар  сол  арқылы  адамның 

денсаулығы мен өміріне, олардың генетикалық өзгерістерге ұшырауына әкеп соқтырады. 

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей немесе жанама қасақаналықпен сипатталады.  

Субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам. 

 Жалдамалылық. Осы қылмыстың түрлері. 

Қылмыстың тікелей объектісі қарулы  қақтығыстардың құқықтық реттелу қағидаларының сақталуын 

қамтамасыз ететін қоғамдық қарым-қатынастар. 

Қылмыстың  объективтік  жағы  Қылмыстық  кодекстің  162-бабының  1-бөлігі  диспозициясында 

көрсетілген мына нысандардың бірінде жасалынған әрекеттерден құралады: 

а) азғырып көндіру; 

б) оқытып-үйрету; 

в) қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету; 

г) қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдалану. 

Қылмыс аяқталған болып, ҚК 162-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекеттердің біреуінің жасалуымен 

саналады. 

Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық. Кінәлі адам, әрекетінің қоғамға қауіпті екенін 

ұғынып, оның зардаптарының болуын тілейді. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам. 

1.  Мемлекеттік  опасыздық  (165-б.).  Осы  қылмыстың  тәсілдері,  түрлері  және  субъектісі.  Берілген  қылмыс 

үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары. 

2.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  өміріне  қол  сұғу  (167-б.).  Осы  қылмыстың  түсінігі  мен  түрлері. 

Оның қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы.  

3. Шпиондық (166-б.). Оның мемлекеттік опасыздықтан йырмашылығы. 

4. Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру (168-б.). Қарулы бүлік (169-б.). 

5. Диверсия (171-б.). Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-б.). Осы қылмыстың түрлері және 

оның мемлекеттік опасыздықтан айырмашылығы. 

6. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту (173-б.). 


 

12 


157-бап.  Басқыншылық  соғысты  тұтандыруға    насихат  жүргізу  және  жария  түрде  шақыру. 

Қылмыстың  тікелей  объектісі  болып  мемлекеттердің  бейбіт  өмірін  қорғаудағы  және  бейбітшілікті 

қамтамасыз ету жолындағы қоғамдық қарым-қатынастары табылды. 

Қылмыстың объективтік жағының белгілеріне: 

1) басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу; 

2) басқыншылық соғысты тұтандыруға жария түрде шақыруы жатады. 

Қылмыстың  субъективтік  жағы  тікелей  қасақана-лықпен  сипатталады.  Қылмыстың  субъектісі  –  аталған 

баптың 1-ші бөлігі бойынша, 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс адам. 

ҚК 157-бабының 2-бөлігі қылмыс құрамының дәрежеленуші белгісі түрінде, бұқаралық ақпарат құралдарын 

пайдаланып жасалған не мемлекеттік жауапты қызмет атқарып жүрген лауазымды адам жасаған нақ сол әре-

кеттерді қамтиды. 

Бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалану  дегеніміз,  басқыншылық  соғысты  тұтандыруға  насихат  жүргізу 

және жария түрде шақыруға баспасөз, радио, теледидарды қолдануы арқылы жүзеге асыруы. 

Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдардың түсінігі ҚК 307-бабы ескертуінде белгіленген. 

 

тақырып . Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар 



1.  Мемлекеттік  опасыздық  (165-б.).  Осы  қылмыстың  тәсілдері,  түрлері  және  субъектісі.  Берілген  қылмыс 

үшін қылмыстық жауаптылықтан босату шарттары. 

2. ҚР Президентінің өміріне қол сұғу (167-б.). Оның қасақана кісі өлтіруден айырмашылығы. 

3. Шпиондық (166-б.). Оның мемлекеттік опасыздықтан айырмашылығы. 

4. Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күштеп ұстап тұру (168-б.). Қарулы бүлік (169-б.). 

5. Диверсия (171-б.). Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу, жария ету (172-б.). Осы қылмыстың түрлері және 

оның мемлекеттік опасыздықтан айырмашылығы. 

6. Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды, заттарды жоғалту (173-б.). 

Мемлекеттік  опасыздық.  Осы  қылмыстың  тәсілдері,  түрлері  әне  субъектісі.  Берілген  қылмыс  үшін 

қылмыстық  жауаптылықтан  босату  шарттары.  Мемлекеттік  опасыздықтың  тікелей  объектісі  –  Қазақстан 

Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігі. 

Қылмыстың заты – мемлекеттік немесе әскери құпия болып табылатын мәліметтер немесе шетелдік 

барлаудың тапсырмасы бойынша жиналып, Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігі 

нұқсан келтіретіндей етіп пайдалануы мүмкін басқа да мәліметтер. 

Мемлекеттік  опасыздықтың  объективтік  жағы  төменде  көрсетілген  іс-әрекеттердің  кез  келген  түрімен 

сипатталады: 

1) соғыс немесе қарулы жанжал кезінде жау жағына өту

2) шпиондық жасау; 

3) мемлекеттік құпияларды жатқа беру; 

4)Қазақстан Республикасына қарсы дұшпандық әрекет;  

5) шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне басқадай жәрдемдесу. 

Мемлекеттік опасыздықтың субъективтік жағы тек тікелей қасақаналықпен сипатталады. 

 Мемлекеттік  опасыздықтың  субъектісі  –  тек  Қазақстан  Республикасының  16  жасқа  толған  азаматы 

ғана болуы мүмкін.  

Екінші  сұрақты  талқылау:  ҚР  Президентінің  өміріне  қарсы  қастандық  жасау.  Оның  қасақана  кісі 

өлтіруден айырмашылығы. Осы қылмыстың тікелей объектісі – Қазақстан Республикасының саяси 

жүйесі  ғана  емес,  сонымен  бірге  ҚР  Президентінің  өмірі  мен  денсаулығы  да  болып  табылады 

(соңғысы қосымша объект). 

Бұл  қылмыстың  объективтік  жағы  осы  қылмысқа  сәйкес  келетін  тұлғаның  өміріне  қарсы  жасалған 

қастандық болып табылады. 

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс тұлға болып табылады. 

Жәбірленуші тек қана Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. 

Үшінші  сұрақты  талқылау:  Шпиондық  жасау.  Оның  мемлекеттік  опасыздықтан  айырмашылығы.  Бұл 

қылмыстың тікелей объектісі мемлекеттік опасыздық кезіндегідей. 

Қылмыс  затының  ерекшеліктері,  жасалатын  іс-әрекеттердің  көлемі  мен  сипаты,  сондай-ақ  шетелдік 

барлаумен  байланыстың  бар  немесе  жоқ  екені  шпиондық  жасаудың  екі  түрін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік 

береді. 


Шпиондық  жасаудың  бірінші  түрі  –  мемлекеттік    құпияларды  құрайтын  мәліметтерді  шетелдік 

мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру мақсатымен жинауға, ұрлауға, беруге немесе 

сақтауға  байланысты,  шетелдік  мемлекеттің  тапсырмасы  бойынша,  сондай-ақ  өз  ынтасымен  іс-әрекеттер 

жасау. 


Мемлекеттік  құпияларды  құрайтын,  бапта  аталған  мәліметтерді  беру  дегеніміз  –  оларды  шетелдік 

мемлекетке немесе оның өкіліне хабарлау. Оны кез келген әдіспен (ауызша, жазбаша, техникалық байланыс 

каналдары арқылы, жасырын қуыстар көмегімен және т.б.) жүзеге асыруға болады. 

Мәселен,  ұрлық  жасау  жолымен  мәліметтер  жинаудың  тыйып  тасталған  әрекеті  қылмыс  жасауға  оқтал-

ғандық болып табылады. 


 

13 


Шпиондық  жасаудың  бірінші  түрінің  субъективтік  жағы  –  мемлекеттік  құпияларды  құрайтын 

мәліметтерді  шетелдік  мемлекетке,  шетелдік  ұйымға  не  олардың  өкілдеріне  беруде  арнайы  мақсаттың 

болуымен және тікелей қасақаналықпен сипатталады.  

Шпиондық жасаудың субъектісі  16 жасқа  толған, ақыл-есі дұрыс шетелдік азамат  немесе  азаматтығы  жоқ 

адам  болуы  мүмкін.  Осы  қылмыстың  мемлекеттік  опасыздықтан  айырмашылығы  қылмыс  субъектісінде. 

Соңғысында ол Қазақстан Республикасының азаматы. 



Өкіметті күшпен басып алу немесе өкіметті күшпен ұстап тұру. Қарулы бүлік.  

Аталған қылмыстың тікелей объектісі  –  Қазақстан Республикасының саяси жүйесі болып табылады. 

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  "мемлекеттік  биліктің  бірден-бір  бастауы  –  халық,  ол  өзінің 

билігін тікелей Республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін 

жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді " деп анықтайды. 

Сондықтан  күшпен  басып  алу  немесе  өкіметті  күшпен  ұстап  тұру  кезінде,  өкіметтің  басты  бастауы 

болып  табылатын  халық  мүддесіне,  сондай-ақ  өкімет  өкілеттілігін  жүзеге  асырушы  жеке  және  заңды 

тұлғаларға тікелей шығын келтіреді. 

Берілген қылмыстың объективтік жағын: 

а) өкіметті күшпен басып алуға; 

б) Қазақстан Республикасының Конституциясын бұзып өкіметті күшпен ұстап тұруға; 

в)  Қазақстан  Республикасының  Конституциялық  құрылысын  күшпен  өзгертуге  бағытталған  іс-

әрекеттер құрайды. 

Қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен және арнайы мақсатпен сипатталады.  

Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған ақыл-есі дұрыс тұлға болып табылады.  

 

Бесінші  сұрақты  талқылау:  Диверсия.  Мемлекеттік  құпияларды  заңсыз  алу,  жария  ету.  Осы 



қылмыстың  түрлері  және  оның  мемлекеттік  опасыздықтан  айырмашылығы.  Бұл  қылмыстың  тікелей 

объектісі – Қазақстан Рес-публикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілеттілігі болып табылады. 

Диверсияның объективтік жағы келесі іс-әрекеттер нысанында жасалынады: 

1.Адамдарды жаппай қырып жоюға, олардың денсаулығына зиян келтіруге бағытталған жарылыс жасау, өрт 

қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау

2.  Кәсіпорындарды,  құрылыстарды,  қатынас  жолдары  мен  құралдарын,  байланыс  құралдарын,  халықтың 

тіршілігін  қамтамасыз ету объектілерін қиратуға  немесе  зақымдауға  бағытталған  жарылыс  жасау, өрт қою 

немесе өзге де іс-әрекеттер жасау; 

3. Жаппай улау; 

4. Эпидемиялар тарату; 

5. Эпизоотиялар тарату; 

Субъективтік жағының міндетті белгісі арнайы мақсат, яғни Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі 

мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру болып табылады. 

Диверсияның субъектісі – ақыл-есі дұрыс 16 жасқа толған кез-келген тұлға болады. 



Мемлекеттік  құпияларды    заңсыз  алу,  жария  ету.  Аталған  қылмыстың  тікелей  объектісі  –  мемлекеттік 

құпияны сақтауды қамтамасыз ететін заңмен белгіленген қоғамдық қатынас болып табылады. 

Қылмыстың заты болып мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтер танылады. 

Объективтік жағы – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді жинау. Бұл мына төмендегідей 

заңсыз әдістерді жасау арқылы жүзеге асырылады: 

Осы баптың 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстың объективтік жағы келесі белгілермен сипатталады: 

1) құпиялылық тәртібі белгіленген ережелерді бұзу; 

2) мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметтерді жария ету; 

3)көрсетілген мәліметтерді, онымен танысуға құқығы жоқ бөтен тұлғаның міндетті қабылдануы; 

Қылмыс  субъектісі  –  арнайы,  яғни  мемлекеттік  құпия  сеніп  тапсырылған  немесе  қызметі  немесе 

жұмысы бойынша белгілі болған, 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс тұлға. 

Мемлекеттік  құпиялары  бар  құжаттарды,  заттарды  жоғалту.  Аталған  қылмыстың  тікелей  объектісі  – 

мемлекеттік құпияны жария етудің объектісімен сәйкес келеді. 

Қылмыстың  заты  –  мемлекеттік  құпиясы  бар  құжаттар  мен  мемлекеттік  құпияны  құрайтын 

мәліметтер, заттар болып табылады. 

Қылмыстың объективтік жағы мынадай белгілермен сипатталады: 

а)  әрекет  не  әрекетсіздік  (мемлекеттік  құпиясы  бар  құжаттармен,  мемлекеттік  құпияны  құрайтын 

заттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзу); 

б) зардап (осы құжаттарды және бұйымдарды жоғалту және ауыр зардаптың түсуі); 

в) көрсетілген іс-әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) және зардаптың арасындағы себепті байланыс

Қылмыстың  субъективтік  жағы  –  кінәнің  абайсыздық  нысанымен  сипатталады  (қылмыстық 

менмендік немесе қылмыстық немқұрайдылық түрі. 

Қылмыс  субъектісі  –  жасы  16  жасқа  толған  ақыл-есі  дұрыс,  мемлекеттік  құпияға  тиісті  жасалған 

рұқсаты бар тұлға болып табылады. 

  

6-тақырып. Меншікке қарсы қылмыстар  



 

14 


1.  Меншікке  қарсы  қылмыстардың  түсінігі  мен  түрлері.  Құқық  қорғау  органдарының  меншікке  қарсы 

қылмыстарда  кінәлі адамдарды алдын алуындағы, анықтауындағы, тергеуіндегі жане жазалауындағы ролі. 

2.  Талан-таражға  салудың  (ұрлаудың)  түсінігі,  белгілері  және  нысандары.  Ұрлық  (175-б.).  Ұрлықтың 

түрлері. 

3. Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету (176-б.). Осы қылмыстың түрлері.  

4. Алаяқтық (177-б.). Алаяқтықтың түрлері. 

5. Тонау (178-б.). Тонаудың түрлері. Тонаудың ұрлықтан айырмашылығы. 

6. Қарақшылық (179-б.). Қарақшылықтың түрлері. 



Меншікке қарсы қылмыстардың түсінігі мен түрлері. Құқық қорғау органдарының меншікке қарсы 

қылмыстарда  кінәлі  адамдарды  алдын  алуындағы,  анықтауындағы,  тергеуіндегі  және 

жазалауындағы ролі.  

Бөтен  мүлікті  ұрлаудың  мәнін  түсіну  үшін  қылмыстың  объектісін  дұрыс  анықтаудың  маңызы  зор.  Бұл 

мәселенің шешімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы 

жалпы ережеге негізделуі тиіс. 

Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы 

жүзеге асыру.  

Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру 

мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда – кіріс, өсім түрінде, жеміс – өнім сипатында болуы мүмкін.  

Билік ету құқығы дегеніміз – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР 

АК-нің 188-бабының 2-бөлігі).  

Объективтік  жағынан  алғанда  меншікке  қарсы  қылмысты  заң  шығарушы  қылмыстың  материалдық 

құрамы бойынша қарастырған.  

Меншікке  қарсы  жасалған  кейбір  қылмыстарда  құрамның  объективтік  жағының  міндетті  түрдегі 

элементі  қылмыс  жасаудың  тәсілі  (күш  қолданып  немесе  қолданбай,  жасырын  немесе  ашық)  болып 

табылады.  

Меншікке  қарсы  қылмыстардың  субъектісі  заңда  белгіленген  жасқа  жеткен,  есі  дұрыс  адам  бола 

алады, яғни қылмыс субъектісі жалпы.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет