нәпсіқұмарлықтың жаулығы басым.
тылы формасы. Ой сезім сияқты адам
құбылыс. Алайда ой адамға туа бітпейді,
яғни адамға жаратылысынан тән емес.
құбылыс. Мұның өзі ойдың шығу тегі
адами орта, яғни қоғам дегенді білдіреді.
беріледі.
атауға болады. Адам өзінің өмір
алмайды. Табиғат затын ол тауып,
бейімдеп өңдейді. Бейімдеу, өңдеу
болады.
оймен бірге тіл пайда болады. Тіл сол ой,
немесе сырттай өмір сүру формасы.
дегенді білдіреді. Сондықтан өзінің
деп қарастырған дұрыс.
түрлі болады. Ой қарапайым адамда
шектеледі. Оны кәдуілгі ой дейміз. Ал
сүріп, обьективті деңгейге көтеріледі.
обьективті ойдан тұрады. Ой туу ерек-
қоғамдық сипатта болады. Ойдың өзі
баласына қызмет етеді.
қайшы болатынын еске ұстауымыз керек.
затты өзімізге бейімдей алмаймыз. Мән
сол заттың ақиқаты. Ол сезім дүниесіне
белгісіз. Оны ой ғана бағындыра алады.
сезімсіз өмір сүре алмайды. Сезім ойға
дүниемен байланыстырады. Ой осы
заңдылықты ашады. Сүйтіп адам игілігін
барынша тереңдетіп отырады.
Сезім деген не?
ерекше формасы. Бейнелеу ұғымын сан
түрлі түсінуге болады. Өйткені сезім
нан адамның мәнді анықтамасы. Демек,
тек алғаш сезім түрінде келеді. Сезім
дүниеге айналу процесі.
дүние. "Мынау", немесе "бар" деп сезім
лаймын. Тәжірибе арқылы сыртқы
айналады. Енді пайда болған ішкі дүние
сатыдағы сезімді туындатады. Осы
зат рахат, қуаныш, қайғы т.т. эмоцио-
шексіздікке дейін кете береді. Адамның
космос сезімнің осындай толқыныстары.
тіндігін көреміз. Жеке адам үшін сезім -
қамтиды. Адам қоғамдық құбылыс
мәжбүр. Бұл тұрғысында сезім адамның
елестету деңгейлерімен анықталынады.
түсінген дұрыс. Мысалы, эстетикалық
адами ортада бой көтереді. Егер біз
дүниесіне кіреді. Бұл жерде сезім парыз,
сүйіспеншілік т.т. болып бұл да созылып
кете береді.
Сезім жануарларда да болады. Бірақ
тұқым шашу, сақтық т.т. шегінде
ала болуы тиіс код сияқты өмір сүреді.
Одан сыртқа шығып кете алмайды.
анықталынады, жануардың өзі табиғат.
Адамда сезім дүниесі оған қарама қарсы.
өмір сүреді. Оның алғашында жан-
табиғатқа тікелей байланысты. Адам
құбылысқа айналады. Сондықтан сезім
бірдей. Бір жақты жауап мүмкін емес.
Мысалы, біз өлім мәселесін алайық.
ол бүкіл тірілерге ортақ тағдыр. Өлім
алмайды. Бірақ өлім сезім ретінде
жануарға жоқ. Адамға ол бар және
өз шешімін сол жерде табады.
3
1 маусым 2016 жыл
Тәжірибе. Әдістеме. Ой. Пікір
А. Құнанбаев. "Ғылым таппай мақтанба"
Мамандық таңдаудың өмірлік маңызы
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
Кітап - біздің досымыз
“Мұқағали мұрасы - өшпес ғұмыр”
Танысыңыз, бізде жаңа кітаптар!
Ой.Пікір
Әкемді мақтан етемін
Әкемді мақтан етемін
Әкемді мақтан етемін
Әкемді мақтан етемін
Әкемді мақтан етемін
Сабақтың тақырыбы: А.Құнанбаев.
"Ғылым таппай мақтанба".
Сабақтың мақсаты: А. Құнанбаев
туралы толық мағлұмат беру, өлең
мазмұнын түсіне отырып, негізгі ойды
ашу. Өлең мазмұнындағы адам
бойындағы қасиеттердің ара - жігін
ажырату. Өлеңді мәнерлеп оқу машығын
дамыту.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту
сабағы.
Оқыту әдісі: Сын тұрғысынан
ойлауды дамыту. Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі.
Көрнекілігі: Абай туралы толық
деректер, үлестірме материалдар.
Сабақтың барысы:
I.
Қызығушылықты ояту;
II. Үй тапсырмасын тексеру:
IV. Мақсат қою кезеңі: "Ғылым
таппай мақтанба".
- Осы тақырып бойынша нені
меңгеруге тиіспіз?
Автор туралы дерек білу.
Өлең мазмұнын түсіну.
Жақсы және жаман қасиеттерді
тану.
Мағынаны тану:
Топтық тапсырма:
Абай Құнанбаев туралы мәлімет,
сызбада көрсету, қорғау, толықтыру.
Өлеңді мәнерлеп тізбектеп оқу;
Өлең мазмұнына талдау жасау:
- Әр топ жобамен қорғайды.
2. Топтық жұмыс:
1 - топ: ------------- 2 - топ:
Бес асыл іс ------------ Бес дұшпан
Талап ---------------- Өсек
Еңбек ----------------- өтірік
Терең ой --------------- мақтаншақ
Қанағат -------------- еріншек
Рақым ----------------- Бекер мал
шашпақ
3. Сөз сиқырын ұғайық! Жақсы
қасиеттер мағынасы Жаман қасиеттер
мағынасы.
4. "Мақал жалғастыр" ойыны:
Жақсыдан үйрен
(Жаманнан жирен)
Талап тұлпар
(Білім сұңқар)
Талант қартаймайды
(Білім ортаймайды)
Әріптен білім
(Әліппеден ғылым)
Ақыл азбайды,
(Білім тозбайды)
Өнерлі (өрге жүзеді)
V. Ой толғаныс: Салыстыр.
Адам бойындағы қасиет - мінез-құлық,
іс - әрекет.
Жақсы қасиет -------------------- Жаман
қасиет
Білімді --------------------------------
Білімсіз
Ақылды --------------------------------
еріншек
Талапты -----------------------------------
қайырымсыз
Еңбекқор -----------------------------------
жалқау
Қайырымды --------------------------------
--- өсекші
Дыбыстық талдау жаса:
Жұппен жұмыс:
Ғылым Еңбек Өнер Талап. Біз не
үйрендік?
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттап
келу.
Айнұр МҰҚАНОВА,
№ 213 мектеп мұғалімі.
Жаңақорған ауданы.
Он бес пен жиырма бестің
арасында,
Бұл жаста бересім көп, аласым да.
Алдымда толған мақсат, толған
таңдау,
Алайын мынасын ба, анасын ба?
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
осы бір шумағы барлығымызды да
ойландырары сөзсіз.
Кеше ғана ата-ананың аялы алақа-
нында, ұстаздарыңның қамқорлы-
ғында болып келген сіздердің ендігі
жерде өмірден өз орындарың қызды
тауып, қоғамға пайдалы еңбекпен
айналысатын белсенді азамат
болуларыңыз - өмірлік парыз. Бұл
ретте сіздердің алдарыңызда өмірлік
мәні бар үлкен бір белес, жауапты
міндет тұр. Ол - өз білімдеріңізді
жоғары дәрежеде дәлелдеп, ҰБТ-да
жоғары нәтиже көрсетіп, белгілі бір
мамандықты дұрыс таңдай білу және
оны меңгеру. Мамандықты дұрыс
таңдау адамның бүкіл болашақ тағды-
рына тікелей әсер етеді. Бұл ретте
мамандық таңдау дегеніміз - тағдыр
таңдау десе де болғандай.
Жастарға албырт ой, ұшқыр сезім
тән келеді. Әркімнің неше түрлі
мамандықтарды игергісі келеді. Бірақ,
солардың ішінен қайсысының басын
ұстарын білмей қиналатыны бар. Ең
жақсы мамандық қайсы? Оны қалай
еткенде дұрыс таңдауға болады? Оны
тез меңгеріп алудың жолы қандай?
Шынында да қазіргі заманда ғылыми-
техникалық прогрестің ғаламат
өсуінің нәтижесінде еңбектің маман-
дандырылу дәрежесі соншалықты
артып, шырқау биікке шарықтап
кеткен кезінде мамандықтың түрі көп.
Ғалымдардың есептеуі бойынша қазір
мамандықтың 390 мыңнан астам түрі
бар. Соның 15 мыңнан астамы
жұмысшы мамандығы. Олай болса,
әркім ұшы қиыры жоқ мамандық
түрлерінің қайсысын қалап, қайсысын
ұстауы тиіс. Бұл ретте әркім ең
алдымен өз бойында қалыптасқан
қабілетіне, дамып келе жатқан
біліміне, бейініне, денсаулық ерек-
шеліктеріне қарау керек. Осы аталған
қасиеттеріне орай мамандықтың
белгілі бір түрлерін таңдауы қажет.
Әсіресе, осы салада жұмыс істейтін
тәжірбиелі мамандардың ақыл-кеңесін
тыңдаудың, олардың жұмыс орын-
дарында болып, бәрін көзбен көріп,
көңілмен тоқудың зор маңызы бар.
Әркімнің таңдаған мамандығы өзіне
ұнауы тиіс. Ол сонда ғана бар ынта-
жігерімен сол мамандықты жете мең-
геруге тырысады. Адамның өзіне
ұнаған, жаны жаратқан, талғамына сай
келетін мамандық ризашылық сезімін
ұялатады. Ол адам сонда ғана өз
мамандығын жете меңгеріп, толық
қабілетін жұмсап еңбек етеді, өз
еңбегін мақтаныш тұтады. Мұндай
еңбек шабытын шақырады, ұдайы
шығармашылық ізденіс үстінде болуға
итермелейді.
Кездейсоқ таңдай салған мамандық
адамның қымбат уақытын босқа
ысырап етеді. Егер атқаратын жұмыс
адамның өзіне ұнамаса, талап-
талғамына сай келмесе, рухани және
дене күшінің мүмкіндіктерінен тыс
тұрса, ондай жұмыстың ауырлығы
да, азабы да көп болмақ. Дегенмен де
өз ықыластарымен атқара алмайтын
мамандықтағы жұмыстан айырылмай
жүре беретін, одан өзіне де, қоғамға
да пайда келе алмайтынын сезе
қоймайтын адамдардың аз кездеспей-
тініне өкінбеске болмайды.
Мамандық таңдау кезінде әркім-
нің психологиялық ерекшеліктерімен
қатар олардың моральдық көзқарасы,
ерік-жігері, борыш пен жауапкер-
шілігі, тәуекелге бел байлағыштығы
тәрізді қасиеттерді ескермеске
болмайды. Мұның өзі әсіресе геолог,
ұшқыш, теңізші, дәрігер сияқты
мамандық түрлерін таңдағанда ерекше
назар аударатын нәрсе. Кейбір
мамандық түрлері оймен еңбек етуді,
алғырлықты, тез шешім қабылдауды
қажет етеді. Міне, мамандық таңдау
кезінде оның осындай ерекшеліктерін
ескеріп, отыру қажет екенін өмір
тәжірбиесі көрсетіп жүр.
Әр кезеңнің өз экономикалық,
әулеметтік және мәдени ерекшеліктері
болады. Соған орай мамандық түр-
лерінің маңыздылығы да өзгеріп
отырады. Мамандықтың жаманы жоқ,
тек оны сүйе білу керек, ынта қойып,
қызыға меңгеру керек.
Қазақта: "Ата көрген - оқ жонар",
ана көрген - тон пішер", "Ұяда не
көрсең - ұшқанда соны ілесің" деген
мағынасы терең мақал-мәтелдер
молынан кездеседі. Әрі бұл - бүтіндей
бір халықтың өмірлік тәжірбиесін бір
арнаға тоғыстырған өскелең ұрпақты
қаршадай кезінен бастап қандай бір
кәсіпке баулудың өзіндік бағыт-
бағдары екені даусыз. Ежелден бері
ұста, зергер, етікші, өрілші, ембі,
атбегі, құсбегі саяткер т.б. көптеген
кәнігі кәсіби шеберлер өз өнерлерінің
құпия- қатпарларын көлденең көк
аттыға жайып сала бермеген. Олар
қашанда қабілет-бейімі бөлекше ұл-
қыздарының біріне немесе өздеріне өте
жақын қолының ебі бар балаларға ғана
өз кәсібінің қыр-сырын үйретіп
өмірлік аманат ретінде қалдырып
отырған. Өнерлі ата-ана осыны
қазірден бастап өскелең ұрпақ-
тарының құлағына құя бергенінің
ешбір айыбы жоқ деп ойлаймын. Бұл
біздің халқымызда ғана емес, дүние
жүзі халықтарында бар өнеге.
"Кім боламын?"
Бұл аса бір күрделі де қиын сауал.
Осыған жауап беретін адам кім дегенде
алдымен ауызға ілігетіні тағы да сол
баланың ата-анасы. Өйткені, олар өз
перзентінің жай-күйін бесікте жатқан
кезінен жақсы біледі. Одан кейінгі
оның бірден-бір ақылшысы өз шәкіртін
күнде көріп, өзіндік мінез-құлық,
қабілет бейімін көңіліне түйіп жүретін
ұстазы.
Баланы болашақ кәсіпке бағдарлау
ісі жас талаптың ең әуелі өз халқының
қазіргі ұлттық мүдесін ескеретіндей
бағытта жүргізілсе құба-құп.
Қорыта келгенде, мамандық таңдау
кезінде бір-бірімен тығыз байланысты
екі нәрсені мұқият ескеріп, басшы-
лыққа алған жөн.
1. Бұл мамандық маған не береді?
Осы мамандықты таңдасам, өзімнің
қабілетімді түгел жұмсап, өзімді өзім
көрсете аламын ба?
2. Бұл мамандықты меңгерсем,
халыққа, қоғамға қандай пайда келтіре
аламын.
Жанат СЕРІКБАЕВА,
№29 Т.Ізтілеуов атындағы
қазақ орта мектебінің мұғалімі.
Қармақшы ауданы.
Қазақ поэзиясының көгінде кешегі
майдангер, ғажайып дарын иесі Қасым
Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай
жарқ еткен, қара өлеңнің құдіретін
ұғынған, "поэзия" атты тұңғиық теңізде
еркін жүзген, мәңгілік жырдың марғас-
қасы - Мұқағали Мақатаевтың биыл көзі
тірі болғанда 85 жасқа толар еді. Өзінің
өнері - өлеңімен жалпақ елінің жүрегіне
жол тауып, бүкіл халықтың сүйіспен-
шілігіне бөленген ұлы перзентінің ұр-
паққа ұран болған жырларын елі
ешқашан есінен шығармасы анық. Осы
орайда ақынның 85 жылдық мерей-
тойына орай туған жерінен бастап
еліміздің өзге де өңірлерінде әдеби
кештер мен түрлі байқаулар өткізілуде.
Бұл мерейтойға біз де өз үлесімізді қосу
мақсатында мектебімізде "Мұқағали
мұрасы - өшпес ғұмыр, таусылмас қазы-
на" атты оқушылар арасында байқау
өткіздік.
Байқау барысында мектебіміздің 5, 11-
сыныптар арасындағы оқушылары ақын
жырларын мәнерлеп оқумен қатар,
берілген дайын ұйқасты пайдалана
отырып, тұжырымды да, түйінді өлең
шумақтарын құрастыра білді. Сайыс-
керлерге төрелік еткен қазылар алқасы
оқушылардың ақын шығармашылығын
жақсы білуі мен оның өлеңдерінің ой
кестесіне сай көркемдеп оқылуына,
жүріс-тұрыс мәдениетіне, сахнада өзін-
өзі ұстауына баса назар аударды.
Нәтижесінде бас жүлдені 7 "Ә" сынып
оқушысы Қалмырза Гүлнұр иеленсе, ал
I-орынға 9 "А" сынып оқушысы Бакиева
Ләйла мен 6 "Ә" сынып оқушысы
Ермаханова Аружан ие болды. Сондай-
ақ, жүлделі II-орынды 9 "А" сынып
оқушысы Алпамыс Айдана мен 6"Ә"
сынып оқушысы Жасұланова Нұрайым
жеңіп алса, ал III-орынды 8 "Б" сынып
оқушылары - Ізімғалиева Алтынай мен
Сламбекова Айзат және 5"А" сынып
оқушысы Қайруллаев Нұржігіт иеленді.
Шара барысында бейнекөріністер
мен тақырыптық слайдтар арқылы
ақынның өмірі мен шығармашылығы
турасында мол мағлұмат беріліп, көп-
теген аудандық, облыстық байқаулардың
жеңімпазы, мектебіміздің мақтанышына
айналған әнші қызымыз Ермаханова
Гулфайруздың орындауында ақынның
"Жапырақ жүрек жас қайың" атты
керемет әні шырқалды. Сондай-ақ,
"Аққулар ұйқтағанда" дастанынан көрініс
қойылды. Сайыс соңында барлық жеңім-
паздар мақтау қағаздарымен марапат-
талды.
Данасұлу ЖҰМАҒАЗИЕВА.
Байқоңыр қаласы.
Ашаршылық жылдарындағы қиын-
қыстау кезеңді басынан өткізген
халықтың күйін жеткізу мақсатында
шыққан "1932-1933 жылдардағы ашар-
шылық ақиқаты" атты кітаппен,
өлкетанушы, журналист Сағат Жүсіп
құрастырған "Ашаршылық ақиқаты"
атты деректер, әңгімелер, зерттеулер
енгізілген кітаптармен танысуға бола-
ды.
Ардагер-ұстаз Сейітбек Өтеген-
ұлының құрастыруымен шыққан
"Аламесек энциклопедиясы" атты
кітабына Қызылорда облысы Жалағаш
ауданындағы Аламесек елді мекені,
Аламесекке еңбегі сіңген қоғам
қайраткерлері, ауыл ардагерлері, батыр
аналар, көше атаулары, тарихи жер-су
аттары, Аламесекте өсетін өсімдіктер
мен мекендейтін аң-құстар, ауыл
кәсіпкерлері жайлы мағлұматтар,
сонымен қатар, ауылға арналған ән-
жырлар, осы топырақтан шыққан
перзенттерінің арнау өлеңдері енгі-
зілген.
Қалкөз Әбдікәрімовтың " Алыптар
шыққан ауыл" атты кітапта құрылғанына
40 жыл толып отырған Өзгент кең-
шарының тарихы, өркендеу жолы,
ауылдан шыққан елге белгілі қайрат-
керлер, басшылар, совхоз директор-
лары, еңбек адамдары, білім, өнер,
мәдени-әлеуметтік сала мамандары
жайлы айтылады.
"Азамат. Ақын. Қайраткер" атты
ғұмырнамалық естелік кітабы ақын,
қажырлы қайраткер Садықбек Хангел-
диннің рухына арналған.
Ж.Аманов, К.Сейітовтің "Батырлар
басқарған ауыл" атты көркем публи-
цистика тәсілімен жазылған тарихи-
танымдық кітапта Қызылорда облысы
Сырдария ауданының Нағи Ілиясов
ауылының құрылу тарихы, өсу-өркендеу
жолдары, қиын кезеңдерді бастан өткізіп,
қайта дәуірлеуі тарихи деректерге
сүйеніп берілген.
Мемлекет және қоғам қайраткері
Елеу Көшербаевтың үш томдығының
бірінші томына 1975-1992 жылдары
республикалық баспадан жарық көрген
кітаптары "Өндіріс ұйтқысы" мен
"Серпін" біріктіріліп берілген. Бұл екі
кітапта автор өзі басқарған Қармақшы,
Қазалы аудандарының экономикалық
өрлеу кезеңін баяндап, 1800 еңбек
майталмандары, зиялы қауым туралы
жазылған.
Екінші томына Елеу Көшербаевтың
өмірбаяндық деректері және оның
республикалық, облыстық және аудандық
басылымдарда жарық көрген мақалалары
мен ол туралы замандастары жазып
жариялаған мақалалары топтастырылған.
Үшінші томына Елеу Көшербаев
ғұмырының соңғы күндерінде емделіп
жатып жазған жазбалары (аяқталмай
қалған) енгізілген. Сондай-ақ замандас-
тарының естеліктері мен арнау өлеңдері
қоса берілген.
Әдебиетші, сыншы, публицист, фило-
логия ғылымының докторы, профессор
Құлбек Ергөбектің "Түркістан жинағы-
ның" 5 томымен, жазушы Медеу Сәр-
секенің "Шығармалар" жинағының 8
томымен, жазушы Қажығали Мұхан-
бетқалиұлының төрт томдық "Шығар-
малар" жинағымен, ақын, шығыстанушы
Өтеген Күмісбаевтың 5 томдық "Шығыс
Шайырлары" жинағымен, жазушы Әлди-
хан Қалдыбаевтың роман, хикаяттар,
әңгімелер, драмалық шығармалар енгі-
зілген "Шығармаларының" 4 томы,
қаламгер Рахметолла Райымқұловтың
"Таңдамалы шығармаларының" 3 томы,
ақын Өтежан Нұрғалиевтің шығарма-
ларының 3 томымен, жазушы Алдан
Смайылдың "Көп томдық шығармалар"
жинағының 5 томымен кітапхана қоры
толықты.
А.Смайылдың "Көп томдық шығар-
малар" жинағының 1 томына роман,
повестер, 2 томына повестер мен әңгі-
мелер, 3 томына автордың ежелгі Ақмола
- Қараөткел өңірінің тарихын ұзақ уақыт
зерттеудің нәтижесінде жазылған тарихи
деректемелер туындысы енген, 4 томына
деректі-танымдық шығармалар, 5 томына
саяси-әлеуметтік публицистикалары
енгізілген.
Кітап сүйер қауымды жаңа кітап-
тармен танысып, оқуға шақырамыз!
А.МАХАМБЕТОВА,
Ә.Тәжібаев атындағы облыстық
кітапхананың бөлім меңгерушісі.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл терең білуге.
Артық білім кітапта
Ерінбей оқып көруге, - деп ұлы Абай
атамыз айтқандай, білім- адам жанының
азығы десек, кітап - сол білімді алудың
басты құралы. Білімді болумен қатар
біздің бойымызда адамгершілік, ар-ұят,
кішіпейілдік, ізгілік, қайырымдылық
қасиеттер болу керек .Осы қасиеттерді
бойға сіңіретін жақсы дос кітап. Кітап -
рухани байлығымыз. Кітап- адам
баласының ақыл- ойынан туған рухани
байлықты сақтап, оны ұрпақтан- ұрпаққа
жеткізіп отыратын, білім мен тәрбие
беретін құрал.
"Кітап - заманалар толқынында
тербетіліп, көкірегіндегі қымбат қазынасы
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан
ой кемесі" деп ағылшын философы
Френсис Бекон айтқандай, кітап дәуір
шындығын, халық тағдыры мен арман
мұратын, ел тынысын, ұлттық әлеуметтік
тіршілігін, ұлттық сезімін танытып, ұлттық
негізде тәрбие берер құнды құрал.
Кітап - өлшеусіз қазына, теңдесі жоқ
байлық.
"Кітапсыз білім жоқ, білімсіз күнің
жоқ" деген мақал тегін айтылмаған.
Қазіргі таңда мектеп оқушыларының,
балаларымыздың көркем әдебиетке деген
қызығушылығы азайды. Әдебиетке деген
құлықсыздық пайда болды. Оның
себептерін күнделікті қолданысқа енген
ғылым торабын, компьютер секілді
құралдардың әсері деп білеміз.
Әдебиет - тәлім-тәрбиенің қуатты
тірегі. Оны жоғалту - адамгершілікті
жоғалту. Сонымен қатар, рухани жан
дүниенің жұтаңдығына тап боламыз.
Олай болса кітапқа деген оң көзқарасты
қалыптастырып, оны парақтап, көз
жүгіртіп қана шықпай, түйсікке түйіп,
оқуға ниет қояйық. Кітап оқу -
жамандықтан жирендіріп, жақсы
әдеттерді қалыптастырады. Ойымызға
қаншама құнды дүниелерді қосады.
Кітапты судыратып оқып шықпай,
оларды белгілі бір мақсатпен, керекті
жерлерін, керекті сөздерін жазып алып
өмірде пайдалануға әдеттенуіміз керек.
Бата алғанның бағы бар
Бата алғанның бағы бар
Бата алғанның бағы бар
Бата алғанның бағы бар
Бата алғанның бағы бар
Қазақ халқының ұлттық мәдени
игіліктерінің ішінде, елдің рухани қазы-
насында бата сөздерінің мән-мағынасы,
қадір-қасиеті айрықша бағалы. Өйткені,
қанымызға сіңісті, жанымызға жұғымды,
ой санамызға нұрлы шуақ сыйлап,
сілкіндіріп, серпілтетін, марқайтып
қанаттандыратын осынау ақыл, нақыл
сөздер- тәрбиенің бастау бұлағы.
Аталардың қасиетті өсиетті замандар
мен ғасырлар бойы мысқалдап жиналып
ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір
тәжірибесінің, тарихи санасының дана-
лық қорытындысы, адамгершіліктің
ережесі, қағидасы іспеттес.
"Бата" ұғымының тек-төркініне
барлау жасар болсақ, Құранның бірінші
сүресінің аты "Фатихадан" туындаған
тәрізді. Мұнда жаратушы мен оның
"елшісі" Мұхаммедке мадақ сөз айты-
лады.
Халықтың тілек- бата сөздері жет-
кіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы,
зерделі, арлы болып өсуге баулиды,
малды- басты, дәулетті, бақытты, кекшіл
емес кешірімді болуын тілейді, жерін, елін
қорғауға талапты азамат боп ержетуге
талпынтады.
Белгілі бір этикалық, эстетикалық,
педагогикалық жүйемен келе жатқан
ежелгі мұрасы. Бұлар- оның рухани
өмірінде тұтастық, бірлігін, салт-дәстүрін,
адамгершілік қасиеттерін сақтауда
ерекше қызмет атқарады. Сөздік құра-
мында кейде діни ұғым- түсініктер
кездессе, ол заман таңбасы, сол дәуірдегі
тәрбиенің пәрменділігін арттыру үшін
қолданылған тәсіл деуге тиіспіз.
Ал, бүгінгі туған тілек-бата сөздер
қайта түлеген өскелең заманның рухына
сай жаңаша жарасым, мәнге ие болған.
Шындығында, шынайы шеберліктен,
терең толғаныспен тоқылған бата сөздер
сол қауымның адамгершілік-моральдық
жаратылысын, ұлттық дәстүрлерін,
табиғатқа, қоғамға дүниеге көзқарастары
мен түсініктерін, ырым-нанымдарын
аңғартады.
Бата берудің рәсімі де әртүрлі болып
келеді.
Болашақтың тұтқасы, иесі - ұрпағына
амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжет-
тілік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ
өмір, үлкен табыс тілеу - ежелден
адамзаттың асыл мұраты болса керек:
Айдай жарқыра,
Жұлдыздай жалтыра,
Маңдайың ашық болсын,
Дұшпаның қашық болсын!
Халықтың ежелгі қонақжайлық салты
бойынша, егер де құрметті мейман белгілі
бір шаңыраққа ат басын тіресе, оған
арналып, қой немесе тай сойылады,
қонақасы беріледі. Сойыс малын қонаққа
көрсетеді. Себебі, ол малдың күйін, дені
таза екендігін көреді. Сонан соң бата
жасайды. Алғыс яки бата сөзде үй иесінің
сау- саламат болып, бәле -жаладан
амандығын тілейді.
Әйгілі тілші-ғалым, ақын, аудармашы,
әдебиет теоретигі Ахмет Байтұрсынов:
"Бата - біреуге алғыс бергенде
айтылатын сөз. Батаны ақсақал аталар
айтады. Батагөй шалдар - басы бар
табақты тартуға алып келгенде де, асты
жеп болғанда да бата қылады" деп
жазады, 1926 жылы жарияланған
"Әдебиет танытқыш" атты ғылыми
еңбегінде.
Халел Досмұхамедовтың пікіріне
жүгінсек, қазақ елінде кең қанат жайған
мынадай бір ырым бар: "Өз ісінің әбден
төселген, ысылған, тәжірибелі шебері,
мәселен, би, ақын, бақсы, зергер және
тағы басқалар өздерінің қасиетті өнерін
ізбасар шәкірттеріне аманат етіп
тапсырғанда ақ батасын береді" дейді.
Алыс сапарға шығарда, аса жауапты
істі бастарда, басқа да ақ ниетті асыл
армандар алдында тұрғанда бата алу
халқымыздың ежелден келе жатқан
дәстүрі. "Даналардың ақылын тыңда,
сөзін тұт, сонда ғана ақ ниетіңе адал
жетесің, қыдыр қолдап, басыңа бақ
қонады". Осы ой, осы сенім шешендерді
де батырларды да алыстан ат шалдыртып,
батагөй қарияларды іздеттірген. Үлкен
жиындарда қалың нөпір халықты ақ
батаға жапырыла қол жайдырттырған.
Жинақтап айтсақ, нәресте дүниеге
келгенде, бесікке салғанда, ұлды
үйлендіргенде, келін түсіргенде, қыз
ұзатқанда, қан майданға яки қажылық
сапарға аттанарда, ас қайырғанда, бие
байлағанда, көшкенде, мүшел, қоныс
тойларда, ұлыстың ұлы күнінде, жаңа
киім кигенде, жақсы іс бастарда,
үлкендерге құрмет көрсеткенде, кейде
қаралы шақтарда да ақ бата беріледі.
Қазақ батырларының тақырыптық
шеңберінде этика, мораль, ар-ождан,
ынтымақ, бірлік, молшылық, бақыт,
қонақжайлылық, амандық-саулық және
тағы басқа мәселелер қозғалады.
Күншығыс елдерінің, оның ішінде
бақташылықпен шұғылданған көшпелі
халықтың жаңа жылдық мерекесінде
яғни, ұлыстың ұлы күнінде мынадай бата
беріледі:
Ұлысың оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле жала жерге енсін!
Біздер қазақ халқы осы батаның
күшімен, құдіретімен, киесімен өсіп-өніп,
көктеп- көгеріп, ел болып, жұрт болып
өркен жайып келеміз. "Бабадан асқан әз
болмас, батадан асқан сөз болмас" дейді
атам қазақ.
Бата - халқымыздың мәдени мұрасы,
ұлттың игілігі, асыл қазынасы, рухани
азығы, өмірі. Бата еш уақытта да
өшпейді, ешуақытта өлмейді, халықпен
бірге мәңгі жасап келеді және жасай
береді. Батасыз өмір жоқ.
Бата - басталғалы тұрған іргелі істің
қасиетті тұмары, ілгері басқан қадам-
ның тұсау кесері, алда тұрған міндеттер
мен мақсаттардың бағыттаушысы, іргелі
істердің ұйытқысы.
Бата - ұлттық танымыныздың
біртұтас жүйесі.
Ақ бата - ақ тілек барлық тәрбие
атаулы тәңірдің сарқылмас қайнар
бұлағы, сөнбейтін мәңгілік шырағы.
Өйткені, ол сүйегімізге, қанымызға
сіңісті, жанымызға жағымды, ақы-
лымызға қонымды, ойымызға ора-
лымды, санамызға шуақ түсіретін,
марқайтатын, қанаттандыратын, көнді-
ретін құдіретті ақыл сөз, шешен сөз.
Бата беру өнерін келешек жастары-
мыздың бойына сіңіру, сол арқылы
жастарды отан сүйгіштік, ұлтжандылық,
мемлекетшілдік, үлкенді сыйлау, аға
ұрпақтың жақсы қасиеттерін жалғас-
тыру, бабаларымыздың қасиетті дәстүр-
лерін құрметтеу, сақтау рухында
тәрбиелеу бүгінгі күннің кезек күттір-
мейтін көкейкесті мәселесі.
Батаның түпкілікті мұрат-мақсаты
ел-жұртты ауызбіршілікке, елдікке,
бірлікке, имандылыққа, адамдыққа,
әділдікке, қанағатқа, береке-бірлікке
шақыру, жақсы да жасампаз іске бас
болу, үлкеннің де, кішінің де жолын ашу,
баршамызды желеп-жебеу.
Еліміздің тәуелсіздігін баянды ету,
жас мемлекетіміздің төңірегін түгелдеу,
іргесін бүтіндеу, ішінде дау болмауын,
сыртында жау болмауын қамтамасыз
ету.
Ақ батаны дуалы ауыз, өзі де, өмірі
де өнегелі, жаны да, қаны да, жолы да,
қолы да таза, өсіп-өнген, ісі ілгері басқан
ақсақалдар, елдің, халықтың қасиетті,
киелі аналары, "ақылы асса ініні де аға
тұт" дегендей, құдіретті, елге тұлға, тұтқа
атанған азаматтар- інілер де бере алады.
Дей тұрғанмен, бұл асыл қазына
негізінен көнекөз қарттарымыздың
бойында. Өкінішке орай, баға жетпес
құндылығымыз - бата беру дәстүрін
тірілтіп, жаңғыртушы, олардың қатары,
өмір заңдылығына сәйкес күннен күнге
сиреп барады. Дер шағында барымызды
бағалап, үдесінен шыққан абзал.
Достарыңызбен бөлісу: