Орал қаласының Білім беру бөлімі № жалпы білім беретін мектеп «Бекітемін» «Келісілді» «Қаралды»



бет1/4
Дата22.09.2023
өлшемі44,41 Kb.
#109867
  1   2   3   4
Байланысты:
6 сынып КТЖ 2023-2024


Орал қаласының Білім беру бөлімі
жалпы білім беретін мектеп


«Бекітемін» «Келісілді» « Қаралды»
«№ ЖОББМ» КММ директоры Директордың ОІЖ орынбасары Ә.Б.жетекшісі
________ ____ _____
« » тамыз 2023 ж. « » тамыз 2023 ж. Хаттама №1 « » тамыз 2023ж.
Қазақ тілі пәні бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар


Сыныбы: « »
Мұғалімі:
Жылдық сағат саны: 136 сағат
Аптасына 4 сағат.


Негіздеме: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасы жүзеге асырылады.
«2023- 2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Әдістемелік нұсқау хат негізге алынып құрастырылды.
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады. Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша ҚР Оқу-ағарту министрінің 16.09.2022ж. №399 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасы жүзеге асырылады. Осы бұйрыққа 47-қосымшаға сәйкес Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптарына арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты–оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. Типтік оқу жоспарына сәйкес 6 сыныпта қазақ тілі аптасына 4 сағаттан оқытылады. Оқу жылы 34 аптаны құрайды. Жалпы сағат саны – 136 сағат.
"Қазақ тілі мен әдебиеті " оқу пәнінің 6-сыныпқа арналған базалық мазмұны:
1) тыңдалым:
мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік-мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру;
өңірде шығатын газет-журналдарды білу;
энциклопедия ұғымын түсіну, өлкетанудың бағыттарын анықтау;
2) айтылым:
мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай "сөйлеуші >тыңдаушы" позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау;
туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау;
3) оқылым:
кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми-іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу;
туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді оқу;
Энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу;
4) жазылым:
мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;
5) тілдік бағдар:
сөз таптары: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу;
сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
Әр сабақтың мазмұны жеңілден күрделіге қарай принципі бойынша құрастырылған.Сөздік қоры әр сабақ сайын арта түседі,дегенмен әр сөздің қайталану жиілігі оқулық мазмұнында ерекше ескерілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет