Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата09.03.2017
өлшемі1,63 Mb.
#8682
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1.8

 

Гимнастикалық жаттығуларды табысты меңгерудің шарттары 

Гимнастикалық  жаттығуларды  оқытудың  табысты  ұйымдастырудың 



бірінші  шарты  –  оқушылардың  дайындық  дәрежесін  дәлме-дәл  бағалау. 

Осыған  байланысты  оқушының  потенциалды  мүмкіндіктері,  келесі 

көрсеткіштер бойынша бағаланады: 

− қозғалыс  дайындығы(меңгерген  жаттығулардың  көлемі  және 

сипатты,  қозғалыстар  үйрену  кезіндегі  типті  қиыншылықтар,  қозғалыс 

тәжірибесінде ұқсас жаттығулардың болуы ); 

− дене  дайындығы(жаңа  қозғалыстарды  меңгеру  үшін  манызды 

мағынаға ие болатын дене сапаларының даму деңгейі); 

− психикалық 

қасиеттерінің 

дамуы 

(батылдық, 



табандылық, 

психологиялық шыдамдылық және т.б. тұлғалық қасиеттер); 

− оқушының 

қабілеттілігін 

бағалаудың 

сипатты 


үйретілетін 

жаттығуларға  байланысты.  Сондықтан,  оқушының  мүмкіндіктерінің 

анықтауы әр белгілі жағдайда әртүрлі. 

Екінші  шарт  –  оқушының  жеке  ерекшеліктерін  білу  және  қозғалыс 

құрылысын  талдау  негізінде  оқыту  бағдарламасын  құрастыру.  Оқыту 

бағдарламасы  алгоритмдық  ұйғарымы,  сызықты  немесе  тармақты 

бағдарламалар түрінде ұсынылады. 



Үшінші  шарт  –  жаттығуды  меңгеру  үдерісін  епті(әдісшіл)  басқару. 

Ол үшін оқытушы оқушының әрекет нәтижелерін талдап, керекті түзетуші 

командалар мен бақылау тапсырмалар қолданады.  

Төртінші  шарт  –  лайықты  жағдайлар  мен  оқыту  құралдарының 

болуы.  Оларға:  ғимараттар  (зал,  алан),  негізгі  және  көмекші  құралдар, 

әдістемелік құралдар (суреттер, сызбалар, кинограммалар, бейнематериалдар 

т.б.) жатады. 

 

1.9

 

Оқыту әдістері 

Оқыту  кезінде  қойылған  мақсаттарды  шешу  үшін  белгілі  жолдарды 

таңдап  алуы  оқыту  әдістері  деп  аталады.  Оқыту  әдістердін  барлық  әр 

алуандықтың ішінен бірнеше топтарды ерекшелеуге болады. 



Бірінші топ: Сөз пайдалану әдістері 

Мұғалім  сөз  арқылы  жаңа  жаттығулардың  орындау  техникасымен 

таныстырады, қателерің түзетіп нұсқау береді, қорытындылайды.  

Сөз пайдалану әдісінің мынандай түрлері болады:  

а) әңгімелеу – көбіне, ойын әрекеттерін түсіндіргенде немесе жаттығу 

жасауды жеткізу үшін мазмұндама ретінде қолданылады. 



 

12 


 

б)  суреттеу  –  оқушының  жасайтын  қимыл-қозғалысын  көз  алдына 

елестете алу үшін  қолданылады. 

в) түсіндіру – неге деген сұраққа жауап беріп қимыл-қозғалысқа деген 

саналы көзқараспен қарау түрі болып саналады.  

г)  сұхбат  –  бір  жағынан  белсенділікті  көтеруге,  оқушының  өз 

ойларын  жеткізе  алуға  көмектессе,  екінші  жағынан  өз  оқушыларыңды 

жақсы білуге және жасалған жұмысты бағалауға көмектеседі.   

д) талдау – жаттығу немесе тапсырма орындалғаннан кейін жетістіктер 

мен кемшіліктерді анықтауға қолданылады. 

е)  тапсырма  –  сабақтың  алдында  немесе  сабақ  кезінде  міндеттерді 

қою болып саналады. 

ж) нұсқау – көбіне қате түзеткенде оқудың қысқа, нақты бағыттандыру. 

з) бағалау – жаттығуды орындағандағы нәтижеге анализ жасау болып 

саналады. Баға қоюдың түрлері:  

1) стандарттық техникамен салыстырып қойылатын баға; 

2) басқа оқушының техникасымен салыстырып қойылатын конкурстық 

баға; 


3) көрсеткішке жетуіне байланысты баға қою. 

и)  бұйрық  –  қимыл-қозғалысты  бастауға,  аяқтауға  және  қарқынды 

өзгертуге қолданылады. 

Екінші  топ:  Көрнекілік  әдістері.  Осы  топқа    жаңа  жаттығулардың 

орындау  техникасымен  таныстыру  және  оны  тез  меңгеру  мақсатпен 

мұғалімнің  немесе  арнайы  дайындалған  көрсетушінің  тікелей,  суреттер, 

сызбалар  немесе  бейне  техниканы  пайдалана,  оны  дұрыс  орындауын 

көрсетуі жатады.  

Көрсету  –  оқушыларды  үйретудегі  басты  амалдардың  бірі  болып 

саналады.  Балалар  көргенін  есінде  жақсы  сақтайды,  сондықтан  мұғалім 

жаттығуды дәл, дұрыс, әдемі қылып көрсете алуы керек. 

Көрсетуге қойылатын талаптар:  

1) Көрсету сөз пайдалану әдісімен қатар жүру керек. 

2) Көрсетудің мазмұны оқыту міндеттеріне сай келу керек. 

3) Қалай болса да көрсетуге болмайды. 

4) Оқушының көмегімен көрсету келесі жағдайларда қолданылады: 

а) мұғалім денсаулығына байланысты көрсете алмаса; 

б) егер көрсеткенде түсіндіру қиын болса (м., баста тұру); 

в) оқушылардың жасай алуына көздерін жеткізу үшін. 

5) Көрсету  кезінде  оқушыларда,  мұғалімде  бір-бірін  жақсы  көре 

алатындай орналасу керек. 

6)  Бұлай  жасауға  болмайды  деп  сана  сезім  жетілген  оқушылармен 

ғана қолданылады. 

7) Айнадағыдай көрсету жеңіл жаттығуларды жасағанда ғана қолданылады. 


 

13 


 

Үшінші топқа: 

 



стандарттаған  жаттығу  әдісі  жаттықтыру  сабақ  кезінде  қозғалыс 

дағдыны  нығайту  мақсатында  жаттығуды  өздігінше  орындаумен 

сипатталады; 

 



ауыспалы  жаттығу  әдісі  орындау  барысында  қиын  жағдайлар 

жасаумен  байланысты:  бөгет  жасайтын  сигналдар  беру,  айналадағы 

жағдайлардың  өзгеруі,  жаттығуларды  шаршау  немесе  көтеріңкі 

эмоционалдық қызу қалпында орындау т.б.; 

 

ойын  және  жарыс  әдістері,  шұғылданушылардың  арасында 



бәсекелесу немесе белгілі нәтижеге жетуіне жауаптылықты жобалайды. 

Осы  оқыту  әдістер  қозғалыс  дағдылардың  тұрақтылығына  жетуге 

мүмкіндік береді.  

Төртінші топқа кіреді: 

 



жаттығуды  тұтас  түрінде  орындау  әдісі  −  үйретілетін  жаттығуды 

тұтас түрінде орындауын қарастырады. Бұл жағдайда жаттығуды орындау 

шарттарын жеңілдету  үшін қосымша  көмек  және  сақтандыру  құралдарын 

пайдаланады,  спорттық  құралдардың  биіктігін  кішірейтеді,  тренажер 

қолданады; 

 



техникалық  дайындығын  жеткізу  жаттығулар  әдісі(тұтас  жаттығу 

әдісінің  бір  нұсқасы)  алдында  үйретілген,  негізгі  жаттығуға  ұқсас,  бірақ 

орындауы жағынан жеңілдеу жаттығуларды орындауын қарастырады; 

 



 жаттығуды  бөлшектеп  орындау  әдістері  пайдалану  кезінде 

үйретілетін  жаттығу  негізгі  техникалық  элементтеріне  бөліп  жіберіп, 

белгілі  бірізділігімен  бөлек  үйретіледі,  ал  содан  кейін  оларды  қосып 

жаттығуды тұтас түрінде үйретеді; 

 

жеке  қозғалыс  мақсаттарды  шешу  әдісі,  бұл  әдіс  негізгі  қозғалыс 



әрекетінің бөлек элементтерін орындауын қарастырады.  

Бесінші  топқа  тиімді  оқу  процесін  ұйымдастыруға  және  жаңа 

қозғалысты  оқытудың  дұрыс  тактикасын  таңдауына  мүмкіндік  беретін  

оқытуды бағдарламалау әдісі кіреді. Бұл әдіс бойынша жаңа жаттығуларды 

оқытудың  белгілі  бағдарламасы  құрылады.  Басқаша  айтқанда,  оқыту 

процесінің  алгоритмі  дайындалады.  Таңдалған  алгоритм  бойынша 

оқытылатын  материал  бөлек  оқу  тапсырмаларға  бөлінеді  және  де  олар 

шұғылданушыларға  белгілі  бір  ізділігімен  беріледі.  Шұғылданушылар 

бірінші тапсырманы тұрақты және толық  меңгергеннен кейін ғана, екінші 

тапсырма  беріледі.  Оқу  тапсырмаларды  құрастыруда  келесі  талаптар 

қойылады: 

 

берілетін  тапсырма  әр  әрекеттің  сипатын  дәлме-дәл  көрсету  керек 



және барлығына қол жетерлік болу қажет

 



алгоритмдық  тапсырмалар  бір  немесе  бірнеше  ұқсайтын  қозғалыс 

әрекеттер үшін жасалу мүмкін; 

 

барлық  оқу  тапсырмалар  бір-бірмен  байланысты  болу  керек  және 



олардың қиындығы, үдей түсуі ізділігімен орналасу керек. 

 

14 


 

Алгоритмдық  түріндегі  тапсырмалардың  әр  сериясы,  белгілі 

мақсаттарды шешуге бағытталады. 

Мысалы,  бірінші  сериядағы  тапсырмалар  жаңа  жаттығуды  орындау 

кезінде, манызды дене сапаларын дамытуға бағытталады. 

Екінші  серияның  тапсырмалары  оқытылатын  қозғалыс  әрекетінің 

бастапқы 

және 


ақырғы 

қалыптарын 

меңгеруіне 

бағытталған 

жаттығулардан тұру керек. 

Осы жағдайда, бірінші және екінші сериялар бөлек немесе бір уақытта 

меңгеріледі. 

Үшінші серия негізгі қозғалыс әрекеттердің орындауын қарастырады. 

Мысалы,  арыста  қолтықпен  таянып  тұру  қалпынан  алдына  сермеп 

көтерілуді  меңгеру  үшін,  оқушы  белгіленген  биіктікке  алдына  сермеу 

орындауды үйрену керек.  

Төртінші  серияға,  орындау  техникасын  бөлек  көрсеткіштер(кеңістік, 

уақыттық, күш салу) бойынша бағалаумен байланысты, тапсырмалар кіреді. 

Бесінші серия техникалық дайындықты жеткізу жаттығулардан тұрады. 

Осы  оқу  тапсырмаларды  орындағансың  үйретілетін  қозғалыс  тұтас 

түрінде, жеңілдетілген жағдайларда(көмекпен, тренажерде т.б.) үйретіледі. 



Бақылау сұрақтары: 

1.

 



Гимнастиканың жалпы сипаттамасын беріңіз. 

2.

 



Гимнастиканың негізгі міндеттері. 

3.

 



Гимнастиканың басты (негізгі) тәсілдері. 

4.

 



Гимнастиканың әдістемелік ерекшеліктері. 

5.

 



Гимнастика түрлері. 

6.

 



Гимнастикалық жаттығуларды оқыту кезеңдері. 

7.

 



Гимнастикалық жаттығуларды табысты меңгерудің шарттары. 

8.

 



Оқыту әдістері. 

 

15 


 

2 ТАРАУ.  

ГИМНАСТИКА САБАҒЫ 

 

Мектепте гимнастикамен айналысудың негізгі формасы – гимнастика 

сабағы. 

Гимнастика  сабақтарының  негізгі  мақсаты  –  денсаулықты  нығайту, 

білімді,  өмірлік  маңызы  бар  дағдылар  мен  іскерліктерді  қалыптастыру, 

адамгершілік,  еңбек  және  эстетикалық  тәрбиелердің  міндеттеріне  сәйкес 

жеке тұлғаны үйлесімді дамыту. 

Оның міндеті: 

 

дене тәрбиесі саласындағы білімдерді қалыптастыру; 



 

жеке  дене  белсенділігі  деңгейіне  қойылатын  талаптарды  үнемі 



арттыру аясында денсаулықты нығайту; 

 



ағзаның жаттыққандығын қамтамасыз ететін қозғалыс-қимылдарына, 

іскерліктер мен дағдыларға және дене мен ақыл-ой жұмыс қабілеттілігінің 

қажетті деңгейлеріне үйрету; 

 



дене  дайындығының  деңгейін  арттыру  және  дене  қасиеттерін 

тәрбиелеу. 

Осы пәннің мақсат – бағытының арасынан дене тәрбиесінің атқаратын 

әлеуметтік  мақсаттағы  бағыты  айрықша  ерекшеленеді.  Бұл  төмендегідей 

мәселелерді қамтуы керек: 

 



қозғалыс тәжірибесінің жинақталуы саласындағы таным негіздерімен 

(арнайы, кәсіби - қолданбалы сипаттағы) қаруландыру; 

 

жарыстар ұйымдастыру және өткізу дағдыларын қалыптастыру; 



 

жаттығу  техникаларын,  сондай-ақ  талғампаз,  әдепті  қимыл-



қозғалыстар жәрдемімен жеке тұлғаның өзін-өзі көрсете білу мүмкіндіктерін 

аша түсу; 

 

дене тәрбиесіне деген әлеуметтік көзқарасты, ұстанымды нығайту. 



Гимнастика сабақтарын ұйымдастыру мектепте мақсатты, гигиеналық 

жағынан негізделген, сауықтыру-қозғалыс режимін орнықтыруға себепкер 

болуы керек. 

Сабаққа қойылатын ең маңызды талаптар төмендегідей: 

 

жынысын, жасын, дене дайындығын ескере отырып, әр оқушының 



үлгеріміне жеке тұрғыдан келуді қамтамасыз ету, 

 



сабақтың  қимыл-қозғалыстарға  негізделуі  мен  жоғары  тығыздығына 

қол жеткізу; 

 

дене  жаттығуларының  қайсыбір  түрлерін  оқушылардың  табысты 



меңгеруіне (дербес ізденістеріне) жағдай жасау; 

 



негізгі  дене  сапаларын  (күш,  жылдамдық,  төзімділік,  иілгіштік, 

ептілік  )  көрсеткіштерінің  өсуіне  себепші  болатын  оқу  материалдарына 

көбірек көңіл бөлу. 


 

16 


 

Оқу процесінің сапасы денеге түсетін жүктемелер қарқындылығы мен 

оның  көлемін  есептей  отырып,  топқа  берілетін  тапсырмаларды 

ойластырып жоспарлауға байланысты болмақ. 

Гимнастикалық сабақтар өз педагогикалық мақсаттарына байланысты 

келесі  түрлеріне  бөлінеді:  оқу  сабақтарына,  жаңа  материал  үйретуге 

арналған;  жаттықтыру  сабақтарына,  алдынғы  материалды  бекіту;  аралас 

сабақтар; жаңа материал үйретумен қатар алдында өткенді жетілдіру және 

нығайту; бақылау сабақтарына, оқушылардың үлгірімін тексеру үшін. 

Гимнастика  сабағы  гимнастикалық  залдарда  немесе  арнайы 

жабдықталған  және  бейімделген  ғимараттарда  өткізілу  керек.  Құрғақ, 

жылы және желсіз ауа райы кезінде гимнастика сабақтарын пайдалы ашық 

гимнастикалық аландарында өткізуге. Гимнастика сабақтарында өтетін оқу 

материалы  дене  шынықтыру  бойынша  мектеп  бағдарламасының 

көшірмесінде көруге болады(1 қосымшасы). 

 

2.1 Гимнастика сабағының құрылымы  

Гимнастика  сабағы  үш  бөлімнен  тұрады:  кіріспе  –  дайындық,  негізгі 

және қорытынды. 



Кіріспе – дайындық бөлімі. 

Бұл  бөлімнің  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды  ұйымдастыру  және 

олардың  ағзаларын  негізгі  оқу  жұмысына  дайындау.  Сонымен  қатар, 

кіріспе  –  дайындық  бөлімінде  білім  беру  мақсаттары  шешіледі,  соның 

ішінде 

оқушылардың 



дұрыс 

мүсін 


дағдыларын 

қалыптастыру, 

қозғалыстардың  үйлесімділігін  жетілдіру,  саптық  жаттығуларын  үйрету 

т.б. Кіріспе – дайындық бөліміне таңдап алынатын жаттығулардың белгілі 

түрлері  ең  алдымен  сабақ  мақсаттарына,  шұғылданушылардың  құрамына 

және сабақ өткізу жағдайларына байланысты. Кіріспе – дайындық бөлімнің 

дәстүрлі  сызбасы:  сапқа  тұрғызу,  рапорт  қабылдау,  сабақтың  негізгі 

мақсаттарын  хабарлау,  саптық,  жүру,  жүгіру  және  жалпы  дамыту 

жаттығуларын орындау.  

Жалпы  дамыту  жаттығулар  заттармен(доп,  гимнастикалық  таяқ, 

секірткіш,  гантель)  және  затсыз,  бір  орында  тұрып  немесе  сапта  келе 

жатып,  жұпта,  гимнастикалық  сатыларды  немесе  орындықтарды 

пайдалана,  ойын  немесе  жарыс  түрінде  өткізуге  болады.  Ең  бастысы, 

таңдалған  жаттығулар  шұғылданушылардың  ағзасына  жан  –  жақты  әсер 

тигізу керек. Жеткілікті тығыздығын қамтамасыз ету үшін ЖДЖ кешеніне 

кіретін жаттығулар оқушыларға таныс және қол жітерлік болу керек.  

Жалпы  дамыту  жаттығулар  кешенің  құрастыру  кезінде  басшылыққа 

белгілі  ережелер  алу  қажет.  Жаттығулар  орындау  кезектілігі  келесі: 

үстінен төмен қарай немесе керісінше. Яғни, мойын, қол және иық, тұлға 

және  аяқ  бұлшық  еттеріне  арналған.  Қозғалыс  амплитудасын  және 

қарқындығын  біртіндеп  арттыру.  Жаттығулар  қайталау  санын  анықтау 

кезінде  балалардың  дайындық  деңгейін  және  қыздар  мен  ұлдардың 



 

17 


 

функционалдық  мүмкіндіктерін  есепке  алу  керек.  Қыздар  мен  ұлдарға 

берілетін жүктеме IV сыныптан бастап ыңғайластырылады. 

Жаттығулар  орындау  үшін  оқушыларды  алшақ  тұрған  колоннаға, 

шеңбер  немесе  қатарға  тұрғызады.  Жалпы  дамыту  жаттығулар  кешенін 

өткізудің  төрт  негізгі  тәсілі  бар:  бөліп  –  бөліп(әдетті),  өтпелі,  толассыз 

және ойын. 

Бөліп  –  бөліп  тәсілін  қолдану  кезінде  әр  кезекті  жаттығуды  

орындаудың  алдында,  оны  түсіндіру  үшін    жаттығулар  арасында  үзіліс 

жасалады.  Әр  жаттығу  белгілі  бастау  қалпынан  орындалады,  оны 

түсіндірген  кейін    «Бастау  қалпын  –  ұста!»  деген  команда  беріледі. 

Жаттығуды  бастау  үшін  «Жаттығуды  бас  –  та!»  деген  команда  беріледі, 

осы  жерде  керек  болса  қозғалыс  бағыты  белгіленеді.  Мысалы, 

«Жаттығуды  оң  жаққа  бас  –  та!»  Жаттығудың  орындауын  аяқтау  үшін 

«Тоқта!»  деген  команда  беріледі.  Орындалатын  жаттығулар  туралы 

хабарлау  үшін    келесі  әдістер  пайдаланады:  ауызша  айту,  көрсету, 

аралас(айту мен көрсету), бөлшектеу. 

Ауызша түсіндіру кезінде ең бірінші жаттығудың бастапқы қалпы, ал 

содан  кейін  қимыл  –  қозғалыстардың  орындау  кезектілігі  түсіндіріледі. 

Көрсету  әдісін  пайдалану  барысында  бастапқы  қалпы  түсіндірген  кейін 

жаттығу  орындап  көрсетіледі.  Аралас  әдісі  бұл  жоғары  айтылған  екі 

хабарлау  түрінің  үйлесуі,  яғни  ауызша  түсіндірумен  қатар  көрсету.  Жаңа 

немесе  техника  жағынан  күрделі  жаттығулар  туралы  хабарлау  кезінде 

бөлшектеу  әдісін  қолданылады.  Сол  үшін  мұғалім  жаттығу  құрамына 

кіретін  әр  қозғалыс  әрекеті  түсіндіріп,  оны  оқушылармен  бірге  орындап 

тұрады.  Мысалы,  Б.қ.  –  негізгі  түру,  бастау  қалпыны  ұста.  Бір  –  таянып 

отыру, бірді істе. Екі - таянып жату, екіні  істе. Үш – оң аяқ жоғары, үшті 

істе және былай әр әрекет түсіндіріп бірге орындайды.  

Толассыз  тәсілін  қолдану  кезінде  барлық  жаттығулар  үздіксіз 

орындалады.  Осы  тәсіл  сабақтың  тығыздығын  және  оқушылардың 

белсенділігін  арттырады.  Толассыз  тәсіл  көбінесе  жоғарғы  сыныптың 

жеткілікті  жақсы  даярланған  оқушылармен  қолданылады.  Жаттығулар 

кешені  қарапайым  және  таныс  жаттығулардан  құрастырылады.  Олардың 

кезектілігі бір жаттығудан келесіге женіл  ауысуын қамтамасыз ету керек. 

Ауысу  «Жаттығуды  бастауға  болады!»  деген  команда  бойынша 

орындалады. Осы кезде жаттығуды атап айтады. 



Өтпелі  тәсілі  оқушылар  жүріп  келе  жатқанда  қолданады.  Осы  тәсіл 

арқылы  әртүрлі  жаттығулар  жүріспен  үйлестіруге  болады.  Бұл  тәсіл  да 

сабақтың тығыздығын арттырады. Жаттығуды аяқтау үшін «аяқта!» деген 

команда беріледі. 



Ойын  тәсілі  жаттығуларды  орындау  кезінде  ойын  сюжетін  қосумен 

сипатталады.  Мысалы,  сыныпты  екі    топқа  бөліп  жаттығулар  орындау 

кезінде  белгілі  сигнал(шапалақ,  ысқыру  т.б.)  бойынша  алдына  ала 

белгіленген тәсілмен(жүгіріп, секіріп немесе т.б.) өз орындарын ауыстыру 

керек. Ойын тәсілі жоғары эмоционалдық әсермен ерекшеленеді. 


 

18 


 

Оқушылардың  дене  шынықтыру  деген  қызығушылығын  сақтау  және 

арттыру үшін мұғалім барлық тәсілдер мен әдістерді қолдана білу керек.  

Кіріспе  –  дайындық  бөлімнің  ұзақтылығы  сабақ  мазмұны  мен 

мақсаттарына  және  оқушылар  контингентіне  тәуелді.  Яғни,  негізгі 

бөлімінде  берілетін  жүктеме,  шешілетін  қозғалыс  мақсаттар,  балалардың 

дайындығы,  жасы  және  жынысы  осы  барлығы  өз  әсерін  тигізеді.  Орташа 

алғанда бұл бөлімнің ұзақтылығы – 10-15 минут.  



Негізгі бөлімі. 

Сабақтың  негізгі  бөлімінде  осы  сабақтың  қозғалыстар  үйрету  мен 

оқушылардың  дене  сапаларын  тәрбиелеумен  байланысты  негізгі 

мақсаттары  шешіледі.  Бұл  бөлімін  жоспарлау  кезінде  есепке  келесі 

ережелер  алу  керек:  негізгі  бөлімнің  басында  ең  күрделі  білім  беру 

мақсаттар(қозғалыстар  оқыту)  шешіледі  және  де  нәзік  үйлестіру  талап 

ететін  қозғалыстар  орындауы  іске  асырылады.  Үлкен  энергиялық 

шығымдармен байланысты жаттығулар бөлімнің аяғында беру қажет.  

Оқу  материалды  меңгерудің  тиімділігі  әртүрлі  гимнастикалық 

жаттығулардың  дұрыс  кезектілігіне  байланысты.  Біркелкі  жүктемесі  бар 

жаттығуларды бір бірінен кейін қоюға болмайды. Мысалы, таяну қалпында 

орындалатын  жаттығулардан  кейін  асылу  қалпындағы  жаттығулар  беру 

керек.  Бөлек  жаттығулардың  орындау  кезектілігін  анықтау  кезінде 

олардың өзара әсерін(жағымды және теріс әсер) есепке алу керек. 

Сабақта  берілетін  жаңа  материал  шамадан  тыс  шықпау  керек. 

Оқушылар  білмейтін  жаттығулардың  саны,  олардың  техникалық 

күрделілігіне  байланысты.  Сондықтан,  бір  сабақта  1-2  жаңа  техникалық 

элемент оқытуға орынды. 

Оқу  материалды  тым  артық  түрлендіруге  болмайды.  Бұл  жағдайда 

шұғылданушылардың  назары  бытыраңқыланып  кету  мүмкін,  ал  оның 

салдырында оқыту нәтижесіне теріс әсер тию мүмкін. Әдетінше, бастауыш 

сыныптарда  сабақтың  негізгі  бөліміне  төрт  әртүрлі  жаттығу  енгізеді,  ал 

ортаншы және жоғары сыныптарда – екеу-үшеуі. 

Оқушылардың  әрекетшілігін  ұйымдастыру  тәсілдері  балалардың 

дайындығына  және  санына,  оқу  мақсаттарына,  керек-жарақ  бар  болуына 

байланысты әр түрлі болу мүмкін. 

Күрделі  емес  жаттығулар  үйрету  немесе  қайталау  кезінде  негізгі 

бөлімді  фронталды  тәсілін  қолдана  өткізуге  орынды.  Бұл  тәсіл 

бойынша  барлық  оқушылар  жаттығуларды  бір  уақытта  орындайды. 

Әдетінше,  оны  жалпы  дамыту  жаттығулар  өткізу    кезінде    және  күрделі 

емес акробатикалық, еркін және би жаттығулар үйреткенде қолданады. 

Мектеп  тәжірибесінде  негізгі  бөлімді  өткізудің  ең  таралған  тәсілі 

топтық  тәсіл(сыныпты топтарға, бөлімшелерге бөлу) болып табылады. 

Бұл әрекетшілік ұйымдастыру тәсілдің өзге түрлері бар: бөлек топтар бір 

уақытта  әртүрлі  құралдарда  жаттығулар  орындау  мүмкін  және  олар 

кезекпен бір құралда жұмыс істейді( бұл топтық – ауысым тәсіл). 



 

19 


 

Бірінші  жағдайда  топтар  саны  осы  сабаққа  белгіленген  құралдардың 

санына  сәйкес  келу  керек.  Әр  топта  8-10  оқушы  болғаны  дұрыс. 

Оқушыларды  топтарға  бөлгенде  олардың  дайындық  деңгейін  еске  алу 

керек.  Күрделі  емес  жаттығулар  үйрету  кезінде  топқа  жақсы  және  нашар 

даярланған оқушыларды  қосу орынды. Әлсіз оқушылар мықтыларға қарап 

жақсы жасауға тырысады, ал мықтылар оларға көмектесе алады.  

Күрделі жаттығулар оқыту кезінде оқушылар басқаша топтастырылады, 

яғни  мықтылар  бөлек,  әлсіз  бөлек.  Себебі,  әлсіз  оқушыларға  көбірек 

дайындық  жаттығулар  беру  керек.  Егер  оқытушыда  жақсы  дайындалған 

көмекшілері  болған  жағдайда,  осы  ұйымдастыру  түрінің  тиімділігі 

айтарлықтай көтеріледі.  



Топтық  –  ауысым  тәсілі  қолдану  кезінде  оқушылардың  санына 

және  оқу  материалдың  сипатына    байланысты  сыныпты  екі,  үш  немесе 

одан  көп  топқа  бөліп  тастайды.  Топтарды  балалардың  жынысына  қарап 

құрастырады.  Жаттығуды  түсіндіріп  көрсетуден  кейін,  оны  бірінші 

топ(барлықтары бірге)орындайды, ал содан кейін келесі топ оған кіріседі. 

Өзара  көмек  ұйымдастыру  үшін  бір  топтың  әр  оқушысы  басқа  топтың 

оқушысына тіркеледі. Олар бір біріне көмектеседі, қателерін айтады, яғни 

мұғалімнің  көмекшісі  міндеттерін  атқарады.  Бұл  тәсілді  күрделі  емес 

жаттығулар  оқыту  кезінде  пайдаланады,  бірақ  ол  үшін  гимнастикалық 

құралдардың саны жеткілікті болу керек.  

Жоғары сыныптарда толассыз тәсіл қолданады. Бұл тәсіл бойынша 

оқушылар  жаттығуларды  белгілі  кезектілікпен  әр  түрлі  құралдарда  жасап 

тұрып  ауысады.  Мұғалім  жаңа  жаттығу  үйретілетін  құралдың  жанында 

орналасады, ал қалған құралдарда оқушылар алдында өткенін қайталайды. 

Құралдардың  саны  және  тапсырманың  мөлшері  барлық  құралдарды  өту 

үшін сабақ уақытты жеткендей болу керек.  

Оқушылардың  дене  сапаларын  тәрбиелеу  үшін  жоғары  айтылған 

тәсілдер  және  де  «айналмалы  жаттығу»    деген  тәсілінің  түрлі  нұсқалары 

қолданады. 

Сабақ  тиімділігі  көбінесе  жүктемені  дұрыс  мөлшерлеуіне  байланысты. 

Артық  жүк  тиелу  мен  шамадан  тыс  қажуды  ескерту  үшін  шұғылдану-

шылардың  ағзасына  жан-жақты  әсер  тигізетін  түрлі  жаттығулар  қолдану 

қажет.  Сабақтағы  жүктеменің  реттелуі  жаттығулар  орындау  ұзақтылығы 

мен  қайталау  санын  өзгерту,  қозғалыс  амплитудасы  мен  қарқындығын 

және де бұлшық еттер ширығу дәрежесін түрлендіру, әртүрлі сипатына ие 

жаттығулардың ұтымды кезектестіру,  қайта  қалыпына  келтіру  амалдарын 

(тыныс  алу  жаттығулар,  массаж  т.б.)  дер  кезінде  пайдалану  арқылы  іске 

асырылады.  Ескерту  керек,  сабақ  барысында  оқушыларға  физикалық 

жүктемесімен  қатар  психикалық  жүктеме  тиеді,  ал  ол  баланын  ағзасында 

өте  манызды  өзгерістердің(кей  кезде  теріс)  себепші  болу  мүмкіндігіне 

байланысты,  оларды  да  реттеу  керек.  Орташа  алғанда  негізгі  бөлімнің 

ұзақтылығы – 25-30 минут.  



 

20 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет