Жаһандық диалог 2 ж урна л таяу Шығыстағы саясат



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата12.03.2017
өлшемі2,4 Mb.
#8765
1   2   3   4   5   6   7

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

FAE  сияқты  жойқын  қаруларды 

пайдалануды  алдын  ала  талқылауға 

шақыруы  қатігездікті  заңдастыруға 

шақыру  болып  саналады.  Бұл 

сценарий,  керісінше,  құқық  пен 

соғыстың  өзара  байланысын  жақсы 

түсінетін және оны ХГҚ шеңберінде 

халықаралық  түсіндірмесін  бере 

алатын әлеуметтік ғалымдардың рөлін 

арттырады.  Бұл  рөл  сәйкесінше  күш 

пен  адамдар  арасын  ажыратпайтын 

қару  қолданудың  заңсыз  тұстарын 

анықтаумен 

тығыз 

байланысты 



болмақ. 

Хаттарды  Лиза  Хаджарға  <

lhajjar@soc.ucsb.edu

жолдауға болады. 



1

 Осы нұсқаға тоқтамас бұрын атауы екі рет өзгертілді. 

Ben Norton-ды қараңыз. “Prominent American Profes-

sor  Proposes  that  Israel  ‘Flatten  Beirut’  –  a  1  million-

person  city  it  previously  decimated,”  Salon,  February 

18, 2016.

2

  Yotam  Feldman  and  Uri  Blau,  “Consent  and  Advise,” 



Haaretz,  January  29,  2009,  мына  жерден  қарауға 

болады 


http://www.haaretz.com/consent-and-ad-

vise-1.269127

.

3

 See Asher Maoz, “War and Peace: An Israeli Perspec-



tive,” Constitutional Forum 14 (2) (Winter 2005): 35-76.

4

 Efraim Inbar and Eitan Shamir, “‘Mowing the Grass’: Is-



rael’s Strategy for Protracted Intractable Conflict,” Jour-

nal of Strategic Studies 37(1) (2014): 65-90.

5

 Yael Stein, Human Shields: Use of Palestinian Civilians 



as Human Shields in Violation of High Court of Justice 

Order (Jerusalem: B’tselem, 2002).

6

  IDF  Spokesperson,  “Findings  of  the  inquiry  into  the 



death  of  Salah  Shehadeh,”  August  2,  2002,  available 

at 


http://www.mfa.gov.il/mfa/government/commu-

niques/2002/findings+of+the+inquiry+into+the+death+

of+salah+sh.htm

.

7



 Kashar and Yadlin, “Assassination and Preventive Kill-

ing,” SAIS Review, 25(1) (Winter-Spring 2005): 50-51.

8

 Grégoire Chamayou, A Theory of the Drone, trans. Ja-



net Lloyd (New York: The New Press, 2015): 134.

9

 Ibid., p.130.



10

 See Neve Gordon and Nicola Perugini, “The Politics of 

Human  Shielding:  On  the  Resignification  of  Space  and 

the Constitution of Civilians as Shields in Liberal Wars,” 

Society and Space, 34(1) (2016): 168-187.

11

 Ibid.



12

  “Israel  Warns  Hizbullah  War  Would  Invite  Destruc-

tion,”  Ynet,  October  3,  2008, 

http://www.ynetnews.

com/articles/0,7340,L-3604893,00.html

.

13



 Gabi Siboni, “Disproportionate Force: Israel’s Concept 

of Response in Light of the Second Lebanon War,” INSS 

Insight, 74 (October 2, 2008), 

http://www.inss.org.il/in-

dex.aspx?id=4538&articleid=1964

14



  Rashid  Khalidi,  “The  Dahiya  Doctrine,  Proportional-

ity, and War Crimes,” Journal of Palestine Studies, 44(1) 

(2014-15): 5.

15

 See “50 Days of Death and Destruction: Israel’s ‘Op-



eration Protective Edge’,” Institute for Middle East Un-

derstanding,  September  10,  2014, 

http://imeu.org/

article/50-days-of-death-destruction-israels-operation-

protective-edge

.

 18



GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ



 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 19


GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

>>

>>

> Бейбіт



   

тұрғындарды

   қорғау:

Амитай Этциони, Джордж Вашингтон университеті, Вашингтон, АҚШ

Л            

иза  Хаджар  мен  жазған  шолуды  зорлық-

зомбылықты 

заңдастырудағы 

көпқырлы 

израильдік  компанияның  келесі  қадамы 

ретінде  көрсеткен  болатын.  Оған  жауап 

ретінде,  алдымен,  шолу  жазудағы  ниетімді  білдіріп, 

кейін негізгі мәселенің не екенін және оны қалай шешуге 

болатынын сөз етемін.

Мен  1948-1950  жылдары  достарымның  көпшілігінен 

айырылдым,  сонымен  қатар    талай  еврей  және  араб 

азаматтардың  өліміне  куә  болдым.  Мұндай  адамды 

қалыптастырушы  тәжірибе  (соғыстың  уақытында  20 

жаста едім) ойымда барлық соғыстың мейлі әділ болсын, 

мейлі  болмасын,  бәрібір  –  қайғылы  және  оның  алдын 

алу үшін біз көп нәрседен өтуіміз керек екен деген сезім 

тудырды.  Ядролық  соғыстан  құтылу  тақырыбына  екі 

кітап  арнадым  (The  Hard  Way  to  Peace  және  Winning 

without War); Трафальгар алаңында ядролық бомбаларға 

қарсы  демонстрацияларға  қатыстым,  дегенмен,  осы 

белсенділігімнің арқасында Колумбия университетіндегі 

жұмысымнан  айырылып  қала  жаздадым.  Мұнан  кейін 

де  алғашқылардың  бірі  болып  Вьетнамдағы  соғысқа 

қарсы  белсенділер  қатарында  жүрдім  (алған  әсерім  мен 

тәжірибем My Brother’s Keeper: A Memoir and a Message 

атты  кітабымда  баяндалған).  Мінбелерден  Американың 

Иракқа басып кіруіне қарсы пікірлер айттым. Қауіпсіздік 

мәселесінде  кеңейтілген  ғылыми  зерттеу  негізінде, 

исламдағы  діни  мәтіндерді  бөлшектеп,  саралап  зерттей 

отырып,  исламның  шынайы  болмысын  зорлықты 

құптамайтын дін деп бағалаймын. Соңғы уақытта жазған 

жиырмадан  астам  мақалама  шолу  жасаушылар  Қытай 

мен  АҚШ-тың  соғысқа  баратынын,  әрі  қытайлық  және 

америкалық  ұйымдасқан  зияткерлер  бірін-бірі  кепілді 

ұстап  тұруды  қолдайтын  топқа  айналып  бара  жатқанын 

ескертті.  Қысқасын  айтқанда,  1950  жылдары  жазылған 

еңбектерім  дұрыс  оқылмағанымен,  сол  уақыттағы 

өмірімнің  басым  бөлігі  зорлық  пен  оны  ауыздықтауға 

арналды.


Өкінішке  орай,  өзіме  қатты  ұнайтын  Израиль  мен 

Палестинаның,  қос  мемлекеттік  билік  шешіміне 

қарай  ығысуына  ықпал  ететін  нақты  жолдарды  таба 

алмадым.  Палестиналық  ғалым  Шибли  Телхамимен 

бірге  өткенге  үңілуді  тоқтатқан  жағдайда  ғана  «біз  алға 

жылжимыз» дегенді ұсынғанбыз. Осы қайғылы жағдайға 

«кім  кінәлі?»  дегеннің  орнына,  «енді  қайда  бағыт 

аламыз?»  деген  дұрысырақ  болмақ.    (Қос  мемлекеттік 

билік  құрғаннан  кейін  өткенді  зерттейтін,  шындық 

пен  әділеттілікті  анықтайтын  комиссия  құруға  уақыт 

жеткілікті болатындығы турасында жазған болатынбыз).

1

 



Бір жағын не Жерорта теңізіне батырып, не Иорданияға 

қуып  шығу  керек  деп  ойлайтын  кейбір  есерсоқтармен 

салыстырғанда, мен жердің екі халық үшін де жеткілікті 

екенін айтқанмын.

2

 

   



Соңғы  шолуым  турасында.  Хаджардың  пікірінше, 

мақала  қантөгісті  заңдастыруға  бағытталған.  Керісінше, 

ол  –  қантөгістен  аулақ  болуға  шақырады.  Хезболла 

100000  жуық  зымыран  жинап,  Израильді  жойғысы 

келетіні даусыз. Олар өзінің мақсаттары мен күш-қуатын 

ешуақытта  жасырған  емес.  Израильдің  өз  халықаралық 

міндеттерін  толық  атқарып  шыққан  жағдайына 

қарамастан,  Ливаннан  әскерін  шығарғаннан  кейін  де, 

нақтырақ  айтсақ  2006  жылы  Хезболла    зымырандарын 

Израильге тайсалмай жаудырған  шақта БҰҰ әзер дегенде 

Израильді қолдағанын білеміз. Одан зоры, Хезболланың 

зымырандары жеке адамдар үйінде сақталатыны жайында 

деректер  бар.  «Халықаралық  қауымдастық  алдындағы 

міндеттерін толық орындағаннан басқа Израиль тағы не 

істеу керек?» деген заңды сұрақ туады.

Осы  себепті,  өзімнің  қысқа  шолуымда  аталмыш 

зымырандар  тағы  да  іске  қосылмай  тұрғанда,  «Мұндай 

шабуылдарға  Израиль  қалай  жауап  беруі  керек?»  деген 

этикалық, құқықтық және прагматикалық сұрақ қоюымыз 

қажеттігін  айтқанмын.  Мақсат  –  зорлық-зомбылықты 

заңдастыру  емес,  оның  алдын  алу.  Егер  Израиль  әскері 

Хаджарға жауап


 

ТАЯУ ШЫҒЫСТАҒЫ САЯСАТ

 20


GD 

6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

сол  зымырандарды  жою  үшін  үймен  үйді  араласа,  екі 

жақтан да адам шығыны көп болатынын ескере отырып, 

ондайдан  аулақ  болуға  шақырғанмын.  АҚШ-тың  Токио 

мен  Дрезденде  бейбіт  тұрғындарға  шабуыл  жасағанын 

айтқанымда,  Израиль  де  2006  жылы  Бейрутте    солай 

жасады деген қарымта жауап алдым. Бұл жауапқа да қарсы 

пікірімді білдірдім.

3

 Екі америкалық әскери сарапшының 



қуатты  жарылғыш  заттарды  зымырандар  орналасқан 

жердегі бейбіт тұрғындардың қауіпсіз жерге көшірілгеннен 

кейін іске қосу туралы ұсыныстары жайында айтқанмын. 

Алдын  ала  қауіпсіздік  шаралары  орындалып  жатса  да, 

ұрыс  жүргізудің  қай  тәсілі  қолданбасын  жанама  шығын 

әрдайым  болады.  Соғыс  атаулыдан  толық  бас  тартудың 

негізгі  себебі де –  дәл осы жанама  шығындар. Ойымды 

«Хезболланың  зымырандарды  қолдануы  турасында 

дұрыс  шешім  шығару  үшін  сыртқы  сарапшылардың 

әскери шиеленіс ошақтарына қатысып көруі қажет» деген 

ұсынысыммен аяқтаған болатынмын.

Мен  Хаджар  келтіріп  отырған  израильдіктердің  түрлі 

ұсыныстары  мен  сол  ұсыныстардың  нәтижелеріне  баға 

беретін жағдайда емеспін. Алайда, мұны  тек Израильдің 

ғана  мәселесі  деп  қарауға  әсте  болмайды.  Ондай 

көзқарас  бұрыс  шешім  қабылдауға  ықпал  етері  анық. 

Бұл  –  АҚШ  пен  оның  жақтастары  тап  болып  отырған 

әскери қақтығыстың негізгі қағидасы болып табылатын, 

әрі    «адамдар  арасындағы  айырмашылықты  сақтау 

қағидасын»  террористер  әрдайым  бұзып  отыратын  Таяу 

Шығыстың толғақты мәселесі.

Негізінен,  содырлармен  күресуге  тырысқандар  екі 

нұсқада    ойлайды:  бірі  елді    Ислам  мемлекеті  сияқты 

зұлымдарға  тастайды,  екіншісі  бейбіт  нысандарды 

жарып, көп адам  шығынына қалады. Екеуі де қолданысқа 

жарамайтын  нұсқа.  Менің  шолуым  оқырмандарды  осы 

дилемманы  шешуге  шақырса,  ол  туралы  Хаджардың 

мәлімдемелерінде үн жоқ. 

 

Хаттарды Амитай Этциониге <



amitai.etzioni@gmail.com

> жолдауға болады.

1

 Etzioni, A. and Telhami, S. “Mideast: Focus on the Possible.” The Christian Science 



Monitor, June 17, 2002

2

 Etzioni, A. “Israel and Palestine: There’s Still Room at the Inn.” The National In-



terest, April 9, 2014 

http://nationalinterest.org/commentary/israel-palestine-theres-

still-room-the-inn-10212

.

3



 Etzioni, A. “Should Israel Consider Using Devastating Weapons Against Hezbollah 

Missiles?” Haaretz, February 15, 2016 

http://www.haaretz.com/opinion/.premium-1.703486



Мақсат – қатыгездікті 

заңдастыру емес, оның 

алдын алу



 21

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

> Адамгершіліктен жұрдай

   әлемде адам болып қалу 

   туралы:

Дмитрий Н. Шалин, Невада университеті, Лас Вегас, АҚШ

1

960  жылы  Ленинградтағы  нақты  әлеуметтік 

зерттеулер  зертханасы  жаңадан  сәнге  айналған 

«тарихи  материализм»  негізінде  зерттеу 

бағытын  қамтамасыз  ету  үшін  күресіп  жүрген 

әлеуметтанулық  ғылымдар  ошағы  еді.    Болашақ 

әлеуметтанушылар бақылаушыға маркстік және лениндік 

философияның  болжауымен  байланысты  бағытты 

анықтап,  таратуға  мүмкіндік  беретін  әлеуметтанулық 

құралдарды коммунизм жолындағы прогресті зерттеуге 

мүмкіндік  алу  үшін  Кеңес  билігімен  келісімге  барды. 

Владимир  Ядов  –  саланың  жарық  жұлдыздарының 

бірі,  большевиктік  төңкеріс  пен  сталиндік  репрессия 

нәтижесінде  тозығына  жеткен  ресей  әлеуметтануының 

қайта гүлденуінің бастамашысы. Ядовтың әріптестерімен 

бірігіп шығарған «Адам және оның жұмысы» атты тың 

зерттеуі  мен  «Әлеуметтанулық  зерттеу  әдіснамасы  мен 

әдістемесі» атты жеке монографиясы қалыптасу үстіндегі 

ғылыми кеңістікте оны алдыңғы қатарға шығарды. 

1968  жылы  жетекшім  Игорь  Кон  мені  Ядовтың 

лабораториясына  жетектеп  алып  барғанда  Ленинград 

мемлекеттік 

университетінің 

курс 



студенті 

болатынмын. Ол кезде Юрий Левада, Игорь Кон, Георгий 

Щедровицкий  сияқты  әлеуметтанулық  зерттеудің 

пионерлері  бастаған  интеллектуалды  орталықтар  елдің 

барлық ірі қалалаларында пайда болып жатты. Олардың 

либералды  көзқарастары,  шетелдік  әдебиеттермен 

таныстығы  және  ашық  есік  саясаты  болашағынан 

үміт  күттіретін  интеллектуалдарды  тартып,  жас 

әлеуметтанушыларға оң ықпал етті. 

Ядов  өзінің  ашық  мінезімен  және  мәртебелік 

артықшылықтарға 

назар 


аудармайтындығымен 

ерекшеленді. Оның ресми догмалар шеңберінен шығуға 

дайындығы  сергітуші  ықпал  болды.  Ол  үшін  үшінші 

курс студенті мен атағы жер жарған ғалым арасында еш 

айырмашылық  болған  жоқ.  Қасындағы  әріптестерінің 

оның назарын аудару үшін күтіп тұрғанына қарамастан, 

маған  тұлға  теориясын  егжей-тегжейлі  түсіндіргені  әлі 

есімде. Маңыздысы, сол кездегі кеңестік инженерлер мен 

жұмысшылардың  құндылықтары  мен  олардың  еңбекке 

көзқарасын зерттеуге қосылатын үлес болды. Аталмыш 

көзқарастар  теориялық  болжамдармен  әрдайым  үйлесе 

бермейтін:  жұмысшылар  партияның  қасиетті  келешек 

туралы  идеясын  қолдауға  аса  құлық  танытпағанымен, 

олар  үшін  жұмыс  орнымен  байланысты  материалдық 

игіліктерге қол жеткізу анағұрлым қызығырақ болатын. 

Алпысыншы  жылдардың  аяғына  қарай  эмпириялық 

әлеуметтану  рухы  коммунистік  партия  идеологтарын 

желкелей  түссе,  Прага  көктемін  жаныштау  үшін  Кеңес 

Одағы  Чехославакияға  басып  кіргеннен  кейін  кеңестік 

әлеуметтану мен оның либералды ұмтылысы үшін қиын 

қыстау  кезең  болды.  Ядов  өзінің  зерттеу  тобын  және 

Ресей академиялық ғылымының зерттеу бөлімін құтқару 

Владимир Ядов 2009 жылы, 80 жылдық 

мерейтойына орай.

>>

Владимир Ядовты еске алу


 22

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

үшін қолдан келгенінің бәрін жасағанымен, нәтижесінде 

өзі қуылып, жұмыс тобы тарқатылды. Ядов өзін әрдайым 

арлы  азамат  ретінде  ұстады.  Оның  гуманизмін  жоқ 

қылып, сағын сындырғысы келген әріптестерін сынаудан 

бас тартты.

1

1975 жылы Ресейден АҚШ-қа көштім. Менің Ядовпен 



байланысым 

Михаил 


Горбачевтың 

реформалар 

кампаниясы  басталған  1987  жылға  дейін  үзілді. 

Ол  уақыт  ресейлік  әлеуметтану  үшін  өткен  күннің 

сыбағасын  қайтаруға  талпынған  аласапыран  күндер 

еді.


2

  Кейін  Горбачев  жариялылық  пен  қайта  құруға 

шақырды.  Ертеректе  қуылған  әлеуметтанушылар 

әлеуметтану институты және Қоғамдық пікірді зерттеу 

орталықтары  сияқты  жаңадан  құрылған  зерттеу 

ұйымдарына  қайта  шақырылды.  Мәскеуге  көшіп 

келген  Ядовты  әріптестері  Ресей  әлеуметтанушылар 

қауымдастығының президенті және Ғылым академиясы 

жанындағы  әлеуметтану  институтының  директоры 

етіп  сайлады.

3

  Сіңірген  еңбегі  үшін  Халықаралық 



әлеуметтанушылар  қауымдастығының  вице-президенті 

болып тағайындалды.

1988  жылы  реформашыл  ғалымдар  бастамасымен 

ашылған  Кәсіби  этикалық  кодекс  еркін  сұрау  салу  мен 

еркін  пікірталас  құқығын  әлеуметтік  ғылымдар  үшін 

өмірлік маңызға ие деп айшықтады. Әлеуметтанушыларды 

қарсыластарға  шыдамдылық  танытып  сыйластықпен 

қарау,  бұлтармай  сынау,  «идеологиялық  жабысқақтан» 

қашу, ғылыми пікірталастарда билікті араластырудан бас 

тартуға шақырып, Ресей зияткерлерінің арасындағы рухты 

іздеу  кезеңін  жаңғырту  мақсатында  өткенге  бойсынуды 

ұсынды.


4

Перестройканың  жалғасы  болған  рухани  қайта  құру 

кезінде көбі іштей қарсы болғанын айтып, кеңестік мұрадан 

бас тартуға асығып, ел алдында коммунистік партиялық 

билеттерін  жойып  жатты.  Алайда,  Владимир  Ядов  олай 

жасаған жоқ. Либералды интеллегенцияға қарсы кеңестік 

компания  басталғанда  қысым  көрсетушілер  жағында 

болмады.  Ядов  өз  партиялық  билетін  сақтап,  Пальмиро 

Тольятти  қолдаған  Еуро-Коммунизмге  соңына  дейін 

адал болды әрі демократияны ең адамгершіл саяси және 

экономикалық жүйе деп есептеді. Әлеуметтік реформада 

білімді қолданудың мысалын келтіре отырып, әріптестерін 

қоғам  мәселелеріне  жеке  бас  мәселесіндей  қарауға 

шақырды. «Тек кітап жазумен шектелсек, әлеуметтанушы 

ретіндегі  міндетіміз  толық  орындалмайды.  Жер  шарын 

әлеуметтік  қайта  құру  үшін  аянбай  еңбек  етуіміз  шарт. 

Жемқорлықпен күрес, тәуелсіз сотты құру, салық салудың 

прогресшіл  жүйесін  дамыту  және  т.б.  –  қазіргі  жағдай 

шындығы және халық талабы», - деп жазады Ядов. 

Владимир  Путин  билікке  келгенде,  тарих  бағыты  тағы 

өзгерді. Ол өз бағдарламасын көрсетуге асықпады. Оның 

бірінші президенттік мерзімінің бірнеше жылынан кейін 

азаматтық  қоғам  мен  оның  институттарына  мүдделілігі 

төмен  екендігі  байқалды.  Посткеңестік  идея  төңірегіне 

ыңғайлы  жайғасқан  әлеуметтанушылар  енді  билікті 

одан  әрі  сынау  қауіпсіз  еместігін  түсінді.  Қоғамдық 

наразылыққа  шығып,  өз  конституциялық  құқығының 

орындалуын талап етушілер репрессияға тап болды.

2010  жылы  ультра  ұлтшыл  интеллектуалдар 

Ядов  басқарған  ұйымға  балама  әлеуметтанушылар 

қауымдастығын құрды.

5

 Орыс ұлтшылдығының жақтасы 



және  балама  әлеуметтанушылар  қауымдастығының 

шабыттандырушысы 

Геннадий 

Осиповқа 

қарсы 

шыққаннан  соң,  Ядов  өз  қарсыластарына  прото-фашист 



деп  жалған  жала  жапты  деген  айыптан  өзін  қорғауына 

тура келді. Реакциялық саясат, оның үстіне қарттық пен 

аурудан шаршаған Ядов өзін күн өткен сайын маргинал 

сезіне берді. 

2009  жылы  80  жылдық  мерейтойының  қарсаңында 

студенттері мен достары Ядовтың Ресей әлеуметтануына 

қосқан үлесінің салмағын саралайтын мақалалар жинағын 

жариялады.  Достары  Володя  деп  атап  кеткен  Ядов  өз 

елінің  болашағына  қатысты  оптимизмін  жоғалтпаған. 

Пікірталастарға  қатысуын  тоқтатпай,  өзінің  және  жас 

әріптестерінің  ғылыми  зерттеулеріне  қызығушылық 

білдіруін жалғастырды. Алайда, ресей әлеуметтануындағы 

азаматтық құқықтың шектеліп, вирулентті ұлтшылдықтың 

артқанын сезгенде оның көңілі жабырқай түсті.

2006  жылы  әріптесім  Борис  Докторов  екеуміз  Екінші 

дүние  жүзілік  соғыстан  кейінгі  әлеуметтанудың 

қайта  жаңғыруы  туралы  онлайн  деректер  жинау 

–  «Халықаралық  өмірбаяндық  бастама»  жобасын 

бастағанда  Ядовпен  байланысым  қайта  жанданды.

6

 



Қолдау  білдірген  оқымыстылар  арқасында,  ресейлік 

әлеуметтанушылармен  сұқбат  жүргізіп,  онлайн-форум 

өткізе  отырып,  әлеуметтануда  өмірбаяндық  әдісті  қол-

дану аясын кеңейттік. Ядов жобаға қатты қызығушылық 

танытты.  Ол  сұқбат  беріп  ғана  қоймай,  Хрущевтың 

кезінен перестройкаға дейінгі әлеуметтану эволюциясына 

қатысты  құжаттар  және  өзі  жазған  мемуарларымен 

бөлісті.


Владимир  Ядов  2015  жылдың  15  шілдесінде  дүниеден 

озды.  Қазасынан  бірнеше  ай  бұрын  екеуіміз  ресей 

әлеуметтануының  тағдыры  мен  елдегі  жағдай  жөнінде 

белсенді  онлайн-диалог  бастаған  болатынбыз.  Кеңестік 

режим  кезіндегі  ғалымдардың  тірі  қалу  үшін  қандай 

компромистерге барғаны, елден кетуге шешім қабылдаған 

зияткерлер 

кездестіретін 

этикалық 

дилеммалар, 

репрессия зардабынан қаңырап қалған елде өмір сүрудің 

адамгершілік  құны,  Горбачев  революциясынан  кейінгі 

қайта  жанданған  әлеуметтану,  Путин  кезіндегі  сөз 

еркіндігіне келген залал, саяси реформа мүмкіндіктерінің 

азаюы,  сонымен  бірге  оппозициялық  зерттеу  жүргізетін 

және  билікке  тік  қарап  шындықты  айту  интеллектуал 

өмірі, еркіндігі, тіршілік құралына кері ықпал етуі мүмкін 

елдегі  қоғамдық  әлеуметтану  болашағы  туралы  еркін 

пікір алмастық.

Володя  біздің  пікір  алмасу  негізіндегі  әңгімелерімізде 

1937 жылы тазалау террористік компаниясына тап болған 

туысы  туралы  алаңдаушылықтары  және  антисемиттік 

көңіл-күй жайлаған елде өзінің еврейлік тегін жасырғысы 

>>


 23

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ

келетіндігін  ашық  айтты.  Бұрын  жасаған  кейбір 

компромистерді  бүгін  жасамамас  едім  дейді:  Мәскеуге 

Юрий  Леваданы  идеологиялық  сессияда  қорғау  үшін 

бара  алмағаны  және  партияның  кейбір  жиындарында 

әріптестерін  сөгу  рәсімдерінде  қорқақтарша  үндемегені 

үшін өзін ыңғайсыз сезінетінін білдірді.

Володя адал оқымыстылар тобын жинауға көмектескен 

қасиеттері  туралы  да  сөз  қозғады:  «Мен  темпераментім 

бойынша  холерикпін,»  «Жарыла  кететін  мінезді 

экстровертпін»,  «жасырын  ақпараттық  сақтау  мен  үшін 

қиын».  Бірақ,  осы  қасиеттер  достық  қарым-қатынас 

жасап,  атақтың  бағасы  төмендеп,  ортақ  іске  үлес  қосу 

маңызды  болып  табылатын  зерттеушілер  тобын  құруға 

көмектесті.

Саяси  ұстанымы  туралы  сұрағанымда,  Ядов 

«Шындығында,  Иса  бірінші  социалист  болған.  Мен 

социализмнің  қолдаушысы  болдым  және  қала  беремін» 

деп  мақтанды.  «Шынайы  әлеуметтік  механизм 

демократиялық  сайланған  өкілдер  әлеуметтік  жіктер 

арасындағы  алшақтықты  азайтуға  бағытталғанда  ғана 

дұрыс жұмыс істейді».

Ядов  шетелге  көшкен  әріптестері  туралы  ойлана 

отырып,  «Мен  оларды  толықтай  түсінемін.  Дегенмен, 

олардың  әрқайсысы  түрлі  мотивпен  шешім  қабылдады. 

«Перестройканың  табысты  жылдары  Әлеуметтану 

институтының  директоры  ретінде  шетелде  оқытатын 

бағдарламаға  қатысушыларды  таңдаған  болатынмын, 

Британдық Кеңес барлығы елге оралуы шарт дегенімен, 

мен кім қайтар, кім қайтпас екен деп біраз абыржыдым».

Ядов  ультра  патриоттық  нанымды  қабылдаған 

әріптестерінің  кеңестік  кезеңдегі  істерін  талқылай 

отырып,  «Кеңестік  уақытта  Осипов,  Добреньков  және 

Жуков  сияқтылар  номенклатура  адамдары  болды,  қазір 

де сол статусқа жатады. Олар, ең алдымен, «патша үшін» 

деген белгілерді сыйлайды […] Мен танитын Осипов  - 

бетіңе  қарап  тұрып  өтірік  айтатын  және  көтерісшілерге 

қарсы  дұшпандық  ұйымдастыратын  адам».  Ядов  «жеке 

басының қастық ғадеттерінен тиылмаған құлдық санадағы 

оқымыстылар мен әкімшілерді ашық бақылауға шақырады. 

«Оларды  қалай  пайдаланғаны  және  сатқындығы  туралы 

шындық  күндердің  күнінде  әлеуметтанушыларды  таң 

қалдырары сөзсіз», - дейді.

2011 жылы 25 маусымда маған жазған  хатында Ядовтың 

қазіргі  жағдайдан  оқшауланғандығы  айқын  байқалады: 

«Мен Путинге  жиеркеніштен басқа ештеңе сезінбеймін. 

Өз  халқына  жаны  ашымайтын  билікқұмар,  қатігез 

әрі  ұятсыз  адам.  Аңсағаны  байлық  бен  сән-салтанат. 

Либералды  саясаткерлер  туралы  сұрағанда  не  деді?  Ол: 

«Олар билік пен байлықты ғана ойлайды!» деді емес пе? 

Ал  өзінің  байлығы  мұнай  желісін  бақылаудан  толығып 

отыр.  Ол  өз  айналасындағы  кез-келген  адамды,  соның 

ішінде Дмитрий Медведевті де бопсалай алады. Келесі 30 

жылда оны көптеген адамдар жек көретін болады».

Уақыт  өте  келе  менің  Ядовпен  өткізген  диалогым 

Ресейге жол тартып, Володяның алаңдаушылықтары елге 

аян болады.

7

Өмірінің  соңында,  серіктесім  Борис  Докторовқа 



«ерекше  бақытты  ғұмыр  кешкенін»  айтып,  Ядов  өзін 

«жолы болғыш адам» деп санады.

8

 Менің ойымша, оның 



бірден бір себебі – Ядовтың бос сөзді бет жыртысудан 

аулақ  болып,  шанайы  шайқастарда  күресуді  таңдауы 

болар.  Владимир  Ядов  әлемдегі  эмоциялық  саналы 

жанның  үлгісі  болып  табылады:  ол  өз  эмоциясын 

саналы,  санасын  эмоциялық  дұрыс  ұстай  білді.  Ол 

компромистерге  беріліп  қателіктер  жасады,  армандары 

орындалғанын және қайта ғайыпқа айналғанының куәсі 

болды.  Дегенмен,  қарсыласу  мүмкін  болмағанда  да  ол 

үмітін жоғалтқан емес.

Бүгін  біз  ұстамды  әрі  батыл  жан  Владимир  Ядовты 

еске  алудамыз.  Тарихты  өз  еркімен  өзгерткен,  бірнеше 

институттың  негізін  салған  және  толассыз  естеліктер 

қалдырған  қоғамдық  зияткердің  өмірін  атап  өтудеміз. 

Арамызда  Ядов  сынды  адамдар  болғандықтан,  әлем 

күннен күнге жақсара түседі. 

Хаттарды Дмитрий Шалинге <

shalin@unlv.nevada.edu

>  жолдауға болады.

1

 See Shalin, D. (1978) “



The Development of Soviet Sociology, 1956-1976

.” Annual Re-

view of Sociology 4: 171-91; (1979) “

Between the Ethos of Science and the Ethos of 

Ideology

.” Sociological Focus 12(4): 175-93; (1980) “

Marxist Paradigm and Academic 

Freedom


.” Social Research 47: 361-82; Firsov, B. (2012) History of Soviet Sociology, 

1950s-1980s (орысша). St. Petersburg: European University of St. Petersburg.

2

 Shalin, D. (1990) “



Sociology for the Glasnost Era: Institutional and Substantive 

Change in Recent Soviet Sociology

.”  Social Forces 68(4): 1-21. Doktorov, B. (2014) 

Contemporary Russian Sociology. Historical and Biographical Investigations

 (in Rus-

sian). Moscow. 

3

 (2009) Vivat Yadov! On His Eightieth Birthday (орысша). Moscow: Institute of Sociol-



ogy RAN.

4

 Firsov, B. (2010) Dissent in USSR and Russia, 1945-2008 (орысша). St. Petersburg: 



European University of St. Petersburg (2010); Alekseev, A. (2003) Dramatic Sociology 

and Sociology of Auto-reflexivity. Vols. 1-4 (орысша), St. Petersburg: Norma. See also 

Shalin, D. (1989) “

Settling Old Accounts

.” Christian Science Monitor, December 29; and 

(1990) “Ethics of Survival.” Christian Science Monitor, December 4; (1987) “

Reforms in 

the USSR: Muckraking, Soviet Style

.” Chicago Tribune, February 16.

5

 Yadov, V. (2011) “A Sordid Story” (орысша). Trotsky Bulletin, December 6; Shalin, D. 



(2011) “Becoming a Public Intellectual: Advocacy, National Sociology, and Paradigm 

Pluralism,” pp. 331-371 in D. Shalin, 

Pragmatism and Democracy: Studies in History, 

Social Theory and Progressive Politics

. New Brunswick: Transaction Publishers.

6

 International Biography Initiative. UNLV Center for Democratic Culture, 



http://cdclv.

unlv.edu//programs/bios.html

7

 (2015) “From Dialogues of Vladimir Yadov and Dmitri Shalin” (орысша). Public Opin-



ion Herald, No. 3-4, pp. 194-219, 

http://cdclv.unlv.edu//archives/articles/vy_ds_dia-

logues.pdf

.

8



 Shalin, D. (1993) “

Emotional Barriers to Democracy Are Daunting

,”  Los Angeles 

Times, October 27; (2007) “

Vladimir Putin: Instead of Communism, He Embraces 

KGB Capitalism

.” Las Vegas Review Journal, October 24.


 24

GD 


6/ 2 / 2016 МАУСЫМ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет