(б) Үздіксіз қызмет қағидаты
Аталған шоғырландырылған қаржылық есептілікті Топ, үздіксіз қызметі принципін ұстанатыны туралы рұқсатқа сүйене
отырып, дайындаған. Бұл оның жақын болашақтағы қарапайым қызметі барысында активтерді өткізуді және міндетте-
мелерді өтеуді болжайды.
(в) құнын бағалауға арналған база
Шоғырландырылған қаржылық есептілік тарихи құны негізінде дайындалған, бұған әділ құны бойынша есепке алына-
тын қаржы құралдары кірмейді.
(г) ұсыну валютасы
Қазақстандық теңге («теңге») Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы болып табылады.
Теңге қазақстан Республикасынан тыс жерде айырбасталатын валюта болып табылмайды. Шетелдік валютадағы опера-
циялар операция болатын датасындағы бағамы бойынша ескеріледі, бағамы Қазақстандық қоры биржасымен («KASE»)
белгіленген, валюталық ставканы «Reuters»-тен алынған котировкаларға сәйкес АҚШ долларына («АҚШ доллары»)
қатысты кросс-бағамын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен есептеледі.
Қоса беріліп отырған шоғырландырылған қаржылық есептілік теңгемен ұсынылған, және барлық сандық көрсеткіштер
ең жақын мыңдыққа жинақталған.
(д) елеулі бухгалтерлік бағалаулар және бағалаудағы айқынсыздықтың
негізгі көздері
Топтың 3 Ескертуде жазылған есептік саясаттын қолданған кезінде, Топ активтердің және міндеттемелердің олар тура-
лы ақпарат басқа көздерден айқын емес баланстық құнына қатысты пікірлерді, бағалауды және рұқсаттарды құруға
тиіс.Бағалау және сонымен баййланысты рұқсаттар тарихы тәжірибеге және басқа да факторларға негізделген, олар
актуальды деп саналады. Іс жүзіндегі нәтижелер осы бағалаудан айырмашлығы болуы мүмкін.
125
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп
2013
Бағалау және олардың негізінде жататын рұқсаттар үнемі қайта қаралып отырады. Есептесу бағалауындағы өзгерістер
есеп беру кезеңде мойындалады. Бұл кезендегі бағалау, егер өзгеріс тек осы кезеңге ғана әсер ететін болса, немесе
өзгеріс жататын тек осы кезеңде, немесе сол кезеңде қайта қаралады, және алдағы кезеңдерде де қайта қаралады,,
егерде өзгеріс ағымдағы да, болашақтағы да кезеңдерге әсер ететін болса.
Топтың есеп-қисабында көрсетілген пайда мен шығынға және қаржылық жағдайына елеулі әсерін тигізетін осындай
бағалау немесе рұқсат әсер етуші жалпы есеп саясаты төменде келтірілген.
(i) пайдаға салынатын салық
Топқа Қазақстан Республикасында корпоративтік табыс салығы салынады. Қазақстанның салық жүйесі, басқалармен
салыстырғанда жаңалау, заңнамалық нормалардың, ресми түсініктемелердің және жиіанық баяндалмаған және қарама
қайшы келетін, және бұл әртүрлі салық органдардың оны бірнеше мағналы талқылауын болдыратын сот шешімдерінің
жиі өзгеріп тұруымен сипатталады. Ірі айыппұлдарды салуға және өсімақыны есептеп беругше құқығы бар реттеуші
органдар салық дұрыс есептелгеніне қатысты тексерулер мен іс тергеулермен айналысады. Бұл жағдайлар Қазақстан-
да, басқа елдермен салыстырғанда өте елеулі салық тәуекелдерді тудырады. Топ қолданыстағы салық заңнамасын
өзі талқылауы негізінде және салық органдарының тексерулері нәтижесінде төлеуге жататыны мүмкін сома негізінде
күтілетін қосымша салық бойынша міндеттемелерді мойындайды.
Топ басшылары, қолдануға болатын салық заңнамасын, нормативтік талаптардың және сот шешімдерін өз түсінігіне
сүйене отырып, салық міндеттемелер толығымен көрсетілген деп санайды.
Сонда да тиісті органдармен бұл ережелерді тадқылау өзгеше болуы мүмкін, және, өз ұстанамын заңдылық деп дәлел-
деген жағдайда, бұл осы шоғырландырылған қаржылық есептілікке ықпал теуі мүмкін. Аталған мәселелердің ақырғы
салық нәтижесі бастапқы Топтың есептеген сомасына айрықша болса, бұндай айырмашылықтар сол олар айқындалған
кезеңдегі табыс салығы жөніндегі қорға әсер етеді.
Кейінге қалдырылған салық активтері әр бір есеп беру кезеңнің аяғында тексеріледі және кейінге қалдырылған табыс
активтердің барлығын немесе бөлігін пайдалануды мүмкін ететін жеткілікті салық салу пайда қолда болаты өте шамалы
жаққа қарай азаяды. Кейінге қалдырылған салық активтерін болашақта пайдалану мүмкіндігін бағалау кезінде әртүрлі
факторлар қаралады: өткендегі операциялық қорытындылар, операциялық жоспарлар, салық шығындарын және са-
лық жоспарлау стратегиясын ауыстыру мерзімдерінің біткені. Топ, туындаған, бірақ алдағы жылдары мойындалмаған
активтер бойынша табыс салығы жөніндегі экономияны мойындады.
Кейінге қалдырылған табыс салығы сатып алулар бойынша әділ құнына жасалған түзетулерге қатысты көрсетіледі. Бұл
түзетулер,табыс салығы мақсатындағы шығыстарды есептен шығару үшін негізінде жарамсыз жер қойнауын пайдалу
құқықтары сияқты активтермен байланысты болуы мүмкін.
Бұл жағдайларда кейінге қалдырылған салық резервы активтің баланстық құнымен және оның табыс салығының нөлдік
базасы арасындағы айырмашылққа негізделеді. Ұзақмерзімдік активтер құнын өсіру кезіндегі табыс салығы мақсаттары
үшін салық базасы кейінге қалдырылған салық бойынша резервті айқындау кезінде есептелмейді, өйткені баланстық
құны сату арқылы емес, негізінде пайдалану арқылы өтелетін болатыны күтілуде.
Салық активтері мен міндеттемелер қаржылық есептілікте көрсетілмейді, егер де уақытша айырмашылықтар гудвилге
байланысты болса немесе, не салық салынатын, не бухгалтерлік пайдаға ықпалы жоқ мәмілелер (бизнесті біріктіру
жөніндегі мәмілелерден басқа) шеңберінде басқа активтер мен міндеттемелерді бастапқы мойындаудан туындайтын
болса.
(ii) Уран қоры
Уран қоры Топтың, активтердің өтелетін құнын бағалау үшін және тозу және амортизация бойынша аударымдарды
айқындау үшін пайдаланатын, ақшалай қаражаттың болжамды жылжуын бағалаудың негізгі компоненты болып табы-
лады. Уран коры сомасын бағалау кезінде Топ Қазақстан Республикасының Минералдық қорлар бойынша мемлекеттік
комиссиямен (ҚМК) айқындалған есептеу әдісінің негізінде қордың бағалауын жүргізетін геолог мамандарынан гео-
логиялық және барлау деректерін өзінше пайымдау және барланған қорды (дәлелделген) және бағаланған қорды
(мүмкін деген) айқындау үшін есепті аладыҚорды бағалау сараптамалық бағалау мен тәжірибеде негізделеді. Қорларды
бағалауда бір белгісіздіктің деңгейі бар. Белгісіздік негізінде геологиялық және техникалық ақпараттың толық дұры-
стығымен байланысты. Сонымен, қордың бар болуы барлық қор экономика тұрғысынан тиімді негізінде алынатынын
білдірмейді. Қорды бағалау жылсайынғы негізінде талданылады және түзетіледі. Қор барлауды жүргізу нәтижесінде
және қорды уранды өндіру кезінде жер қойнауында өтелу нәтижесінде анықталуы мүмкін. Өндіруге жоспарланған уран
126
Қосымшалар
|
Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
саны өндіруді өсіру бойынша жобаларды жүзеге асыру, өндірістік қуаттардағы өзгерістер немесе әзірлеу стратегиясын-
дағы өзгерістер нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін.
(iii) дайындау және өндіру жөніндегі шығындардың ескіруі
Дайындау және өндіру жөніндегі шығындардың ескіруі тиісті кен орнын пайдалану мерзімі ішінде, өндірістік әдіс бой-
ынша, уран қорына негізделіп, есептеледі. Уран қорындағы кез келген өзгерістер тозу ставкаларда және активтердің
баланстық құнында тікелей білінеді. Тозу ставкасының кез келген өзгерісі перспективалық негізінде қолданылады, бұл
болашақ кезеңдерде өте жоғары тозуғаәкеліп соғуы мүмкін.
(iv) активтердің құнсыздануы
Топ әр бір есеп беру кезеңнің аяғында негізгі құралдарға белгілі пайдалану мерзімі бар материалдық емес активтерге
олардың болады деген құнсыздану белгілерін айқындау үшін бағалау жүргізеді. Осындай белгілер табылған кезде ак-
тивтердің өтелетін құны есептеліп, олардың баланстық құнымен салыстырылады. Баланстық құны өтеу құнынан асуы
құнсыздану деп мойындалады.
Активтердің өтелетін құны немесе генерирлеуші бірлігі дегеніміз бұл екі көрсеткіштің ең жоғарысы: осы активтің (осы
бірліктің) пайдалану құндылығы және оның, сатудың шығындарын және пайдалану құндылығын есептен шығарғандағы
әділ құны. Пайдалану құндылығын есептеу Топтан Топтың болашақ ақша жылжуын бағалауын құруды талап етеді. Бола-
шақтағы ақша жылжуын бағалауға тауарлық бағаға, сату деңгейіне, пайдалылығына, уран бағасына және дисконттық
ставкаларға қатысты елеулі бағалау мен рұқсаттар кіреді.
(v) бақылаудың бар болуын бақылау
Басшылық тұрақты негізде еншілес, бірлескен және тәуелді компанияларға бақылаудың бар болуын бағалауды жүргі-
зеді. Топ басшылығы бағалау кезінде елеулі пікірлерін қолданады.
24-ескертпеде көрсетілгендей, басшылық Топ бұрын 2013 ж. маусым айында еншілес кәсіпорны ретінде есептелінетін
«Семізбай-U» ЖШС-тің үстінен бақылауды жоғалтып алды деп бағалады.
(vi) қоршаған ортаны қорғау және кен орындарын қалпына келтіру
Топ қоршаған ортаны қорғау туралы бір қатар заңдарды және ережелерді сақтауға тиіс және олардың негізінде кен
орындарын қалпына келтіру бойынша резерв құруға тиіс. Топ кен орындарын қалпына келтіру бойынша шығындарды
басшыларының ағымдағы заңнамаларды және келісімшарттық талаптарды түсіну негізінде бағалайды. Қор, қалпына
келтірудің ағымдағы таза құнына дейін дисконтталған, жалпы құнын басшылардың бағалауымен негізделген, және кен
орнын бағалау мерзімінде пайдалану кезіндегі шығыстарға болашақта есептен шығарылады. Жалпы шығындарды баға-
лау басшылардан, дисконттық ставканың мөлшерлемесі туралы рұқсатымен қоса, бір қатар рұқсаттарды пайдалануды
талап етеді. Аталған рұқсаттардағы өзгеріс немесе қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардағы өзгерістер қордағы
келешек кезеңдегі өзгерістеріне жеткізуі мүмкін. Осындай кез келген өзгерістер қайта қару сәтінде ескерілетін болады,
және әр ьір кезеңдегі шығыстар сомасы болашақ негізінде өзгеретін болады.
127
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп
2013
3. есепке алУ саясатының негізгі ережелері
Шоғырландырылған қаржылық саясатты дайындау кезінде қолданылған Есеп саясатының негізгі ережелері төмендегі
ескертулерде жазылған.
(а) Шоғырландыру принциптері
(i) еншілес кәсіпорын
Осы шоғырландырылған есептілікке Компания және оның еншілес кәсіпорындары бақылайтын Компания және
(құрылымдастырылғандарды қоса) кәсіпорындардың қаржылық есеп-қисабы енгізілген.
Кәсіпорын бақыланады деп есептелінеді, егер Компания:
• кәсіпорынның үстінен билік өкілеттілігіне ие болса;
• кәсіпорын қызметтерінің өзгермелі нәтижелерінің тәуекелдерін көтерсе/ құқықтарына ие болса; және
• өзгермелі нәтижелеріне әсер ету үшін билік өкілеттілігін пайдалану мүмкін болса.
Компания қайтадан бақылаудың бар немесе жоқ болуын бағалайды, егер фактілер мен жағдайлар бақылаудың бір
немесе бірнеше элементтерінің өзгеруін көрсетсе.
Компания көпшілік дауысқа ие болмай кәсіпорынды басқарады, егер дауыс құқығы барлар оған кәсіпорынның маңы-
зды қызметін жеке-дара басқаруға іс жүзінде мүмкіндік берсе. Бақылау үшін жеткілікті дауыс құқығын бағалау кезінде
Компания билік өкілеттілігі үшін барлық маңызды фактілер мен жағдайларды, мыналарды да қоса, қарайды:
• басқа дауыс құқығын ұстаушылардың үлесі және үлес бөлуімен салыстыра отырып Компанияның дауыс құқығының
үлесін;
• Компанияға, басқа дауыс құқығын ұстаушыларға және өзге тұлғаларға тиесілі әлеуетті дауыс құқығын;
• шарттардан туындайтын құқықтарды; және
• акционерлердің өткен жиналыстарында дауыстарды бөлу туралы мәліметтерді қоса отырып, осы қызмет бойынша
қажетті басқарушылық шешімді қабылдау кезінде Компания маңызды қызметті басқару мүмкіндігіне ие бола ала ма
дегенді көрсететін қосымша кез-келген қосымша фактілер мен жағдайларды.
Еншілес кәсіпорынды шоғырландыру Компания оның үстінен бақылауға ие болған сәтінен бастап басталады және
Компания оның үстінен бақылау шығасысы сәтінен бастап аяқталады. Атап айтқанда, еншілес кәсіпорынның жыл ішінде
сатып алынған және сатылған кірістері мен шығыстары бақылау алынған күннен бастап бақылау аяқталған күнге дейінгі
пайда мен залал және өзге жиынтық кірістер туралы шоғырландырылған есептілікке енгізіледі.
Пайда мен залал және әрбір компонент, өзге жиынтық кірістар Компания меншіктенушілері мен бақыланбайтын үле-
стерінің арасында бөлінеді. Еншілес кәсіпорынның жалпы жиынтық кірісы, егер бұл бақыланбайтын үлес бойынша
жағымсыз қалдықтардың туындауына әкелсе де, Компания акционерлері мен бақыланбайтын үлестің арасында бөлі-
неді.
Қажет болған кезде еншілес кәсіпорынның есеп-қисабына Топтың есептік саясатына сәйкес есеп саясатының олар
қолданатын қағидаттарын келтіру үшін түзетулер енгізіледі.
Шоғырландыру кезінде Топ кәсіпорындарының арасында өзара мәміледен түскен барлық активтер мен міндеттемелер,
капитал, пайда мен залал және ақшалай қаражат ағыны алынып тасталынады.
(ii) топтың еншілес кәсіпорындарындағы иелік үлестерінің өзгеруі
Топтың еншілес кәсіпорындарындағы бақылау шығасына әкелетін иелік үлестерінің өзгеруі меншік капиталында есеп-
телінеді.
Топ үлесінің теңгерімділік құны және еншілес кәсіпорындарының бақыланбайтын үлестері осы үлестердің арасалмағы-
ның өзгеруін ескере отырып өзгертіледі. Бақыланбайтын үлестердің түзетілген сомасы мен төленген немесе алынған
сыйақыларының әділ құнының арасындағы кез-келген айырмашылықтар Компанияның меншік капиталында көрсетіледі.
128
Қосымшалар
|
Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
Топ еншілес кәсіпорындарының үстінен бақылауды жоғалтып алған кезде істен шығудан болған пайда немесе залал
пайда немесе залал туралы есепте танылады және (1) алынған сыйақының әділ құны және қалған үлестің әділ құны,
және (2) еншілес кәсіпорындардың активтері (гудвилді қоса алғанда) мен міндеттемелерінің, сондай-ақ бақыланбай-
тын үлестердің теңгерімділік құнының арасындағы айырмашылық ретінде есептелінеді. Өзге жиынтық кіріста бұрын
танылған барлық сома Топ еншілес кәсіпорынның тиісті активтері мен міндеттемелерін тікелей сатқандай есептелі-
неді (яғни капиталдың басқа категориясына қолданылатын ҚЕХС –пен көзделгендей-рұқсат етілгендей қайта сыныптау
немесе аудару). Бұрынғы еншілес кәсіпорындағы бақылауды жоғалтқан күнгі қалған жұмсалымның әділ құны Қаржы
құралдары: тану және бағалау 39-ҚЕХС-ке сәйкес қаржы активтерін бастапқы таныған кездегі қаржы активтерінің әділ
құны ретінде немесе жұмсалымның тәуелді кәсіпорынға немесе бірлескен кәсіпорынға бастапқы құны ретінде қабыл-
данады.
(iii) бизнесті біріктіру бойынша мәмілелер
Бизнесті біріктіру бойынша мәмілелер сатып алу әдісі бойынша ескеріледі. Бизнесті біріктірген кезде төленетін сый-
ақы, Топ тапсырған активтерді сатып алу күніне деген әділ құны сомасы ретінде, сатып алынатын бизнестің бұрыңғы
иелері алдында Топ өзіне қабылдаған міндеттемелер ретінде, сондай-ақ бизнеске бақылауды жүргізу орнына Топтың
шығарған үлестік құнды қағаздары ретінде есептелетін әділ құны бойынша бағаланады. Осымен байланысты барлық
шығыстар негізінде пайда болу сәтіндегі пайдада немесе шығындарда көрсетіледі.
Сәйкестірілетін сатып алынған активтер мен қабылданған міндеттемелер сатып алу күніндегі әділ құны бойынша мой-
ындалады, оған мыналар кірмейді:
кейінге қалдырылған салық активтері және міндеттемелер, немесе қызметкерлерге сыйақы төлемдері бойынша
келісімге жататын активтер «Пайдаға салық» ХБЕС 12 және «Қызметкерлер сыйақысы» ХБЕС 19 сәйкес мойындалып,
бағаланады, тиісінше:
сатып алынатын компанияның үлестік инструменттарымен төлеу туралы келісімдермен немесе сатып алынатын компани-
яның үлестік инструменттарымен төлеу туралы келісімдерге ауыстыру үшін жасалған, Топтың, сатып алынатын компани-
яның үлестік инструменттарымен төлеу туралы келісімдермен байланысты міндеттемелер немесе үлестік инструменттар
«Үлестік инструменттармен төлемдер» ХҚЕС 2 сәйкес сатып алу күніне бағаланады, және
«Сатуға арналған ұзақмерзімдік активтер, және тоқтатылатын қызмет» ХҚЕС 5 сәйкес сатуға арналған ретінде сара-
тылған активтер «немесе шығу тобы) осы стандартқа сәйкес бағаланады.
Гудвил тапсырылған сыйақы сомасы, сатып алынған бизнестегі НДВ құны және сатып алынған бизненстегі бұрын сатып
алушыға тиесілі иелік үлесінің (осындай болса) әділ құны оның сәйкестендірілу активтерінің және сатып алу күніндегі
міндеттемелерінің мөлшерінен артуы ретінде есептеледі.Қайта бағалаудан кейін сатып алу күніндегі сәйкестендірілу
таза активтердің құны тапсырылған сыйақы сомасының, сатып алынған бизнестегі НДВ құнының және сатып алынған
бизненстегі бұрын сатып алушыға тиесілі иелік үлесінің (осындай болса) әділ құнының сомасынан артса, онда бұндай ар-
туды иелік үлесін әділ құнынан төмен бағамен алудан түскен кіріс ретіндегі пайдаға немесе шығынға бірден жатқызады.
Иелік үлестерін білдіретін және таратқан кезде кәсіпорындардың таза активтерінің үйлесімді үлесіне құқық беретін
бақылаусыз үлестер сатып алынған бизнестің теңдестірілген таза активтерінің танылған құнындағы бастапқы әділ құны
бойынша немесе бақылаусыз үлестердің пропорциясы бойынша бағалануы мүмкін. Бағалау тәсілі әрбір мәміле бойын-
ша жеке танылады. Бақылаусыз үлестердің өзге түрлері әділ құны бойынша немесе өзге ҚЕХС-ге сәйкес қолданылатын
жағдайлар бойынша бағаланады.
Бизнесті біріктіру мәмілесі шеңберінде Топпен берілген шартты сыйақы сатып алу күніндегі әділ құны бойынша бағала-
нады және бизнесті біріктіру мәмілесі бойынша берілген жалпы сыйақыға енгізіледі. Бағалау кезеңіндегі түзету өлшемі-
не жауап беретін шартты сыйақының әділ құнының өзгеруі бір мезгілде гудвилді түзетумен ретроспективті көрсетіледі.
Бағалау кезеңін түзету – бұл бағалау кезеңінде (сатып алған күннен бастап бір жылдан аспауы керек) сатып алу күні
болған фактілер мен жағдайлар туралы қосымша ақпараттар пайда болған кезде түзілген түзетулер.
Бағалау кезеңіндегі түзету өлшеміне жауап бермейтін шартты сыйақының әділ құнының өзгеруінен кейінгі есеп шартты
сыйақының жіктелуіне тәуелді. Капитал ретінде жіктелетін шартты сыйақы келесі есеп беру күнге қайта бағаланбайды,
ал оның келесі төлемі капиталда есептелінеді. Актив немесе міндеттеме ретінде жіктелетін шартты сыйақы «Бағалау мін-
деттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер» 39-ҚЕХС-ке немесе 37-ҚЕХС-ке сәйкес келесі есептік күнге
қайта бағаланбайды. Бұл ретте туындаған айырмашылық пайда және залалға жатқызылады.
129
2013 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жыл бойынша
біріктірілген қаржылық есептілікке ескертулер
біріктірілген жылдық есеп
2013
Бизнесті кезең-кезеңмен біріктірген кезде бұрын Топ ие болған сатып алынған еншілес кәсіпорынның құнды қағаз-
даының үлесі бақылауды сатып алу күніндегі әділ құны бойынша қайта бағаланады, ал туындаған айырмашылық пайда
мен залалда көрсетіледі. Өзге жиынтық кірістарда есептелінетін бақылауды алу күніне дейінгі сатып алынған еншілес
кәсіпорынның үлесін қайта бағалау сомасы, егер осындай тәсіл осы үлесті істен шығару кезінде қолданылуға тиіс болса,
пайда мен залалда қайта жіктеледі.
Егер бизнесті біріктіру мәмілесінің бастапқы есепке алуы бизнесті біріктіру кезеңінің аяғына дейін аяқталмаса, есептілікте
бағалауы аяқталмаған баптар бойынша бағалау мөлшерлері көрсетіледі. Осы бағалау мөлшерлері осы күннің есеп-қи-
сабында танылған сомаға әсер ете алатын, сатып алған күні орын алған фактілер мен жағдайларды анықталуына қарай,
егер олар бағалау кезеңі ішінде белгілі болса, бағалау кезеңі ішінде түзетіледі (сондай-ақ қосымша активтер немесе
міндеттемелер танылуы мүмкін).
(iv) гудвил
Бизнесті сатып алу кезінде пайда болатын гудвил, құнсызданудан, ол болған жағдайда, жиналған шығындарды есептен
шығарып, сатып алу күніне айқындалған құны бойынша есепке алынады.
Құнсыздану мәнін бағалау үшін гудвил, біріктіру нәтижесінде қол жеткізілген синергия арқылы пайданы алу мүмкін Топ-
тың барлық генерлеуші бірлігі (немесе генерлеуші бірлігі топтары) арасында бөлініп беріледі.
Гудвил араларында бөлініп берілген генерлеуші ақшалай қаражат бірлігінің құнсыздануын бағалау жыл сайын немесе
жиілеу жүргізіледі, егер де генерлеуші ақшалай қаражаттың осындай бірлігінің құнсыздану белгілері болса. Генерлеуші
ақшалай қаражат бірлігінің өтелетін құны оның теңгерімділік құнынан төмен болса, құнсызданудан пайда болған залал
генерлеуші ақшалай қаражаттың аталған бірлік гудвилының басында теңгерімділік құнын, содан кейін генерлеуші ақ-
шалай қаражат бірлігінің қалған активтеріне әрбір активтің теңгерімділік құнына тепе-тең төмендетеді. Гудвил құнсы-
здануынан пайда болған залалдар тікелей пайдалар мен залалдарда танылады. Гудвил құнсыздануынан пайда болған
залал келесі кезеңдерде қалпына келтіруге жатпайды.
Ақшалай қаражатты генерлеуші бірлік істен шыққан кезде гудвилдің тиісті сомасы істен шығудан пайда болған пайда
мен залалды анықтаған кезде есепке алынады.
(v) қауымдастырылған және бірлескен кәсіпорындарға инвестициялар
Кәсіпорын тәуелді болып есептелінеді, егер Топ оның қаржылық және операциялық қызметіне елеулі әсер етсе. Елеулі
әсер ету кәсіпорынның қаржылық және операциялық қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауға қатысу құқығы жо-
баланады, алайда осындай қызметті бақылау немесе бірлесе бақылау жобаланбайды.
Бірлескен кәсіпорын – бұл бірлескен қызмет, оның бірлесе бақылауға ие қатысушылары бірлескен қызметтің таза ак-
тивтеріне ие болу құқығы бар. Бірлесе бақылау – бұл кәсіпорынның үстінен бірлесе бақылаушы тараптардың маңызды
қызмет жөніндегі шешімдерді бірауызды мақылдауды көздейтін, шартпен белгіленген бақылауды бөлу.
Тәуелді және бірлескен кәсіпорындардың қызмет нәтижелері, сондай-ақ активтер мен міндеттемелері сатуға арналған
және 5-ҚЕХС бойынша есептелінетін жұмсалымды қоспағанда, үлестік қатысу әдісімен осы есептілікке енгізіледі. Үлестік
қатысу әдісі бойынша тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындарға жұмсалым бастапқыда сатып алу құны жөніндегі
қаржылық жағдайы туралы есеп беруде танылады және содан кейін тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындардың пай-
далары мен залалдарындағы немесе өзге жиынтық кірістердегі Топтың үлесін ескере отырып, түзетіледі. Егер тәуелді
немесе бірлескен кәсіпорындар залалдарындағы Топтың үлесі осы кәсіпорындағы Топтың үлесінен (тәуелді немесе
бірлескен кәсіпорындардағы шын мәнініде Топтың таза инвестициялар бөлігін құрайтын кез-келген үлесін қоса отырып)
асып кетсе, онда Топ одан арғы залалдарда өзінің үлесін тануды тоқтатады. Қосымша залалдар танылады, егер тек заң
бойынша немесе іскерлік айналым нормаларына сәйкес Топта залалдардағы үлестің асып түсуін өтеу міндеттемелері
болса немесе егер Топ тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындардың атынан төлемді жүргізсе.
Тәуелді және бірлескен кәсіпорындардағы жұмсалым үлестік қатысу әдісі бойынша сол сәттен көрсетіледі, егер инве-
стиция объектісі тәуелді немесе бірлескен кәсіпорын болса. Сатып алу күні бойынша жұмсалымды сатып алу құны және
теңестірілген активтер мен міндеттемелердің әділ құнындағы Топтың үлесі арасындағы жағымды айырмашылық осын-
дай жұмсалымдардың теңгерімділік құнына енгізілетін гудвилді құрайды. Теңестірілген активтер мен міндеттемелердің
әділ құнындағы Топтың үлесі мен қайта бағаланғаннан кейінгі жұмсалымды сатып алу құнының арасындағы жағымды
айырмашылық бірден пайдалар мен залалдарда көрсетіледі.
130
Қосымшалар
|
Біріктірілген ҚаржылыҚ есептілік
Тәуелді және бірлескен кәсіпорындардағы Топ жұмсалымдарының құнсыздануын тану қажеттілігі 39-ҚЕХС-ке сәйкес
айқындалады. Қажет болған жағдайда «Активтердің құнсыздануы» 36-ҚЕХС-ке сәйкес жұмсалымның (соңын ішінде гу-
двилдің) теңгерімділік құны теңгерімділік құнмен өтелетін құнды салыстыру арқылы (сату шығындарын шегеріп, пай-
далану құндылығы мен әділ құнының көбі) құнсыздануға тестіленеді. Құнсызданудан пайда болған танылған залал
жұмсалымның теңгерімділік құнын азайтады. Құнсызданудан пайда болған залалды қалпына келтіру 36-ҚЕХС-ке сәйкес
танылады, егер соңында жұмсалымның өтелетін құны артса.
Топ қатысудың үлестік әдісін пайдалануды тоқтатады, егер кәсіпорын тәуелді немесе бірлескен кәсіпорын болуын
тоқтатса, немесе егер жұмсалым сатуға арналса. Топ бұрынғы тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындарда қатысу үлесін
төмендетсе және қалған үлес қаржылық актив болса, Топ қаржылық активтің бастапқы тануын осы күнгі әділ құны бой-
ынша көрсетеді. Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алу күнінде бұрынғы тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындарда
қалған иелену үлесінің теңгерімділік және әділ құнының арасындағы айырмашылық ішінара сатудан пайда болған пай-
да мен залал есебіне енгізіледі. Бұдан басқа Топ тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындарға қатысты өзге жиынтық кірі-
стерінің бұрын танылған барлық сомалары тиісті активтер мен міндеттемелерді тәуелді немесе бірлескен кәсіпорындар-
дың өздері сатқандай көрсетіледі. Сөйтіп егер активтер мен міндеттемелерді сатқан кезде өзге жиынтық кірістегі бұрын
тәуелді және бірлескен кәсіпорындар көрсететін барлық сомалар пайдалар мен залалдарға қайта жіктелсе, онда Топ
үлестік қатысу әдісін қолдануды тоқтатқан кезде өзге жиынтық кіріс баптарын пайда мен залалдарға қайта жіктейді.
Топ үлестік қатысу әдісін қолдануды жалғастыра береді, егер тәуелді кәсіпорын бірлескен кәсіпорын немесе керісінше
болса. Ондай жағдайларда әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізілмейді.
Егер Топ тәуелді және бірлескен кәсіпорындарда қатысу үлесін азайтса, бірақ үлестік қатысу әдісін жалғастырса, онда
Топ өзге жиынтық кірісте бұрын танылған үйлесімді сома бөлігін пайда мен залалға қайта жіктейді, егер осындай қайта
сыныптау лер тиісті активтерді немесе міндеттемелерді сату кезінде қажет болса.
Тәуелді және бірлескен кәсіпорындармен пайда немесе залалдар жөніндегі мәмілелер тек Топқа жатқызылмайтын
тәуелді және бірлескен кәсіпорындардағы үлес шегіндегі Топтың есеп-қисабында танылады.
Достарыңызбен бөлісу: |