80
дында мазақ қылуы немесе бастықтың келген адамды қазақша
қабылдамауы сияқты заңсыздықтар әлі де кездеседі.
Бұдан шығатын қорытынды: Тіл Заңы жұмыс істемей отыр.
Оның басты себебі - тілді жұмыс істететін механизм (тетік)
айқын анықталмаған.
2. Заң күшіне енгенімен, жер-жерлердегі мемлекет аппа-
раттарында, партия-совет, кәсіподақ үйымдарында нақтылы
бетбүрыс, қауырт озгерістер әлі байқалмайды. Оның орны-
на бюрократтық кедергілер, астыртып қарсылық әрекеттер,
жұмыс істеп жатқан қалыпты көрсетуге тырысу ғанабайқалады.
Қазақ балабақшалары мен мектептер үлкен қоғамдық қысым-
мен ғана ашылады.
3. Мемлекеттік тілді өз мәртебесіне лайық жұмыс істеудің
қажетті шарттарын - қоғамдағы қатынас құралы ретіндегі
қажеттігін түбегейлі айқындау, қолданыс аясын кеңейту, тілдік
ортаны қалыптастыру, қызмет салаларын (функцияларын, ол
толыққаңцы тілдерде — 50, қазақ тілінде - 10 шақты) толық іске
косу - «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық ұйымдар емес, тек ресми
мемлекеттік органдар ғана орындап, оған күнделікті бақылау
жасай алады. Ол үшін Мемлекеттік тіл комитеті қүрылуға
тиіс еді. Амал нешік, бүл туралы айтылып, жазылып жатқан
қоғамдық пікір, үсыныс-талаптар еш нәтиже бермеді. Дербес
Комитеттің орнына тіл тағдыры, тілдің барша шаруашылығы
Қазақ ССР Жоғарғы Советінің құзырындағы «Ұлтаралық
қатынас, мәдениет және ті л» деп аталатын комиссияға тапсыры-
лып отыр. Мәселе, әрине, комиссияның атында емес, тәңірден
қол жайып тілеп алған мемлекеттік мәртебелі ана тіліміздің олі
күнге дейін еленбей, босағада тұрып төрге жаутаңдап қарайтын
жетім баладай күй кешуінде болып отыр.
Дәл осы мақсатты орындау үшін «Республикалық арнаулы
үйлестіру орталығы қүрылсын» деген үсыныс, қабылданған
Мемлекеттік бағдарламада да атап көрсетілген болатын. Амал
нешік, бұл да орындалмаған арман болып қалып қойды.
81
4.
Енді бағдарламаның өзіне келейік. Бұл - қазак және
басқа тілдерді, 2000 жылға дейін дамытудың экономикалық
негізі болғандықтан, тіл туралы Заңның нақтылы орында-
луына кепілдік беретін беделді құжат. Сондықтан да оған ел-
жұрт болып үлкен үміт артқан еді. Бірақ, өкінішке орай, бұл
үміт орындалмай отыр. Өткен жылдың шілдесінде бағдарлама
қабылданарда оның орындалуына үкімет тарапынан 2,5 мил-
лиард сом ақша бөлінді деғен сөзді естігеніміз бар. Байқап
қарасақ, бұл қауесет болып шықты. Бағдарламада қабылданған
міндеттер мен шаралар жайында оқып көрген адамның сон-
шама игі істердің, орындаймыз деп үкімет мойнына алған
міндеттердің
ауқымдылығынан
басы
айналады,
көңілі
толқиды. Онда ана тіліміздің көсегесін көркейтуге қажетті
жағдайдың барлығы тарау-тарауға бөлініп, тәптіштеліп
көрсетілген болатын. Амал нешік, ол қазірше тек қағаз ж үзіндегі
тамаша құжат болып қана отыр. Ең басгысы - «қаражат қайда?»
деген сүраққа жауап жоқ. Бүл сұрақты «Қазақ тілі» қоғамы
жақында бір топ халық депутаттары арқылы Жоғарғы Советтің
өтіп жатқан сессиясының алдына да қоиды.
Бағдарлама тиісті қаражатпен қамтамасыз етілген жағдайда,
мәселен, мына сияқты маңызды-маңызды шаралар:
1)
Іс қағаздарын біртіндеп, жергілікті советтің шешімімен,
түрғындардың қолдауымен, әр өлкенің демографиялық
жағдаиына қараи, қазақ тілінде қаркынды түрде жүрпзілуі
керек еді; осы арада айта кету керек, Министрлер советінің
кейбір жергілікті мекемелер мен жеке адамдардың қүжаттың
күшіне ену мерзіміне; байланысты көтерген байбаламда-
рынан үлтаралық қатынасқа нұқсан келтірер сыңай байқап,
бағдарламаға қауырт өзгеріс-түзетулер енгізуі тек жақсы
басталған істің қарқынын ғана бәсеңцегіп тасгаған жоқ, соны-
мен қатар кей жерлерде тіпті мемлекеттік тілді мойындамауға
да, шеттеуге де әрекет жасатты. Ал іс қағаздарын қазақ тіліне
ауыстырудың мерзімі де, тәртібі де жергілікті советтер құқына
82
берілгендігі жайында Бағдарламаның өзінде тайға таңба
басқандай ескертілгендіктен бүл «түзетулердің» керегі де жоқ
еді.
2) 1990 жылдан бастап республикада «Қазақ тілі» деп ата-
латын ғылыми-практикалық журнал шығаруға тиісті еді.
«Қаражат, қағаз жоқ» деген сылтаумен бүл іс те аяқсыз қалды.
3) Республикадағы мәжіліс залдарын ілеспе аударма ап-
параттарымен қамтамасыз ету, аудармашыларды дайындау
мәселесі әлі орындалған жоқ. Ал бүл мәселені ң орындалуында
үлкен мән бар екендігі баршаға аян.
4) 1990-1991 ж.ж. жүзеге асырылуға тиісті республикадағы
тіл жағдайына байланысты соңиалингвистикалық зерттеу
жүргізілген жоқ.
5) Бағдарламадағы шараларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру
жауапкершілігі бірінші басшыларға тікелей жүктелген бола-
тын. Қай басшының қандай жүмыс тындырғаны, мәселен, біз
үшін оелпсіз, өиткені ондаи жауапкершілікті сезініп жүрген
мекеме бастықтарын біз әзірше көргеніміз жоқ, жауап беріп
жатқандарын әлі естігеніміз жоқ.
6) Қызмет бабына байланысты қазақ тілін меңгерген басқа
үлт өкілін материалдық, моральдық ынталандыру шаралары да
тек қағаз жүзінде қалып отыр.
7) Кәсіпорындарды, мекемелерді, «Қазақ тілі» қоғамының
үйымдарын механикалық жөне электронды жазу машиналары-
мен қамтамасыз ету үшін оларды жасап шығаратын бірлескен
кәсіпорындарын қүру міндеті республиканың өзінде де
орындалған жоқ.
8) Республикалық «Қазақ тілі» қоғамының тарапынан да
Мемлекеттік бағдарламаға біраз шаралар енген болатын. Олар:
«Тіл сарайын» жасау, қазақ тілін үйретуге байланысты техни-
камен (лингофон, т.б.) жабдықталған кабинет-лабораториялары
бар түрақты (стационарлық) тіл үйрету институттарын ашу;
қоғам қүзырында шағын баспа ашып, қажетті оқу-методикалық
83
құралдар шығару (кейінгі кезде ашылған «Ана тілі» баспасы
Қоғам жанында болса, осы идеяның шешіміне жатар еді).
Бағдарламаға қаражат бөліне қа лған жағдай да, сол қаражагты
тиісті мекемелерге бөліп, жұмсау мәселесіне қоғамды тұрақты
қатыстыру, яғни таиқазанның оір құлағын ұстату; қазақ тілінен
қабылдау және мемлекеттік емтихан алуда қоғамның жергілікті
басшыларын міндетті түрде қатыстырып отыру; «Қазақ тілі»
қоғамына Қазақ ССР Министрлер Советі тарапынан қаржылай
және материалдық көмек корсету, оны үй, транспорт, т.б.
қамтамасыз ету, т.т.
Осы айтылғандар да, тағы басқалар да жай тілек емес,
бағдарлама міндеттеріне енген шаралар болатын. Амал нешік,
бүлардың қазірше ешбірі де орындала қойған жоқ. Ар жағын
жастардың өздері де түсіне жатар.
Енді тіл Заңын, Бағдарламаны жүзеге асыруға байланысты
тілдің төл ғылыми-практикалық міндеттері жайлы бір-екі
ауыз сөз айта кетейік. Алдын ала ескертетін бір жағдай - жер-
жерлердегі «Қазақ тілі» қоғамдары да, басқалар да үлттық
дәстүр, салт-сана, әдет-ғұрыпқа байланысты, оқу-тәрбие
ісіне қатысты шаралардың барлығын ана тілінің құзырында
қаралғанын мақүл көреді. Бұл, әрине, дұрыс та, өйткені тілімізге
қатысты емес қоғамда бір де бір құбылыс жоқ.
Дегенмен, тілдің де өзіндік мәселесі, төл проблемасы аз емес.
Оларға, мәселен, тілдің өзіне тән даму заңдылығы, өткен тари-
хы, мемлекеттік мәргебедегі әдеби тіліміздің ауызша айтылу,
жазуы, лексикалық, грамматикалық, мағыналық нормалары
стиль жағынан жіктелу, терминология, диалектология, онома-
стика, тіл мәдениеті, тіл шеберлігі, қос тілділік, тіл қызметі
тәрізді проблемалары жатады.
Жасыратыны жоқ, тіл мәселесі кейінгі жылдары аз сөз болып
жүрген жоқ. Бірақ осы айтылған тілдің төл мәселелері көбінесе
тілдің зарын зарлап, жоғын жоқтайтын жалпылама, даурықпа
әңпмелердің сыртында қалып қоиып жүр. і іл саясаты мен тіл
84
табиғатының арасында тікелей байланыс жоқ. Сондықтан да
болар, тілімізді ұстартып, қоғамның талабына сәйкес дамыта-
мыз десек, ең алдымен оның табиғатына маман көзімен қарап,
жан-жақты зерттеп алуымыз керек. Тіл табиғаты математика
объектісі тәріздес нақтылы, әрі нөзік жанды құбылыс. Оған қара
дүрсін көзқарас, үстірт пікір, түспалдап айтылған долбар-түжы-
рым жарамайды. Олай болса, тілдің тек әлеуметтік жағдайын
ғана ойламай, оның ішкі дүниесіне де, даму заңдылығына да
үңіле қарап, оны санаға сала зараптағанымыз жөн.
Қазіргі танда тілші-мамандар алдында түрған көкейтесті
мөселелерге өз басым мемлеқеттік тілдің ғылыми-практикалық
мәртебе-статусын, нормаларын, қоғамдық қызметін айқындаи
түсуді жатқызған болар едім. Осы проблеманың ішінде өзінің
өміршеңдігімен, өзгеріске бейімділігімен, актуалдығымен
көзге түсіп отырғаны —
ономастика мен терминология, жазу
мен тіл мәдениеті. Ономастика жонінде жоғарыда біраз айтыл-
ды. Жазу (алфавитті өзгерту) мен тіл мәдениеті (әсіресе, жазу,
сөйлеу сауаты) күн тәртібінде түр, өз алдына сөз болмақшы.
Ал жүртшылық арасында көп әңгіме болып жүрген тер-
минология мөселесіне келетін болсақ, шынында да бүл сала-
да проблема туып отыр. Ол проблема өсіресе термин жасау
принципіндегі «тілдің өз байлығын сарқа пайдалану» мен
«басқа тілдерден сөз қабылдау» деген кағиданың төңірегінде
туындап отыр. Баскаша айтқанда, ол теория артта қалып, тіЛ
практикасының алға шығуына байланысты термин жасау
процесінде байқалып отырған бейберекет тірлікті бір жүйеге
салуға барып саяды. Оны реттейтін Мемлекеттік терминоло-
гия комиссиясының өзі кейінгі жылдары ресми төрағаның жиі-
жиі ауысуына, сондай-ақ іске бас-көз болып, бақылап отыра-
тын, еңбек ақы алып, жауап беретін екі-үш адамның осы күнге
дейін болмауына байланысты өз міндетін дұрыс атқара алмай
келеді.
85
Енді көпшілікке әбден мәлім болған 40 проценттің жайы.
«40 процент» деген мағлұматты біз ең алғаш 1989 жылы Қазақ
ССР ҒА-ндағы үлкен мәжіліс үстінде айтқан едік. Бұл сөз өз
кезінде елдің құлағына түрпідей тигенімен, қазір тіпті ресми
қүжаттардың өзінде де келтіріле береді.
Біздің топшылауымызша, Қазақстанда жасайтын қазақ-
тардың қазақ тілін мүлде білмейтіндері мен білсе де шала-
пұла сөйлейтіндерінін жалпы саны 40 проценттей екен. Бұл
деректі айқындау үшін өз тарапымыздан жүргізген зерттеу
төсілдерімізбен тіл білмейтіндердің әртүрлі дәрежесі мен топ-
тары жөнінде тәптіштеп айтып жатудың дәл қазір реті жоқ. Ол
туралы арнайы мақаламыз жарияланбақшы. «40 процентке»
жататындар негізінен қала түрғындары, оның ішінде, әсіресе,
жастар. Ал республикамызда қалалар мен қалашықтардағы,
қала типтес мәдени орталықтардағы жастарды әкеліп жатқан
урбанизациялық процесс жағдайында тіл саясаты бүрынғыша
қала берсе, бүл проценг келешекте өсуі де мүмкін. 40 про-
цент көп, аз деп таласып жатқанда, енді біреулер «ақыр тіл
білмейтіндер мен шала қазақтардың саны 40-қа жеткен екен,
енді ол үшін күресіп өуре болудың қажеті жоқ, одан да арыс
тіліне ауысудың жағдайын ойластырайық» деп те даурықты.
Ашы болса, да шынайы шындықты айтудың бүгінде еш
айыбы жоқ. Жастардың - біздің балаларымыз бен немере-
шөберелеріміздің өз тілінен кемтар болуы, әрине, солардың
қасіреті, бірақ айыбы емес. Оған айыпты, алдымен қоғам, сиқы
кеткен саясат, екі тілділікті 1923 жылдан бері уағыздап келе
жатқан, өсіресе, Г.В. Колбин түсында ерекше өзеуреген өресіз
идеологтар.
"
" ■
Бүл жағдайымызға бойын енжарлық билеген, қүлдық,
тоғышарлық психология меңдеген үлттық сана мен замана
пендесі болып жаман үйренген жүртшылық, ата-аналар да,
әрине, жауапты. Қала түрмысында жас үрпақты мәңгүрттікке
сүйреген объективті жағдайлар да аз болған жоқ: қазақ
балабақшасы
мен
мектептің
жоқтығы,
демографиялық
86
сәйкестіктің бұзылуы, тілдік ортаның (кора, көше, өңдіріс,
мәдениет орындары, от басы, ошақ қасы, теледидар, радио,
кино тәрізді бұқаралық құралдардың бұғауы, т.т.) жойыла бас-
тауы, тілдің қоғамдық қызметінің тақиядай тарылып, ауыл-
дан қалаға келгенжастардың мамандықты орыс тілінде (90%)
алуы, ұлттық болмыс пен тұрмыс салтының өте жедел өзгеруі,
жұмысшы жастардың тұрар жайы жатақхана мен «жетім
бұрыш» болып келуі, орыс тілін жетік білмегеннің жоғары
мансапқа қолы жетпеуі, т.т.
Мұндай себептерді айта берсек, ол көп-ақ. Бірақ осылардың
барлығы қосылып «40 проңентті» тудырған халқымыздың
басындағы қасіреті болып саналады.
Сондықтан да, бүгінгі тіл саясатының, ел болып, жұрт болып
жұмыла кірісіп шешетін абзал да қүрметп, күрделі де қиын
міңдеттерінің бірі - «40 процентті» түгел болмаса да жартылай,
таза сөйлемесе де (жүрегінде ана тілінің оты маздамаған адамға
ол өте қиын!) пікір алысатын дәрежеге келтіріп, Ана тілі деген
қасиетті қара шаңырақтың астына қайта оралту болып санала-
ды. Ол үшін қазақша білмейтін, не шала білетін жастарымыз-
ды айыптап, жекірмей-ақ, кеудесінен итеріп қазақ қауымынан
шеттетпей-ақ, қол ұшын беріп құшағымызға тартуымыз ке-
рек, қоғам болып қамқорлық жасауымыз керек. Ал енді осы
мәселеде қазақшасы жақсы қатар өскен құрбы-қүрдастардың
рөлі үлан-ғайыр. Жастар өзара тез тіл табысады. Қала
жастарының ауылдан келгендерге «мөмбеттер» деп мүрын
шүйіргенін, ал дала жастарының қалалықтарды «мәңгүрттер»
деп олардан бойын аулаққа салуын қойып, өзара ынтымақтаса
тіл мәселесін шешуге ат салысса, тамаша болар еді.
Ойлаңдаршы, жастар! Өз қолынан 40 процент туыс-
тумасынан айрылған халық егемендік алып отырған іргелі
елдің түлғасы бола ала ма? Осы мөселені күн төртібіне қойып,
ақылдасатын уақыт жетті. Дәл осы жағдайда біз Заңға сүйеніп
басқа үлт өкілдерінің қазақша білуін талап етуімізге моральдық
правомыз да жоқ сияқты.
87
Ана тіліміздің беделін көтеруді алдымен өзімізден бастайық.
Олжас айтқандай, «Биік тауларды аласартпай-ақ, даламызды
асқақтатайық». Тіл тағдыры өздеріңнің қолдарыңда екендігін
ұмытпағайсыңдар, жас достар!
88
г
«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЗАҚТАН БАСҚА ЖАУЫ ЖОҚ...
(Абай)
Бұл Ғабеңнің (Ғабит Мүсіреповтің) дуалы аузымен
қайталанған сөз еді. Апырай, басқаны емес, өзін-өзі айыптаған,
ажал оғындай жайратып тастайтын осы бір қатал түжырымды
қалай айтты екен абзал аға?! Өз халқын жек көргендіктен емес,
сүйгендіктен, сүйе түра оның бойындағы дертіне, басындағы
қасіретіне күйгендіктен айтқаны үлы суреткердің осынау
сөздерінің астарында өзекті өртер шындық жоқ па екен? - деп
ойландық па, пайымдадық па, халайық?!
Әй, қайдам, ондай парасаттылық қазақ қауымына өлі келе
қойған жоқ сияқты. Әйтпесе, қоғамдық санамызға, тіршілік-
болмысымызда өзара қарым-қатынасымызда сөл де болса, бір
жаңа үрдістің нышаны, өркениет өлеміне бетбұрыстың белтісі
байқалатын уақыт болған жоқ па? Өкінішке қарай, - баяғы
жартас - сол жартас... Баяғы жершілдік, рушылдық, жікшілдік,
баяғы көре алмаушылық, күншілдік, бақталастық, бақастық.
Бүлардың бәрі сонау көрі тарих қойнауынан басталып, Абай-
Қүнанбай дәуірінде бел алған ру тартысы, жер дауы, жесір
дауы, қүн дауы, барымта-сырымта, мәнсап таласы болып кел-
се, олар кеңес дөуірінде де қазақ қауымында өзіндік жалғасын
тапқан сияқты, Жері қаншама кең болса да, тар көретін қазақты
айыптап сол Ғабеңнің өзі «Сыймай жүргеміз жоқ, сыйыса ал-
май жүрміз» деген болатын. Шынында да кең дүниені тарыл-
тып жүрген басқа біреу емес, өзіміз ғой. «Жүзден - жүйрік,
мыңнан - түлпар» дегендей, арамыздан шыққан біртума дара
түлғалардың аяғынан шалатын да өзіміз, маңдайымызға біткен
дарынды үлдарымыздың артынан шырақ алып түсетін де өзіміз,
ерен ісімен елдігімізді таныттырар ер-азаматтарды күндеп,
етегінен тартатын да өзіміз. Тіпті, түндігінен түзу шыққан
түтінді де, еңбегімен ел мерейіне ілінген жанның игілікті ісін
де, біреудің қуанышын да, күлкісін де күндейтін өзіміз емес
89
пе? Осы айтқандарымызға нақтылы мысал келтірін, дәлелдегі
жатудың қажеті бар ма? Басқаны былай қойғанда, халқымыздың
көк аспанында жарқырап шыққан үркердей бір топ жампозда-
рымыз - Ахаң мен Жақаңның, Мағжан мен Шәкәрімнің, Сөкен
мен Ілиястың, Мұқаң мен Ғабеңнің, т.б. жүздеген азаматтар-
дың - өміріне бір сәт үңіліп қараңыздаршы... Нені көреміз?
Жаңбыр бір жауса, терек екі жауады дегендей, замана ағымынан
көрген теперішіне қосымша бұл жандардың өз бауырлары-
нан көрген құқайы мен тартқан азабы аз болды ма? Ахаңның
«... жаман екен өз ауылыңның иттерінің қақпаны...» дегені кімді
айыптап тұр, халайық!
Тіпті, қазағымыз о дүниеде де күншілдігін қоймапты деген
сөз бар. Жәннәт пен тозақтың қақпасын бағып, тіршіліктегі
жақсы-жаман ісіне қарай, сүрыптап, өлген адамдарды реттеп
кіргізіп тұратындар қазақ әулетінен біреу келгенде, «е, бұларға
бақылаушының қажеті жоқ, өйткені олардың өздері-ақ бірін-
бірі оңайлықпен Жәннәтке жібермейді» деп кетіп қалады-мыс
деген анекдотты да естігеніміз бар. Бұл да бір шындықтың елесі
сияқты.
Демек, «Қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ...» деген бір-
ақ ауыз сөзінің қауызына сыйғызып айта білген Абайдың,
қайталап мән берген Ғабеңнің өмір пәлсапасы, міне, өміріміздің
осындай көлеңкелі көрінісін көз алдымызға елестетеді.
Абзал ағаның уәли аузымен қайталап айтылған осы бір ата-
лы сөзін жаңғыртып, арқа сүйеп, ретіне қарай, өміріміздегі әлі
де етек жайып келе жатқан кейбір сүрықсыз сәттерге күйіне
отырыгі, оған көбінесе өзіміз айыпты екенімізді көпшілікке
аңғартқым келеді және бүл тәрізді құбылысты өмірдің әр сала-
сынан іздемей-ақ, әңгімені қасиетті ана тіліміздің төңірегінен
өрбіткіміз келеді. Өйткені, Ғабең тұспалдап отырған қазақтың
қазақтық қасиеті ана тілімізге байланысты да талай көрінген.
Оның көрінетін себебі ана тіліміздің тағдыры үшін айбынды
күрестер аз болған жоқ. Ол к үрес-тартыстар қазақ тілінің кейінгі
90
70 жыл беделінде 2 рет Заң арқылы мемлекеттік мәртебеге ие
болуына байланысты орбіген болатын. 1923 жылы қазақ тіліне
орыс тілімен қатар мемлекеттік мәртебе берілуіне бұрын да,
одан кейін де дау айтушы қазақтар аз болған жоқ. Ахаң мен
Жақаң сынды ағаларымыз «Оян, қазақ!» деп қанша зарласа
да, ана тіліміздің беделін көтеріп, бүрынгы арнасына түсіруге
ынты-шынтымен кіріскен қазақ зиялылары кезінде аз болды.
Соңдықтан да ол түтанбай жатып сөнді. Міржақып ағамыздың
1925 жылдары жазған «Қазақ тілінің мүңы» атты мақаласын
оқып көрсеңіздер, қазақ тілін қолдап, қуаттаған қазақтардан
автор тек Ахмет Байтүрсыновты ғана атайды. Қазақ тілінің
өзі сөйлеп, жұртқа мұңын былай деп шағады; «Өліде үшбақы
болғын Абайға өкпем жоқ. Тіріде маған ара түсушілер аз болды.
Мен жылы сөзді алдымен, айналып кетейін, осы күнгі Ахмет
(Байтұрсынов - басқ.) деген кісіден ғана естідім». (Міржақып
Дулатов. Шығармалары, Алматы, 1991, 332-333 бб.)
Бір ғажабы, «тарихтың да қайталанатын сәттері болады»
деген рас екен, Қазақ тілі 1989 жылғы қыркүйектің 22-сінде
оз тарихында екінші рет (мүнда да) заңды түрде мемлекеттік
мәртебеге ие болды. Бірақ бүл жолы жалғыз өзі. Бұл жолы да
оған қарсы шығушылар аз болған жоқ, тіпті «қазақ тілінің бізге
қажеті жоқ» деуші қазақтар да табылды. Өткен іске - салауат!
Бүгінгі мәселе, тіпті, онда да емес. Алақан жайып, тізе бүгіп
сүрап алсақ та, көптеп-көмектеп ана тілімізді армандай болған
өзінің биік мәртебелі түғырына қондырдық. Ол енді бүгінде
басқа дербес мемлекеттермен терезесі тең, етек-жеңі кең,
егеменді ел болып отырған Қазақстан Республикасының рес-
ми мемлекеттік тілі болып саналады. Бұл оқиға ана тіліміздің
тек қара басына ғана қойылатын биік талап емес, біле білсек,
ең алдымен сол тілдің жаратушысы да, тұтынушысы да атадан
балаға, үрпақтан үрпаққа аман сақтап, аманат ретінде табыс
етушісі - қазақ халқының өзіне үлкен жауапкершілік артып
отыр. Орындалмаған, іс жүзіне аспаған Тіл туралы заң да, жай
құжат та бірдей.
91
Сондықтан бүгінгі таңда «елім» деп еңіреп жүрген ердің де,
өз жүртым деп өзегі жарылып жүрген азаматтың да шынайы
азаматтық парызы, перзенттік борышы ең алдымен қасиетті
ана тілінің алдында айқындалып оған қылған риясыз адал
қызметімен ғана, оның ақ ниет ризашылығымен ғана өлшенуге
тиіс. Жеке бастың бедел-абыройы, табиғаттан дарыған та-
лант, ізгі қасиет, Тіршіліктен алған атақ-дәреже, қол жеткен
мәнсап, лауазым - бүлардың бәрі де ана тіліміздің алдында тақ
түратын, бас иетін болмашы ғана пендеуи дүние. Бүл пікірім
үшін мені «Қожанәсір» деп айыптай көрмеңіздер. Менің сенімім
де, шыным да осы. Сондықтан да болар қарбаласы мол сағат
сайын қауырт өзгерістер жүз берІп отырған бүгінгі бір қиын
кезеңде күйкі тірліктің күйбеңінен биіктеп барып, қоғамдық
өмірдің төрінен көрінген, ана тілінің шынайы жаршысы болып
шарықтай жанып, шырылдап жүрген жандарды жанымдай
сүиемін, ризашылығымды аитып жеткізе алмаимын.
Бірақ ондай жандар өзірше аздау болып түр. Тіл туралы
заңды қолдап-қуаттау үшін кезінде республикалық «Қазақ
тілі» қоғамын қүрдық. Қалың ел, қарапайым халықтың сана-
сын оятып, ана тіліне деген қүрметін арттыруды - қоғамның
басты мақсат, міндеті деп белгіледік. Бір қарағанда бүл тым
жалпылау айтылған сөз сияқты. Ал қоғам қүрушылардың
түсінігі бойынша халықтың санасын оятудың астарында халі
мүшкіл болған тілімізді болашақ үрпақ үшін сақтап қалу,
қалпына келтіру, жаңғырту, дамыту деген мақсат жатыр.
Өйткені осының бәрі үлттық санаға байланысты. Ана тілінің
қажеттігін түсіну - елдің елдігін сақтаудың алғы шарты; ана
тІлі - рухани мәдениетіміздің алтын діңгегі екенін мойындау,
ана тілі - үлттық ар-намыстың қорғаны екенін түсіну, т.с.с.
Егер бүгінде Қазақстанның барлық жерінде жастар өз балала-
рын, қарттар немерелерін қолынан жетектеп балабақшаларға
апарып, мектептердің партасына отырғызып, қазақша оқытып,
төрбиелеуге жаппай бетбүрыс жасап жатса, ол да - сананың
92
оянғаны емес пе? Егер қарапайым халық жетпіс жылдың
ішінде ұмыт болған салт-дәстүрін істеп, ата-бабаларынын
әруағын жаңғыртып жатса, ол оянғанның нышаны емес пе?
Егер ел-жұрт жатсынып дінмен қауыша бастаса, адам жүрегіне
инабаттылықтың, имандылықтың қайта оралуы емес пе? Егер
халқымыз ғасырлар бойы сақталып, атадан мұра болып келе
жатқан жер-су атауларын қалпына келтіруге құлшына кіріссе,
ол да оның санасының оянғаны емес пе? Егер бүгінде жастар
■
мемлекеттік тілде орта және жоғарғы оқу орындарында дәріс
алып, мамандықты меңгере бастаса, іс қағаздары қазақша
жүргізіліп, парламенттің биік мінбелерінен алғаш рет қазақша
сөйлегенді естісек, осының бәрі де жаңа үрдіс, игілікті істің
нышаны емес пе?
Шиыршық атқан бүгінгі замана райына қарай бойын
шыдамсыздық билеген, шідербүзар жат қылыққа әуес кейбір
жандар болмаса, екі жылдың ішінде жүз берген осынау
өзгеріске шүкіршілік етуге болатын сияқты. Бірақ, өкінішке
карай «Жақсылық - әсте-әсте, жаманшылық - бір пәсте» деген
аталы сөзді естен шығарып, 70 жыл бойы қалыптасып қалған
қасаң тәртіптен, бойымызға ұялап, ойымызды билеп алған жат
әдеттен бірден арылуды талап етушілер де арамызда аз емес.
Өзін ғана ана тіліміздің шынайы жанашыры деп есептейтін он-
дай жандар «дерттің батпандап кіріп, мысқылдап шығатынын»
ұмытып, бәрі бір-екі жылда бола қалса екен деп қиялдайды.
Тіл тағдыры үшін басталған қоғамдық шерудің шебіне ілесіп,
жалпы дүрмегіне қосылғанымен, кейбір ақылғой, кеңесші
азаматтар, байқап қарасақ, күні бүпнге дейін сол қоғамның
мүддесіне сай өз басының міндетін айқындай алмай келеді,
ел болып, жүрт болып, бастаған осынау бір игілікті ортақ іске,
жақсы үрдіске оңдап адамдардан өзінің қосқан үлесін сүрасаң,
анау-мынау, от басы, ошақ қасы өңпмеден аса алмайды.
Сондықтан да болар, аталмыш «Қазақ тілі» қоғамының екі
жылдық ісіне өлеуметгік көзқарас, беріліп жүрген баға бірдей
Достарыңызбен бөлісу: |