2
БАС РЕДАКТОР
С.Ж. ПІРӘЛИЕВ
Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
Нуриев М.А. - Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры,
ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор, бас редактордың бірінші орын
басары;
Сейсенбаева Ж.А. Абай ат. КазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ
директорының орынбасары, ф.ғ.к., жауапты редактор;
Айдемір Окай - Ыстамбұл университетінің байланыс факультетінің деканы, профес
сор;
Әлмұхамбетов Б А. - Абай ат. КазҰПУ, көркем-сурет факультетінің деканы, пед.ғ.д.,
профессор;
Байсабаев Б.А. - ф.ғ.к., Ж.Баласагұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің доценті
Бейсенова Ә.С. - Абай ат. КазҰПУ-дың «География және экологиядан ғылыми-
әдістемелік орталығының» меңгерушісі, геогр.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА акедемигі;
Бөлеев Қ - Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және этнопе
дагогика» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Ғаббасов С. - жазушы, КСРО Денсаулық сақтау iсінің үздігі, медицина және педагогика
ғылымдарының докторы, профессор;
Есполов Т.И. – Қазақ ұлттық аграрлық университететінің ректоры, э.ғ.д., профессор,
ҚР ҰҒА академигі;
Исамидинов И.Ч. – Жүсіп Баласағұн ат. Қырғыз ұлттық университетінің ректоры,
пед.ғ.д., профессор;
Иманбаева С.Т. - Абай ат. КазҰПУ, «Ұлттық тәрбие және өзін-өзі тану» кафедрасының
меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Кирабаев С.С. - ф.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Мардахаев Л.В. - Ресей Мемлекеттік әлеуметтік университетінің «Әлеуметтік және от-
басы педагогикасы» кафедрасының меңгерушісі, пед.ғ.д., профессор;
Михайлова Н.Б. - пс.ғ.к., доцент, Халықаралық білім және ғылыми ақпараттандыру
орталығының директоры (Германия);
Молдабеков Ж.Ж. - филос.ғ.д., әл-Фараби ат. КазҰУ «Мәдени-антропология»
кафедрасының профессоры;
Мұтанов F.M. - әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ректоры, тех.ғ.д.,
профессор, ҚР ҰҒА құрметті мүшесі;
Нәрібаев К.Н. - ҚР ҰҒА қоғамдық және гуманитарлық бөлімше төрағасының орынба
сары, э.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі;
Нөкетаева Д.Ж. - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ректоры,
ед.ғ.к.;
Сманов Б.Ө. - аппарат жетекшісі, Абай ат. ҚазҰПУ профессоры, пед.ғ.д., ҚР ҰҒА
корреспондент-мүшесі, Халықаралық педагогикалық білім беру (Ресей) және Халықаралық
Айтматов (Қырғызстан) академияларының академигі;
Шаханова Р.Ә. - Абай ат. ҚазҰПУ-дың Магистратура және PhD докторантура
институтының филология мамандыктары кафедрасының меңгерушісі пед.ғ.д., профессор,
ХПБҒА мүше-корреспонденті.
3
ГЛАВНЫЙ РЕДАКТОР
С.Ж. ПРАЛИЕВ
Ректор КазНПУ имени Абая, доктор педагогических наук, профессор,
член-корреспондент НАН РК
СОСТАВ РЕДАКЦИОННОГО СОВЕТА:
Нуриев М.А. - директор НИИ по Формированию интеллектуальной нации КазНПУ им.
Абая, Заслуженный работник высшей школы РК, профессор, первый заместитель главного
редактора;
Сейсенбаева Ж.А. - зам. директора НИИ по Формированию интеллектуальной нации
КазНПУ им. Абая, к.ф.н., ответственный редактор;
Айдемир Окай - декан факультета связи университета Стамбул, профессор;
Альмухамбетов Б.А. - декан художественно-графического факультета КазНПУ им. Абая,
д.пед.н., профессор;
Байсабаев Б.А. - к.ф.н., доцент Кыргызского Национального университета им.
Ж.Баласагына;
Бейсенова А.С. - руководитель научно-методического центра по географии и экологии
КазНПУ им.Абая, д.пед.н., профессор, академик НАН РК;
Болеев К. - зав. кафедрой «Педагогика и этнопедагогика» Таразского государственного
педагогического института, д.пед.н., профессор; .
Габбасов С. - писатель, Заслуженный работник здравоохранения КСРО, доктор меди-
цинских и педагогических наук, профессор;
Есполов Т.И. - ректор Казахского национального аграрного университета, д.э.н., про-
фессор, академик НАН РК;
Исамидинов И.Ч. - ректор Кыргызского национального университета имени
Ж.Баласагына, д.пед.н., профессор;
Иманбаева СТ. - зав. кафедрой национального воспитания и самопознания КазНПУ им.
Абая, д.пед.н., профессор;
Кирабаев С.С. - д.ф.н., профессор, академик НАН РК;
Мардахаев Л.В. - заведующий кафедрой социальной и семейной педагогики Российско¬го
государственного социального университета, д.пед.н., профессор;
Михайлова Н.Б. - директор центра международного образования и научной информати
зации (Германия), к.пс.н., доцент;
Молдабеков Ж.Ж. - профессор кафедры культурной антропологии КазНУ им. Аль-
Фараби, д.филос.н.;
Мутанов Г.М. - ректор Казахского Национального университета имени аль-Фараби,
д.тех.н., профессор, почетный член НАН РК;
Нарибаев К.Н. - зам.председателя отделения общественных и гуманитарных наук НАН
РК, д.э.н., профессор, академик НАН РК;
Нукетаева Д.Ж. - ректор Казахского Государственного женского педагогического уни-
верситета, к.пед.н.;
Сманов Б.О. - руководитель аппарата Казахского национального педагогического универ
ситета имени Абая, д.пед.н., профессор КазНПУ имени Абая, член-корреспондент НАН РК,
академик Международной академии наук педагогического образования (Россия), Междуна
родной Айтматовской академии (Кыргызская Республика);
Шаханова Р.А. - завкафедрой филологических специальностей Института Магистрату-ры
и PhD докторантуры КазНПУ им. Абая, д.пед.н., профессор, член-корреспондент МАН-ПО.
4
EDITOR-IN-CHIEF
S.ZH. PRALIEV
the rector of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
corresponding-member of the NAS RK
EDITORIAL STAFF:
Nuriev M.A. - the director of scientific research institute of Intellectual Formation nation of
KazNPU named after Abai, the deserved worker of the higher school of the RK, the professor, first
deputy chief editor;
Seysenbaeva ZhA.-the deputy director of scientific research institute of Intellectual Formation
Nation of KazNPU named after Abai, the candidate of philological science, the managing editor;
Aydemir Okay - dean of the Faculty of Communications Istanbul University, the professor;
Almukhambetov B.A. - the dean of art-graphic faculty KazNPU named after Abai, the doctor
of pedagogical sciences, the professor, the academician of the National Knowledge Academy
named after YAltynsarina;
Baisabaev BA. - the candidate of philological science, the docent Kyrgyz National University
named by Zh. Balasagyn;
Beysenova A.S. - the chair of sud department «the scientifically-methodical centre on geography
and ecology» the doctor of pedagogical sciences, the professor, academician of the NAS RK;
Boleev K. - the university chair of "Pedagogics and ethnopedagogics" of Taraz State Pedagogical
Institute, the doctor of pedagogical science, professor;
Gabbasov C. - the writer, the deserved worker of public health services KSRO, the doctor of
medical and pedagogical sciences, the professor;
Espolov T.I. - the rector of Kazakh national agrarian university, the doctor of economical
sciences, the professor, the academician of the NAS RK;
Isamidinov I.Ch. - rektor of Kyrgyz National University named by Zh.Balasagyn, doctor of
pedagogical sciences;
Imanbaeva S.T - Head of the Department of "national education and samoponaniya" KazNPU
them. Abaya, the doctor of pedagogical sciences, the professor;
Kirabaev S.S. - the doctor of philology, the academician of the NAS RK;
Mardahaev L.V. - Head of the Department of Social and Family Pedagogy of the Russian State
Social University, doctor of pedagogical sciences, professor;
Mikhailova N.B. - Ph.D., Associate Professor, Director, Center for International Education and
Information Science (Germany);
Moldabekov Zh.Zh. - the academician of social academy, the academician of Academy
International acmyology, the doctor of philosophic sciences, the professor of the chair "Cultural
anthropology" of KazNU named after Al-Farabi;
Mutanov G.M. - the rector of the Kazakh National University named after Al-Farabi, the doctor
of technical science, the professor, honorary member of the NAS RK;
Naribaev K.N. - vice-chairman of separation of social and humanitarian sciences of NAS RK,
the doctor of economics, the professor, academician of the NAS RK;
Nuketaeva D.Zh. - rector of Kazakh State Female Pedagogical University, the candidate of
pedagogical sciences;
Smanov B.U. - head of the office of the Kazakh national pedagogical university of a name
of Abay, doctor of pedagogical sciences, professor KazNPU of a name of Abay, corresponding
member of National Academy of sciences of the Republic of Kazakhstan, academician of the
International academy of Sciences of pedagogical education (Russia), International Aytmatovsky
academy (Kyrgyz Republic);
Shahanova R.A-the university chair of philological specialties of PhD studies and magistracy
Institute of KazNPU named after Abai, the doctor of pedagogical sciences, the professor,
corresponding-member of the IASPE.
Меншік иeci: Абай атындағы Қазақ ұлттык педагогикалық университеті
Журнал Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінде 2010 жылдың
4-ші ақпанында тіркеліп, №10674-Ж куәлігі берілді.
© Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014
5
Өзім үшін емес, елім үшін толғанамын: бір басыма керекті қай күнде де табармын.
Халқыма керекті қалай табам, қайдан табам деп қам жеп жүру тек қана менің емес, әр
азаматтың ісі мен жадында болуы тиіс
Н.Ә.Назарбаев
«Садағаң кетейін, айналайын халқым!» Егемен Қазақстан газеті. 09.12.2013ж.
6
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘОЖ 37.01
М.А. Нуриев
Қазақстан Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер, профессор
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ директоры
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ – АДАМНЫҢ АЗБАЙТҰҒЫН АСЫЛДЫҒЫ!
Мақала ұрпақ тәрбиелеп, шәкірт даярлауда мәңгі нұрдың қызметшісі, тынымсыз лаулаған
жалын иесі – ұстаздың еңбегі жайлы жазылған. Сондай-ақ, академиктің ұстаздық болмысы
жан-жақты ашылып, жүріп өткен жолының жастарға берер өмірлік өнегесі, тағылымдық
мәні жайлы сөз етіледі. Ғалымның ұстаздық жолының тәлім-тәрбиелік қырларынан сыр
шертіп, ғылым мен білімге сіңірген еңбегінің өлшемі салмақталған.
Түйін сөздер: білім беру, тәлім-тәрбие, ұстаз, ғалым, ұлттық құндылық.
В данной статье представлен материал о важной роли учителя-наставника в воспитании
подрастающего поколения в соответствии с новыми требованиями государства и общества.
И его личностных качествах как человека общества, от которого зависит будущее нашей
страны, нравственно-этические трудности с которыми сталкивается в наше непростое время
учитель, а также слагаемые его успеха.
Ключевые слова: образование, воспитание, наставник, ученый, национальные ценности.
This article contains material about the important role of mentor teachers in the education of
the younger generation in accordance with the new requirements of the state and society. And
his personal qualities as a human society, on which depends the future of our country, moral and
ethical challenges faced in our difficult time teacher, as well as the terms of its success.
Keywords: education, educators, scientists, national values.
Жас ұрпақ тәрбиесі – адамзаттың мәңгілік
та қырыбы. Ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Көне шы ғыс
даналығында «Бір баланы адам етіп өсір ген-
ше, бір шаһар абат болады» деген тамаша
сөз бар. Осы салыстырудың өзі-ақ баланың
шын мәніндегі адам болып қалыптасуы қы-
руар уақыт пен тер төгетін зор ең-
бекті қажет ететін ауқымы кең, жа-
уапкершілігі мол жұмыс екенін ұқ-
тыр са керек.
Бұл
жөнінде
Елбасымыз
Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев та бі-
лім мен ғылымның екінші съезінде:
«Мұ ғалімдер қоғамның ең білімді,
ең отаншыл бөлігі болып табылады.
Сіз дер біздің балаларымызды өс-
і ріп, олардың ақыл-ойын же тіл ді-
ру десіздер. Олар үшін кейде ата-
ана ларына қарағанда сіздердің бе-
де л деріңіз үлкен. Жас ұрпақтың
бо лашақ азаматтық бағдары, олардың па-
трио тизмі, туған жерге деген махаббаты көп
ретте сіздерге байланысты» – деп, ұстаз мәр-
тебесінің қаншалықты биік екендігін, оның
қоғамда алатын орнын айрықша атап өт іп,
ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің сал ма-
ғын ек шелегендей.
7
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
Осындай жауапты жүкті бүгінде көшкен
кер уен соқпағы тәрізді бұлтарысы мен жа-
зы ғы жетіп артылатын тіршілік атты өмір
са парында, қара нардай талмай көтеріп келе
жа тқан, өз дәуірінің керуен басы, академик
Мәдиев Өскенбай Қабылбекұлын өзінің са-
на лы ғұмырын, алған білімін туған елінің
оқу-тәрбие, білім саласына арнап, халықтың
сәу лелі және жарқын болашағының көшін
тү зеуге бар жан-тәнін салып, өлшеусіз еңбек
ет іп келе жатқан ұлағатты ұстаз деп ауыз
тол тырып айтуға болады.
Мұғалім бар да, ұстаз бар. Мағыналас сөз
бо лып көрінгенмен, екеуі екі ауқымды қам ти-
тын ұғым. Мұғалімдік мамандықты бі тіріп,
педагогтық кәсіпке ие болған қа ра па йым мұ-
ға лім бар да, үлгілі де, озық шәкірт даярлап,
көп ке танылған, ел мойындаған ұстаз бар.
Ең негізгісі, осы екі ұғымды ұштастырып,
бі те қайнастырған жан – нағыз ұстаз, халық
мұ ғалімі дәрежесіне көтерілген адам болып
та былады. Халық мұғалімі – жас ұрпақтың
ру хани дүниесінің мүсіншісі, ол – өзінің ең
қымбаттысы, ең құндысы саналатын ба ла-
ларға өзінің үмітін артып, болашағын се ніп
тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса
ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмі рін
оқу-тәрбие ісіне арнаған тұрақты шы ғар-
машылықты талап етеді дейтін болсақ, бү кіл
саналы ғұмырын осындай ізгі жолға ба ғыт-
та ған тұлғаларымыздың қатары аз емес. Бір
өкі ніштісі, «Қолда бар алтынның қадірін»
ба ғалай алмайтын пенделік қасиетіміз – ең-
бегі алпыс атқа жүк болар ағартушы ға лым-
дарымызды елеусіз тасада қалдырып жа-
та ды. «Жақсының жақсылығын айт, нұры
та сысын» дегендей, білім және ғылым са ла-
сында атқарған жұмысы мен сіңірген ең бе гі-
не неге дер кезінде баға бермеске?
Олай болса, сондай жанның бірі, әрі бі ре-
ге йі – Өскенбай інім десем, артық айтқаным
бол мас. Өз тарапымнан Өскенбайдай аза мат-
тың еңбегін елеусіз қалдыру мен үшін мой-
нымдағы парыз тәрізді. Білгенің мен түй ге-
нің ді жұртпен бөліс деген әдемі даналық сөз
бар. Сол себепті де, Өскенбайдың ұстаздық
бол мысы жайлы сырлы ойыммен бөлісуді
жөн санадым.
Ұстаздық болмыс демекші, бұл жазбамда
інім нің ақыл-парасаты мен мейірім-ша па-
ғаты зерделі зерек, саналы сабырымен ас-
та сып, ортасынан ерекше даралап, елімізге
та нымал ардақты жан, дарынды ұстаз, те рең
білімді, білікті басшы деңгейіне кө те ріл ген-
ді гі жайында сөз қозғалмақ.
Мәдиев барлық сыңдарлы сын са ты -
ларынан өтіп, ұстаның төс-көрігінде пі-
сі рілгендей, сапырылысқан замана тол-
қындарымен, толастамас дәуір керуен де-
рімен қанаттаса, қабаттаса жүріп, ой ып
тұрып еншісін, төккен тер, сіңірген ең бе гі не
орай лайықталған сыбағасын алып, шың-
далып шыққан жан. Жүйрік уақыттың ұш-
қыр қанаты ғұмырының бір биік белесі ғұ-
ла ма жетпістің желкенді шыңына шықса да,
тыным-тыныштық, рахат іздейтін інім жоқ.
Жігіттік жігерімен құлшынып, қашан көр-
сең де қайнаған жұмыстың қарбаласында
жү реді. Өр мінезімен биік тұратын асқар па-
расат иесі жылдан жылға жасы ұлғайса да
ойлары бағзы бір жас қалпында тұрған, ша-
быты шау тартпай, еңбектен еңбекке есе лей
өскен, сілтер құлашы кең, әрқашан елі міз де
болып жатқан еңселі оқиғалардан шет қал-
май, ат жалын тартып мінген азамат.
Өскенбай жайлы айтылатын ойлардың бір
парасы оның көңіл толқытатын, қилы да қы-
зық жас дәурен шақтары қаншама ынтық ты-
ған, бауыр басқан туған жер топырағы, өзен-
кө лі, суат-бұлағы, балауса-құрағы атақоныс
– ал тын бесігіне қарай бастап апарады. Дара
тұл ғаның бойына дарыр көп қасиет осы ту-
ған өлкеден өрбісе керек. Қазақтың талай
бір асылда, абзал, кемеңгер тұлғаларын
әкел ген, төскейі төрт түлік малға, қойнауы
қа зынаға толы, қазы қаңқылдап, қонатын кө-
лі, табиғаты сұлу ең бір шұрайлы өңір – Оң-
түс тік Қазақстан облысы, Арыс қаласында
дү ниеге келген. Мәдиев тегі мен өскен ор-
та сы бір-біріне сай келген, өмірде өзінің
ор нын тапқан тұлға десек орынды болар.
Олай дейтінім, ол өскен орта, ағалары да,
на ғашылары да өнегесіне өсер ұрпағы сай,
Арыс жеріне танымал асыл текті ортадан.
Арыс тан баб, Қожа Ахмет Йассауи сынды
8
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ба ба үмітін арқалаған, текті рудың алтын
бау лы жібін үзбей, өзек етіп, жалғастырып
ке ле жатыр. Осындай қыран даласында ту-
ып-өскен және не бір атақты, ардақтылары
ту ралы естіп өскен оның бойында сол ірілер
мен даналарға, сол алыптар мен арыстарға
де ген құрметі мен ізеті, сүйіспеншілігі мен
іл типаты бала жастан-ақ қалыптасқан
Екеуміздің таныстығымыз Өскенбайдың
сту дент кезінен бастау алып, ал жақыннан
ара ласып, білісуіміз 1969 жылы Мос к ва
жеңіл өнеркәсіп институтының аспиран-
ту расының соңғы курсында оқып жүрген
жыл дардан басталды. Ол кезде Өскенбай ас-
пирантураның бірінші курсына түскен бо ла-
тын. Содан бері бір-бірімізге деген шынайы
сый ластық, сенім мен ықылас, құрметіміз
ке йін келе, аға-іні, жолдас-жора, әріптес бо-
лып, біте қайнасқан тығыз байланысқа әке-
ліп соқты. Сонда байқағаным, айтпасқа бол-
май тын Мәдиевтің ерекше қасиетінің бірі
ой ға жүйрік, сөзге шешендігі. Қазақ қоғамы
ежел ден «Сөз бастайтын шешен мен қол
бас тайтын батырдың» болуына айрықша
мән берумен келген ғой. Орынды сөз сөйлеп,
ұт ымды әрекет бастай алған, тіршілігі таза,
ең бегі адал, төрелігі әділ адамға көпшілік
қол дау көрсетіп, сенім артқан. Өскенбай
інім де халықтың осындай озық тұлғасы деп
мақтай аламын. Себебі, өз саласындағы өз-
ге жандардан ерекше бір қыры – тарих пен
әдебиетті, өнерді жетік білуі. Әлі күн ге де-
йінгі қазақ әдебиетінің нақыл мен өси ет ке
толы өлең, жыр, дастандарын, бата-ті лек-
терді жатқа соғуы – тарихымызды, ән ші-
лік, ақындық мектептерді, аңыздарды, салт-
дәстүрімізді өте жақсы игергендігін біл ді ре-
ді.
Әншілік, ақындық мектеп демекші, жан
дү ниесінің ең бір киелі, қасиетінің бірі –
«дың» еткізіп домбыра тартып, әлгі күйдің
ыр ғағына беріліп, көзін тарс жұмып алып,
ан да-санда «беу, дүние-ай» деп қойып, ен-
ді бірде екпіндеткен, дауылдатқан, ере уіл
күйлерге еліріп, отырған орнынан қо паң дап
түрегеп кете жаздайтын қал пын
талай көргенбіз. Күй – Өскенбай-
дың жүрек лүпілінің жазбасы, жа-
бырқаса мұңдасы, жадыраса сыр-
ла сы іспеттес. Домбыраға деген
құш тарлығы өмірімен бірге жасап
ке леді.
Әйгілі «Ерке сылқым» күйінің
ав то ры, ҚР еңбек сіңірген қайратке-
рі, «Па расат» және «Құрмет»
орден де рі нің иегері Әбдімомын
Желдібаев ұс тазынан бұл күндері
отыздан аса күй үйренген. Бірде ең
алғаш ол кісіден «Ерке сылқым»
күйін қалай үй ренгендігі жөнінде
айтқан еді. Москва да жүрген кезінде осы күй
жайлы ес тіп, бұл күйге әбден тәнті болып,
үйренуге құл шынысы артып, Желдібаевты
арнайы үйі не іздеп барған екен. Айналасы бір
са ғат тың ішінде, автордың төл туындысын
зор ықыласпен үйреніп алған көрінеді. Осы
сынды қазақтың күйлері жайлы айт қан да,
көзі шоқтай жанып, ағытылып, ше ші ліп сөй-
лейтін бір әдеті бар. Ол көбіне адам ның нә-
зік сезімін оятатын қасиетке ие шертпе күй-
ді ерекше жақсы көріп, өзі де жанып сүйіп
домбырада ойнайтын. Та ғы бір сүйіп тың-
дайтын күйінің бірі – Нұрғиса Тілендиев-
тің «Аққуы». Бұдан байқайтынымыз –
Өскенбай дың тек ғылым адамы емес екен ді-
гі, ұлттық төл туындылар мен рухани құн-
дылықтарға деген жанашырлығы мен ерек-
ше ма хаббаты! Күйден өзге, айтыс өнері,
жы раулық поэзия, би-шешендердің тіл құ-
9
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ді ретіне, пікір түйінділігіне, таңғажайып ой
толғағының әмбебап туындыларын қал дыр-
май қызыға оқып, қызу талқыға салып, өзін-
дік сын-пікірін ортаға тастап жіберуге жа ны
құмарлығы ойымызды толықтыра түс кен-
дей.
Бірде буырқанып-бұрсанып, қарасөздің
қа һарымен суырыла сөйлесе, бірде мейірле-
не ме кірене қалып, бүкіл жан әлемнің жылуы
мен шуағын тіл ұшынан төгілдіргенде ор-
да лы жыланға би билеткен шешендік, ал-
мас жырды ағыл-тегіл ағындатып, суы-
рып салма ақындық, тапқырлық сынды
ға жайып өнерді бір бойына тоғыстырған
Өскенбайдың тұлғасы даралана түспек.
Жи ренше шешен, Майлықожа, Есет пен
Кемпірбай, Жаңаберген жырау, Біржан мен
Сара айтысы, Кете Жүсіп туындыларын жа-
ны сүйіп қалай оқыса, отырған ортасында
сон шалықты машығына келтіріп, төгілдіре
жет кізе де алады.
Мұнымен айтпағым, оның арзанға ал дан-
ба ған адамшылық биігі, азаматтық мұраты,
әлеу меттік үні айқын, қазақ руханиятындағы
жа нашыр тұлғасы жастарға сабақ болатын
өне ге демекшімін.
Осындай рухани кенішін ғылым, біліммен
ұштастыру жағынан да, әсіре тілмен айтар
бол сақ, алдына жан салмай оза шапты.
Ақыл ға кен, сөзге дана халқымыз айтпақшы:
«Дү ниенің ең кереметі мен ғаламаты адам-
ның сауатты да, білімді болмақтығы! Бі лім-
дінің қол жеткізбейтін нәрсесі жоқ. Екі дү-
ниенің де жақсылығы ғылым-ілімде!» екен-
ді гін Өскенбай өзінің білімпаздығы және
қа жырлығы еңбегінің арқасында басшылық
қа білеті, кәсіби біліктілігі, кең ойлайтын кө-
регендігі, қайраты мен жігерлігі, жа ңа шыл-
дығы сынды тамаша қасиеттерімен дә ле л-
деді деп баса айта аламын.
Бұған 1971 жылдың желтоқсанында кан-
ди даттық дисcертациясын қорғағаннан ке-
йін, араға көп жыл салып, сағыздай созып
жү ріп алмай, 1980 жылы сол институтта
өзі нің тынбай ізденісінің арқасында, док -
торлық диссертациясын да қорғап алуы
дәлел бола алады. Оның ғылыми же тіс тік-
тері қазіргі заманда барлық әлемде был-
ғары өндіруде қолданылып отырған, бі рақ
қоршаған ортаға өте зиянды хром қо сы-
лыс тарын, зиянсыз алюминий, цир ко ний
жә не титан қосылыстарымен ал мас тыру
тех нологияларын ұсынды. Осы тех но ло-
гия лардың химиялық негіздемесін жа сап,
нәтижесінде былғары және үлбір тех но-
ло гиясында кешенді минералдық иле гіш-
терді қолдану деп аталатын жаңа ғы лы-
ми-практикалық бағыт ашты. Тері тех но-
ло гиясы тарихында тұңғыш рет тері ши кі-
за тын консервация жасауда қазіргі за ман да
қолданылып отырған, қоршаған ор та ға зи-
ян ды ас тұзын диаммоний фосфат ми не-
рал ды тыңайтқышымен алмастыруды ұсы-
нып, диаммоний фосфатты тері шикізатын
кон сервациялау технологияларын және осы
про цестердің химиялық негізін жасады.
Осы лайша, өмірде жеткен жетістіктерінің
бар лығына өз маңдай терімен, ынта-ни е ті-
мен қол жеткізе білді. Жеңіл өнеркәсіп тех-
нологиялары саласындағы Қазақстан мен
Орта Азиядағы алғашқы ғылым док то ры
атануы да кездейсоқтық емес, осы са лада
сіңірген еңбегінің өлшемдігі мен сал мақ ты-
ғы ның арқасында жетті.
Тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы
(ТМД), сон дай-ақ, алыс шетелдегі әріп тес-
те ріне белгілі ғалым ретінде Мәскеу жеңіл
өнер кәсібі технологиялық институтында
(МЖӨТИ-нда ғы) докторлық диссертация
қор ғалатын арнайы кеңестің көп жыл мү-
ше сі, диссертанттарға оппонент, олардың
ғы лыми жұмыстарына эксперт болып келуі
– елі міздің білім, ғылым саласына төккен
маң дай тері.
20- шы ғасырдың 80-90 жылдары Ө.Қ.
Мадиев тің алюминий, цирконий жә не титан
қо сылыстарымен тері илеу тех но ло гия-
сы Қазақстанда (Жамбыл былғары аяқ-ки-
ім комбинаты), Белоруссияда (Моги лев
был ғары комбинаты), Россияда (Новоси-
бирск былғары комбинаты), ТМД ел де рі нің
т.б. өнеркәсіп орындарында қол да нылып,
өндіріске енді. Мұнымен ты нып қал май,
бүгінде де үзбей ғылыми жұ мыстармен
айналысып, нәтижесінде жеке өзі және шә-
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
10
кірт терімен бірге 200-ден ас там ғылыми
ма қала, 3 монография, 2 оқу құ ра лын жа-
ри я лап, 44 авторлық куәлік пен патент-
тер ге ие болып отыр. Осылайша, білім са-
ласына сіңірген еңбегі бағаланып, ҚР Ұлт-
тық ғылым академиясының академигі, ҚР
Ұлт тық инженерлік академигі, Қазақ ауыл
шаруашылық ғылым академиясының ака де-
мигі дәрежісіне ие болды. Бұл дегеніміз, бі-
рін шіден – үлкен жетістік болса, екіншіден
– қо ғамның қозғалысы мен заманның ағы-
сынан қалыс қалмай, жиған білік-тә жіри-
бе сін шәкірттеріне беріп, бойларына білім
нә рін сеуіп, ғылым жолының қыр-сырына
ма шықтандыруы!
Мұ ның бәрі, әрине, ұстазға керек білік
пен дағды болса, ағартушылық бағыттағы
кә сіби еңбек жолында да ол қандай шаруана
қо лына алмасын, соның барлығында тия-
нақ ты түрде үлкен жауапкершілікпен ат-
қа рып жүргенін байқаймыз. Білікті басшы
ре тінде қалыптаса алғанына 1968 жылдан
1998 жылдың наурыз айына дейін 30 жыл
Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі тех но-
логиялық институтында (ЖЖТӨТИ) ең бек
етіп, оның ішінде 11 жыл проректор, 7 жыл
ректор қызметтер атқарғаны – дәлел бо ла
алады. 1998 жылдың наурыз айында Тараз
қаласындағы үш жоғарғы оқу орны бі рігіп,
Тараз мемлекеттік университеті (ТарМУ)
болғанда, бірінші проректорлық қыз метін
толығымен білім берудің сапасын арт тыру
бағытына да, сол қиында қым-қуыт шаруа-
ның қарекетімен жүріп, өзі де өсіп кемелдене
түс ті. 1998-2002 ж.ж. Түркістан қаласындағы
Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-
тү рік университетінің вице-президенті, 2002-
2003 ж.ж. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-
ның кафедра меңгерушісі қызметінде жүрді.
Осы жылы, яғни, 2003 жылы Өскенбай
екеу міздің жолымызды тағдыр қайта то-
ғыс тырды. Өскенбайдың нағыз ұстазға
тән қасиетін аңғарып, Тараз қаласындағы
Алматы экономика және статистика ака-
де миясының институтына басшылық қыз -
метіне тағайындауды ұсындым. 2003 жыл-
дан қазіргі күнге дейін осы оқу орнында
рек тор, кейіннен осы ЖОО-ның өкілдігінің
ди ректоры қызметін атқаруда.
Біз тағы да оқытушылық, басшылық қыз -
метінен бөлек, ғылым жолына терең үңіл ген-
дігіне қанықпыз. Иә, ... ұстаз шәкіртімен кө-
рік ті, шәкірт ұстаз тәлімімен ғана көктейді.
Бү гін де бойдағы бар күш жігерін аямай, зер-
делі де зейінді шәкірт тәрбиелеу үшін бі лімі
мен ілімін аямай, тынбай еңбек етіп ке ле
жатқан Мадиевтің басшылығымен, Жамбыл
жеңіл және тамақ өнеркәсібі тех но логиялық
институтында (ЖЖТӨТИ) атал мыш сала
бойынша ғылыми мектеп ашылды. Жо-
ғарыдағыдай жаңа ғылыми бағыттар бо-
йынша жүргізілген зерттеулердің нә ти же-
сін де 25 ғылым кандидаты мен 3 ғылым док-
тор ларын даярлап шығарды. Бұл дегеніміз –
ұс таздың шәкірт даярлаудағы үлкен жемісі.
Осындай үлкен басшылық қызметте жүр-
ген, ғылым атты салмақты мамандықты кә-
сіп еткен ғалым-ұстазды бойына дарыған қа-
рапайымдылық қасиеті де болмыс бітімін да-
ра лай түседі. Оған «Алға шықсан көз тиеді,
арт та қалсан сөз тиеді» деген халық мақалы
мен дана Абайдың «Бес нәрседен қашық бол,
бес нәрсеге асық бол» сынды өсиет сөзін
өмір лік ұстаныма айналдырған Өскенбай
інім нің әр адамның бойын біте бермейтін,
бо йында тұнып тұрған қарапайымдылықты
та ғы қосыңыз!
Ғалымның қасиетін толықтыра түсетін,
мінезінің өзі бір әлем. Біреу туралы сөз айту,
ғайбат сөйлеу, қызғаныш, көреалмаушылық
сия қты қылығы жоқ. Кез келген ортада әп-
сәтте-ақ, қиыннан қиыстырып, әзіл-қал жың-
мен өрілген ақын-жыраулардың өлең шу-
мақ тарынан, үзінділерінен мысал ретінде
та уып айтар тапқырлығы, құрдастарының
бо лымсыз бір міндерін зілсіз әжуаға ай нал-
дырып, отырған ортасын қыран-топпен күл-
кі ге қарық қылатыны және бар. Әдеппен
әр леніп айтылған әзіл-қалжыңы, қай ортада
қай жиында болмасын көсіле сөйлеп, көсем
мі нез танытып, білгішпін деп жүрер не бір
та лайлардың аптықтарын баса білгендігін
та лайлар айтып та, жазыпта келеді. Оның бо-
йында алқалы жиында, алқақотан топты көр-
ген сәтте аламанға қосылар бәйге атындай
ар қасы қозып, аруағы артып, айбарланып
11
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ке тетін жаратылысынан туа бітті қасиеті
бар. Ел көзіне алдымен шалынатын кесек
мі незі мен ойының да, бойының да бірдей
үн дескен нарлығы, алғырлығы, келісті тұл-
ға сы мен кескін-келбеті, бауырмалдығы,
ме йірбандылығы, парасаттылығы, жан сұ-
лулығын айтпаса да аян. Қай жерде бол ма-
сын еңсесін тік, денесін нық ұстайды. Бұл
оның сөзге тұңғиығына тереңнен бойлай
мән беретіндігінің, қадірін түсіне, ойлана бі-
ле тіндігінің көрінісі деп білемін.
Жалпы Өскенбай туралы көп жазуға бо ла-
ды, әсерлі әңгімеге нүкте қою мүмкін емес.
Өне геге толы өмір жолы күрделі әрі қызық.
Про фессордың сөзінен де, атқарған ісінен
де елді, жерді құрметтеу сезімдерін, ұлттық
на мыс пен абыройды биік қоятыны бірден
аң ғарылып тұрады. Осы қасиеттерімен де
төңірегіндегілерге ардақты да, аяулы. Оның
өткені – сағым, маңдай беті – ашық. Ғұ-
мыр тіршіліктің небір ой-қырларынан өт-
кен, ащыны да, тұщыны да көп көріп, бай
тәжірибе жинақтаған, бүгінгі мерей-мәр те-
бесіне жас шағынан бастап ізденудің ең бе гі-
нің арқасында жеткен азамат.
Міржақып Дулатовтың: «Бір жылдың
іш ін де бір-ақ жаз болады. Ағаш, шөптер,
гүл жапырақтар бір-ақ рет жасарады. Осы
секілді, адамның басына жастык екі кел мей-
ді. Жастық – біздің өміріміздің жазы. Жаз-
дан кейін қалай күз келеді. Сол секілді жас-
тықтан соң кәрілік жетеді. Шаруасына жи-
на қы кісілер жаз күні қыстың азық-түлігін
да ярлап қояды. Адамда жасында өнер-бі-
лім, жақсы мінездерді бойына жинауға ти-
іс. Мұнсыз ол қартайған шағында рахат тір-
ші лік ете алмайды», – дегендей, Өскенбай
Қабылбекұлын қазір бейнетінің зейнетін кө-
ріп отырған бақытты жан десек болады.
Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ
хал қы. Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік
кө зі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен
ұр пағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей,
тү тінін түтетіп ұрпақ қалдыруды көздейді.
Хал қымыз балалы болу бақытын байлыққа,
ман сапқа ауыстыра алмаған. «Бала – өмірдің
жал ғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,» – деп
ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қат ты кө-
ңіл бөлген ғой. Бұл тұрғыдан да, Өскенбай -
дың шаңырағын бақыт құсы ұя сал ған жы-
лу лық пен қуаныш мекені деуге әб ден бо -
лады. Аяулы жары Айткүл екеуі ел ау зын да
мақтанышқа айналған үш ұл өсіріп, не ме-
релерінің қызығына бөленіп, айдын көл де гі
ай нұрына шомылып отырған қос аққудай
өмір сүруде. Айткүл қарындасымның қашан
көр сең, жанарынан үнемі нұры төгіліп, жан-
ұя сына бақыт сыйлап, айналасына мейірім-
шуа ғын шашып жүреді. Сондықтан да, көк-
тем табиғатымен жымдасқан жылылық,
шек сіз мейрімділік, дүниенің тіршілік ие сі-
не нұрын шашып, келешекке ақ жол, адал
ниет нұсқап, өмір нәрін себуші асқақ құ ді рет
ие сі деуге әбден лайық! Пейілі – кең, ана -
лық махаббаты – кәусар бұлақ! Сол шуақ-
тың жылулығы балаларын, жолдасын үне мі
демеп тұрады. Өскенбай мен Айткүл ба ла-
ла рын, немерелерінің мақтан тұтып, олар ға
тек асқар тау әке, аяулы ана ғана емес, жан -
дарына ең жақын дос ретінде өзін-өзі ұс-
таулары терең көрегендікті көрсетеді. Ұя да
көрген тәрбие балаларына қанат болып, бү-
гінде барлығы да лауазымды, абыройлы са-
ла да әке жолымен еңбек етуге негіз болуда.
Нағыз бақытты жан – кәсіби еңбек жолы
мен өмірлік таңдауы үйлескен жан. Ендеше,
бұл екі жолда да жолы болған Өскенбай
Қабылбекұлы – ел ертеңін ойлаған, бо ла-
шақ тың қамын жеп жүрген нағыз ұлағатты
ұс таз!
Нағыз ұстаз қай ғасырда да ұстаз болып
қа ла бермек. Ұстазға қойылатын талап пен
тілек қашан да ортақ. Ол – білімділік, иман-
дылық, парасаттылық барлық ғылым атау лы-
ның алғашқы әліппесі өркениет ұстазының
тә лім сабағында күн сайын үйретіліп, үлкен
«бі лім мұхитына» айналып, рухы мықты,
ин тел лектуалды ұрпақ тәрбиелеп шығару.
Өркениетті ғасыр тізгіні – ұрпақтарының
қо лында, ал, ұрпақтың бар бақыты озық ой-
лы ұстаздың еншісіне ғана берілмек. Жан
са райыңды жібітетін тәрбиенің үлгісі де,
ащы ақиқаттың күмбір күйі де өркениет ұс-
та зының әр сабағында шежіре боп сөйлеп
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
12
жа тады. Бұл жалғандық болмай, тәлім-тәр-
биелік үдерістің барлық жүйесінде маз мұн-
ды түрде жүрсе, адамзаттың ой-өрісі дамып,
сәу лелене түспек.
Осындай ұрпақ тәрбиелеп, шәкірт да яр -
лауда мәңгі нұрдың қызметшісі, тынымсыз
лау ла ған жалын иесі – ұстаздардың еңбегі
ер
ен әрі өлшеусіз. Саналы ғұмырын жас ұр -
пақты оқы ту мен тәрбиелеуге арнаған, бо-
йын дағы жақ сы қасиеттерін шәкірттеріне
дарытып ке ле жатқан Мәдиев Өскенбай
сынды ұлағатты ұстаздарға айтар алғыс шек-
сіз болуы тиіс. Ғылымның шам-шырағына
ай налған алау оттары мәңгі алаулай түсіп,
ыс тық шапағат, нұры шарпыған соңынан ер-
ген шәкірттері көбейе берсін!
Ұлағатты ұстазды әртүрлі қырынан жан-
жақты таныстырып отырғандағы мақсатым
– осын дай ұлағатты тұлғалардың өмірі,
жүр ген жолы біздің қазіргі жастарымызға
үл гі-өнеге болса деген тілек. Бұл күндері
Өскенбайдың жетіп отырған жетістіктері –
адам гершіліктен, үнемі алға ұмтылушылық
пен ізденушіліктің нәтижесінен келген дү-
ние. Ауылдың қарапайым қара домалақ ба-
ласы мектеп қабырғасында, кейіннен ин-
ститутта жақсы оқып, бар жағынан оз ат
болмаса, алдында өмір сүрген ата-апа ла-
рынан, әке-шешесінен өмірдің өзегі – тір-
шіліктің мәнін ұғынып, адамдықтың ас қар
шыңы – адамгершілікті тал бойына сі ңір-
месе, өмірлік нанын адалдықпен тауып жеу-
ге үйреніп, ел қатарлы ғұмыр сүруге тал-
пынбаса, ойлаған ойына, алға қойған мақ са-
ты на дұрыс жете алмас еді.
Бұдан келіп шығар қорытынды – әр адам
өз өмірін, өз бақытын, рухани байлығын тек
өзі ғана іске асыра алатындығы. Сондықтан
да, кейінгі толқын – жастарымыз осындай
өне гелі өмірден әрқайсысы өмірінің өзегін
тап са деген тілектеміз.
Адамның биіктігі мен тереңдігін,
Жан-дүниесінің кеңдігімен өлше
Достарыңызбен бөлісу: |