18
ұлыстардың тілдеріне салтанаттарын құтты болсын, ұзағынан
болсын дегім келеді!
Осы салтанатты пайдаланып, кеше ғана ана тіліміздің
тағдыры жайлы алқалы жиын, келелі кеңестерде әрбір айтыл-
ған сөз, ортаға салынған пікір безбен басына түсіп, сыналып
жатқан сәттерде елдің елдігін танытқан, ана тілі алдындағы
перзенттік борышын ақтай білген азаматтар аз болған жоқ.
Олардың біразы араларыңызда отыр. Есімімізді атамады деп
өкпелемес, мен соларға ана тілім деп соққан үлкен жүрегі
үшін, азаматтық абзал қасиеті үшін осынау биік Құрылтай
тұғырыңда түрып қауым атынан шын жүректен рахмет
айтайын!
Жолдастар! Көпүлтты республикамызда қазақ тіліне
мемлекеттік статус беру-бермеу, біле білсек, тек қазақтардың
ғана төл ісі емес еді. Осы түста бәріміз де сыннан өттік, кімнің
кім екенін таныдық. Мемлекеттік тілімізді қалың жүртшылық
қолдады. «Тілі бөлек болса да, тілегі бір, түрі бөлек болса да,
жүрегі бір» екенін таныта білген үлт өкілдерін, топ алдында
сөйлеп, шынайы достық пен ынтымақтың жаршысы болған
жандарды қазақ халқы ризашылықпен жүрегінде сақтайды.
Орайы келіп тұрғанда құрылтайдың осы биігінен, (енді атап
айтайын) орыс және украин халықтарының перзенттері ақын
Дмитрий Снегин мен Иван Шеголихинге, ғалымдар Александр
Гарковең пен депутаітар А.Сафонов пен Леонид Левченкоға,
неміс халқының перзенттері саяси қайраткер Александр Што-
пель мен Герольд Бельгерге, үйғыр халқының гіерзенттері
ғалым Қожахмет Садвақасов гіен ақын Ахметжан Әшіровке,
әзірбайжанның ғалым қызы Әсли Османоваға, күрд халқының
перзенті ғалым Нәдір Нәдіровке т.б. жолдастарға «халқымыз-
дың алғысын қабыл алыңыздар, қүрметті достар» дегім
келеді.
Ия, көптен күткен Заң қабылданды, ана тілдеріміздің стату-
сы анықталды, олардың жан-жақты дамуына мемлекет кенілдік
19
беріп отыр. Енді не істейміз, бұл заңньің шапағатын қашан
көреміз? Заң өзінен-өзі жүзеге аса ма, жоқ өлде оған қозғаушы
күш керек пе? Ол қандай күш? Әрбір саналы азаматты ендігі
жерде мазалайтын, міне осы сұрақтар болса керек.
Біздің жобалауымызша, тіл туралы қабылданған мемле-
кеттік Заңның іске асуы, мемлекеттік статус алып отырған
тіліміздің шын мәнісіндеп мемлекеттік тіл ретінде жұмыс
істеп, қоғамдық міндетін атқару тек үш түрлі жағдайда ғана,
атап айтқанда:
а)
Заңбүкілжұртшылықтарапынанқолдаутауып, көпшілік
оны жүрегімен қабылдағанда, оның қоғамдық-әлеуметтік
қажеттігін қазақгар ғана емес, басқа ұлттардың өкілдері де
толық сезінгенде, мойындағанда;
ә) Заңның негізінде жасалған тіл туралы мемлекеттік
программаны орындау үшін республика үкіметі тарапынан
жеткілікті қаржы оөлінгенде;
б)
Ана тіл (тілдер) тағдырын өз қолына алып, өзі шешетін,
оның қоғамдық қызметі мен қолданыс аясын кеңейтіп, бедел-
абыройын көтеруге өз еркімен, жүрек әмірімен ат салысқысы
келген қалың жұрттың басын қосып, үйымдастыратын қоғам
құрылғанда ғана жүзеге аспақшы.
•
Байқасаңыз, бірінші шарт Заңның праволық, моральдық
жағын қамтамасыз етсе, екіншісі оған экономикалық кепілдік
береді, ал үшіншісі - «жабыла көтерген жүк жеңіл» деген
принцип бойынша, бүкіл ел-жұртты қатынастырып, қоғамдық
күштің құдіретіне ерік беру болып саналады.
Сондықтан да жұртшылық өзі қалап, өз еркімен қүрғалы
отырған «Ана тілі» қоғамын тіл проблемасын қозғаушы да
шешуші күш деп толық айта алады. Оның алдына қойған аб-
зал міндеттер мен нысаналы мақсаттар, міне осы тұрғыдан
айқындала түспекші.
Енді сол үш шарттың нақтылы орындалуына байланы-
сты болашақ Қоғамның міндетіне жататын мөселелерге
тоқталайық.
20
Мәселен, Заңның праволық, моральдық-этикалық жағы де-
генде біз ең алдымен әрбір тілдің белгіленген статусына сәйкес
қызмет атқаруы ұлтаралық қарым-қатынастағы үйлесімділік
пен мәдениеттілікті, қоғам мүшелері тарапынан тілге деген
құрметті, олардыңтең праволылығын сыйлауды көз алдымызға
келтіреміз. Бұл айтуға жеңіл, бірақ орындалуы қиын, күрделі
мәселе. ¥лтаралық қатынастың нәзік те сезімтал жері осы болса
керек. Осы арада «Халықтың тілін сыйлау - оның өзін сыйлау»,
Тілге деген қүрмет - елге деген құрмет тәрізді нақыл сөздердің
мәні тереңдей түсетін сияқты. Мемлекегтік тіл өзін де, өзге
тілді де жүрттың қүрметтеуін талап етеді, кімнің де болмасын
жергілікті халықтар тіліне менсінбей, кемсіте қарауына, кекете
сөйлеуіне тиым салатын болады. Бұл халықаралық праволық
декларация тұрғысынан да әділетті талап.
Несін жасырамыз, республикамызда бұл этика күні бүгінге
дейін өрескел бұзылып келгені белгілі. Сөзіміз дәлелді болу
үшін бір-екі мысал келтіріп көрейік. Бұрынғыны былай қой-
ғанда, кеше ғана Тіл заңын қабылдану қарсаңында Талдықор-
ған қаласының бір магазинінде болған бір жағдай жайын-
да «Правда» газетіне жіберген хатының бізге жолдаған
көшірмесінде Ілиясов Сұлтан деген ақсақал мынаны баян-
дады: «Магазиндегі кассаға оз кезегімен келген қарт оже
кассирден полиэтилен дорбашықтарға салынған кептірген
нанның (орысшасы: расфасованные сухари в полиэтилено-
вых мешках) бағасын қазақша сұрайды. Бір сұрағанын үш рет
қайталап сүрайды. Бұған долданып ашуланған кассирдің бар
қайтарған «жауабы»: «Говори человеческим языком!» - «адам
тілімен сөйле» деп зекіруі болды. Қарт ана жас баладай жау-
тандап жан-жағына қарайды, айналасында тұрған бір топ адам-
нан мына мүшкіл халіне жәрдем іздегендей. Жоқ, алатын за-
тын ол ана тілінде сұрап ала алмады, аңырып тұрып қалған
қарт анаға орыс тілдес жерлестері жөрдемдеспеді» дейді осы
бір удай ащы шындыктың куөгері болған Сұлтан ақсақал. Ол
21
і
осыны айтып, әділетгік іздеп «Правда» і азетіне хат жолдаиты.
Жаңағы қарг ана - жай ана емес, 10 бала тәрбиелеген «Батыр
ана» екен. Өмірімізде кездесіп келе жатқан мұндай жағдай
көбінесе кейбіреулердің ұлтаралық мәдениетінің төмендігінен
өресінің тарлығынан, инабатсыздығынан болатынын біз
білеміз. Ал енді осындай қылықты лауазымды партия, совет
басшыларының өздерінен көргенде не айтуға болады. Жу-
ырда Жамбыл қаласында өткен бір кездесуде «Соңиалистік
Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Е. Әлімжанов жолдас өз
ойын қазақша айтыпты. Бірақ жиналысты басқарып отырған
облыстық комитеті председателінің міндетін атқарушы А. Гу-
сарев жолдас орнынан тұрып:
Мен Әлімжановтың қазақша сөйлеуін осындағы орыс тілді
жұртшылықты сыйламағандығы деп «есептеймін» деген
мәлімдеме жасапты. Бұл фактіні біз газеттен (СҚ. 12. 08. 89.)
алып отырмыз.
Мүны қалай түсінуге болады?
Ал шопандардың аулына барып (олардың бәрі қазақ екендігі
белгілі ғой), халықаралық тақырыпқа байланысты орыс тілінде
лекңия оқитын кейбір орыс басшылары туралы не айтуға бола-
ды? Мүндай «лекциядан» соншалық ғибрат алған бір ақсақал
«ал, сұрақтарың бар ма?» дегенде орнынан тұрып, әлгі баянда-
машыдан «Шырағым, дүкенге үнді шайы қашан түседі?» деп
сүрапты.
Болашақ Қоғамға айтылған бүл қүлаққағыс тек медальдің
оір жағы ғана, ал оның екінші жағы - мемлекеттік тілді алып
үлғермей жатып, кейбір жастардың орыс тілін жақсы біле
тұрса да, сауда-саттық саласындағы қызметкерлерге - я орыс-
ша сөйле» деп шатақ шығаруы сияқты фактілер. Қабылданған
Заңда бұл мөселелер қаралған, белгілі әлеуметтік топтар
үшін қазақ тілін білу дәрежесі, қолданыс аясы және мерзімі
белгіленген болатын. Сол тәртіпті қатал ұстанғанда ғана тіл
22
қатынасына қажет үйлесімділік (гармония) жолға қойылады
деп сенеміз.
Үйғыр халқының бір жақсы мәтелі бар: «Елге барсаң -
еліңше, суға түссең — беліңше». Бұл ұлтаралық мәдениетке
қатысты ұғым: «қай жерде, кіммен, қай тілде және қалай
сөйлесуді білу» деген сөз. Мәселен, орыс, қазақ аралас жерде
кай тілде сөйлеу күні бүтінге дейін ұлтаралық қатынастың
ең бір нәзік жері болып келді. Оны ешкім ашып айта алмады,
көптен қалыптасқан дәстүр биледі де ұлттық психологиямызға
«көпшілік тілінде ғана пәйлеу» деген ұғым мықтап сінді. Және
бұл әдет республикамыздың әр өлкесінде, өндіріс, мәдени,
рухани өмір салаларыңда әр түрлі көрініс тапты. Бір мысал:
өмір бойы Қазақстанда тұратын бір қазақ Алматыдағы туыс-
тарын аралап, қайтып ауылына барғанда, дос-жарандарына
көрген-білгендерін айтып отырып: «Ойпырмай, ұялғаным-
ай, бір топ казақ жігіттері, арасында бір орыс тұрса да, өзара
қазақша сөйлесіп, масқара болды,..» - депті. Бұл, әрине, таныс
психологияның әр өлкедегі көрінісі. Айта кету керек, ана тілі
мәселесі жұртшылық арасында кеңінен сөз бола бастағаннан
бері тіл қатынасында да біраз өзгерістер де жүз берді. Кеше
ғана жиналыстарда қазақ тілінде сөйлей қалсақ, қысылып-
қымтырылып, көпшіліктен кешірім сұраушы едік, ал бүгінде
шешен кешірімді қазақ тілін білмегендігі үшін, не ойын жеткізе
алмайтындығы үшін сүрайтын болды. Бұған да шүкіршілік!
Қабылданған Заңның моральдық-этикалық астары, міне, осы
проблеманы дүрыс ұйлестіре дау-дамайсыз, түсінісу арқылы
шешуге барын саяды. Демек, бұл - қоғамның датөл ісі.
Заңның іс жүзінде жұмыс істеуі оны экономикалық жағынан
қамтамасыз етуіе байланысты дегенде, біздің көз алдымызда
толып жатқан мемлекеттік нақтылы шаралар келеді. Оларға,
мәселен, қазақ, орыс және басқа тілдердің мамандарын дайын-
дау, тіл үйретуге және үйренуге қажетті сан алуан оқулықтар
мен оқу-методикалық комплектілерін шығару, оқу жүйесін
23
замана талабына сай неше түрлі техникалық аппараттармен
жабдықтандыру, жаңа жеңіл тәсілдерді меңгеру, балабақшалар
мен мектептерді компьютерлік техника мен лингофонды ка-
бинеттермен қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізетін маман-
дар мен стенографистерді, машинисткалар мен ілеспе аудар-
машыларды даярлау, тіл үйретуді мекеме мен үкімет есебінен
үйымдастыру сияқты шаралар жатады.
Әрине, бүлардың бәріне қаражат керек. Қанша керек екенін
мен айта алмаймын. Бірақ қаражатсыз бүл шаралар жүзеге аса-
ды дегенге өз басым сенбеймін. Мәселен, мүндай қажеттікке
Латвияда жылына 50 млн. сом, көршілес Қырғызстанда 53 млн.
сом мөлшерінде қаржы беліп отыр. Осы мәселе сөз болғанда
кейбір жолдастар еліміздегі бүгінгі экономикалық қиыншылық-
тарды, пәтер, тіпті сабын, пастаның жетпей жатқанын ескертіп,
тілге соншама қаражат бөлу орынсыз деген пікір де айтты.
Біздің ойымызша: үлт тілдерінің тағдырын безбеннің ба-
сына салып, ақша санымен де, алгын салмағымен де өлшеуге
болмайды. Тіл туралы Заң қабылдаған мемлекет оны жүзеге
асыру үшін үлттық табыстан керекті мөлшерде қаржы бөлуге
тиісті. Сонда ғана аталмыш шарт орындалады.
Ал енді, үшінші шартқа келсек, оған үкіметтің қаржысы
емес, қалың көпшіліктің қамқорлығы қажет. Ол жайындағы
ендігі әңгімеміз тікелей байланысты.
Әрине, Қоғамның алдына қойған міндеттері мен нысаналы
мақсаттарын бір ауыз сөзбен айтып жеткізу қиын. Қоғамның
биік мүраты мен ізгі тілегіне лайық оның арқалайтын жүгі
ауыр, атқаратын қызметі алуан түрлі.
Түпкі мақсаттың «қабылданған тіл туралы мемлекеттік
Заңды іс жүзіне асыру» екендігін жоғарыда айттық. Ол үшін ең
алдымен ана тілімізді кінараттан сақтап қалу, толыққанды тіл
ретінде қоғамға қызмет істеуіне қажетті жағдай жасау, беделін
көтеру, мерейін өсіру керектігін біз жақсы білеміз. Сондықтан
Қоғам, әсіресе адам факторына, бірлескен қауымның шеп бүзар,
24
қайрат-жігеріне, халықтың даналығына ерекше мән береді,
арқа сүйейді.
Әрине, адамның адамдығын бағалайтын критерий-өлшем
бізде көп-ақ. Солардың ішінде ана тілі түрғысынан бағалау
халықтың өмір салтын, әдет-ғүрпын, рухани байлығын білу
түрғысынан бағалау бағзы заманнан келе жатқан көшелі дәстүр.
Бүгін де бүл дәстүр мәнісін жоғалтқан жоқ, ал ана тілін ел-жұрт
болып әспеттеп, алақанына салып аялай бастаған дәуірде бүл
критерий, бүл өлшемнің қүны қайтадан арта түспек. Осыған
орай белгілі жазушы Константин Паустовскийдің мына бір
мәнді пікірін тыңдап көрелік:
«Әрбір адамның, - дейді ол, - өзінің ана тіліне деген
көзқарасына қарап, оның мәдени деңгейіне ғана емес, соны-
мен бірге азаматтық қасиеттері жөнінде де мүлтіксіз баға
беруге болады. Өз отанына деген махаббат өз ана тіліне де-
ген шынайы махаббатсыз болуы мүмкін емес. Өз ана тіліне
немқүрайдылықпен қарайтын адам хайуанмен бірдей. Оның
ана тіліне деген немкеттілігі өз халқының өткеніне, қазіргісі
мен келешегіне деген немкеттілікпен сабақтасып жатады,
сондықтан ондайлар зиянды».
Қатты айтса да, қаламгер шындықты айтып түр. Бүл
сөздерді Қазақстан топырағынан пайда болған тілінен без-
ген нигилистер де еститін шығар деп қайталап отырмыз.
Әрбір адамның жүрегінде өз ана тіліне деген сезімді оятуды
мақсат ететін Қоғам өзінің ерікті мүшелеріне «өз тіліңді білу
перзенттік парызың, егер оны жете меңгерсең, ең болмаса бір
адамға, мейлі, ол жарың не балаң болар, немерең не шөберең
болар, қызметтес жолдасың не қоныстас басқа үлттың өкілі бо-
лар - өзің білген тілді үйрете біл» деген талап қояды. Басқаны
былай қойғанда, қазақ қауымынан тіл кемістігіне байланы-
сты оқшаулана бастаған 40 процентгі «қазақ тілі» деген қара
шаңырақ астына қайтарудың жолына осы болса керек.
25
I
Тіл мен халық бірінің-бірінсіз күні жоқ епз дүние дейміз.
Халық деген үғымга бүгінгі өмір сүріп отырған өзіміз ғана
емес, біздерден бұрынғы ата-бабаларымыз да, бізден кейін
жасайтын мұрагер ұрпақтар да жатады. Бұл жалғастық пен
тұтастық сақталғанда ғана бүгінгі ұрпаққа аманат ана тілімізді
болашақ ұрпаққа бар сәнімен, бар мәнімен табыс ете аламыз.
Сонда ғана өткен әулет пен болашақ ұрпақ алдында жүзіміз
жарқын бола алады. Осыған орай ойшыл ақынымыз Мұзафар
Әлімбаев бір сөзінде: «Әр ұрпақ, әр адам алдыңғы буынмен
өзінен кейінгі буынның екі арасындағы рухани көпірі болуға
тиіс. Егер ол осы миссияны толық әрі жоғары дәрежеде өткере
алмаса, онда оның өкінішсіз ғұмыр кешпегені» (ЛЖ.26.09.89.)
деп, қоғам алдындағы әркімнің азаматтық парызын тағы бір
анықтай түседі.
Ана тілімізбен рухани мүрамыз да сыбайлас дүние. «Үзын
ғасырларға тамыры бойлаған ұлттық мәдениетіміздің шы-
рыны да, салт пен санамыздың сәні де, дәстүріміз бен
ұлттық табиғатымыздың мәйегі де - ана гіліміз» (Сәбетқазы
Ақатаев. КЭ. 1.09.89.) екенін жақсы түсінетін Қоғам мүшелері
оз жұмысында әдеби, мәдени мұраларымызға да ерекше мән
бермекші. Соның бір-екеуін ғана атап өтейік.
Әділеттік өріс алып келе жатқан бүгінгі таңда жұртшылық
біршама игілікті істердің куәгері болып отыр. Қалың қауым
«өлгені тіріліп, өшкені жанып» жеке басқа табыну кезінде
жазықсыз жазаланған Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Жүсіпбек,
Міржақып сынды перзенттерімен араға жарты ғасыр салып
қауышып отьір,
Олардың ғылыми, әдеби, тарихи, тілдік бай мұрасы
халқына қайтарылды. Асыл мен нәсіл жалғасы болып Ахмет
Байтұрсыновтың қызы Шолпан апай мен Міржақып Дулатов-
тың қызы Гүлнәр апайлар осы Құрылтайда құрметті қонақ
болып отыр. Құрылатын Қоғам аталған ардагерлердің әдеби,
26
мәдени, ғылыми мұрасын игеруді, уағыздаушы, рухани азық
етуді мақсат етеді.
Бүгінгі қауымның қарбалас, қауырт тіршілік-әрекетіне
қарап отырсаңыз, көп жылдар бойы қалың орманда адасып
жүріп, ашық алаңға шыққан адамдар айналасына қызыға,
құмарта қарап, жаңаша өмір сүруге, ерекше бір іс тыңдыруға
талпынуын байқайсыз. Осындай бір жаңалыққа, өзгеріске
ұмтылудың нәтижесінде республикамызда кейінгі кезде
неше түрлі қоғамдар мен үйымдар, орталықтар мен ассо-
циациялар, кооперативтер мен топтар пайда бола бастады.
ьұлардың ішінде, әсіресе халкымыздың рухани, мәдени өмірін,
кәсіпшілік, шеберлік өнерін жандандыруға, ән-күй өнерін, озық
дәстүрлер мен елдік әдет-ғүрыптарды насихаттауға, жазықсыз
жәбір көрген жандар мен ұмыт болған мүраларға ара түсуге
бағышталған қоғамдарды қалың жұртшылық қолдайды. Тек
Алматы қаласының өзінде ғана шаңырақ көтеріп, жұмыс істей
бастаған «Әділет», «Ақиқат», «Қара шаңырақ», «Жерұйық»,
«Шежіре», «Кәусар бұлақ», «Мұрагер» сияқты қоғамдар,
«Желмая», «Наурыз», т.б. сол сияқты кооперативтер, «Қайсар»
атты жастардың өндірістік-творчестволық бірлестік, сондай-ақ
республикадағы еврей, корей, дүңген, ұйғыр, неміс, украин, та-
тар, грек жұртшылығы ұйымдастырып отырған мәдени-үлттық
Орталықтар бар. Бұлар, әрине, үлкен рухани күш. Мұндай
орталықтар облыстарда да ашыла бастады.
Осы игілікті бастамаларға Қоғам да тікелей араласып,
жалындаған жастардың шарапатын ана тілге де түсіріісі
келеді. Оның бір жолы - жастарды халық өнерпаздары мен
кәсіпшілерінің тамаша дәстүрінде тәрбиелеу. «Әке көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» деп халқымыз тегін айтпаған.
Халық өнерінің өміршеңдігі оның жалғастығында болса, жа-
старды сол өнерге, шеберлікке, кәсіпшілікке баулу аркылы
тіл дәстүрін де жаңғырта аламыз. Тіл байлығының кұнарлы
да қордаланған жері өнер мен көсіп төңірегі. Бағзы заманнан
27
бері қағазға түсіп қатталмаса да, ел жадында сақталған небір
сөз маржандары осы зерделі қауымда. Қаланың рок-музыкасы
мен «шайтан билерін» айналсоқтап шыға алмай жүрғен жаста-
рын малды ауылдын табиғи таза өміріне, әдет-ғүрпына, «ел
іші - өнер кенішіне» жақындатып, үйірсек ете білсек, мүмкін,
ботаны «түйенің баласы» дейтін, қоразды «тауықтың еркегі»
дейтін, сегізкөздің не екенін білмейтін, «Қүртқа кім?» дегенде
«Қобыландының жүретін қызы» дейтін жастар азайған болар
маеді?
.
.
| | у р
Қоғамның гуманистік принңипіне байланысты айтылатын
тағы бір сөз - ол аталар мен әжелер жайында. Бүгінде олардың
көбі қүрметті демалыста. Егер ата дәсгүріне бақсақ, олардың
да үрпақ алдындағы парызы зор. Өмірден көргені мен көңілге
түйгені көп, бүл қауымның да жастарға берер өнегесі, айтар
өсиеті баршылық. Біз өткенімізден үялатын халық емеспіз.
Ақылғой аталар мен аруана әжелер ол жайында немере,
шоберелеріне сыр шертіп, ғибратты сөздерін айтса несі бар!
Олар үшін бүл өмірбақи үмытылмас тәрбие мектебі болып
қалмақшы. Қысқасы, шежіредей сыры мол қарттарды Қоғам
жүмысына тарту абзал міндеттеріміздің бірі.
Тағы бір айтар сөз бар. Халық «Бала тәрбиесі тілден ба-
сталады» дейді. Ата-ана тәрбиесі өз алдына. Біздің қауымда
ана сүтінің дәмін татып үлгірмей жатып, тірі жетім болған
жүздеген, мыңдаған тастанды бөбектер бар. Ал олардың, тіл
тәрбиесі қандай? Бір ойланатын мәселе осы! Біз, әдетте, олардың
анасын «қатыгез», әкесін «опасыз» деп айыптаймыз. Ол өз ал-
дына бір сөз. Бірақ бұған бөбектер айыпты емес, біле білсек,
оған әсер етер орта мен тәрбие берер қауымның өзі кінәлі. Бұл
қасірет қазір барлық халықтың басында бар. Ал осыны келіп
кейбір өресі тар жазғыштар «тастанды балалар қазақтарда көп,
олардың көзі қиық, өзі реңсіз болғандықтан ешкім асырап ал-
маиды екен» деп жариялап, ұлттық сезімді қытықтағысы келеді.
Ал тумай жатып осылайша қорланған бөбектердің тәрбиесі,
28
ана тілі жайында не айтуға болады? Бұл да Қоғам мүшелерінің
назарынан тыс қалмауы керек.
Бала тәрбиесі от басы, ошақ қасынан, балабақшадан баста-
лып, мектепте қалыптасып, мамандық алғанда толысады. Осы
бір жанды физиологиялық, психологиялық процесс Заң гілімен
айтқанда «тәрбиелеудің әрі оқытудың сабақтастығы мен
үздіксіздігі» дегенге барып саяды. Тәрбие саласында осы бір
өте қажетті принцип күні бүгінге дейін өрескел бұзылып келді.
Тіл саласындағы кінәраттың көбі осыған байланысты. Жаңа
қабылдаған тіл Заңында бұл мәселе біршама дұрыс шешімін
тауып отыр. Оның кейбір нәтижелерін біз ана тілі сөз бола
бастағаннан бергі ашылған ұлттық балабақшалар мен мектеп-
терден және жоғарғы оку орындарындағы өзгерістерден көре
бастадық. Осыған орай мына бір дерекке назар аударсаңыздар:
«1988-1989 оқу жылыңда астанамызда қазақ тілінде 7 ба-
лабақша, 48 топ, бастауыш кластары бар 14 аралас және
3 орта мектеп жұмыс істесе, биылғы (1989-1990) оқу жылында
жаңадан тоғыз балабақша, балабақшаларда 59 топ, басгауыш
кластары бар 3 аралас және 3 орта мектеп іске қосылмақ; ал
1990-1991 оку жылында (тағы да) 2 балабақша, бастауыш кла-
стары бар 2 мектеп салынып, аралас мектептердегі бастауыш
кластар толығады және балабақшаларда жаңадан 50 топ ашы ла-
ды» (Бұл дерек «Бастауыш мектеп» деген журналда - 89.09.34 -
жарияланып отыр).
Бұл, әрине, жақсылықтың нышаны. 70 жылдан бері жаса-
лып жүріп, онда да Шона Смаханүлы сияқгы жанкешті азамат-
тар мен ынталы зиялылардың инициативасымен астанамызда
жеті-ақ балабақша, үш-ақ мектеп ашылған болса, кейінгі бір
жылдың ішінде 9 балабақша және 3 орта мектептін дүниеге
келуі қазақ қауымы мен тіл болашағынан үміттендіре бастады.
Жолдастар, бірақ қуануға әлі ерте сияқты. Өйткені қаладағы
балабақша мен мектеп жасындағы 18.218 қазақ баласының
әлі де 12.422-сінің ата-аналары оларды қазақша төрбиелеуге
Достарыңызбен бөлісу: |