Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

білмейміз (сызған – А.Қ.). Бір журналист Қасым Қайсеновтен сұхбат алуға
барғанында «Бауыржан Момышұлы қандай батыр?» деп сұраған ғой. Қасым
ағамыз «Бауыржан батырдың батыры. Ондай батыр әлі туған жоқ» дейді.
Сол  журналист  енді  Баукеңмен  кездескенінде  «Қасым  Қайсенов  қандай
батыр?» деп сұрайды. Бауыржан Момышұлы: «Қасым жаудың ішінде жүріп
соғысты. Ол нағыз батыр. Оған жететін батыр жоқ» депті.
Бізге осы қос батырдың бірін-біріне деген ниеті жетіспейді»
Осыдан жүз жыл бұрын дүниеге келіп, өмірінің ең саналы деген кездерін
осы  тұрғыдан  қойылған  сұрақтың  жауабын  бірде  қоғамға  кешегі  қазақ
қоғамында тарихи орынға алған билер мен жыраулар, хандар мен батырлар
бойынан,  енді  бірде  жандары    қызыл  империяның  қанды  қылышының
жүзінде кеткен аяулы Алаш азаматтарын нақ сол уақытта «ақтау» қолынан
келмесе де, еңбектерін жұртқа насихаттау арқылы, олардан тек қағаз бетінде
қалып үлгерген ойларынанегемендік рухын іздеген, енді келіп «социалистік
реализмге»  күмән  келтірмесе  де,  социалистік  қоғамды  дәріптеушілердің
қате  кетті  бағыттарын  тосқауыл  қоя  білу  тек  бүгінгі  ұлт  азаматтарының
нақты  міндеттері  дей  отыра,  сол  азаматтардың  бірін  Дінмұхамед  Қонаев
секілділердің ел азаматтарының бойынан байқап, елді осы тұрғыдан «бір
жеңнен  қол  шығаруға»  шақырған  Ілияс  Есенберлинді  ұлықтаудан  басқа
жол жоқ екенін әбден түсіну қажеттілігі туған кез ...
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Мырза Әли Қ. Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Балауса»,
1.
– Т.І. өлеңдері, қылыш пен қанжар. Күндер-ай, 1995
 Мырза  Әли  Қадыр.  Иірім.  –  Алматы:  «Атамұра»,  2004  –  3  б.
2.
Аннотация.

230
Қадыр  Мырза  Әли.  Әулие  Есенберлиніңе  адами  Есенберлинімді
3.
айырбастағым келмейді. // Жас Алаш. – 2004. 19 тамыз
4-11. Бұл да сонда.
12.  Бекмаханов  Е.  Қазақстан  XIX  ғ.  20-30  жылдарында  -  Алматы.  -
2000.
13. Жезқазған облыстық мұрағаты (ЖОМ). Ф.-143 ж.-1. і.-243
14. Мырза Әли Қадыр. Иірім. Көрсет. әд.
15-16. Бұл да сонда.
17. Дүкенбай Досжан Есенберлиннің шындығы // Қазақ Әдебиеті – 2000
ж. 27 қазан.
18. Мырза Әли Қадыр. Иірім. Көрсет. әд.
19.  Шанцев  В.  Уроки  Горького  //Родина.  Российский  исторический
журнал. 02. 2013
20. Дүкенбай Досжан Есенберлиннің шындығы. Көсет. әд.
21. Журтбаев Т. Выбравший свою дорогу // Акмолинская правда. 1996.
20 ақпан.
22. Асан Номад. По реке жизни. - Алматы: ИД «Кочевники», 2004
23. Бұл да сонда.
5.3 Қорғаушым да ол менің,
Айып тағар – жас өрен
Жазушы,  азамат,  халқының  бір  туар  перзенті,  «ертеңім  не  болады
деп  еш  жасқанбай»,  өзінің  не  білгенін,  жүрегі  айт  дегенді  бұлжытпай
орындауды өзінің өмірлік қағидасына айналдырған Ілияс Есенберлин үшін
1983 жылдың алтын күз күндерінің бірі – соңғы күн болды...
Дүниеге бәрімізді еткен қонақ,
Табиғат жаралғансың неткен олақ!
Таусылмас арман бердің тағы бізге
Несіне онда өмірді еттің шолақ?!
***
Жалғанда жақсылық көп қол жетпейтін,
Жалғанда адам да көп дос етпейтін,
Қуантқың келсе өзгені және өзіңді,
Арманың болсын өмір бос өтпейтін!
Өзінің  ондаған  романдары  мен  басқа  шығармалары  арқылы  еліне,

231
халқына деген сүйіспеншілікті тек қана ауызбен айтып емес, сол айтқандарын
жанталаса қорғай білген Ұлы жазушы, қарапайым ғана пенде. Мәңгілікке
таспа бетінде қалған қоңыр дауыс: « ... Өзіңнің жазған шығармаларың туралы
пікір айту өте қиын. Оны жұрт айтсын, халық айтсын, өздерің айтыңдар,
жас балалар... егер оқыған болсаңдар...» («Алатау» радиохабарынан).
Ұлы қаламгердің көзін көрген, онымен талай жүздескен, жас та болса
әріптесі  болған  жазушы  Мұхтар  Мағауин  өзіне  ағадай  болып  кеткен
азаматтың  соңғы  күндерін  былай  деп  еске  алады:  «1983,  қоңыр  күз  еді.
Жазушылар  Одағы  алдында  Ілияс  аға  Есенберлімен  ұшырастым.  Есімде
жоқ, қайсымыз шығып, қайсымыз келе жатқанымыз. Үстінде етегі белдік
сыртына  жіберілген  жеңіл  көйлек.  Бұл  заманда  мен  үнемі  костюм  киіп,

232
галстук тағып жүретін едім. Қарсы жолыққан соң, көп бөгелмедік, екі-үш
ауыз ғана тіл қатыстық. Өңі қоңырайып, бет-аузы тобырсып кеткен екен.
«Жүрегім ауырып жүр...» - деді сол қолымен кеуде тұсын ұстап. Жүрегі ғана
емес, тұтас бір жақ қабырғасы ауыратындай, иығы басылып, мыжырайып
тұр. Үстіңгі ерні салбырап, оң жақ езуі ыржиып, болмашы күрсінді. «Дем
алыңыз, Ілеке...» - дедім. «Дем алам. Тек мына «Алтын Орданы» өткізіп
алайын...».  «Өндіріске  әлі  кетпеп  пе  еді?»  Ілекең  әлсіз  қимылмен  қол
сілтеді...» [1].
Жоғарғы  тараулардың  бірінде  жазушының  осыншама  атақ-даңққа
бөленуі  тікелей  қамқоршы  болған  Д.А.Қонаев  деген  пікірлерді  келтірген
едік. Ал, үлкен қызметте жүрген Үлкен ағамыздың тек І. Есенберлинді ғана
үнемі қорғап жүруіне мүмкіндік болды ма екен? Өйткені, ол кісінің өзі де
партияның қатаң бақылауында жүрген адамдардың бірі. 1969 жылдан бастап
Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Мәдениет бөлімінде
Әдебиет пен өнер секторында жұмыс істеп, еншісіне қазақ көркем әдебиетіне
куратор  болуға  жазылған  Бекежан  Тлегеновтың  пікірінше,  олардың
міндетіне творчестволық ұйымдарға көмек көрсету жатқанымен, іс жүзінде
олай болмаған. Міне, дәл сол кездері творчество адамдары Әди Шәріпов,
Олжас Сүлейменов, Қабдыкәрім Ыдырысовтардың өзі сол уақыттағы нағыз
Атбасар қаласындағы Ілияс Есенберлин атындағы әдеби мұражай

233
Мұражайдың ішкі көрінісі

234
аппаратшылдардың  бірі,  Қазақстан
бойынша  идеологиялық  жұмысқа
жауапты  болған  Саттар  Имашевқа
бір  себептермен  жақпай  жатса,
өзіне дейінгі партия хатшысымен де
қайта-қайта  сөзге  келе  беріп,  талай
жиындарда талқыға түсіп, ақырында
ең  қауіпті  «ұлтшыл»  атанған,
«Қазақстанды  адамзат  тарихынан
шеттетіп тастамақ түгіл, сол адамзат
тарихының  өзін  түсіну,  қазақ
даласында не болып жатқанын есепке
алмай түсіндіру еш мүмкін емес» деген
[2] «Қазақфильмнің» қатардағы ғана
редакторы,  кенеттен  үлкен  бастық
болып шыға келген Ілияс Есенберлин
солардың алдыңғы қатарында тұрған.
Оның  үстіне  соңғысының  мінезі
икемді  емес,  біреудің  дегеніне  оңай
келісе  қоймайтын,  өте  қиын  адам.
Нәтижесінде,  көп  адамға  жақпай
үнемі
ығыстырылумен
болған.
Мүмкін сондықтан да болуы – оның жазған еңбектері оқырмандар қолына
өте көп қиындықпен жетіп жатқан [3. 147-149 ББ].
«Меніңше І. Есенберлиннің жа-рық дүниеден ерте кетуіне екі жағдай
себеп  болған  сияқты,  -  деп  жазады  Қабдеш  Жұмаділов,  -  Біріншісі  –
«Мұхиттан өткен қайық» романы үшін. Алматыда бұл кітаптың қазақ тілінде
шығуына тыйым салған Қазақстан КП ОК идеология жұмыстары хатшысы
С. Имашев. Ал роман Мәскеуде «Новый мир» баспасынан шығуға дайындық
үстінде жүргенде, тағы да тыйым салынды. Жазушы өзінің дұрыстығын 11
жыл бойы дәлелдеп бақты. Еш «нәтиже болмады» [4. 141Б].
Бүгінгі Қазақ елі – кешегі, әрі кетті тіпті, Кеңестік замандағы Қазақстан
емес. Енді ол көпке танымал, І.Есенберлин айтпақшы, шын мәнісінде әлемдік
деңгейдегі  өркениетті,  бірде  де  бір  елеулі  оқиғалардан  тыс  қалмайтын,
ондайға тіпті өзіндік үлес қосып отырған ұлттың мемлекет.
2010  ж.  интернет  жүйесі  арқылы  таратылған  Г.  Хидоятовтың
мақаласына қайта оралып отырмыз. Ол былай жазады: «Марксизм страдал
однобокой концепцией истории, как борьбы классов, но он ввел в историю
нравственность как критерий в оценке исторических событий и личностей.
І. Есенберлин атындағы әдеби 
мұражайдың директоры
Ұлбосын Қамбатырова мен
Шәкіш Әбдірахманқызы Есмағамбетова.

235
Нравственность является важнейшей категорией исторической науки. Как
видно,  официальная,  придворная  наука  в  молодых  государствах  нашего
региона,  отбросила  и  нравственность  критерия  в  оценке  собственной
итории.
Не  избежала  этой  болезни  и  историки  нашего  соседа,  братского
народа,  –  дей  келе  қазақ  тарихында  болған  оқиғаларды,  болмады  деп
соққан білгішсымақ қазақ ғалымдарына тарихты қалай жазуды үйретпекші
[5].  Олар  келмеске  кеткен  кеңестік  идеологияға  сай  қалыптасқан  тарихи
концепцияны қайта жандандырып, қазақ тарихшыларына ұлттық тарихты
жаңа тұрғыдан көрсетуде ақылшы болмақшы.
Қазақ тарихы мен оның мемлекет құрып, өзіне қатысты тарихи шекара-
сын  заңдастыруына  көлеңке  түсірушілердің  әрекеттері,  әсіресе,  бүгінгі
Ресей мен Украина арасындағы қатынастарға байланысты байқалуда.
Осылайша, Хидоятов секілділер, осыдан ондаған жылдар бұрын Ілияс
Есенберлиннің «Алмас қылыш» романына кіріспе сөзінде белгілі академик,
энциклопедиялық білімі бар, қазақ жерін зерттеуші, ақылды да данышпан
[7] Әлкей Марғұланның ешқандай дауға салғысыз болып кеткен пікірінен
мүлдем  хабарсыз  екендігін  білдіріп  қоюда.  Академик  Ә.  Марғұлан:  «...
понятной  исторической  объективностью  относится  писатель  (Ілияс
Есенберлин  –  А.Қ.)  к  мятежным  султанам  Джаныбеку  и  Керею,  первым
объединителям древне – казахских племен (сызған Біз – А.Қ.).
Джаныбек, а впоследствии Хан Касым понимают, что не может быть
самостоятельного ханства без собственных городов и земледельческой базы.
Все свои силы и энергию они направляют... на консолидацию разрозненных
казахских  племен.  Только  объединившись  смогут  они  защищать...  от 
врагов, глядяших на казахскую степь как на свои или в лучшем случае 
«ничейные» владения... [6] (сызған – Біз А.Қ.).
Өзінің  тарихи  да  басқа  шығармаларында  ғана  емес-ау,  ұлты  үшін
күрестің  ең  бір  ауыр  жолына  түскендігі  үшін  ұрпақтар  жүрегінде  өшпес
із  қалдырған  жазушы  І.  Есенберлиннің  «уақыттан  озғандығы»  да,  міне,
осында.
Бүгінгі  күннің  Солженицындары,  Жириновскийлері,  Лимоновтары
ашықтан-ашық Қазақстанның жерлері орыстардың жерлері деп зарлайты-
нын сезгендей, жазушы ағамыз өткен ғасырдың 1960-70 жылдарынан бастап
көне  қазақ  даласының  нақты  иелері  кімдер  екенін  ашық  айтып,  тек  «бір
жағадан бас, бір жеңнен қол шығаратын елдің» бұл сөздерге құлақ ұрған ер
жігіттерінің арқасында МӘҢГІЛІК ЕЛДЕ тұратынын өсиет еткен.
Ойға қалдым... Неден шықты сөз басы?

236
Паш етеді немен тарих, тұстасы –
Адамзатты? Әрине, жақсы ісімен!
Өйткені адам өз ісінің ұстасы.
Қаздар, қаздар,
Қаздар қайтып барады...
Жүдетіп бір,
Қоштасып ән салады.
Дейсің сонда:
Өтер бәрі.
Тек қана. Жақсы ісімен
Адам мәңгі қалады
«Адам - мәңгілік» поэмасынан
Еліміз  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  уақыттарға  дейін  ҰЛЫ  ДАЛА
тарихының  «ақтаңдақ  беттері»  өте  көп  болғаны  белгілі.  Міне,  осы
тұрғыдан  ақиқатты  жұртқа  жеткізу  үшін  азаматтық  та,  творчестволық  та
өжеттілік қажет болса, сол қасиеттер жазушы Ілияс Есенберлиннің бойынан
табылған.
Бірде ойын ашық, енді бірде жазушыға ғана тән тәсілдерді пайдалана
отырып қағаз бетіне түсірген І.Есенберлин кейде өз кейіпкерлерінің аузына
кеңестік  идеология  мен  саясатқа  тура  келетін  сарынын  салып,  ал  оның
арғы жағында жазушының ұлт тағдырына қатысты ұлы философиясының
тұрғанын  кеңестік  цензураның  өзі  де  байқамаған.  Соның  бір  көрінісін
«мұхиттан өткен қайықта» орыс жазушысы И.А.Гончаровтың 1977 жылы
жазған сөздерін қазақ жазушысының өз ыңғайына келтіре қолданғанынан
да байқалады. «Пусть космополиты мечтают о будущем отдельном слиянии
всех племен и национальностей в одну человеческую семью, пусть этому
суждено когда – либо исполнится, но даже для этой самой цели – если бы
такая была на самом деле конечная цель человеческого бытия, - необходимо
каждому народу неперерабатывать все соки своей жизни, извлечь из нее все
силы, весь смысл, все качества и дары, какими он наделен, и принести эти
национальные дары в общечеловеческий капитал! Чем сильнее народ, тем
богаче будет этот вклад черта, которую он прибавит к всемирному образу
человеческого бытия» [7, С. 268].
Коммунистік идеологияның түп-мақсатын осылайша анықтаған Ілияс
Есенберлин өз ұлтының да жалпыхалықтық жетістіктерге қосатын үлесінің
молдығын  алға  тарта  отырып,  оның  қайнар  көздерін  тарихи  тұрғыдан
түсіндірген.

237
Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
Ел үшін жаннан кешіп, жауды қуған
Ерлерді ұмытса да ел, шөл ұмытпас...
Ерлерді ұмытса да ел, жер ұмытпас.
Арқаның селі, желі, шөлі, белі
Ерлерді ұмытпаса, ел де ұмытпас!
Мағжан Жұмабаев, 
«Батыр баян» поэмасынан
Ілияс Есенберлин өзінің үш шығармасына айрықша тоқталып отырған.
Олар  –  «Ғашықтар»,  «Қатерлі  өткел»,  «Қаһар».Тек  қана  көп  уақытын
алғандықтары  үшін  емес,  өзінің  жан-жүрегіне  терең  бойлаған  ойларды
сыртқа шығаруға мүмкіндік әкелген туындылар болғандығы үшін сияқты.
Ілияс  Есенберлин  халыққа  қызмет  етудің  үлкен  үлгісін  көрсетіп,  сол
еңбектің әйтеуір, бір уақыттарда айрықша болып ескерілетінін біліп кеткен
жазушы.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мұхтар Мағауин. Ақыр – дүние. Естелік әңгімелер // Жұлдыз, №11.
2004
2. И. Есенберлин. Мысли. Изречения.
3. Б. Тлегенов. Тайны тихого омута / Ільяс Есенберлин. Мысли.
Изречения. – 147-149 Бб.
4. Жұмаділов Қ. Властитель исторической памяти. /Ильяс Есенберлин.
Мысли... С. 141.
5. Х. Хидоятов. Казахская история в кривом зеркале лжеисториков. –
admir@asiaforum.uz.
6. ҚР ОММ. Ф. 2144. оп. 1. д. 78. л. 7.
7. І. Есенберлин. Лодка, переплывающая океан: Роман / авторизованный
пер. с каз. Ю. Домбровского. - Алматы, 2001. - 280 с.

238
ҚОРЫТЫНДЫ
Ілияс Есенберлин туралы осы еңбекті жазу барысында біз оның жеке
басы өз халқы тарихының өте тереңдегі тамырына шым батып, нәр алғанын,
сонымен бірге табиғи дарынының арқасында болашақты болжай білген өте
күрделі  тұлға  екендігіне  көз  жеткіздік.  Өзінің  творчествосын  лирикалық
жанрда  бастаған  ол  сол  заман  үшін  өте  қауіпті  тақырыптарға  ойысып,
халқының бес-алты ғасырдан бергі өмірін көркем бейнелей отырып, тарихи
деректерден  ауытқымаған  өте  пайдалы,  танымды,  тартымды,  сонымен
бірге  ұлттың  патриоттық,  отансүйгіштік  рухын  оятқан  ерен  шығармалар
жазып шықты. Қазақ әдебиетінде мұндай масштабты өзінің әдеби әлеміне
сыйдырған,  игерген  басқа  ешқандай  жазушы  болған  жоқ.  Жаулары  оның
осы еңбегін көре алмай, келешекте оның басына үйілетін ұланасыр даңқты
қызғанып,  аяқтан  шалып,  етектен  барынша  тартып  жатты.  Қолдарынан
келсе  тіпті  жардан  құлатып  та  жіберер  еді.  Бірақ  Ілекеңнің  бақыты  –
салыстырмалы түрде айтқанда тыныш заманда өмір сүргендігі және өзін
қолдайтын  құдіретті  қолдар  мен  талантты  адамдар  тобының  болғандығы
еді.  Сонымен  бірге  «асылды  соға  берсең  жетіледі,  жасықты  соға  берсең
кетіледі»  дегендей,  жауларының  аяқтан  шала  бергені  Ілекеңдей  асыл
адамды ширата да берген секілді. Өйткені, ол тарихи романдарды бірінен
соң  бірін  ағын  судай  тасқындата  берді.  Таудан  құлаған  ағын  суға  тоқтау
да  жоқ  қой  қашанда,  сол  сияқты  Ілияс  Есенберлин  еңбектерін  тоқтатуға
да  қанша  тырмысса  да  жауларының  құдіреті  жетпей  қалды.  Бірақ  олар
жазушының біршама қажытуға, соның арқасында оның денсаулығына зиян
келтіруге қол жеткізді. Үсті-үстіне жазылып жатқан нешетүрлі жамандаған
шағымдар,  тырнақ  астынан  кір  іздеп,  шығармаларынан  табылып  жатқан
нешетүрлі  «саяси  қателіктер»,  «қоғамдық  зиянкестіктер»  романдарын
баласына балайтын авторға оңай тиді дейсіз бе?
«Бойы  орташадан  төмен,  көз  тоқтатып  қараған  жанға  әрдайым
сыпайы да сырбаз көрінетін Ілекең шын мәнінде қазақ топырағында туып,
жиырмасыншы  ғасырдың  тауқыметін  көтерген  алыптардың  бірі  екендігі
бұл  күні  баршамызға  аян»  –  деп  жазған  еді  кезінде  академик,  тарих
ғылымдарының  докторы  М.Қ.  Қозыбаев,  -  «Ілекең  ағамыздың  асылдығы
неде?  Қазақ  әдебиеті  бұл  күнде  барша  шығыс  халықтары  әдебиетінің
ең  алдыңғы  қатарында.  Оның  прозасы  да,  поэзиясы  да  соңғы  ғасырда
ғажайып  есейді  де,  дүниежүзілік  әдебиеттің  легіне  ілікті.  Міне,  осы
тұрғыдан  қарағанда  қазақ  әдебиетін  әлемдік  тұғырға  қондырған  біздің
мәдениетіміздегі асылдарымыздың бірі, де болса бірегейі Ілекең», деген еді
ол. [1].

239
Өз еңбегін жазушы мына бір өлең жолдарымен қорытқан секілді:
Ойға қалдым.. Неден шықты сөз басы?
Паш етеді немен тарих, тұстасы -
Адамзатты? Әрине, жақсы ісімен!
Өйткені адам өз ісінің ұстасы.
Қаздар, қаздар,
Қаздар қайтып барады...
Жүдетіп бір,
Қоштасып ән салады.
Дейсің сонда:
Өтер бәрі.
Тек қана.
Жақсы ісімен
Адам мәңгі қалады...
Қайтыс боларынан аз уақыт бұрын ол өз мақалаларының бірінде былай
деп жазған: «Менің қазір тарихқа көбірек көңіл бөліп жүргенім неліктен?
Қазіргі  өмірдің  маған  қызықсыз  болғандығынан  ба?  Жоқ,  мүлде  олай
емес! Мен қазір өткенге көп қараймын, себебі...менің ой өрісім тереңдеп,
қызықты болып келеді. Өйткені, ағаш биіктеп өскен сайын оның тамыры
жерге тереңдеп бойлай береді ғой. Адам да сондай. Ол болашағын неғұрлым
көбірек  ойласа,  өткенін  соғұрлым  көбірек  білгісі  келеді.  Олай  етпейінше
болашақты жасау мүмкін емес».
Ілияс  Есенберлин  халқының  болашағын  көп  ойлағандығынан  да
тарихтың қалың қатпарларына терең бойлаған. Ендеше бүгін қол жеткізілген
сол – жарқын болашақ өзінің өмірін қатерге тігіп, болашақтың іргетеасын
қалаған жанкешті жазушыны қалайша төбесіне көтермесін? Оның еңбектерін
бағалап, ұлттың асыл құндылықтарына қалай баламасын?
Кезінде Әнуар Әлімжанов: «...Бүгінгі таңда өздерін жәбір көріп, жапа
шеккендер етіп көрсетіп, өз кітаптарына тиым салғандарын айтып жүргендер
Ілияс ағаның еншісіне тиген моральдық соққының жүзден бірін де бастан
кешірген жоқ [2]. Ендеше, соншалық соққының өтеуі – оның бүгінгі таңда
айрықша бағалануы емес пе?
Кешегі бір шерлі қазақ даласы,
Алтын өлке міне бүгін қарашы.
Құшағында салтанаты, мархабаты сан ұлты
Жарқыраған жаңа өмірдің қаласы, [3].

240
деп өзі жазғанындай тәуелсіз елі бүгін оған құшағын айқара ашып,

есімін төбесіне ту етпесіне лажы жоқ.
ЕЛІМ, ЖЕРІМ, ҰЛТЫМ деген ауыр жүкті арқалап, өмір мұхитынан
жүзіп өтіп, оларды МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ жеткізуді армандаған Ілияс Есенберлин
бүгін арамызда жоқ болғанымен оның шығармалары бүгінгі күні қиыршық
алтынның  үлкен  кесекке  айналғандығындай  бүгінгі  өскелең  ұрпақтың
қажеттіне  жарап,  мүддесіне  толық  сай  болып,  керегін  толтырып  отыр.
Сонысымен де ол бізге қымбат.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Қозыбаев  М.  Тарих  зердесі  (Арыстар  тұғыры).  2-кітап.  –  Алматы:
Ғалым, 1998
2. Әнуар Әлімжанов. Қазақ әдебиеті. 1993 жыл, 8 қазан.
3. І. Есенберлиннің ертеректе шыққан «Жасыл өлке» атты өлеңінен. //
Арқа ажары. 2000 жыл. 13 қаңтар.

241
Есімдер көрсеткіші
А
Абд-эль Кадер – араб эмирі, қолбасшы, ғалым, шешен және ақын - 111
Абусеитов  (Әбусеитов)  Қуат  Әшірбекұлы  –  кинорежиссер,  қазақ
киноаударма өнерінің негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер
қайраткері – 68
Абылай хан (Әбілмансұр) (1711-1781 жж.) – ұлы мемлекет қайраткері,
қолбасшы және дипломат, қазақ ханы – 17, 31, 103, 110, 124, 125, 138, 159,
161, 225
Абылғазин  Хамза  Әубәкірұлы  –  1950-ші  жылдары  «Қазақфильм»
киностудиясы директорының орынбасары - 73
Абылғазина Тайық – мұғалім, 1979 жылы Атбасар қаласында Неміс
автономиясының құрылуына қарсы наразылық білдірушілердің бірі – 72
Айманов Шәкен (Шаһкерім) (1914-1970 жж.) – КСРО халық әртісі,
Қазақстан мемлекеттік силығының лауреаты, актер, режиссер – 67
Айтаханов  Қуаныш  Айтаханұлы  –  ҚР  Парламенті  Сенатының
депутаты – 217
Ақан сері (Ақжігіт Қорамсаұлы – 1843-1913 жж.) – ақын, композитор
– 20
Ақжан – Есенберлиннің естеліктерінде кездесетін жолдасының есімі,
Қазақ тау-кен институтында 1 курс жоғары оқыған – 50
Ақылбай Серік Байсейітұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты
– 217
Ақышев  Кемел  Ақышұлы  (1924-2003  жж.)  –  танымал  археолог,
тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихының қола дәуірі мен орта
ғасырлар кезеңінің маманы, Есік қорғанынан «Алтын адамды» тауып, оны
реставрациялап, қалыпқа келтірген ғалым – 111
Алиев  Гейдар  Алирзаоғлы  (1923-2003  жж)  –  кеңестік  және
әзірбайжандық  мемлекет,  партия  және  саяси  қайраткер,  1993-2003  жж.
Әзірбайжан Президенті – 76
Алпысбаев  Құныпия  Қожахметұлы  –  филология  ғылымдарының
докторы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕНУ профессоры – 103, 132
Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты,
Қазақстанның халық батыры, армия генералы – 217
Амантай Кәкен – Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы
– 71, 72
Аманшин Берқайыр Сәлімұлы (1924-1985) – ақын, жазушы, 1950-ші

242
жылдары партиялық қызметте болған – 69
Андрианов  В.  және  Мираламов  Г.  –  «Гейдар  Алиев»  атты  еңбектің
авторлары – 76
Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы (14 ғ. ақыры-15 ғ. басы) – мемлекет
қайраткері, ақын, жырау, би, философ, Әз Жәнібек ханның ақылшысы– 14,
30, 31, 32, 83, 97, 153
Астаев Ертарғын Кәкімбекұлы – ҚР Парламенті Сенатының депутаты
– 217
Асфендияров  (Аспандияров)  Санжар  Жафарұлы  (1889-1938  жж.)
-  мемлекет  қайраткері,  тарихшы,  ғалым,  профессор,  Алматы  медицина
институтының (қазіргі С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина
университеті) тұңғыш ректоры – 4, 100, 212
Аттила (шамамен 400-453 жж) – ғұн көсемі, император әрі қолбасшы
– 198
Аупбаев Жанболат – журналист – 29
Афанасьев Анатолий Владимирович (1942-2003 жж.) – кеңестік және
ресейлік жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі – 73

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет