15-бап. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу
бағдарламалары
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары іс-
әрекет түрлерінің мектеп жасына дейінгі балалар үшін ерекшеліктерін ескере отырып,
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының
негізінде әзірленеді.
2. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары:
1) балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтыру тұтастығы принциптерін
ескере отырып, мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы мен
үздіксіздігін қамтамасыз етеді;
2) әр баланың талабын, бейімділігін, қабілеттілігін, дарындылығын іске асыруға және
оның даму ерекшеліктері мен денсаулық жағдайын ескере отырып, дара әдіс негізінде оны
бастауыш білім берудің білім беру бағдарламасын меңгеруге даярлауға бағдарланады.
3. Мектепке дейінгі оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары оқудың,
жазудың, есептеудің және тілдік қатынас тәжірибесінің қарапайым дағдыларын
қалыптастырады және бастауыш білім беруді меңгеру үшін бірдей бастапқы жағдайларды
жасауды көздейді.
16-бап. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім
беретін оқу бағдарламалары
1. Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланың жеке
басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен
алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін
оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі
көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
2. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім
алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында
тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке
адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасы білім алушылардың бейін алды даярлығын
қамтиды.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Негiзгi орта бiлiм берудің жалпы бiлiм беретін оқу бағдарламасын меңгеру мерзiмi –
бес жыл.
3. Жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бейіндік оқытуды
енгізе отырып, білім беру мазмұнын саралау, интеграциялау және кәсіптік бағдарлау
негізінде әзірленеді.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру мерзімі - екі
жыл.
Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015
№
398-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары
Ескерту. 17-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім беру деңгейінің құрамдас бөлігі
болып табылады және білікті қызметкерлер мен орта буын мамандарды даярлауға
бағытталған.
2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары олардың мазмұнына
және білім алушылардың даярлық біліктілігінің деңгейіне қарай мынадай білімнің білім
беру бағдарламалары болып бөлінеді:
1) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны:
жалпы кәсіптік және арнайы пәндерді меңгеру үшін бейіндеуші болып табылатын
жалпы білім беретін пәндер бойынша интеграцияланған курстарды зерделеуді, кәсіптік
дағдыларды меңгеру бойынша өндірістік оқудан және кәсіптік практикадан өтуді;
білім алушыларға нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктіліктің белгіленген деңгейін
(разряд, сынып, санат) беруді көздейді;
2) экономиканың барлық салаларында жоғары технологиялармен және кәсіптік
қызметпен байланысты жұмыстарды орындаудың күрделі (аралас) кәсіптері мен
практикалық дағдыларын меңгеруді көздейтін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны:
жалпы білім беретін, жалпы гуманитарлық, экономикалық, жалпы кәсіптік, арнайы
пәндерді зерделеуді, кәсіптік дағдыларды игеру және бекіту бойынша өндірістік оқудан
және кәсіптік практикадан өтуді;
білім алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейін
беруді көздейді;
3) орта буын мамандарды даярлауды қамтамасыз ететін.
Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білім берудің
интеграцияланған білімнің білім беру бағдарламаларын жоғары оқу орындарының 1-2-
курстарының білім беру бағдарламаларымен қоса зерделеуді көздейді.
Аралық аттестаттау қорытындысы бойынша (оқытудың әрбір курсынан кейін) білім
алушыларға нақты мамандық бойынша кәсіптік біліктіліктің қол жеткізген деңгейі
(разряды, сыныбы, санаты) беріледі.
Оқытудың толық курсын аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін
білім алушыларға орта буын маманы біліктілігі беріледі.
3. Мәдениет және өнер мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік білімнің
білім беру бағдарламалары көрсетілген мамандықтар бойынша білім алушылардың ерте
мамандануы қағидаты мен даярлау ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленеді. Оқыту
ұзақтығы бағдарламалардың күрделілігі мен берілетін біліктілік деңгейіне байланысты
және ол тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартымен айқындалады.
4. Жалпы орта білімі бар азаматтар үшін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламалары жалпы кәсіптік, экономикалық, арнайы пәндерді зерделеуді және
таңдаған мамандығы бойынша болашақ кәсіптік қызметін айқындайтын оқу-өндірістік
жұмыстарды орындауды көздейді.
5. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары теориялық және
өндірістік оқыту бағдарламаларынан және кәсіптік практикадан тұрады.
6. Дуальды оқыту пайдаланылатын техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын
базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, практиканы көздейді.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен;
өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
18-бап. Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізгі орта, жалпы орта
білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленеді және білім
алушылардың ғылым, мәдениет, өнер, спорт, әскери іс негіздерін терең игеруіне, олардың
шығармашылық әлеуеттері мен дарын-қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламалары дарынды балаларға
арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің әскер қатарына шақыруға дейінгі терең даярлықты
мамандандырылған мектептерінде іске асырылады.
19-бап. Арнайы оқу бағдарламалары
Ескерту. 19-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Арнайы оқу бағдарламалары бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы
білім беретін оқу бағдарламалары және техникалық және кәсіптік білімнің білім беру
бағдарламалары негізінде әзірленеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар
адамдарды (балаларды) оқытуға және дамытуға бағытталады, білім алушылар мен
тәрбиеленушілердің психологиялық-медициналық-педагогтік консультациялар
ұсынымдары ескеріле отырып айқындалатын психикалық-физикалық ерекшеліктері мен
танымдық мүмкіндіктерін ескереді.
2. Ұзақ уақыт емделуді қажет ететін адамдар үшін, сондай-ақ даму мүмкіндіктері
шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін арнайы оқу бағдарламалары әзірленеді және
енгізіледі.
3. Арнайы оқу бағдарламалары Қазақстан Республикасының
заңдарында
көзделген
арнайы білім беру ұйымдарында, жалпы білім беретін мектептерде, техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарында немесе үйде іске асырылады.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015
№
398-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
20-бап. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
1. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары орта (жалпы орта немесе
техникалық және кәсіптік) білімі бар азаматтардың қатарынан білікті жұмысшы кадрлар,
орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауға бағытталған.
2. Білім беру бағдарламаларының мазмұны техникалық және кәсіптік білімнің
интеграцияланған, модульдік бағдарламаларын және бакалавриаттың жекелеген пәндерін
зерделеуді көздейді.
Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша кәсіптік даярлық деңгейін бағалау
негізінде:
1) біліктілік (разряд, сынып, санат);
2) күрделі (аралас) кәсіптер бойынша біліктіліктің жоғарылатылған деңгейі беріледі.
Оқытуды аяқтағаннан және қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім
алушыларға "орта буын маманы", "қолданбалы бакалавр" біліктілігі беріледі.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
21-бап. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары
1. Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары "бакалавр" дәрежесін немесе "маман"
біліктілігін бере отырып, экономика салаларының қажеттіліктеріне сәйкес біліктілігі
жоғары кадрлар даярлауға бағытталған.
"Бакалавр" дәрежесі беріліп немесе "маман" біліктілігін бере отырып, жоғары білімнің
білім беру бағдарламасы бойынша оқытуды аяқтаған адамдар өздері үшін біліктілік
талаптарында жоғары білімі болуы көзделген лауазымдарға орналаса алады.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны жалпы білім беретін
пәндер циклін, базалық пәндер циклін, бейіндеуші пәндер циклін зерделеуді, сондай-ақ
тиісті мамандықтар бойынша кәсіптік практикадан өтуді көздейді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламалары мiндеттi құрамдас бөлiктің және таңдау
бойынша құрамдас бөлiктің пәндерін қамтиды. Білім алушының таңдауы бойынша
құрамдас бөліктегі пәндер әрбір циклде міндетті құрамдас бөліктің пәндерін мазмұндық
жағынан толықтыруға тиіс.
Жоғары оқу орындары білім беру жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге
бағытталған жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін қамтитын инновациялық білім
беру бағдарламаларын конкурстық негізде әзірлеуге және енгізуге құқылы.
3. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын игеру мерзімі мемлекеттік жалпыға
міндетті жоғары білім беру стандартында айқындалады және ол кемінде төрт жыл болуға
тиіс.
4. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар Қазақстан
Республикасының азаматтары үшін жоғары оқу орындары қысқартылған оқыту
мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.
5. Интернатураның кәсіптік білім беру бағдарламасын игеру денсаулық сақтау
саласындағы уәкілетті орган тізбесін
бекітетін
клиникалық мамандықтар бойынша жоғары
медициналық білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын клиникалық
практикаға жіберудің міндетті шарты болып табылады.
Интернатура туралы ережені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган
бекітеді
.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
22-бап. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары
Ескерту. 22-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің
білім беру бағдарламалары
біліктілігі жоғары
ғылыми-педагог кадрлар мен басшы кадрлар даярлауға, олардың ғылыми, педагогтік және
кәсіптік даярлық деңгейін дәйектілікпен арттыруға бағытталған.
2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының мазмұны:
базалық және бейіндеуші пәндерді қамтитын теориялық оқытуды; кәсіптік практиканы;
диссертация жаза отырып ғылыми-зерттеу (эксперименттік-зерттеу) жұмысын көздейді.
3. Резидентураның кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру денсаулық сақтау саласындағы
уәкілетті орган
тізбесін
бекіткен клиникалық мамандықтар бойынша жоғары
медициналық білім алған азаматтарды клиникалық практикаға жіберудің міндетті шарты
болып табылады.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары
Ескерту. 23-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары білім алушылардың,
тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған.
2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына
қатысты:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған,
мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бағдарламалары болып
бөлiнедi.
3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және
балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекітетін
білім
беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын
балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты
мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.11.2015
№
398-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
24-бап. Ересектерге білім беру
Ескерту. 24-бап алып тасталды - ҚР 2011.10.24
№ 487-ІV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
25-бап. Эксперименттік білім беру бағдарламалары
Ескерту. 25-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
Эксперименттік білім беру бағдарламалары оқытудың жаңа технологияларын
сынақтан өткізуге, білім берудің жаңа мазмұнын енгізуге бағытталған.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5-тарау. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
26-бап. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді білім беру ұйымдарына
қабылдауға қойылатын жалпы талаптар
1. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, мектепке дейінгі және орта білім беру
ұйымдарына, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік
қағидаларымен белгіленеді.
1-1. Ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарына
қабылдау
тәртібін
олардың өздері
дербес айқындайды.
2. Бiлiм беру ұйымдарының қызмет көрсету аумағында тұратын барлық балаларды
қабылдауды қамтамасыз ететiн мектепке дейiнгi және орта бiлiм беру ұйымдарына оқуға
қабылдау тәртiбi тиісті үлгідегі оқу орындарына қабылдаудың үлгілік қағидалары
негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар бекiтетін қабылдау қағидаларымен белгiленедi.
2-1. Конкурстық негізде "Өркен" гранты берілген Қазақстан Республикасының
азаматтарын оқуға қабылдауды "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру
ұйымы жүзеге асырады.
3. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан
кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдау конкурстық негізде азаматтардың өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым
қабілетті және тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар
азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.
3-1. Дербес білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу рәсімін
қолданбастан, аталған ұйымдар айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын
бекітілетін
мамандықтар тізбесіне сәйкес оқытудың күндізгі нысаны бойынша жетекші
шетелдік жоғары оқу орындарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімді алу үшін
Қазақстан Республикасы азаматының конкурстық негізде "Болашақ" халықаралық
стипендиясын алу құқығы бар.
"Болашақ" халықаралық стипендиясы берілген Қазақстан Республикасының
азаматтарымен "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуға арналған шарт
жасалады.
5. Бiлiм беру гранттарын алуға, сондай-ақ техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен
кейiнгi және жоғары бiлiмдi кадрлар даярлауға мемлекеттiк білім беру тапсырысы
бойынша бiлiм алушылардың құрамына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:
1)
"Алтын белгi" белгiсімен
марапатталған адамдардың;
2) алып тасталды - ҚР 13.11.2015
№ 398-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2-1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар,
біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар
адамдардың;
3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн
пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының
(ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен
марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының
және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен
марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған
мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес
келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы оқу жылында
президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстары (бiрiншi,
екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым
құқығы бар.
Білім беру гаранттарын алуға конкурс өткізу кезінде, сондай-ақ техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік
білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына кіргізу кезінде
көрсеткiштері бiрдей болған жағдайда, жетiм балалар мен ата-аналарының
қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-
аналарынсыз қалған немесе ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жастардың
қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының, бірінші және екінші топтардағы
мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар
мен оның мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, медициналық қорытындыға сәйкес
тиісті білім беру ұйымдарында оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен
мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері,
аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың артықшылық құқығы болады.
5-1. Білім беру грантын иеленуші оны жоғары оқу орнына қабылдағанға дейін одан бас
тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім
беру гранты
белгіленген
тәртіппен беріледі.
6. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау
білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған шарттармен жүзеге асырылады.
7. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін жоғары оқу орындарына оқуға
қабылдау білім беру саласындағы уәкілетті орган
белгілеген
тәртіппен конкурстық негізде
азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
8. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде:
1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан
шыққан азаматтар үшін;
2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен
мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін;
3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша
ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;
4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар
үшін;
5) жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды, сондай-
ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасын жоғалтқан немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын;
6) Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған
өңірлерге қоныс аударған ауыл
жастары арасынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдау үшін
квота көзделеді.
9. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты қажет
ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар
нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады. Мамандықтар тізбесі және арнаулы
немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі үлгілік қабылдау ережелерімен
белгіленеді.
10. Рухани (діни) білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау орта білімі бар адамдар
арасынан құрылтайшы белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеу талап етілетін техникалық және кәсіптік,
орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша
мемлекеттік білім беру тапсырыстарымен оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпиялар туралы
заңнамасына
сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының
рұқсаты бар білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
12. Білім беру ұйымдарына оқуға
қабылдау
тәртібін осы Заңмен және қабылдаудың
тиісті үлгілік
ережелерімен
реттелмеген бөлігінде білім беру ұйымдарының
құрылтайшысы немесе құрылтайшылары (мемлекеттік басқару органы) белгілейді.
13. Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, техникалық және кәсіптік, орта
білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары оқуға түскен адамдармен шарт
жасасады, оның үлгі нысанын білім беру саласындағы уәкілетті орган
бекітеді
.
Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.19
№ 395-IV
(алғашқы ресми
жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.10.24
№
487-ІV
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа
енгiзiледi); 21.07.2015
№ 337-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015
№ 398-V
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-
б
. қараңыз); 24.11.2015
№ 421-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015
№ 433-V
(01.01.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі); 09.04.2016
№ 501-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |