Күзембайұлы А.,
тарих ғылымдарының докторы, профессор
Əлібек Т.,
тарих ғылымдарының кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
ТАРИХИ ТАНЫМНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қазіргі кезде Қазақстан тари-
хын қайта жазу барысында оның тео-
риялық жағы тереңірек зерттеуді та-
лап етіп отыр. Тарих ғылымындағы
таным теориясы жан-жақты қарасты-
рылып, оның ерекшеліктері мен ұста-
нымдары нақтыланбай кез-келген та-
рихи процессті объективті түрде баян-
дау қиын. Бұл проблема тарихи-фило-
софиялық əдебиетте талай талас-тар-
тыстың, ғалымдар айтысының тақы-
рыбы болғандығы белгілі. Алдары-
ңыздағы шағын мақалада осы мəселе-
ге қайта оралып, шама-шарқынымыз-
ша өз үлесімізді қосуды жөн көрдік.
Тарих ғылымының принциптері
сан-алуан. Тəжірибесі аз, жас зерттеу-
шілер оларды кейде ғылымның əдіс-
терімен шатыстырады. Принциптерді
дұрыс пайдалану объективті тарих
жазудың айнымас кепілі. Бірақ əрбір
тарихшылар мектебі, философиялық
ағымдар өкілдері əртүрлі принцип-
терді пайдаланады. Солардың бірі
зерттеу барысында жиі қолданылатын
объективтілік принципіне талдау жа-
сап көрелік.
Қандай тарихшы болмасын өз
зерттеуінде болған оқиғаның шынды-
ғына жетуге тырысары анық. Объек-
тивті дерек пен тарихи дəйекті пай-
далана отырып жазылған тарихи шы-
ғарма объективті болуға тиісті. Дерек-
тері шындыққа жанаспаса, дəйектері
жанама болса зерттеуші тарих процес-
тін шындығына жете алмайды.
Осы принципті ерекше құрмет
тұтқан неміс тарихшысы Л.Ренке ға-
лымдарды кез-келген тарихи уақиға-
ларды қалпына келтірген кезде объек-
тивтілік принциптерін қатты ұстану-
ды талап етті. «Тарих жазғанда «...
бұл қалай болып еді?» [1] деген сұ-
раққа жауап бергенде ғана зерттеуші
өз мақсатына толық жете алады» деп
жазды ол.
Дегенмен де сол заманда Герман
елінде тарихшылардан объективтілік
принципін қолдаушылар аз болды.
Бұл елде бірігу, халық болып ұйысу,
бір орталыққа бағынған мемлекет құ-
ру үрдістері басталып кетті. Сондық-
тан, бұл іске көп болып жұмылу қа-
жеттілігі туды. Осы процесстің идео-
логиялық жағын қамтамасыз ету та-
рихшылардың қасиетті міндеті еді.
Г.Трейки «тарихшы саясаттан тыс
тұра алмайды», [2] олар ғылымның
барлық мүмкіндігін өз елінің қажетіне
жаратуды керек деп, барлық тарих-
шыларды осы мақсатты орындауға
шақырда.
Осындай жағдай қазіргі кезде
біздің елде де туып отыр. Қазақ тари-
хын эвроцентризм жəне марксизм тұ-
жырымдарынан тазартып, ұлттық та-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
137
рих жасау жолында ақиқат принципін
пайдаланудын пайдасы тиері анық.
Кейін неміс тарихшыларының тəжіри-
бесін кеңес тарихшылары да тиімді
пайдаланып, объективтілік принципін
партиялық, таптық көзқараспен ауыс-
тырды.
Бүгінгі ұлттық мүдде объектив-
тілік принципімен сəйкес келе бер-
мейді. Мысалы, 1916 жылғы қазақ
еліндегі ұлт-азаттық қозғалыстың та-
рихын объективті түрде ашуға бола
ма? Қазіргі Ресей тарихшылары қазақ
халқын еліне опасыздық жасады деп
кіналайды. «Жау жағадан алғанда, ит
етектен алды», немесе «ту сыртынан
пышақ салған» адаммен теңестіреді.
Міне осы тарихи фактының шындығы
қайда? Егер Ресей қазақ халқын өз
азаматым деп танып, орысқа істеген
жақсылығын «бұратана» деп есепте-
ген халықтарға да істесе, онда əлбетте
олар оны отаным деп білер еді.
ХХ ғасырдың басында батыс ев-
ропа философтары тарихтың объек-
тивтілігіне қарсы шабулын күшейте
түсті. Ғылымда субъективтілік пен
релятивизм кең етек жайды. Осы ға-
сырдың 70 жылдары постмодернизм
ағымын ұстанған зерттеушілер тарихи
процесстердің таза шындығын анық-
тау мүмкін емес. Сондықтан тарих
көркем əдебиеттің бір саласы. Тарихи
шындық зерттеуші ырқына бағын-
байды, оның шегіне жету мүмкін
емес.
Дегенмен де осыған қарап тари-
хи зерттеулердің шындығы жоқ деген
қорытыңдыға келуге болмайды. Л.
Ренкенің айтуы бойынша «... тарихи
уақиға қалай болса, сол күйінде жазу
керек». [3] Немістің ұлы ғалымының
айтуынша тарих əлемі объективті та-
рихи фактілердің тізбегі екен. Тарихи
шығарма жазу үшін зерттеуші өзінің
баяндар мəселесі жөніндегі жеке ба-
сының көзқарасынан арылуы керек.
Яғни автордың саяси, ұлттық, корпо-
ративтік мүдделері шығармаға əсер
етпеуі керек. Тарихшы болған уақи-
ғаны сынап-мінемей, ыждаһатты түр-
де, мұқият баяндауы керек. Өкінішке
орай Л.Ренке сияқты объективизм
ұранын ұстаған тарихшылар өмірде
тым аз кездеседі.
Тарихи объективизмнің жеңіске
жетуі үшін бірнеше факторлардың
əсер етуі мүмкін. Біріншіден, белгілі
бір тарихи уақиғаны баяндау үшін
деректер корпусы толық болуы қажет.
Бірнеше ғасыр бұрын болып өткен
қоғамдық құбылысты шындыққа жа-
қын етіп көрсету үшін деректердің
бірнеше типін, əр-алуан түрін кешенді
түрде пайдаланған жөн. Бұл жөнінде
немістің белгілі ғалымы Марк Блок
«Тарихтың əрқилы куəлігі – шексіз.
Əрбір адамның айтқан сөзі, жазғаны,
қолымен жасағаны, қолы тиген же-
рінің бəрі ол туралы дерек беруі
керек» - деп жазды. [4] Міне сондық-
тан да дерегі жоқ тарихи уақиға бол-
мауы тиісті. Екіншіден, тек қана зерт-
теуші ғана емес, сонымен қатар қо-
ғамның өзі тарихи шындықты білуге
мүдделі. Оны бұрмалау, жете бағала-
мау немесе асыра мақтау ғылым үшін
де, бүгінгі өмір үшін де қиянат екен-
дігін естен шығармауымыз керек.
Үшіншіден, тарихшылар қауымы көп
жылдар бойы қалыптасқан құндылық-
тар жиынтығы тарихи шығармалар
объективтілігінің кепілі болуға тиісті.
Егер зерттеуші өз еңбегінің беделін,
құндылығын, оған деген оқырман се-
німін арттыру үшін объективтілік
принциптен айнымас деген үміттеміз.
Кейде ғылымда қалыптасқан,
көпшіліктің құлағы үйренген, аксио-
маға айналған тарихи тұжырымдар өз-
геріске ұшырап жатады. Мысалы қа-
зақ жерінің Ресейге қосылуы ерікті əрі
бейбіт түрде өтті деген пікір рево-
люцияға дейінгі орыс əрі кеңес та-
рихнамасында кеңінен орын алды.
Тіпті осы пікірге көлеңке түсірген ға-
лымдарға қатаң шара қолданды. Осы
проблемаға кейінгі кезде ғылымда
түбегейлі теріс тұжырым қалыпта-
суда. Американ ғалымы Т.Кун мұндай
жағыдайды «жаңа парадигмаға ауысу
– ғылымдағы революция» [5] деп
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
138
атайды. Сондықтан объективтілік тү-
сінігіне де əр заманда əртүрлі көз-
қарас болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, тарих шын-
дыққа жету жолында мына төмендегі-
дей шарттарды орындау қажет деп
есептейміз. Алғашқы ескеретін жағ-
дай зерттейтін проблема жөнінде жан-
жақты, толық ақпарат беретін матери-
ал жинап алу қажет. Зерттелер уақиға
бүге-шігесіне дейін шағылып, талда-
нып, оның сол заманның тарихи үрді-
сімен үндесіп жатуы негізгі міндет.
Келесі айтарымыз таңдап алынған та-
қырыптың зерттелу деңгейін толық
аңықтау ғалымның əріптестер алдын-
дағы абыройы. Тақырып бойынша ғы-
лымының жеткен жетістіктерін толық
игерген жағдайда зерттеу жұмысы нə-
тижелі аяқталады. Сөз соңында тари-
хи зерттеудің шығармашылық жұмыс-
тың бір түрі екендігін еске саламыз.
Кез келген ғылым сияқты тарих ғылы-
мының да өз əдістері бар. Жалпы ғы-
лыми жəне тарих ғылымына тəн əдіс-
терді кешенді пайдаланғанда ғана
зерттеу жұмысының шыңдыққа жа-
қын жазылуы хақ. Əлбетте, осы жоға-
рыда көрсетілген шарттарды орында-
ған жағдайда тарихи уақиға жөнінде
объективті білім алу мүмкіндігі туа-
ды. Дегенмен де Мəскеу универси-
тетінің профессоры И.Д.Ковалченко
өзінің көпшілікке белгілі еңбегінде
«все это – только возможность при-
обретения истинных знаний, превра-
щение которой в реальность опреде-
ляется субъективными факторами
процесса познания, а именно – пози-
цией исследователя» [6] дей келе та-
рихи шыңдық зерттеушінің жеке ба-
сына байланысты деген пікір айтады.
Жоғарыда айтылғандардан түйіндері-
міз – тарихи шығарманың құндылығы
ондағы шындықтың деңгейіне байла-
нысты екендігі. Тарихи объективті-
лікті сақтау кез-келген зерттеушінің
қасиетті міндеті. Зерттеу барысында
бүгінгі саясат пен жеке тұлғалардың
теріс көзқарасын ескеру абырой əкел-
мейтін шаруа.
Тарихилық - ғылыми зерттеулер-
де пайдаланатын негізгі принциптер-
дің бірі. Х1Х ғасырда Европа фило-
софия ғылымының мақтанышы бол-
ған бұл принцип тек тарих ғылымын-
да ғана емес, басқа да жаратылыстану
жəне руханият ғылымдарындағы жал-
пы əдіснамалық дəрежеге дейін кө-
терілді.
Осы күнгі қоғамдағы əлеуметтік
жəне саяси құбылыстардың тамыры
тереңде екендігі белгілі. Сондықтан
бүгінгінің күрделі де сабақтасқан мə-
селелерінің шешімін тарихтан іздеу
керектігін айтпаса да түсінікті. Тари-
хилықты əрі таным принципі, əрі
ойлау əдісі ретінде қарастыруға бола-
ды. Таным принципі ретінде тарихи-
лық ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ
ғасырдың басында неміс тарихшыла-
рының еңбектерінен жиі кездестіре-
міз. Осы принципті нақтылаған, əрі
оның толық сипаттамасын берген не-
містің белгілі ғалымы В. Дильтей [7].
Ол табиғатты тану мен қоғамдық құ-
былыстарды танудың арасындағы
ерекшеліктерді көрсете білді. Мұның
өзі бізге тарихи, рухтың өзін-өзі
тануы, дамып жатқан процесс екенін
түсінуге мүмкіндік береді.
Кез келген этностың бүгінгі ру-
хани мəдениеті мен оның бабалары-
ның өткен жылдарда жасап кеткен өр-
кениеті арасындағы сабақтастықты
тарихилық принципін пайдалана оты-
рып анықтаймыз. Сондықтан, тарихи-
лық принципі жалпыфилософиялық,
əрі əдіснамалық ұстаным болып есеп-
теледі.
Зерттеу бағдарламасы ретінде
тарихилық принципі мына төмендегі
шараларды іске асыруға міндетті:
1. тарихнамалық ізденіс;
2. мұқият талдаудан өткен дерек
көздерін пайдалану;
3. зерттеу объектісін жан-жақты
негіздеу;
4. осыларды пайдалана отырып
тарихи шындықты анықтау.
Тарихилық принципін одан əрі
қарай дамытқан Европа ағартушыла-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
139
ры, француз тарихшылары, позити-
вистер мен марксистер болды. Тарихи
процеске диалектикалық-материалис-
тік тұрғыдан қараған марксистерге
тəн ерекшелік – кез-келген тарихи
оқиғаға таптық көзқарас қалыптасты-
ру, өздерінің идеялық ұстанымдарына
басымдылық таныту. Логиканың ор-
нына саяси аргументтерге негізделген
кеңестік тарих ғылымы кейінгі жыл-
дары дағдарысқа ұшырады.
Дегенмен де, марксизмнің ғылы-
ми əдістердің бірі екенін жоққа шы-
ғара алмаймыз. Тарихилық принципін
дамытуда маркизмнің біршама жетіс-
тіктерге жеткені жасырын емес. Олар
табиғат əлемі мен қоғамдық құбы-
лыстардың байланысын зерттеуге ұм-
тылыс жасады. Қоғамның дамуы
адамдардың мақсатты қарекетінің нə-
тижесі екендігін дəлелдеді.
Марксистер тарихи процестің
материалистік түсінігін, қоғамды ре-
волюциялық жолмен өзгерту, тарих-
тағы сапалы секірістер теориясын ай-
қындады.
Детерменизм принципі. Тарихи
уақиғалардың каузальдық (себептілік)
идеясын алғаш рет ашқан неміс жəне
француз ағартушылары. Өздеріне дей-
інгі ғалымдардың тарихтағы құбы-
лыстардың кездейсоқтық идеясына
қарсы шыққан олар, қандай да болма-
сын тарихи уақиға себепсіз болмай-
тындығын дəлелдеді. Х1Х ғасырда
олар эволюциялық əдістің негізін
қалады. Бұл əдістің негізгі мазмұны:
«тарихи уақиғалар тек қана белгілі
бір себептерге байланысты туындай-
ды. Сондықтан да тарих дегеніміз се-
бептер мен салдарлардың жиынты-
ғы» [8]. Аталған принципті позити-
вистер мен марксистер одан əрі
дамытты. Детерменизм принципі бой-
ынша тарихи уақиғалар мен құбы-
лыстар бірімен бірі тығыз байланыста
өрбиді. Тарихшы əрбір құбылыстың
себеп-салдарық байланысын, оны ту-
ғызған факторларды мұқият саралау
нəтижесінде шындыққа көз жеткізеді.
Əсіресе Кеңес дəуірі тарихшылары өз
зерттеулерінде алдымен объектінің
туу себептерін анықтап, оның заңды-
лықтарын ашуға тырысатын. Тарихта
болып өткен таптық көтерілістердің,
төңкерілістер мен соғыстардың себеп-
тері мен сылтаулары, салдарлары тіз-
бектеліп берілетін.
Əлбетте, детерменизм принципін
сынаушылар да бар. Олар: «көбіне
тарихи уақиғалар ешқандай себепсіз
пайда болуы мүмкін, тарихта кездей-
соқтық жиі кездеседі. Болып өткен
уақиғалардың себеп-салдарлық байла-
нысын толық ашу мүмкін емес. Көп
жағдайларда олардың туындауына
толып жатқан факторлар əсер етуі
мүмкін» [9] – деген пікірді ұстанды.
Позитивистердің «бір–біріне тең фак-
торлар» теориясы бойынша тарихи
уақиғаларды тудыратын себептер (са-
яси, экономикалық, идеологиялық) бі-
рімен бірі тең. Олардың біріне бірінің
бағыныштылығын, немесе негізгісін
іздеу қате деп ашып айтты.
Бірақ, зерттеу барысында тарих-
шы көптеген ірілі-уақты себептердің
жиынтығымен кездеседі. Себептердің
өздері де негізгі жəне қосымша, жеке-
леген, ерекше, жалпы себептер болып
жіктелуі мүмкін. Мысалы, ХІХ ғасыр-
дағы Ресейдің Қазақстанда жүргізген
басқыншылық соғыстарының əртүрлі
себептері болды. Жалпы себеп – Ев-
ропа елдерінің дүние жүзі елдерін бө-
ліп алып, өздерінің билігін жүргізетін,
талап-тонайтын, байлығын соратын
аймаққа айналдыру. Еркеше себеп-
қазақ жері есебінен Ресей империя-
сының шекарасын кеңейту болды.
Жекелеген себеп – ХҮІІІ ғасырдың
басында қазақ елінің басына түскен
ауыр да күрделі саяси-экономикалық
ахуал, екі елдің арасында қалыптасқан
нақтылы қарым-қатынастар. Жекеле-
ген тарихшылар еңбегінде осы себеп-
тердің кейбір тобына ерекше көңіл
аударылып, басымдылық беріледі.
Сондықтан да бір тарихи құбылысқа
əртүрлі көзқарас қалыптасады.
Ерекше бір қиындық туғызатын
мəселе – тарихи қайраткерлерге баға
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
140
беру. Белгілі бір мемлекет, қоғам
қайраткерлерінің қызметін ашуда оған
əсер еткен толып жатқан факторларды
ескеруге тура келеді. Мысалы, 1731
жылғы орыс бодандығын қабылдаған
Əбілхайыр ханның осындай қадамға
бару себебі осы күнге дейін тарихшы-
лар арасында пікір – талас тудыруда.
Осындай қадамға оны итермелеген
қандай себептер болды? Саяси дағ-
дарыстан шығудың басқа жолы бар ма
еді? Ресейдің протектораттығын қа-
былдау қазақ халқы үшін қандай ба-
сымдылық берді, оның салдары қан-
дай? Міне, осындай сұрақтар тарих-
шылардың талай буындарын ойлан-
дыруы мүмкін.
Қорыта айтқанда, тарихи уақиға-
лардың себеп – салдарлық байланы-
сын танып – білу ғылыми шығарма-
ның негізгі мақсаты. Таным процесі-
нің шегі болмайды. Сондықтан да əр-
бір тарихи зерттеулер аяқталмаған
процесс, тарихшылардың əрбір ұрпа-
ғы бұл іске өз үлестерін қосады.
Тарихтану теориясына жараты-
лыстану ғылымынан кірген кейбір
əдістер бар. Солардың бірі – тарихи
процеске жүйелік тұрғысынан қарау.
Жүйелік категориясы – элемент, бай-
ланыс, бүтін, бірлік, жіктелу сияқты
түсініктер жиынтығы. Егер тарихи уа-
қиғаны біртұтас құбылыс деп есеп-
тесек, ол толып жатқан ұсақты-ірілі
элементтерден, эпизоттардан тұрады..
Тарихи уақиғаны көз алдыңа елесте-
тіп, реконструкция жасау үшін əрбір
элементті мұқият зерттеп, олардың
арасындағы байланысты анықтап,
оның ішкі механизмінің функциона-
дығын ашып көрсете алу мүмкіндігі
туады. Адамзат тарихи белгілі бір
жүйеге бағынады. Оның ішінде негізгі
белгілі бір тарихи уақиғаны тудыра-
тын құбылыс – элемент болады, оған
толып жатқан қосымша элементтер
қызмет көрсетуі керек. Мəселен, қазақ
этносының қалыптасуындағы негізгі
жүйені құрайтын элемент – ол этнос-
тың өзін-өзі тануы. Ал енді тілдің, мə-
дениеттің, əдет-ғұрыптың, шаруашы-
лықтың, территория бірлігі – бұлар
қосымша элементтер. Негізгі жəне қо-
сымша элементтерді біртұтас зерттеп,
бір-бірімен байланыстыра отырып, қа-
зақ этносының қалыптасу тарихын бі-
луге қол жеткізуге болады.
Нақтылы жүйе өзі дамуының əр-
бір деңгейінде өзгеріске ұшырауы
мүмкін оның элементтері басқа бір
түрге еніп, мəн-мағынасын жоғалтуы
мүмкін тарихи процеске жүйелік тұр-
ғыда қарау кешенділік пен біртұтас-
тықпен сипатталады. Зерттеліп отыр-
ған жүйені құрайтын элементтерді ке-
шенді түрде қарастырғанда ғана ғы-
лыми зерттеу жұмысы нəтижелі аяқ-
талады.
Кез келген қоғамды өте күрделі,
əрқилы байланыстағы, бір-біріне əсер
ететін оқиғалар мен құбылыстардың
өзін-өзі ретке келтіріп отыратын жүйе
ретінде қарастыруымыз қажет. Сон-
дықтан да адамзат тарихын зерттеген
уақытта бұл принципті кеңінен пайда-
ланған жөн. Соңғы жылдары ғалым-
дар мұны таным конструктісі ретінде
қарастыруда. Жүйелік зерттеліп отыр-
ған объектінің қасиеттерімен анық-
талмайды, ол тек танылғалы отырған
субъектінің белгілі бір мақсатқа жетуі
үшін іске асыратын қызметіне байла-
нысты. Сондықтан да əрбір зерттеуші
бір объектінің өзіне бірнеше сипат бе-
руі мүмкін. Кез келген объектіні жүй-
елік тұрғыдан қарастыру үшін оның
көптеген қырларын ескеру қажет:
1)
Ол объектіні процесс ретінде қара-
стыру.
2)
Оның функционалдық құрылымын
анықтау.
3)
Материалдық, ұйымдастырушы-
лық деңгейін анықтау.
4)
Морфологиясын анықтау [9].
Жүйелік принцип тарихи зерт-
теулер лабораториясындағы жаңалық.
Бұл принципті ескі əдістер нəтиже
бермеген жағдайда пайдаланған жөн.
Мұның негізінде соңғы жылдары ғы-
лымда арнайы тарихи – жүйелік əдіс
пайда болды. Тарихшылардың бірша-
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
141
ма тобы осы əдісті пайдалана отырып
ғылымда жаңа табыстарға жетті [10].
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Ренке Л. Цитата мына кітаптан алын-
ды. Методические проблемы исто-
рии: под ред.В.Н. Сидорцева. Минск,
2006. 199 б.
1.
Трейки Г. Бұл да сонда.
2.
Ренке Л. Бұл да сонда.
3.
Блок М. Апология истории, или
Ремесло историка. М., 1973. 38 б.
4.
Кун Т. Структура научных рево-
люции. М., 1975. 22 б.
5.
Ковалченко И.Д. Методы истори-
ческого исследования. М.,1987. 242б.
6.
Дильтей В. Наброски к критике ис-
торического разума. //Вопросы фи-
лософии. 1998. № 4
7.
Порфенов И.Д. Методология исто-
рической науки. Саратов. 2001.
8.
Цитата жоғардағы Порфенов еңбе-
гінен алынды
9.
Абиль Е.А. Этногенез казахов.
Опыт системного подхода. Қоста-
най. Изд. КСХИ. 1997. -110 с;
10.
Бұл да соныкі. Методологические
проблемы применения естественно-
научных методов в историческом
познании: История и синергетика.
Автореф.дисс. на соиск. уч. ст. док.
ис. наук. Караганда. 2007; Досова
Б.А. Синергетика как подход в
историческом познании: историо-
графический аспект. Автореф. дисс.
канд. ист. наук. Караганда. 2007.
Мамиева Б.О.,
филология ғылымдарының кандидаты
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
АСАН ҚАЙҒЫҒА БАЙЛАНЫСТЫ
ТОПОНОМИКАЛЫҚ ЖЕР-СУ АТАУЛАРЫ
Қазақ руларының жайлаған жер-
лерінің бəрі Асанның өз көзімен кө-
ріп, қасиетін байқап сынап берген
жерлері. Шүйделі қоныстарды былай
қойғанда ұсақ өзендер, кішкене төбе-
шік, сай-сала жайында да «бұл туралы
Асан Қайғы солай депті» - деген сөз-
дер жиі айтылады. Сондықтан жер-су-
ларға Асан берген бағалар, М.Əуе-
зовтің берген бағасымен айтқанда –
«қазақ рулары жайлаған қоныс-қо-
ныстың барлығы қалың қазақтың қа-
мын жеген ұлы қариямыздың дуалы
аузынан шыққан жалынды сөз сияқ-
ты» [1,198.].
Қазақтың қамын жеген ұлы қа-
рияның бейнесін жасаушы да халық-
тың ой-көкейіне халықтың арманын
байлап, «елдің ақырын ойлап қайғыр-
ған» Асан Жерұйықты іздеуге бел
буады. Ол «Желмаяға мініп, жиһан
кезіп, «Жерұйық» дейтін ну орманды,
көкорай шалғынды, сулы жер, қой үс-
тіне бозторғай жұмыртқалайтын қо-
ныс іздейді. Елді сол жерге қондыр-
сам деп арман етеді» [2,31. ].
Сонымен бірге, Асан іздеген
«Жерұйықтың» екінші бір қасиеті
«ешкім мазаламайтын, ел қорқып
үрікпейтін жер еді» [3, 375.].
Ал келесі бір аңызда Асан ізде-
ген Жерұйықтың сипаты былай сурет-
теледі: «Дүниеде Жерұйық деген ба-
қытты ел бар деп естиді Асан Қайғы.
Ол елдің жері шұрайлы, суы мол екен.
Ел онда жоқшылықтың, қайғының,
қанаудың, жауласудың не екенін біл-
мейді. Онда қой үстіне бозторғай жұ-
мыртқалайды екен» [4, 234.].
Жəнібекке:
Бұл арадан көшпесең,
Айтқаныма түспесең,
Орыс алар қалаңды,
Шулатар қатын, балаңды
Осыны көрдім түсімде,- деп
елін, жерін орыс аларын түс көру
арқылы білгенін жеткізеді. Айтқанына
көнбеген Əз-Жəнібекке:
Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам.
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
142
Тапқан жерге ел көшір.
Мұны неге білмейсің
Хош аман бол, Жəнібек,
Енді мені көрмейсің,- деп Еділді
тастап, қазақтың сахарасын аралап
кетеді.
Сонымен Асан іздеген «Жерұй-
ық» - мал шаруашылығына қолайлы
(«шөбі шүйгін, суы мол, ой төңірегі
шулап жатқан мал»), өмір сүруге
рахат («жоқшылықтың, қайғының не
екенін білмейді»), əлеуметтік теңдік
орнаған («қанаудың, жауласудың не
екенін білмейді»), сыртқы жаудан
қауіпсіз («Басқа патшалы халық ала
алмайтын, ешкім мазаламайтын, ел
қорқып үрікпейтін») құтты қоныс.
Еліне осындай жер іздеген Асан
баспаған жер, мекен жоқ. Өз сапарын-
да жерге баға беріп, сын айтып отыр-
ған. Оның бір куəсы – Асан Қайғы
есіміне байланысты немесе Асан Қай-
ғының төңірегіндегі адамдарға байла-
нысты топономикалық жер атаулары.
Аңыздардың бірінде Асан сол
өлкелерде болған оқиғаларға арала-
сып, соның куəгері болып көрінеді.
Мұндай аңыздың бірі Қостанай қала-
сының атауына қатысты да айтылады.
Аңыз мазмұны бойынша, Қостанай
маңын жайлайтын қыпшақ руына жау
шапқанда Тана атты егіз қыз батыр-
лық көрсетіп, ерлікпен қаза табады.
Асан ата қыздарды жоқтап «Қос Та-
нам-ай» деп жылайды. Содан қаланың
аты «Қостанай» аталып кетеді [5.].
Белгілі жазушы Ақселеу Сейдім-
беков өзінің «Күмбір-күмбір күмбез-
дер» атты кітабында осы Қостанай
атауын Асанның өмірімен байланыс-
тырады. Торғайдың шығыс бөлігінде
орналасқан Ұлытаудың басында Асан
асаның бəйбішесі Тана-əже жерленге-
нін айтады. Автор Қостанай атауы
осы Тана-əженің құрметіне жəне Тана
жəне Танай деген егіз қыздардың есі-
міне байланысты қойылғанын көрсе-
теді.
Қазақ даласының кейбір елді
мекен атаулары да Асанның Жерұйық
іздеген сапарының барысында, Асан
есімімен байланысты пайда болып
отырады. Мысалы, «Үшқараған» ата-
уы [6, 87.]. Асан ата «Түндікті» деген
өзенді көргенде: «Он екі тұтам қазы-
лық үй түндік, маңырап жатқан қой
түндік, қойдың құлағы тұтам шығып
тұрған жер екен» деп, қимай артына
үш қарағаннан бұл жер «Үшқараған»
атаныпты.
Ал, «Шідерті» деген өзенді көр-
генде: «Мына шіркіннің топырағы
асыл екен. Алты ай арықтатып мінген
ат бір айда майға бітетін жер екен, бос
жылқы шідерлеп қойғандай тоқтай-
тын жылқының жеі екен» деп, сол
жерде біраз жатқан екен. Сол себеп-
тен Шідерті атанған екен.
Сондай-ақ, Ерейментауды көр-
генде: «Желдің жеті есігі бар екен,
қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұр-
са ішіндегі құлын тұрмас ораздының
жайлауы, жиырлының қыстауы екен,
екі жағындағы ел бай болар да қақ
ортасын қоныс қылған ел кедей болар,
бітісі жаман екен, бірімен-бірі төбеле-
сетұғын кісі сықылды ерейіп тұрға-
нын, панасы жоқ дала секілді тау
екен»,- дейді. «Терісаққанды»: - Уа,
шіркін, Сарыарқаның тұздығы екен;
тек анда-санда обып қоятын жұты бар
екен, бірақ артынан мал тез өсетін
жер екен,-депті [7.].
Тегі бөлек Асанның халыққа іс-
теген істері де ерекше. Оның бойында
тылсым күш иелеріне тəн ерекше қа-
сиеттер бар. Ол аң-құстың тілін бі-
леді. Қостанай өңірінен жазып алын-
ған аңыздың бірінде Асан Наурызым
маңындағы Бестарау деген жерде жы-
ланмен достасады. Бір күні Асанның
баласы аңға шығып əкесіне дос жы-
ланның баласын айбайсызда өлтіреді.
Баласыз қалған жылан кектеніп, бала-
ны шағып өлтіреді. Қайғы шеккен
Асан дос жыланына келеді. Жылан
Асанның баласы екенін білмей қалға-
нын айтып, қатты өкініп, бірге қайғы-
рады. Асан мен дос жылан қайғырған
Бестарау деген жер кейін «Асан Қай-
ғы» деп аталады. Қайғы шеккен жері
болса да Асан ата кетерінде бұл жерге
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
143
құты таймайтын, берекелі жер болсын
деп бата беріп аттанады[8.].
С.Қондыбаев «Есен қазақ» зерт-
теу еңбегінде Маңғыстау өңірінде де
Асан қамалы деген жер бар екенін ай-
тады.
Жұрт əлдебір нəрседен тарық-
қанда да Асан өзінің бойындағы ай-
рықша қасиетімен көмекке келеді. Ай-
талық, Асан түгін тартсаң майы шыға-
тын құйқалы жерді көріп: «Шөбі мол
екен, əттең, суы жоқ екен!» - деп су-
сыз тарығып отырған қазіргі Қостанай
облысына қарайтын Қызбел деген
жердің тұрғындарына қолындағы аса
таяғымен түртіп қалып, бұлақтың
суын ашып береді [8, 126 .].
Мұндай оқиға Қорқыт туралы
əпсаналарда да кездеседі. Қазақ ара-
сында Қорқыт қолынан келмейтіні
жоқ зор бақсы (шаман), жасампаз
қаһарманның бірі. Оның мəлени қыз-
меті жайында ел арасындағы кейбір
əңгіме-əпсаналарда баяндалған. Мəсе-
лен, бірінде Қорқыт «Моншақты», ал
екінші əпсанада «Домбыралы» деген
жер аттарын ойлап табушы болып
бейнеленген [9.96.].
Халық арасында Асанның ма-
ңындағы жандарға байланысты да жер
атаулары кездеседі.
«ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ
поэзиясы» жинағында халық арасын-
да сақталған аңыздардың ішінде
Асанның баласы Абаттың өлген жері
туралы аңыз көп кездесетінін атап
көрсетеді. Солардың бірінде Ақтөбе
облысындағы Қобда ауданының орта-
лығы Ново-Алексеевка селосынан
шығысқа қарай он шақырымдай қа-
шықтықтағы Байтақ деген жерде үш
қатар үйдің биіктігіне жуық көне дə-
уірде қолдан құйған, қызыл кірпіштен
салынған мола бар екенін, жергілікті
халық оны Абаттың моласы деп атай-
тынын айтады [7.].
Абат осы жерде үлкен жиын үс-
тінде астындағы Желмаясы үркіп, со-
дан құлап өліпті. Сөйтіп сол жерге
жерленіпті.
Ақын А.Шаяхметовтың «Пира-
мида» кітабында Торғай өңірінде
Қызбел тауының бауырындағы Қа-
расу деп аталатын көлдің пайда болу
тарихын жергілікті халық Асанның
батыр ұлы Абатпен байланыстыра-
тынын көрсетеді. Сонымен бірге Абат
басы деп аталатын жерде мынадай
аңыз айтылатынын келтіреді:
Хан халыққа: «кім қорықпайды?,
кім қызғанбайды?, кім өкпелемейді?»
деген үш сауал тастапты. Оған жи-
налғандар үшеуіне де «Абат» -деп жа-
уап беріпті. Мұны естіген хан Абатты
сынайды.
Алғашында қырық жігітін жібе-
ріп, Абатпен шайқасады. Бұл сыннан
батыр мүдірмей өтеді.
Екінші рет бір жігітті Абаттың
əйелінің қасына жатуға көндіреді.
Абаттың əйеліне хан сынағын түсінді-
реді. Жорықтан батыр келсе, əлгі жі-
гіттің əйелінің қасында жатқанын
көреді. Жігіттің бір қолы əйелдің мой-
нының астында қалса керек. Сонда
Абат; «Шіркін-ай, ер жігіт əйелдің ас-
тына қолын сала ма екен», - деп ұй-
қыларын бұзбай, ақырын əйелінің
басын көтеріп, жігіттің қолын үстіне
салып, алаңсыз ұйықтай береді. Ерте-
ңіне аман-есен келген жігіт ханға бол-
ған оқиғаны айтып береді.
Үшінші рет хан Абатты асқа ша-
қырады. Қонақ деп көзге ілмеген бо-
лып, кəделі табақ емес, ішек-қарын
салған табақ тарттырады. Абат алды-
на қойған тамақты ішіп, рақметін ай-
тып жүріп кетеді.
Мұның бəріне таң қалған хан ба-
тырды қайта шақырып, үш қасиетке
ие болу себебін сұрайды. Сонда Абат
былай деп жауап қайырады:
Қорықпайтын себебім, бірде
жортуылда бір қоян кездесті. 300 адам
қамалап ұстай алмадық. Япыр-ай, тағ-
дыр қырын қарамаса, ажал жоқ екен
ғой, деп қорықпайтын болдым,- дейді.
Ал асқа өкпелемейтінім, бір кез-
де бір жеті жол жүріп, оралып келсем,
шешем күнде ішетін үш мезгіл тама-
ғымды дайындай берген екен, бір мез-
гілде зорға тауыстым, бұл тамақ деген
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
144
көңіл ғой, бұған өкпелеу - пенделік
екен, -деп тоқтадым, - дейді.
Ал əйелімді қызғанбайтыным,
бір жылы сапарға шықтық, жиырма
бес жігіт едік, ортамызда екі əйел бар.
Бір күні екеуі ұрсысып жатыр екен, не
деп жатыр, - деп құлақ түрсем, біреуі
екіншісіне: «мен он екі еркекке ас
қамдаймын, сен он үш еркекке ас
дайындайсың, маған бір байыңның
артықтығын сес қыласың ба?» -деді.
Сонда қанағатсыз жандарды бір еркек
болып қорғап үлгірудің өзі мүмкін
емес екен, -деп ойладым, - дейді.
Ұлттық Ғылым Академиясының
сирек қолжазбалар қорында Асан ту-
ралы аңыздармен бірге келіні (бір
аңыздарда қызы) Жұпардың атасы
Асан таба алмаған «Жерұйықты»
тапқаны жөнінде де аңыздар мəтіні
сақталған. Ол жер «Жұпар қорығы»
деп аталады деген дерек келтірілген.
Асан Қайғының есімі қазақ ара-
сына «Құтты мекен» іздеуші ретінде
кеңінен тарағандықтан кейбір аңыз-
дарда əр өлкенің жер ерекшелігіне сай
тұрғылықты тұрғындардың өзі тұрған
өлкесін «Асан бағалаған құтты жер»
ретінде сипаттау басым болады. Айта-
лық, Қазақстанның батыс өлкесінен
жиналған аңыздардың бірінде ол Шу,
Хорезм, Еділ-Жайық бойын ұнатпай,
Маңғыстауды, мыңсаулық қоздайтын
жер екен, бірақ жері тар екен дей
келе, «Майлықоңыр» деген жерді ұна-
тып, ол қазақтар қоныстанатын жерге
айналыпты [8.].
Қорыта келгенде, ғалым М.Əуе-
зов айтқандай, «Жер-сулар, қоныс-
қыстаулар жайында Асан айтты деген
сын сарап, барлау, болжау сөздердің
көпшілігі сол жерлерді бертінде келіп
қоныстанған елдердің өз жерінің сы-
рын, жаын түсініп, танып болған соң,
көп тəжірибе жылдарынан соң Асан
атынан қосқан өз шығармалары, өз
сындары». Асан Қайғы өмірі мен ол
туралы аңыздар - халыққа қызмет ету-
дің зор өнегесі болып саналады.
ƏДЕБИЕТТЕР
1.
Əуезов М. Əдебиет тарихы. - А.,
1991. - 240 б.
2.
Қазақ ертегілері. А.: «Қазмемкөр-
кемəдбасп», 1959.-31 б.
3.
Асан Қайғының Жерұйықты іздеге-
ні // Қазақ ертегілері. 1 т. - А., 1957.
- 375 б.
4.
Сказочная страна Барса-келмес //
Казахские сказки 3-т. Т.1. - А.,
1958. – 233 с.
5.
ҚМУ филология мамандығы сту-
денттерінің фольклорлық практика
материалдары. - Қостанай, 2003.
6.
«Таң» журналы. 1925 жыл, 11
наурыз. - №1. - 87-89 бб.
7.
Мағауин М. Қобыз сарыны // Ға-
сырлар бедері: Əдеби зерттеулер. –
Алматы: Жазушы, 1991.
8.
ҚРҰҒА сирек қолжазбалар қоры.
Папка №910, №5 дəптер.
9.
Қасқабасов С. Миф пен əпсананың
тарихилығы. // Қазақ фолькло-
рының тарихилығы. А., 1994.
Полонянкина З.Г.,
ст.преподаватель
Дюжина Т.Я.,
ст.преподаватель
Гребенюк О.,
студентка
Костанайский государственный педагогический институт
СОЦИАЛЬНЫЕ УСЛОВИЯ ЗДОРОВЬЯ И ПИТАНИЯ СТУДЕНТОВ КГПИ
Вопросы питания сегодня в цен-
тре внимания медицины. Во всех
странах постоянно возрастает интерес
к ним самых различных слоев населе-
ния, научных работников и государст-
венных органов. Это связано, прежде
всего, с тем, что уже сейчас на нашей
планете ощущается весьма значитель-
ный недостаток пищевых продуктов в
целом и белковых в частности. Около
60% населения земного шара, преиму-
щественно в слаборазвитых странах
ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
145
Юго-Восточной Азии, Африки и Ла-
тинской Америки, получают неполно-
ценное питание в результате недоста-
точного потребления белков животно-
го происхождения. 15% населения
страдают от недостаточного питания
в связи со сниженным содержанием
белков и калорий в пищевом рационе.
Проблема питания включена в
число важнейших глобальных проб-
лем, которые выдвинуты ООН перед
человечеством наряду с такими проб-
лемами, как охрана окружающей сре-
ды, обеспечение энергией и др.
Быстрое увеличение численно-
сти населения земного шара требует
соответствующего роста производства
пищевых ресурсов и продуктов пита-
ния – это одна из главных проблем,
определяющих прогресс земной циви-
лизации.
Вместе с тем огромное значение
придается сейчас взаимосвязи пита-
ния и здоровья в странах с высоким
уровнем жизни, где очень большая
Достарыңызбен бөлісу: |