Хабаршы «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата09.03.2017
өлшемі2,45 Mb.
#8632
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

-
 
бoлaшaқ  тexникa  caлacы  мaмaндapының  aқпapaттық-кoммуникaтивтiк  тexнoлoгияны  мeңгepугe 
дeгeн қызығушылығын зepттeу; 
-
 
кәciби  ic-әpeкeттepiн  ұйымдacтыpудa  aқпapaттық-кoммуникaтивтiк  тexнoлoгиялapды  (aғылшын 
тiлiн мeңгepудe) пaйдaлaнуғa дeгeн ынтacын қaлыптacтыpу; 
-
 
бoлaшaқ тexникa caлacы  мaмaндapының aқпapaттық-кoммуникaтивтiк  тexнoлoгиялap құpaлдapын 
мeңгepугe, oлapды кәciби-eңбeк ic-әpeкeтiндe пaйдaлaнуғa дaяpлығын қaлыптacтыpу; 
-
 
бoлaшaқ  тexникa  caлacы  мaмaндapының  AКТ  құpaлдapын  кәciби-eңбeк  ic-әpeкeтiнe  пaйдaлaнуғa 
әcepiн зepттeу дaғдыcын қaлыптacтыpу; 
-
 
AКТ құpaлдapымeн жұмыc жacaудa жeкe тұлғaның қaжeттiлiк пapaмeтpлepiн aйқындaу; 
-
 
aғылшын тiлiн мeңгepту apқылы бoлaшaқ тexникa caлacы мaмaндapының бiлiм caпacын apттыpуғa 
дeгeн ықпaлын зepттeу дaғдыcын қaлыптacтыpу жәнe т.б.   
Көpceтiлгeн  құpaушылap  бoлaшaқ  тexникa  caлacы  мaмaндapының  aқпapaттық-кoммуникaтивтiк 
тexнoлoгияны кәciби ic-әpeкeтiндe қoлдaнудың пcиxoлoгиялық acпeктiлepi әpтүpлi eкeндiгi cипaттaйды.   
Жoғapыдa aйтылғaндapдaн шығaтын қopытынды, жoғapы oқу opындapындa aғылшын тiлiн мeңгepту 
apқылы кәciптiк дaяpлықты қaлыптacтыpу - oлapдың кәciби дaяpлығының құpaушыcы peтiндe eceптeлiнe- 
дi. Кәciби дaяpлaу үдepiciндe кeлeci ic-әpeкeттep нeгiзiндe жүзeгe acaды: aғылшын тiлiн oқытудың тиiмдi- 
лiгiн apттыpу apқылы; cтудeнттepдiң шeтeл тiлi көмeгiмeн кәciптiк бaғыттa бiлiмдepiн жeтiлдipу қaжeттi- 
лiгiн тудыpу apқылы; cтудeнттepдiң aғылшын тiлiнiң жeкe жәнe қoғaмдық мaңыздылығын түciнуi apқылы; 
пәнгe тұpaқты қызығушылық тaнытуы; aғылшын тiлiнiң мүмкiндiктepiн пaйдaлaнa aлуы apқылы; aқпapaт- 
тық тexнoлoгиялapды кәciби ic-әpeкeттe қoлдaну apқылы жүзeгe acaды.   
Жaңaшa мeмлeкeтapaлық, әлeмдiк қaтынacтapдың тeз дaмуы жacтapдaн қaтыcымдылықты, гумaнитap- 
лық caуaттылықты жәнe мәдeниeтapaлық бaйлaныcтapғa қaбiлeттiлiктi тaлaп eтeдi.   
 
1.    Дмитpиeвa O.Б. Фopмиpoвaниe гoтoвнocти к инoязычнoй кoммуникaции будущeгo пpeпoдaвaтeля инocтpaн- 
нoгo языкa в уcлoвияx пoликультуpнoй cpeды: aвтopeф.    ...    кaнд. пeд.нaук. – Читa, 2006. – 25 c. 
2. Гaлизинa E.Г. Лингвoдидaктичecкиe ocoбeннocти фopмиpoвaния нaвыкoв пpoфeccиoнaльнo opиeнтиpoвaннoгo 
чтeния нa aнглийcкoм языкe: aвтopeф.    ...    кaнд. пeд.нaук. – Вopoнeж, 1998. – 28 c.  
3. Пoпoв И.М. Oптимизaция oбучeния инocтpaннoму языку в пpoцecce пpoфeccиoнaльнoй пoдгoтoвки cтудeнтoв 
тexничecкиx вузoв: нa мaтepиaлe oбучeния гoвopeнию: aвтopeф. ... кaнд. пeд.нaук. – Caнкт-Пeтepбуpг, 2001. – 28 c. 
4. Кузнeцoв A.A., Бeшeнкoв C.A., Paкитинa E.A. Инфopмaтикa. – М., 1999. 
5. Гeндинa Н.И. Дидaктичecкиe ocнoвы фopмиpoвaния инфopмaциoннoй культуpы // Шк. библиoтeкa. – 2002. – 
№1. – C.24-27. 
6.  Тpишинa  C.В.  Инфopмaциoннaя  кoмпeтeнтнocть  кaк  пeдaгoгичecкaя  кaтeгopия  //  Интepнeт  –  жуpнaл 
«Эйдoc» - 2005, ceнтябpь 10 // http: www. e idos. ru/ joumal /2005/0910-11. htm. 
7.    Xутopcкий    A.В. Oбщeпpeдмeтнoe coдepжaниe oбpaзoвaтeльныx cтaндapтoв. Пpoeкт «Cтaндapт oбщeгo 
oбpaзoвaния». – М., 2002. – 126 c. 
8.    Kerimbaeva B.T. Communicative competence of future specialist    // European Science and Technology Materials of 
the II International research and practice conference. – Germany,    2012, may 9-10. -    Vol. 3. - P. 312-317. 
9.    Кoвaлeвa      C.М. Диaлeктичecкий и иcтopичecкий мaтepиaлизм. - М.: Пoлитиздaт, 1972. -    180 c. 
10    Cмoлянинoвa O.Г. Бeшeнкoв C.A. Инфopмaциoнныe тexнoлoгии в oбpaзoвaнии: Paбoчaя пpoгp. диcциплины. – 
Кpacнoяpcк: КpacГУ, 2002. – C. 7.   
11  Мұxaмбeтжaнoвa  C.Т.  Бiлiм  бepудi  aқпapaттaндыpу  жaғдaйындa  инфopмaтикa  мұғaлiмдepiнiң 
aқпapaттық құзыpлылығын қaлыптacтыpу. – Aлмaты, 2008. – Б. 20-31. 
 
 
 
 
 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
68 
Резюме   
Керимбаева Б. Т. – PhD доктор, Международный казахско-турецкий университет имени Х.А. Ясави,   
и.о. доцент кафедры педагогические науки. Kerimbaeva-bota@mail.ru 
Искакова П. К. – к.п.н. Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави, 
и.о. доцент кафедры педагогические науки. 
Fari_77@mail.ru 
Усенбаева Ш. М. – №4 С.Сейфуллин школа – лицей, учитель английского языка.   
 
Формирования информационно-коммуникативных компетенции будущих   
специалистов при изучение английского языка 
В  этой  статье  рассматривается  формирования  информационно-коммуникативных  компетенции  будущих 
специалистов  при  изучения  английского  языка.  В  процессе  подготовки  конкурентоспособных  специалистов 
проблемы  информатизации  характеризуется  только  в  теориях.  Информационно-коммуникативные  компетенции  в 
педагогике рассматривается  как  часть  профессиональной компетентности  у студентов  и  показывает качественные 
показатели,  обеспечивая  целостность  теоретической  и  практической  подготовки.  Будут  повышаться  взаимосвязь 
между  раннем  знанием  английского  языка  у  обучающегося  и  тем  что  будут  получать  в  будущем  и  при  этом 
дальнейшие развитие в целом.  
Ключевые  слова:  будущий  специалист,  информационно-коммуникативная  компетенция,  английский  язық, 
образование. 
 
Summary 
Kerimbaeva B.T. – Kh.A.Yasawi International kazakh-turkish university, PhD, associate professor of the department of 
pedagogical science. 
Kerimbaeva-bota@mail.ru
   
Iskakova P. К. – Kh.A.Yasawi International kazakh-turkish university, associate professor of the department of pedagogical 
science. 
Fari_77@mail.ru 
Usenbaeva Sh. M. - №4 S.Seyfullin school – lyceum, teacher of English language. 
The formation of informational- communicative competence of future specialists in the study of the english language 
This  article  deals  with  the  formation  of  informational-communicative  competence  of  future  specialists  in  the  study  of 
english language. In the process of preparation of competitive specialist’s problems of informatization is characterized only in 
theories. Informational-communicative competence in pedagogy is seen as a part of professional competence in students and 
shows quality indicators, ensuring the integrity of theoretical and practical training. Will increase the relationship between early 
knowledge of english language student and those that will get in the future and further development in general.  
Key words: future specialist, informational-communicative competence, english language, education. 
 
 
ӘОЖ 17.022.1Ж.83 
 
БАСТАУЫШ БІЛІМ БЕРУДЕ ХАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 
 
Г.А. Кайбульдаева – п.ғ.к., доцент, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 
togjan2010@mail.ru
 
                        М.С. Оштанова - аға оқытушы, магистр, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, 
asilnur@mail.ru
 
 
Бұл мақалада оқушылардың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуын дамыту мәселелері қарастырылады. Кез-келген 
ұлттың  мінез-құлық  тәртібінде  сол  ұлттың  тіршілік  ережелері  бейнеленеді.  Бұл  қағида  жайында  ағылшын 
антропологы Д.Горер екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі жылдарда ерекше байқалған орыс балаларының ұлттық 
мінезіндегі ұстамдылық, күштілік, шыдамдылық сияқты сапалар, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуының өзіндік әсері 
жайлы  айтады.  Бала  тәрбиесіне,  жалпы  адам  тәрбиесіне  терең  мән  беріп,  оның  сәтті  қағидалары  мен  ережелерін 
жасағандардың бірі - қазақ халқы. 
Бастауыш  білім  беру  сатысы  оқушыларын  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрі  негізінде   
тәрбиелеудің үш компонентті өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтау, халық дәстүрлерін тәрбие құралы 
ретінде пайдалану бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Олар өсіп келе жатқан балалардың ұлттық санада жан-жақты 
дамуына ықпал етеді. 
Түйін  сөздер:  бастауыш  білім беруде ұлттық  тәрбие,  ұлттық  сана-сезім, ұлттық тәрбие,  бала тәрбиесі, ұлттық 
мінез, тілдің тазалығы, ұлт, салт-дәстүр, әдет-ғұрып. 
 
Республикамыздың ертеңгі қажетін өтейтін, елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілігі мол, білімді, 
парасатты,  ана  тілін,  туған  жерін  қастерлей  білетін  азамат  өсіруде  ұстанатын  басты  құралымыз  бағзы 
заманнан  бері  ұрпақ  тәрбиесінің  алтын  діңгегіне  айналған  халық  дәстүрлері,  халық  ауыз  әдебиеті, 
ақын-жазушыларымыздың таңдаулы туындылары болуын міндеттейді. Сондықтан бастауыш білім беру 
сатысынан  бастап  оқушыларды  халық  дәстүрлерін  қастерлеуге  баулу  бүгінгі  күннің  аса  маңызды 
мәселесіне айналып отыр. 
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттарының ең бастысы – 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
69
 
өзінің  өмірін,  тәжірибесін  жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу.  Себебі  ұрпақ  тәрбиесі 
келешегін берік ететін басты фактор болып саналады. 
Бүгінгі күні де бала тәрбиесі айырықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, 
қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі 
мәселелері  жеткілікті.  Ғаламдану  өріс  алған  қазіргі  заманның  тәрбие  жүйесіне  ұлттық  тәрбиені  дарыту 
одан да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен 
өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.   
Ғылыми  зерттеулерді  талдау  барысында  дәстүрге  әр  қырынан  анықтама  берілгендігін  байқадық. 
Мәселен, «Қазақ кеңес энциклопедиясында»: «Дәстүр дегеніміз ұрпақтан-ұрпаққа көшетін тарихи қалып- 
тасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық ұйымдармен халықтың мінез-құлқы мен 
іс-әрекеттерінің рухани негізі» делінсе, философиялық сөздікте: «дәстүр (traditio– жапсыру, жалғастыру) – 
тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық 
тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе жекелеген әлеуметтік 
топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік-мәдени мұра элементтері»    – деп тұжырымдалады [1]. 
Ал  «Педагогика  және  психология»  қазақ  тілі  терминдерінің  салалық  ғылыми  түсіндірме  сөздігінде: 
“Дәстүр – тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қарекет пен мінез-құлық 
нысандары,  сондай-ақ  оларға  ілеспе  астасқан  ғұрыптар,  қағидалар,  құндылықтар,  түсініктер  жатады. 
Дәстүрлер өзінің қоғамдық маңыздылығын және тұлғалық пайдалылығын талай рет дәлелдеген қарекет 
нысандарының негізінде қалыптасады. Белгілі бір қауымның дамуының әлеуметтік жағдаяты өзгеруіне 
орай  дәстүрлер  ыдырауы,  басқадай  болып  өзгеруі  не  алмасуы  мүмкін.  Дәстүр  адамдардың  өмірлік 
қарекетін реттеудің маңызды факторы болып қызмет етіп, тәрбие негізі болып табылады”,– делінген. 
  Философ ғалым Н.Сәрсенбаев: «Әдет-ғұрып, дәстүр және қоғамдық өмір» атты еңбегінде: «Дәстүрге 
әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер 
жиынтығы  кіреді,  қоғамда  және  белгілі  бір  ұжымдық  ортада  қалыптасқан  дәстүр  өзінің  өмір  сүру 
заңдылығына толық ие болғаннан кейін сол ұжымдық ортада, қоғамда жалғасын табады да, тұрақты орын 
алады.  Сондай-ақ,  дәстүр    көпшілік  қауымға  ортақ  мәдениетті  түрде  қолданыс  табатын  әдет-ғұрыптың 
жинақталған түрлері мен рәсімдерін де қамтиды», – деген ойды білдіреді. 
Ғалым Р.К.Төлеубекова: «Халықтық педагогика мұрасының бірі – дәстүр. Дәстүр – адамдардың рухани 
тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр    қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. (Олар: 
саясатта,  қоғамдық  өмірдегі  дәстүрде,  халықтар  арасындағы  ынтымақтастықта,  теңдікте,  бостандықта, 
өзара көмек дәстүрінде, қарым-қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, 
отбасы-жанұялық дәстүрінде, еңбек дәстүрінде)»,– десе, Ә.Садуақасов өзінің зерттеу жұмысында халық 
дәстүрлерін  тұрмыстық  дәстүрлер,  кәсіптік  дәстүрлер,  мерекелік  дәстүрлер,  бала  қуанышы  дәстүрлері, 
құдандалық дәстүрлер, жерлеу дәстүрлері, әскери-ұландық дәстүрлері, мәдени дәстүрлер, діни дәстүрлер, 
жаңа дәстүрлер деп жіктеген [2].   
Бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының мазмұнында халық мұрасын зерттеу, ұлттық өзіндік ерекшелікті 
сақтау,  ұмыт  бола  бастаған  дәстүрлерді,  тарихи  әділдікті,  мәдениетті,  тіл  мен  дінді  қалпына  келтіріп, 
олардағы педагогикалық жағынан барлық прогресшіл нәрсені анықтау және солардың негізінде ғылыми 
мазмұндағы ұсыныстарды талдап, ендіру жүзеге асырылған. 
Жоғарыда аталған ғалымдардың дәстүрлерге берген анықтамаларын мақұлдай отырып, біз солардың 
қатарына халық дәстүрлерінің бастаулары ретінде жеті ата шежіресі және қазақ дастарқаны дәстүрлерін 
енгіземіз. Өйткені ұлттық тәрбие қағидасы бойынша әрбір ұрпақ ең кемінде жеті атасына дейінгі ата тегін 
білуі  міндетті.  Егер  жеті  атасына  дейін  ата  тегін,  тарихын  білмейтін  ұрпақ  болса,  оны  «Жеті  атасын 
білмейтін  жетесіз»  деп  халық  кінәлайды,  айыптайды.  «Шыншыл,  әділетті,  иманды  болу  –  сонау  арғы 
ата-бабамыздан бері қалыптасып келе жатқан дәстүріміз» дейді де, халық сол игі дәстүрді бұзған ұрпаққа 
айып тартқызады. «Ат тұяғын тай басар» деп, кейінгі ұрпақтың ата салтын бұзбауын талап етеді, әулеттік 
тағылымдар  ата  дәстүріне  айналып,  санаға  сіңіп,  салтқа  тірек  болады.  Сол  себепті  де  шәкірттерге 
бастауыш білім беру сатысынан бастап-ақ жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүлерінен білім мен тәрбие 
берудің мәні зор. Олар әсіресе, «Қазақ тілі», «Ана тілі» пәндерін оқу барысында туыстық атаулармен таны- 
сып, солардың мағынасын түсінеді. Оқушылардың сол түсініктерін тірек ете отырып, жеті ата шежіресі 
мен дастарқан дәстүрлерін танытудың толық мүмкіндігі бар деп түйіндейміз [3].   
Сонымен, біз қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінің жас ұрпақты тәрбиелеу- 
дегі  атқаратын  тәрбиелік  мүмкіндіктерінің  мол  екендігіне  көз  жеткіземіз.  Алайда  әр  халықтың  ұлттық 
тарихи дәстүрі оның азаматтық білім берудегі мәдениеті мен диалектикалық білімі мектептің оқу-тәрбие 
үдерісіне тікелей байланысты. Сондықтан біз зерттеуімізде ғылыми-теориялық негіздерге сүйене отырып, 

ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
 №2(49), 2016 г. 
 
70 
қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  бастауыш  білім  беру  сатысы 
оқушыларын тәрбиелеу моделін жасап, онда өз тұғырнамалық идеямызды ұсындық.   
Бастауыш мектептің маңызы мен қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек 
сабақтас болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушы тұлғасының    қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін   
ерекше  буын  екендігімен  анықталады.  Сондықтан  зерттеу  проблемамызға  байланысты  мәселелердің 
бүгінгі күндегі көрінісін анықтау мақсатында бастауыш мектептің білім мазмұнына қатысты мемлекеттік 
құжаттарға (стандарт,  тұжырымдама, бағдарлама, оқулық) жасаған талдау және мектеп мұғалімдерімен 
жүргізілген әңгімелесулер, сабаққа, сабақтан тыс  ұйымдастырылып жүрген іс-шаралар қазақ халқының 
жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерінің тәрбие құралы ретінде пайдаланылмайтынын көрсетеді.   
Бүгінгі  таңдағы  бастауыш  сыныптарда  ұлттық  тәрбие  беру  үдерісіне  жасалған  талдау  бізге  қазақ 
халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  оқушыларды  тәрбиелеудің  теориялық 
моделін  жасаудың  қажеттілігін  айқын  көрсетті.  Мұнда  біз  Б.А.  Глинскийдін,  Б.С.  Грязновтын,                                           
Е.Д. Дыдинаның модельдеу әдісіне берген түсініктемелерін    басшылыққа алып, қазақ халқының жеті ата 
шежіресі  мен  дастархан  дәстүрлері  арқылы  бастауыш  білім  беру  сатысы  оқушыларын  тәрбиелеудің 
моделін жасауда пайдаландық.   
Осы орайда моделімізді құру үшін төмендегідей қоғамдық талаптар ескерілді: 
1. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік және т.б. 
өзгерістердің,  ұрпақ  тәрбиесіндегі  бетбұрыстардың  білім  және  тәрбие  беру  жүйесінің  ісін  жаңа  сатыға 
көтеру қажеттілігіне көңіл бөлу; 
2. Қазіргі мектептің оқу-тәрбие үдерісінде қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлерін 
тәрбие  құралы  ретінде  пайдалану  арқылы  оқушыны  дара  тұлға  ретінде  тәрбиелеп,  олардың  бірегей 
дүниетанымын,  адамгершілік  көзқарасын  қалыптастыруды  жүзеге  асыру,  халқының  әдет-ғұрпын, 
салт-дәстүрін білуге үйрету, ұлттық мақтаныш сезімін ояту қажеттілігі; 
3. Өркениетті қоғамға сай білімді, іскер, шығармашыл, өз еркімен жауапты шешім қабылдай алатын, 
оның  салдарларын  болжай  білетін,  ынтымақтастыққа  икемді,  жан-жақты  белсенді,  елінің  тағдырына, 
салт-дәстүрлеріне, әдет-ғұрпына үлкен жауапкершілікпен қарайтын дара тұлғаны тәрбиелеу. 
Сондықтан  біз  бастауыш  білім  беру  сатысы  оқушыларын  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен 
дастарқан дәстүрі негізінде тәрбиелеуде жоғарыда аталған қоғам талаптарын ескере отырып, тәрбиелеудің 
үш компонентін бөліп алдық: эмоционалды-мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік. Сонымен қатар осы 
компоненттердің өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін анықтадық:   
Көрсетілген өлшемдер, көрсеткіштер мен деңгейлер бастауыш сынып оқушыларының қазақ халқының 
жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүрлері арқылы тәрбиелілігін қалыптастырудың нәтижесін анықтауға 
мүмкіндік берді.    Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес осы көрсеткіштер мен өлшемдер негізінде 
педагогикалық шарттар анықталды.   
Мотивациялық-мақсаттылық  шарттар  –  мұғалім  әрекеттерінің  алғашқы  тәрбиеге  әсер  ететін 
жағдайлары, жағдаяттары және өзара қатынас жолдарын алдын-ала білуі мен оқушылар бойында қалып- 
тасатын сапаны дұрыс таңдауы және нәтижесін көрсетуінде. Сонымен қатар бастауыш сынып оқушылары- 
ның  бойында  тәрбиелік  қасиеттерді  (рухани-адамгершілік,  толеранттылық,  борыштылық,  ұлттық  сана 
және т.б.) қалыптастыруға жағдай туғызуында. Қазақ халқының жеті ата шежіресі мен дастарқан дәстүр- 
лері арқылы тәрбие беру мақсатына жету үшін тәрбие үдерісінің оқушы тұлғасына бағытталуы, бастауыш 
мектеп  ерекшелігіне  сәйкестендірілуі  және  мақсаттың  айқындылығы  мен  нақтылығын,  дәлдігін  ұстану 
қажет.  Кез-келген  оқушы  тәрбиені  оған  қатысты  сәйкес  мотивациясы  болса  ғана  қабылдайды  яғни,   
тәрбиенің негізі – оған қажет мотивацияны қалыптастыру. 
Оқушыларды  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  тәрбиелеудің 
интеллектуалды-эмоциялық  шарты  –  мұғалімнің  оқушылардың  ұлттық  негізде  қалыптасқан  өзара 
қатынасын бірлесіп орындалатын іс-әрекет нормаларына сай, олардың мінез-құлықтарындағы кемшілік- 
терді  жоюға  бағыттауы.  Бұл  оқушылар  өздерінің    құрбы-құрдастарымен  қарым-қатынасында  бірін-бірі 
қорғау, бірінің-бірі көңіл-күйін түсіне білу, әрбір іс-әрекетіне шыдамдылық көрсету, өзара ынтымақтас- 
тықпен  келісімге  келу  ерекшеліктерімен  сипатталады.  Интеллектуалдық  құрамына  салт-дәстүрлердегі 
әрекет тәсілдерін меңгеру, толықтыру, дәлелдеу, деректік ақпараттардан ережелер шығару, бірігіп жұмыс 
істеуге дағдылану жатады.     
Оқушыларды  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  тәрбиелеудің 
тұлғалық шарты – тәрбиенің оқушы тұлғасына (қолдау, қорғау, сенім көрсету, құрметтеу) бағыттылығы 
мен  жас  ерекшелігін  ескеріп,  оның  дамуы  мен  әлеуметтік  қалыптасуына  жағдай  туғызуға  бағытталған 
педагогикалық әрекеттің басшылыққа алынуы. Бұл жағдайда оқушылардың  тәрбиелілігі педагогикалық 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж. 
 
71
 
көмек өлшемімен, қамқорлылығымен, көңіл бөлуімен, оның дамуына оңтайлы жағдай туғызуды қамтама- 
сыз ету үшін жасалатын жағдаймен ерекшеленеді. Тәрбиенің нәтижелі болуында әр оқушыны қайталанбас 
тұлға ретінде қабылдап, оның ұлттық өзгеше қасиеттерін дамытудың мәні зор.     
Оқушыларды  қазақ  халқының  жеті  ата  шежіресі  мен  дастарқан  дәстүрлері  арқылы  тәрбиелеудің 
танымдық-шығармашылық  шарты  –  оқушы  өміріндегі  ерік-жігерінің,  өзін-өзі  бақылау  дағдысының 
болуында. Ол оның белсенділігінде, сөз бен іс бірлігінде, өмірдің қиын тұстарында өз тұжырымына адал 
қалуында көрініс табады. Мұнда қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы туралы материалдарды қолда- 
нуға  мүмкіндік  туындайды.  Оларды  пікірталас  жүргізе  білуге,  дәлелдеуге,  көзқарастарын  баяндауға 
төселдіруге болады [4]. 
 
1 Қазақ дастарқаны – тәрбие құралы // Вестник АГУ им.Абая.Серия педагогические науки. – Алматы. – 2002. 
-№3. –Б. 47-49. 
2    Дәстүр  –  ұлттық  тәрбиенің  өзегі  //  Вестник  АГУ  им.Абая.Серия  педагогические  науки.  –  Алматы.  –  2004. 
–№2. – 15-18-б. 
3    Болашақ  мұғалімдерді  даярлауда  әдеп  мәселелерінің  алатын  орны  //    Вестник  КазНПУ  им.Абая.  Серия 
педагогические науки. – Алматы. – 2006.    – №1.    – Б 28-29. 
4    Адами мінез-құлықтық сапаларды қалыптастыруда құранның тәрбиелік рөлі. 12-жылдық білім беруге көшу 
жағдайында болашақ мұғалімдерді дайындау мәселелері. Халықаралық конфер.материалдары. – Алматы. – 2006. – 
Б. 58-61. 
       
Резюме 
Г. А. Кайбульдаева  кандидат педагогических наук, доцент   
международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави, 
togjan2010@mail.ru
 
M.С.Oштанова  старший преподаватель, магистр   
международного казахско-турецкого университета им. Х.А. Ясави, 
asilnur@mail.ru
 
 
Воспитательное    значение национальных традиции в начальном образовании 
В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  развития  формирования  национального  самосознания  школьников. 
Каждая нация описывает способы бытия в национальном характере. Английский антрополог Д. Горер интересовался 
этим  принципом,  так  как  после  Второй  мировой  войны    русские  дети  показывали  характер  особенно  такие  как 
сдержанность, храбрость, терпеливость, и эти качества    формируются с рождения. 
Казахский народ является одним из народов, уделяющий глубокое внимание к воспитанию детей и образования в 
целом, и с годами формировали свои принципы и правила. Есть много способов воспитания и опыта. В настоящее 
время наиболее важно  использовать принципы "жети ата" семейные правила, и культура дастархана с учащимися 
начального  уровня  обучения,  выделяются  три  показателя  ветви  воспитания  и  степени  национальных  традиции,  в 
качестве  инструмента  воспитания.  Они  широко  влияют  на  развитие    национального  сознания  детей  начальных 
классов.   

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет