Резюме
Б.Ауезов – старшый преподователь, МКТУ им. Х.А.Ясави,
auezov76@mail.ru
А.Cултан – студент 4 курса ЕНУ имени Л.Н.Гумилев
Индивидуально-психологические факторы профессионального стресса
Вся наша жизнь, можно сказать состоит из стрессов. Это может пережить любой человек, который попал в
какую-либо приятную или неприятную ситуацию в своей жизни, быту или на работе.
Сейчас мы наврядли встретим человека, который не ощутил состояние стресса или не попадал в такую ситуацию.
В последние годы рост черезвычайных ситуаций в мире, международных и межрегиональных конфликтов,
физического, психологического, сексуального насилия увеличили число людей переживших стресс.
Сформировалось мнение о том, что стресс – это нагрузка на организм человека. Он вреден и от него нужно
избавиться. А на самом деле, стресс-это физиалогическое явление.
Это физиологическая защитная реакция, которая появляется в ответ на различные факторы воздействующие на
организм человека.
Ключевые слова: стресс, профессиональный стресс, ссора, физиологическое явление, психологические явление,
страх, утомление, радость, ответственность.
Summary
B.Auezov – senior lecturer, IKTU named after Kh.A.Yassawi, auezov76@mail.ru
A.Sultan – 4th year student of Eurasian National University named after L.Gumilev
Individually-psychological factors of occupational stress
Our whole life is stressful. His life at home, at work, any positive or negative just start people affected by the situation. At
this point, you do not feel the stress state will not be able to meet someone who is not such a situation. In recent years,
emergency situations in the world, international and regional conflicts, physical, psychological, sexual, increasing the number
of stress.
Stress - is a human body weight. It is harmful and should get rid of the impression. Stress - is a physiological phenomenon.
The human body in response to a variety of factors arising from the set of physiological defense reaction.
Keywords: stress, occupational stress, strife, physiological phenomenon, psychological phenomenon, fear, fatigue, joy,
responsibility.
ӘОЖ 370.113
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Б.Ауезов – аға оқытушы, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ, auezov76@mail.ru
Мақалада педагогикалық технологияның қай-қайсысы да қандай да бір философиялық тұғырға негізделгені
туралы баяндалады. Педагогикалық технологияның дерек көздеріне педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік
ғылымдар, озат педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика кіреді. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді
үдеріс. Педагогикалық технология - алдын ала жоспарланған оқу-тәрбие үдерісін бірізді жүзеге асыруға бағытталған
жүйе. Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Әрі
сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі
– теориялық негізде орындалуы, екіншісі – тәжірибемен жүзеге келуі. Педагогикалық технологияның қай-қайсысы да
қандай да бір философиялық тұғырға негізделеді.
Түйін сөздер: педагогикалық технология, оқыту, тәрбиелеу, білім, оқыту технологиялары, тәрбиелеу технология-
сы, үздіксіз үдеріс, мұғалім.
Еліміз егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында
жүріп жатқан демократияландыру, жаңа технологияларды енгізу, компьютерлендіру бәсекеге қабілетті
тұлғаны қалыптастыруға жол ашуда.
Елбасы өз Жолдауында
«ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен
айқындалады» деп атап өтті. Өйткені, соңғы жылдары пайда болған «ілімге негізделген экономиканы»
ескермесе болмайды. Әлемдік бәсекелестік заманда әрбір адамның білім санасын, қабілеттік деңгейін
іскерлік мүмкінділігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып,
адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
81
көрсеткішіне айналып отыр. Бүгінгі таңдағы еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті – білім
берудің ұлттық модуліне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу.
Қазақстанның экономикалық, саяси, мәдени дамуына үлес қосатын, әлемдік цивилизацияға көтерілетін
білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару – бүгінгі мектеп, ұстаздар
қауымының міндеті.
Педагогикалық әдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген
терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру және дәстүр-
лі технологиялар, бағдарламаластырылған және проблемді оқу технологиялары, авторлық технология
және т.б.
Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу-оқыту технологиясы» және «тәрбиелеу
технологиясы» ұғымдарының өзіндік мән-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық
технология оқу және тәрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындала-
тын педагог іс-әрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мәні
«оқу технологиясы», «тәрбие технологиясы» ұғымдары мәндерімен салыстырғанда тереңдеу де
ауқымдылау.
Педагогикалық технология – бұл педагогикалық әрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми
жоба. Әрі сол жобаның дәл жаңғырып іске асуы.
Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды,
құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау және білім меңгерудің барша
қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.
Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар.
Біріншісі – теориялық негізде орындалуы (В.Б. Беспалько, В.В. Данилов, В.К. Дьяченко және т.б.), екіншісі
– тәжірибемен жүзеге келуі (Е.Н. Ильин, С.Н. Лысенкова, В.Ф. Шаталов және т.б.) [1, 86].
Қазіргі педагогика теориясы жаңашылдыққа бет бұрып, білім беру мазмұны жаңарып жаңа көзқарас
пайда болуына байланысты даму бағытын қамтитын 50-ден астам оқыту технологиялары өмірге келді.
Мысалы, саралап деңдейлеп оқыту технологиясы, тұлғаны жекелей дамытуға бағытталған технология,
модульдік оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту технологиясы және тағыда басқа оқыту технологиялары
белсенді түрде қолданылуда.
«Оқу технологиясы» түсінігі бүгінгі таңда дәстүрлі педагогика тарапынан жалпылай қабылданбаған.
ЮНЕСКО құжаттарында оқу технологиясы тәлім-тәрбие формаларын ыңғайластыруды өз міндетіне алып,
техникалық және адамдық мүмкіндіктер мен олардың әрекеттестігін ескерумен жүргізілетін білім ұсыну
және оны игеру үдерісін қарастыру, қолдану арқылы анықтап берудің жүйелі әдісі ретінде қарастырылады.
Бір тараптан – оқу технологиясы - бұл оқу ақпараттарын өңдеу, жүзеге шығару, өзгеріске келтіру
және оқушыларға ұсыну әдістері мен құралдарының жиынтығы, екіншіден – бұл оқу-тәрбие үдерісінде
техникалық не ақпараттық құралдарды қолданумен жүргізілетін мұғалімнің оқушыға ықпал ету әдістері
жөніндегі ғылым. Оқу-тәрбие мазмұны, әдістері мен жабдықтары педагогикалық технологияда бір-бірімен
өзара байланысты, себебті шарттасқан әрекетке келеді. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі бағдарламаға
сәйкес және тәлім-тәрбие міндеттері белгілеген қажетті мазмұнды іріктеп, өнімді әдістер мен құрал
жабдықтарды қолдана білуі арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізумен көрінеді, тәлім-тәрбие техно-
логиясы жүйелі категория осыдан оның құрылымында келесі бірліктер болатынын естен шығармау керек:
тәрбие және оқу мақсаттары
оқу мазмұны
педагогикалық өзара ықпал, әсер жасау құралдары
тәрбие және оқу үдерісін ұйымдастыру
оқушы, мұғалім
іс-әрекет нәтижесі
«Педагогикалық технология» ұғымы үш жоба күйінде іске асуы мүмкін:
ғылыми
әрекеттік – сипаттама
әрекеттік – іскерлік
Сонымен, педагогикалық технология тәрбие мен оқудың аса пайдалы жолдарын зерттейтін ғылым.
Сондай-ақ оқу барысында қолданылатын тәсілдер, принциптер реттеу тетіктерінің жүйесі әрі нақты
оқу-тәрбие үдерісі ретінде қызмет жасайды.
Педагогикалық технологияның қай-қайсысы да қандай да бір философиялық тұғырға негізделеді.
Философиялық қағида, ережелер, тәлім-тәрбиелік технологияларды әдіснамалық қамсыздандыру
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
82
құрамындағы барынша жалпыланған реттеу, түзету тетіктері санатында иеленеді. Тәлім-тәрбиенің жалпы
мазмұнында да, жекеленген пән мазмұнында да философиялық бағыт, көзқарас - бұл алғы шарт. Алайда,
көп жағдайда олардың идеологиялық бағыттары сан қилы. Сипат алып, өзара қайшылыққа түсіп жатады.
Осыдан мектеп тәлім-тәрбиесінің мазмұны дүниенің тұтастай бейнесіне сай келмей, ортақ философиялық
негізде құрастырылмай жатыр.
Қазіргі заманғы әлемдік педагогикалық технологиялар негізінде сан қилы философиялық бағыттар мен
ғылыми ұстанымдар арасында жиі кезігетіндері төмендегілер:
материализм және идеализм;
диалектика және метафизика;
сцентизм және табиғи сәйкестік;
гумагизм және антигуманизм;
атропософия және теософия;
прагматизм және эксизтенциализм.
Педагогикалық технологияның дерек көздеріне педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік
ғылымдар, озат педагогикалық тәжірибе, халықтық педагогика, сондай-ақ өткен жылдары отандық және
шет елдік педагогика топтаған баршаға ұтымды идеялар мен ғылыми ұсыныс, тұжырымдамалар кіреді.
«Педагогикалық технология» ұғымы «оқу әдістемесі» ұғымынан әлдеқайда кең. Технология тәлім-
тәрбие мақсаттарына қалай ең жоғары тиімділікпен қол жеткізуге болады және сол үдерісті басқарудың
жолы қандай?» деген сұраққа жауап іздейді. Технология алдын ала жоспарланған тәрбие үдерісін бірізді
жүзеге асыруға бағытталған.
Педагогикалық технологияны жоспарлау үшін нақты жағдайда тиімді болатын педагогикалық техно-
логиялар жүйесін таңдастыра білу қажет. Ол тұлғаның дара ерекшеліктерін зерттей отырып, оқушылардың
дамудың жас кезеңдері мен олардың дайындық деңгейіне сәйкес іс-әрекет түрлерін іріктеп баруды талап
етеді.
Технологияларды ажыратудың бірнеше жолдары бар. Педагогикалық ғылым мен тәжірибеде белгілі
болған технологияларды жоғары жалпылыққа келтіріп жүйелестірген Г.К. Слевко [2, 115]. Ол ұсынған
жүйедегі педагогикалық технологиялар тобы төмендегідей:
Қолдану деңгейіне орай: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік және бөлімдік (модульді) технология-
лар ажыралады;
Философиялық негізіне орай: материалистік және идеалистік, диалектикалық және метафизикалық,
ғылыми (сценитикалық) және діни, гуманистік және антигуманистік, антропософтық және теософтық,
прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және мәжбүрлеу технологиялары және басқалар;
Жетекші психикалық даму бағдарына орай: биогендік, социогендік, психогендік және ақыл-сана
технологиялары, бүгінгі таңда қалыптасқан пікір тұлға биотекті, әлеуметтікті және психотекті жағдаят-
тардың бірлігінің нәтижесі, алайда нақты технология аталғандардың біреуіне бағытталып, оны жетекші
жүйе ретінде пайдалануы мүмкін.
Іс жүзінде қандай да жекеленген жағдаятты, әдісті, принципті пайдаланатын бір бағытты технология
болмайды, технология әр уақытта да кешенді. Дегенмен, оқу үдерісінің қандай да бір қырды көздеуіне
байланысты технология белгілі сипат алып, өз атамасын иелейді.
Өткендегі тәжірибені игерудің ғылыми тұжырымына орай: ассоциативті-рефлекторлы (байланыс-
жауапты), биховиористік (ықпал-жауап әрекетті), гештальт технологиялары (тұтастыққа негізделген),
интериоризаторлық (ағзаның ішкі, сырттай көрінбейтін ықпалдарына орай) дамытушы. Бұлар қатарында
әлі де көпшілікке танымал технологияларды да ескерген жөн, олар: нейролинквистикалық (жүйкелік
құрылымына орай), бағдарламаластыру және суггестивтік (иландыру негізіндегі).
Тұлғалық құрылымға орайласқан: ақпараттық технология (пәндер бойынша білім, ептіліктер мен
дағдылар қалыптастыруға орай): нақты амал-әрекеттік (ақыл-ес әрекетті тәсілдерін қалыптастыру):
эмоциалы-көркемдік және эмоциалы-адамгершіліктік (эстетикалық және инабаттылық аймақ қалыптас-
тыру): өзіндік даму технологиясы (тұлғаның өзін-өзі басқару тетіктерін дамыту): суырып салма
шығармашылық (эвристикалық-шығармашылық қабілеттерін дамыту) және қолданбалық (күнделікті
тіршілік – оқу, тұрмыс, өндірістік әрекеттер аймағын қалыптастыру).
Мазмұн және құрылым сипатына орай технологиялар: оқытып үйретуші және тәрбиелеуші, зиялы
және діни, жалпы білімдік және кәсіби білімдік, гуманитарлық және технологиялық, әрқилы салалық, жеке
пәндік, сондай-ақ бар бағытты кешенді және әмбебап - ауысымды (проникающая) технологиялар.
Бір бағытты монотехнологиялары біртұтас оқу-тәрбие үдерісі қандай да бір нақты жағдайда өте қажет
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Бастауыш мектеп және дене мәдениеті» сериясы, №2(49), 2016 ж.
83
басымды идеяны, тұжырымды арқау етеді, ол кешенді технология - бір бағытты технологияның құрамдас
бөлшектерінің бірігімінің құрастырылады. Құрамдас бөліктері жиі басқа технологияларға еніп, онда
үдеткіш, белсенділік арттырушы қызметін атқаратын болса, ондайлар әмбебап-ауысымды технология
аталады.
Техникалық қызметті ұйымдастыру мен оны басқару сипатына орайласқан педагогикалық жүйені
(технологияны) ажырата, топтастырған В.П. Беспалько, оның пікірінше, мұғалім мен оқушының өзара
әрекеттестігі (басқарымы) ажырасқан болуы мүмкін (яғни оқушы іс-әрекетіне бақылау да реттеу-түзету де
болмайды); айналамда (циклді) – бақылаулы; өзіндік және өзара бақылаулық; шашыраңқыт (фронталь)
немесе жекеленген бағытты және қолды (сөзді) не автоматтандырылған (оқу құралдары жәрдемемен)
технологиялар болуы мүмкін [3, 148].
Педагогикалық жаңа технология – іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе.
Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті
байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен
оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология – ақырғы мақсатқа
жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін
маңызы зор. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі – баланың тұлғалық дамуына бағыт-
талған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. «Педагогикалық технологиялар – бұл білім-
нің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процесін ұйымдас-
тырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдіс-
терінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушы-
ның дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды». Жаңа технология түрлерін математика пәнінің
кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз
білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Оқытудың жаңа технологиясын жете меңгерген, оны оқушылардың жас және психологиялық
ерекшелігіне қарай таңдап пайдаланудың маңызы зор.
Педагогикалық технология – қазіргі талапқа сай анықталып, іріктеліп реттелген оқытудың жаңа
мазмұн, әдіс-амалдарының дидактикалық талаптарының психологиялық-педагогикалық жиынтығы.
Ж.Қараевтың педагогикалық технологиясы – оқытуды диференциялауға негізделген. Оқу үрдісіндегі
мұғалім мен оқушының, оқу мазмұны мен түрлерінің, әдістер мен амалдардың, оқу мақсатының
ықпалдасу заңдылығының жүйесі. Бұл технологияның маңызды ерекшелігі оқушының әсерлену жүйесін
қалыптастырады. Яғни деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау арқылы оқушының өзіндік жеке жолы,
даму динамикасы, ынтасы, ойлау қабілеті, есте сақтауы, оқу сапасы арта түседі.
Педагогикалық технологияның басты мәселесі біріншіден оқушының оқу танымдық әрекеттерінің
құрылымы мен мазмұны, яғни сатыланған және тәртіптелген іс-әрекет жүйесі, екіншіден технологиялан-
дырудың түбегейлі проблемасы ретінде мақсат құрудың әдіснамасы алынады, ал мақсат - кез келген
технологияның оқу процесін басқаруының негізі болып табылады. Педагогикалық технологияның басты
мәні алға қойған мақсатқа толықтай жету, міне осыдан педагогикалық технологияның тиімділігі шығады.
Педагогикалық технологияларға барлық елдер ғалымдары қызығушылық танытуда. Шетел зерттеуші-
лері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы,
техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық
конгломерат ретінде қарастырады.
Сонымен, педагогикалық технологияны - оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты,
білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, және осы жолда тиімді түріне жету
үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде қарастыруға болады.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын
технологиясын - қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы -
оқыту іс-әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты
маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру тұлғаның интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік,
рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі
дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі педагогика жаңалықтарын
пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Осы жолда педагогика-
лық технология оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Оқытудың жаңа технология-
сы іс-әрекеттің жоспарланған нәтижесіне жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырылатын жаңа әдістердің
жиынтығынан тұрады. Оның дәстүрлі оқыту технологиясынан ерекшелігі мынада:
ВЕСТНИК КазНПУ им. Абая, с
ерия «Начальная школа и физическая культура»,
№2(49), 2016 г.
84
- білім алушы тұлғаның интеллектуалды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау дәрежесінің жоғары
мөлшеріне жетуіне бағытталғандығы;
- білім алушы мен мұғалімнің белсенділігінің сәйкес болуы;
- мұғалім мен білім алушының өзара қарым-қатынасында жауапкершіліктің міндеттілігі.
Қорыта келе, қазіргі кездегі барлық білім беру технологияларының алдына қоятын мақсаты - білім
алушының жеке басының дара және дербес ерекшіліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып,
шығармашылығын қалыптастыру болып табылады. Педагогикалық технологиялардың оқыту үрдісінегі
жүйесі – мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, амал - жол екендігін ұмытпаған жөн. Себебі, жаңа педагогикалық
технология ұстаз шеберлігін жетілдіруге ықпал жасап, шәкірттің ойлау қабілетінің ұштала түсуіне әсерін
тигізеді, сонымен бірге әлеуметтік рухани жан дүниесінің маңыздылығын іріктеуге, ізгілікті жағын
дамытуға бағыттайды және өзінің психологиялық даралық сипатын анықтауға ниеттендіреді. Сонымен
қатар білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, оқу тәрбие үрдісінде оқушының жеке
тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияны қолдануды басты назарда ұстау керек.
Әрбір ұстаз күнделікті сабақта компьютер, интерактивті тақтаны тұрақты пайдаланумен қатар, электронды
оқулық және интернет материалдары арқылы оқушының пәнге деген ынтасын арттыра түсуге міндетті.
Бүгінгі таңда танымал болып отырған оқыту технологияларын белсенді түрде қолдана білсек, жаңа
мазмұнды білім беру процесі нәтижелі болып, оның сапалық көрсеткіштерін арттыру қиынға соқпайтыны
белгілі. Олай болса оқытуды ізгілендіру жағдайында, өздігінен даму бағдарын анықтап, дамитын және
өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға
қалыптастыруға тілектеспін.
Шәкәрім «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын
адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күннен бастап тәрбиелейді» деп
есептейді. Құнды қасиеттерге адамды баулу – туған кезден басталса керек. Адамның адам болып қалып-
тасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің орны зор. Ендеше ұрпақ тәрбиесі - бұл болашақ
тірегі, мемлекеттік маңызды іс.
1.
Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. – Алматы, 2006. – 176 б.
2.
Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика нововведений в системе
образования. – Алматы, 2001. – 296 с.
3.
Щуркова Н. Е. Педагогическая технология. – М., 2002. – 224 с.
Резюме
Б.Ауезов – старшый преподователь, МКТУ им. Х.А.Ясави, auezov76@mail.ru
Теоретические основы педагогических технологий
В данной статье раскрывается сущность, структура, принципы и значение педагогических технологий в учебном
процессе. Педагогические технологии включают педагогические, психологические и социальные знания, передовую
педагогическую практику и народную педагогику. Педагогические технологии – это единый комплексный процесс.
Педагогическая технология — это упорядоченная совокупность действий, операций и процедур, инструментально
обеспечивающих достижение прогнозируемого результата в изменяющихся условиях образовательного процесса.
Несмотря на наличие множества различных технологий обучения и их реализация только есть два способа.
Во-первых, теоретическая производительность, с другой - результат опыта.
Достарыңызбен бөлісу: |