Алтын қАзық 5-7 беттер. Байқау! Байқау! Байқау!



Pdf көрінісі
бет10/10
Дата12.03.2017
өлшемі7,25 Mb.
#8798
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

КүН ТӘРТІБІ:

1. Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №7 

жаңа көшеге Дүйсен Баянов  есімін беру туралы.

2. Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №8 

жаңа көшеге Патшабек Тилеубаев есімін беру 

туралы.


Күн  тәртібінің  1-ші  мәселесі  бойынша 

Б.Ж.Нарбаев:

Құрметті  депутаттар,  құрметті  қоғамдық 

тыңдауына қатысушылар! 

  Қазақстан  Республикасының  «Қазақстан 

Республикасының  әкімшілік-аумақтық 

құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы 

Заңының  және  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, 

елді  мекендердің  құрамдас  бөліктеріне  атау 

беру,  оларды  қайта  атау,  сондай-ақ  олардың 

атауларының  транскрипциясын  нақтылау 

мен  өзгерту  кезінде  тиісті  аумақ  халқының 

пікірін  ескеру  қағидаларын  бекіту  туралы» 

2014 жылғы 24 ақпандағы №138 Қаулысының 

нормаларына  сәйкес  және  Қазақстан  Респу-

бликасы  Премьер-Министрінің  орынбасары 

Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі №20-

56/И-204  тапсырмасының    негізінде,  Тараз 

қалалық мәслихатына, Тараз қаласы әкімінің 

Тараз  қаласының  «Арай»  алқабындағы  №7 

және №8 жаңа көшелеріне ҰОС ардагерлерінің 

есімін  беру  туралы  24.07.2015ж.  №17-3028 

және 03.08.2015ж. №15-3106  ұсыныс хаттары 

келіп түсті: 

1)  Баянов  Дүйсен  -    Панфиловшылар 

дивизиясының  жауынгері, І-дәрежелі «Отан 

соғысы» орденінің кавалері

2) Тилеубаев Патшабек – ІІ және ІІІ дәрежелі 

«Даңқ» орденінің,  «Ерлігі үшін», «Ленинградты 

қорғағаны үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», 

«Германияны жеңгені үшін» медальдарының 

иегері.


  Жоғарыда  аталған  нормативтік  құқықтық 

актілердің  және  хаттың  негізінде  қалалық 

мәслихаттың  тұрақты  комиссияларының 

көпшілік  тыңдауы  ұйымдастырылып 

отыр.  Бүгінгі  көпшілік  тыңдауына  тиісті 

аумақтың, мүдделі мемлекеттік органдардың, 

жұртшылықтың,  бұқара лық  ақпарат 

құралдарының өкілдері қатысуда.

Күн тәртібінің 1-ші мәселесі бойынша, сөз 

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бахыт 

Тілегенқызына беріледі.



Б.Т.Тоқсанбава: 

-Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! 

Баянов Дүйсен Садықұлы, 1920 жылдың 1 на-

урызында Жамбыл қаласында, №1 ауылының 

жұмысшылар отбасында өмірге келген. Әкесі, 

Баянов Садық 1892 жылы Жамбыл қаласында, 

№1 ауылында дүниеге келген. Анасы, Баянова 

Бибігүл 1903 жылы Жамбыл қаласында дүниеге 

келген. Әкесі мен анасы октябрь революциясына 

дейін байларда қара жұмысшы болып жүрген. 

Октябрь революциясы өткен соң №49 атзау-

ытында жұмыс істеген. Баянов Д.С. 1945 ж. 

отау құрды. Жұбайы Сәрсенбаева Махуфжамал 

Абуталиқызы. 

1936-1940 жж. Жамбыл зооветтехникумына 

түсіп, аяқтап шыққан.

01.06.1940-20.10.1940  жж.  –  Жамбыл 

облысының  Луговое  станциясында  аудан 

бөлімінде зоотехник қызметін атқарған. Осы 

қызметтен КСРО одағының Қарулы күштеріне 

шақырылған.

03.01.1946-  01.01.1949  жж.  Қызыл-Орда 

облысының Шиелі ауданының әскери бөлімінің 

меңгеруші қызметін атқарған. 

01.09.1951-31.07.1953  жж.  –  Алматы 

қаласының ЦК КП/б/К екі жылдық партиялық 

мектебінің тыңдаушысы болып бітіріп шыққан.

01.09.1953 жж. – Жамбыл облысының Сверд-

лов ауданының ауылы шаруашылық бөлімінің 

бастығы;


30.10.1953-20.11.1955 жж. – Шу ауданының 

аудандық комитеті партиясының екінші хат-

шысы;

23.12.1955  ж.  –  Жамбыл  облысының  Шу 



ауданының «Дала – Қайнар» совхозының ди-

ректоры;


20.04.56 – 21.0.1958 жж. – Жамбыл облысы 

Луговое ауданының Каменск – МТС директоры;

21.06.1958  –  23.03.1959  жж.  –  Жамбыл 

облысының  Жуалы  ауданының  аудандық 

инспекциясының бастығы;

15.07.1960 ж – 11.12.1964 ж. – Жамбыл облысы 

«Горбыткомбинат» бастығы.

02.03.1967-01.12.1969 жж. – Жамбыл облысы 

комитетінің ауыл шаруашылығы жұмысшылары 

мен қызметкерлер кәсіподағының хатшысы.

20.11.1969 – 15.03.1971 жж – Химиялық жол-

мен тазарту фабрикасының директоры.

30.04.1975-22.06.1977  жж.  Өнеркәсіп 

зертханасының инженері болған.

Жамбыл облысы Жамбыл қаласының және Жу-

алы ауданының депутаттар Кеңесінің депутаты.

23.02.1977 ж. – Совет Армиясының күніне 

Алғыс хатымен марапатталған.

11.03.1985  ж.  –  КСРО  одағының  Жоғары 

Кеңесінің президиум жарлығы бойынша Ұлы 

Отан  соғысының  І-дәрежедегі  орденімен 

марапатталған. 

Қоғам қайраткері және ҰОС ардагері  Дүйсен 

Баянов өз Отанын, туған жерін, халқын сүйген 

және  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тілін  өте 

жоғары бағалаған.

Баянов Дүйсен 19.04.1985 жылы қайтыс болды.

Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №7 

жаңа көшеге Дүйсен Баянов  есімін беру тура-

лы тиісті аумақ халқының пікірлерін қолдап, 

ескеруді ұсынамыз. 

Ұсыныс беруші: КСРО халық әртісі Асанәлі 

Әшімов, ҚР халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, 

ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұрат Құсайынов, 

ҚР  халық  әртісі,  Мемлекеттік  сыйлықтың 

лауреаты Тұңғышбай Жаманқұлов және Тараз 

қаласы, Е.Демесинов көшесі, № 17 үй тұрғыны 

Мұхтар Сембеков.



«Арай»  алқабының  №61  кварталдық 

комитетінің төрағасы К.Абдалимов, «Арай» 

алқабының  №7  көшесінің  тұрғындарымен 

жиын өткізілгендігін және тұрғындар тарапынан 

наразылық жоқ екендігін жеткізді.

Тараз қалалық  мәслихатының  депутаттары 

Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №7 жаңа 

көшеге Дүйсен Баянов есімін беру туралы тиісті 

аумақ халқының пікірін қолдап сөйледі. 

Көпшілік  тыңдауына  қатысушылар  Тараз 

қаласының  «Арай»  алқабындағы  №7  жаңа 

көшеге  Дүйсен  Баянов  есімін  беру  туралы 

тиісті аумақ халқының пікіріне қарсы еместігін 

білдірді.

Қоғамдық өкілдерінен және қатысушылардан 

басқа ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

Тараз қалалық мәслихатының  тұрақты

комиссиялары көпшілік тыңдауының

№6 ХАТТАМАСЫ 

20.08. 2015 ж.

Тараз қаласы, Сүлейменов көш. 3, Мәжіліс залы

Талқылау  қорытындысы  бойынша  негізгі 

тұжырымдар:  Тараз  қаласының  «Арай» 

алқабындағы №7 жаңа көшеге Дүйсен Баянов 

есімін  беру  туралы  тиісті  аумақ  халқының 

пікірлері қолданып, ескерілді. 



Б.Ж.Нарбаев:

Құрметті  депутаттар,  құрметті  қоғамдық 

тыңдауына қатысушылар! 

 Күн тәртібінің 2-ші мәселесі бойынша, сөз 

Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді 

дамыту бөлімінің басшысы Тоқсанбаева Бахыт 

Тілегенқызына беріледі. 

Б.Т.Тоқсанбава: 

-Құрметті көпшілік тыңдауға қатысушылар! 

Патшабек Тилеубаев 1920 ж. Жамбыл облысы 

Талас ауданы Үшарал ауылында дүниеге келген. 

Бастауыш сыныбын бітірген.

1939  –  1940  жылдары  аумақтық  өрт 

сөндірушілер мекемесінде өрт сөндіруші болып 

қызмет істеді.

1941 - 1946 жылдың көктеміне дейін Қызыл 

армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына 

қатысқан. Ұлы Отан соғысы жылдары II-III-

дәрежелі  «Данқ»  орденімен,  «Ерлігі  үшін», 

«Ленинградты қорғағаны үшін», «Кенисбергті 

алғаны  үшін»,  «Германияны  жеңгені  үшін» 

медальдарымен марапатталған.

16 елді мекендерді азат еткендегі ерліктері 

үшін И.В.Сталиннен Алғыс хат алды.

1946-1955 жылдары Талас қаракөл қой заво-

дында жылқы бақты.

1955-1970 жылдары  Талас  қаракөл қой за-

воды мал бөлімшесінің шаруашылық бөлімін 

басқарды.

1976 жылы қайтыс болды.

Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №8 

жаңа көшеге Патшабек Тилеубаев есімін беру 

туралы тиісті аумақ халқының пікірін қолдап, 

ескеруді ұсынамыз.

Ұсыныс  беруші:  Тараз  қаласы  ардагерлер 

кеңесінің төрағасы Ж.Тәжібаев.

«Арай»  алқабының  №61  кварталдық 

комитетінің төрағасы К.Абдалимов және Та-

раз қаласы әкімінің №9 аумақтық округінің 

бас  инспекторы  Қ.Нұрланов,  «Арай» 

алқабының  №8  көшесінің  тұрғындарымен 

жиын өткізілгендігін және тұрғындар тарапынан 

наразылық жоқ екендігін жеткізді.

Тараз  қалалық  мәслихатының депутаттары  

Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №8 жаңа 

көшеге Патшабек Тилеубаев есімін беру туралы 

тиісті аумақ халқының пікірін қолдап сөйледі. 

Көпшілік  тыңдауына  қатысушылар  Тараз 

қаласының  «Арай»  алқабындағы  №8  жаңа 

көшеге Патшабек Тилеубаев есімін беру туралы 

тиісті аумақ халқының пікіріне қарсы еместігін 

білдірді.

 Қоғамдық өкілдерінен және қатысушылардан 

басқа ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ.

  Талқылау  қорытындысы  бойынша  негізгі 

тұжырымдар:  Тараз  қаласының  «Арай» 

алқабындағы №8 жаңа көшеге Патшабек Тиле-

убаев есімін беру туралы тиісті аумақ халқының 

пікірлері қолданып, ескерілді. 

  

ҚАуЛЫ ЕТЕДІ:

1. Тараз қаласының «Арай» алқабындағы №7 

жаңа көшеге Дүйсен Баянов есімін беру бойын-

ша тиісті аумақ халқының пікірлері ескерілсін.

2.  Тараз  қаласының  «Арай»  алқабындағы 

№8 жаңа көшеге Патшабек Тилеубаев есімін 

беру бойынша тиісті аумақ халқының пікірлері 

ескерілсін.

3.  Көпшілік  тыңдауының  хаттамасы  Заңға 

сәйкес жұмыстар жасау үшін Тараз қалалық 

мәслихатының сессиясына және Тараз қаласы 

әкімдігіне  жолдансын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау Тараз 

қалалық  мәслихатының  Заңдылық,  азамат-

тар  құқығын  қорғау,  құқылық  тәртібі  және 

гендерлік саясат жөніндегі тұрақты комиссия-

сына  жүктелсін.

Төраға                                       Мадимаров ғ.Ж. 

Қатысушылар: 

Нарбаев  Б.Ж.

Досымбаева А.А. 

Бекболатов Қ.        

Болысбаев К.ш.    

Бүркітбаева Ж.К. 

Мырзахметов М.А. 

Жексембиев Ж.Т. 

Мырза-ғали Э.И. 

Абдуллаев Қ.К.      

Жанақұлов Т.Ж.

Құламанова З.А.

Тоқсанбаева Б.Т.

Айтбаева Г.

Сапарбеков Н.

Хатшы                        Н.Нұрғаин        

Мүгедектерге мүмкіндіктер жасалуда!



 

„

Елбасы н.назарбаевтың «қазақстан -2050: Бір болашақ, 



бір мүдде, бір мақсат» атты халқына арнаған Жолдауында 

мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жан-жақты қамқорлық көрсету 

айтылған  болатын.

Осы орайда, облыстық халыққа қызмет 

көрсету орталығы мен «Асар» мүгедектермен 

жұмыс  істейтін  ұйымдар  одағы  заңды 

тұлғалар  бірлестігі  бірлесе  отырып 

мүгедектерге мемлекеттік қызмет көрсету 

сапасын  арттыру  мақсатында  бірлескен 

семинар-кеңес ұйымдастырылды. 

Мүмкіндігі  шектеулі  азаматтарға 

мемлекеттік  қызмет  көрсету  үрдісі 

оңтайландырып  келеді.  Ол  үшін  тек 

тұтынушыларға  ұялы  байланыс  немесе 

үй  телефоны  арқыла  1414  бірыңғай  бай-

ланыс орталығына қоңырау шалып, өзінің 

деректерін хабарлап, қызмет алу үшін қажетті 

құжаттардың тізбесін біліп, өтінім қалдыруға 

болады. Тапсырыс түскен уақыттан бастап 10 

минут ішінде тіркеліп, ХҚКО мобильді тобы 

үйде өтінішті қабылдау мақсатында 72 сағат 

ішінде мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

Ал  орталыққа  өз  бетімен  келе  алатын 

мүгедектерге  де  жан-жақты  жағдайлар 

жасалған.  ХҚКО-ның  ғимараттарының 

кіреберісінде  арнайы  шақыру  батырма-

сы  орналастырылған.  Оны  басу  арқылы 

мүмкіндігі    шектеулі  азаматтар  орталық 

қызметкерлері тарапынан  ғимаратқа кіруге 

көмек алады.

Жоғарыда  айтылған  қызмет  түрлерін 

жетілдіру  бойынша  семинар-кеңеске 

қатысушылар орталық қызметкерлерін ым-

ишара тілін оқыту туралы шешім шығарды.



Серікбол БЕРІКҚОЖА

«ХҚКО» РМК Жамбыл 

облысы бойынша 

филиалының баспасөз хатшысы

поэзия

20

//   «ЖАМБыл - ТАРАЗ»  //  №35 (1270), 26 ТАМыЗ  2015 Жыл  //



ОРМАН

 

 



Жасылға, жапыраққа шын ғашықпын.

Жасымнан сұлулықпен сырласыппын.

Теруге бәйшешекті құштар болып,

Көруге қызғалдақты қырға шықтым.

Еліме наз білдіріп, еркеледім,

Ол менің мәңгі дара өлкем еді!

Нулары, суларымен, тауларымен

Теңдессіз дарқан еді, көркем еді!

Ұлт едік жаңа ғана алған ерік,

Жер таңдап, ел ордасын салған едік.

Ұшпаққа айналдырып нұр-шаһарды,

Көркейттік төңірегіне орман егіп!

Үміті Елбасының ақталғандай,

Иманды белестерді бетке алғандай.

Қадасаң бір тал шыбық, сауап дейді,

Жайқалтып жасыл орман еккен қандай!

Жеңгендей желегімен жел, боранды,

Астана көгорай бау, гүлге оранды.

Есілдің жағасынан ескен лептей

Лебіз сөз легімен кеп тілге оралды.

Бұл жерде тал, қарағай... гүл де өсуде.

Бүкілі тіршілікпен тілдесуде.

Бұтақтар бүршік атып бұлқынады

Жас қала – Астананың іргесінде.

Жауынмен жазғытұры дала көктер,

Ғажайып жыр жазылған дала – дәптер.

Ғазалдың бір үзігін оқу үшін

Жап-жасыл жас орманды аралап көр!

Басарсың, араласаң, гүл-кілемді.

Табарсың таңғажайып түрлі реңді.

Бұл жерге бұғы менен киік келіп,

Сайрасын сандуғаш пен бұлбұл енді.

Қарасаң, келбетіне бүгінгі анық,

Қонғандай Қазақстан тұғырға нық – 

Халқымен, қаласымен қуаттанып,

Суымен, орманымен сұлуланып!

Жол салған, мешіт салған, қала салған.

Орнатқан оған қоса ағаш – орман.

Халқымен жаны бірге басшы болса,

Жүзеге асар талай тамаша арман!

Қар, желден қорғау үшін борап тұрған

Жас орман жас қаланы орап тұрған.

Алланың нұры жаусын адамдарға

Аңызақ, ай тақырды абат қылған.

Сүйемін сұңқарлардың самғағанын,

Естимін сәмбіталдың салған әнін.

Сыңсыған ормандарын көру үшін,

Ой-қырын араладым кең даланың.

Арналған елге еңбегі, махаббаты,

Ерлердің есте мәңгі қалады аты.

Адамға – сая, жылу, жиһаз, құрал...

Алланың – ағаш деген – ғаламаты!

Көбейіп орман-тоғай түрленді іргем...

Өрейін пәк пейілімді жырмен бірден.

Өмірі ұзақ болсын Нұрағаның

Өз елін махаббатпен гүлдендірген!

                        * * *

Жасыл бұта жая алмай жапырағын,

Сусыз дала жасарап жатыр әрiн.

Суретшi емес,  

бәрiңдi 

орманшы боп,

Сұлулықты сақтауға шақырамын.

Келер-кетер ойыңды сапыра кұн,

Айтып, айтпай өтедi ақын әнiн.

Табиғатқа,

Адамға деген барлық

Махаббатты қорғауға шақырамын.

Осы ойменен әр таңды атырамын.

Ауасында толқыған әтір – ағын,

Туған жердiң киелi атырабын – 

Тобылғылы, топ шилi топырағын,

Торғын гүлiн,

Жайқалған  жапырағын – 

Бәрін, бәрін

Сүюге шақырамын!

ЕСІЛДІ КӨРДІМ

Есілді көрдім. 

Кезі еді сұлу көктемнің.

Көрімдік сұрап көшеді бұлттар – көк торғын.

Әдемі самал желпушімен желпіген

Есілді көрдім, еркелеп аққан еркімен.

Алмаса берген аласапыран кезең кіл,

Сан замандардың айнасы болған өзен бұл.

Жырыммен үндес әппақ гүлдердің үлбірі.

Есілді көрдім. Естілді күміс сыңғыры.

Ішінде жүр ғой іздеген сырға, шолпым да...

Үңіле бердім, інжуін шашқан толқынға.

Кернейді толқын арнасын кербез, алқынбай.

Көлбейді толқын көгілдір менің шарфымдай.

Көркемім менің, көсіліп аққан ұзаққа.

Қайырлы қала, мейірімді жандар бұ жақта...

Тәңірдің өзі-ау таратқан ұлы суларды.

Ұлы өзендердің жағасы – жасыл ну мәңгі.

Сағынып қайтқан құстардың тағы келді үні.

Сезіліп тұрды қайран даламның кеңдігі.

Мейірімді неткен бетімнен еппен өпкен нұр.

Көңіл де – кәусар. Ауа да, су да – мөп-мөлдір.

Есілді көрдім, көрмедім одан әріні.

Тербетті мені телегей судың сарыны.

Есілді көрдім, келгенде сәті, кезегі.

Қаланың бағы – қақ жарып аққан өзені.

Есілді көрдім. Көзайым дүние айтады ән.

Қайтайын десем, көргім келеді қайтадан.

СЕН - ҚАЗАҚСЫҢ!

Сен – қазақсың!

Қазақ деген Ел бөлек,

Қазақ салған соқпақ бөлек, жол бөлек.

Киiз үйi Жер сияқты жұп-жұмыр,

Шаңырағы Күн сияқты дөңгелек.

Сен – қазақсың!

Бiр Алланың құлысың!

Адамға адам құл болғаны – құрысын.

Жойқын соғыс, зұлматтарда жойылмай

Қалған ұлтсың. Қаһармансың, ұлысың.

Сен – қазақсың!

Ұлы дала – тұғыры.

Күмбiр-күмбiр күрескерлiк – ғұмыры,

Тiрескеннiң дiрiлдеткен тiзесiн

Тұлпарының тұяғының дүбiрi!

Сен – қазақсың!

Байырғы жұрт – түздегi ең,

Табиғаттан тән тамырын үзбеген.

Қолын жайып, Көктен өмiр сұраған,

Жер бетiнен жерұйықты iздеген.

Сен – қазақсың!

Қазынасы – нәсiп, құт.

Қазақ болу – ғаламатқа ғашықтық.

Жерiң, суың, тауың сұлу соншалық,

Көрген көзден кететiндей жас ытқып!

Сен – қазақсың!

Отаншылсың, тектiсiң!

Айбарлысың, ақылдысың, беттiсiң!

Көп болуға,

Бiр болуға тиiссiң,

Көрмеу үшiн жаттың езгi, тепкiсiн!

Сен – қазақсың!

Рухы еркiн, өзi еркiн!

Мұзбалақсың, сорғалаған сөзi еркiн.

Қайталанбас күйшiсiң сен құя алған

Домбыраның өзегiне өз өртiн.

Сен – қазақсың!

Келе жатқан бағы асып,

Адамзаттық iзгiлiкке жол ашып.

Дастарханың – елшiлiгiң ежелден,

Мейiрбансың, меймандоссың қолы ашық.

Сен – қазақсың!

Ғарышкерсiң, жаны – аспан.

Өрелiсiң, өз орнына таласқан.

Төрге лайық марғасқасың, мықтысың,

Төрткүл дүние саясатта санасқан.

Сен – қазақсың!

Қазақ едiң туғанда!

Онда, дүние тағылымынан үлгi ал да,

Ата жұрттан, Ана тiлден айырылма,

Төбеңде Күн, төменде Жер тұрғанда!

ҒАЛАМДЫ  СҮЙДІМ  

Ғ А Л А М А Т   С Ұ Л У 

ҚАЛПЫНДА

Тауларды көрдім, тармақ та тармақ, тас 

тұғыр.

Аспанды көрдім, аржағы – ғарыш, асты 



– нұр.

Алқапты көрдім, алтынға малған абат таң.

Тоғайды көрдім, толағай жұпар таратқан.

Мұхитты  көрдім,  мұп-мұздай,  жатқан 

шіреніп.

Көк бұлтты көрдім, көкті бүркеген түнеріп.

Аймақты көрдім, көгілдір, балдыр-бақалы

Сайғақты көрдім, саналыларға қапалы

Құйынды көрдім, құмдай-ақ үйді ұшырған.

Зымыранды  көрдім,  зымырап  өткен 

тұсымнан.

Майданды көрдім, майқандап жатқан әлемді.

Заманды көрдім, зауалымен алған зәремді.

Ауаны көрдім, уынан құс пен гүл өлген.

Түршігер бойың түгесіп айтсам түгел мен.

Дүние – дүбір, табиғат бүгін дүлейлі,

Толқындар тулап, жер сілкінгені – үрейлі.

Аян ғой саған арасы жөн мен терістің.

Аяй гөр, Алла, аласапыран Жер үстін.

Ғаламды сақта ғаламат тұтас қалпында.

Аман сау болғай далам да, дархан халқым да. 

ЕСТиМІ


Н СәМ

бІТАЛДЫҢ


 

САЛҒАН


 әНІН

 

„



ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті 

ақын Күләш Ахметованың «Орман» атты жаңа өлеңдер 

жинағы жарық көрді. Бұл кітапқа отаншыл ақын өзінің 

кең байтақ елімізге, ұланғайыр ұлы даламызға, ұлтқа, 

қазаққа деген үлкен махаббатын сыйдырған.  Бүгін киелі 

Тараз шаһарында ақынның жаңа кітабының тұсауы 

кесілуде. Осыған орай Күләш Ахметованың «Орман» 

атты оймақтай жыр жинағына енген бірнеше өлеңдерін 



оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет