Бас редактор с. Ж. Пірәлиев абай атындағы ҚазҰпу ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата06.03.2017
өлшемі1,37 Mb.
#8295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ӘРТҮРЛІ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ҰЛТТАР МӘДЕНИЕТІНІҢ САБАҚТАСТЫҒЫ

(АРАБ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Қандай-да бір халықтың өмір тарихы, сана-сезімі, салт-дәстүрі барлығы да тілде көрініс 

табады. Ұлттың өзіндік ерекшелігі тілден тыс құбылыстармен тікелей байланысты тілдік 

бірліктерде – сөздер мен сөз тіркестерінде айқын аңғарылады. Тіпті қарапайым бір ғана 

затты  немесе  мағынаны  білдіретін  сөздер  өзге  тілдердің  әртүрлі  контекстерінде  ұлттық-

мәдени компоненттің бір бөлшегі болып, әр түрлі мағынаға ие болады. Сондықтан-да бір 

тілдік бірліктің екі тілдегі мағыналарын салыстыру, сөзсіз, тіл ғылымында қызығушылық 

әкеледі. 

Бұл мақалада туыстық атауларды білдіретін сөздердің өзара туыс емес араб және қазақ 

тілдеріндегі семантикалық өзгерістерге ұшырау үрдістері сөз болады. 



Түйін сөздерсөз мағынасы, туыстық атаулары, лексика-семантикалық топ, ұлттық-

мәдени компонент, әлеуметтік-мәдени аспектілер.

В языке отражается жизнь народа, его история, психология, быт, нравы, обычаи, образ 

жизни. Национальная самобытность получает наиболее яркое проявление в так называемых 

строевых  единицах  языка  –  словах  и  фразеологизмах,  -  которые  прямо  соотнесены  с 

внеязыковой действительностью.

Даже самые простые слова, обозначая один и тот предмет, но выступая в разных контекстах 

в  разных  языках,  имеют  различие  в  семантике,  которые  и  составляют  национально-

культурный  компонент.  Поэтому  сопоставление  означаемых  денотативно  идентичных 

единиц двух языков представляет безусловный научный интерес. 

В  данной  статьи  рассматриваются  процессы  семантического  преобразования 

наименований родственных отношений в двух разных по происхождению языках – казахском 

и арабском. 



Ключевые  слова:  значение  слова,  термины  родства,  лексико-семантическая  группа, 

национально-культурный компонент, социокультурные аспекты. 

26

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Peoples life, their history, psychology, the way of life disposition and customs are reflected in 

the language. The national originality gets the brightest display in the words and idioms which are 

correlated with out of language reality. 

Even  the  simplest  words  meaning  the  same  subject,  being  presented  different  contexts  of 

different languages have a distinction in semantics which form the national and cultural component. 

In this article the processes of semantical transformation of relations designation of two different 

languages – kazakh and arabic are considered. 



Keywords: The meaning of a word, terms of relativeness lexical and semantic group, national 

and cultural component, social and cultural aspects.

Сөз  мағынасы  таным  қағидасымен  ті ке-

лей  байланысты.  Адам  затты,  құбылысты 

қан шалықты  жақсы  таныса,  соларды  бел-

гілейтін сөздердің мағыналарын сон ша лық-

ты анық, айқын біледі. Біз осы белгілер ар-

қылы  сол  затты  танимыз  және  оның  ма ғы-

на сын  түсінеміз,  оларды  келешек  ұрпаққа 

жет кіземіз. Және сөз мағынасы мәтін іш ін-

де, сөйлем құрамында ғана айқындала, нақ-

ты лана түседі. 

Жалпы  тіл  білімінде  туыстас  және  туыс 

емес  тілдерді  салыстыра  және  салғастыра 

зерт теу – олардың арасындағы ұқсастықтар 

мен ерекшеліктерді ашуда, айырмашылықтар 

заң дылығын  анықтауға,  тілдің  ұлттық  қа -

сиет  терін  тереңірек  түсінуге,  жалпы  және 

же ке  ау дарма  теориясының  қалыптасуына 

зор мүм кіндіктер береді.

Кез келген ұлттың этномәдени ерек ше лік-

тері коммуникация процесі мен сөйлеу әре-

ке тінен  байқалатындықтан,  қарым-қатынас 

фе номені де бірнеше салада ғылыми тұр ғы-

дан қарастырылуда.

Кез  келген  ұлттың  тілі  арқылы  көріне-

тін  бол мыс-бітімінің  ерекше  сипаты  бас қа 

ұлт тар  мен  халықтардың  тіліндегі  құ бы-

лыстармен салыстырыла зерттегенде ай қын-

да ла  түседі.  Осы  орайда  жалпы  мәдениет 

пен  тіл  мәселелерін  салыстыра  талдаған 

бір қатар  ғылыми  еңбектер  жазылды.  Жал-

пы  тіл  мен  мәдениет  арақатынасы  мә се-

ле  лері  және  тілдің  «руханилығы»  В.фон 

Гумбольдт,  Э.Сепир,  Б.Уорф,  Л.Вайсгербер 

ғы  лыми  зерттеулерінде  жоғары  деңгейде 

кө  рініс  тапқан.  Мұндай  еңбектер  қатарына 

А.Н.Афанасьев,  Т.В.  Гамкрелидзе,  Якоб 

жә  не  Вильгельм  Гримм,  А.  Потебня,  В.Я. 

Пропп,  А.Н.  Толстойдың  зерттеулері  жа-

та ды.  Ұлттық  мәдениет  пен  рухани  құн-

ды лықтардың  тілдегі  көрінісін  танытуда 

Ә.  Марғұлан,  М.  Әуезов,  І.  Кеңесбаев  ең-

бек  терінен  бастап,  қазақ  тіл  білімінде  қа-

зақ  этнолингвистикасының  іргетасын  қа-

ла ған  Ә.Қайдар  зерттеулерінде,  тілдік  құ-

бы  лыстардың  ұлттық  мәдени  аспектісі 

жа йында  Е.Жанпейісов,  М.Копыленко, 

Ж.Манкеева, 

М.Оразов, 

Г.Сағидолла, 

Г.Смағұлова, 

Р.Сыздық, 

Н.Уәлиев, 

Р.Авакова  тілдердің  когнитивтік  қызметі 

жа йында  З.Ахметжанова,  М.Әбдіғалиева, 

А.Карлинский, 

А.Жұмабекова, 

Э.Сүлейменова,  К.Хұсайын,  тағы  басқа  ға-

лым дар тарапынан өз жалғасын табуда.

Діні  бір,  мәдениеті  ұқсас,  тарихының 

түйі сетін  жолдары  бар  қазақ  және  араб  ха-

лық тарының тіліндегі ерекшеліктер әлі күн-

ге дейін жөнді, толықтай зерттелмеген.

Туыстық  атаулары  кез  келген  тіл  лекси-

ка сының  құрамды  бөлігі  (составная  часть) 

–  екі  аспектіде  қарастырылады.  Бір  жа ғы-

нан,  лингвистердің  зерттеу  аспектісі,  ал 

екін ші  жағынан,  туыстық  атауларының 

бел гілі  бір  жүйеде  топтасуы  некелік  және 

от басылық  нормаларды,  кіші  ошақтың  құ-

рылымын,  сондай-ақ  бір  қоғамның  бү-

тін дей  туыстық  ұйымын,  этникалық  бай-

ланыстар  мен  этномәдени  дамудың  ерек-

ше ліктерін  көрсете  отырып,  жеке  ғылымға 

ай налған  этнологияның  маңызды  саласы 

(со циокультурная  антропология)  болып  та-

бы лады.

Түркі тілдерінің туыстық атаулар жү йе сі-

нің ерекшеліктерін алғашқылардың бірі бо-

лып Н.В. Бикбулатов көрсетті. Ол көптеген 



27

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

ма териалдарға эмпиризмдік (тәжірибе) тал-

дау лар  жасау  негізінде  түрік  этникалық 

топ  тары өздерінің сатылық кезеңінен, әлеу-

меттік-экономикалық  дамуынан  тыс  туыс-

тықтың терминологиялық топталуы прин ц-

ип терінде ортақтасатынын, ал оларға шаруа-

шы лық-мәдени жағынан жақын, бірақ туыс 

емес  халықтарда  ондай  ерекшеліктердің 

жоқ  тығын дәлелдеді [1,59]. 

Түркі  тілдерінің  туыстық  атаулар  жү йе-

сін дегі бұл ерекшелік ең алдымен, «туыстық 

са наудың  сырғымалылығымен»  (ұрпақ  жа-

сы  на  байланысты)  ерекшеленеді.  Яғни  әке 

жа ғынан  барлық  қандас  жанама  туыстар, 

сон дай-ақ, айтушы эго мен оның жұбайының 

кі ші туыстарының терминдері көптеген бас-

қа  жүйелер  сияқты  генеологиялық  жіпке 

немесе ұрпақ жағына емес, туыстықтың тура 

жібі бойынша жасына байланысты аталады. 

Мы салы,  ерлер  жағынан  қандас  жанама 

туыс тықта эгодан үлкен, бірақ оның әкесінен 

кі ші туыстары қандай ұрпаққа жататынына 

қа рамастан  (-1,0,+1,немесе  +2),  ұлтына  қа-

ра мастан, бір ғана ортақ терминмен (аға/ака) 

ата лады. 

Салғастырмалы талдау нәтижелері әр тіл-

де  сөйлейтін  ұлттардың  дүниетанымымен, 

на ным-сенімімен, әдет-ғұрпы, мәдениетімен, 

пси хологиясымен жақынырақ танысуға сеп -

тігін тигізеді. Адам факторымен тілдің осы -

лайша  ажырамас  бірлікте  алынып  қа рас -

тырылуы  –лингвистика  ғылымының  соң ғы 

жылдардағы  жетістігінің  бірден-бір  кө-

рінісі.  Тілдерді  салғастырмалы  зерттеу  тұ-

тас  тілдік  жүйені  немесе  тілдің  белгілі  бір 

са ласын  ғана  қамтуы  мүмкін.  «Тілдің  кез 

кел ген  деңгейіндегі  кез  келген  бірліктер, 

ол ар дың  құрылымдық–семантикалық,  фу-

н  к   ционалдық,  этномәдени,  әлеуметтік-лин-

гвистикалық,  психолингвистикалық  жә не 

өзге  де  ерекшеліктері  контрастивті  тал дау-

дың нысаны бола алады» [2,398]. 

Әлбетте,  лексика-семантикалық  өріс  құ-

рамын, оның құрылымын, элементтері ара-

сын дағы  семантикалық  байланыс  түрлерін 

анық тау  қандай  да  бір  тілдің  лексикалық 

ерек шеліктерін  айқындауға  мүмкіндік  бе-

ре ді. О.А. Корнилов орынды атап өткендей, 

«эт ностың  өмір  сүретін  табиғи  ортасы  мен 

тұр мыс-тіршілігінің  әр  түрлілігі  екі  немесе 

одан да көп ұлттық тілдердегі кез келген бір 

тақырыптағы  лексика-семантикалық  топ-

тар ды салғастырмалы зерттеп, сиппаттау ба-

ры сында айқын көрінеді» [3,75]. 

Кез  келген  тілдің  терминологиялық  жүйесі 

– тіл  ге әсер ететін қоғамдық-әлеуметтік фак-

торларға байланысты ұдайы өзгеріп отыра-

тын құбылыс. 

Ф. Оразғалиеваның «Орыс және қазақ ті-

лін дегі  қандас  емес  туыстықты  білдіретін 

сөз дердің  ұлттық-мәдени  компоненттері» 

де ген еңбегіндегі анықтамасында: Туыстық 

атау лардың ішінде әке, ұл, қыз секілді эк ви-

ва лентті сөздермен қатар, қазақ тілінің өзіне 

ға на тән аға, іні т.б. сөздері басқа тілдерде үл-

кен, кіші сын есімдерімен анықталады. Түр-

кі тілдес халықтарда, оның ішінде қазақ ті-

лін де туыстық қатынасты нақты атаулармен 

(точ ная  детализация)  білдіретін  иерархия 

бай қалады.  Отбасы  үлкен  болғандықтан 

оның  әрбір  мүшесінің  бұл  күрделі  жүйеде 

өз орны бар және ол ер немесе әйел жағына 

бай ланысты  өзіндік  ерекшеліктерге  (четкая 

диф ференциация)  ие.  Мысалы:  қазақ  ті лін-

де гі  күйеу  бала  қалыңдықтың  туыстары 

үшін сыйлы адам, оған белгілі бір мүше тар-

ты лады, ал, әйелінің үйінде ол төменгі жақта 

отырады [4,25].

Күйеу  лексемасы  күйеу  жолдас,  күйеу 



қа зық,  күшік  күйеу  тұрақты  тіркестерінде 

қол данылады. «Ер адамның үш жұрты бар» 

де ген  афоризмдегі  қайын  жұрты  да  күйеу 

жа ғынан  үлкен  сый-құрметке  ие.  «Күйеу 

жүз жылдық, құда мың жылдық» мақалы да 

осы ның дәлелі. Д.Н. Ушаковтың сөздігіндегі 

күйеу бала мағынасын білдіретін зять сө зі-

нің басқа мағыналары қазақ тіліндегі бажа 

жә не жезде сөздерімен аударылады [5,1124]. 

Ал,  орыс  халқында  күйеу  бала  сондайлық 

қа дыр-құрметке ие емес, ене мен күйеу ба ла 

арасындағы қарым-қатынас та көбіне күр де-

лі жағдайда болады. 

Ф.Оразғалиева  өз  еңбегінде  туыстық 

атау  ларды  баламалы,  баламасыз  деп  бөле 

оты  рып,  баламасыз  атауларға  бәйбіше,  то-



28

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

қал,  төркін  деген  сөздерді  жатқызады:  ол 

шы ғыс  елдеріндегі  көп  әйел  алу  дәстүріне 

бай ланысты  шыққан,  «бәйбішелік  жасау», 

«бәй біше-тоқал» тіркестері де осы салт-дәс-

түрдің  көрінісін  білдіреді.  Араб  ел де рінде 

бұл  ежелден  келе  жатқан  дәстүр  бол са  да, 

әйелдердің хұқықтары өзара тең бол ған дық-

тан, мұндай атаулар жоқ. 

Еліміздің өркениеті, экономикасы жоғары 

да мыған  елдер  қатарына  қосылуының  бір 

ке пілі- ана тіл тағдырына қамқорлық. 

Қазақ  тілін  басқа  да  шетел  тілдерімен 

сал ғастыра қарасуды дамыту - ана тіліміздің 

қол данылу аясының кеңейіп, мемлекеттік тіл 

ре тіндегі статусы мерейінің үстем болуына 

үл кен әсер ететіні сөзсіз. 

Өркениет заманы қаншалықты шарықтау 

шы ңына шықса да, ұлт мәдениетін ұлт ті лі-

нен  бөліп  алып,  дамыту  мүмкін  емес.  Ұлт 

мә дениетінің қай түрін алсаңыз да, онда сол 

ұлт тың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-

тір шілігінен  хабардар  ететін  туыстық  атау-

лар болып табылады. 

Осымен  байланысты  қазақ  ұлтының  ма-

териалдық және рухани мәдениетінің то ғыс-

қан  туындысы  –  туыстық  қатынасты  этно-

мә дени  болмысының  үлттың  болмысымен 

бір  тұтастықта  анықтау  -  осы  тектес  зерт-

теу лерде  өзекті  мәселе.  Оны  «  тіл  мен  ұлт 

бір  тұтас»  деген  қағидаға  сәйкес  тіл  ар қы-

лы  анықтау.  Адамның  жас  ерекшелігі,  жы-

нысына  байланысты  атаулар  мен  сол  атау-

лар ға  қатысты  тұрақты  тіркестер  тіліміздің 

сөз дік қорының қомақты бір саласы. Бұлар 

- әр бір халықтың жанына жақын, рухани мә-

де ниетінің сипатын дәл көрсететін лексика-

се  мантикалық  топ  (ЛСГ).  Мұндай  атаулар 

өмір де өте жиі қолданылатыны белгілі. 

Қазақ қоғамында келінге өте қатты көңіл 

бө лінеді,  көптеген  талаптар  қойылады.  Ке-

лін,  біріншіден,  өз  жанұясына  көрген  тәр-

бие-тәлімін, ата-анасының тектілігін көр се-

ту керек болса, екіншіден, жұбайының жан-

ұя сына келген соң, сол үйдің де мәртебесін 

ой лауы тиіс. Бұл туралы көп айтылады, көп 

жа зылады, халық ауыз әдебиетінде көптеген 

әң гімелер,  ертегілер,  мақал-мәтелдер  осы 

та қырыпқа  арналады.  Келінге  қойылатын 

та лаптардың  бастылары:  күйеуінің  ата-ана-

сын,  туған-туыстарын  сыйлау,  қатты  сөй-

ле меу,  ерте  тұру,  ата-анасымен  бетпе-бет 

сөй леспеу,  қайын  жұртындағы  адамдардың 

атын атамау, ер адамның алдын кесіп өтпеу, 

үй дегі тазалықты сақтау, т.б.

Аударма тәжірибесі байқатқандай, әдетте 

туыстық  атауларды  аударуда  олардың  ау-

дар ма  тіліндегі  баламалары  қолданылады. 

Бір ақ, бұл берілген лексикалық топта әрбір 

әлеу меттік-туыстық жүйенің тек өзіндік мә-

де ниетінің  ерекшелігімен  түсіндірілетін, 

бас қа тілде тура аудармасы жоқ, баламасыз 

сөз дер кездеседі. Қазақ тілінде бұл бесінші 

ұр пақты  көрсететін  «шөбере»  -  сын  внука 

и  «шөпшек»  -  сын  шөбере,  т.е.  сын  сы на 

внука,  иначе  представитель  пятого  по ко-

ле ния,  «шөбере»,  «шөпшек».  Қазақ  және 

ағыл шын  тіліндегі  т.а.  салғастыра  талдау 

көр сеткендей, ағ.тілінде бөлетін нақты диф-

ференциация  болмағандықтан,  бір  лек си-

калық  бірлікпен  айтылады.  Мысалы,  қыз-

дың  баласын  білдіретін  «жиен»  сөзі  ағыл-

шын тілінде екі жақтың балаларына да ор тақ 

туыстық атауымен беріледі, «grandson/grand 

daughter» (ср. русск. внук/внучка), ал апалы-

сіңлілердің  балалары  «бөле»  ағыл шын 

тілінде «cousin», которое (бар). М. Членов-

тың  еңбектерінде  көтеріліске  дейінгі  Ре-

сейде «әйелдің күйеуінің туыстарының үйі-

не тұруының» басым болғандығын атап өте-

ді. Бұл көшудің нәтижесінде «деверь», «зо-

ловка», яғни қайынаға, қайынсіңлі тер мин де-

рі нің  қолданылу  аясы  өскендігін  көрсетеді. 

Осы ған  байланысты  келіннің  басқа  отбасы 

мү шелерімен  арасындағы  дәстүрлі  қарым-

қа тынасы қалыптасады. Кейіннен отбасының 

әлеу меттік  жағдайларына  байланысты  кү-

йеу дің де әйелінің туыстарымен бірге тұруы 

үй реншікті жағдайға айналады. 

Талай  ғасырлардан  бері  келе  жатқан  ха-

лық   тың  әдет-ғұрыптары  мен  салттары  да 

туыс тық  жүйесіне  аз  әсерін  тигізген  жоқ. 

Араб  тілінде  бұл  басқа  тілдерге  қарағанда 

ай  қын көрініс береді, мұның өзі жалпы араб 

хал қындағы  салт-дәстүрлердің  ала тын  та-

рихи орнының ерекшелігімен тү сін ді рі ле ді. 


29

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ

Жеті атаға дейінгі туыстық қағидасын ұс-

тау  арқылы  қазақтарда  қанның  тазалығына 

кө ңіл  бөлінсе,  арабтарда  да  қандас  және 

қан дас емес туыстықтың бөлінуінде осы не-

гіз жатыр. Қазақтарды өз тегін білу, жеті ата-

дан бері қарай санау дәстүрі ертеден қа лып-

тасқан: «жеті атасын білген ер, жеті жұрттың 

қа мын жер»…

Арабтарда әйелге деген көзқарастың өзін-

дік ерекшелігі бар. Мысалы, жұрт алдында 

әйе лін  атымен  атау  мәдениетсіздік  болып 

есеп телетіндіктен, бірқатар эвфемистік атау-

лар дың  қолданылатынын  байқауға  болады. 

«изар»  «либас»,  «хилла»  ­  киім,  «фираш»­

тө сек 

және 


«ибнатул-амми»-(әкемнің 

туысының  қызы)  деген  атау  эндогамиялық 

дәс түрге  байланысты  шыққан  атау.  Бұ лар-

дан  басқа  мысыр  диалектісіндегі  «ал-жа-

ма,ату»    сөзінің  семантикалық  сипаты  (тө-

сек) бар, «иллатун» (ауру) немесе және эв-

фемизм  қатарынан  саналатын  қазақ  ті лін-

дегі күндес сөзінің тікелей аудармасы «дар-



ратун»  (зиянды)  сөздерінің  орнына  «жара-

тун»(көрші) лексемасын алуға болады.

Тіл – тек сөйлесу қарым-қатынас құралы 

ем ес,  ол  адам  өмірінің  материалдық  және 

ру хани  мәдениетінің  сол  ұрпаққа  тән  тума 

қа сиеттерін  жинақтаушы,  сақтаушы  құрал, 

осы  арқылы  болашақ  ұрпаққа  жеткізуші 

құ рал.  Мұны  -  тілдің  кумулятивтік  қасиеті 

деп  танимыз.  Осымен  байланысты,  әрбір 

ха лықтың  тұрмыс-тіршілігін,  мәдениеті 

мен дүниетанымын тіл арқылы зерттеу - қа-

зіргі  тіл  білімінің  жаңа  бағыттарының  не-

гізі.  Соған  сәйкес  халықтың  тілдік  де рек-

те рін  көрсететін  екі  мәдениеті  бар.  Дүние 

мә дениетін  материалдық  және  рухани  ар-

на ларға  бөліп  қарастыру  оның  қоғамдағы 

қызме тінің  ерекшелігін  танытады.  Осы 

тұр  ғы  дан  қарастырсақ,  көшпелі  ата-ба ба -

ларымыздың этномәдениетінде рухани жә не 

материалдық  мәдениеттің  тоғысқан,  са бақ-

тасқан көрінісі - туыстық қатынастар. Туыс-

тық атаулар жүйесі халықтың рухани мә де-

ние тінің  неғұрлым  көне  жақтарының  бірі 

бо лып  табылады.  Ол  рухани  мәдениеттің 

бас қа  жақтарымен  қатар  халықтың  әлеу-

мет тік  ұйымдарын,  оның  генезисін  те-

рең  зерттеумен  қатар  этногенетикалық  де -

реккөздер  бола  алады.  Араб  туыстық  атау -

ларының  шығу  тарихымен  олардың  тер-

минологиялық  ерекшеліктерін  зерттеу  эт-

нос тың тарихи қалыптасуының түрлі ке зең-

дерін  және  сол  уақыттардағы  көршілес  ха-

лық тардың  этномәдени  әсерінің  дәрежесін 

көр сетеді.

Салт-дәстүр  сабақтастығы  ұлттар  ара-

сындағы  қарым-қатынаспен  тығыз  бай ла-

ныс ты.  «Әр  халықтың  мәдениеті  өзіне  тән 

ерек шелігімен дараланып, көзге шалынады. 

Алай да  басқа  халықтардың  әсерінсіз  таза, 

да ра ұлттық мәдениет тіпті де кездеспейді. 

Ұлт тар мен халықтардың материалдық және 

ру хани байланысы, қарым-қатынасы арқылы 

олар  бір-бірін  мәдени  байланысы  жағынан 

то лықтырады»  –  дейді  С.Н.  Артановский 

[6,91]. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық 

ою-өрнек,  тағам,  спорттық  ойын  түрлері 

екін ші бір ұлтта да белгілі ұқсастықпен жә-

не  өзіндік  ерекшелігімен  көрініс  береді. 

Ұлт тық болмыс-бітім адам мінезінен, іс-әре-

кетінен ерекшелене көрінетін тұрақты құ бы-

лыс.

Туыстық  атауларының  әлеуметтік-мә-



дени  аспектілері  негізінен  олардың  іш кі 

түрленуінде,  яғни  құрылымдық  се ман ти ка-

сында көрінеді. Талдау көрсеткеніндей, кей 

туыстық  атауларының  сөзжасам  құ ры лы-

мын да  сол  қоғамның  ұлттық  мәдениетінің 

эле менттері  –  тарихы,  салт-дәстүрі,  діни 

на нымы,  табиғаты  бейнеленген.  Бұл  ту ра-

лы  О.Н.  Трубачевтың  жасаған  терең  эти-

мо логиялық  талдаулары  дәлелдейді.  Д.Н. 

Шмелев тың  қорытындылауы  бойынша: 

«се мантическая  история  слов  в  ряде  слу-

ча ев  дает  более  или  менее  однозначные 

указания на (иногда неизвестную из других 

ис точников)  историю  обозначаемых  этими 

сло вами реалий» [7,280].

Сөздің  ішкі  түрленуінің  ұлттық  мә де-

ниетпен сабақтас болуын араб тілінен ай қын 

аңғаруға болады. Тек терминдер ғана емес, 

туыстық  байланысты  білдіретін  бас қа  да 

атаулардан мәдени элементтерді бай қай мыз. 

«уммун»  сөзінің  түпкі  «түбір,  не гіз,  фун -

дамент»  мағынасы  әйел-ананың  қо ғам да ғы 

орнын көрсетеді. Араб тіліндегі басқа ат ау -

лардың  эпитет  теңеулерін  осы  сөз  арқылы 

шыққан тұрақты тіркестер береді: «умму-л-

ки таб» (Құранның 1-ші сүресі, Құран негіз), 

«уммул-қура» (Меккенің теңеуі) т.б. «ухтун/

ахун» (аға/қарындас) термині «ухаа» (қандай 

да  бір  мақсатты  көздеу)  етістігінен  шығуы 

ту ыстардың  мақсатының  ортақтығын,  одан 

шы ғатын зат есім «ахиатун» (жануарларды 

бай лайтын  не  шатырды  ұстайтын  ілмек, 


30

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

ар қан)  сөзі  туыстар  арасындағы  мықты 

бай ланыс  мағынасын  және  арабтардың 

бедуиндік  өмірінен  қалған  ізін  көрсетеді. 

«ам мун» терминінің «амимун» (ұзын бойлы 

адам  не  өсімдік),  «ма,мун»(қожайын) 

сө зінің  «амаматун»  (чалма,  еуропада 

«коронованный»)  сөздерінен  шығуы  оның 

семантикасының  «негізгі»  деген  бе ре тін 

ма ғынасын  анықтайды.  «халун»  тер ми-

ні нің  төркіні  «хауала»  (қамқорлық)  ма-

ғы  насына  әкеледі.  «жаддун»  терминінде 

«ұлы  лық,  құрметтілік  және  жол»  деген  се-

мантикалық  астар  арабтарды  туыстық  жо-

лы ның  бастаушысы  және  құрметті  адам 

ма ғынасымен  түсіндіріледі.  «хафидун»  (не-

мере)  термині  де  «көмекші,  күтуші»  ма ғы-

на сында  өз  атасына  деген  қамқорлықпен 

тү сіндіріледі. «саһрун» (күйеу бала) сөзінің 

етіс тігі еру, балқу мағынасында әйелінің от-

ба сына сіңісіп кетуін білдіреді. 

Туыстық атауларының ішінде арабтардың 

бе дуиндік табиғатын білдіретін сөздер де аз 

ұшыраспайды.  Мәселен,  «сану/сануатун» 

(ту ған бауыр туралы, бір түбірден өсіп шық-

қан  пальма),  «қа,идатун»  (әйелі  туралы, 

қа,удун-жас  түйе,  үйде  отырған  әйел  деген 

ма ғынасы  да  бар),  «рабдун»(әйелі  туралы, 

бір  жерге  тұрақтанған),  «талатун»  (әйелі 

ту ралы, ұсақ жауын сөзі), «қалуусун» (әйелі 

ту ралы,  бастапқы  мағынасы  жас  түйе), 

«шар хатун» (әйелі туралы, суда өсетін ағаш 

сө зінен). Бұған тағы да «раби,иун» (көктем, 

жас  кезде  туған  ұл  туралы,  көктемде  туған 

тү йенің баласы сөзінен шыққан) және оның 

ан тонимі «сабфииун» (қартайған кезде туған 

ұл,  жазда  туған  түйе  сөзінен)  мысалдарын 

ай туға болады. 

Атаулардың  ішкі  түрленуінде  ежелгі 

араб тардың  өмірінен  хабар  беретін  сөздер 

де  кездеседі:  «қусаратун»(әйелі  туралы, 

құр ма салатын тросниктен жасалған ыдыс), 

«мус фа»(үш әйелі бар адам, тастан жасалған 

ыдыс  қоятын  үш  таған),  «мусфатун»(  үш 

әйел дің бірі, не үш рет жесір қалған әйел). 

Аз қолданылатын «аху,айн» (туған бауыр) 

сө зі  бір  жағынан  «айнун»  (бұлақ  көзі)  бір 

әке-шешеден шыққанын көрсетіп, оның араб 

мен талитетіндегі  орнын  анықтаса,  екінші 

жа ғынан, бұлақ сөзімен қатыстылығы ежелгі 

араб  өміріндегі  табиғат  ізін  байқатады. 

Үшін ші жағынан, бұл сөз «а,ианун» (знатные 

лица общества) сөзімен түбірлес болып, бұл 

туыстықтың араб қоғамындағы басқалардан 

жо ғары дәрежесін көрсетеді. Аға терминімен 

қа тысты  басқа  да  атаулардың  әртүрлі  мәні 

бар.  «аху  хайфун»  (қандас  бауыр)  сөзінде 

«хай фун»-айырмашылық  мағынасында  екі 

кө зі  екі  түрлі  адамды  да  айтуға  болады. 

«аху,иллатун»(бір жатырлық бауыр) сөзінде 

«аллал»  (екінші  әйел)  мағынасында,  сөзбе-

сөз «аллатун» - ауру сөзімен әйелдің басқа 

күн дестеріне байланысты жаны ауыратынын 

тү сіндіруге болады. 

Қорытындай  келе,  туыстық  атаулардың 

іш  кі түрлері ұлттық мәдениеттің әртүрлі ком-

поненттерін  көрсете  алады.  Құрылым  дық-

сөз жасам формасының жекелеген терминнің 

өзін дік  ерекшелігін  ашу  мүмкіндігі  де  бар. 

Араб  тіліндегі  «рабун/рабатун»(өгей  әке-

ше ше),  «рабибун/рабибатун»(өгей  ұл/қыз) 

сөз дерінің түбірі «рабба» - қамқорлық жасау, 

асырау  мағынасынан  шыққан.  Бұл  атаулар 

туыс тықтың ерекше түрін көрсететіндіктен, 

әр  тілдің  ерекшелігіне  байланысты  әртүрлі 

ата луы мүмкін. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет