6.3 Өрмелеу және асып түсу жаттығулар
Өрмелеу және асып түсу жаттығулар таяну және асылу жаттығулардың
бір түрі болып саналады. Олардың негізінде арнаулы қозғалыс дағдылар
жатады, сондықтан олар бөлек топқа жіктеледі. Осы жаттығуларды
орындау үшін күш, күш төзімділігін, қозғалыстардың жақсы үйлестірулігін
көрсетуін қажет қылады және оларды дамыту әдісі болып табылады.
Қарапайым (элементарлық) жаттығулар мектепке дейінгі жастағы
балаларға қолайлы. Оларды орындап, балалар өз мүмкіндіктері туралы
алғашқы елестету сезімдері туады. Ал ең құрделі жаттығулар жасөспірім
жасында қолданады.
6.3.1 Өрмелеу
Өрмелеу жаттығулары гимнастикалық орындық пен қабырғада, арқан
мен сырғауылда орындалады.
Гимнастикалық орындықтағы жаттығулар мектепке дейінгі және
бастауыш мектеп жасынан бастап қолданады. Жаттығулар еденде тұрған
және көлбеген түрде қойылған (бір ұшын гимнастикалық қабырғаға
тіркеп) орындықта орындалады. Орындықтың еңкіш бұрышы балалардың
дайындығына байланысты. Гимнастикалық орындықтағы өрмелеу екі
әдіспен орындалады: тізеде және жүрелеп таяну қалпында.
Гимнастикалық қабырғадағы өрмелеулер құрамына аралас асылу,
таяну қалыптарында тік, көлденең және қиғаш бағытпен орындалатын
әртүрлі жаттығулар кіреді.
Өрмелеу жаттығулардың мысалдары:
Көлденең бағытпен тіркеме қадаммен бір немесе екі қолмен ұстап
жылжу.
Тікеден-тік бағытпен әр түрлі аталатың әдіспен (оң аяқ, сол қол), аттас
әдіспен (оң қол, оң аяқ) және аралас әдіспен (бір уақыттық екі қолмен
ұстап қалу, аяқты кезекпен көтеріп) өрмелеу.
Бір қолмен ұстап өрмелеу(екінші қол бос немесе қандай – болса да
жұқ ұстап). Қабырғаға арқамен бұрылып әртүрлі әдістермен өрмелеу.
Арқан мен сырғауылдағы өрмелеу өрмелеулердің ең киын түрлеріне
жатады, сондықтан оларды орындау үшін белгілі дене күш дайындық және
арнай машықтану керек.
Арқан мен сырғауылдағы өрмелеудің екі негізгі түрі бар: екі әдіспен
және үш әдіспен.
53
Үш әдіспен өрмелеу.(37 сур.).
Б.қ.– екі қол жоғарыда ұстап асылу.
Бірінші әдісі – аяқты бүгіп көтеру (арқанды қысып алу); екінші әдісі –
аяқты жазу және қолмен тартылып, бүгілген қолда асылу қалыпына келу;
үшінші әдісі – қолды кезекпен жоғары көтеру.
Екі әдіспен өрмелеу
Б.қ. – бір қол жоғары,қол кеденін алдында ұстап асылу. Бірінші әдіс –
аяқты бүгіп көтеру (арқанды қысып алу); екінші әдіс– аяқты жазып және
бір қолмен тартылумен бірге, екінші қолды жоғары көтеру. Арқандағы
өрмелеуді үйретуі арқанда аяқпен дұрыс ұсталынуды меңгеруден басталады.
Арқанды аяқпен ұстаудың үш негізгі әдісі бар:
1.
Айқастырып ұстау – арқанды бір табаның үстінен және екіншінің
өкшесінің арасында қысып ұстау;
2.
Бір табанмен екіншіні басып ұстау;
3.
Арқанды табандардың ішкі жағымен қысып ұстау.
Арқанда өрмелеудің басқа түрлері: асылу қалпында (аяқтармен
көмектеспей), бұрыш ұстап, жылдамдыққа, екі арқанда және қосымша
тіректі пайдалана өрмелеу.
Арқанда тоқтаумен өрмелеу. Ұстап қалу (байлану) үш негізгі әдіспен
(39 сур.) іске асырылады.
1.
Ілмек түрінде – арқанды екі немесе бір аяқтың астынан өткізіп
ілмек түрінде байлану.
2.
Серіппе түрінде – арқанды бір аяқтан орап әртүрлі аталатың
қолдың артынан өткізу.
3.
Сегіздік түрінде – арқан екі аяққа оралады.
Арқандағы ұстап қалуды, өрмелеуді жақсы меңгеруден кейін үйрету
керек.
Көлденең арқанда(бөренемен) өрмелеу бір немесе екі аяқты үстінен
қойып асылуда орындалады (40 сур.)
.
54
6.3.2 Асып түсу
Асып түсу жаттығулардың көмегімен оқушыларды кедергілерден
өтудің әртүрлі әдістерін үйретуге болады. Кедергілерді өтудің 4 негізгі
әдістерін айыруға болады: секіріп, асып түсу, астынан және ішіне кіріп
өту.
Соңғы екі әдісі орындау техника жағынан қиын емес, сондықтан
оларды бастауыш сыныптардан бастап беруге болады.
Секіріп өту аласа тосқауыл өту үшін пайдаланады. Осы әдістің екі
түрін ажыратады: тосқауылды еркін ұшумен және қосымша тірекке таянып
секірумен өту
Асып түсу кедергілерден өтудің негізгі әдісі болып саналады. Оның
бірнеше түрі бар: бойлай отырып өту (41 сур.); көлденең отырып өту
(42 сур.); аяқпен басып өту (43 сур.); аяқпен ілініп өту(44 сур.); көмекпен
өту (аттандырып), шұғылданушылар бір-бірне көмектесіп тосқауылдан
өтеді: серіктестің жамбасына тұрып (45а сур.), қолмен иықтарына
таянып және қол астындағы құралдарды пайдалана (45 б, в сур.).
Асып өту орыннан және екпінмен орындалу мүмкін. Бірінші жағдайда
айқын күш көрсету керек, ал екіншіде – ептілік керекті. Бөлек
тосқауылдарды өту техникасын меңгеруден кейін, олардан әр түрлі
комбинациялар құрылады.
55
6.4 Еңбектеу (жер бауырлап жүру)
Еңбектеу бұл еденде(жерде, құралда) жату немесе торт аяқтап
қалпында жылжу. Еңбектеу жаттығулардың үлкен қолданбалы маңызы
бар. Техника жағынан осы жаттығулар қиын емес, бірақ олардың
орындауы едәуір (бірталай) күшейтумен байланысты және жүрек-тамыр
мен тыныс алу жүйелеріне жоғары талап қояды, сондықтан олар бұлшық
еттердің күш пен төзімділігін дамытудың әсерлі амалы болып табылады.
Еңбектеудің бірнеше түрі бар.
Төрт аяқтап еңбектеу – тізе мен қолға таянып жылжу. Ол
әртүрлі(сол аяқ,оң қол) және аттас(оң аяқ, оң қол) әдіспен орындалады.
Жартылай төрт аяқтап еңбектеу – біріншіге ұқсас, бірақ тірек
білекке (46 а сур.).
Пластун бойынша жер бауырлап жүру – етбетінен жатып жылжу
(46 б сур.).
Қырындап жорғалау – бір білекпен және әр түрлі аталатын аяқпен
тіреліп, қырындап жатып жылжу (46 в сур.).
Серіктеспен жорғалау – серіктесті ұстап жорғалау (46 г, д сур.).
Жанына жорғалау – бүгілген қолда орындалады (46 е сур.).
6.5 Жүк көтеріп тасу
Жүк көтеріп тасу жаттығулар күш және төзімділік машықтауына және
өмірде қажетті дағдыларды қалыптастыруына мүмкіндік туғызады. Жүк
ретінде әртүрлі заттар (нығыздалған доптар, құм толтырылған қаптар және
56
т.б.) және гимнастикалық құралдар (ағаш ат, бөрене және т.б.) пайдаланады.
Құралдарды әдетте екі немесе бірнеше шұғылданушы көтеріп апарады.
Жүк көтеріп тасу жаттығулардың бір түрі, ол серіктесті көтеріп тасу.
Осы жаттығулар келесі әдістермен орындалады: аяқтан ұстап
арқалап тасу (47 а сур.); иыққа отырғызып (47 б сур.); бір иыққа салып
(47 в сур); қолға көтеріп тасу (47 г сур.); жанынан ұстап тасу (47 г сур.).
Екеулеп тасу әдістері:
қолмен аяқтан ұстап тасу (48 а сур.), қолға
отырғызып тасу (48 б, в сур.), арқасынан және аяқтан ұстап тасу
(48 г сур.). Жүк тасу кезінде жүктемені дұрыс мөлшерлеу керек. Оны
жүктің салмағын, апару қашықтығын және тасу қарқындығын өзгерте
отырып реттеуге болады.
6.6 Секірулер
Гимнастикада секірулер екі топқа бөлінеді: таянып және таянусыз
секірулер. Таянып секірулер спорттық гимнастика жаттығулар құрамына
кіреді, сондықтан осы тарауда тек таянусыз секірулер қарастырылады.
Таянусыз секірулер ұзындыққа, биіктікке, алыс-биік,биіктіктен және
«саңылауға» секіру түрлеріне бөлінеді.
Биіктікке секіру тосқауылдың (жіп, таяқ) үстінен орыннан және
екпіндеп орындалады. Гимнастика сабақтарында оның күрделі емес
түрлері пайдаланады, олардың ішінде:
– тосқауылдың алдында немесе қырындап тұрып аяқты бүгіп секіру;
– әртүрлі тосқауылдарға (ағаш ат, маттар және т.б.) орыннан секіріп
шығу;
– екпіндеп, бір аяқпен итеріліп бүгілген немесе тік аяқпен;
57
– секіру (гимнастикалық секіру).
Осы секірулер ұшу фазасында қолмен аяқтың әртүрлі қозғалыстарың
қоса және тосқауылдың биіктігін көтере күрделендіруге болады.
Ұзындыққа секірулер орыннан және екпіндеп, екі немесе бір аяқпен
итеріліп орындалады. Осы секірулердің техникасы жеңіл атлетика
сабақтарында үйретіледі, ал гимнастикада олар түрлі бұрылыстар мен
қозғалыстарды және белгілінген орынға қонуды талап етіп, күрделендіріп
пайдаланады.
Алыс-биік секірулер бір уақыттағы ұзындыққа және биікке секірудің
үйлесуі. Олар біршама кең, биік емес (70-100 см) тосқауылдан екпіндеп
және бір аяқпен итеріліп орындалады. Тосқауыл ретінде аласа ағаш ат,
маттар немесе екі жіп пайдаланады.
«Саңылауға» секіру, ол үстінен және астынан шектелген жазықтыққа
секіру. Осы секірулер шамалы екпінмен орындалады. «Саңылауды»
қолмен және баспен алдына, аяқпен алдына және қолмен және аяқпен
алдына өтуге болады. Секірудің күрделенгендігі «саңылаудың» ойықтың
көлемін азайта немесе төменгі шегінің биіктігін көтере арттырылады.
Биіктіктен секіру (тереңдікке) қолданбалы және арнайы гимнастикалық
дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Олар әртүрлі
гимнастикалық құралдардан (бөрене, ағаш ат және т.б.) орындалады. Осы
жаттығулар жұмсақ, тұрақты жерге қонуды үйрету үшін қолданады.
Секіріп тусудың биіктігі біртіндеп көтеріледі (бастауыш сыныптарда оның
биіктігі 50-60 см).
Секірулер әртүрлі қалыптардан (отыру, таянып отыру және т.б.)
орындалады, ал оларды күрделендіру үшін ұшу фазасында түрлі
қозғалыстар (бұрылыстар, дене бүгу және жазу, қолдың және аяқтың
қозғалыстары) қосылады.
Бақылау сұрақтары:
1.
Қолданбалы жаттығулардың түрлері, міндеттері және мазмұны.
2.
Гимнастикалық таяқпен орындалатын жаттығулар.
3.
Таяқтың негізгі симметриялық қалыптары
4.
Секіртпемен орындалатын жаттығулар.
5.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулардың түрлері: динамикалық,
статикалық және аралас жаттығулар.
6.
Өрмелеу жаттығулардың түрлері
7.
Арқанда үш әдіспен өрмелеудің орындау техникасы.
8.
Арқанда екі әдіспен өрмелеудің орындау техникасы.
9.
Арқанда ұстап қалу(байлану) тәсілдері.
10.
Кедергілерден асып түсу түрлері
58
7 ТАРАУ.
АКРОБАТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
Акробатикалық жаттығулар шұғылданушылардың ағзасына жан-
жақты әсер тигізеді. Олар күш тәрбиелеуде, қозғалыстың жылдамдығын
және дәлдігін дамытуына мүмкіндік туғызады, вестибюляр аппаратты
үлкен машықтану әсер тигізіп тепе-теңдік сақтау міндетті жетілдіреді.
Олардың түрлілігіне, жоғары қызбалығына, шұғылданушылардың
ағзасына жан-жақты әсер тигізуіне және арнай құралдардың минималды
керектігіне байланысты акробатикалық жаттығулар оқушылардың дене
тәрбиесінің маңызды амалдардың бірі болып табылады.
Акробатикалық жаттығулар гимнастикалық маталарда немесе арнай
акробатикалық жолдарда орындалады. Оқушылардың дене тәрбиесінің
практикасында ең кең пайдаланатыны келесі жаттығулар.
7.1 Топтану
Топтану отыру (49 а сур.), жүрелеп отыру (49 б сур.) және шалқасынан
жату (49 в сур.) қалыптарында орындалады. Дәл осы ізділікпен оларды
үйрету керек. Топтану жаттығулары домалану мен домалауды үйрету
кезінде дайындық жетілдіру жаттығуы болып табылады. Топтану
қалпында аяқты тізеден ұстап денеге қысып, басты кеудеге иіп, арқаны
бүкірейіп ұстау керек. Кейбір акробатикалық жаттығуларда (сальто,
жанына домалану және т.б.) кең топтану (50 сур.) пайдаланады.
7.2 Домалану
Домалану алдына, артқа және жанына орындалу мүмкін. Домалану
орындау негізінде дененің бөлек мүшелерінің еденге (тірекке) бастан
аунамай бір ізді тию жатады. Домалану келесі бір ізділікпен үйретіледі:
1. Арқада жатып, отырып және жүреле отырып топтану қалпында
артқа-алдына домалану (51 а сур.).
2. Таянып отыру артқа домаланып жауырында тұру қалпына келу
және қайта домалану (51 б сур.).
3. Тізеде тұрудан топтану қалпында жанына домалану.
4. Айналмалы домалану. Ол аяқ арасын ашып отыруда, қолмен тізенің
астынан ұстап жанына, арқаға, екінші жаққа және бастау қалпына (қарсы
бағытта) домаланып орындалады (51 в сур.).
59
5. Шалқайып алдына домалану (51 г сур.).
6. Дене бүгіп таяну, қалпынан артқа домалану (51 д сур.).
7.3 Домалау
Домалау – бастан аунау арқылы, дененің мүшелерінің тірекке бір ізілі
тиюмен, дененің айналмалы қозғалысы. Домалау, топтану және домалануды
меңгеруден кейін үйретіледі.
Алдына домалау (52 сур). Таянып отыру қалпынан аяқты жазып
(жамбасты көтеріп), дененің салмағын қолға көшіру керек. Қолды бүгіп
және басты алдына еңкеюмен бірге аяқпен итерілу арқылы бастан аунау.
Желке тірекке тигенде тез топтану және алдына домаланып таянып отыру
қалпына келу.
Ұзын домалау (53 сур.) Қолды артқа жіберіп , жартылай жүрелеп
отыру қалпынан қолды алдына сермеп, аяқты жазып, қолдарды барынша
аяқтан алысырақ қойып және аяқпен итеріліп топтану қалпында домалау
орындалады.
Секіріп домалау (54 сур.). Қолды артқа жіберіп, жартылай жүрелеп
отыру қалпынан, қолды алдына сермеп, аяқпен итеріліп алдына секіру
керек. Секіруден кейін қолға қонып топтану қалпында домалау.
Қолмен таяну кезінде иықпен дененің арасындағы бұрыш180°жуық
болу керек. Қолдың таянуы жұмсартқыш әсер көрсету керек. Секіріп
домалауды жай және ұзын домалаудан кейін үйрету керек. Ұшудың
биіктігі және ұзындығы біртіндеп көтеріледі. Секіріп домалау екпіндеп бір
немесе екі аяқпен итеріліп орындалады.
60
Артқа домалау (55 сур.). Таянып отырудан қолды сәл бүгіп артқа
домалану (топтану қалпында) керек, желкемен тірекке Тигенде қолды
бастың жанына қойып, оларға тірену арқылы бастан аунап, бастау қалпына
келу керек. Артқа домалауды үйреткен кезде, алдын ала қолды қоюды
үйрету жөн, бастапқыда шалқасынан жату қалпында, содан кейін топтанып
домаланудан кейін
Бүгіліп, артқа домалау (56 сур.). Негізгі қалпынан, алдына еңкейіп,
артқа түзу ақпен отыра бастап қолмен тіренеміз. Сосын тоқтамай артқа
домаланып(бастан аунап) бүгіліп таянуға келу керек. Алдын ала, артқа
түзу аяқпен отыру үйретіледі
Иықтан артқа домалау (57 сур.). Түзу аяқпен отырудан артқа
домаланы кезінде жамбас буында бүгіліп, аяқты көтеру керек.
Домаланудың соңында басты солға еңкейтіп жамбас буында жазылып
иықта тұруға келу. Осы қалпынан шалқая домалаумен жамбаста таянып
жатумен аяқтаймыз.
7.4 Тік тұрыстар
Осы жаттығулар дененің, тыныс алу және жүрек-тамыр жүйелерінің
жұмысын қиындататын, ерекше қалпымен байланысты. Сондықтан,
олардың қолданылуы қатал мөлшерлеуді және біртіндеуші принципін
сақтауды талап етеді. Тік тұрыстар сермеумен және күшпен орындалады.
Акробатикалық тұрыстардың негізгі түрлері.
Жауырында тік тұру (58 а сур.). Қолды дененің ен бойына тіктеп
(алақанмен төмен), шалқасынан жату қалпынан денені бүгіп аяқты және
жамбасты көтеріп, қолмен белге таянып, жамбас буында жазылып аяқты
жоғары көтеру керек. Дұрыс орындалғанда, тірек желке, мойын мен
шынтақтарға біркелкі бөлінеді, сол үшін шынтақтарды бір-біріне жақын
ұстау керек. Жауырындағы тік тұрыс әртүрлі бастау қалыптардан (түзу
аяқпен отыру, таянып отыру) әртүрлі артқа домаланулардан кейін
орындалады.
Баспен тік тұру(58б сур.) баспен қолға таянып орындалады. Бас
маңдайдың жоғарғы жағымен тіреледі, дене салмағын баспен қолдардың
арасында біртіндеп бөліну керек(тірек нүктелер тең қабырғалы
үшбұрышты құрайды). Жаттығудың ең оңай түрі – таянып отырудан екі
аяқпен итеріліп баспен тік тұру. Соңдықтан оқытуды одан бастау керек.
Сосын бір аяқты сермеу, екіншімен итеріліп баспен тік тұру, өкшеде
отырудан итеріліп, таянып отырудан күшпен,аяқтың арасың ашып және
қосып тұрып дене бүгіп таянудан күшпен орындалады.
61
Кеудеде тұру (58 в сур.) кеудемен қолға таянып орындалады.
Иықта тік тұру (58 г сур.) иықпен және түрлі аталатын бүгілген
қолға таянып орындалады.
Білікпен таяна тік тұру (58 д сур.) және білікпен басқа таяна тұру
(58 е сур.).
Қолмен тік тұру (58 ж сур.) бір аяқпен сермеп, екіншімен итеріліп,
күшпен және екі аяқпен итеріліп орындалады. Қол иығының жалпақтығымен,
саусақ арасын ашып қойылады, иық алақанның үстінен, бел шалқайтып
тұру.
Үйретудің алгоритмі (бір ізділігі):
1.
Бір аяқ артқа, екіншіде таянып отыру қалпынан бір аяқты сермеп,
екіншімен итеріліп көмекпен қолда тік тұру.
2.
Аяқпен қабырғаға таянып қолмен тік тұру.
3.
Қолмен тік тұруды өз бетінше орындау.
7.5 Аунау
Акробатикалық аунаулар аса әртүрлі және техника жағынан қүрделі
жаттығулар болып табылады.
Жанына аунау (59 сур.) негізгі қалпынан орындалады. Қолды алдына -
жоғары көтеріп (алақан алдына), сол(оң) аяқпен адымдау және еңкейіп
аяқтан бір қадам қашықтығында сол(оң) қолмен таянып, оң аяқты сермеу,
ал сол аяқпен итеріліп аяқ арасын ашып қолмен тік тұру қалыпына келу
керек. Осы қалпынан сол қолмен итеріліп, оң аяқты жерге қойып және оң
қолмен итерілу арқылы, аяқ арасын ашып, тұру қалыпына келу керек.
Жанына аунауды қолмен тік тұруды жақсы игеруден кейін үйретіледі.
Үйретудің алгоритмі (бір ізділігі):
1.
Аяқтың арасын ашып қолмен тік тұру. Қолды кезекпен және бір
сызық бойынша қою керек. Көмектескенде арқа жағынан тұру керек.
2.
Аяқтың арасын ашып қолмен тік тұрудан аунаудың екінші
жартысын (көмекпен) орындау
3.
Жанына аунауды шамалы екпінмен және орыннан, көмекпен және
өз бетімен орындау.
62
7.6 Гимнастикалық көпірлер
Көпір (60 а сур.) әртүрлі әдістермен орындалады.
Басында, шалқасынан жату қалпынан орындауды үйретеді. Аяқты
бүгіп иығының жалпақтығымен қойып, қолдармен бастың жанынан таяну
керек. Осы қалпынан шалқая, қолды және аяқты жазу керек. Жаттығуды
меңгеру шамасымен, қолдар мен аяқтардың арасындағы қашықтықты
қысқарту керек. Содан кейін, тұру қалпынан артқа шалқайып орындалатын
көпір үйретіледі. Аяқ арасын ашып тұрудан қолды жоғары көтеріп, шалқая
бастап(аяқты тізеде бүгіп), қолды еденге қою керек. Жаттығуды орындау
кезінде қол қоспаларына қарап тұру керек.
Көпір қолдар мен аяқтардың әртүрлі қалыптарында орындалу мүмкін:
сол(оң) аяқтағы көпір (60 б сур.), сол(оң) қолдағы көпір (60 в сур.),
білектегі көпір (60г сур.), тізедегі көпір (60 д сур.).
Бақылау сұрақтары:
1.
Домалану жаттығуларды үйрету алгоритмі.
2.
Домалау түрлері және үйрету алгоритмі.
3.
Тік тұрыстар түрлері және үйрету алгоритмі.
4.
Гимнастикалық көпірлер.
63
8 ТАРАУ.
ДҰРЫС ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ҮШІН
ПАЙДАЛАНАТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
Тұру, отыру және әртүрлі қозғалыс әрекеттер орындау кезінде дененің
дұрыс ұстаудың гигиеналық және эстетикалық мағынасы зор. Дене
тұлғаның кемшіліктері адам денсаулығына жағымсыз әсер тигізеді.
Тұлға күрделі қозғалыс дағды болғандықтан, оның қалыптасуына ұзақ
уақыт керек. Дұрыс тұлғаның қалыптасуы тұрақты бақылауды керек
ететін, жан-жақты және үздіксіз процесс. Осы процесс оқытушылармен
ата-аналардың белсенді қатысуын талап етеді.
Дұрыс тұлғаны қалыптастыру үшін пайдаланатын тәсілдердің
арасында ең тиімді дене жаттығулар болып табылады. Осы жаттығуларды
екі топқа бөлуге болады: дұрыс тұлғаның қалыптасуына көмектесетін
жаттығулар (көбінесе, ол гимнастикалық жаттығулар) және дұрыс тұлғаны
қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар.
Дұрыс тұлғаны қалыптастыруға арналған арнайы жаттығулар үш
негізгі топқа бөлінеді:
1.
Тік жазықтықтың жанында орындалатын жаттығулар
2.
Заттарды баста ұстап түсірмеу
3.
Тепе-теңдік сақтау жаттығулары.
Осы жаттығулар дене мәдениет сабақтарында, таңертеңгі гимнастика
және басқа қосымша сабақ түрлерінде пайдаланады. Дұрыс тұлғаның
негіздерін бастауыш сыныптарда қалыптастыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |