Талданатын қылмыстың құрамы – ресми құжаттар, мөртаңбалар мен мөрлер.
ҚК 324-бабы 1-бөлігі азаматтың маңызды төлқұжатын ұрлау жауапкершілігін көздейді.
Ресми құжаттарды және мемлекеттік наградаларды сатып алу немесе өткізу қылмысынан бұл бапта
құқық берілетін немесе міндеттерінен босатылатын ресми құжаттар ғана емес кез келген ресми құжаттар
қаралады.
Қылмыстың объективтік жағы – кез келген балама әрекеттерді жасаумен: ұрлау, жою, бүлдіру немесе
жасырумен білдіріледі.
Объективтік жағынан қаралатын бұл қылмыс азаматтың маңызды құжаттарын түрлі тәсілмен
(жасырын, ашық, алдау жолымен және т.б.) ұрлап алумен білдіріледі. Егер мұндай жағдайда күш
қолданылса, онда жеке адамға қарсы тиісті бап бойынша қылмысты қосымша дәрежелеу қажет. Әрекет –
ұрланған сәттен аяқталады.
Субъективтік жағынан қаралатын талданатын қылмыс – азаматтық маңызды құжатын ұрлап алуға ба-
ғытталған тікелей ниеттің болғандығымен мөлшерленеді.
ҚК 324-бабы 2-бөлімімен пайдакүнемдік мақсатта немесе өзге де жеке бастың мүддесіне ресми
құжаттарды, мөртаңбаларды немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру жауапкершілігі
белгіленген.
Өзінше билік ету
Өзінше билік етудің тікелей объектісі болып –Қазақстан Республикасында жеке және заңды тұлғалар-
дың құқықтары мен мүдделерін жүзеге асыру және қорғау тәртібі табылады. Қосымша (факультативтік)
объект – бұл жеке және заңды тұлғалардың мүдделері.
Талданатын қылмыстың объективтік жағы – құқықтылығы ұйыммен немесе азаматпен талас
тудыратын белсенді әрекеттер жасаумен сипатталады. ҚК 327-бабы 2-бөлімі күш қолданумен немесе оны
қолданбақ балып қорқытумен жасалған, яғни өзінше билік етудің аса ауыр дәрежеленген түрін көздейді.
Тақырып 15. Сот төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмыстар
1. Көрінеу кінәсәз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту (344-б.).
2. Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату (345-б.).
3. Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау (346-б.).
4. Жауап беруге мәжбүр ету (347-б.).
5. Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару (350-б.).
6. Сот төрелігін жүзеге асыруға және алдын ала тергеу жүргізуге кедергі келтіру (339-б.)
Көрінеу кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту.
Қылмыстың тікелей объектісі – қылмыстық жауаптылыққа тарту құқығы берілген құқық қорғау
органдарының қалыпты қызметі. Екінші міндетті объект болып – жеке адамның мүдделері табылады.
Қылмыс қос объектілі болып табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағы – кінәсіз адамды көрінеу оған жеткілікті негіздерсіз қылмыстық
жауаптылыққа тартудан тұрады.
Қылмыс кінәсіз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы қаулыға айып таққан сәттен бастап
аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен жасалады. Қылмыс субъектісі – алдын ала
анықтау, алдын ала тергеу жүргізуші адамдар немесе прокурор.
Осы қылмыс құрамының дәрежелеуші түрі болып кінәсіз адамды ауыр немесе аса ауыр қылмыс
жасады деп айыптаумен ұштасқан қасақана қылмыстық жауаптылыққа тарту табылады (талданатын баптың
2-ші бөлігі).
Қылмыстық жауаптылықтан көрінеу заңсыз босату
Бұл қылмыстың объектісі – әділ сот мүдделері, алдын ала тергеу және прокуратура органдарының
қалыпты қызметі.
Қылмыстың объективтік жағы заңмен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілерін қамтитын
әрекет жасаған адам жеткілікті негіздерсіз қылмыстық жауаптылықтан босатылғандығымен
қорытындылады. Қылмыс құрамы – формальды.
Қылмыс қасақана әдейі, тікелей ниетпен жасалады.
Қаралатын қылмыстың субъектісі – арнайы заңда көрсетілгендей прокурор, тергеуші немесе алдын ала
анықтау жүргізген адам болып табылады.
Көрінеу заңсыз ұстау, қамауға алу немесе қамауда ұстау.
Тікелей объект – прокуратура, алдын ала анықтау, алдын ала тергеу органдарының қалыпты қызметі,
сондай-ақ азаматтардың құқығы.
Объективтік жағынан қылмыс:
а) заңсыз ұстау;
б) заңсыз қамауға алу,
в) заңсыз қамауда ұстау бейнесінде жасалады.
Қаралатын қылмыс созылмалы болып табылады және қылмыстың формальды құрамына
жатқызылады. Ол заңмен көзделген мерзім айып тағылмастан немесе мерзі-мін ұзартпастан адамды заңсыз
ұстаған қамауға алған және қамауда ұстаған сәттен аяқталған деп есептеледі.
39
Жауап беруге мәжбүр ету
Қаралатын қылмыс құрамының бір ерекшеліктері болып – оның қос объектілікке жататындығы
табылады. Негізі тікелей объектісі болып әділ сотты жүзеге асыру жөніндегі анықтау және алдын ала тергеу
органдарының заңды қызметі табылады. Күдіктінің, айыпкердің, куәнің, жәбірленушінің және сарапшының
мүдделері – қосымша объекті болып табылады.
Объективтік жағынан – қылмыс тергеуші немесе анықтауды жүргізуші адам тарапынан заңсыз, яғни
заң жол бермейтін әрекеттерді жасау жолымен қорытындыланады. Бұл жағдайда заңда мәжбүр ету тәсілдері
атап көрсетілген: қорқыту, бопсалау немесе өзге де заңсыз әрекеттерді қолдану.
Қылмыс жауап алушының өзіне қажеттті жауапты алған-алмағандығынан тәуелсіз осы аталған
тәсілдердің бірін қолданып мәжбүр еткен сәттен бастап аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақана жасалғандығымен сипатталады. Кінәлі өзінің
қорқыту жолымен немесе бопсалау жолымен алушыны жауап беруге, ал сарапшыны қорытынды беруге
мәжбүр ететінін жете түсінеді, және осыны қалайды.
Қылмыс субъектісі – арнайы, тергеуші немесе анықтауды жүргізетін адам.
Көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгедей сот актісін шығару
Қылмыс әділетсіз акт шығарған сәттен, яғни оған судья (судьялар қол қойған сәттен) оның күшіне
енген-енбегендігінен тәуелсіз хабарлау сәтінен бастап аяқталады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей ниетпен жасалады. Кінәлі адам әділетсіз сот актісін
шығарғанын жете түсінеді, және осыны жасауды қалайды. Қылмыс себебі (мотиві) әр түрлі: қызғаныш,
мансапқорлық, бас пайда табу және т.б.
Субъект – қасақана әділетсіз сот актісін шығарушы судья ғана.
Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге кедергі келтіру.
Қылмыстың объектісі болып – сот төрелігін жүзеге асыру жөнінде сот төрелігін, прокуратура, тергеу және
алдын ала анықтау органдарын қалыпты қызметі табылады.
Осы қылмыстың объективтік жағын жоғарыда аталған құқық қорғау органдарының қызметіне
араласу (қол сұғу) құрайды. Араласу әр түрлі болуы мүмкін: өтініш түрінде, талап ету, бопсалау, өзара
келісу, қандайда бір көмек көрсетуге уәде беру және т.б. Қылмыс – формальды құрамды қамтиды, қылмыс осы
аталған адамдардың қызметіне араласу сәтінен аяқталады.
Қылмыстың субъектісі болып – есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам табылады.
Субъективтік жағынан – қаралатын қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. келтіру.
Параға немесе коммерциялық сатып алуға арандату
Талданатын бап формальды құрамды қамтиды. қылмыс ақша, құнды қағаздар, өзгедей мүлікті берген
сәттен немесе мүліктік көмек көрсетуге тырысу әрекеті жасалған сәттен бастап, олар берілетін адамның
алған алмағандығынан немесе қызмет көрсетуді ол адамның қабылдаған-қабылдамағандығынан тәуелсіз
аяқталады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақана жасалғандығымен сипатталады. Кінәлі адам айыптау
дәлелдерін қолдан жасауға әрекет ететіндігін жете түсінеді, және осылай жасауды қалайды.
"Айғақтарды бұрмалау" ұғымы туралы ҚК 348-бабының "бопсалау" ұғымы туралы ҚК 347-бабын
қараңыз.
Қылмыстың субъектісі – есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам.
Адвокаттар мен өзге адамдардың азаматтарды қорғау және оларға заңгерлік көмек көрсету жөніндегі
заңды қызметіне кедергі жасау
Бұл қылмыстың объектісі – азаматтардың қорғалуын жүзеге асырушы, сондай-ақ, азаматтарға немесе
ұйымдарға, мекемелерге және кәсіпорындарға құқықтық көмек көрсетуші органдардың, мекемелердің
қалыпты қызметі.
Объективтік жағынан қылмыс мына әрекеттермен жасалады:
1) Адвокат пен өзге адамдардың қылмыстық процесте азаматтарды қорғау жөніндегі, сондай-ақ,
азаматтар немесе ұйымдарға құқықтық қызмет көрсету жөніндегі құқықтық қызметіне кедергі жасау;
2) Осындай қызметтің дербестігі мен тәуелсіздігін өзгедей бұзу.
Қылмыс азаматтық ұйымның, қоғамдық немесе мемлекеттердің құқықтары мен заңды мүдделеріне
елеулі зиян келтірілген сәттен аяқталады. Адамды қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, заңсыз айыптау,
азаматтық іс бойынша немесе әкімшілік материалдарды қарауға әділетсіз сот шешімін шығару елеулі зиян
келтіруге жатады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам адвокаттардың
немесе қылмыстық процесте азаматтарды қорғау жөніндегі өзге адамдардың заңды қызметіне кедергі
жасайтынын, осындай қызметтің дербестігі мен тәуелсіздігін бұзатынын жете түсінеді және осылай істеуді
қалайды.
Қылмыс субъектісі – есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам.
Сот тергеуін жүзеге асыруға немесе алдын ала тергеу жүргізуге байланысты қорқыту немесе күш
көрсету әрекеттері
Қылмыс объектісі – алдын ала тергеу, сот және прокуратура органдарының қалыпты қызметі: қылмыс
қос объектілі болып табылғандықтан қосымша объект болып – алдын ала тергеуді жүзеге асырушы адамдар
40
прокурордың, судьяның немесе қылмыстық не азаматтық іс бойынша процеске қатысушылардың
денсаулығы, сондай-ақ мүлкі табылады.
Қылмыстың объективтік жағы, алдын ала тергеу өндірісімен сотта істі немесе материалдарды қарауға
байланысты жәбірленушінің денсаулығына залал келтіру, оның мүлкін жоюға немесе зақым келтіру мен
өлтіремін деп қорқытумен білдіреді.
Қылмыс қаупі білдірілген сәттен бастап, оның мақсатына жеткен-жетпегендігінен тәуелсіз аяқталады.
Субъективтік жағынан – қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. Кінәлі адам өзінің қызмет
міндетін жүзеге асыруға байланысты жоғарыда аталған жәбірленушіге өлтіремін деп қорқытатынын,
денсаулығына зиян келтіретінін, мүмкін жойып жіберетінін жете түсінеді және оларға қасақаналық ықпал
жасауды қалайды.
Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, есі дұрыс жеке адам.
ҚК-тің қаралатын бабының екінші бөлімі бірінші бөлімінен қорқыту кімге қолданылатынымен
ерекшеленеді. Психикалық күш қолдану, өзінің сипаты бойынша, жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына
қауіпті болып табылмаса, ҚК-тің осы бабының 3-ші бөлімі қолданылады,мысалы, кінәлі адам жәбірленушіге
өлтіремін деп немесе ауыр зиян келтіремін деп қорқытады.
Судьяға, прокурорға, тергеушіге, алдын ала анықтауды жүргізуші адамға, сот приставына, сот атқару-
шысына қатысты жала жабу
Қаралатын құрамның тікелей объектісі – әділ сот органы ретінде соттың беделі, сондай-ақ, судьяның,
прокурордың, тергеушінің, анықтау жүргізуші адамның, сот приставының, сот орындаушысының ар-
ожданы, қадір-қасиеті.
Объективтік белгілері бойынша жала жабу аталған адамдардың ар-ожданын, қадір-қасиетін
датталатын немесе олардың беделін түсіретін қасақана жалған мәліметтер таратудан тұрады.
Қаралынып отырған қылмыс түрі – формальды және кемінде бөгде бір адамға жалған мәліметтер
хабарлау сәттен аяқталады.
ҚК 343-бабының 1-бөлімі бойынша жәбірленуші– судья, ал 2-бөлімі бойынша – прокурор, тергеуші,
анықтауды жүргізген адам, сот приставы, сот орындаушысы болады.
Судьяға және қылмыстық процеске қатысушы-ларға қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы
мәліметтер жариялау.
Қылмыстың объектісі – әділ сотты жүргізудегі сот органдарының қалыпты жұмысы, сондай-ақ,
қылмыстық процеске қатысушылардың және олардың жақындарының қауіпсіздігі. Осылайша қылмыс қос
объектілі болады.
Объективтік жағы –судьяға және қылмыстық процеске қатысушыларға қатысты қолданылатын
қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтерді жариялаумен қорытындалады.
Субъективтік жағынан – бұл қылмыс қасақаналық ниетпен жасалады. ҚК-тің талданатын бабының 2-
бөлімінде дәрежеленуші белгі ретінде ауыр зардаптардың келтірілуі көрсетіледі. Оған кісі өлтіру,
қорғалатын адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруді жатқызуға болады.
Айғақтарды бұрмалау
Тікелей объекті – соттың қалыпты қызметі, екіншісі – жеке адам. Бұл қылмыс істің қаралуы немесе
тергелуі немен аяқталғанынан тәуелсіз айғақтарды бұрмаланған сәттен аяқталады.
Қаралатын баптың 1-бөлімі – азаматтық істер жөніндегі айғақтарды бұрмаланғаны үшін
жауаптылықты, ал 2-бөлім – қылмыстық істе айғақтарды бұрмалағандық үшін жауаптылықты көздейді, 3-
бөлім бойынша – қылмыстық іс бойынша да, азаматтық іс бойынша да (егер ауыр зардаптар пайда болса)
айғақтарды бұрмалағандық үшін жауаптылық туады.
ҚК 348-бабының 2-бөлімі бойынша – анықтау жүргізген адамдар, тергеуші, прокурор, іс жүргізу
әрекеттеріне қатысушы маманның немесе қорғаушы, соның ішінде, қоғамдық қорғаушы да қылмыстың
субъектісі болады.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс тікелей қасақана ниетпен жасалады. Адам дәлелдерді қасақана
бұрмаламайтындығын саналы түсінеді және осылай жасауды қалайды. Бұл қылмыстың себебі (мотиві): бас
пайдасын көздейді, кек алушылық және т.б. Олар дәрежелеуге әсер етпейді, бірақ жаза тағайындауда
ескеріледі.
1-бөлім бойынша – қылмыстың субъектісі болып азаматтық іске қатысушы адам не оның өкілі
табылады.
ҚК 348-бабының 3-бөлімінде көрсетілген қылмыстың дәрежеленуші белгілері болып – ауыр немесе
ерекше ауыр қылмыс туралы іс бойынша дәлелдерді қайта жасау немесе дәлелдерді бұрмалау нәтижесінде
азаматтық іс бойынша да, қылмыстық іс бойынша да ауыр зардаптардың тууы табылады. ҚК 10-бабында
ауыр және ерекше ауыр қылмыстардың белгілері баяндалады.
Айғақтарды бұрмалау нәтижесінде ауыр зардаптардың тууы деп бас бостандығынан айыру немесе
өлім жазасына, денсаулығына ауыр зиян келтіруге байланысты шаралары қылмыстық іс бойынша заңсыз
айыптау түсіндіріледі.
Жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге, не қате аударуға сатып
алу, не мәжбүр ету. Қылмыстың тікелей объектісі–құқық қорғау органдарының қалыпты қызметі, екінші
объект адамның басы жеке (мәжбүр еткен жағдайда).
41
Объективтік жағынан – бұл қылмыс:
1) куәні немесе жәбірленушіні жалған жауап беру мақсатында сатып алумен;
2) қате аударуды жүзеге асырғаны үшін аудармашыны сатып алумен;
3) куәні немесе жәбірленушіні жалған жауап беруге мәжбүр етумен;
4) жалған қорытынды беру мақсатында сарапшыны мәжбүр етумен;
5) аудармашыны қате аударуды жүзеге асыруға мәжбүр етумен;
6) аталған адамдарды жауап беруден бұлтаруға мәжбүр етумен білдіреді.
Субъективтік жағынан қаралатын қылмыс – тікелей қасақаналық ниетпен жасалады болады. Кінәлі
адам әділ сот органдарына көмек көрсететін адамдарды жалған жауап беруге (жалған қорытынды, қате
аударма немесе жауап беруден жалтаруға көндіруге әрекет ететінін жете түсінеді, және осындай әрекетке
баруды қалайды.
Қылмыс субъектісі – жасы 16-ға толған, кез келген есі дұрыс адам.
Хатталған немесе иелік етуге тыйым салынған не тәркілеуге жататын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттер
Қылмыстың тікелей объектісі–құқық қорғау органдарының үкімді орындау және мүлікті тәркілеу
жөніндегі қалыпты жұмысы.
ҚК-тің осы талданатын бабының 1-бөлімінің объективтік жағы – хатталған, тыйым салынған немесе
иелік етуге шектеу қойылған мүлікті осы мүлік сеніп берілген адамның ысырап етуі, иеліктен шығаруы,
жасырып қалуы немесе заңсыз беруі, сол сияқты несие ұйымдары қызметкерінің тыйым салынған, не
жұмсау операциялары тоқтатылып қойылған ақша қаражатымен (салымдармен) банк операцияларының
жүзеге асыруы сипатталады.
ҚК-тің осы бабының 2-бөлімі соттың үкімі бойынша тәркілеуге жататын мүлікті жасырып қалу
немесе иемденіп кету, сол сияқты мүлікке тәркілеу туралы соттың заңды күшіне енген үкімін орындаудан
өзге де жалтарумен сипатталады.
Қылмыс – тікелей ниетпен жасалады. Кінәлі адам хатталған не пайдалануға тыйым салынған
мүлікпен заңсыз әрекеттер немесе ақша қаражатымен заңсыз банктік операциялар жасайтынын саналы
мойындайды, және осындай әрекеттерді жасауды қолдайды.
Қылмыс субъектісі – хатталған не пайдалануға тыйым салынған мүлік сеніп тапсырылған адам, не
немесе ұйымның (мысалы, банктің)қызметшісі.
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтару
Қылмыстың объективтік жағы – қысқа мерзімге шығуға рұқсат берілген айыпкердің жазасын өтеуден
онан әрі бұлтаруынан тұрады. Бұлтару – айыпкердің бас бостандығынан айыру орнына қайта оралмауы
немесе уақытында оралмауымен білдіреді.
Бұл қылмыс созылмалы қылмыстар қатарына жатады. Айыпкерге шығуға рұқсат етілген мерзімнің
аяқталуымен қылмыс аяқталған болып есептеледі. Айыпкердің кешігіп бас бостандығынан айыру орнына
оралуы елеусіздеу әрекет болып қаралуы мүмкін және ҚК 9-бабының 2-бөлімінің негізінде қылмыстық
жауаптылыққа тартылмайды.
Қаралатын қылмыстың субъективтік жағы – тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. Кінәлі адам бас
бостандығынан айыру орнындағы жазасын әрі қарай өтеуден жалтаратындығын саналы түрде мойындайды
және осылай жасауды қалайды.
Қылмыс субъектісі – арнайы. Жасы 16-ға толған, үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған адам
немесе сотталған жүкті әйел немесе жасөспірім балалары бар сотталған әйел қаралатын қылмыстың
субъектілері болады.
Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің талаптарына қасақана бағынбау
Қылмыстың объектісі – бас бостандығынан айыруға байланысты жазалардың орындалуын
қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметі.
Егер айыпкер әкімшілік талабын қандай да бір дәлелді себептермен орындай алмаса, сондай-ақ
әкімшіліктің заңсыз талаптарына бағынбауы құқық бұзушылық деп қаралмайды.
Қылмыс әкімшіліктің талаптарын орындаудан бас тартқан сәттен аяқталады, сондай-ақ қылмыс
формальды құрам санатына жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналық ниетпен жасалады. Кінәлі адам әкімшіліктің
заңды талаптарына бағынбайтынын жете түсінеді және осылай жасауды қалайды.
Қылмыс субъектісі – бас бостандығынан айыру түріндегі мекемеде қамауда жазасын өтеп жатқан
жасы 16-ға толған айыпкер.
Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекемелердің қалыпты қызметінің тәртібін бұзу
Бұл қылмыстың объектісі – айыпталушылардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп
жатқан мекемелердің қалыпты қызметі; сотталған мекемелердегі қызметкердің, сондай-ақ айыпталушының
жеке бастары қосымша объекті болып саналады.
Қылмыстың объективтік жағы:
1) бас бостандығынан айыру орнындағы қызметкерге қатысты күш қолданып қорқыту;
2) қамауда ұстау орнындағы қызметкерге қатысты күш қолданып қорқыту;
3) түзетілуіне кедергі жасау немесе оның қоғамдық міндеттері орындағы үшін кек алу мақсатында
айыпкерге қатысты күш қолданып қорқыту;
Осы аталған әрекеттердің бірі жасалған жағдайда қылмыстың объективтік жағының болғандығы.
42
Қылмыс күш қолданумен қорқыту жасалған сәттен бастап, кінәлі адамның алдына қойған мақсатына
жеткен жетпегендігінен тәуелсіз аяқталады.
Субъективтік жағынан – қылмыс тікелей ниетпен жасалады. Кінәлі адам өзі жазасын өтеп жатқан
немесе қамауда жатқан мекеменің қызметкеріне, сондай-ақ сотталған адамның түзетілуіне кедергі жасау
немесе оның қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін кек алу мақсатында күш қолданумен қорқытатынын
жете түсінеді және осындай әрекеттер жасауды қалайды.
Қылмыс субъектісі –жасы 16-ға толған, есі дұрыс адамдар.
Тақырып 16. Әскери қылмыстар
Әскери қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып – әскери қызметті өтудің бір немесе өзге
жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге
болады:
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қия-
нат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 367-бап); бастыққа қар-
сылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 368-бап); бастыққа қарсы күш
қолдану әрекеттері (ҚК 369-бап); бір-бірінің бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери
қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 370-бап); әскери
қызметшіге тіл тигізу (ҚК 371-бап);
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен
тастап кету (ҚК 372-бап); қашқындық (ҚК 373-бап); дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге
тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 374-бап);
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті
атқарудың ережесін бұзу (ҚК 375-бап); шекаралық қызмет атқару-дың ережесін бұзу (ҚК 376-бап); қарауыл
(вахта) қызметін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 377-бап); ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль
болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 378-бап); қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті
қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 379-бап);
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану
ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 382-бап);
әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап); әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе
бүлдіру (ҚК 388-бап); әскери мүлікті жоғалту (ҚК 389-бап); айналадағыларға қауіп туғызатын қару-
жарақты, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 390-бап); машиналарды жүргізу
немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 391-бап); ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу (ҚК 392-бап);
кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 393-бап);
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын
қылмыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 380-бап);
қызметке селқос қарау (ҚК 381-бап); жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 383-бап);
әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар
құжаттарды жоғалту (ҚК 386-бап);
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен
берілу (ҚК 384-бап); тонаушылық (ҚК 385-бап);
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде
(ҚК 369-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 371-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос
қарағанда (ҚК 381-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары – формальды (ҚК 373-бап), материалды
(ҚК 390-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 376-бап).
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана кінәмен сипатталады, мысалы: бөлімді
немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 372-бап), қашқындық (ҚК 373-бап), әскери мүлікті
қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 387-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар абайсыздықтан да
жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 388-бап). Бөлек қылмыстар
қасақана да, абайсыз да жасалынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
(ҚК 367-бап), жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 375-бап).
Бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау
Осы қылмыстың нақты объектісі болып – армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын
қамтамасыз ететін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі
зиян болуында және іс-әрекет және салдары араларындағы себепті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше
жарғыға, жоғары тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшыраған
жағдайларда зиян елеулі болып танылады.
Қылмыстың субъективтік жағы – тікелей немесе жанама арам ниет түріндегі қасақана кінәмен сипатталады.
Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын орындамағанын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі
мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе
саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына немқұрайды қарайды.
43
Қылмыс субъектісі арнайы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бұйрықты берген адамға
бағынышты болып келетін әскери қызметші немесе әскери міндетті адам.
ҚК 367-бабының 2-бөлігі адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен
(31-бапты қараңыз), осымен қатар ауыр салдары туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті
қарастырады.
Ауыр салдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету
бойынша шаралардың олқылығы жауынгершілік техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал
келтіру және с.с. түсініледі.
ҚК 367-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс
жағдайында немесе жауынгершілік жағдайларда жасау үшін қарастырады.
ҚК 367-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұйрықты қызметке салақ немесе арам ниетті қарау
себебінен орындамау үшін жауапкершілікті анықтайды.
Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету
ҚК 368-бабы жауаптылықты екі бөлек қылмыс үшін қаратылады:
1) бастыққа сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген әскери міндетті орындайтын өзге адамға
қарсылық көрсету немесе
2) оны осы міндеттерді бұздыруға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету.
Бірінші және екінші қылмыстың да объектісі болып – бағыныштылық тәртібі және әскери қызметшілері ара-
сындағы жарғылық қарым-қатынастар келеді.
Мәжбүрлеу – дене немесе психикалық зорлық (күш қолдану) арқылы жасалады.
Қаралатын қылмыстардың құрамы – формальды. Екі жағдайда да субъективтік жақ тікелей қасақаналықта
болады. Кінәлі бастыққа сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамға қарсылық білдіріп
тұрғанын немесе осы міндеттерін бұзуға мәжбүрлейтінін сезінеді, мәжбүрлеуін күш қолданумен түйістіреді
немесе оны қолданам деп қорқытады және осы әрекеттерді жасауды қалайды.
Субъект арнайы – ол ретінде бапта көрсетілген әрекеттерді жасайтын бастықтың қарауындағы әскери қыз-
метші болып келеді.
ҚК 368-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін төмендегідей жауапкершілікті қарастырады:
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету
Бұл қылмыстың объективтік жағы – ҚК 372-бабының 1-бөлігінде берілген, онда былай айтылған: "Шақыру
бойынша әскери қызмет өткеруші әскери қызметшілер жасаған бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен
тастап кету, сол сияқты бөлімнен босатылған кезде, тағайындау, ауыстыру кезінде іс сапардан, демалыстан
немесе емдеу мекемесінен қызметке екі тәуліктен ұзақ, бірақ он тәуліктен артық емес уақытқа дәлелді
себептерсіз мерзімінде келмеу".
Қылмыстың субъектісі – әскери қызметтегі шақыру бойынша өтіп жатқан әскери қызметші.
ҚК 372-бабының 3-бөлігі шақыру немесе келісім шарт бойынша әскери қызметшінің бөлім немесе қызмет
орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке он тәуліктен артық, бірақ бір айдан көп емес уақытқа
дәлелді себептерсіз мерзімінде келмеу үшін қарастырады.
Қылмыстың осы құрамының бұл баптың бірінші бөлімі қарастырған іс-әрекеттерден айырмашылығы – әске-
ри қызметшінің бөлімде болмауының әр түрлі мерзімдерінде болып келеді. Осымен қатар ҚК 372-бабының
3-бөлігі бойынша қылмыстың субъектісі болып тек қана шақыру бойынша емес, келісім-шарт бойынша да
қызмет атқаратын әскери қызметші келеді.
ҚК 372-бабының 4-бөлігі жауапкершілікті осы баптың үшінші бөлімімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін,
егер өз бетімен болмау бір айдан астам болса, сол сияқты жазасын тәртіптік әскери бөлімде өтеп жатқан
әскери қызметші жасаған дәл сондай іс-әрекеттер үшін егер өз бетімен болмау он тәуліктен асса орнатады.
ҚК 372-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті соғыс жағдайында жасалған осы баптың бірінші және екінші бө-
лімдерімен қарастырылған іс-әрекеттер үшін анықтайды, егер өз бетімен болмау бір тәуліктен асса.
ҚК 372-бабының 6-бөлігі ұзақтылығына қарамастан бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен ұрыс
жағдайында тастап кету үшін анықтайды.
Бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету, сол сияқты қызметке дәлелді себептерсіз келмеу бар-
лық реттерде әскери қызметті өтуден бас тарту мақсатын алып тастайды, осымен қашқындықтан
ерекшеленеді.
Қашқындық
Бұл қылмыс заңда әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету,
сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу болып анықталады (ҚК 373-бап).
Қашқындықтың объективтік жағы – әскери қызметшінің әскери бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен
тастап кетуден әлде әскери бөлімге (қызметке) демалыстан, іс сапардан, емдеу мекемесінен сол мақсатпен
келмеуде көрінеді. Қашқындық құрамы – формальды, созылмалы қылмыс болып келеді және әскери
қызметші бөлімнен шығып кеткенде, қызмет орнын тастап кеткенде, немесе белгіленген мерзімде
демалыстан, іс сапардан, емдеу мекемесінен оралмаған сәттен аяқталған болып есептеледі.
Оның қылмысты жағдайының тоқтатылуының басқа негіздері болып – оның кінәсін мойындап келуі немесе
оны билік органдарымен ұстау келеді.
Қашқындықтың субъективтік жағы – тікелей қасақаналықпен және әскери қызметтен жалтару арнайы мақ-
сатыменен сипатталады.
44
Қылмыстың субъектілері болып – шақыру бойынша әскери қызметті атқарушы әскери қызметшілер болады.
Осы қылмыстың дәрежеленген түрі ҚК 373-бабының 2-бөлігімен қарастырылған. Заң қызмет бойынша бе-
рілген қарумен, сол сияқты алдын ала келісу бойынша адамдардың тобымен немесе ұйымдасқан топпен
жасалынған қашқындық үшін қатаңдау жауапкершілікті қарастырады.
1959 жылғы ҚКСР ҚК бұл сипаттарды қарастырмаған еді. Жаңа ҚК бойынша егер әскери қызметші оған
қызметіне байланысты сеніліп берілген қарумен бірге қашып кетсе, оның әрекеттері толығынан ҚК 373-
бабының 2-бөлігімен қамтылады. Тек оған берілмеген қаруды ұрлаған ретте жауапкершілік қылмыстардың
жиынтығы үшін туындайды.
Адамдардың тобымен, алдын ала келісу бойынша жасалған қашқындық ұғымы 31-баптың 2-бөлігінің негі-
зінде ашылады, ал ұйымдасқан топпен жасалған қашқындық – осы кодекстің дәл осы бабы 3-бөлігінің
ережелері негізінде.
ҚК 373-бабының 3-бөлігі жауаптылықты соғыс уақытында немесе ұрыс жағдайда жасалынған дәл сол іс-
әрекет үшін орнатады.
Билікті теріс пайдалану, билікті асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі
Бұл қылмыстың нақты объектісі болып – әскери басқару органдарының әдеттегі қызметі және Қарулы Күш-
тердің мәртебесі келеді. Қосымша объект ретінде– жеке, қоғамдық немесе мемлекеттік мүдделер болады.
Қылмыстың объективтік жағы келесілерде көрінуі мүмкін:
1. Бастық немесе лауазымды адамның билігін немесе қызмет жағдайын теріс пайдалануында. Теріс пайдала-
ну ретінде аталған адамдармен олардың иемденетін қызмет жағдайының арқасында және қызмет
мүдделеріне қайшы жасалатын құқыққа қайшы әрекеттерін түсіну керек.
2. Билікті немесе қызмет өкілеттерін асыра қолдануда. Ол ретінде бастықпен немесе лауазымды адаммен
оларға заң бойынша, жарғылармен, бұйрықтармен берілген құқықтармен өкілеттіктерден айқын асатын әре-
кеттерді жасау танылады.
3. Биліктің әрекетсіздігі. Құрамының құрылымы бойынша қаралатын қылмыс – материалды болып келеді.
Сондықтан көрсетілген құқыққа қайшы әрекеттерден басқа елеулі зиян келтіру түріндегі қоғамға қауіпті
салдардың туындауы және туындаған салдар мен іс-әрекет араларындағы себепті байланыстың болуы қажет.
Қылмыстың субъективтік жағы – қасақана кінәмен сипатталады. Қасақаналық – тікелей немесе жанама да
болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |