289-бап. Жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу
Қылмыстың объектісі болып – жануарлар дүниесінің қауіпсіздігін қорғаудағы экологиялық қарым-
қатынастардың қалыпты қызмет атқаруы танылады.
Қылмыстың объективтік жағы – өндірістік процестерді қорғау құралдарын, минералдық
тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезінде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық
шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесін қорғау ережелерінің
бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесінің жаппай жойылуы немесе қырылуының ірі шығынға соқтыруы.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің екі нысанымен жасалынады.
Қылмыстың субъектісі болып – 16 жасқа толған ақыл есі дұрыс кез келген адам танылады, сонымен
қатар арнайы субъект болуы да мүмкін, яғни жануарлар дүниесін қорғау ережелерінің бұзылмауын
қадағалауға міндетті болып танылатын адамдар.
290-бап. Жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген
түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер
Қылмыстың объектісі – сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген Қазақстан Республикасының
Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді қорғаудағы қоғамдық қатынастары табылады.
Қылмыстың объективтік жағы болып – ҚР Қызыл кітабына енгізілген жануарлар мен өсімдіктердің
сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін немесе олар мекендейтін жерлерді заңсыз алу,
сатып алу, сату, сол сияқты жоюы табылады.
Қылмыс құрамы – материалды болып саналады. Жасалған қылмыстық әрекет пен түскен зардаптың
арасындағы себептік байланыс анықталуы қажет.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің қасақаналықтағы нысанымен сипатталады. Демек, кінәлі
адам аталған әрекеттердің қоғамға қауіпті екендігін ұғынып оның жасалуына тілейді және оған саналы
түрде жол береді.
Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам болуы мүмкін.
291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу
Қылмыстың объектісі болып – орманды тиімді пайдаланудағы немесе сол сияқты қоршаған ортаның
кейбір жеке бөлігін аялаудағы қоғамдық қарым-қатынастары танылады.
Қылмыстың заты болып – ағаштар немесе бұталары, ағашқа тән өсімдіктері табылады.
Қылмыстың объективтік жағы – барлық топтағы ормандарды ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ
орман қорына кірмейтін немесе кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты
өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулі зиян келтірсе деп анықталады.
Қылмыс құрамы – материалды болып табылады. Баптың диспозициясы бланкетті және оны
қолдануымыз үшін басқа да нормативті актілерге сүйенуіміз қажет (мысалы, 23 қаңтар 1993 жылғы ҚР
Орман кодексі және т.б.).
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық болып табылады. Қылмыстың субъектісі – 16
жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
ҚК 291-бабы 2-бөлігі, қылмыстың жауаптылықтың дәрежеленген құрамы ретінде мынадай белгілерді
құрайды:
а) әлденеше рет; б) адам өзінің қызмет бабын пайдаланып; в) ірі көлемде жасалса.
292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
Қылмыстың объектісі болып – ормандардың жойылуы немесе зақымдануын қорғаудағы экологиялық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қарым-қатынастары табылады. Қылмыстың заты болып – ормандар және
орман қорына кірмейтін екпе ағаштар, бұталар танылады.
Қылмыстың объективтік жағы – ҚК 292-бабы 1-бөлігінде көрсеткендей, отты ұқыпсыз қолдану
салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды жою немесе зақымдауы болып
анықталады.
Қылмыс аяқталған болып, ормандарды жою немесе зақымдануы сәтінен ескерілінеді. Қылмыс
құрамы – материалды. Қоғамға қауіпті әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс
анықталуы қажет.
30
Қылмыстың субъективтік жағы – абайсыздық нысанымен сипатталады.
Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
ҚК 292-бабы 2-бөлігі, ормандарды сол сияқты орман қорына кірмейтін екпе ағаштарды өрттеу, өзге
де жалпы қауіпті әдіспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау
салдарынан қасақана жою немесе зақымдауы үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді.
Аталған бөліктің субъективтік жағы кінәліктің қасақаналық нысанымен сипатталады. Қылмыстың
жасалу себептері мен мақсаты қылмысты дәрежелеуде ескерілмейді, бірақ сотпен жаза тағайындауда есепке
алынады.
Қылмыстың субъектісі – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам.
286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу
Қылмыстың объектісі болып – адамның жер қойнауын қорғау және пайдалану немесе тиімді
атқаруындағы пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастары танылады.
Қылмыстың объективтік жағы – кен өндіру кәсіпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндіруге
байланысты емес жер асты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану
ережелерін бұзу сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетінше құрылыс салу, едәуір зиян
келтіруімен ұштасуы белгілермен айқындалады.
Аталған әрекет пен түскен зардаптың арасындағы себептік байланыс анықталуы қажет.
Қылмыс аяқталған болып, зардаптың түсуі кезеңінен бастап ескерілінеді.
Қылмыстың субъективтік жағы – кінәнің екі нысанымен немесе абайсыздықта жасалуымен
сипатталады.
Қылмыстың субъектісі болып – 16 жасқа толған, есі дұрыс қандай да болмасын адам танылады.
ҚК 286-бабы 2-бөлігінде, дәрежеленген қылмыс құрамы ретінде жер қойнауын пайдаланудың барлық
сатыларында жалпы экономикалық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер жануарлар мен өсімдіктер
дүниесінің жаппай құрып кетуіне, мемлекетке ірі көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келтіруі
үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.
Тақырып . Көліктегі қылмыстар
1.Көліктегі қылмыстардың түсінігі олармен қазіргі кезеңдегі көліктегі қылмыстармен
күресудің қылмыстық-құқықтық мәні.
2.Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу (295-б.).
3.Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін
бұзу (296-б.).
4.Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу (297-б.).
5.Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз ету (299-б.).
Көліктегі қылмыстардың түсінігі және олармен қазіргі жағдайдағы күресудің қылмыстық-
құқықтық мәні.
Механикалық көлік құралдарын (темір жол, су, әуе және автомобиль) пайдалану мен қозғалыс
қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындаға қоғамдық қатынастар Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексінің 12-ші тарауына кіргізілген қылмыстардың топтық объектісі болып табылады.
Көліктегі қылмыстардың объективті жағы әрекет немесе әрекетсіздік, қоғамға қауіпті зардаптар және
олардың арасындағы себепті байланыс (ҚК 295-бап, 304-баптың 2 және 3-бөлімдері, 305-баптың 2-бөлімі)
сияқты міндетті белгілердің болуымен сипатталады, яғни құрылымы жағынан материалдық болып келеді.
Талқыланатын баптардың кейбіреулері формальды үлгіде тұжырымдалған, оған ҚК 304, 305, 306-
баптарының 1-бөлімдерін жатқызуға болады.
Көліктегі қылмыстар туралы баптардың диспозициялары, негізінен, бланкетті сипатта болып келеді.
Заңның бұл шешімі темір жол, су, әуе және автомобиль көлігі ұдайы жетілдіріп отыратындықтан, көліктің
бұл түрлерін пайдалану мен қозғалыс қауіпсіздігінің тиісті, қылмыстық заңның реттеуші күшімен кезінде
қамтылмаған, ережелерінің де сөзсіз өзгеріске ұшырайтындығынан туындайды. Сондықтан ғылыми-
техникалық прогрестің дамуы жағдайында қоғамдық қатынастардың аталған тобын қылмыстық-құқықтық
тұрғыдан тиімді түрде қамтамасыз ету бланкетті диспозициялары бар нормалардың болуымен тікелей
байланысты.
Субъективті жағынан алғанда, көліктегі жасалатын қылмыстардың басым көпшілігі қылмыстық
менмендік немесе қылмыстық немқұрайлық түрі ретіндегі абайсыз кінә ретінде сипатталады. Бұл
қылмыстардың кейбіреулері (ҚК 297, 306-баптары және 305-баптың 1-бөлімі) тек қасақана жасалуы мүмкін.
Талқыланушы іс-әрекеттердің субъектілері ретінде, ҚК-тің жауаптылықты 14-жастан бастап
жүктейтін 299-шы бабынан басқа жағдайларда, ақыл-есі дұрыс, 16-жасқа толған кез келген жеке тұлғалар
таныла алады. Көліктегі қылмыстардың бірқатарының субъекті (ҚК 295, 302, 305, 306-баптары және 298-
баптың 1-бөлімі) – арнайы субъект болуы мүмкін. Көліктегі қылмыстарды екі топқа жіктеуге болады:
1. Көлік құралдарын пайдалану және қауіпсіздігі ережелерін бұзумен тікелей байланысты қылмыстар.
Бұлардың қатарына ҚК-нің 295-298, 300, 302, 306-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар
жатады.
31
2. Көлік құралдарын пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуымен байланысы жоқ
қылмыстар. Бұл қатарға ҚК-тің 299, 301, 303-305-баптары арқылы жауаптылық көзделген қылмыстар
жатады.
Темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу
Механикалық нақты бір көлік құралдары қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз
ету аясындағы қоғамдық қатынастар қарастырылып отырған қылмыстың объектісі болып табылады.
Бұл қылмыстың объективті жағы үш міндетті белгілердің болуымен сипатталады, атап айтқанда:
а) темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін
бұзудан тұратын әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік);
б) заңда көрсетілген қылмысты зардаптар;
в) аталған әрекет пен (іс-әрекет немесе әрекетсіздік пен) орын алған зардаптардың арасындағы
себепті байланыс.
Қылмыстың құрамы – материалдық үлгіде қарастырылған, сондықтан ол заңда аталған қоғамға
қауіпті зардаптардың орын алуы кезінен бастап аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Бұл қылмыстың субъективті жағы қылмысты немқұрайлық немесе қылмысты менмендік түріндегі
абайсыз жасалған кінәнің болуымен сипатталады.
Орындайтын жұмысы немесе атқаратын қызметіне байланысты темір жол, әуе немесе су көлігі
қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін сақтауға міндетті, 16 жасқа толған, ақыл-есі
дұрыс жеке тұлға ҚР ҚК-нің 295-бабымен көзделетін қылмыстың суъектісі болуы мүмкін.
Ал жеке тұлғалар мен әскери қызметкерлер осы қарастырып отырған қылмыстың субъектісі бола
алмайды. Тиісті жағдайларда олар ҚР ҚК-нің 300, 392, 393-баптары бойынша жауаптылыққа тартылады.
ҚК-тің 295-бабының 2- бөлігінде абайсызда кісі өліміне әкеп соққан темір жол, әуе немесе су көлігі
қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзғандық үшін жауаптылық белгіленген.
ҚР ҚК 295-бабының 3-бөлігінде абайсызда екі немесе одан көп адамдардың өліміне әкеп соққан осы
баптын 1- бөлігінде көзделген әрекет үшін жауаптылық белгіленген.
ҚР ҚК 295-бабының 4- бөлігінде осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет, егер ол осы баптың
бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да, олардың
тууына көрнеу қауіп төндіргені үшін жауаптылық қарастырылған.
Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану
ережелерін бұзуы
ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыстың объектісі ретінде нақты бір механикалық көлік
құралдарының қозғалысы мен оны пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық
қатынастарды түсіну керек.
Объективті жағынан ҚК-тің 296-бабында көзделген қылмыс үш міндетті белгілердің болуымен
сипатталады:
а) жол қозғалысымен көлік құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылуы;
б) заңда көзделген зиянды зардаптардың болуы;
в) аталған ережелерді бұзу мен сол ереже бұзушылықтың нәтижесінде орын алған зиянды
зардаптардың арасындағы себепті байланыстың болуы.
ҚК 296-бабының диспозициясы бланкетті болып табылады және қылмыстың белгілерін анықтау үшін
қозғалысқа қатысушылардың барлығының құқықтары мен міндеттерін ажыратушы негізгі нормативті акт –
Жол қозғалысы ережелеріне сілтеме жасайды.
Бұл қылмыстың құрамы – материалды үлгіде құрастырылған, яғни жауаптылық айыптының жол
қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуынан зиянды зардаптар орын алған жағдайда
ғана болуы мүмкін.
ҚК-тің 296-бабымен көзделген қылмыс субъективті жағынан кінәнің абайсызда жасалған түрінің
болуымен сипатталады, ал ол қылмысты менмендік немесе қылмысты немқұрайдылық арқылы білінеді.
Заңда көрсетілген зиянды зардаптардың орын алуына әкеп соқтырған, жол қозғалысы немесе көлік
құралдарын пайдалану ережелерін абайсызда қылмысты түрде бұзған, 16 жасқа толған жеке тұлға ҚК-тің
296-бабымен көзделген қылмыстың субъектісі бола алады.
ҚК-тің 296-бабының 2 және 3-бөліктерінде көзделген бағалаушы белгілердің мазмұны ҚР ҚК 295-
бабының 2 және 3-бөліктерінде көзделгенмен бірдей.
Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу
Нақты механикалық көлік құралдарының қозғалысы мен пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету
аясындағы қоғамдық қатынастар – қарастырылушы қылмыстың объектісі болып табылады.
Жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы – қосымша объект.
ҚК-тің 296-бабында көрсетілген зиянды зардаптардың орын алуы және осы зардаптар мен көлік
оқиғасы болған орынды тастап кетудің арасындағы себепті байланыс талқыланушы іс-әрекеттің объективті
жағының қажетті, әрі міндетті белгілері болып табылады.
Жәбірленушіге басқа тұлғалардың көмек көрсете алуы мүмкін болған жерлерде жүргізушінің оны
қауіпті жағдайда тастап кетуі оны ҚК 297-бабы бойынша жауаптылықтан босатпайды. Алайда, егер
жәбірленушінің өлімі қылмыстың жасалу сәтінде бірден орын алса, мұндай жағдайларда аталған бап
қолданыла алмайды.
32
Қылмыс материалды құрамдас және ҚК 296-бабында көрсетілген зиянды зардаптардың орын алуы
сәтінен бастап аяқталған қылмыс болып есептеледі.
Қылмыстың субъективті жағы – кінәнің қасақана түрінің болуымен сипатталады. Айыпты жол-көлік
оқиғасының нәтижесінде зардап шегушіге саналы түрде көмек көрсетпейді, зиянды зардаптардың болу
мүмкіндігі алдын ала біледі, олардың орын алуына жол береді немесе соны қалайды.
ҚР ҚК 296-бабының диспозициясы мен ескертуінде көрсетілген көлік құралдарын жүргізуші, 16
жасқа толған тұлға талқыланушы қылмыстың субъектісі болып табылады.
Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру.
Қылмыстың құрамы – материалды және аталған әрекеттерді жасағаны үшін айыпты тұлғаларды
жауаптылыққа тарту үшін зиянды зардаптар орын алуы қажет.
Талданушы баптың ескертуінде көрсетілгендей азаматқа айлық есептік көрсеткіштен жүз еседен асып
түсетін мөлшерде келтірілген залал, не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасалған кезде Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асып түсетін мөлшерде
келтірілген залал, ірі көлемдегі залал деп танылады.
ҚК-тің 299-бабы бойынша жауаптылық туралы мәселені шешу үшін, сонымен қатар, көлікті
пайдалануға жарамсыз күйге келтірілген әрекеттер осыдан туындаған зардаптардың арасындағы себепті
байланыс анықталуы тиіс.
Жолаушы вагондарының терезесінің шынысын сындыру немесе вагонның ішіндегілерді қирату не за-
қымдау талқылап отырған іс-әрекеттің құрамына жатады. Мұндай жағдайларда жауаптылық ҚК-тің 187-
бабы бойынша қарастырылады (”Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру”).
Қылмыстың субъективті жағы – кінәнің аралас түрінің болуымен сипатталады. Бұл қылмыстың
субъектісі – іс-әрекетті жасау сәтіне 14 жасқа толған, ақыл-есі дұрыс, кез келген жеке тұлға болып
табылады. Және де оның көлік жұмысшысы болу-болмауының маңызы жоқ.
ҚК 299-бабының 2 және 3-бөліктерінде қылмыстың бағаланған (абайсызда адам өліміне әкеп соғу)
және ерекше бағаланған (абайсызда екі не одан көп адамның өліміне әкеп соғу) құрамдары үшін
жауаптылық көзделген.
298-бап. Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға
шығару, мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу
Бұл қылмыстың объективті жағы төмендегі белгілерден тұрады:
а) көлік құралдарын, қатынас жолдарын, белгі беру немесе байланыс құралдарын немесе басқа да
көлік құралын сапасыз жөндеу;
б) көлік құралдарының күйіне жауапты тұлғаның техникалық ақауы бар көлік құралын көпе-көрінеу
пайдалануға шығаруы;
в) қоғамға қауіпті зардаптар;
г) олардың арасындағы себепті байланыс.
Қарастырылушы қылмыстың субъективті жағы – кінәнің абайсыз түрінің болуымен сипатталады.
Көлік құралын, қатынас жолдарын, дыбыс беру немесе байланыс құралдарын немесе басқа көлік
құралын жөндеуші 16 жасқа толған тұлға – бұл қылмыстың субъектісі болып табылады.
Көлік құралы иесінің немесе иеленушісінің алкоголдік, есірткілік немесе өзге мастық күйдегі
адамдарды көлік құралдарын жүргізуге жібергені үшін, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр немесе
орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса ҚК-тің 298-бабының 2-бөлімімен жауаптылық көзделген.
ҚК 298-бабымен көзделген бұл қылмыс – материалдық құрамдар қатарына жатады. Бұл нормада
көрсетілген қоғамға қауіпті зардаптардың кез келгенінің орын алуы қылмыстық жауаптылыққа ұшырытады.
ҚК-тің 298-бабының 3, 4-бөлімдерінде көзделген белгілер ҚК-тің 296-бабының 2 және 3-бөлімдерінде
көзделген белгілермен бірдей.
300-бап. Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз
ететін ережелерді бұзу
Бұл талқыланатын қылмыстың объектісі – нақты көлік құралдары қозғалысы мен оларды пайдалану
қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Ал, жәбірленушілердің
өмірі мен денсаулығы қосымша объект болып келеді.
Объективті жағынан алғанда қылмыс жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа
қатысушысының (ҚК-тің 295, 296-баптарында көрсетілген тұлғалардан басқа) жол қозғалысы қауіпсіздігі
немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуымен, заңда көрсетілген зиянды зардаптардың орын
алуымен және олардың арасындағы себепті байланыстың болуымен сипатталады. ҚК-тің 300-бабымен темір
жол, су, әуе, автомобиль көліктерінде, сол сияқты арба көлігінде жіберілген тиісті ережелердің бұзылулары
қамтылады. ҚК-тің 300-бабының бланкетті диспозициясы қылмыстың белгілерін анықтау үшін көлік
құралдары қозғалатын немесе көліктің тиісті түрлерін пайдаланатын жерлерде жолаушылардың, жаяу
адамдардың және жол қозғалысының басқа қатысушыларының (ҚК-тің 295, 296-баптарында көрсетілген
тұлғаларды қоспағанда) жүру тәртібін реттеуші арнайы ережелерге сілтейді.
Қылмыстың құрамы – материалды, ол заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың орын алу сәтінен
бастап аяқталған болып есептеледі.
Қылмыстың субъективті жағы – кінәнің абайсызда жасалған түрінің болуымен сипатталады.
Қарастырылушы қылмыстың субъектісі, баптың диспозициясында айтылғанындай, ҚК-тің 295, 296-бап-
33
тарында көрсетілген тұлғалардан басқа, 16 жасқа толған жолаушылар, жаяу адамдар және жол
қозғалысының басқа қатысушылары (велосипедшілер, мал айдаушылар, ар-ба көлігімен қозғалушы
тұлғалар, т.б.) болулары мүмкін.
Жәбірленушінің өліміне (ҚК, 300-бап, 2-бөлім), екі не одан да көп тұлғалардың өліміне (ҚК, 300-бап,
3- бөлім) әкеп соқтырған, көлік жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу – аталған іс-
әрекеттің бағаланған және ерекше бағаланған құрамдарын құрастырады.
302-бап. Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу
Қарастырылатын қылмыстың объектісі – нақты механикалық көлік құралдары қозғалысының және
оларды пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету аясындағы қоғамдық қатынастар болып табылады. Ал
қосымша объектісі – жәбірленушілердің өмірі мен денсаулығы немесе мүліктің сақталуы.
Қылмыстың объективті жағы үш түрлі міндетті белгілермен сипатталады:
а) көлікте қолданылатын тәртіп қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу;
б) қоғамға қауіпті зардаптар;
в) аталған ереже бұзушылықпен орын алған зиянды зардаптар арасында себепті байланыстың болуы.
Қылмыстың құрамы – материалды. Заңда көрсе-тілген зардаптар (ірі көлемде залал, орташа
ауырлықтағы дене зақымы) орын алу сәтінен бастап қана бұл әрекет аяқталған болып бағалана алады.
Қылмыстың объективті жағының белгілерін анық-тау кезінде жоғарыда аталған зардаптар дәл өлікте
қолда-нылатын тәртіп қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзудың нәтижесі болып табылуы тиіс,
яғни себепті байланыс болуы керек.
Қарастырылушы іс-әрекеттің субъективті жағы – кінәнің қасақана түрінің болуымен сипатталады.
Айыпты көлікте қолданылатын тәртіп қорғау мен қозғалыс қауіпсіздігінің ережелерін бұза отырып, қоғамға
қауіпті зардаптардың орын алуы мүмкін екендігін болжап біледі, бі-рақ оларға немқұрайдылықпен қарайды
(немқұрайдылықпен жасалған қылмыс).
ҚК-тің 302-бабымен көзделген қылмыстың объектісі – арнайы, яғни жол, құрылыс және басқа
ұйымдарда басқару мндеттерін атқарушы, сол сияқты, жол қозғалысын ұйымдастырушы тұлғалар.
ҚК-тің 302-баптың 2-бөлімінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырған тәртіп бұзушылық үшін
жауаптылық белгіленген.
ҚК-тің 302-бабында берілген мағынасы бойынша ауыр зардаптар деп жәбірленушінің денсаулығына
ауыр зиян келуін, бір не одан көп тұлғалардың өлімін, көлік құралдарының зақымданып немесе жойылуын,
көлік қозғалысының ұзақ уақытқа тоқтап қалуын түсіну керек.
306-бап. Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу
Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберіндегі қоғамдық қатынастар – қылмыстың объектісі болып
табылады.
Қарастырылушы қылмыстың объективті жағы –ұшуға берілген рұқсатта көрсетілген бағыттан,
берілген биіктіктен, әуе қақпаларынан ауытқуды білдіретін әрекеттің болуымен сипатталады. Шекараны
мерзімі ескірген рұқсатпен, қашық байланыс құралдарын сөндіріп тастап кесіп өту, т.б. ұшудың
халықаралық ережелерінің басқаша бұзылу түрлері ретінде белгілі.
ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлімімен көзделген іс-әрекет ұшудың халықаралық ережелерінің тиісті
тармақтарын бұзушы әрекеттің өзі жасалған сәттен бастап аяқталған болып есептеледі.
Субъективті жағынан алғанда бұл – тікелей немесе жанама ниет түріндегі қасақана қылмыс.
Әуе көлігінің экипаж мүшелері, ұшудың халықаралық ережелерінің сақталуы үшін жауапты тұлғалар
бұл қылмыстың субъектілері болуы мүмкін.
Аталған норманың 2-бөлімі бойынша тұлғаны жауаптылыққа тарту үшін адам өлімі немесе өзге ауыр
зардаптар түріндегі қоғамға қауіпті зардаптардың орын алуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |