№35 (1270) 26 тамыз
2015 жыл, сәрсенбі
www.z-taraz.kz
Алтын қАзық
5-7 беттер.
Байқау! Байқау! Байқау!
«Нұр Отан» партиясы сыбайлас
жемқорлыққа қарсы!
Конституция күні – біздің мемлекетіміздің, халқымыздың ең ұлық мерекелерінің бірі.
«Көптің сөзі – киелі» дейді дана халқымыз. Ел жұрттың талқысынан өтіп, таңдауына
айналған Басты құжатымыздың авторы – күллі Қазақстан халқы. Мемлекетіміздің
бірлігі мен ынтымағын ұйыстырып, мызғымас алтын қазығына айналған Ата Заңымызға
20 жыл толып отыр. Ғасырлар тоғысында әлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған
Қазақстан халқы Ата Заңымыздың негізінде тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа
дәуірге қадам басты.
Метадон – нашақорлықты
ауыздықтайды
Шаһарымызда аталған әдіс 2012
жылдан бері пайдаланылып келеді.
10 бет.
тараздық такси талапқа
сай ма?
Жаңбырдан кейінгі
саңырауқұлақтай қаптап кеткен такси
қызметінің жай-күйі көңіл көншітпейді.
9 бет.
11 бет.
Құрметті
тараздықтар!
Тәуелсіз еліміздің Төл құжаты - Ата
Заңымыздың қабылданғанына 20
жыл толып отыр. Сіздерді осынау
мерейлі мерекемен шын жүректен
құттықтаймын!
Әлемдегі кез келген тәуелсіз
мемлекеттің ғасырлар бойы өз құнын
жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа мұра
болып келе жатқан заңдар жинағы
болады. Осындай Ата Заң біздің
елімізде де, яғни Қазақстан Республи-
касында да ел тәуелсіздігін нығайту
барысында қабылданды. Ата Заңымыз
бүгінгі заманның барлық көкейкесті
мәселелерін толық қамтыған және
мемлекет құрылысына толық баға бере
алады.
1995 жылы Конституция қабылданған
соң, Қазақстан өзінің болашақ даму
жолын түпкілікті анықтады, әлемге өзін
демократиялық, зайырлы, құқықтық
және әлеуметтік мемлекет ретінде
жария етті.
Ата Заңымыздың 3 бабының 1
тармағында: «Мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы-халық» деп айқын
көрсетілді. Себебі адам – қоғам
байлығы. Біздің Конституцияны
Қазақстан халқының саналы таңдауы
және оны келешектің кепілі ретінде
бағалауымыз керек.
Биыл Конституцияның 20 жылдық
мерекесі, Қазақ хандығының 550
жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
сияқты маңызды оқиғалармен тұспа–тұс
келіп отыр. Бүгінгі таңда Қазақстан әлем
елдерінің үздік елдердің қатарынан орын
алып, халықаралық аренада беделі
артуда. Осындай жетістіктердің барлығы
қоғамдағы ұлтаралық келісім мен саяси
тұрақтылықтың арқасы.
Құрметті қала тұрғындары!
Қазақстан Республикасы Конституция
күнімен тағы да құттықтай отырып,
баршаңызға тыныштық пен келісім,
игілік пен өркендеу, денсаулық пен
бақыт тілеймін!
Конституция күні құтты болсын!
нұржан Календеров,
тараз қаласының әкімі
қала-қарбалас
2
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Кеше таразға қР Премьер-министрінің бірінші орынбасары
Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен келді. Үкімет басшысының
орынбасары алдағы уақытта тойланатын қазақ хандығының
550 жылдығына дайындық барысын пысықтап, облыс
орталығындағы азық-түлік бағасын бақылап қайтты.
ДАйынДық қАлыПты, БАғА тұРАқты
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ,
Ерман ӘБДИЕВ
Тамыры тарихқа байланған
Әулиеата өңірінде хандығымыздың
бес жарым ғасырлық белесін барын-
ша жоғары деңгейде атап өтуімізге
де санаулы ғана уақыт қалды. Шетел
асып келетін мәртебелі меймандардың
алдында ауқымды іс-шаралар
ұйымдастыру нақты жоспарда тұр.
Ең бастысы атаулы күнге дейін салта-
натты шараға жан-жақты сақадай сай
болу. Осы орайда Бердібек Сапарбаев
арнайы мерекеге жоспарланған, нақты
уақытта құрылыс жұмыстары қызу
жүріп жатқан бірқатар нысандарға
ат басын бұрды. Ең алдымен
Премьер-министрінің орынбаса-
ры облыс орталығындағы күрделі
жөндеу жұмыстарын қыркүйек айын-
да толығымен аяқтау жоспарланып
отырған «Әуежай» мен жалпы аумағы
үш жарым гектар жерді қамтитын Қазақ
хандығы монументінің жұмыстарымен
танысты. Еңселі ескерткіш қазан ай-
ында толығымен бой көтермек. Бұдан
әрі Бердібек Машбекұлы қаладағы
ең ірі сауда орталықтарының бірі -
«SMALL» сауда кешеніне бас сұғып,
нақты уақыттағы баға бағамдарын
бақылады. Үкімет басшысының орын-
басары аталған сауда кешенінде мек-
теп оқушыларына қажетті заттарды,
азық-түлік, ұн мен ет өнімдерін,
жергілікті тауарлар мен тұрмыстық
техникалардың құнына басты назар
аударды. Қазіргі таңда аталған сауда
кешеніндегі баға тұрақты. Сырттан
келген өнімдер жалпы сауданың отыз
пайызын құрайды екен. Бердібек
Татулық пен бірліктің бесігін
тербеткен
Нақты жұмыстар нәтижесіз емес.
Суретті түсірген А.Рысмахан
Облыс әкімдігінің жанындағы әйелдер мен отбасылық демографиялық саясат істері жөніндегі
комиссиясы мен «нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «ұлт
жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасы аясында «татулық пен бірлік – қазақстандық қоғамның
басты құндылықтары» тақырыбында конференция өтті.
Индира БАЙҚОНЫС
Оның жұмысына Қазақстан іскер
әйелдер қауымдастығының төрайымы
Раушан Сәрсембаева, ҚР Парламенті
мәжілісінің депутаты Надежда Несте-
рова, облыстық «Нұр Отан» партиясы
төрағасының орынбасыры Шәбден
Тілеумұрат, облыстық Қазақстан
халқы Ассамблеясы төрайымы Ла-
риса Лысова, «Жамбыл облысы
білім және ғылым қызметкерінің
кәсіподағы» бірлестігінің төрайымы,
облыстық мәслихаттың депутаты
Гүлсін Орынбаева, облыстық іскер
әйелдер қауымдастығының төрайымы
Гүлдара Нұрымова қатысты.
Онда Астанадан кейін мәртебелі
мейман Раушан Біргебайқызы кіріспе
сөз сөйледі. Ол кезегінде Мемлекет
басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың
ұсынған «Ұлт жоспары – 100 нақты
қадам» бағдарламасында елдің да-
муы, этносаралық татулықты нығайту
мәселесіне жан-жақты тоқталғанын
атап өтіп, бұл мақсатта Қазақстанның
іскер әйелдері аянбай еңбек ететінін
айтты. Сондай-ақ, Елбасының тап-
сырмасы бойынша қазақстандық қыз-
келіншектердің билік органдарындағы
үлес салмағын 30 пайызға жеткізу
мәселесі тұрғанын да еске салып,
отбасының ұйытқысы болып табыла-
тын әйелдердің қолына алған қандай
да бір істі болмасын, ұршықша иіріп
әкететінін тілге тиек етті.
Мұнан кейін сөз кезегін алған ҚР
Парламенті Мәжілісінің дептутаты
Надежда Нестерова бейбітшілік сал-
танат құрған Қазақ елінде 130-ға тар-
та әртүрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері
тату-тәтті өмір сүріп жатқаны Ел-
басы Нұрсұлтан Назарбаевтың
көреген саясаткерілігің арқасы
е к е н і н е т о қ т а л ы п , б ү г і н д е
дүниежүзі халықтары Отанымыздың
тыныштығы мен бірлігіне үлкен
қызығушылықпен қарайтынын және
әрбір елдің азаматы осы бір баға
жетпес құндылығымызды көзінің
қарашығындай сақтауға міндетті
екенін баса айтты.
Ал «Жамбыл облысы білім
және ғылым қызметкерлерінің
кәсіподағы» бірлестігінің төрайымы,
облыстық мәслихаттың депутаты
Гүлсін Орынбаева еліміздің даму-
ына өлшеусіз үлес қосып жүрген
еңбек адамдарына құрмет көрсетіп,
оларға тиісінше жағдайдың жасалуы
керектігіне тоқталды.
- Әрбір еңбек адамының маңдай
тері ақталуы тиіс. Біз бұл тұрғыда
азаматтарымыздың құқықтарын
заң аясында қорғауға тиіспіз.
Жұмысшылардың еңбекақысы,
табысы мен өмір сүру деңгейін
көтеру кәсіподақтың негізгі
мақсаты. Ұлттық гендерлік саясат –
еліміздегі демократиялық үдерістің
ең маңызды құрамдас бөлігі. Біз де
өз тарапымыздан 30 жасқа дейінгі
қыз-келіншектерге гендерлік сая-
сат турасында семинар-кеңестер
өткізіп тұрамыз. Сондай-ақ, елімізде
көпбалалы аналардың әлеуметтік
жағдайы алаңдатады. Бүгінде 4
және одан көп баласы бар ана-
лар мемлекеттен 8 мың теңге
көлемінде жәрдемақы алады. Бұл
өте мардымсыз ақша емес пе?-
деді Гүлсін Рақымжанова. Жиынға
қатысушылар баяндамашының
көтерген мәселесі өте орынды
екенін сөз етіп, бұл әлеуметтік
маңызды мәселе Парламент
қабырғасында талқылануы тиіс
деген қорытындыға келді.
Ж и ы н с о ң ы н д а Р ау ш а н
Сәрсембаева облыстағы бірқатар
іскер әйелдерге сертификат та-
быс етіп, «Жамбыл облысы
саясаткер әйелдер клубының»
жетекшісіне Гүлсін Орынбаеваның
кандидатурасын ұсынды. Раушан
Біргебайқызының ұсынысын іскер
әйелдер де бір ауыздан қолдады.
Ко н ф е р е н ц и я н ы ң е к і н ш і
бөлігінде Қазақстан іскер әйелдер
қауымдастығының өкілі, психолог
Татьяна Куроедова «Электрондық
кезеңде әйелдер саясаты бастамасын
қарқындату» тақырыбында тренинг
өткізді.
Машбекұлы отандық өнімдердің тұсына
арнайы белгілердің көбірек болуы мен
жергілікті өнімдердің қымбаттауына
ешқандай негіздің жоқтығын, сауда
орындарындағы баға бағамын қатаң
бақылауда ұстау қажеттілігін баса
айтты.
Бұдан әрі Премьер-министрдің
орынбасары Тәуке хан көшесіндегі
көпір өткелінің абаттандыру жұмыстары
мен аяқталу мерзіміне жақын қалған
ҚР Тұңғыш Президенті саябағындағы
сквердің жұмыстарымен танысты. Бұдан
бөлек облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев
ат-спорттық іс-шаралар өтетін «Ат-
шабар» ипподромындағы дайындық
жұмыстарының жай-жапсарын,
ондағы берілген тапсырмалардың өз
деңгейінде орындалып жатқандығын
үкімет басшысының орынбасарына
іс жүзінде таныстырып, «Қарахан»
кесенесі маңындағы сквер мен жаңа
мешіттің және ескі базар орнындағы
«Көне Тараз» т арихи-мәдени
орталығының, ондағы «Мыңбұлақ»
сквері мен арка, мұнара жұмыстарының
нақты нәтижесін көрсетті. Тарихи-
мәдени орталықта қазір 200-ден астам
жұмысшы екі ауысыммен жұмыс
жасауда. Бердібек Сапарбаев аталған
нысанның маңызы жоғары екендігін,
жасалып жатқан барлық жұмыстар
жоспарланған межеге сай атқарылуы
қажеттілігін шегелеп айтты. Сонымен
қатар жалпы құрылыс жұмыстарына
бөлінген қаражатты үнемдеп жұмсауды
ескертті.Бұған қоса премьердің орын-
басары «Достық үйі» мен «Тараз саз-
дары - Домбыра» стелласының және
облыстық драма театрындағы құрылыс
жұмыстарын бақылады. Аталған нысан-
дар мен ашық аспан астындағы мұражай
жұмысы қыркүйек айының аяғына
таман толық аяқталады деп күтілуде.
Дейтұрғанмен Бердібек Сапарбаев
құмның астындағы құндылықтарды
ашып, қазба жұмыстары қызу жүріп
жатқан жұмысшылардың санын арт-
тырып, екі ауысымда жұмыс жасау
керектігін баса а-йтты. Ал мұражай
жұмысшылары нысанның құрылыс
жұмыстары қазан айында толық
аяқталады деп отыр. Айта кетерлігі,
күні кеше ғана жергілікті археолог
мамандар аталмыш қазба жұмыстары
барысында әйел затына тиесілі алтын
әшекейлер тауыпты. Мамандар әзірге
табылған асыл бұйымдарды ХІІ ғасырға
тән жәдігер деп болжап отыр. Іссапар
барысында ҚР Премьер-министрінің
бірінші орынбасары аймақтағы бағаны
тұрақтандыру жөніндегі штабтың
жұмысымен де танысты.
Ал қорытынды жиын Та-
раз мемлекеттік педагогикалық
институтының мәжіліс залында өтті.
Жиында Бердібек Са-
парбаев: «Қазақ хандығының аталып
өту мерзіміне бір ай уақыт қалған кезде
апта сайын жалпыхалықтық сенбіліктер
ұйымдастырылуы тиіс. Басқарма бас-
шылары және қала тұрғындары бұл
бастаманы қолдайтынына сенімдімін.
Ең бастысы Елбасы айтқандай барлық
жерде үнемділік болу керек. Қазір
бізге керегі үнемділік пен ұқыптылық.
Тапсырма бар және оның орында-
луы бар. Бұл атқарылып жатқан
жұмыстар Сіздерге үлкен абырой алып
беретіндігін ұғыныңыздар» - деді.
Бұдан соң облыс әкімі Кәрім
Көкірекбаев хандыққа дайындық
б а р ы с ы б о й ы н ш а ат қ а р ы л ы п
жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл
басқосудағы көтерілген екінші мәселе
ретінде – еліміздегі экономикалық
жағдайға байланысты өңірде бағаны
тұрақтандыру бойынша атқарылып
жатқан жұмыстар айтылды. «Сауда
нүктелерін тексеретін арнайы топ құру
керек. Тағы бір мәселе – жұмыспен
қамту. Мендегі мәліметтер бойынша
Жамбыл облысында қысқарту, айлық-
жалақыны кешіктіру сынды олқылықтар
жоқ. Осы деңгейді ұстап тұру - сіздерге
мін. Үкімет қосымша жұмыс орында-
рын ашу бағытында жұмыстар жүргізіп
отыр. Дегенмен, бүгінгі экономикалық
жағдай кейбір кәсіпорындарға өз әсерін
тигізбей қоймайды. Сондықтан, он-
дай кәсіпорындарды қолдау керек.
Үкімет бәсекеге қабілетті, өнімдерін
экспорттауда үлкен жетістіктерге қол
жеткізген кәсіпорындарға субсидия
бөлуге дайын. Өздеріңізге белгілі,
Мемлекет басшысының берген тап-
сырмасы бар. Яғни, бюджеттік меке-
мелерде еңбек ететін азаматтардың
айлық-жалақысын 2016 жылдың
1 қаңтарында көтеру. Қазір тиісті
министрліктер жұмыс жүргізіп жатыр.
Қыркүйек, қазан айларында 2016-
2018 жылдардың бюджетінің жобасын
қарайтын боламыз. Сондай-ақ, тағы бір
мәселе ол тұрғындардың депозит пен
«Тұрғынүйқұрылысжинақбанкідегі»
салымдарына алаңдаушылығы. Елба-
сы тапсырмасы аясында Үкімет пен
Ұлттық банкі бұл жайды қарап отыр,
- деді ҚР Премьер-министрінің бірінші
орынбасары.
Құрметті Тараз
қаласының тұрғындары!
Баршаңызды ұлық мереке – Кон-
ституция күнімен шын жүректен
құттықтаймын!
20 жыл бұрын қабылданған
еліміздің Ата Заңы жүздегенжылдар
бойы қалыптасқан адамзат баласының
жалпы құндылықтарын өз бойына
сіңірді. Ата Заң – біздің егемендік
алғалы атқарған барлық істеріміздің
алтын таразысы болып табылады.
Оның ең қымбат қазынасы – адам
және адамның өмірі, оның құқықтары
мен бостандықтары. Ол еліміздің
тұрақтануы мен өркендеуінің негізі
мен кепілі.
Бүгінде дүниежүзі мойындаған
өркенді өнегелеріміз Ат а
Заңымыздыңаясында жүзеге асып
келеді. Біз тәуелсіздік арқылы ғасырлық
мәні бар орасан зор жетістіктерге
қол жеткіздік. Әлем жұртшылығы
алдында мерейіміз артып, абырой-
ымыз асқақтады. Ата Заң арқылы
асқар асуларды алған біз бүгінде жаңа
кезеңге қадам бастық. Сондықтан біз
баянды істеріміздің бастауы болған бас
құжатымызды ардақтай берейік!
Ата Заңды ардақ тұтқан өнегелі еліміз
өркендей берсін!
Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Консти-
туциямыз ғұмырлы, елдігіміз мәңгі
болсын!
Балабек НАРБАЕВ,
Тараз қалалық
мәслихатының хатшысы
көкжиек
3
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Еліміздегі білім беру саласы жылдан-жылға жаңа серпінмен жұмыс жасауда. Өйткені
мемлекеттің болашағы әрдайым білім деңгейіне тәуелді болатыны бәрімізге мәлім.
Жаңа оқу жылына орай қаладағы білім беру жүйесінің жаңа бағыт-бағдарын саралау
мақсатында қалалық мәдениет үйінде тамыз кеңесі өтті.
БіліМнің ДАМуы –
ӨРКЕниЕттің ӨлшЕМі
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
«Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа
бағдарлану» тақырыбында өткен кеңеске қала
әкімі Нұржан Календеров, мектептер мен мек-
тепке дейінгі мекемелердің басшылары мен
ұстаздар қауымы қатысты. Шараны жаңа оқу
жылымен ұстаздар ұжымын құттықтау сөзімен
ашқан Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің
басшысы Гүлзия Заурбекова, білім беру сала-
сында атқарылған жұмыстар мен алдағы жо-
спарларды кеңінен айтып берді. - Биылғы тамыз
кеңесі ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты
Қазақстан халқына Жолдауы мен «Бес
институционалдық реформасын жүзеге
асырудың 100 қадамы» Ұлт жоспарында
көрсетілген міндеттерді іске асыруға бағытталып
отыр. Мемлекет басшысы аталмыш Жолдау
арқылы апатты және үш ауысымда оқытатын
мектептердің мәселелерін шешуге мүмкіндік
туғызды. Мектеп жасына дейінгі балаларды жүз
пайыз мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен
қамту – баршаға бірдей мүмкіндік беруге және
адами капиталды қалыптастыруға жасалған игі
іс. 2011жылы 3-6 жас аралығындағы балаларды
қамту 69,2 пайыз болса, 2015 жылы бұл
көрсеткіш 77,6 пайызға жетті. Бүгінгі күні
қаламыздың мектепке дейінгі білім
мекемелерінің желісін 61 балабақша
(мемлекеттік-43, жекеменшік-18) мен 26 шағын
орталық құрайды. Мектепке дейінгі білім беру
ұйымдарының желісін кеңейту мақсатында
жекеменшік балабақша ашуға ниеттенген
азаматтарға қолдау көрсетіліп, соңғы екі жылда
кәсіпкерлер ашқан білім нысандарының саны 8
бірлікке, орын саны 1400-ге артты. Бүгінде
жекеменшік балабақшалар мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарының 25,8 пайызын құрап,
онда 2350 бала тәрбиеленуде. Ағымдағы оқу
жылының бірінші жартыжылдығында
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде
610 орын ашу жоспарланып отыр,-деді Гүлзия
Расылханқызы. Сөз арасында білім бөлімінің
басшысы балабақша әдіскерлерінің кәсіптік
біліктілігін көтеру мен құзыреттілігін арттыру
– келер оқу жылының негізгі міндеттеріні біріне
айналуы тиіс екендігін нақтылап айтты.
Қаржыландыру көлемінің жыл сайын өсуі білім
беру ұйымдарының материалдық-техникалық
жағдайының нығая түскендігін байқатуда.
Мәселен, ағымдағы жылы жергілікті бюджет
есебінен 9 жаңа модификациялы кабинет алы-
нып, нәтижесінде 20 мектеп химия, 22 мектеп
физика және биология, 40 мектеп лингафонды-
мультимедиалық кабинеттермен қамтамасыз
етілген. 2011 жылмен салыстырғанда
жабдықталған кабинет саны 55-ке артып, білім
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының 2015 жылға
қойылған көрсеткіші толығымен іске асырылған.
Білім мекемелері мың дана компьютер техника-
сымен жабдықталып, 1 компьютерге келетін
оқушы саны 19-дан 14-ке төмендеген. Сонымен
қатар мектеп асханалары мен медициналық
кабинеттердің қондырғылары да жаңартылған.
Гүлзия Расылханқызының айтуынша, білім
мекемелеріндегі оқушы саны жылдан-жылға
өсіп, соңғы бес жылда 6809 оқушыға артыпты.
Алайда, «2009 жылдан бері қалада жалпы білім
беретін мектеп құрылысы жүрген жоқ. Осыған
сәйкес қазіргі таңда 7 мектепте 2574 оқушы
орнының тапшылығы бар. Биылғы оқу жылын-
да 1-ші сыныпқа қабылданатын балалар
санының өткен оқу жылымен салыстырғанда
589-ға артуына байланысты №1 гимназия бір
ауысымнан екі ауысымға көшуі ықтимал»,-дейді
білім бөлімінің басшысы. ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында мектептердің
жалпы санынан инклюзивті білім беру үшін
жағдай жасалған мектептер үлесін 2015 жылы
– 30 пайызға, 2020 жылы 70 пайызға жеткізу
көзделіп отыр. Ал қазіргі таңда қаладағы жалпы
білім беретін 58 мектептің 11-де ғана кедергісіз
аймақ жасалған. Осы орайда Гүлзия
Расылханқызы келер оқу жылындағы негізгі
міндеттердің бірі –инклюзивті білім алуға
жағдай жасалған мектептердің үлесін арттыру
болып отырғанын баса айтты. Сөз соңында білім
бөлімінің басшысы №25 орта мектепті
инклюзивті білім беретін мекеме ретінде толық
жабдықтау, мүмкіндігі шектеулі балаларға
қолжетімді ортаны қалыптастыру үшін қала
басшысының ықпалы қажет болып
отырғандығын жеткізді. Бұдан әрі облыстық
білім басқармасы басшысының орынбасары
Дәмеш Ускумбаева, №5 мектеп-гимназиясының
директоры Салтанат Төлеу, №41 гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі Асқар Телебаев, №30
«Назерке» балабақшасының меңгерушісі Гауһар
Күзенбаева сөз сөйлеп, ұстаздар қауымын жаңа
оқу жылымен құттықтады. Білім саласындағы
жетістіктер мен жоспарларды саралай келе, сөз
тізгінін қала әкімі Нұржан Календеров алды.
- Ардақты ұстаздар! Сіздермен тағы бір жаңа
оқу жылының басталар шағында кездесіп отыр-
мыз. Сондықтан, ең алдымен, баршаңызды жаңа
оқу жылының басталуымен құттықтаймын!
Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019
жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік
бағдарламасы аясында «Салтанат» мөлтек ауда-
нында 280 орынды балабақша мен «Құмшағал»
аймағында 300 орынды мектеп құрылысы ба-
сталды. Мектептің пайдалануға берілу мерзімі
2016 жылдың III тоқсаны. Сондай-ақ, «Кірпіш
зауыты» аймағында 300 орынды жаңа мектептің
құрылысы жүргізілуде. Биылғы жылы
Конституцияның 20 жылдығына орай
«Бәйтерек» мөлтек ауданында 280 орынды
балабақша пайдалануға беріледі. Білім беру
мәселесі материалдық-техникалық базаны
нығайтумен ғана шектелмейді, ең бастысы са-
палы да бәсекеге қабілетті білім беруге байла-
нысты. Білім саласына мемлекет барынша
қолдау көрсетіп, барлық қажетті жағдайларды
жасап отыр. Алайда қайтарым соған толық
сәйкес деп айта алмаймыз. Сондықтан облыс
әкімі Кәрім Нәсбекұлының тапсырмаларына
байланысты алдағы оқу жылында бірқатар
міндеттер қоямын. Біріншіден ҚР білім беруді
дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 28
нысаналы индикаторлардың 13-і орындалмай
отыр. Әрине, оның ішінде қаржы талап ететін
саласы бар, ал қаржы талап етпейтін білім беру
ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерін құру,
инклюзивті білім алуға жағдай жасалған білім
мекемелері үлесін, магистр дәрежесі бар педа-
гогтар үлесін, жұмысқа қабылдаған жас маман-
дар үлесін, жаратылыстану-математикалық
бағыттағы пәндер бойынша ағылшын тілінде
білім беретін педагогтар үлесін, мектепішілік,
мектептен тыс көркемөнер, музыка, техникалық,
ғылыми өнер бағытындағы үйірмелермен
қамтылған оқушылар үлесін арттыру
көрсеткіштері орындалмай отыр. Осы
индикаторлардың орындалуы бойынша
білім бөліміне нақты ұсыныс беруді тапсы-
рамын. Екіншіден, ұлттық бірыңғай
тестілеуге №9 мектеп -38,5 пайыз, №13
мектеп-42,9 пайыз, №21 мектеп-38,9 пайыз,
№28 мектеп-39,3 пайызы қатысса, №2 орта
мектептің 43 түлегінен 12-сі ғана қатысқан.
Осы көрсеткіштерді ескере отырып, қала
әкімінің орынбасары Маржан Қожаева мен
қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлзия
Заурбекова мектеп директорларының
жауапкершілігін қарастырып, тиісті шара
қабылдасын және ҰБТ-ға қатысу деңгейін
2 0 1 6 ж ы л ы р е с п убл и ка л ы қ о рт а
көрсеткіштен жоғары белгілеу іске асырыл-
сын. Үшіншіден, 9 сыныпты бітірушілермен
нақты кәсіби бағдар жұмыстарын жоспарлы
ұйымдастыру, төртіншіден, 5-6 жастағы
балаларды мектепке дейінгі біліммен
қамтуды 100 пайызға жеткізу, бесіншіден,
білім мекемелерінде ата-аналардан немесе
мұғалімдер ұжымынан мектептің жөндеу
жұмыстарына, оқулықтар немесе басқа да
оқу-құралдарын сатып алуға қаржы жинауға
қ ат а ң т ы й ы м с а л а м ы н . О с ы н д а й
кемшіліктерді болдырмау мақсатында
мектептердегі қамқоршылық кеңестерінің
жұмыстарын жетілдіруді, жасөспірімдер
а р а с ы н д а ғ ы қ ы л м ы с п е н қ ұ қ ы қ
бұзушылықты болдырмау мақсатында
құқық бұзушылықтың алдын алу шарала-
рын күшейтіп, оқушылармен және ата-ана-
лармен жүргізілетін жұмыстарды жандан-
д ы р уд ы , м е к т е п ә к і м ш і л і г і м е н
қызметкерлерінің оқу процесінде орын
алған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар
туралы мәліметті жасырын қалуды болдыр-
мауды, алдағы жаңа оқу жылында кәмелетке
толмағандарды толық орта біліммен қамтуда
пәрменді шаралар жүргізуді, білім
м е к е м е л е р і н д е о қ у ш ы л а р м е н
қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін
қамтамасыз ету, сырттан келушілерді
бақылау, бейнебақылау камераларының
толық және үздіксіз жұмыс істеуін,
оқушыларды сапалы тамақтандыру шара-
ларын күшейтуді және білім мекемелерінің
аулаларын абаттандыру жұмыстарын толық
жүргізіп, мекемелердің қысқы жылыту ма-
усымына дайындығын қатаң назарда
ұстауды тапсырамын,-деді Нұржан
Сәбитұлы. Сонымен қатар қала басшысы
еңбегіне сай құрметке бөленіп жүрген
білімді ұстаздар мен талантты жастарды да
ерекше атап өтті. Дейтұрғанмен, өткен оқу
жылында оқумен қамтылмаған бала саны
26-ны құраған және 2015 жылдың 7 айы
бойынша қалалық полиция бөлімдерінде 89
жасөспірім есепке алынған екен. 2014
жылы бұл көрсеткіш 65-ті құраған.
Қаладағы №6, 19, 21,29, 25, 35, 39, 42, 46,
23 мектептердегі құқық бұзушылық азаймай
отырғандығын, аталған мектептердің осы
саладағы жұмысы терең зерделенуі тиіс
екендігін және құқық бұзушылықтың ал-
дын алуға көпшілік болып күресу
қажеттілігін, бала тәрбиелеуде ең алдымен
ата-ананың жауапкершілігін арттыру,
сондай-ақ, әр баланың қауіпсіздігі, сапалы
білімі, тәрбиесі ұстаздар қауымының негізгі
міндеті екенін баса айтты.
Жиын соңында бірқатар ұстаздарға Ы.
Алтынсарин атындағы медаль мен Құрмет
грамоталары, Алғыс хаттар және бағалы
сыйлықтар табыс етілді.
Елбасының
сыйы
Достарыңызбен бөлісу: |