40
Рымғали Нұрғали деп тануымыздың басты
себебі осында жатыр.
Алғашқы әңгіме «Қазақтардың естерінен
кетпей жүрген бір сөз» деген атпен 1892 жылы
«Дала уалаятының газетінің» он санында
жарияланды (№29,30,31,32,34-40). Әңгіме
«Ұмтылған» деген бүркеншік атпен берілген.
«Ұмтылған», яғни «Мұтылған» – Шәкәрімнің
бүркеншік есімі. Сондықтан да, бұл әңгімені
бірауыздан Шәкәрімнің шығармасы деп
қабылдауға
болады.
Бірақ,
Шәкәрім
шығармаларын зерттеп жүрген жазушы
М.Мағауиннің айтуынша бұл шығарма -
Шәкәрімдікі емес, Абайдікі (қараңыз: Абайдың
белгісіз әңгімесі. // Қазақ әдебиеті, 1989, 15
желтоқсан). Мағауиннің дәлелдері де қисынды.
Әңгіменің жазылу стилінен Шәкәрімге
қарағанда Абайға жақын сөз саптау, суреттеу мен
портреттеулердің үлгісін ұсынған зерттеуші
сараптаулары бір қарағанда қисынды. Десек те,
Мағауин салыстырған аталмыш әңгіме мен Абай
прозасының арасындағы ұқсастықтардың өзі
мынау Абайдікі дейтін дәлелдер емес. Дәл сол
стильдің маңайында әңгіме қылсақ, Мағауин
Абай сөзіне жақын деп алған мысалдан
келтірейік: «Енді бұрынғыны айтып отырған
қарттар байқай ма екен, бұрын күннің жылы
болатыны – сол замандағы орман-ағаштың
көптігінен екенін»,- деген сияқты үлгіде сөз жазу
Шәкәрім стилінен алыс екені рас. Солай бола
тұрғанмен, осы үлгіде сөйлеу, яки сөлем құрау
тек Абай емес, сол уақыттағы қалам иелерінің
көбіне тән. Алысқа бармай-ақ, «Дала
уалаятының газетінің» сол санына шыққан
келесі бір мақаладан үзінді келтірейік:
«Бұрынғы заманда Тарбағат ай т ауынан
Алатауда, Балқаш пенен Алакөл арасында
жайлап жүреді екен Қарабай, Сарыбай деген екі
бай» немесе, «Бәрінен де қоймаған Қодар құлға
тиюді Баян сұлу жек көретін еді, әрі жүріп тұрып
қоймастан өзін аламын деп ұмтылғаны үшін»
(Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді
баспасөз бетінде жарияланған көркем
шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1970. 34-б).
Газеттегі әңгіме мен Абай тілінің ерекшелігіне
назар аударғанда тағы бір байқағанымыз,
әңгімеде «Мәзікүр» сөзі бірнеше жерде
қолданылады. Абай шығармаларында бұл сөз
кездеспейді. Абай шығармаларында есімшенің
ескірген формасы – тұғын тұлғасымен келетін
сөздер көп кездессе, «Дала уалаятының
газетінде» басылған әңгімеде мұндай сөздер
есімшенің қазіргі қолданыстағы -атын, -етін, -
йтін формасында келеді. Мысалы, Абай
қарасөзіне үңілсек: «Уа ләкин, кім де кім иман
неше нәрсе бірлән кәмеләт табатұғынын уа неше
жерден бұзылатұғынын білмей, басына шалма
орап, бірәдәр атын көріп, рузашыл, намазшыл
болып жүргені көңілге қалың берлей тұрып
жартысын салғанға ұқсайды», - делінсе,
газеттегі әңгімеде: «Сол себептен үйінде отыра
алмай, қайратына шыдай алмай Абыз, яғни
білімді, сәуегей Нысан дегенге жөнеліпті, өзінің
қандай болатынын сұрауға... Ныс ан көп
сөйлемейтін, түсі суық, қарт кісі екен», - деп
келеді. Демек, әңгімені Абайға арта салу сәл
ертерек сияқты.
М.Мағауин «Абайдың белгісіз әңгімесі»
деген мақаласында бұл әңгіменің Абай
шығармасы деп танығанмен, бұл жаңалықты не
қостап, не қарсы болып жақ ашқан әдебиет
зерттеушілері болмады. Зерттеушінің осы
мақаласы «Абай» энциклопедиясына енді.
Демек, абайтанушы қауым үн-түнсіз болса да
аталған шығарманы Абайдың әңгімесі деп
қабылдаған сыңайлы. Себеп - көркем
шығарманың сыртқы пішіні, оқиға ауаны
Шәкәрімге жақын тақырыптар. Әңгімеде сөз
болатын Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр
– кейіннен Шәкәрім даст ан етіп жазған
дүниелер. Солай бола тұрса да шығарманың ішкі
мазмұнына, көркемдік ерекшелігіне үңілгенде
Абайға жақын штрихтарды байқамау мүмкін
емес. Шығарманы дәлелдей келе қорыта айтқан
М.Мағауиннің: «...хикая ешқандай даусыз
Абайға ғана тиесілі шығарма екенін қайталап
айтқымыз келеді. Сонымен қатар, бұл – жабайы
ақпар, қарадүрсін мақала емес, бас-аяғы бүтін,
артық-ауыс мүшесі жоқ, машықты, шебер
прозашының қолынан шыққан, ұлы Абай атына
лайық туынды екеніне куәлік береміз», - деген
қорытындыға келген мақала бұл туындыны
анық Абайдікі ете алмағанымен, оған кемеңгер
ақынның тікелей қатысын аңғартатын дәлелдер
келіруімен құнды.
Баспасөз бетінде бұл оқиғаға байланысты ел
Достарыңызбен бөлісу: