> Үндістандағы
еркіндік пен
Б
із, Халықаралық әлеуметтану-
шылар
қауымдастығының
Атқарушы комитетінің мүше-
лері, күннен күнге күрделеніп отырған
оңшыл фундаменталистік зорлық
пен кемсітушілік оппозиция-сына
қарсы топтық шабуыл мен зорлық
тұрғысында пікір білдіру мен өмір
салты еркіндігінің құқығы үшін күресіп
жүрген студенттер, оқытушылар,
жазушылар мен шығармашылық
топтарды қолдай-тынымызды білді-
реміз.
Үндістандағы тобырдың азшылыққа
Хайдарабадта Рохит Вемулдің қайтыс
болуына байланысты наразылық шарасы
кезіндегі Хайдарабадтағы университет
студенттерімен вице-президент Рахул
Гандидің конгресс партиясы, қаңтар, 2016
жыл.
>>
шабуылы мен тамақ еркіндігін («сиыр
етін шектеу» деп қате көрсетіліп
келе жатқан) шектеу мәселелеріне
алаңдаулымыз. Электронды бұқара-
лық ақапарат құралдарының оңшыл
мажоритарлы ұлтшылдықты қолдап,
зияткерлер, студенттер және басқа
қорғаушыларға әдепсіз ақпарат тарату
арқылы шабуылдайтын насихат
машинасына айналуы бұрын соңды
болмаған жағдай және бұл үлкен
алаңдатушылық туындатып отыр.
Халықтың әлжуаз әлеуметтік тобы
ретінде студенттер, әсіресе dalit-bahu-
зорлық-зомбылық
Төменде Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығының
Атқарушы комитетінің мәлімдемесі мен 200 үндістандық
әлеуметтанушының Үндістан Президентіне 2016 жылдың 6
наурызында жолдаған хатын ұсынып отырмыз. Олар ертеректе
үндістандық кампустарда орын алған академиялық еркіндіктің
бұзылуына қарсылықтарын білдіретінін жазған. Хат нақты бір
оқиғаларға қатысты жазылғанымен, кампустар мен одан тыс
жерлердегі әлеуметтанушылардың ой еркіндігіне алаңдаушылығын
көрсететін тарихи маңызды құжат саналады.
jan және азшыл студенттер жағдайы
ерекше назар аудартуды қажет етеді.
Біз қалай да болмасын Үндістан
Конституциясындағы плюралистік
қағидатты ұстану және мемлекетті
дінмен байланыстырудан бас тартуды
қолдаймыз.
Жоғары білім беру мекемесінің
қабырғасында және одан тыс
жерлерде зияткерлерге қарсы дербес
және ұжымдық пікірталастар жүргізу
мен сынау әрекеттері орын алған
жағдайда,
кәсіби
қауымдастық
мүшелері
болғандықтан
біздің
жауапкершілігіміздің маңызы жоға-
ры. Әлеуметтанушы ретінде пікір
еркіндігі мен басқаша ойлауға,
кедергісіз шабуылға бей-жай қарауды
Аматрия Сеннің шыдамсыздыққа
шыдамдылық таныту деген сөзімен
мағыналас деп қарастырамыз.
Біз билеуші Бахарти Джаната
партиясының студенттер қанаты
мүшелерінің әлеуметтану профессор-
лары Вивек Кумар және Раджеш
Мишраға шабуылына қарсылық
ретінде Үндістанның 200-ден астам
әлеуметтанушысы
қол
қойған
петицияны Президентке ұсынамыз.
Университет – еркін әрі ақпараттанған
пікірталас және өзара білім алу
алаңы. Университет кампустарын-
дағы жағдайдың ушығуы және
ашық әрі еркін талқылау кеңістігінің
тарылуы,
әсіресе
Хиндутва
саясатына қарсылықты көтермеуі,
> Халықаралық Әлеуметтанушылар Қауымдастығының
мәлімдемесі
37
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
іргелі еркіндік пен сөз бостандығы
халықаралық
әлеуметтанушылар
қауымдастығының алаңдаушылығына
түрткі болып отыр.
Хайдарабад университетінің Әлеу-
меттік ғылымдар мектебінің докторы
Рохит Вемуланың және сол сияқты
төрт адамның жатақханадан қуылуы,
университет кампусындағы оларға
қарсы қарсылықтар салдарынан
2016 жылдың қаңтарында өз-
өзіне қол жұмсауы (аталмыш
университет қабырғасындағы «Далит
бахуджан» әлеуметтік тобына кіретін
докторлардың өз өмірімен қоштасқан
тоғызыншы оқиғасы) – жүйелі кемсіту
тамырының қаншалықты терең және
қайғылы екендігінің белгісі. Соңғы
бірнеше жылдағы сараптама бойынша
жоғары білім беру ордаларындағы
әлеуметтік осал топтардан шыққан
студенттер қатарының артуы нәтижесі
ретінде ел аумағындағы университет
қалашықтарында пікір таластар
артып отырғанда, Рохит Вемуланың
өлімі елде және одан тыс аймақтар
студенттері арасында, әсіресе білім
беру жүйесінде ерекше жауыздықпен
кемсіту ауыртпашылықтарын тар-
тып жүрген далит бахуджандық
студенттердің бұрын соңды болмаған
қарсылығын тудырды.
Үндістанның бүкіл аймақтарындағы
кішігірім колледждер мен ірі
университеттердегі
оқытушылар
мен студенттердің кастаға қарсы
философия мен өмірлік ұстанымдар
арқылы касталық кемсіту және
мажоритаризмге күмән келтіруде
оңшылдар
тарапынан
келген
толассыз шабуылдардан тайсалмай
атқарып
отырған
жұмыстарын
жоғары бағалаймыз. Белгілі Тамиль
жазушысы әрі колледж оқытушысы
Перумал Муруганның өз қаласын
тастап, астанаға көшуге мәжбүр
болу тәжірибесі – көп мысалдың
бірі ғана. Рохит және сол сияқты жас
ғалымдардың шешендігі мен терең
ойының арқасында Хиндутва саясаты
мен оның салдарын зерделі сынаудың
субконтиненттегі жаңа дәстүрінің
қалыптасқанын атап кеткеніміз жөн.
Джавахарлал Нехру университетінің
студенттері мен оқытушыларының
жүргізіп
отырған
күрестерін
қолдап, олардың ашық дәрістер
арқылы ұлтшылдық сияқты күрделі
мәселелер
туралы
қоғамдық
пікірталастарды қолдаудағы ықпал-
дарын жоғары бағалаймыз. Рохит
Вемула және сол сияқты елдің
барлық кампустарындағы студенттер
мен ғалымдардың күрес жолында,
әсіресе академия мен сыртқы
әлемді байланыстырудағы атқарып
жатқан еңбектерін ресми түрде
мойындаймыз.
> Үндістандық әлеуметтанушылардың Үндістан Президентіне хаты
4 мамыр 2016 ж.
Шри Пранаб Мукерджи
Үндістан Президенті
Раштрапати Ниуас
Нью-Дели
Құрметті Шри Пранаб Мукерджи:
Біз, петицияға қол қойған әлеуметтанушылар, оның ішінде Үндістанның барлық аймақтарының университеттері мен
институттарында қызмет атқарып жүрген және зейнетке шыққан оқытушылар мен зерттеушілер, елде орын алып отырған
жағдайды мазасыздана қабылдап, келесі мәлімдемені халыққа жеткізуді аса қажетті деп таптық:
Үндістан Конституциясы әрбір азаматтың өз сенімі және оны бейбіт білдіру құқығына кепілдік береді. Біз университет пен
академияны осы құқықты жүзеге асыратын өмірлік маңызды орын ретінде қолдап, автономиясын табанды түрде қолдаймыз.
Мұқият қарағанда, билік пен полиция қолдауына ие ұйымдардың студенттер, оқытушылар құрамына шабуылдарының артуы
бізді қатты мазалайды. Студенттер мен оқытушылар өз идеялары мен позициялары үшін қорқыту, зорлық пен шабуылға тап
болып жатқанда, қастандық жасаушылардың заңнан иммунитеті болып отыр.
Атап айтқанда, әріптестеріміз профессор Вивек Кумар (JNU) және профессор Раджеш Мишраны (Лакхнау университеті)
қолдау үшін жазып отырмыз. 21 ақпан күні Гвалиор университетіндегі бір шараға баяндамашы ретінде шақырылған
профессор Кумардың сөзін ABVP күштеп тоқтатты. Ал, Профессор Мишраға газет бетіне шыққан мақаласын Facebook-тегі
парақшасына тіркегені үшін ABVP қоқан-лоқы көрсеткен, оның үстіне, университет басшылары одан қорқытқандар туралы
сұраудың орнына мақаласы туралы түсініктеме беруін талап еткен.
Біз, ғалымдар әлеуметтік мәселелер жөнінде еркін айта, жаза және ойлай алуы тиіс әрі осы жолда олардың аузына ешкім қақпақ
болмау қажет деген нық сенімдеміз. Академиялық еркіндікті шектеу – ұлттық мүддеге қиянат, біздің әрқилы қоғамымызды
ұжымдық талдап түсіну қабілетімізден айыру. Сондай-ақ, тәуелсіз Үндістанның көптеген қоғамдық дискурсы мен ұлттық
қозғалысын байытқан ғылыми, сыни ағымдарды дүниеге әкелген академиялық дәстүрімізге сенімімізді растаймыз.
38
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
> Зерттеу жазбалары:
Раевин Коннелл, Сидней университеті, Австралия және ХӘҚ Әйелдер және қоғам (ЗК32),
Концепциялық және терминологиялық талдау (ЗК35) зерттеу комитеттерінің мүшесі
> Аңыз бен ақиқат
Ж
азудың болмысын бұрмалайтын екі
үлкен аңыз бар - көне және жаңа аңыз.
Көне аңыз жазуды шабыт пен дарыннан
бастау алатын қарапайым дүние ретінде
түсіндіреді. Біреулер тамаша бір таңда қаламын қолына
алып жазуға отырғаны сол екен құдайдың құдіретімен
Муза құлағына сыбырлайды да керемет мәтіндер ақ
қағазға төгіліп сала береді. Мұның қалай болатын
түсінбейді. Мұндайда біз күндердің күнінде Муза біздің
де құлағымызға сыбырлайды деген үмітпен таң қалудан
басқа ештеңе жасай алмаймыз.
Жаңа аңыз соншама поэтикалық емес. Ол бәсекелестікке
үйір
екендігі
байқалып
тұратын
неолиберал
менеджерлердің санасында пайда болып, жетілген. Бұл
мифте жазу дегеніңіз жеке адамдар өндіріп, табысқа жету
үшін бәсекелестік жағдайында сатуға болатын нарықтық
өнімнен басқа ештеңе емес. Ең жақсы табыс атақ-даңқ
пен қызметтік өсу тұрғысынан қарастырғанда беделді
журналдарға бағыт ұстаудан басталады.
Періште Әулие Матвейді Евангелиені
жазуға шабыттандыруда.
Екі аңыз да әртүрлі жағдайда жеткілікті ақиқатты ақылға
қонымды деңгейде көрсете алады. Көптеген жазбалар іс
жүзінде біреудің қолына қалам алып немесе компьютермен
жеке өз ойларымен арпалысып отырған сәттерінде
дүниеге келген. Уақыт өте, ғылыми зерттеулер үшін еңбек
жазу конкурстық негізде және коммерцияланған кәсіпке
айналды.
Бірақ, екі аңыз да жазудың ақиқатын қауіпті жолдармен
бұрмалайды. Жоғары әлеуметтік процесте жеке
данышпандық немесе табыс екеуі де іс жүзінде бірге
қарастырылады. Екеуі де жазудың коммуникация туралы
іргелі дерек екенін назарға алмайды. Екеуі де кез келген
пәнде зерттеу жұмыстары үшін жазу білімді даярлау
мен таратудың ұжымдық процесінің бір бөлшегі екенін
ескермейді.
Әлеуметтануда немесе кез келген өзге пәнде мәселелерді
жазу осы себептен ұжымдық процестерде маңызды орынға
ие болады. Жас зертетушілер үшін еркін түрде сияқты
болып көрінетін зерттеудің жазбаша жұмыстарының
көптеген ерекшеліктері біз алға қойған міндеттердің
әлеуметтік аспектілерін қарастырған кезде ғана белгілі бір
мәнге ие болады.
Ғылыми жазбаның саясатын тек қатысушы әлеуметтік
институттар мен құрылымдар туралы ойлау арқылы
ғана түсіне аламыз. Бұл журналдардың коммерциялануы
мен «лига кестесінің» ықпалын, зияткерлік еңбекпен
айналысатын қызметкерлер жұмысының тұрақсыздығын,
мойындаудың, бедел мен ресурстардың жаһандық
иерархиясын, интернетте пайдаланылу мен тәуекелдерді,
білімді қалыптастыру мен айналымының демократиялану
процесін қамтиды.
> Жазуға көзқарас
Мәселенің кілті жазуды қоғамдық еңбектің түрі ретінде
тануда жатыр. Бұл – еңбек және оның еңбек екенін біз
тамаша әдеби мәтіндерден де көрсете аламыз. Жазу туралы
ойлана отырып, өнеркәсіп әлеуметтануынан идеялар
алу пайдалы. Бәрінен бұрын бұл бізді оған қатысы бар
жұмысшылар туралы: олардың құрамы, еңбек ақысы мен
еңбек ету жағдайы, технологиялар мени өзге ресурстар,
бақылау мен автономия жөнінде ойлануға итермелейді.
Сөз жоқ, жазу - еңбектің маманданған қалпы. Ол әсіресе
қисын мен тәжірибе
>>
39
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
коммуникациялық жұмыс, сондықтан коммуникация
әлеуметтануынан идеялар алу да пайдалы болмақ.
Бұлардан бөлек, бұл бізді жазбаның кез келген бөлімінің
аудиториясы туралы, аудиторияға қалай жететіні және
жазбаның оқырманға қалай әсер ететіні туралы ойлануға
мәжбүрлейді. Бұл зерттеушілердің жазбаны кімдерге
арналатынын ойлануы үшін маңызды, өйткені бұл ұғым
жазылатын құжатты да қалыптастырады.
Зерттеу жұмыстарын жазу - коммуникацияның
айырықша және өте мұқият назар аударуды қажет
ететін түрі. Бұл - ғылым жасаудың ұжымдық процесінің
бір бөлшегі, сондықтан зияткерлер әлеуметтануы мен
білім әлеуметтануынан (постколониялық кезеңнің
қайта түрлену алаңы ретінде) идеялар қолдану да
пайдалы. Жазушының бұрын және болашақта жұмыс
жасаушылармен қарым-қатынасының бірдей болуы
маңызды; себебі олар жұмысқа қатысы бар эпистемалар
мен ақпараттар шеңберіне кіреді.
Осы жағдайда, біз зерттеу еңбектерін жазуға аса құпия
сыр ретінде емес, ақылға қонымды еңбек процесі ретінде
қарай аламыз. Бұл еңбектегі түрлі жанрлар түрлі аудитория
мен стилдерді қамтиды. Өзге еңбек түрлері сияқты
жазу да үйренуге және түзетуге болатын тәжірибелерді
қамтиды. Сонымен қатар, өзге де еңбек түрлері сияқты ол
да талқылау мен ойлау үшін жақсы болып саналатын тың
және мақсатты элементтерді қамтиды.
Соңғы он екі жылда мен көптеген университеттер
мен конференцияларда жазу бойынша тегін белсенді
семинарларды өткіздім. Олар қатысушыларға бәсекеге
қабілетті тауарлар мен нысаналарды үздік журналдарға
қалай жеткізуге болатынын үйрететін семинарлар
емес. Мүлдем керісінше! Семинарлар қарапайым ғана
сипатталған идеялар негізінде ұйымдастырылды:
ұйымдасқан білімді қалыптастыру өз табиғатына сәйкес
әлеуметтік, біріккен процесс болып табылады және жазу
осынау алып өнеркәсіпте шешуші орынға ие.
> Зерттеу еңбегін жазу бойынша қысқаша нұсқаулық
Соңғы бірнеше айда мен сол семинарлардағы идеяларды
блог мақалалары ретінде қайта сараптап, Creative Com-
mons лицензиясымен электронды кітапша ретінде қайта
өңдеп, жарияландым.
Зерттеу еңбегін жазу: Принциптер мен тәжірибе
бойынша кеңестер деп аталатын кітапша 47 беттен
тұрады (драмалық иллюстрацияларды қоса есептегенде)
және менің веб-сайтымнан тегін көшіріп алуға болады
http://www.raewynconnell.net/p/writing-for-research.html.
Бұл мәтінді жұктеп алуға, қалаған адам еркін пайдалануға
болады, оны коммерциялық емес мақсатта қайта шығаруға
да рұқсат бердім.
Кітапшада менің жазушы ретіндегі жеке тәжірибеме
негізделе отырып, ғылыми еңбек жазу негіздері мен
жанрлары; журналдық мақалаларды жазудың тәжірибелік
аспектлері талқыланған және жазу саясатындағы негізгі
мәселелер қамтылған. Мынау еңбектің қысқаша мазмұны:
Бірінші бөлім: Жазу туралы
1. Жазу табиғаты
2. Зерттеу коммуникациясы, әлеуметтік шындық
3. Зерттеу мақаласын жазу жанрлары
Екінші бөлім: Журнал мақаласын қалай жазуға болады-
тәжірибелік сатылар
Квинтэссенция; дәлел-құрылым; бірінші жобасы; қайта
қарау; презентация; басылым
Үшінші бөлім:Үлкен сурет
1. Жазу бағдарламалары
2. Неге жасайды? Оны пайдалы ететін не?
3. Бірқатар дерек көздері
Мен
өзге
білікті
зерттеушілерді
өздерінің
тәжірибелерімен және ойларымен бөлісуге, сауда туралы
ұғымдарды қалыптастыруға көмектесуге шақырамын
және бұл мәтінге орай өзара байланыс орнағанын
қоштаймын.
Хаттарды Раевин Коннеллге <
raewyn.connell@sydney.edu.au
> жолдауға болады.
Улисс Джеймс Джойс манускриптінің бөлігі.
> Қазақ тобымен
таныстыру
40
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
«Жаһандық диалог» журналының қазақ тілінде жарық көруін қамтамасыз ететін жұмыс тобы 2015
жылы Айгүл Забированың ұйытқы болуымен және тікелей басшылығымен қызметін бастаған.
Олар «Жаһандық диалог» материалдарын қазақ тіліне аударудың түрлі қиындықтарына
қарамастан, айырықша табандылықпен журналдың Қазақстанда таралуына жол ашты.
Айгүл Забирова - Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетіндегі Әлеуметтану кафедрасын құрушы, әлеуметтану профессоры.
Мәскеуде біліп алып, әлеуметтану ғылымдарының докторы атағын Ресей
ғылым академиясының Әлеуметтану институтында қорғаған (Мәскеу 2004
жыл). Қазіргі зерттеу жұмыстары Қазақстан мен Қырғызстандағы жеке үй
қожалықтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайларына арналған, «Жалақы
жеткіліксіз болғанда: Орталық Азиядағы жеке үй қожалықтары» (Верлаг, 2015
жылғы мамыр айы) деген атпен жарық көрген еңбектің бірлескен авторы.
Айгүл қала әлеуметтануы мен әлеуметтік теориялардағы бағыттардың алуан
түрлілігі тақырыбында дәріс оқиды, оның зерттеулері мен мақалалары
бірінші кезекте посткеңестік кеңістіктегі бірегейлену саясаты мен Орталық
Азиядағы урбандану және көші-қон мәселелеріне бағытталған. МакАртур
қоры (2000-01,2002-03), INTAS (2005-07), TACIS (2007), Фольксваген қоры
(2011-13), Ашық қоғам институты (2001-03), Орталық Еуропа университеті
(2001.2008) тәрізді бірқатар халықаралық жүлделер мен стипендиялардың,
сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
сыйлықтары мен стипендияларының иегері атанған. Лондондағы Шығыс
және Африка зерттеу мектебінде (2011), Швециядағы Лунд университетінде
(2008), Ұлыбританиядағы Уорвик университетінде (2007), АҚШ-тың Индиана
университетінде (2002) ғылыми зерттеулермен айналысты. Айгүл Забирова
- Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығынның 2010 жылдан бері
мүшесі.
Баян Смағамбет - Еуразия Ұлттық университетіндегі Әлеуметтану
кафедрасының доценті. Алматыда оқып, Әлеуметтану ғылымдарының
кандидаты ғылыми атағын 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университетінде қорғаған. Әлеуметтану тарихы мен экономикалық
әлеуметтанудан дәріс оқиды. Баян Смағамбет - қазақ тілінде жарық көрген
«Шетелдік әлеуметтану тарихы», «Экономикалық әлеуметтану» сынды
бірқатар оқулықтар мен 20-дан астам ғылыми мақаланың авторы.
>>
41
GD
6/ 2 / 2016 МАУСЫМ
Әділ Родионов - Еуразия Ұлттық университетіндегі Әлеуметтану
кафедрасының аға оқытушысы. Сонымен қатар қазақстандық зерттеу
орталықтарының бірі «Еуразиялық интеграция институтында» қызмет етеді.
Әлеуметтану докторы атағын 2009 жылы Еуразия Ұлттық университетінде
алды. Орталық Еуропа университетінде (Будапешт, Венгрия, 2013-14 жж)
ғылыми зерттеулер жүргізді. Әлеуметтік желілер, азаматтық қоғам және
қоғамдық ғылымдар тарихы салаларында зерттеулер жүргізіп келеді. Қазіргі
зерттеу жобасы Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар желілері тақырыбына
арналған. Жобаның синопсисін мына электронды мекен-жайдан көруге
болады:
http://e-valuation.kz/social_capital_en.html.
Мадиярбеков Ғани 2010 жылы әлеуметтану магистрі ғылыми дәрежесін
алған Еуразия Ұлттық университетіндегі Әлеуметтану кафедрасында
оқытушы болып еңбек етеді. Теориялық әлеуметтану, қоғамның құрылымы
мен стратификациясы, экономикалық әлеуметтану, элитология, миграция
әлеуметтануы және әлеуметтануға кіріспе пәндерінен дәріс береді. Қазір
жұмыс орындарындағы билік динамикасы мен еңбекті бақылаудың түрлі
менеджерлік формаларына, сонымен қатар Карл Маркстің теорияларына көңіл
бөлуде.
Достарыңызбен бөлісу: |