Ілияс есенберлин



жүктеу 3.6 Kb.

бет1/18
Дата09.03.2017
өлшемі3.6 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мемлекет тарихы институты
Амангелді Қашқымбаев
 
ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН
Астана, 2014

ІЛИЯС ЕСЕНБЕРЛИН
(1915-1983)

УДК
ББК
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мемлекет тарихы институты
Басылымға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ғылым комитеті Мемлекет тарихы институтының Ғылыми кеңесі ұсынған
Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы,
профессор Б.Ғ. Аяған
Пікір жазғандар:
Жұртбай Т. - филология ғылымдарының докторы, профессор
Алдажұманов  Қ.  -  ҚР  БҒМ  ҒК  Ш.  Уәлиханов  атындағы  тарих  және
этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., доцент
Дүйсен  С.  -  ҚР  БҒМ  ҒК  Мемлекет  тарихы  институтының  жетекші
ғылыми қызметкері, п.ғ.к., доцент
Қашқымбаев Амангелді 
Ілияс  Есенберлин  (1915-1983)  /Жалпы  редакциясын  басқарған
тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Б.Ғ.  Аяған.  –  Астана:
б.
ISBN
Халқымыздың даңқты жазушыларының бірі, Қазақ СРО Мемлекеттік 
сыйлығының  лауреаты,  «Көшпенділер»  трилогиясы  арқылы  әлемге  аты 
танымал болған жазушы, драматург, ақын, сценарист Ілияс Есенберлиннің 
шығармалары ұлттық намыс пен отансүйгіштікке шақырған туындылар. 
Олардың бүгінгі оқырман үшін де маңыздылығы өте зор. 
Ғылыми  танымдық  тұрғыдан  жазылған  бұл  шығармада  Алматы 
мемлекеттік  және  Атбасар  қаласындағы  әдеби  мұражайларда, 
ұлттық  мұрағатта  сақталған  қолжазбалар  мен  басқа  да  деректер 
негізінде  І.  Есенберлиннің  өмірлік  көзқарастарының  қалыптасуы,  оған 
әсер  еткен  жағдайлар  мен  тарихи  шығармалардың  жазылу  себептері 
қарастырылған.
ISBN  
УДК
ББК
   
 
 
 
©
Қашқымбаев А.Н., 2014

3
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.............................................................................................................
І ТАРАУ. ЖАСТЫҚ ШАҚ ЖЫЛДАРЫ, ӨСКЕН ОРТА.........................
1.1. Аяулы мекен - Атбасар...........................................................................
1.2. Алғашқы өмір мектебі.  Қарсақбай.....................................................
1.3. Өмір емес мөлдіреп  аққан бұлақ.........................................................
ІІ ТАРАУ. ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ЖОЛДА....................................................
2.1. Есігі өлеңмен ашылған өнер өмірі.......................................................
2.2.  «Социалистік  реализм»  немесе  «революциялық  шындыққа 
үйлесімділік» ..................................................................................................
ІІІ  ТАРАУ.  І.  ЕСЕНБЕРЛИН  ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ  ТАРИХ   
ЖӘНЕ ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ...........................................................
3.1. Тарих – қосылғыштардың жай ғана қосындысы емес..................
3.2. Абыройға лайықты «импрам»............................................................
3.3. Қазақтың «алмас қылышы»...............................................................
ІV ТАРАУ. БОЛАШАҚҚА БЕТТЕГЕН ҚАЙЫҚ....................................
4.1. Сезбеді ме  жүрегі жүгінің сонша ауырын........................................
4.2  Тың эпопеясы: оңы мен солы.............................................................
V ТАРАУ. ІЗ ҚАЛҒАН ӨШПЕС СОҢЫНДА..........................................
5.1. Толағайдай ер тұлға..............................................................................
5.2. «Керегі елге – артыңда не қалғаны...»..............................................
5.3. «Қорғаушым да ол менің, айып тағар жас өрен»............................
ҚОРЫТЫНДЫ.............................................................................................
6
13
14
42
59
79
80
99
109
110
129
146
165
166
181
203
204
218
230
238

4
АЛҒЫСӨЗ
Қазақтың біртуар перзенті Ілияс Есенберлин туралы еңбек жазуға осы
кітаптың  авторы  тарихшы-ғалым  Амангелді  Қашқымбаев  бірнеше  жыл
уақытын  арнады.  Енді,  міне  уақыт  сынынан  өткен  зерттеу  еңбегі,  пісіп-
жетіле  келе  тарихи-танымдық  тұрғыда  оқырмандар  назарына  ұсынылып
отыр.
Кенестік  идеология  үстемдік  құрған  заманда  дүниеге  келген  Ілияс
Есенберлиннің  романдары  мен  поэмалары  (әсіресе,  тарихи  романдары)
өткен ғасырдың 80-ші жылдары тек қана оқырмандар санасына әсер етіп
қана қоймай, сонымен қатар кәсіби тарихшылар үшін де тың ізденістерге
шығудың жолдарын меңзеген шығармалар болғандығы белгілі.
Ілияс  Есенберлин  «уақыттан  озған»  жазушы.  Олай  болатын  себебі,
тарихшы-ғалымдарды  бірде  үркітіп-қорқытып,  енді  бірде  олардың
еңбектерін «маркстік-лениндік» деп аталатын методологияға сай келмеген
деген  сылтауменен,  тіпті  барды  –  мүлдем  жоққа  шығарудың  арқасында
коғамнан аластатылған жағдайда оларға жаңа серпін беріп, ғылыми тарих,
міне, осы тұрғыдан жазылуы керек дей отыра, олардың жүрегінде үміт отын
жандырған Ілияс Есенберлин болды деу – бүгінгі күннің ақиқаты.
Ресей  империясы,  одан  Кеңес  Үкіметі  идеологтары  қазақ  тарихын
тұқыртып,  идеологияландырып  «тар  қапасқа»  қамағаны  белгілі.  Бірақ
қарапайым халық, қанша қиыншылық көрсе де төл тарихын ұмытқан емес.
Халқымыздың  көзі  ашық,  намысы  жоғары  ұлдары  –  Сәкен  Сейфуллин,
Санжар  Асфендияров,  Мұхамеджан  Тынышпаев  Алаш  елі  тарихын  ХХ
ғасырдың  20-30  жылдары  жазуды  қолға  алды.  Олар  осы  ғылыми  ізденіс
жолында  қазақтын  бай  ауызша  әдебиетін  зерттеді,  Шығыс  және  Еуропа
елдерінің  көптеген  ғалымдарының  еңбегін  сараптады.  Өкінішке  орай,
аталған авторлар сталиндік саяси репрессияның құрбаны болып, олардың
ізденістері  аяқталмай  қалды.  40-жылдары  Ілияс  Омаров,  Мұхамеджан
Әбдіхалықов  бастаған  қазақ  қайраткерлері  Ұлы  Отан  соғысы  жылдары
Мәскеу, Ленинградтан қоныс аударған ғалымдармен бірлесе отырып, Қазақ
ССР тарихын жазуға кіріскен болатын. Сталиндік жүйе бұл ұжымдық еңбекті
де жоққа шығарып, Ермұхан Бекмаханов сияқты дарынды тарихшыларды
қуғынға ұшыратты.
Осы орайда Ілияс Есенберлин жазып, кейін тарихи трилогияға айналған
«Көшпенділер»  мен  «Алтын  Орда»  романдары  ғасырлар  бойы  қазақтың
арманын орындағандай болды. Ілияс Есенберлин кітаптары мыңдаған дана
таралыммен жарық көрсе де тез таралып, жазушының асыл дүниесі қысқа
мерзімде әлем тілдеріне аударылып жатты.
Жоғарында  айтылған  І.  Есенберлин  туралы  жазылған  бұл  шығарма
тарихи-танымдық тұрғыда беріліп отыр. Еңбектің келесі бір ерекшелігі –
жазушы  Ілияс  Есенберлиннің  қазақ  ұлты  мемлекетінің  қалыптасуы  мен

5
тағдырын көрсету философиясын оның тарихи романдары, поэмалары мен
өлең жолдарынан іздестірілуі.
Қазіргі  қазақ  қоғамы  Қазақстан  Республикасының  Президенті
Н.Ә.  Назарбаевтың  «Мәнгілік  Ел»  идеясын  негізге  ала  отырып,  тәуелсіз
ұлттық  мемлекеттік  ұғымын  ұлықтауда.  Осы  жолдың  кейбір  бағыттарын
өткен ғасырдың ең қиыны да, шырғалаңды кезеңдеріне Ілияс Есенберлиннің
қалам ұшынан келген еңбектерінен де тануға болатындығы сөзсіз.
А.Н. Қашқымбаев еңбегі нақты дерек, естелік, әдеби зерттеулер негізінде
жазылған. Осы күнге дейін Қазақстан тарихнамасында жеке тұлға өмірі аз
зерттеліп, аз айтылғаны белгілі. Тек қана кұжаттар негізінде, көркем тілмен
жазылған Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі Медеу
Сәрсеке сияқты ғалымдар еске түседі.
Жеке  тұлға  өмірін  зерттей  отырып  автор  сол  заман  ахуалына,  саясат
пен әдеби ортадағы ағымдарға шынайы бағасын берген. Ұлы жазушының
еңбегін, талантын қорғаған көмек көрсеткен сол кездегі Қазақстан басшысы
Д.А.  Қонаев,  ақын  О.  Сулейменов  сияқты  қайраткерлер  де  әділ  бағасын
алған деп ойлаймын.
Тілі жатық, суреттермен безендірілген зерттеу оқырман жүрегіне жол
табады деп сенемін.
Жоғарыда көрсетілгендей, А.Н. Қашқымбаевтың еңбегі тарихи-таным-
дық тұрғыда жазылған еңбек. Мемлекеттік мұрағаттар мен мұражайлардан,
соның ішінде Алматы, Жезқазған, Қызыл-Орда, Атбасар қаласындағы Ілияс
Есенберлин  атындағы  мұражайлардан  табылған  құжаттарды  жазушымен
замандас  болған  белгілі  қаламгерлер  естеліктерімен  салыстыра  отыра,
Есенберлиннің терең философиясын оның романдары мен поэмаларында
кездесетін  ұшқыр  ойларымен  жандандыру  идеясының  көрініс  табуы  да
еңбекке пікір жазған ғалымдардың қолдауын тауып отыр.
Амангелді  Қашқымбаевтың  Ілияс  Есенберлиннің  өмірі  мен  шығар-
машылық жолға түсуінің елеулі тұстарын қамтыған бұл еңбек «Ұлы Дала
тұлғалары»  сериясымен  шығып  отыр.  Осы  сериямен  Мемлекет  тарихы
институты  ғалымдары  бұған  дейін  «Нурсултан  Назарбаев  и  казахская
модель  строительства  государства»,  «Әлимхан  Ермеков»  және  «Жұмабек
Тәшенев» сияқты еңбек жазған болатын. Енді осы қатарға Ілияс Есенберлин
туралы зерттеу еңбегінің қосылғаны көнілге қонымды.
Б.Ғ. АЯҒАН, 
Мемлекет тарихы институтының директоры, 
тарих ғылымдарының докторы, профессор 

6
Өмірін ұстаздықпен өткізген
әкем Нұркей Қашқымбайұлына арнаймын
КІРІСПЕ
Заман өзгеріп, айымыз оңынан туғалы да біршама уақыт өтіп барады.
Аңсап күткен тәуелсіздігіміз жолымызды ашты. Кеше ғана ешкім білмейтін
Қазақ елі бүгінгі күні дүниежүзілік қауымдасдықтың алдыңғы қатарынан
орын алып, әлемге танымал ел болып отыр. Десек те, осы бір қысқа уақыт
ішінде қол жеткізген жетістіктердің тәтті буына малданып, рахаттанғаннан
гөрі,  өткеніміз  бен  бүгінімізге  терең  көз  салып,  қыры  мен  сыры  мол  сол
жылдарды ой елегінен өткізіп, олардың ішінен тек қана бүгінгі күндерге сай
ғана емес, елдің ертеңіне, болашағына лайықты құндылықтарды анықтап
алу қажеттілігі де туындап отырғаны даусыз.
«Бүгінгі таңда біз мемлекет құрудың жаңа белесіне шықтық. Мемлекет
Басшысы  жариялаған  «Қазақстан  -  2050»  Стратегиясы  қоғам  дамуының
жаңа белесіндегі басты сұрақтарға, атап айтқанда, біз қайда барамыз және
2050 жылы қандай болғымыз келеді деген сұрақтарға жауап береді. Кеңінен
айтсақ,  мәселе  ел  болашағының  дүниетанымдық  жаңа  моделін  жобалау,
басты құндылықтар мен бағдарларды айқындау болып отыр.
Тарих көрсетіп отырғандай, қандай да болмасын заманның адамдарын
ынталандыра алатын, қоғам мүшелерін лайықты идеялармен де қамтамасыз
ету қажет. Олай болатын себебі, қандай да болмасын қоғамның өкілдері
өздерінің бүгіні мен ертеңіне қажетті негізгі идеологияны әрқашанда талап
етіп отырады. Міне, сондай уақыттардың бірінде қажетті де, құнды идея
табылғандай  да  болып,  адамдар  сол  көзқарастың  төңірегінде  қоғамды
реттеудің  жолына  түседі.  Соның  ішінде,  мысалы,  адамдар  тарихында
олардың  тағдырына  терең  әсер  етеді  деп  саналып  келген  соғыстар  мен
төңкерістер  назар  аударады.  Алайда,  уақыт  өткеннен  соң  барып  қана,
адамдар олардың қажеттілігі мен құндылығына жаңа көзқарас тұрғысынан
назар аударып, зерделей бастайды. «Кітаптардан революциялар туралы оқып
жатқанда, сыртынан қарағанда осының бәрі аппақ қағазға өте шебер түрде
ойып жасалған пейзажға ұқсап, өте әдемі көрінеді. Бірақ кейін олардың ішкі
құбылыстарымен жақын танысқан сайын, алдарына қойған міндеттерге сай,
тап-таза, сондай бір мейiрімді көрінгенімен, ұсақ-түйегіне неғұрлым ұзақ
көз салған сайын, олар сондай жеккөрінішті, сұмпайы көрініс болып көріне
бастайды», - деп жазған болатын бір кездері неміс ақыны Генрих Гейне.
Осыған  қарамастан,  адамдардың  басым  көпшілігі  әлі  күнге  дейін
қоғамды  немесе  жаңа  тұрғыдан  жандандыру  жолдары  міндетті  түрде

7
революциялар мен төңкерістер, одан туындайтын қатал да, қаһарлы тәсілдер
дегенге сенеді.
Француз  психологы  Гюстав  Лебонның  ойынша  қоғамдағы  қарама-
қайшылықтарды  революциялық  жолмен  шешудің  ең  қауіптісі  -  олардың
адамдар  санасына  әсер  етуі.  Аталмыш  ғалымның  байқағанындай,  кейбір
мемлекет қайраткерлеріне бір кездері тамаша шешім болып көрініп, олардың
саясаттарының  негізіне  ұйтқы  болған,  ал  зардаптарын  бүкіл  өркениетті
әлем басынан кешірген ұлттық қағида, әлі де болса негізге аларлық идеядай
болып көрінуі де мүмкін. Кезінде, мысалы, осындай идеяларды іске асыру
Еуропаны  жаппай  қаруландыруға  әкелді.  Сұрапыл  соғыстар  басталды.
Еуропа әлеміне негізгі болып саналған бұл идеяны қолдаудың жөні де бар
болған  сияқты  көрінді:  ұлттық  қағиданың  төңірегінде  шоғырлана  білген
олар,  өздерін  сыртқы  жауларынан  біріге  отырып  қорғану  қабілетіне  ие
болды. Әсіресе, осы жолдан таймаған ресейлік революционерлер болатын.
Ендігі қызығы, қазіргі уақытта осы Еуропаның өзінде неғұрлым кіші,
тұрғындар саны жағынан неғұрлым аз саналатын Португалия, Швейцария,
Бельгия, Швеция біреу келіп жаулап алады екен деп ешбір мазаланбайды.
Ал, керісінше, бір кездерде керемет гүлденген Италияның түбіне жеткен де
бірігу идеясы.
Ендеше,  шынайы  тарихи  төңкерістерге  пара-пар  келетіндер  өзінің
сыртқы  көрінісінен  ұлылық  пен  қуатты  бір  күштің  лебі  соғып  тұрғандар
емес.  Ең  маңызды  өзгерістердің  соңғы  нәтижесі  ретінде  өркениеттер
өзгерістерін  алып  қарайтын  болсақ,  соңғысы  идеялар,  түсініктер  мен
сенімдер  арқылы  іске  асырылады.  Керемет  болып  көрінетін  тарихи
оқиғалар адамдардың ойындағы көзге көрінбейтін өзгерістердің салдары.
Алайда ондай өзгерістер күнделікті тіршілікке сай келе береді десек, онда
да  қателесеміз.  Олай  болатын  себебі  қандай  да  ұлттың  бойында  терең
сақталып тұратыны – олардың бойларындағы мұрагерлік қасиеттер. Ата-
бабадан ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан тәрбиелік маңыздылығы бар
көріністер. Осындай қасиеттерінен айрылған ұлттар болашағынан айрылып,
тарихи сахнадан кетуге мәжбүр болған. Себеп неде?!
Ілияс  Есенберлиннің  тарихи  да,  «социалистік  реализм»  тұрғысында
жазылған шығармалары да осы бір қағидаға сәйкес жазылған туындылар
десек  бұл  артық  айтылған  сөз  емес.  Олардың  негізгі  квинтэссенциясы
ұлттар мен ұлттық мемлекеттердің кешегісі, бүгінгісі мен ертеңгісі.
Кеңестік  цензураның  жасанды  кедергісіне  қарамай,  қазақ  тарихының
тамырына, қазақтың «алмас қылышы» - ұлттың психологиясына терең үңіле
білген жазушы, асқан ойлы қалам шеберіне ғана лайықты интонациялық
тәсілді пайдалана отырып, кешегі мен бүгінді, одан қалса - болашаққа да

8
лайықты ойларды өз заманында айта білген.
Қазақ  қоғамында  болсын,  басқа  да  бір  ұлттық  қоғамға  байланысты
болсын ұлтжанды өкілдер аз емес. Қай заманда да олардың жатпай-тұрмай
ойлағандары ұлттың жанға батар проблемалары және оларды оң түрде шешу
жолдарын көрсету, нәтижесінде ұлтты өркениеттің кезеңіне сай биіктерге
көтеру.  Дей  отырсақ  та,  қоғамның  барлық  өкілдері  бірдей  осы  тұрғыдан
ойламайды.  І.  Есенберлинге  байланысты  айтылатын  мәселелердің  бірi
осы.
Оның  алғашқы  таңдаған  инженерлік  мамандығынан  бас  тартып,
«бүтінінен,  түтіні  көп»  шығармашылық  ортаға  бас  бұруы  да,  мүмкін,
осыдан болар.
«Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқының төрінен
лайықты  орын  алатын  дара  тұлға.  Олай  деуіміздің  бірнеше  себептері
бар. Ақиқат шындық темір шымылдықтың ар жағында тұтқындалып, ата
тарихының «ақтаңдақтарын» зерттеуге тыйым салынған жылдары Ілекең
қазақ қаламгерлерінің алғашқысы болып қиын да күрделі тақырыпқа - Қазақ
хандығының  бостандық  пен  тәуелсіздік  жолындағы  күресі  тақырыбына
қалам  тартты.  Қалам  тартып  қана  қойған  жоқ,  өзінің  эпикалық  құлашы,
Н.Ә. Назарбаев және І. Есенберлин

9
халық  өмірінің  сан  алуан  қырын  кең  қамтуы,  қазақ  тарихының  кемеңгер
көсемдерінің қайталанбас бейнелерін сомдауы жағынан өзге туындылардан
оқ  бой  алда  тұрған  талантты  шығармасы  –  «Көшпенділер»  тарихи
трилогиясын дүниеге әкелді. Бүгінде дүние жүзінің көптеген халықтары-
ның  тіліне  аударылып,  әлденеше  рет  басылған  жазушының  осы  еңбегін
хандық  дәуірдегі  қазақ  өмірінің  энциклопедиясы  десек  артық  айтқандық
бола  қоймас»,  -  деп  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті
Н.Ә. Назарбаев берген бағаға дейін жазушы өмірдің талай «тар жол тайғақ
кешуінен» өткен [1. 88 Б.].
Дегенмен,  Ілияс  Есенберлинге  деген  бүгінгі  қызығушылық  осында
десек – біз өз ойымызды әлі де болса толық аша алмағандығымызда болар.
Есенберлин  туралы  ой  толғай  отыра,  қазақ  жазушысының  образ  арқылы
келмеске кеткен кеңестік жүйе туралы да қайта-қайта ойлана бересің. Олай
дейтініміз,  Есенберлин  сол  жүйенің  адамы.  Басына  түскен  жетімдіктің,
қалталарында  көк  тиыны  болмаған    өзі  секілді  сол  заманның  көптеген
азаматтарына    кеңестік  жүйе  ұсынған  білім  мен  еңбек  жолын  басынан
кешкен азамат. Бірақ осыған қарамастан нақ сол жүйе Есенберлин секілді
«ұлттық  тәрбиесінен»  өткен  азаматтарды,  қалай  тыраштанса  да,  өзінің
көзсіз шолақ белсенділерінің біріне айналдыра алмады.
Мысалы, жазушының аса күрделі, қилы кезеңдерді суреттеуге арналған
«Қатерлі  өткел»  романы  -  күрделі  туынды.  Бір  жағынан  алып  қарағанда
ол  шынайы  реалистік  тұрғыдан  жазылған  шығарма.  Алайда,  1967  жылы
жарық көрген романда халқымыздың большевиктер ұсынған социалистік
заманның қанды қыспағына тұншыға булыққан қазақ интеллигенциясының
«құдай салды – мен көндім» деген принципте қоғамға мойынсұнуы күрделі
әдеби штрихтармен суреттелген.
Осы тұста кеңестік тарихнамада халықты жолдан тайдырушылар деп
көрсетілетін  «...алашордашылардың  ықпалында  болған  жас  Бүркіттің
жан толғаныстары соның айғағы. Ілекең сталиндік тоталитарлық заманда
халқымыздың басына төндірген неше бір зұлматтарды Бүркіттің аузымен
талдатып  тұрып  айтқызады.  Социализмді  танымай,  мойындамай  жүрген
жас адамның ойы ретінде жазушы осы романда 1960 жылдарда Хрущевтің
лаңымен  қазақ  елінде  жасалып  жатқан  зорлықтар:  жұрттың  қолындағы
жалғыз лағына дейін тартып алу, жерін дал-дала қылып жыртып, оны ақыры
жер эрозиясына ұшырату, елді жаппай орыстандыру үшін қазақ мектептерін
жауып, ежелден тәп-тәуір өмір сүріп келе жатқан елді қоныстарды елеусіз
қалдыру  деген  сияқты  неше  түрлі  сорақыларды  сонау  жиырмасыншы
жылдардан  бастап  Бүркіттің  көз  алдында  өтіп  жатқандай  етіп  көрсету
арқылы тоталитарлық заманда айтылған жүрек запраны, Ілекеңнің халқы

10
үшін тұлға екендігі» [2. 4Б.].
Олай  болатыны,  бір  қарағанда  әр  түрлі  тақырыпта  жазылған  оның
романдары, дастандары мен басқа форматта жазылған туындылар арасында
сырт көзге көріне бермейтін үлкен бір байланыс бар. Ол – кешегі, өткен
тарихи кезеңде де және кешегі Есенберлин құдайдай сенген социалистік
заманда да таразы басына түсіп отырған үлкен мәселе - ұлт тағдыры.
ХІХ  ғасырдың  орта  кезінен  бастап  Еуропада  байқала  бастаған  үлкен
үдерістің бір бағыты – саяси аренаға шыға бастаған мемлекеттерді ендігі
жерде таза ұлттық тұрғыдан қарастыру, яғни олардың үлкен мемлекеттер
арасында өзін-өзі сақтап қалу инстинктерін осы тұрғыдан қалыптастыру.
Бір кездері Карл Маркс бір жылдың ішінде неше күн болатын болса,
Германияда соншама мемлекет бар дей келе, неміс мемлекетінің орталық-
танған  мемлекетке  айналу  проблемасын  күн  тәртібіне  көтерген.  Осы
орайда,  неміс  тарихшылары  1870  жылы  Седан  шайқасына  тоқталмай
кетпейді.  Белгі-лі  қоғам  және  мемлекет  қайраткері  Отто  фон  Бисмарк
кезінде «Седан түбінде-гі шайқаста неміс әскерлері қалай жеңіске жетті?», -
деп қойылған сұраққа: «Жеңіске жеткізген неміс әскерлері емес, кішкентай
ғана тарих мұғалімі», - деп жауап берген көрінеді. Әлем тарихынан алынған
бұл  эпизодтағы  жеке  дара  тұрған  тұлға  –  тарихшы.  Оның  қоғамдық
көзқарасты  қалыптастырудағы  ерекше  рөлі.  Сан  соқтыратын,  кеңестік
заманда  нақ  осындай  міндетті  тарихшылар  орындай  алмай  жатса,  әрине,
оның субъективті себептері де жоқ емес. Олар туралы талай зерттеушілер
тізбектеп жазып та жүр бұл күндері. Ал біздің мақсатымыз ол емес. Тарихшы,
белгілі  ғалым  Ханкелді  Әбжанов  пен  Назарбаева  Гүлмира  жазғандай:
«Алғашқыда социалистік идеяны күдіксіз қабылдаған, кейін кеңестік асыра
сілтеушіліктерден жаны түршігіп «Қызыл ат» поэмасын жазған Сәкеннің де,
«Тоқсанның тобын жазған» Мағжанның да, коммунистік партия қатарына
өткен Ахметтің де, «Раушан коммунисті» жазған Бейімбеттің де, «Маврды»
жазған  Мұқағалидың  да,  қысқасы  кеңестік  идеологияның  «сойылын»
соққандардың қай-қайсысының шығармаларын замандық нақтылы ахуалмен
шендестіре отырып, диалектикалық қисында зерделеген абзал... Сәкеннің:
«Қу заман басқа салды мұндай шақты» деп шамыққануынан, Қасымның
«Жақсы өлеңді жасыру үшін, жаман өлең жазып жүрмін» деп күйінуінен,
Қадырдың «Шындықты жеткізу үшін аздаған өтірік қостым» деп өкінуінен
...» [3.146 Б.].
Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің феномені туралы осы тұрғыдан
айтуымыз дұрыс болар. Себебі, ұлт тарихына байланысты ой айтқысы келген
кәсіби тарихшылардың ізденіс жолына «азулы қақпан қойылып», одан өтіп
кеткендері «тескентаудан» асып кетіп, «мойындары ырғайдай» болып «ит

11
жеккен»  заманды  басынан  кешіріп  жүргенде,  жазушы  Ілияс  Есенберлин
өзінің тарихи шығармалары арқылы қазақ оқырманына «Біз кімбіз осы?»
- деген сұрақты жеткізіп қоймай, ол сұрақтың жауабын кешегі мен бүгінгі
тарихтан  іздеуге  шақырды.  Сейілбек  Қышқашев  жазғандай:  «Бүгінде
жалғыз қазақ әдебиеті емес, бүкіл совет әдебиетінде ұнамды кейіпкерлер
жөнінде  әңгімелер  көп-ақ.  Біреулер  ұнамды  кейіпкердің  аздығына  уақыт
кінәлi, азамат соғысы, кешегі Ұлы Отан соғысы туғызған кейіпкерді бүгінгі
бейбіт  заман  туғыза  алмайды  десе,  енді  біреулер  бар  кінәні  өзіміздің
талғампаздығымызға аударады. Әрине, бар болғаны осы екі-ақ себеп болса,
онда қызыл кеңірдек боп айтысудың да жөні болмас еді. Гәп – сол жаңа
кейіпкердің тууына бұл бір екеуі ғана емес, сансыз көп себептердің әсер
етуінде. Осы себептердің түп-тамырына жетіп, талдап-талғап, кейіпкердің
өмір  жолына  олардың  қаншалықты  әсері  болғанын  саралап,  зерттеу  қай
автордың арманы емес дейсіз. Осы тұста баршамызға белгілі ақиқатты тағы
бір қайталауға тура келіп тұр, ол – өмір қандай шексіз болса, жаңа кейіпкерді
жасау жолы да сондай шексіз» [4.134 Б.].
Өзінің ұлттық тарихи тұрғыдағы құндылығымен барша қауымды таң
қалдырған  «Көшпенділер»  атты  трилогияның  авторы  Ілияс  Есенберлин
өткен  ғасырдың  60-шы  жылдары  алғашқылардың  бірі  болып  Алаштың
қыршын  кеткен  азаматтарын  ақтау  туралы  дауыс  көтерген.  Коммунистік
партияның  көзсіз  басшылығының  арқасында  Өзбекстанның  құрамына
өтіп кеткен қазақ жерлерін тарихи отанына қайтару, заманына байланысты
керемет болып көрінген тың және тыңайған жерлерді игеру туралы идеяның
авторларының көзі тірісінде-ақ осы бір ірі бастаманың негізгі экономикалық,
әлеуметтік, ең бастысы - саяси зардаптары туралы ащы шындықты айтпақ
әрекеттері салдарынан «қайығын мұхиттан өткізе алмай», шығармасының
қолжазба күйінде сөреде жатып қалғаны үшін қатты қиналған, замандастары
айтпақшы  «Кеңес  үкіметінің  қылышынан  қан  тамып»  тұрған  заманында
ұлтының бүгіні мен ертеңгісі туралы керемет те жаңа пікірлерді оқырманға
жеткізуші Ілияс Есенберлин.
Автор ондаған жылдар бойы Ілияс Есенберлин туралы ой үстінде жүріп,
ақырында кітап болуына тікелей себепші болған т.ғ.д., профессор Бүркітбай
Аяғанға,  Қазақстан  Республикасы  Мемлекеттік  мұрағатында  сақталған
жазушының  жеке  қорымен  танысуға  мүмкіндік  берген  Мемлекет  тарихы
институтының қызметкерлері Дүйсен Сейтқалиға, Енсенов Қанатқа, Қалиев
Жабайға, Көбенова Гүлмираға, ҚР Мемлекеттік мұражайындағы жазушының
ұрпақтары өткізген деректермен танысып, көшірмелерін алуға көмектескен,
мекеменің директоры Нұрсан Әлімбайға, мұражай Қор бөлімінің маманы
Мағрифа  Дәулетшинаға,  Қазақстан  телерадио  корпорациясы  басқарма

12
төрайымы  Мұхаметжанова  Нұржан    Жалауқызына,  Жезқазған  қаласы
Мемлекеттік мұрағатының директоры Бағдат Байжантаевқа, директордың
орынбасары  Дәметкен  Орынбасароваға,  Ақмола  облысы  Атбасар
қаласындағы  Ілияс  Есенберлин  атындағы  әдеби  мұражайдың  директоры
Ұлбосын Қамбатырова мен осы мекеменің қызметкерлері Үмітжан Бекенова,
Құралай Жақыповаға ризашылығын білдіреді.
Жазушы туралы пікірлерін ауызша білдірген ҚР Мәдениет қайраткері,
Жазушылар одағының мүшесі, шолушы Сүлеймен Мәметтің, ҚР «Егемен
Қазақстан» газетінің бөлім бастығы, шолушы Жылқыбай Жағыпарұлының
естеліктері құнды деректердің бірі ретінде еңбекті жазуға негіз болды.
Ақмола облысы Державин қаласының тұрғыны Шәкіш Абдрахманқызы
Есмағамбетовадан алған мәлімет Ілияс Есенберлиннің өмір баянын тереңі-
рек  танып,  оның  жастық  шағына  қатынасты  мәліметтерді  толықтыруға
мүмкіндік берді. Біздің филология ғылымының докторы, профессор Тұрсын
Жұртбай  мен  филология  ғылымының  докторы,  профеcсор  Рақымжан
Сағынбекұлы Тұрысбекке де айтар алғысымыз мол.


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал