29
бергісі келмейтін көрінеді. Әрине, бүл өкінерлік жағдай. Бірақ
мүндай игілікті істерге астыртын әрекет етіп, іштей қарсы бо-
лып жүрген кейбір лауазым иелері қуанбай-ақ қойсын. Тоқырау
қалпынан оянған жұртшылық өз жағдайын түсіне бастады,
өз правосын еңді талап ете алады. «Ана тілі» қоғамы болса,
мұндай инициативаны астанада да, басқа жерлерде де қызу
қолдап, белсене араласпақшы.
Барлық ұлт өкілдері балаларыңың орыс тілін жетік білуін
калайды. Бұл - өмірдің талабы, салты. Бірақ одан балаларды тек
орысша оқыту деген ұғым тумаса керек. Осыған орай украин
ақыны Борис Олейник мынадай риторикалық сұрақ қояды;
«Я в праве спросить любого согражданина русской нацио-
нальности: «Допускаете ли вы, чтобы Ваш ребенок, находясь
на своей Родине, в России, обучался в школе, общался с окру-
жающим миром не на родном, русском, а на каком-то другом
языке?»
.
Күні кешеге дейін ұлт өкілдерінен мұндай сұраққа ашық
жауап күту қиындау еді. Қайта құру, жариялылық халықтың
санасын оятты. Енді әрбір ата-ана жағдайдың пендесі бол-
май, «баламды ана тілінде оқытамын» деп айта алады. Елдің
ертеңгі тағдыры жастардың еншісінде екенін, XXI ғасырдағы
халықтың қарасын құрушы да, тілін қастерлейтін де бүгін
балабақшаларға барған бөбектер мен мектеп парталарын-
да отырған жастар екенін қазақ халқы да, басқа халықтар да
түсіне бастады.
Құрылатын
Қоғамның
жатпай-тұрмай
айналысатын
қызметінің бірі осы мәселе.
Қоғам өз жұмысында интернационалдық принциптерді
де қатал сақтайды. Тіл ұлтаралық қарым-қатынастың кілті
болғандықтан, сол арқылы барлық халықтардың жүрегіне
жол табу жан-жақты қарастырылады. ¥лт өкілдерінің арасын-
да жүз беріп жүрген кейбір кикілжіңдер діл арқылы да, тіл
арқылы да түсініспеудің салдары. Кең дүниені тарылтудың,
30
габиғат сыйлаған дархан жүректі безбүйрекке айналдырудың
қажеті жоқ. Қоғам кейбір «оргақ өгізден оңаша бүзауым артық»
деп бөлінуге, іргені алыс салуға, томаға-үйықтыққа бейім
түратындарды ынтымақ-бірлікке шақырады, өр кезде, әр түрлі
жағдай-себептермен келіп осы жерде түрып калған үлттық топ-
тарды «шет жерде жүрмін» дегізбей, тілін де, мәдениетін де,
өдет-ғүрпын да дамытуға ат салысады. Сыр бойында өткізіліп
жүрген қазақ, орыс, корей, түрік халықтарының үлттық-мөдени
тойлары сияқты жақсы дөстүрді республика жүртшылығының
салтына айналдыруға әбден болатын сияқты.
Қоғамның ерекше мөн беретін тағы бір мәселесі - жоғарыда
айтылған үлттық-мәдени орталықтардың өзіндік ерекшелігі
мен творчестволық мүмкіндігін дамытуына, өзара ынтымақ-
таса жүмыс істеуіне қамқорлық жасау.
Қоғамның
патриоттық
принциптерінен
туындайтын
Уставтық міндеті - Қазақстаннан тыс жерлерде түратын
туыстарымызға қақорлық жасау керек. Мәселен, демо-
граф М.Тәтімовтың деректеріне қарағаңда, қазіргі кезде
қазақтардың жалпы саны кемі 10 миллион екен. Соның 5,5
миллионы Қазақстанда түрса, 3 миллионнан астамы одан тыс
жерлерде, атап айтқанда: РСФСР-де (жарты миллионнан астам),
Өзбекстанда (1 миллионнан астам), шет елдерде - Монғолия,
Қытай, Ауғанстан, Түркия, т.б. (1,4 миллиондайы) түрады екен.
Мүны айтып отырған себебіміз, қазақ туыстарымыз дүниенің
қай бүрышында түрмасын, күн көріс үшін қанша шет тілін
меңгермесін, ана тілін қазақ тілі деп есептейді. Олар үшін ата-
мекеннен қанша алыстаған сайын анатілінің сағынышы, қадір-
қасиеті арта түсіп отыр. Герман Федеративтік Республикасын-
да түратын қазақтар тобы «Қазақ тілі» деген газет шығарып,
оны қолдан-қолға таратып оқуы - сол тілге деген перзенттік
парыздың бір көрінісі болса керек. «Қоғам қүрғалы жатыр
I
31
екенсіздер, бізді де ұмытпаңдар!» деген хаттар Таулы Алтай,
Баян-Өлгей, Шыңжан, Түркия қазақтарынан да келіп жатыр.
Демек, Қоғамның басқа да «Достық», «Отан» қоғамдарымен
бірлесе отырып, айналысатыны - республикадан тыс жердегі
қазақтар болмақшы.
.
щ
ы і й т
«Ана тілі» қоғамының таза тіл мәселелеріне байланы-
сты проблемалары да аз емес. Оларға атап айтқаңда; тілдің
құрамдық, тұлғалық, стильдік жағынан дамуы, әлеуметтік
функңиясының, қолданыс аясының кеңеюі, тілдік қатынастың
үйлесімділігі, қостілділік, тіл мәдениеті, жер-су атаулары мен
терминологияны реттеу, т.б. мәселелер жатады.
Бүлардың ішінен біз тілдің функңиясы мен қостілділікке
ғана тоқтала аламыз. Тілдердің табиғи түрде дамуына қажетті
50 шақты әлеуметтік функңиясынан қазақ тілі қазіргі кезде тек
он шақтысын ғана атқарады екен. Бүгінде қоғамдық омірдің
коптеген саласынан қашықтап кеткен қазақ тілін сөз еткенде
біз оны өдетте, «от басы, ошақ қасың тіліне айналды дегенді
көп айтамыз.
'
' •'
-У С1
Ойлап қараңыздаршы, шынында да солай ма? Белгілі жазу-
шы Үмбетбай Уайдиннің мына бір жүрек жарды сырын тындап
көріңіздерші:
‘
1 |Щ
||Щ
71»>
«Кейде, оңашада, дастархан басында еткен-кеткенді айтып,
ана тіліңде сыр шертіп, сезіміңді бөлісейін десең, үйде бөтен
біреулер отырған сияқты. «Бөтен біреулер» деп жатырқап
отырғаным - өзімнің балаларым...» дейді жазушы (КЭ.12.89).
Ана тіліміздің ең соңғы «қамал» ретінде от басынан кете бас-
тауы, әрине, жақсылық емес. Ал жоғары оқу мен ғылым
жүйесіне келсек, онда ана тілдің қолданысы өлі қалыптасқан
жоқ. Халық интеллектісінің дамуы, оның рухани өмірі ғылым,
техника тіліне байланысты десек, ол тілді оны кітап сөресінде
түрған терминологиялық сөздіктер ғана деп түсінуге болмай-
ды. Сол ғылым, техника тілінде ғалымдардың өздері де кітап
32
жазып, еркін сөйлеуі, лекция оқуы қажет. Сонда ғана қажетті
50 функцияның басты біреуі қазақ тіліне келіп қосылады.
Қостілділік жайында бір-екі ауыз сөз. Біз айтып жүрген
шын мәніндегі қостілділік кез келген екі тілді білу емес,
екі халықтың бірінің тіліңде бірі сөйлесе білуі, екі тілдің
үлтаралық ортақ та тең қызметі. Демек, қостілділіктің идеалы
оның екі жақтылығында, терезесінің тендігінде, паритеттігінде
болмақшы. Ал республикадағы біз білетін қостілділік әзірше
бір жақты, не сыңар жақты ғана қостілділік. Мәселен, орыс
тілін қазақтардың 52 проценті жақсы білсе (ал оны білмейтін
қазақ аз), қазақ тілін орыстардың 0,7 проценті ғана игеріпті.
Осыдан келеді де біздегі орысша-қазақша қостілділік қос
қанаттың біреуін ғана қағу, қос ескектің біреуімен ғана есу,
көшенің бір жағымен ғана жүру сияқты жартыкеш қостілдік
болып шығады. Тіл жөніндегі мемлекеттік Заң талап етіп
отырған қостілдік қазақ тілінің оны мемлекет тілі ретінде
беделін көтеруші, қолданыс аясын кеңейтуші қостілділік. Ол
үшін қазақтардың өздері өз тілін жақсы меңгеруі тиіс. Өз тілін
білмегеннің өзгеге «тілімді үйрен» деп айтуға моральдық пра-
восы жоқ. Сондықтан Заңның күші ең алдымен тілі мемлекеттік
статусы алып отырған қазақтардың өздеріне басқа тілдерге
шапағатын түсіре отыра, «Биік тауларды аласартпай даламыз-
ды асқақтатайық» (О.Сүлейменов) принципіне сүйене отыра
ең алдымен қазақ тілінің өзін көтеруге, қорғауға, кінәраттан
сақтауға бағышталады. Ойткені ол сондай қамқорлыққа бүгін
өте мұқтаж.
Бір ескеретін жағдай: Қазақстанда қазақтардан басқа милли-
оннан астам түркі тілдес халықтар түрады. Бүлармен қазақтар
ешбір тілмашсыз, тілашарсыз сөйлесе алады. Сондықган да
қазақ тілінің республиканың белгілі аймақтарында үлтаралық
қызмет атқаруын, Заңда жазылмаса да, мойындауға болады.
Көп жылдар бойы бірге жасасып келе жатқан неміс, корей т.б.
кейбір халықтардың қазақ тіліне деген ілтипатын біз жақсы
33
білеміз әрі бағалаймыз да. Осы айтылғандар республикамыз-
да қостілділікті дамытудың негізі бар деген сөз. Ол үшін тек
бүл игілікті іске ел болып, жүрт болып ат салысу керек. Демек,
Қоғамның бүл саладағы қызметі үланғайыр.
Қоғамның Уставы (Жарғысы) мен Программасына байла-
нысты мәселелер арнайы баяндамаларда айтылады. Деген-
мен оның бір-екі үрымтал жеріне тоқталып өтуді жөн көреміз.
Оның бірі - Қоғамның қүрылымы мен басқару жүйесі жайында.
Қоғам өзінің көтеретін жүгі мен тындыратын ісінің салмағы
әлеуметтік маңызы жағынан басқа қоғамдардан өзгеше.
Өз басым оны үлкен жүректің ырқымен 62 қан тамыры бір
ыргақпен бірдей соғып түратын икемді де епті, қуатты да
қарымды алып денеге үқсатқым қеледі. 17 облысы, 50 үлкен
қала, аудан, 2622 мекенді жайлардың бәрін түгел қамтитын
Қоғам жүйесін меңгеру үшін күшті орталық - басқарма, облы-
стар мен аудандарда қүрылған және қүрылатын қоғамдардың
үйымдастырушы лыққабі леті, анатілінежанашыр азаматтардың
қайрат-жігері, іскерлігі қажет деп білеміз.
Қоғам қабылдайгын программаны ойдағыдай орындау үшін,
бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып нысанаға жету
үшін екі жағы да ауадай кажет. Оның бірі - Қоғамның ғылыми-
практикалық мінбері болып саналатын «Сөз өнері» атты
халық Университетін ашу болса, екіншісі - өзінің дербес баспа
органы - «Қазақ тілі» атты газетін шығару.
Қағаз және басқа да жағдайларға байланысты жаңа газет
шығару қиын екенін біз жақсы білеміз. Бірақ қалың қауымның
бүл талабы қайткен күнде де дәл бүгін болмаса да ертең респу-
бликамыз суверендік статус алып, өзін-өзі қаржыландырып, өз
билігі өзіне тигенде шешілуге тиіс.
Ф' *и '
Ең соңғы мәселе Қоғамның аты жөнінде. Бізге түсіп жатқан
көптеген хаттарда «қоғамның аты неге «ҚАЗАҚ ТІЛІ» бол-
майды, «неге ол Украина т.б. республикалардағыдай мемлекет
тілі атымен аталмайды» деген пікір айтылған. Олардың ішінде
34
«басқа халықтардың тілдерін ашылып жатқан ұлттық мәдени
орталықтарға тапсырып, Қоғам оларға қамқорлық жасаса да
жетпей ме», дей келіп, «әркім өз қотырын өзі қасығаны дұрыс
кой» деген пікірлері де бар.
Жолдастар! Қоғамды ұйымдастырушылардың Устав жо-
басында көрсетілген. Бір ғана тілді бөліп-жарып алмай,
республикамыздағы барлық тілдерге қамқорлык жасауды
олар Қоғамның интернаңионалдық, гуманистік принциптеріне
сәйкес негізгі міндеті деп есептейді.
Тоқсан ауыз создің тобықтай түйіні ретінде айтарымды
Мағжанның сөзімен аяқтағым келеді:
«Үлы күннен сынған жарық жұлдыз боп,
Бабам тілі мұра болыгі сен қалдың...» БАБА ТІЛІН, АНА
ТІЛІН, ТУҒАН ТІЛДІ АЯЛАЙЫҚ, ҚҮРМЕТТЕЙІК, ДОСТАР!
Ар-ұятпен аяланатын ана тілімізге аянбай қызмет етелік!
Іске сәт!
35
\
НЕДЕН БАСТАУ КЕРЕК?
«Қазақ тілі» - қалың жұртшылық қолдауымен құрылған
халықтық ұйым. Оның басты міндеті - мемлекеттік мәртебе
алған тіліміздің қоғамдық өміріміздің барлық саласына
еркіндеп енуін қадағалап, қолғабыс ету. Қазақ халқы үшін
«Қазақ тілі» қоғамының құрылуы тарихи мәні зор оқиға болып
табылатыны сөзсіз. Әу баста жарияланған Жарғымыздың жо-
басы бойынша коғам «Ана тілі» деген атпен құрылмақшытын.
Ондағы мақсат республикамызда түратын басқа да үлт өкіл-
дерінің гілдерін қанатымыздың астына алып, бауырмалдық
парызымызды өтеу еді. Алайда тіл тақсыретін көп тартып,
оның бүгінгі мүшкіл халіне жаны күйзелген жүрт жаппай
тек «Қазақ тілі» деген атауды қалады. Әрине, сезімнің еркіне
берілген жандар да жетерлік, дегенмен, жұртшылықтың көңіл-
күйін түсінуге болады. Тіпті өңгіме атында емес, затында,
атқарылатын істің мөн-мағынасы мен салмақ ауқымында емес
пе?! Міне, сондықтан да Қоғам өзінің бастапқы мақсатынан
тіпті де ауытқыған жоқ. Қазіргі кезеңце жүмыс істей бастаған
үлттық мәдени орталықтардың бөрімен тығыз байланыс жасай
отырып, қолынан келер қамқорлығын көрсете бермекші.
Қоғам құрылғаннан бері бес-алты ай өтті. Жаңадан бастау
алып отырған ұйым болғандықтан мүның қалыптасып кеткен-
ше қол байлайтын сан түрлі шаруасы болады екен. Мөселен,
Құрылтай материалдарын игеруден бастап түрлі ұйымдастыру
шаралары өлі күнге жалғаса түсуде. Ол өзінің негізгі тірегі -
бастауыш үйымдарынан бастап, барлық бөлімшелерін қүрып
бітіруге таяу. Қоғам күн өткен сайын ауқымданып, өулетті
де, іргелі үйымға айналып келеді. Қазірдің өзінде барлық
жерде облыстық үйым құрылып, іске кірісіп кетті. Жалпы,
жоспар бойынша Қазақстанның барлық елді мекендері мен
қыстақтарында, колхоздар мен совхоздарда, аудандар мен
қалаларда Қоғамымыздың бөлімшелері болуға тиіс.
36
Елдщ ықыласы мен қазіргі ұйымдастыру қарқынына
қарағанда түбі «Қазақ тілі» қоғамына кем дегенде 1 милли-
он адам мүше болады деп ойлаймыз. Осыншама елдің басын
қосқалы отырған бүл ұйымның алдағы міндеті ұшан-теңіз.
Соның ең бастысы, жоғарыда айтылғандай, Қазақ ССР-інің Тіл
туралы заңын жүзеге асыру және мемлекеттік мөртебе алып
отырған тіліміздің қоғам өмірінің барлық саласына дендеп
еніп, қапысыз қызмет етуіне қажетті жағдай жасау;
Екіншіден, демографиялық мәліметтер бойынша, өз тілін
білмейтін қазақтардың саны жылдан-жылға көбейіп барады.
Міне, мемлекеттік тілді ең алдымен солардың игеруіне және
өзге де үлт өкілдерінің үйренуіне ықпал жасайтын оқу жүйесін
ұйымдастыру;
Үшіншіден, шын мәніндегі
қостілділікті орнықтыру
жолындағы жұмысты дамыту;
Төртіншіден, өз тілін терең меңгерген, ұлттық қатынас тілі
мен өзге де ұлт тілдерінің бірін жетік білетін, қай халықтың
да өдет-ғүрып, салт-санасын қүрмет тұтатын, қоғамдық
белсенділігі жоғары жеке адамдардың қалыптасуына да ықпал
жасау; .
Бесіншіден, тілді насихаттауда бұқаралық хабар-ошар
құралдарын, жиындар мен басқосуларды жөне басқаларды
кеңінен пайдалану;
Алтыншыдан, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі саласын
күшейтіп, қолданыс аясын кеңейту. Ол үшін Қоғам тиісті
ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатып, маман-
дарды тарта отырып ғылымның барлық салалары бойынша
терминологиялық жүйені қалыптастыруға қолғабыс етеді.
Бүл ретте ондаған жылдар бойы термин қалыптастырумен ай-
налысып келген мемлекеттік терминология комиссиясының
жұмысын қайта қарап, бұрынғы термин түзу принциптерін
саралау қажеттігі туып отырғанын еске саламыз. Алда же-
дел қарқынмен жүмыс істейтін жұмыс тобын құру міндеті де
тұр. Мемлекеттік тіл мөртебесінің тағы бір көрінер жері - іс
қағаздары. Неге десеңіз, республикамыздың барлық үйымдары
мен мекемелерінде Тіл туралы заң күшіне енетін биылғы
шілденің бірінен бастап іс қағаздарын екі тілде жүргізуге тура
келеді. Кеңсе стиліне тән өзіндік өрнегі, сөз саптауы бар бүл
саланың да терминдік жүйесі жетісіп түрған жоқ. Қоғам мүны
да назарынан тыс қалдыра алмайды. Қажетті мамандарды
іске тарта отырып мүның қалыптасуына тікелей араласатын
болады.
Қазақ тілінің қайнар бүлағы - халық ауыз әдебиеті. Бүгінгі
жастарымыз түгілі, орта буынның өзі де сол негізден алыс-
тап, рухани жүтандыққа душар болып отыр. Осы халықтық
мүрамыздың сан ал> ан арналарына терең үңіліп, оған
жүртшылық назарын бүру мәселесі де Қоғам атқарар істің
ауқымына кіреді.
Ел мен жердің, тіл мен халықтың тарихы біртүтас, жеріне
қарап елін тану - ежелгі дағды. Қазақстанның бүгінгі карта-
сына қарап отырсаңыз, ежелгі тарихи мекен-жайымыздың
бет-бедері көп өзгеріске душар болғанын байқау қиын емес.
Дәулетіміз тасып, әулетіміз әулеттенді десек те, ата жүрттың
түпкі негізінен тыс түрлі жаңаша атаулардың көбейе түскеніне
жаның күйзелмей түрмайды. Бүл - үрпақтың тарихи жа-
дын түмандатып өткенінен бездіретін, түп тамырынан айы-
ратын жағымсыз жайт. Әңгіме жер-су атаулары жайында.
Халқымыздың болмыс-бітімінен туындаған тарихи атауларды
қалпына келтіру оңай шаруа болмаса да Қоғамның бір діттегені
осы мәселе болып отыр.
Тілдің өзекті өріс алар жері - ең әуелі от басы, ошақ қасы,
үй-іші. «Әуелі бесігіңді түзе» деген сөз кемеңгер М.Әуезовтің
аузына текке түспеген. Бесікте басталмаған тілде береке бол-
майды. Қазағымыздың қатып үстанар бір қағидасы осы деп
білеміз. Бесіктен басталған тіл балабақшадан баян табуға тиіс.
Ал бүгінгі балабақшаның жайы қалай, оның саны жеткілікті
ме, ондағы тәрбиеші мамандарға көңіл тола ма? Үй-іші мен
балабақшада негізі қаланған тіл төрбиесі бастауыш мек-
38
теп, жоғары оқу орындары арқылы жалғаса түсу заңдылығы
әрдайым сақтала ма? Республикамыздың Тіл туралы заңының
шартына және Қоғам Жарғысының талаптарына сәйкес біз
бүл мәселені де қадағалайтын боламыз. Тек қадағалап қана
қоймай, осы салалардағы шаралардың іске асырылып, заңның
р
қатал сақталуын талап ететін боламыз.
Қазіргі қоғамның облыстық, аудандық тіпті бастауыш
үйымдарындағы азаматтарды алаңдатып отырған өлденеше
сүрақ бар. Мүның ең алғашқысы «үйым қүрылды, енді не
істейміз?» деген сауал төңірегіне топтасады. Шынында да,
үйым қүрудың өзінің тауқыметі жетерлік болғанымен оның
төңірегіндегі жандардың біразы үйымдастыру дақпыртымен
жүріп әрбір бөліміне міндетін қоса қамту орнына істі ойланбай
бастаған түрі бар. Рас, әуелі не істейтінін анықтап, содан кейін
ғана үйым қүруға кіріскен ағайын да аз емес. Мөселен, Цели-
ноград, Жезқазған, Павлодар облысында қүрылған үйымдар
жайында осындай түйін жасауға болады. Дегенмен, бүл өзі
мүлде тыңнан басталып, жаңадан жасалып жатқан Қоғам
болғандықтан күпті сауалдар болашақта да туа бермек. Қоғам
Жарғысы мен Тіл туралы заңның негізгі баптарына сүйене
отырып, бүл жөнінде мынадай ойымызды ортаға салмақпыз.
Ең алдымен байқалатын жайт - өзінің ендігі өмірін қасиетті
халықтық іске бағыштаған жанның қайсібірі, көңілге келсе
де айтуға тура келеді, нендей шаруаға бел байлап отырғанын
түсіне бермейтін тәрізді. Біз мүны аталмыш мөселені бар
ауқымымен түгел қамтып жатқан баспасөз материалдарына
назар аудармаудан ғана емес, Қоғамның міндеті мен право-
лары барынша қамтылған Жарғыға көңіл бөлмеушіліктен
де байқаймыз. Көбіне-көп сүрақтар осы Жарғыда төптіштеле
көрсетілген жайларға байланысты қойылып жатады. Әрине,
Жарғының өлі пісіре, анықтай түсетін түстары мен жаңа бір
баптар кіргізуді тілеп түрған жерлері де бар екенін жасыра ал-
маймыз. Бүл - алдағы уақытта шешілетін мөселе. Әзірше бүл -
39
Қоғамның барлық мүшелері тікелей басшылыққа алатын
бірден-бір документ болып табылады.
«Неден бастау керек?» деген сауалды мемлекеттік мәртебе
алған тіліміздің қоғамдық өмірде қанат жаюымен тығыз бай-
ланысты қарау керек. ¥йымды қүрмас бүрын бастауыш,
аудандық, облыстық бөлімшелер жүмыс жүргізетін аймақтың
тілдік жағдаятын, мәдени-рухани болмыс-кейпін түбегейлі
тексеріп, халық қазір неден ақсап, неге мүқтаж болып отыр, ба-
лаларын өз тілінде сөйлетіп, өз тілінде оқытуға, тәрбие беруге
мүмкіндігі бар ма, өзара қарым-қатынаста, күнделікті қызмет
барысында ана тілінің қажеттілігі қаншалықты дәрежеде, іс
қағаздары қай тілде жүргізіледі, кеңселер мен мекемелердегі
жағдай қалай, дөрігерлік қызмет көрсету, почта, байланыс ахуа-
лы нені аңғартады - міне, осы сияқты толып жатқан мәселелерді
зерттеп, анықтап алу қажет. Мүнсыз өлгі үйымдардың міндетін
белгілеу, нақты қызметін айқындау мүмкін емес. Бүл шаруа
үйымды қүрып алғаннан кейін де жүйелі түрде жүргізіле бе-
руге тиіс. Неге десеңіз, жүмыс барысында мүның сан алуан
проблемалары туындай бермек.
Қүрылған үйымның еңдігі бір негізгі міндеті - мүше тарту.
Тілінің тағдырына немқүрайды қарайтын қазақ аз, бірақ бар.
Осындай халықтық үйым қүруға мәжбүр болып отырған бүгінгі
таңца бүл істен тыс қалған қазақ өзін халық өкілімін деп айта
алар ма екен? Сондай бірен-саран да болса бас көтеріп отырған
бауырларымызға бас көтеру, намысын қорғау қажет болып отыр.
Мүше тарту ісін қолдан қиындатып: «Мүшелік билетсіз, ведо-
моссыз, бланкі, мөрсіз не істей аламыз?» - деп жайбарақаттыққа
салынушылар да аз емес. Бұл — шешімін оп-оңай табуға бола-
тын уақытша қиындықтар. Алдымен үйым қүрылып отырған
мекеменің жалпы жиналысын ашып, көпшілік және ашық
дауыспен коллективтік мүше мөселесін шешуге болады. Не-
месе өрбір жеке адам бастауыш үйым төрағасына өтініш жазу
арқылы мүше бола алады. Бүл проңесс қандай түрде жүргізілсе
де өзірге бір журнал ашып, мүшелер тізімін жасап, мүшелік жар-
40
на жинау керек. Осы тұста «Мүшелік жарнаны қалай жинаған
дұрыс, ай сайын ба әлде тоқсандық немесе жылдық етеміз бе?»
- деген сүрақ тууы ықтимал. Бұл - әрбір ұйым басқармасының
келісімі бойынша өздері шешетін мөселе. Қайсыбір жерлерде
жылына бір рет жинағанды қалайды. Ал жиналған жарнаны
бастауыш ұйымдар аудандық үйымға не біріккен комитеттерге
өткізеді. Осылайша сатылап бірден-бірге өткізіп отырады.
Мүшелік жарнадан тыс ұйымдар қалтасына жергілікті
жердегі түрлі мекемелерден, колхоз, совхоздардан, завод, фаб-
рикалардан,
көсіпорындар,
министрліктер,
комитеттер,
ведомостволардың, облыстық, қалалық, аудандық атқару
комитеттері мен селолық Советтерден жәрдем қаржы түсуі
мүмкін. Мүндай мысалды қазір жүздеп келтіруге бола-
ды. Мөселен, мемлекеттік мөртебе алып отырған тіліміздің
қүрамын қадағалайтын халықтық ұйым «Қазақ тілі» қоғамы
жұмысының жандана түсуіне септік жасап, биік саналылық
пен көрегендік танытқан біраз облыстарды арнайы са-
нап өтіп, қоғам атынан ол облыстардың басшылары-
на алғыс айтқымыз келеді. Олар - Қостанай, Көкшетау,
Қызылорда,
Жезқазған,
Талдықорған,
Шымкент,
Қарағанды сияқты облыстық партия комитеттері мен
атқару
комитеттері.
Бұл
облыстарда
қоғам
қорына
100-150 мың сом қаржы бөлінді. Бұл, өрине, үлкен істің өуелгі
сөттеріне демеу болар алғашқы түсім. Бір атап көрсетер
жайт - мүндай жөрдемді аталған облыс басшылары алдағы
уақытта да жалғастыруды міндеттеніп отыр. Басқа облыстар да
ұлы көштен қалыс қала алмас деген үміттеміз. Қолдаушылар
мен демеушілерден келіп түскен бүл қаржы Жарғыда
көрсетілгендей мөлшерде сатылап өткізіліп отыруы тиіс.
Осы түста жергілікті жерлерден жетіп жатқан мынадай
ойларды айта кеткен жөн деп білеміз. Ұйымның ауқымы
(аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) кеңейген
сайын атқарылатын істің де шеңбері молая түсуде. Ал мүның
Достарыңызбен бөлісу: |