Ілияс есенберлин



Pdf көрінісі
бет11/18
Дата09.03.2017
өлшемі16,33 Mb.
#8609
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.  Қаламгер.  Талант  тағылымы.  Радиохабар.  (Жазып  алған  -  А.Қ.)  –
Алматы. – 1995
2. Жұмаділов Қ. «Тарихи зердені жаңғыртқан» // Сарыарқа. – 1996. - №
3
3. Олжас Сүлейменов. Мұхиттан өткен қайық. Кіріспе: Роман. – Алматы:
«Есенберлин атындағы қор», 2001. – 335 б.
4. Исиналиев М. Штрихи к портретам. – Алматы, «Санат», 1999. С. 48-
49.

181
5. Оразов. Батыл да батыр жазушы //Сарыарқа. – 1995. № 3
6. Жұмаділов Қ. Тарихи зердені жаңғыртқан. Көрсет. әд.
7.  Зиманов  С.  Казахский  суд  биев  –  уникальная  судебная  система.  –
Алматы:.Атамұра, 2008 – 244 с.
8. ҚР ОММ. Ф.2144. ож.. 76 іс
9.  Максимовский  Э.Созвездие  тельца  //Совершенно  секретно.
Международный  ежемесячник.  Основатели:  Юлиан  Семенов  и  Артем
Боровик. - 2012.г. №12/283. – 22-23 Бб.
10. Есенберлин Ілияс. Көлеңкеңмен қорғай жүр. Көрсет әд
11. Есенберлин Ілияс. Мұхиттан өткен қайық. Көрсет әд.
12. Есенберлин Ілияс. Алтын құс. Көрсет. әд.
13. Есенберлин Ілияс. Мұхитта жүзіген қайық. Көрсет. әд.
14. Бұл да сонда
15. Павел Косенко. Силуэт памяти /Писатель. Личность.
16.  Леонид  Теракопян.  Непреходящие  уроки.  Писатель.  Личность.
Көрсет. әд.
4.2 Тың эпопеясы: оңы мен солы
Арада  алпыстан  аса  жылдар  өтіп  кетсе  де,  Кеңестік  жүйеде  дүниеге
келіп, өз кезінде әлемді дүр сілкіндірген «ғасырлар жобасы» атын алған Тың
және тыңайған жерлерді игеру идеясының - қалай іске асқаны, осыншама
жердің астын үстіне шығарған осы бір алып көріністің бергені көп пе, әлде
зардабы басым болды ма деген көкейтесті сұрақтардың үстінде жүргендер
әлі де болса қоғамда көп. Сол сияқты бұл процестің басында тұрған кім,
бастама берген кім, оқиға неден, қалай басталды, тез арада миллиондаған
жерді игеріп қана қоймай, бір ұлттық мемлекеттің бар болашағын осылайша
таразы  басына  әкеліп  тіреген  сол  кездегі  Кеңес  Одағы  Коммунистерінің
жетекшісі Н.С. Хрущевтің ойына келген түпкі мақсат бар елдің деңгейін тек
экономикалық тұрғыдан жетілдіру ме, әлде басқа ойлары болды ма деген
мағынада  ондаған,  жүздеген  кітаптар  мен  мақалалар  жазылып  та,  әлі  де
талай жазылары сөзсіз.
Соның  ішінде,  Ресейлік  зерттеуші  Константин  Семенов  өзінің  «Тың
игеру идеясы қайдан туды?» атты мақаласында 1953 жылы 18 сәуірде Н.С.
Хрущевтің  Мәскеуде  үлкен  жиналыс  өткізгендігін,  үлкен  жиынның  күн
тәртібінде  тұрған  өзекті  сұрақтардың  бірі  –  Сталин  өлгеннен  соң  үкімет
шешімімен  түрмеден  босаған  10  миллионға  жуық  адамдар  қайда  барып,
немен  айналысулары  керектігі  үкімет  пен  партияның  алдынан  кенеттен

182
шыға қалған проблема екендігін айта отыра, мәселенің мемлекеттік деңгейде
көтерілуі сол сұрақтың шешімін іздестіру, ендеше, тыңды игеру процесінің
қажеттілігі сол адамдарды орталықтан қалай да болмасын аластатудың бір
амалы емес пе екен дегенді білдіреді.
Итальяндық  зерттеуші  Джузеппе  Боффаның  пікірінше  тыңды  игеру
мәселесі  –  50-ші  жылдарда  Кеңес  Одағында  билік  үшін  басталған  саяси
тартыстың нәтижесі. Яғни, өзінің негізгі қарсыласы Маленковты қалайда
әлсірету  үшін  Хрущев  ауылшаруашылығын  дамыту  мақсатында  өз
жақтастарын  таппақ  болған.  «После  разочарования  1955  г.  целинные
земли  дали  в  1956  г.  блестящий  урожай,  превышивший  все  ожидания.
Производство зерна, которое в последние сталинские годы достигло 80 млн.
т., возросло до 125 млн. т. ...Сообщая об этих хороших новостях, Хрущев
превратил их в свой триумф. Казалось, что самая сложная пролема страны
может  быть  решена...»  -  деп  жазады  бұл  автор  [1.  408-409  ББ].  Келесі
бір  еуропалық  ғалым-зертеуші  Никола  Верттің  айтуынша:  «Расширение
посевных  площадей,  освоение  целинных  земель  Северного  Казахстана,
Сибири,  Алтая  и  Южного  Урала  составляли  второй  пункт  программы
Хрущева ...Неожиданный (1956 жылы елде жиналған 125 млн. астықтың
50% тың жерлер бергенін айтып отыр – А.Қ)» успех сыграл не последнюю
роль в утверждении Хрущева в качестве неоспоримого лидера на ХХ съезде
партии. Но в целом стабилизация сельскохозяйственной ситуации оказалось
несравнимо более трудной задачей...» [2. 544 Б].
Қалай  айтылса  да,  адамзат  тарихында  болған  ең  қасіретті  соғыстан
тәлтіректеп шыққан ел үшін ең қажеттісі – жұрттың тоқтығы екенін билік
сезбеді емес. Саяси қарама-қайшылықтың да бар екенін, «іріп-шіріп» келе
жатқан  капитализмнің  кейбір  көріністерінің  төңірегінде  ойланып  қалған
«азат етушілердің» (оқиға қайталанып отыр: тарихтан белгілі 1812 жылғы
Отан соғысынан кейін ресейлік декабристер бірден «қоғамды қайта құру
жобаларын ұсынған) алдында қалай да беделін түсіріп алмауды ойластырған
Коммунистер партиясы Орталық Комитеті мемлекеттің алдында тұрған ең
маңызды мәселе – ауылшаруашылығы саласын жаңа тұрғыдан дамытуды
қажет деп тауып, соның ішінде бидай өсіретін алқаптың көлемін 13 миллион
гектарға  ұлғайту  керектігі  туралы  шешім  қабылдағаны  белгілі.  Осы
орайда «...созрела у Хрущева и его советников идея ввести в производство
широкие  просторы  пригодных  для  пахоты  земель,  которые  находились
в  полузасушливой  зоне  на  востоке  страны  и  в  то  время  оставались
неиспользованными (в Заволжье, Сибири и Казахстане). Работа должна была
принять характер массового штурма. Проект первоначально обсуждался с
делегатами из Казахстана, приехавшими в Москву на сентябрьский Пленум,

183
затем на различных встречах с экспертами... Предложение было принято
ввиду отсутствия какой-либо альтернативы» - деп жазады Д. Боффа.
Енді ғана аяқталған қырғын соғыстан аман шыққан елдің экономикасы
мен  әлеуметтік  жағдайын    жақсарту  идеясын  әлемдік  пролетариаттың
көсемі Карл Маркстің «Производство продуктов питания является самым
первым  условием  жизни  непосредственных  производителей  и  всякого
производства вообще» [3. 184-185 ББ] – деген сөздері негізінде іске асыруға
бет  алған  Кеңестер  Одағы  Коммунистік  партиясының  жетекшілері  көп
ойланып жатпай іске құлшына кірісіп кетті. Уақыт өтпей жатып, Кеңестік
жоспарға елдің «нанды аймақтардың» бірі болуға тиісті деп енгізілген Қазақ
даласына 24 мың тракторлар ( 1954 жылы КСРО-да жасалып шығарылған
тракторлардың саны осыншама болған) мен оларды жүргізушілер көктемнің
суық  желіменен  қатарласа  лап  қойып,  бетінен  қары  кетіп,  жылы  иісі  әлі
сезілмеген далаға орналаса бастады. Деректерге негізделетін болсақ, 1959-
1964  жылдары  Қазақстанға  одақтың  басқа  аймақтарынан  жыл  сайын  60
мыңнан аса адам келіп жатса, солардың ішінде одақтас республикалардан
орын ауыстырған 54468 жанұялар да бар болған екен.
Ғасырлар  бойы  тыныстық  пен  тыныштықта  жатқан  қазақ  даласы
алғашқы сәттері бойына жинақтап келген табиғи қуатын тың игерушілерден
аямады. Осыны бірден сезген Тыңды ұйымдастырушылар болса қолдағы
бар  қаражатты  ауылшаруашылығына  аямай  төгіп  жатты.  Статистикалық
көрсеткіштерге қарағанда Қазақстан 1954-1979 жылдарда Отан қоймасына
270  миллион  тонна  астық  сатса,  республиканың  ауыл  шаруашылығына
жұмсалған қаржының көлемі 21,1 млрд. рубльге жетіп, одан 6,1 млрд. рубль
таза  пайда  түскен  [4].  Ал,  1980-ші  жылдардың  ортасында  Қазақстанның
ауыл шаруашылығына жұмсалған қаржы 17,1 млрд. рублге жетіп, бұл соның
алдындағы бесжылдықпен салыстырғанда 22% жоғары болса [5], 1986 ж.
өндірістің бұл саласындағы техниканың саны 1975 ж. салыстырғанда 55,3
мыңға өскен [6].
«Тыңның жұлдызы соқты. 1956 жылы тың өзінің алғашқы миллиард пұт
астығын берді. Отан керегінің жиырма бес процентін қамтамасыз етті. Бұл
дүниежүзінің тарихында болмаған жеңіс еді. Дүние жаралғаннан бері бір
ел, бір мемлекет үшін аз жылдың ішінде адамзаттың ең басты азығы – бидай
бірден  мұндай өнім беріп көрген емес-ті»  -  деп жазады қазақ жазушысы
Ілияс Есенберлин өзінің «Мұхиттан өткен қайық» атты романында.
Ілияс Есенберлин туралы айтатын болсақ, кезінде жазушы да тыңдағы
адамдардың ерлігін насихаттаудан қалыс қалмады дегеніміз дұрыс болар.
Тың  өлкесін  игерудің  жиырма  жылдығына  орай  жазылған  «Көлеңкеңмен
қорғай жүр», «Мұхиттан өткен қайық» атты романдарында суреттеліп, орын

184
алған  халықтың  тыңдағы  ерлігін,  патриоттығын    нақ  осы  шығармалары
арқылы дәріптеп жатты.
Осылайша  табысты  басталып,  халық  ерлігінің  тағы  бір  бетін  ашқан
Тың және тыңайған жерлерді игеру процесінің басталғанына 60 жыл уақыт
өткеннен кейін, миллиондаған адамның маңдай тері сіңген алып төңкерістің
оңы мен солын анықтауда аяғымызды тең баса алмай толғанып отырғанымыз
да жасырын емес. Олай болатын себебі, көптеген зерттеушілер (кешегілер
де,  бүгінгілер  де)  бұл  мәселеге  келгенде  тың  және  тыңайған  жерлерді
экономикалық  тиімділігі  тұрғыдан  талқылаудан  аспай  келе  жатқаны  жоқ
емес. Осы тұрғыдан баға беремін десек, 15 одақтас республикалар қаражаты
мен  еңбек  күшінің  арқасында  өзгерген  қазақ  даласын,  қаздай  қалқыған
мыңдаған  елді  мекендерді,  оларда  ерен  еңбегінің  нәтижесіне  малынғысы
келген еңбек адамдары тұрғандығын көрмеу мүмкін емес. 1959-1965 жылдар
аралығында Қазақстан картасында 20 жаңа қала пайда болса, мыңнан аса
совхоздар мен колхоздар кең далада сап түзеп, оның өңіне жаңа леп берді.
Өкінішке  орай,  қазақ  даласының  бұлайша  өзгеріске  ұшырауы  тұрақты
болмай шықты. Бүгінгі күні қаңырап қалған елді мекендер, бір тұрғыны
қалмаған, көшелеріне қаптап кеткен қурайдың ортасында әлі күнге дейін
қалқиып  Ленин  ескерткіші  ғана  қалған  Ақмола  облысындағы  Амангелді
ауылы соның бір мысалы....
Партияның  тың  игеру  мәселесін  насихаттауға  байланысты  құрылған
арнаулы  адамдар  тобы  жапа-тармағай  қолдау  көрсетіп,  тың  игеруді  жаңа
ғасырдағы,  жаңа  жетістік  деп  жатқанда  Ілияс  Есенберлин  осы  бір  елеулі
үдірістің  түп-тамырына,  оның  алдына  қойылған  міндет-мақсаттарына,
әсіресе,  тыңның  даланың  көне  тұрғындарының  ұлттық-рухани  дүниесіне
тигізіп  жатқан  келеңсіз  әсерлеріне  қатты  алаңдай  бастаған.  Сондықтан,
Кеңес Үкіметінің көптеген басшылары тыңның жетістіктерінен «бас көтере
алмай  жүргенде»  Ілияс  Есенберлиннің  «мұхиттағы  қайығына»  артылған
ауыр  жүктің  бірі  осы  ТЫҢ  ЭПОПЕЯСЫ  дей  отыра,  осы  тараудың  бір
бөлімінде аталмыш тақырыпқа арнайы тоқталып отырмыз.
Көк Есіл, жаралғандай көз жасынан,
Ежелден ел-жұртына қымбат болған.
Көк майса өшпесе де жағасынан,
Көңілі ел-жұртының шерге толған.
Туған  жердің  табиғи  кереметіне  осылай,  масаттана  өлең  жолдарын
жазып отырған жазушы енді келіп: «Бүгінгі Есіл бойының суреті бір басқа.
Көз жетер жердің бәрін қопарып, жыртып тастаған. Көл, өзен беттерінің

185
бәрінде қаптаған жем құс. Атар таң, батар күн демей, күндіз-түні мотордың
арынды гүрілі күллі аймақты жаңғырықтырады. Жоқ, қазір Есіл де бөтен»
деп мазасызданады ол... [7. 9-10ББ].
Романның алғашқы жолдарын осылайша бастаған Ілияс Есенберлиннің
мақсаты  тек  тыңның  жетістіктерін  дәріптегеннен  гөрі,  басқа  бір  ойдың
үстінде  жүргенін  байқау  тек  бүгінгі  күннің  көзқарасы  арқылы  байқауға
болады.  Шығарманың  эпилогына  назар  аударсақ:  «Хасен  әдеттегісіндей
бір күні совхоз поселкесінің қасындағы төбеге шықты. Жан-жақтың бәрі
көкжиегіне дейін жыртылған дала... Бұл ойға шомуға ыңғайлы. Бұнда өмір,
жер, оның тағдыры туралы ойға берілуге болады. Хасен осы араға келгенде,
неге екені белгісіз, осыдан екі жарым мың жыл бұрын өткен Майя халқының
тарихын  жиі  еске  түсіреді»  [8.  221Б].  (Есіңізде  ме,  бір  шығармасында
жазушы өз кейіпкері болған бір қазақ зиялысының төріне «Помпейдің соңғы
түні» суретін ілгізіп қойған еді ғой, енді міне, жер бетінен өшіп кеткен Майя
халқы, оның қасіретті тағдырын еске салады...)
Тарихтан белгілі, кең байтақ Қазақ даласы өзінің жер асты байлықтары,
жер үсті мүмкіншіліктерімен талайларды ойландырып келсе, бұл тұрғыдан
кеңестік басшылар да тыс қала алмаған. Байырғы замандағы Халықтардың
Бүгінгі Атбасар қаласының маңындағы егісті алқап
(сурет 2014 ж. қыркүйек айының басында түсірілген)

186
Ұлы Қоныс аударуымен ғана салыстыруға болатын адам естігісіз жойқын
қоныс  аудару  енді,  міне,  Кеңес  заманында  тағы  да  басталды.  Бір  түннің
ішінде кенеп палаткалардан тұратын қалашықтар, барақтар мен уақытша
жеркепелер  көктемгі  жауынмен  бірге  пайда  болатын  саңырауқұлақтар
секілді  кенеттен  қаптап  кетті.  Тың  игеру  процесі  күтпеген  өзгерістер
әкелді.  Солардың  басы-қасында  жүргендердің  бірі  –  Есенберлиннің
«Мұхитындағы...»  бас  кейіпкер  Ақылбек  Ахметжанов.  «Тың  десе
Ахметжановтың  жүрегі  кенет  тебіреніп,  қуанып  қалады.  Қазақстанның
солтүстігіндегі  ұшан-теңіз  бос  жатқан  құнарлы  даласына  С.М.  Киров
өзінің 1934 жылғы сапарында босқа назар аудармаса керек-ті. Содан бері
бұл  ұшы-қиыры  жоқ  өлкеге  көз  тігумен  болды.  Бірақ  ешкімнің  ойынша
қазақтың  сар  даласына  мемлекеттік  көзқараспен  қарап,  халық  қызығына
пайдалану  кірмеді.  Тек  XIX  партия  съезінен  екі  жыл  өткен  соң  ғана  бұл
мәселені  партия  қолына  алды.  Иә,  сол  жылы,  көне  заманнан  бері  аңыз
болып келе жатқан «Ұлы көшуге» (кітапта солай – авт. А.Қ.) пара-пар түсер,
совет халықтарының тыңға аттануы ғажайып өріс алды. Қазақтың ғасырлар
бойы  бос  жатқан  сор  даласына  күндіз-түні  демей  жұрт  ағылды.  Біреу
жалғыз, біреулер үй-ішімен, кейде тіпті үлкен қауым болып, поездармен,
машиналармен,  қала  берді  ескі  замандағыдай  тізбектелген  көліктерімен
күншығысқа  қарай  халық  жөңкілді.  Еңбектеген  болса,  бүкшеңдеген  шал
демей тыңға жетуге асықты. Кешегі құлазыған бос далада бір күннің ішінде
шатырдан, не үйеңкі тәрізді жеңіл құрылыс ағаштан жасалған шағын қала,
поселкелер пайда болды…[9, 42 б.].
Осының  бәрі  Ахметжановтың  көз  алдында  өтіп  жатты.  Ол  қазақ
даласында орын алған осы бір көріністі барынша насихаттаудан да қалыс
қалып жатпады. Тыңды игеру барысындағы жетістіктер оқулықтарға еніп,
партияның  ауылшаруашылығы  саласындағы  үлкен  жетістіктері  ретінде
жоғарыдағы  тараулардың  бірінде  айтылған  академик  С.П.Трапезниковтің
«Ленинизм  и  аграрно-крестьянский  вопрос»  атты  монографиясы  арқылы
миллиондаған  оқырмандарға  сол  кездері  құрылған  маркстік-лениндік
университеттер арқылы ауыл шаруашылығындағы жетекші мамандардың
санасына арнайы құйылып жатқанда, одан қалыс қалу мүмкін де емес еді.
Ал С.П.Трапезниковтың «...Социалистическое строительство в деревне
для нас было новым делом... мы были первопроходцами в новую жизнь и не
удивительно, что в практике руководства им были недостатки и упущения,
слабые места» - деген пікірі, біздің ойымызша, осы саладағы жетістіктер
мен басқа да проблемаларды ашып-көрсету барысындағы негізгі тұрғыдағы
методологиялық  аксиомаға  айналып  бара  жатты.  Ол  дегеніңіз  тың  игеру
процесі жетістіктерін тек қана экономикалық тұрғыдан ғана алып, тек осы

187
тұрғыдан зерделеу. (10. 6Б)
Осы жерде айта кететін ерекше бір мәселе бар. Біз қайта-қайта сілтеме
жасап отырған шетелдік авторлардың шығармалары орысшаға аударылып,
кеңестік оқырмандар назарына тек 1980-ші жылдардың соңына қарай ілініп
жатқанда,  тың  игеруге  қатынасқан,  еңбектері  жанып,  көздері  тірісінде
үлде  мен  бүлдеге  оранып  жүргендер  заманында  оқиғаның  бүгіні  мен
ертеңгісі туралы терең толғаныста жазылып, оған көкірек көзінің кеңейген
көкжиегінен  баға  беруге  тырысқан  көркем  шығарманың  авторы  кеңестік
жазушы - Ілияс Есенберлин ғана еді.
Жазушының «Мұхиттағы» бас кейіпкері Ақылбек Ахметжанов «осы
тыңдағы  алғашқы  соқа  жыртқан  жерді  өз  көзімен  көрген  кісі.  Оның  сол
күндерден сақталған фотография-суреті де бар... Бұл сурет музейде ілулі.
Сол  күндерде  тыңда  тігілген  алғашқы  мұражайда.  Оған  ескерткіш  үшін
Светлов  пен  Ақылбек  қарамаймен  қолдарын  қойған.  Рас  тыңда  талай
қиындықтар болған. Бірақ соның бәрін жеңіп шыққан совет адамдарының
ерліктері... «Тыңдық мінез...» бұл осы таңда туған, тек тың игерушілерге
ғана жататын ерекше мінез-құлық...» [11, 42-43 ББ.].
Тың  игеру  процесінің  негізгі  идеологтары  мен  осы  идеяны  іске
асыруға тікелей қатынасқандардың көзі тірісінде жазылған «Көлеңкеңмен
қорғай жүр» атты романындағы бас кейіпкерлердің бірі - Хасан академик
А.И.Бараевтың, жазушы В.Чивилихиннің, агроном Морганның еңбектерін,
ғылыми  мақалаларын  сараптау  үстінде.  Нәтижесінде  оның  күнделік
беттеріне  төмендегідей  жолдар  түсіп  жатты:  «Жер  сыры  тірі  жандай
таңғажайып.  Оның  құнарлы  қыртысы,  яғни  бетіндегі  топырағы  негізгі
анайы жынысқа биологиялық даму заңының әсерінен туған. Топырақтың
жаралуына геологиялық қозғаушы күштер себепші, олар: ауа райы, уақыт,
өсімдік, бара - бар тіршіліктер. Алайда оған тек табиғаттың құбылыс қуаты
ғана емес, адамның әрекеті де әсер етеді...
Егер  бағып-қақпаса  жер  тозып,  істен  шығып  қалуы  мүмкін.  Ауа  мен
су сияқты өзін қорғай алмайды. Оған жел де, су да, жер сілкінуі де, күтуші
адамның орашолақтығы да зақымын тигізеді. Егер жер екі-үш сантиметр бет
топырағынан айрылса оның орнын толтыру үшін жүздеген, керек десеңіз
мыңдаған жылдар қажет болар еді.
Украина  мен  Россияда  басты  пәле  судың  бүлдіруінен  яғни,  су
эрозиясынан  келеді,  су  миллиондаған  гектар  құнарлы  қара  топырақты
жердің  шөп  өнетін  қыртысын  жуып  кетеді,  ал  қазір  жаппай  жыртылып
егіндікке  айналдырылған  Қазақстанның  ұшан-теңіз  иен  даласы  үшін  зор
апат – жел эрозиясы.
... Жазғы кездегі құрғақшылықта ылғал жетіспеген жер, жел өтіне шыдай

188
алмай, тез бүлінеді. Алайда көктем айларында да қауіп зор: көктемде, яғни
жер жыртылып жатқан шақта ескек жел ұзақ, өктемірек соққыш келеді. Сол
кезде топырақтың беті өсімдіктен жұрдай панасыз, көпсіп жатады да жел
көтерілсе бүтіндей түтеп шаң тозаңға айналады.
...Павлодар облысында 1963 жылы шаң-тозаң бораны миллион гектар
егіндікті құртып кетті, келесі жылы алты жүз мың гектар құнарлы жер істен
шығып қалды.
...1962 жыл мен 1965 жылдың төрт миллион гектарға жуық егіндік қарап
болды. Сонда бұл ең аз дегенде жетпіс миллион пұт астық жоғалып кетті
деген сөз.
...Шаң-тозаң  бораны  Солтүстік  Қазақстан,  Көкшетау,  Қостанай
облыстарының егін жайларына да қауіп тудырды. Соңғы он бес жыл ішінде
ауыл-шаруашылығына  келтірілген  зиянын  есептесек,  орасан  көп  санды
ауызға алуға тура келер еді. Оған төрт миллиондай шығын шығады екен»
[12. 131-133 бб.].
Осының  бәрін  бастан  кешірген  Ахметжановтың  бара-келе  ойы  да
өзгерген: «Кенет оның есіне бала жастан білетін, қазақ елінің арманы тәрізді
бір жыр шумағы түсті...
Дүниеден өшіп мәңгі аштық, жоқтық
Жер шарын билеп ләззат, шаттық, тоқтық,
Қонысы Жерұйық боп арман еткен
Ешбір жан аштық көріп, шекпес опық.
Бұл, әрине, Жерұйықты көкейтесті тілек еткен аңыз еді ғой. Ал мынау
алтын дәнді дала, аңыз емес шындық ... Бірақ бұл шындыққа оңай жетілді ме?
...Тың эпопеясының, әлі есінде, үшінші жылы ғой деймін, Ол тыңға барып
қайтқан. Әрине, тың көтеру ісі оның идеясы емес... Бірақ іске болжам, ақыл
керек қой... Қысқасы, Россияның орта тұсындағы жағдайды қазақ жеріне
де пайдаланды. Ал қазақ жері мұндай қалжыңды жақсы көрмейтін. Оның
даласында  атам  заманнан  сары  жел  азынаған.  Ол  қуаңшылық  жылдары
шаң-тозаңды көтеріп кәдімгідей дауылға айналатын. ..
Кейбір білгір, абыройлы мамандардың осы тұста жазған мақалаларын,
кітаптарын  Ақылбек  әлі  күнге  дейін  ұмытқан  жоқ.  Тіпті  жатқа  да  айтып
бере алатын» [13, 147 б.] – деп жазады І. Есенберлин.
«Дала  үстіне  масайрап  күн  сәулесі  нұрын  төгіп  тұрған.  Ауа  райын
болжайтын  станция  жақын  арада  айтарлықтай  еш  өзгеріс  болмайды  деп
хабарлады. Күн райы бұзылар деп ешкім ойлаған жоқ.  Тек  кешке  қарай
тыныс тарыла бастады. Ауа қорғасындай ауырлады. Таңертеңгі кезде поселке

189
маңындағы неше түрлі құбылып жататын иен дала өңінен тайып, төңірек
сығыла, қырыла түсті, - дала тіршілігі түгелдей іштен тынып, меңіреулене,
елегізе  қалды.  Тып-тынық  ауа,  басы  салбыраған  өсімдік  дүниесі  әлдебір
сұмдық күткендей сезінеді... не боларын ел түсінген жоқ. Бірақ олар кәрі
Зікірияның  қойын  жайылымға  шығармай,  қораға  қамап  тастағанынан
бірдеме жорығандай...
Бір кезде Есіл суы қарая бастады, оның тұнық толқыны қарақошқылданып
лайға  айналды...  Артынан  барып  айқындалды,  батыс  жақтағы  мыңдаған
километр  жердегі  жаңа  жыртылған  егістің  көпсіген  топырағын,  шаңды
дауыл аспанға көтеріп, Қазақстанның үстімен, Солтүстіктегі ұлан байтақ
далаларды басып, сонау Сібірге дейін айдаған екен» [14, 133-134 бб.].
Атбасар қаласындағы І.Есенберлин атындағы әдеби мұражай қорынан
қолымызға түскен деректердің бірі, жазушының інісі Раунақ Есенберлиннің
«Новый мир» журналының бас редакторы С.П. Залыгиннің атына жазылған
хаты болатын.  
«Целина, однако, не только проблема экономическая,
но и политическая, точнее национальная» – деп жазады Р. Есенберлин, -
«Сейчас  много  говорят  о  крымских  татарах,  немцах  Поволжья,  чеченцах
и других народах, потерявших Родину в грозные годы войны. А вот нигде
ни слова не говорится, как фактически отняли у казахов не подумав даже
спросит  кого-либо,  основу  их  Родины,  веками  воспетую  Сары  –  Арку
(Золотую  степь)  площадью  более  20  млн.га.,  да  и  при  переселении  в
Казахстан немцев и других народов никому в голову не приходило спросить
разрешения  у  коренных  жителей.  В  результате  казахи  стали  у  себя  дома
национальным меньшинством... в Казахстане в период нашествия целины
не  было  серьезных  межнациональных  столкновении  несмотря  на  то,  что
фактическая  потеря  Сары-Арки  не  могла  не  оставить  в  душе  миллионов
казахов досаду...» [15. 5Б.].
Раунақ  Есенберлиннің  бұлай  деп  ой  айтуына  көп  себеп  ағасы  Ілияс
Есенберлин  шығармаларында  бұл  мәселелер  бірде  ашық,  бірде  негізгі
кейіпкерлеріне қатысты болып көрініс тауып жатты. «...Бұндайда жергілікті
жұрт та тек қарап қалған жоқ, қолынан келер жәрдемін аямады. Бірақ кең
ашылған құшақ сол қалпында қалды. Оның (Н. Хрущевтің –Қ.А.) нұсқауы
бойынша  республиканы  уақытша  басқарған...  бір  үлкен  адам  облыстық
басшы  қызметте  жүрген  жергілікті  жер  азаматтарын  тегіс  орындарынан
босаттырды.  «Жаңа  сыпырғыш  –  жақсы  сыпырады»  дегендей,  бүкіл
Көкшетау тың облысында осы кезде бұрыннан келе жатқан облыстық оқу-
ағарту бөлімі мен облыстық ақша бөлімінің бастықтары ғана орындарында
қалды. Ал, аудандық жауапты қызметкерлері мен совхоз директорлары да
тегіс  өзгертілді.  Бұның  бәрі  қандай  саясатқа  жатушы  еді?  Адам  түсінбес

190
хикая...» [16, 42 Б.] -дегенді айтқызып отырған І. Есенберлин.
Бұл  дегеніңіз  үкімет  пен  партия  біліп  отырса  да,  мойындағылары
келмей,  және  осыған  дейін  ресми  түрде  ешкімге  көтерткізбей  келген
мәселенің  көркем  шығарма  арқылы  бет  пердесінің  ашыла  бастауы:  тың
игеру жоспары кенеттен, асығыс түрде басталғаны, жыртуға жарайды деп
есептелген жерлердің бірнеше аптаның ішінде ғана анықталғаны, осыншама
үлкен алқаптағы жерді жыртуға кенеттен, жер қыртысының ерекшеліктерін
ескермеу  секілді  проблемаларға  қосымша  кедергілер  қосыла  бастаған.
Ресейден шыққан техника сапасы жағынан жаңа аудандарға сәйкес келмеген
себепті, тез істен шығып, қосалқы саймандардың жеткіліксіздігінен тұрып
қалатын болып жатты. Мамандар да жетіспей жатты. Хрущев бастаған топ
болса 1956 жылы тың жерлердің көлемін 28-30 млн. гектарға жеткізу туралы
ұсыныстарын  ресми  түрде  қабылдатып  та  үлгерген  болатын.  Осындай
көріністердің  соңында  не  тұрғанын  байқап,  дауыс  көтере  бастағандар,
әрине, жергілікті тұрғындар, олардың өкілдері.
Осылайша  асығыс  кіріскен  істердің  нәтижесінде  жаңадан
ұйымдастырылған  шаруашылықтар  басына  көп  жағдайларды  сырттан
келген адамдарды тағайындауға мәжбүр болды. Сауатсыз адамдар колхоз
басшылары, мал дәрігерлері, инженер мамандар болып шыға келді. Кейбір
ауылдық  аудандардағы  өндірісшілердің  10-12  пайызына  дейін  сауатсыз
болып  шықты.  1962  жылы  Қазақстан  Комунистік  партиясы  Орталық
Комитетінің  қаулысында  көрсетілгендей,  республикадағы  16-49  жастар
арасында 60 мың адам сауатсыз болып шықты.
Бұл  жағдайда  тек  қазақтардың  білімге,  ғылымға  деген
қызығушылықтарының  төмендігінен  деп  санау  өте  қате  пікір  еді.  Қазақ
жастарына толық дәрежеде білім алуға мүмкіндіктер жоқ болатын. 1950-
ші  жылдардың  ортасында  жоғарғы  оқу  орындарында  дәрістер  басым
көпшілігінде  орыс  тілінде  өткізілетін.  Оның  үстіне  ауылдық  жерлерден
келген жастар, қаражаттарының аздығынан, жатақханалардың жоқтығынан
оқуларын тастап, ауылға қайтып жатты.
Деректерге қарағанда, 1953 ж. жоғары оқу орындарындағы студенттердің
35 пайызы ғана қазақ жастары болған. 1957-1958 жж. оқу жылында, мысалы,
Қазақ  мемлекеттік  университеті  студенттерінің  48  пайызы,  дәрігерлік
институттың – 34, шет тілдер институтының – 40 пайызы қалаларда тұратын
жастар болып шықты. Оның үстіне саны жағынан басым келген қалалық
студенттердің арасында қазақтар аз болды.
Кеңес  үкіметі  қырық  жыл  ішінде  тек  929  қазақ  жастарына  жоғары
дәрежеде білім бере алған.
1960-шы жылдардың ортасында ғалымдардың арасында қазақ ұлтының

191
өкілдері жоқтың қасы болса, солардың ішінде инженер – техниктер 7 пайыз,
ал  дәрігерлердің  1  пайызы  ғана  қазақтар  болған.  1955  жылы  Қазақ  КСР-
на қарасты Мәдениет министрлігінде 6 мыңға жуық адамдар қызмет етсе,
солардың бір де бірі қазақ болмаған.
Бізге, мысалы, Атбасар ауданына қарасты «Самарский» совхозы жақсы
белгілі  (қазір  бұл  шаруашылыққа  Кеңес  Одағының  батыры,  жерлесіміз
Ақан Құрмановтың есімі берілген). Міне, осы шаруашылықта көп жылдар
бойы  Лихобаба  деген  адам  директор  болып  келді.  Оның  тыңға  келуі  де
қызық көрінеді.. Тың игеруге дейін ол Украинаның бір шаруашылығында
басшы  қызметте  жүрген  болса  керек..  Осы  шаруашылықта  кенеттен
басталған  өрттің  салдарынан  бірнеше  жүз  жылқы  өртеніп  кетеді.  Аудан
басшысы болса Лихобабаны шақырып алып, сотталасың, не болмаса осы
жерден «өз еркіңмен» тыңға кетесін деген. Мұндай жағдай әрине, бәріне
қатынасты болмаса да, тыңға осылайша «Отан шақыруымен» келген жаңа
басшылардың біршамасына қатысты болса керек.
Шығармаларының  бірінде  Ілияс  Есенберлин  мынадай  ойды  жазады:
«Жас кезіңнен-ақ қандай жолға түсесің, кіммен боласың деген мәселелерді
шешу  үшін,  ең  алдымен  адамды  жақсы  көру  керек.  Қалғаны  -  тәжірибе,
білім, саясат, пәлсапа, бәрі өзі келеді, бәрі сені табады. Бірақ оның бәрінің
алдында жаңағы «ол адам дегенді жақсы көретін еді!» деген сөз тұрады.
Бұл болашақ қимылыңның, ізденуіңнің, өміріңнің ең биік жол көрсеткіші»
[17, 41 Б.]. 
1930-шы  жылдардағы  социалистік  өзгерістер  (ауыр  индустрияны
дамытудағы  жетістіктер,  ауыл  –  шаруашылығын  ұжымдастыруға  )  әлем
тарихында  жаңадан  пайда  болған  социалистік  елдердің  жетістіктеріне
социализмнің  бір  елдің  ішінде  жеңді  (КСРО-да)  деген  теориялық
тұжырымдама  жасауға  мүмкіндік  берген.  Осыған  масаттанған  қоғамның
жетекшілері,  ендігі  жерде  күн  тәртібіне  «Социализмнің  толық  жеңісі»
туралы  мәселені  алға  қойып,  соның  ішінде  «нан  мәселесін»  одақтық
дәрежеде шешуге кіріскен.
«Уақыт.  Тарих.  Осы  қос  ұғым  бір-бірімен  ажырағысыз.  Белгілі  бір
уақыттың ішінде ұлы өзгерістер өмірге келеді, дүние жаңарып, ерлік істер
туындап жатады. Ал, тарих... уақыттың шежіресі, адам баласының басынан
өткен жайларының, ерлік істерінің куәгері.
Ерлікті жасайтын кім? Адам. Ол уақыт пен тарихтың әманда жадында.
Әлмисақтан  белгілі  осы  қағиданы  қаншалықты  қайталағанымызбен,  ол
оқиғаны, сол жайды өз басынан өткерген жан болмаса, біз ол жайында тіптен
көп білеміз деп айта аламыз ба? «Жоқ» - деп сөз айтқан екен уақытында
нағыз намысқа жаралған ұлы Бауыржан Момышұлы [18].

192
Жазушы Ілияс Есенберлиннің көзінің тірісінде сыншылар пышағының
сан  рет  өткір  жүзіне  ілігіп,  баспа  бетіне  шықпай  кеткен  шығармасы  –
«Мұхиттан  өткен  қайық»  романы  болса,  жазушының  осы  шығармасы
туралы, кезінде қаншалықты сөз айтылса, енді келіп, уақыт өткеннен соң
да, тәуелсіздік заманында да талай пікірлер айтылып жүргенін ешкімнен
жасырып қала алмайсың.
«Біз  эпоспен  ауызданып,  сонымен  өмір  сүрген  халықпыз...  Ата-
бабаларымыздың тарихындағы ерлік, батырлық қасиеттеріміз сол эпостан
нәр алып, дамыған. Жеткіншек ұрпақты еліміздің ерлік тарихына баулуда...
сын сағаттағы ерліктер өзінше үлкен бір мектеп...» [19].
Ал жоғарыдағы көтерілген білім мәселесіне келетін болсақ, қоршаған
ортаға меркантильді түрде қарауға дағдыланған қазақ ұлты болса, үкімет
пен  партия  ұсынған  стратегиялық  мақсаттарды  орындауды  өзінің  бүгінгі
күндердегі негізгі мақсаты деп түсінді.
Бүгінгі  зерттеушілер  айтып  жүргендей,  «Қазақ  халқының  мәдени
мұрасы хақында Ілияс Есенберлин көтерген мәселелердің бүгінгі тәуелсіз
Қазақстан  үшін  қандай  маңызы  зор  екенін  дәлелдеп  жатудың  қажеті  аз.
Жазушы  көркем  шығарма  құрылымымен  талай  қоғамдық-әлеуметтік
құбылыстардың терең сырына үңілді. Оқымыстының биік бейнесін жасау
жолымен небір көкейтесті ғылыми проблемаларды алға тартуға, әсіресе, ұлт
мүддесін көздейтін қайнарларды іздестіруге атсалысты» [20. 347Б]. Және де
бұл тұрғыдан жазылған шығарма тек «Мұхиттан өткен қайық» романы ғана
емес. Кейіпкерлер арасындағы диалогтар арқылы оқырманға ой тастауды
жазушы  өте  шебер,  икемділікпен  жиі  қолданған.  Осы  әдісі  арқылы  ол
қоғамда күрмеуі тереңде жатқан шиеленісті проблемалардың барын оқырман
назарына іліктіріп өтеді. «Көлеңкеңмен қорғай жүр» романында партияның
тапсырмасын бұлжытпай орындауға әбден дағдыланған бригадир Губанов
болса,  екіншісі  –  тың  игеруге  сонау  Балтық  жағалауы  елдерінен  келген
Юхань есімді механизатор. Екеуінің арасындағы әңгіме мынадай:
«Бұл  араның  жерін  айтсаңшы,  жерін!  -  деді  шашы  сабан  түстес  сап-
сары  эстон  жігіті  Юхань,  -  қолыңа  алсаң,  майға  былғаған  қамыр  тәрізді,
жұп-жұмсақ, езіліп тұрады, және ұшан теңіз, шеті көрінбейді... Осыншама
байтақ далаға қазақ халқының қалай күші жетіп келген?
Губанов езу тартты.
-  Күші  жеткен  ғой.  Бұрын  олар  көбіне  мал  шаруашылығымен
шұғылданған.  Малға  қанша  жайылым  керек  екенін  білесің  бе?  Мен  бұл
араға  елу  төртінші  жылы  келдім.  Ол  кезде  осы  жердің  бәрі  тың  жатқан.
Бірде-бір  соқа  жүрмеген  кезі.  Шөбі  белуардан  келетін  анау  сайда  қазақ
ауылы тұратын. Малына сан жетпейтін. Әсіресе, жылқысы көп еді. Анау

193
көлден күніне таңертең құрығанда бес жүз құлын суарылатын шығар... Бәрі
бір түсті. Кілең мақпал қара.
- Япырмай... Тамаша болған екен-ау! – Эстон жігіті әлденеге өкінгендей
ақырын күрсінді. – Қайда қазір сол ауыл? Көп жылқы? Біз үркітіп алдық
па?».
Губанов  -  тың  игеру  процесіне  алғашқы  болып  кіріскен
ұйымдастырушылардың  бірі.  Ол  қазақ  даласының  Кеңес  үкіметіне  не
үшін  керек  екенін  де,  қазақтардың  да  негізінен  бұл  мәселеге  оң  көзбен
қарайтындарын біледі. Алайда, оның ішкі дүниесіне «көз салып отырған,
оның  не  ойда  жүргенін»  білуге  ынталы  адам  –  романның  авторы.  Тың
жерлерді  игеру  –  бүкіл  совет  халқының  бақыты  үшін  істеліп  жатқан
шара деп санайды Губанов та. Бұл партиялық қағида. Одан шығып кетуге
болмайды... Сондықтан жоғарыдағы сұраққа Губанов ойлана жауап беруге
тырысып отыр..
–  «Үркітіп  алдық  десек  те  болады.  Атам  заманнан  тыныш  жатқан
қазақтың кең даласына кенет он мыңдаған трактор келді. Ол оңай ма? Оның
гүрілінен  бесікте  жатқан  баладай,  ұйқылы-ояу  маужыраған  қазақ  ауылы
түгіл, жер сілкінгендей болған жоқ па»?
- Осының бәрін қазақ елі қалай қабылдады?
- Адам қашан болса да өз бақытын қуана қабылдайды, - деді Губанов
тағы да ойлана. – Расын айтсақ тың көтеру – қазақ даласына келген екінші
төңкеріс еді. Халық бұның жақсылығы барын тез түсінді. Сөйтсе де...
- Ия, сөйтсе де?
- ...Бірен-саран «енді біз құрыдық» дегендер де табылды...»
Осылайша кейіпкерлерін сөйлетіп отырған І. Есенберлин негізгі ойын
келесі сюжет арқылы ашып отыр.
«Бақыт біткеннің бәрі бірден қабыл бола бермейді, - дейді Губанов, -
Оған уақыт керек. Оның үстіне әр ұлттың өзіне тән ұлттық қасиеттерімен
де санасқан дұрыс. Мысалға қазақтарды алайық. Олар ілімсақтан бері осы
арада тұрады екен» [21, 12-13 ББ.].
«Ғажайыптар даласы» («Поле чудес») атты көпшілікке арналған ресейлік
теле-бағдарламасының авторы (1993 ж.) Қазақстаннан қатысып отырған бір
орыс тілді ойыншыға «Ақмола» деген сөз нені білдіреді» деген сұрақ қойған
есітіп, көргеніміз бар еді. – «Ақ зират», деп жауап берді қатынасушы.
- «Ақ зират», - деп таң қалды жүргізуші, - Целиноград деген қаланың
атын осылайша аударудың себебі неде?
- Модаға қызығушылық шығар...»
Өкінішке  орай,  жерлесіміз  «Ақ  мола»  деген  сөздің  тың  игеру
идеясын  құлшына  іске  асыруға  кіріскен  Н.Хрущевке  байланысты  екенін

194
білмеген болып шықты. «Ақ» деген сөздің «қасиетті» деген мағынада, ал
«мола»  атауының  көне  түркі  тілінде  «қорған»,  «қамал»  мағынасында  да
айтылатынынан хабарсыз екендігін білдіріп алды. Олай болмауы да мүмкін
емес. Көне жердің иелеріміз деп өздерін бұл жердің автохтонды тұрғындары
емес, тың игеруге сырттай келген, өздерін осы жерде уақытша сезінгендер
болып шықты.
Ал, халықтың санасына осылайша әсер қалдырып жатқан сана бұзылу
өзгерістерінің бастамасы ТЫҢ ЭПОПЕЯСЫНЫҢ авторы саналатын Никита
Хрушевтің  Жалтыр  станциясында  тыңға  келген  алғашқы  игерушілердің
алдында: «Жергілікті халықтан үміт күтпеңдер. Қазақтар – жаратылысынан
тоғышар, жалқау халық. Мына жердің иесі сендерсіңдер. Өз жерлеріңе ие
болыңдар» - деген сөздерінен іздеу керек-ті. Бұл жерде ұлттар мәселесіне
байланысты іштей үлкен бір «шешімге келген» мемлекет басшысы тұрғанын
байқау қиын емес. Міне, сондықтан қазақ елі туралы осыншама «толғанып»
отырған Губанов болса, бәрібір, қалыптасқан партиялық тұжырымдамадан
шыға  алмайды.  Оның  себебін  де  жазушы  көп  күттірмей  кейіпкеріне
айтқызып отыр.
«Әлі  есімде...  Есіл  жағасындағы  бабасының  жеке  тұрған  мазарын
бульдозермен  қиратып  жатқанда,  жас  баладай  әжім  басқан  бетін  ыстық
жасымен айғыз-айғыз етіп жылаған қазақ шалын мен өз көзіммен көрдім...
- Шалға ол зират соншалықты қымбат екен, тимей-ақ қоюларың керек
еді, - деді эстон жігіті тағы да ақырын күрсініп, - көпірді де басқа жерден
өткізуге болатын еді.
- Жоқ болмайтын еді, - Губанов қатулана сөйлеп, өзге жерден салынған
көпір халыққа үш есе қымбат түсетін еді. Бұны шал да ұғынып тұрған-ды.
Сол себепті ол қарсыласпай, балаша жылай берген. Мәселе бір зират, бір 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет