Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
М.Е. Құсмиденов
МЕКТЕПТЕ ГИМНАСТИКАЛЫҚ
ЖАТТЫҒУЛАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқу құралы
Павлодар
2014
2
УДК 796.4 (075)
ББК 75.6 я73
К 78
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандары:
Ж.А. Усин – педагогика ғылымдарының докторы,
Ю.А. Мастобаев – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
М.Е. Құсмиденов. Мектепте гимнастикалық жаттығуларды оқыту әдістемесі:
Оқу құралы. – Павлодар: ПМПИ, 2014. – 86 б.
Бұл оқу құралы «Дене шынықтыру және спорт» пен «Бастапқы әскери дайындық»
мамандығы бойынша «Гимнастика» пәнің меңгеру үшін арналған. Оқу құралында
гимнастиканың дене тәрбие жүйесіндегі орны, міндеттері, оқыту әдістері мен
әдістемелік ерекшеліктері, мектепте оқытылатын гимнастикалық жаттығулардың
орындау техникасы мен оқыту әдістемесі беріледі.
Оқу құрал жоғары және орта арнаулы оқу орындарында «дене шынықтыру және
спорт» мамандығы бойынша оқып жүрген студенттерге және мектептің дене
шынықтыру мұғалімдеріне ұсынылады.
© М.Е. Құсмиденов, 2014.
© Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2014.
К 78
3
КІРІСПЕ
Мектептегі дене тәрбие жұмысы әр түрлі тәсілдер арқылы іске
асырылады, олардың арасында негізгі гимнастика өте маңыздылардың бірі
болып табылады. Негізгі гимнастиканың сипатты ерекшеліктеріне байланысты,
гимнастикалық жаттығулар балалардың барлық жас топтарына дене
тәрбиесінің қолайлы және тиімді тәсілі болып келеді.
Гимнастикалық жаттығуларын оқытудың тиімділігі оқыту үрдісіне
қойылатын негізгі талаптарды сақтауына байланысты.
Талаптардың арасындағы ең маңыздылары:
– Педагогикалық үрдісінің жалпы мақсатын және оқытудың бөлек
кезеңдерінің негізгі міндеттерін дұрыс түсіну;
– Оқыту процесін оқушылардың жас мүмкіншіліктеріне айқын
сәйкестіріп ұйымдастыру;
– Шұғылданушыларға барынша жекеленген бабын бөлу;
– Оқытудың негізгі принциптерін сақтау;
– Гимнастикалық жаттығулардың орындау техникасын және оқыту
әдістемесін терең және жан-жақты білу;
Гимнастика сабақтарында пайдаланатын жаттығулардың түрлері
сансыз көп, олар әртүрлі және де әрқайсының өз өзгешілігі бар. Осы
өзгешіліктеріне байланысты оқыту әдістері және сабақты ұйымдастыру
түрлері таңдалады.
4
1 ТАРАУ.
ДЕНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІНДЕ ГИМНАСТИКАНЫҢ ОРНЫ
1.1
Гимнастиканың сипаттамасы
Қазақстан Республикасында дене тәрбиелеудің әдістері мен
тәсілдерінің бірыңғай жүйесі құрылған. Бұл жүйе ішінде гимнастика ең
көпшілік тәсілдердің бірі болып, өзінің көрнекті орнына ие болады.
Гимнастика жаттығуларын қолдана отырып балалық шағынан бастап
физикалық мықты жас ұрпақтарды тәрбиелеуде, үлкендердің жоғары
жұмыс қабілеттілігін сақтауға және қария адамдардың денсаулығын
нығайтуға болады.
«Гимнастика» деген сөз гректердің «гимнос» сөзінен шықты, мұның
«жалаңаш» деген мәні бар. Сонымен қатар, гректердің «gumnastike»
сөзінің (qumnazö – жаттықтырамын, жаттықтырушы) мәні бар. Гимнастика
бұл гармониялық дене тәрбиелеу, денсаулық нығайту және дене
қабілеттерін жетілдіру үшін арнаулы таңдап алынған жаттығулар мен
әдістемелік тәсілдердің жүйесі.
Гимнастиканың негізгі міндеттері:
1.
Дене қабілеттердің жан-жақты жетілдіру және денсаулық нығайту
үшін адам ағзасының функцияларын жан-жақты және үйлесімді
(гармониялық) дамыту.
2.
Тіршілікке қажетті қозғалыс дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыру
және арнаулы білім беру.
3.
Адамгершілік, ерік-жігер және эстетикалық сапаларын тәрбиелеу.
Көпғасырлық тәжірибе және қазіргі ғылыми жетістіктердің негізінде
құрылған гимнастика дене тәрбиелеуде кең пайдаланады. Гимнастиканың
балалар мен жасөспірімдердің дене қалыптасу кезінде маңызы өте зор.
Гимнастиканың әр түрлі әдістер мен амалдарын пайдалана отыра, ең
табысты алғашқы дене тәрбиелеу мақсаттарын шешуге, дене қабілеттерін
дамытуына негізін даярлауға, олардың функционалдық және бейімдендіру
мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге болады.
Гимнастиканың өте үлкен сауықтыру-гигиеналық мәні бар. Плутарх
айтқандай «Гимнастика – медицинаның шипалы бөлімі». Көптеген
ғалымдар мен педагогтар дене шынықтыру жаттығуларына, соның ішінде
гимнастикалық жаттығуларына, үлкен маңыз беретін және оларды
адамдардың тіршілік әрекет пен жұмыс қабілеттілігің арттыру және де
сауықтыру мен белсенді демалыстың ең жақсы құралы деп қарастыратын.
Гимнастиканың түрлі жаттығулары өте көп, соның ішінде спорттық
гимнастиканың
жаттығулары,
қолданбалы
жаттығулары,
ЖДЖ,
гимнастикалық ойындар мен эстафеталар т.б., осыған байланысты онымен
кәсіп спортшылар мен қарапайым әуесқойлар, балалар мен үлкендер,
жастар мен қариялар, дені сау мен ауру адамдарға шұғылдануға болады.
5
Оларды үйде, мектепте, жұмыста немесе бос уақытта қолдануға
болады. Гимнастиканың қолданбалы, эстетикалық және педагогикалық
мағынасы бар.
Біздің Республикамызда дене тәрбиелеу екі өзара байланыс бағытымен
іске асырылады: жалпы дайындық және қолданбалы − арнаулы (спорттық
− қолданбалы, әскери − қолданбалы, кәсіби – қолданбалы) Гимнастиканың
амалдары, әдістері және сабақ ұйымдастыру түрлері осы екі бағытта
пайдаланады. Спорттық қызметте гимнастика 3 бөлек спорт түріне
бөлінеді: спорттық, көркем және спорттық акробатика).
1.2
Гимнастиканың басты (негізгі) тәсілдері
Гимнастика үшін типтік тәсілдері (жаттығулары) деп арнайы өңделген
қозғалыстардың түрлері болып табылады. Олардың көмегімен адамның
тіршілікке маңызды қозғалыс қабілеттерінің жетілдіруі іске асырылады.
Осы қимыл − қозғалыстардың көбі, адамның еңбек, әскери және тұрмыс
қызметінен алынған.
Дене тәрбиелеу тәжірибесі туралы ғылыми білімдердің дамуымен
қозғалыс әрекеттерінен бөлек элементтері бөлініп, жаңа жаттығулар пайда
болады. Олар көбінесе адамның дене сапаларын дамыту, қозғалыстың
негіздерін үйрету және әртүрлі педагогикалық мақсаттарды шешу үшін
қолданған. Олардың ішінде: дененің бөлек мүшелеріне арналған
жаттығулар, құралдарда орындалатын жаттығулар және т.б.
Гимнастиканың жаттығулары қозғалыс әрекетінің құрылысына және
педагогикалық міндеттеріне байланысты келесі негізгі топтарға бөлінеді:
1.
Саптағы жаттығулар – саптағы бірлескен әрекеттер. Олар
тәртіптілікті және ұйымшылдықты, бірлескен әрекеттерді жасау дағдыларын,
дұрыс келбетін және қарқын мен ырғақты тәрбиелеуге көмектеседі.
Саптағы жаттығулар бір жағынан сабақты мақсаттанған ұйымдастыру
әдістері ретінде, ал екінші жағынан олар адам ағзасын дамытатын және
қалыптастыратын өзгеше қозғалыс әрекеттер ретінде пайдаланады.
2.
Жалпы дамыту жаттығулар – бұл көбінесе бөлек тамырлық
үзбелерінде орындалатын жаттығулар, яғни жан-жақты дене дайындық,
ағзаның міндет істердің мүмкіндіктерін арттыру және дұрыс келбетін
тәрбиелеу үшін пайдаланады. Жалпы дамыту жаттығулар бөлек бұлшық
еттердің топтарына, дене мүшелеріне және барлық қозғалыс аппаратына
таңдалған әсерін тигізуіне мүмкіндік береді.
3.
Қолданбалы жаттығулар – жүру, жүгіру, секіру, лақтыру,
өрмелеу, тепе-теңдік сақтау жаттығулар, кедергіден өту және т.б. Осы
жаттығулар тіршілікке керекті дағдылар мен ептіліктер меңгеріп алуға
мүмкіндік береді.
4.
Еркін жаттығулар – бұл дененің бөлек мүшелерінің әр түрлі
қозғалыстардың және акробатикалық пен хореографиялық жаттығулардың
үйлесуі. Олардың негізгі мақсаты координациялы (үйлесушілік) қабілеттерін
6
жетілдіру, ырғақ сезімді және қозғалыстың көркемдігін тәрбиелеу. Бұлар
қозғалыс мектебін қалыптастырудың тиімді тәсілі болып табылады.
Сонымен қатар, осы жаттығуларды қайта-қайта орындаған кезде, ағзаның
функционалдық мүмкіндіктері едәуір көтеріледі.
5.
Секірулер (таянып және таянусыз) – ол секіру қабілетін, аяқ, қол
күшін, қозғалыстың жылдамдық пен дәлдігін, ептілік пен батылдық
сезімдерін тәрбиелеу үшін пайдаланады.
6.
Гимнастикалық құралдарда (арыс, темір аспа, шығыршық, бөрене,
ағаш ат) орындалатын жаттығулар – спорттық гимнастиканың ең
сипатты тәсілдері. Олардың негізгі міндеті – дене мен қозғалысты
бағындыра білу дағдыларын жетілдіру.
7.
Акробатикалық жаттығулары – акробатикалық секірулер, тепе-
теңдік сақтау жаттығулар. Осы жаттығулар күш, ептілік және жылдамдық
дамытуға және вестибуляр аппаратты жаттықтыруына бағытталған.
8.
Көркем гимнастиканың жаттығулары – түрлі заттармен
(доптар, шығыршықтар, ленталар, булавалар) би түрінде орындалатын
қимыл қозғалыстардан тұрады.
Гимнастика
басты
амалдарын
адам
дене
дамуына
әсер
көрсетушілеріне қарағанда келесі топтарға бөлуге болады:
а) дене қасиеттерін және қозғалыс қабілеттерін жалпы дамуына
бағытталған жаттығулар (саптағы және жалпы дамыту жаттығулар,
ойындар және эстафеталар);
б) өмірге қажетті дағдылар мен ептіліктерді тәрбиелеуге арналған
жаттығулар (қолданбалы жаттығулар және секірулер);
в) ерік-жігерлік қасиеттерін және дене қабілеттерін дамытуға және
нығайтуына бағытталған жаттығулар (еркін, акробатика және көркем
гимнастика жаттығулары, құралдағы жаттығулар, таянып секірулер).
1.3
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері
Гимнастикада жаттығуларды қатал регламеттау әдісі және
шұғылданушылардың әрекетшілігін қолданады. Гимнастиканың келесі
әдістемелік ерекшеліктері бар:
1. Адам ағзасына жан-жақты әсер ету. Гимнастика көмегімен адам
органдарының қызметтерін әбден жетілдіруге болады. Гимнастика дененің
жалпы дамыту және дене қабілеттерін жан-жақты жетілдіру мақсаттарын
шешуге мүмкіндік береді.
2. Әр түрлі жаттығуларды қолдана отырып ағзаның функционалдық
және морфологиялық жүйелерінің және дене қасиеттерінің жан-жақты
және үйлесімді дамуы іске асырылады.
3. Адам ағзасына таңдалған әсер ету. Лайықты жаттығуларды, өзіне
керек бастау қалыптарды және нақты жасау тәсілдерін таңдап алып, керек
бұлшық еттерге, буындарға жергілікті әсер тигізу. Осылай дене дамуының
кемшілігін өзгертуге болады.
7
4. Оқу процесінің қатал тәртібін белгілеу және жүктемені дәл
мөлшерлеу. Оқу процесін ұйымдастырғанда жеке әр түрлі әдістемелік
тәсілдерді қолдана отырып, сабақтың жеке міндеттерін жүйелі принциппен
шешу мүмкін. Жаттығулардың қарқындығын және амплитудасын өзгертіп,
қайталау санын көбейтіп немесе азайтып, бастау қалыптарын немесе
жаттығулардың орындалу жүйесін өзгертіп жүктемені мөлшерлеу.
5. Жаттығуларды толассыз күрделендіру мен қиыстыру және бір
жаттығуларды әртүрлі мақсатпен қолдануға мүмкіншілік. Сол немесе
басқа жаттығуларды меңгеру барысында, әдетте оның тым күрделі
нұсқаларын үйретуге көшеді, басқа элементтерімен қоса орындайды т.б.
Осы жағдайда, үйретілетін оқу материал жаңа сапалық(және сандық)
мәніне ие болады, ағзаға басқаша әсер етеді.
Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері өзара тығыз байланысты.
Оларды дұрыс есепке алу негізінде оқытудың мақсаттары жақсырақ
шешіледі.
1.4
Гимнастика түрлері
Гимнастикалық жаттығулардың әр түрлілігі және шұғылданушылардың
мамандығына қарап түрлі педагогикалық мақсаттарды шешу үшін оларды
қолдану тәжірибесі негізінде гимнастиканың салыстырма өзгеше түрлерін
анықтайды:
1 топ – денсаулық сауықтыру(жалпы дамыту) түрлері. Осы топқа
негізгі(жалпы), гигиеналық, атлетикалық гимнастика, фитнес кіреді. Бұл
гимнастика түрлері шұғылданушылардың жан-жақты, үйлесімді дене
дамуы, денсаулық нығайту және қозғалыс функцияларын жетілдіру үшін
қолданылады.
2 топ – гимнастиканың спорттық түрлеріне: спорттық гимнастика,
акробатика және көркем гимнастика жатады. Олардың негізгі мақсаты –
жоғары спорттық шеберлікке жету.
3 топ – гимнастиканың қолданбалы түрлері. Оларға: өндіріс
гимнастика(жұмыскерлерді сауықтыру және олардың жұмыс қабілеттілігің
арттыру негізінде ), кәсіп – қолданбалы, әскери – қолданбалы, спорттық –
қолданбалы, емдеу гимнастика жатады.
1.5
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту әдістемесі
Гимнастикалық жаттығуларды оқытудың мақсаты – шұғылданушыларда
қозғалыс іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру және арнайы білім
беру үшін оқытушының басшылығымен олардың жоспарланған
әрекетшілігін ұйымдастыру.
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту барысында келесі негізгі
мақсаттар шешіледі:
шұғылданушылардың жалпы қозғалыс және спорттық дайындығы
үшін маңызды қозғалыс дағдыларды қалыптастыру;
8
төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік, икемділік деген дене
сапаларын тәрбиелеу;
педагогикалық дағдыларды қалыптастыру;
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту кезінде шешілетін жеке
мақсаттары, белгілі жағдайда шұғылданушылардың дайындығының деңгейін,
қозғалыстың құрылымы ерекшеліктерін және орындау шарттарын бағалау
негізінде анықталады.
Гимнастика сабақтарында меңгерілетін жаттығулардың түрлері
әр түрлі – бұл бөлек мүшелерінің қарапайым қозғалыстары, бөлек позалар
мен қалыптарынан бастап күрделі қозғалыс әрекеттерге дейін.
Белгілі гимнастикалық жаттығудың оқыту үдерісін шартты түрінде
үш өзара тығыз байланысты кезеңдеріне бөліп тастауға болады.
Бірінші кезеңі – әр қозғалыс әрекетін саналы түрінде меңгеру үшін
жалпы алғашқы елестету жасау. Жаңа қозғалыс туралы алғашқы
мәліметтерін(қозғалыстың түрі, амплитудасы, бағдары т.б.) және
шұғылданушының бұрыннан жиналған қозғалыс тәжірибесін қосу
нәтижесінде, алдағы қозғалыс әрекеттердің басты бағдарламасын құруды
қамтамасыз ететін жалпы байланыстар қалыптасады.
Екінші кезеңі – қозғалысты орындау техникасының негіздерін
тікелей меңгеру. Бұл кезеңде оқытушы мен оқушының бірлескен белсенді
жұмысының нәтижесінде жаттығу туралы елестету дәлденеді, қателер
жойылады, жаттығудың өздігінше орындауы қамтамасыз етіледі.
Үшінші кезеңі – қозғалысты орындау техникасын нығайту және
жетілдіру. Бұл қозғалыс меңгеру дәрежесін тұрақты автоматтандырылған
дағды деңгейіне жеткізуге мүмкіндік береді, осыған орай шұғылданушы
оны әртүрлі жағдайларда және ұзақ уақыт аралығында орындай алады.
Жаттығуды оқыту үдерісі аяқталған соң, барлық әрекеттер оның
әртүрлі нұсқаларын орындауына; оған ұқсас, бірақ орындау техникасы тым
күрделі жаттығуларды орындауына; орындау жағдайларын өзгертуіне
бағытталады.
1.6
Жаттығуларды оқытудың әдістемелік тәсілдер
Гимнастикалық жаттығуларды оқытудың әдістемелік тәсілдер өте әр
түрлі. Тәжірибеде жиі қолданылатын және ең тиімді келесі:
Жаттығуды орындау техникасы туралы елестету жасау және
нақтылау тәсілдері:
әңгімелесу, түсіндіру, талқылау және мұғалім мен оқушының
сөйлеу қатынасу басқа түрлері
көрінелік құралдарды көрсету (сызбалар, сілтемелер, суреттер т.б.),
тікелей көрсету, түрлі нысаналарды пайдалану
графикалық суреттер түрінде жаттығулардың техниканың элемент-
терін үлгілеу (модель жасау), спортшы ағзасы үлгісінде жүйелі әрекеттерді
көрсету, ауызша немесе жазба түрінде техниканы суреттеу, техникалық
құралдар арқылы қозғалыс тын бөлек параметрлерін көрсету.
9
Көмектесу және сақтандыру тәсілдері. Оқушыларға мұғалім
жағынан көмек көрсету тәсілдері едәуір әр түрлері. Мысалы, жаттығулар
орындауын ауызша түсіндіру, нәтиже көрсетуге немесе тапсырманы
орындау тәсілі туралы алдына ала нұсқама т.б.
Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттер жасау жағдайы
көмектесу мен сақтандыру тәсілдерінің ерекше топқа жатады. Мысалы,
оқушы жаттығу жасау кезінде оның кәтелерін түзету, техниканы тәптіштеу
немесе қауып сыздық қамтамасыз ету үшін оған физикалық көмек көрсету.
Осы кезде мұғалім оқушыға бөлек қалпыны бекітуге, әрекеттер бір ізді
баяу орындауына көмектеседі.
Қосымша нысандарды қолдану арқылы алдымен жаңа гимнастикалық
жаттығуларды меңгеруін жеңілтуге болады.
Көретін нысандар ретінде әдетте пайдаланады: құралдардың бөлек
бөлігі, оқушы ағзасының үзбелері, табиғи нысандар, қосымша заттар
(доптар, таяқтар, жіптер т.б.) және де арнайы жасалған белгілер. Мысалы,
акробатикалық жаттығуларды акробатикалық жолда қойылған белгілер
бойынша орындау немесе белгіленген жерге секіріп түсу.
Бөлек дыбыстық сигналдарды (шапалақ, ысқыру т.б.) қозғалыс жасау
кезінде және оның қарқындығың және ырғағың өзгерту үшін пайдалану
мүмкін. Дыбыстық сигналдар ұзақтылығы және күші жағынан өзгертуге
келеді, сондықтан оларды пайдалану мүмкіндіктер кенейтеді.
Тактильдық сигналдар көзімен көру бағдарлану қиын болған жағдайда
пайдаланады. Оқушының құралға, нысанға өзі тиіп сезуі және қозғалыс
орындау нәтижесімен салыстыру оның әрекеттерін түзетуге және
орындаудың тиімді әдісін табуға көмектеседі.
Оқытудың техникалық құралдарын қолданылуы жаттығуды
орындау нәтижелерін сапалы бағалаумен қатар тиянақты сандық деректер
алуға, алдағы әрекет бағдарламасын дұрыстауға және де қозғалыс орындау
барысында кәтелерін түзетуге мүмкіндік береді.
Техникалық құралдарына жатады: қарапайым өлшеу аспаптар
(секундомер, сантиметр лық таспа, бұрыш өлшеуіш); тіркеу және жазушы
аппаратура(бейне магнитофондар, диктофондар, сандық фото және бейне
камералар); бағдарламалық және бақылау – ақпараттық аппаратура.
1.7
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту кезіндегі әрекеттердің
өзгешілігі және бір ізділігі
Гимнастикалық жаттығуларды оқыту үдерісі оқытушы мен оқушының
бір ізді әрекеттерден құрастырылады. Бұл әрекеттер әр оқыту кезеңнің
қозғалыс үйрену жағдайлармен және мақсаттар сипаттымен анықталады.
1.
Оқыту басында оқытушы оқушының жаңа жаттығуды меңгеруіне
деген дайындығын анықтау қажет. Сол үшін ол:
Оқушының жаттығулар үйрену кезіндегі байқалған жекелік
ерекшеліктерін және қозғалыс тәжірибесін еске алу керек;
10
Оқушының жүріс-тұрысын бақылау, онымен әңгімелесу, оның
ағымды жай-күйін және қөңілін бағалау керек;
Оқушының функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктер анықтау үшін
медициналық бақылаудың деректерін оқып білу керек;
Оқушының дайындығының бір тарабын (денелік, қозғалыс т.б.)
бағалау үшін бақылау тапсырмалар таңдайды немесе бұған таныс, жаңа
қозғалысқа ұқсайтын жаттығулар қайталауына тапсырма береді.
2.
Оқушы туралы мәліметтер және жаңа жаттығудың техникасы білімі
негізінде оқытушы оқыту бағдарламасын құрастырады, оқыту әдістер мен
тәсілдерін таңдайды.
3.
Оқытушы оқушыны жаңа жаттығумен таныстырады. Олардың
бірлескен әрекетшілдік қозғалыс дағдыны қалыптастыру мақсатында
жүргізледі. Ол үшін оқытушы:
алдағы оқытудың жалпы мақсатын тұжырымдайды;
оқушыға қойылатын талаптарды анықтайды;
оқушы арсеналындағы жаңа қозғалысқа ұқсайтын жаттығуларды
белгілейді;
оқушының мықты және әлсіз жақтарын көрсетеді;
жаттығуды меңгеру жоспарын белгіліп қояды.
4.
Оқытушы мен оқушының келесі әрекеттері оқытылатын жаттығудың
орындау техникасының негіздері туралы алғашқы елестету жасауына
бағытталады. Оны оған сай келетін оқытудың тәсілдері, яғни тікелей
көрсету, ауызша түсіндіру, адам ағзасының үлгісі пайдалана көрсету,
суреттер, бейнероликтар т.б. пайдаланады. Осындай дайындық жұмыс
практикалық меңгеру дін негізін қалайды.
5.
Содан кейін оқытушы келесі жаттығуларды орындауға ұсынады:
қозғалысты немесе оның бөлек қалыптарын имитация лау;
оны баяу, бөлек фазаларын айқындап көрсету үшін көмекпен орындау;
Қозғалысты максималды жеңілдетілген жағдайларда орындау;
Осы жаттығулар арқылы жаттығудың орындау техника туралы
мәліметтерді бөлек бұлшық еттер сезімдермен толықтырады.
6.
Оқушы жаттығулар орындау барысында оқытушы тиісті:
қозғалыс орындауын бақылау;
әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолдана отырып көмек көрсету керек;
тапсырмалар орындау нәтижелерін талдауын жүргізу және керек
болса оқушының әрекеттерін орындау барысында түзету немесе жаңа
тапсырма беру керек.
Осы кездегі негізгі мақсат орындау кезіндегі қателер уақытында
түзету. Оларды себептері: орындау техника туралы дұрыс емес түсінік;
қозғалыс түйсік тін және оқушының өзінің әрекетерін өзіндік бағалаудың
сай келмеу; оқушының мүмкіндіктер мен қозғалыс тапсырмалардың
қиындығының сай болмау; алдында үйренген қозғалыстардың жаңа
11
қозғалысқа көрсетілетін теріс әсері; оқушылардың орындау кезіндегі
жеткілікті емес батылдық пен қайраттылық көрсету.
7.
Жаттығулар орындау техникасын жетілдіру және нығайту үшін
оқушы оқытушың басқарушылығымен жаттығулардың орындауын өздігінше
жалғастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |