Абай атындағы Орталық кітапханасында
қазақстан Республикасының Конституциясына 20
жыл толуына орай «Айбары мықты -Ата заң» атты
оқырман конференциясы өтті.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Конференцияның басты мақсаты
- оқырмандарға Конституция туралы
түсінік бере отырып, Ата Заңға деген
сүйіспеншілігін ояту арқылы парасатты
тұлғаны қалыптастыру және жастарды
отансүйгіштік бағытында тәрбиелеуге
атсалысу болып табылды.
Конференцияға заң саласының
мамандары «Тараз-Ғасыр» колледжінің
құқықтану пәнінің оқытушысы Дина Аб-
дикаликова және заңгер Дина Керімбек
қатысты.
Кітапхана әдіскері Гүлжанар Жо-
лина «Ұлтымыздың құндылығын
айқындайтын негізгі құжат - Консти-
туция». Сонымен қатар, конференция
қонақтары Дина Керімбек пен Дина
Абдикаликова «Ата Заң - құқықтарымыз
бен бостандығымыздың кепілі», «Ба-
лалар құқығы – асыл қазына» атты
тақырыптарда баяндама жасап,
ата заңымызды кеңінен талқылап,
жастардың сұрақтарына жауап беріп
отырды.
Жиын соңында «Конституция –
кемел келешектің кепілі» атты кітап
көрмесі ұйымдастырылып, кітапхана
қызметкерлері кітаптарға шолу жасады.
Ұрпаққа рухани
базарлық
шохан уәлиханов атындағы
облыстық әмбебап ғылыми
кітапханасында кітап
фестивалі өтті.
Айсана НҰРБАП
Аталмыш шара Қазақ хандығының
550 жылдығы, Ұлы Отан соғысы
Жеңісінің 70 жылдығы, ҚР Кон-
ституциясы мен Қазақстан Халқы
Ассамблеясының 20 жылдығы аясында
ұйымдастырылды. Шараға Жамбыл об-
лысы әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар
және құжаттама басқармасына қарасты
мекемелер мен тұрақты оқырмандар
қатысты. Облыстық кітапханада
оқырмандарға арналып арнайы
кітап көрмесі мен қолжетімді бағада
кітап жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Кітапхананың мәжіліс залында
білгілі кәсіпкер Сәуле Рысбаеваның
туған жерге, өскен елге, Отанға де-
ген сүйіспеншілік, сұрапыл соғыста
ерлік көрсеткен, бейбіт еңбекте ерендік
танытқан жандардың тағдырлары
жазылған «Мың тағзым» атты кітабының
тұсаукесер рәсімі өтті. Жиналған
оқырмандар автордың жаңа жинағына
қатысты өз пікірлерін ортаға салып,
сұрақтар қойды. Бұдан әрі «Ақжол»
газетінің тілшісі Есет Досалының
«Шындық» және «Шөбере» атты поэзия
және публицистика жанрында жазылған
қос кітабының тұсауы кесілді. Авторлар
өз жинақтары жайында әңгіме өрбітіп, өз
кітаптарын кітапхана қызметкерлері мен
тұрақты оқырмандарға тарту етті. Шара
барысында жас ақындар өлең оқып,
жалпы кітапқа қатысты ойлары мен
ұсыныстарын ортаға салды. Кітапхана
ұжымы тарапынан шағын концерттік
бағдарлама ұйымдастырылып, ҚР
Ұлттық академиялық кітапханасымен
бір мезгілде онлайн арқылы іс-шара
жүргізілді. Жиын соңында қатысушылар
кітап жәрмеңкесіне қатысып, қолжетімді
бағамен сатылған шетел әдебиеттері
мен жергілікті ақын-жазушылардың
жинақтарын қалтаға басып қайтты.
асыруда сот ісіне де бірқатар тапсырмалар жүктелген.
Онда сот жүйесін жаңғырту мақсатында 11 нақты
қадам көрсетілген. Атап айтқанда, азаматтардың сот
төрелігіне қол жетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесін
инстанцияларын оңтайландыру, Судьялар лауазымына
кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік
талаптарын қатайту, Барлық сот процестеріне бейне
және таспаға жазу шараларын міндетті түрде енгізу
және тағы да басқалары бар. Жоғарыда атап өтілген
тапсырламалардың барлығы Конституцияға енгізілетін
болады.
- «Жемқорлық - жегі құрт «деп жатамыз. Бүгінде
тамыры тереңге кеткен індетпен қоғам болып күресіп
те жатырмыз. Халық аса күдікпен қарайтын сот
жүйесінде бұл мәселе қаншалықты қатаң бақылауда
тұр?
- Тараз қалалық сотында судьялар мен мемлекеттік
қызметшілер арасында жемқорлықтың алдын алу бой-
ынша сақтандыру іс-шаралары тұрақты түрде өтеді. Со-
нымен қатар, жемқорлыққа қарсы жоспар да құрылған.
Әрбір жедел жиындарда барлық сот қызметкерлеріне
пара алушылыққа жол бермеу мәселесі айтылып, сот
процесі кезінде және одан тыс уақытта қатысушылармен
етене араласуға болмайтындығы ескертіліп отырады.
Осы орайда, Сот отырысының хатшысының басынан
өткен, көпшілікке үлгі болатын жағдайын тілге тиек
еткім келеді. Бірде оған заңнан жалтарғысы келген
кісі ақша ұсынып, істі өз пайдасына шешуді көздейді.
Ал сот отырысының хатшысы әлгі адамның арам
пиғылын аңғарып, бірден облыстық қаржы полициясы-
на хабарласқан. Сөйтіп, жемқорлықтың жолын кескен.
Міне, өз жұмысына адал осындай азаматтардың ісінен
сабақ алуға әбден болады деп санаймын.
- Еліміздегі құқық саласын ізгілендіру мен
әділеттілік, азаматтардың өзара қатынасын рет-
теу мәселесіндегі өзекті бір құрал — медиаторлық
жүйеге жүгіну. Ертеде бабаларымызда талай даулы
мәселелерді бітімгершілікпен шешкені белгілі. Қазіргі
таңда медиацияны дамыту жолдары, халыққа
түсіндіру жұмыстары қалай жүзеге асып жатыр?
- Екі тараптың ешқандай соттың көмегіне жүгінбей,
өзара бітімгершілікке келуі Тараз қалалық сотында
жиі орын алып тұрады. Білімді де білікті медиатордың
қатысуымен көптеген азаматтық істер өз шешімін тауып
жүр. Оның ішінде, отбасылар, яғни ерлі-зайыптылардың
арасындағы келіспеушілік пен көршілердің ортасындағы
жер дауын айтсақ болады. Елімізде 2011 жылы «Ме-
диация туралы» заң қабылданды. Халқымыз ежелден
сыйлы адамның уәжіне тоқтаған. Сол игі дәстүр бүгінде
қайта жаңғырып жатыр. Өкінішке қарай, екеуара орын
алған шиеленісті бітімгершілікпен шешуді көздейтіндер
аз. Біз азаматтарға медиацияның пайдасын, кез келген
түйіткілді түйінді бейбіт жолмен реттеуге болатынын
жан-жақты түсіндіруіміз қажет.
- Алмаз Серікұлы, жоғарыда судьялардың
жұмысы өте қауырт екенін атап өттіңіз. Тараз
қалалық сотында білікті судьяларды тарту мәселесі
қалай шешіліп жатыр?
- Расында, судьялардың жұмысы өте жауапты әрі
ауыр деуге толық негіз бар. Бізде бір судья бірнеше
судьяның жұмысын атқарып жүр десем артық атқаным
болмас. 2014 жылы Тараз қалалық сотының штаты 9
бірлікке артып, 27 судьяға жетті. Бүгінде облыс бой-
ынша ең ірі соттың біріміз. Судьялардың әлеуметтік
жағдайына тоқталатын болсам, айлық-жалақылары
көңіл көншітпегенімен, олар мемлекет тарапынан ба-
спанамен қамтамасыз етіледі.
- С ұ х б а т с о ң ы н д а , Қ а з а қ с т а н
Республикасы Конституциясының 20 жылдығымен
отандастарыңызды, әріптестеріңізді құттықтап,
жылы лебізіңізді білдіруіңізге болады...
- Рахмет! «Ата Заң - мемлекеттің басты тұғыры.
Қазақстандықтар Конституция қабылданған 20 жылдың
ішінде, толайым табыстарға қол жеткізді. Зайырлы
мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып
келе жатқан басты құжатымыз әрбір азаматтың құқығын
қорғай бермек. Шын жүректен барша отандастарымды
Конституциямыздың 20 жылдық атаулы датасымен
құттықтаймын. Егемен елімізге және оның азаматтарына
мол табыс тілеймін!
Сұхбаттасқан
Индира БАЙҚОНЫС
мереке
7
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
Тамара Мохашимова, адвокат:
– Кез келген мемлекет үшін заңның алатын орны айрықша. Қазақстан
өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары, яғни экономикалық дағдарыс
кезінде ел Конституциясы талай тығырықтан шығуға ықпал етті.
Мемлекеттегі құқық қорғау, сот органдары жаңашыл заң жүйесіне көшті.
Сол кезеңде қорғаушылар заңды жетілдіріп қана қоймай, уақыттың тала-
бына сәйкес өзгеруіне септіктерін тигізді.Мәселен, алдағы жаңа жоспар-
лар бойынша «Еңбек туралы» заңды қаржы дағдарысына сай икемдеу
мәселесі назарда тұр. Бүгінде мемлекет басшысының Ұлт жоспары - бес
институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамында сот
ісіне де бірқатар тапсырмалар жүктелген. Онда сот жүйесін жаңғырту
мақсатында 11 нақты қадам көрсетілген. Атап айтқанда, адвокаттардың
бұрыннан айтып жүрген сот процестеріне бейне және таспаға жазу шара-
ларын міндетті түрде енгізу болып отыр. Бұл соттың ашықтығын әрі әділ
өтуіне мұрындық болатынына сенім кәміл. Елбасының бұл реформасы
қазақстандықтардың өз құқықтарын толық қорғауларына негіз болмақ.
Күні ертең Конституцияның 20 жылдығын азаматтарымыз үлкен қуаныш
және сеніммен атап өтпекші. Былай қарағанда 20 жыл көп уақыт емес.
Бірақ осы аз ғана мерзімнің ішінде, Қазақстан тура жолды таңдағанына
тағы бір көз жеткізуге болады.
біз ата заңымызбен
маҚтанамыз!
Лариса Сафонова, «Бітімгер» құқық және медиация
орталығының жетекшісі:
– Қазақстан Республикасы тәуелсіздікке қол жеткізген
күннен бастап, мемлекетттің басты құжаты Конституцияның
халықаралық талаптарға сай болуы үшін барлық жағдай
жасалды. Бұл бағытта, біз ұзақ әрі жіті жұмыс істей отырып,
әлемдік озық үлгіде елдердің заңдық нормалармен таныстық.
Міне, осынау ұзақ ізденіс пен ерен еңбектің нәтижесінде
Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды.
Уақыттың өзі көрсетіп отырғандай, біздің Констиутция-
мыз 20 жылдан бері елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік
жағдайымызбен қатар азаматтарымыздың менталитетіне
толық сай келетініне көзіміз жетті. Бүгінде Ата заңымыздың
арқасында елімізде бейбітшілік салтанат құрды. Қазақстан
құқықтық тұрғыдан бұл емтиханнан толық өтті деуге
негіз бар. Ендігі алдымызда тұрған негізгі тапсырма –
экономикалық, әлеуметтік әл-ауқат мәселесі жөніндегі заң
актілерін толықтыру мәселесі. Осыдан екі жыл бұрын «Ме-
диация туралы» заң қабылданған болатын. Өзім жетекшілік
ететін орталықта соңғы екі жылда азаматтар арасында
орын алған заңдық шиеленістер бітімгершілікпен шешіліп
келеді. Бүгінге дейін қаралған істің 0,9 пайызы бітімгерлік
жолмен шешілген. Осы тұста атап өту керек, бұл тұрғыда
аудандардың үлес салмағы 3 пайызға жетіп отыр. Осылайша,
Қазақстанның құқықтық жүйесі дүниежүзіне жаңашылдыққа
тез бейімделетінін дәлелдеді. Мұндай жетістіктің басында
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаткерлігі
тұрғанын баса айтқан жөн.
Роза Кушакова, құқық қорғаушы:
– Біз үшін Қазақстанның құқықтық негізі әлемдік стандарттарға сай болуымен, олардан
оқ бойы озық тұруы да маңызды рөлге ие. Еліміз экономикалық-әлеуметтік тұрғыдан дамуға
бет алғанда заңның күші арта түседі. Біз қазақстандықтар өзіміздің төл конституциямызбен
мақтанамыз. Өйткені, онда бірнеше ғасырлардың ең үздік заңнамалық жетістіктері орын алған.
Әлем бойынша біздің Конституция адам құқығын қорғау жөнінде алдыңғы қатарда тұрғанын
атап өткім келеді. Мемлекеттің басты құжаты – Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғайды,
діни көзқарасы мен ұстанымына шектеу қоймайды және адамдардың жұмыс істеуіне, демалула-
рына толық жағдай туғызады. Бұл жағдайлар қағаз жүзінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті
өмірімізде кездесетін жайт екенін ешкім жоққа шығармайды. Қазіргі таңда елімізде сан түрлі
этнос өкілдерінің бейбітшілікте өмір сүруі - әрбір азаматтың құқығы тең дәрежеде қорғалып
отырғанының айқын көрінісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаткерлігінің
негізінде Қазақстан халқы экономикалық-саяси қиындықтарды еңсеріп, елде тұрақтылық
пен бірліктің жібін сетінеткен жоқ. Сондай-ақ құқық қорғаушыларды мазалаған сұрақтар мен
ұсыныс-тілектері ешқашан назардан тыс қалған емес. «100 нақты қадамда» заңның үстемділігін
қамтамасыз ету аясында оның заманауи талаптарға сай жетіле беруін қалаймыз. Менің ойымша,
әлі толықтыруды қажет ететін заңдар бар. Соның бірі «Бақ туралы» заң. Мен шын жүректен
барлық отандастарымызды Конституцияның 20 жылдығымен құттықтағым келеді.
Дайындаған Нұржан ҚЫДЫРӘЛІ
Әнім сенсің, туған жер!
тараз қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен қР
Конституциясының 20 жылдық мерекесіне орай қР тұңғыш
Президенті саябағының амфитеатрында «Мәңгілік ел – асқақ
әнім!» атты ән кеші болып өтті. Әнмен көмкерілген кештің
ерекшелігі ардагерлерден құрылған көркемөнерпаздар
ұжымдары мен өнерлі ардагерлердің сахна төрінде өнер
көрсетуінде еді.
Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ
Ән кешінің алғашқы өнерпазы Тұрар
Бердіқожаев «Атамекен» әнімен сахна
шымылдығын түрді. Одан кейін қазақы нақышта
ою-өрнекпен кестеленген тақия-шапанымен
төрге озған «Ардагерлер» ансамблі «Көк тудың
желбірегені» әнін өз нақышына келтіре орындады.
Жастық шақтың символындай алқызыл
қалампыр гүлдерін кеуделеріне қадаған «Крас-
ная гвоздика» атты ардагерлер хор ұжымы да өз
өнерлерін ортаға салды. Олардың орындауында
«Хлеб всему голова» әні шырқалды.Отан анаға
деген құрмет пен патриоттық сезімнің жалынына
шарпылған кеш барысында атамекенге, туған
жерге деген ыстық ықыласы ерекше сезілді.
Әрбір әншінің көңіл пернесінен төгілген өлең,
жиналғандардың жүрек қылын шертіп, туып-
өскен мекенге деген махаббатын арттыра түскені
анық сезілді.
Кеш барысында Антонина Беляева «Я
люблю свою землю» әнімен, Тұраркүл Жанұзақова
мен Ранайкүл Дінмағанбетова «Бейбітшілік
сақталады» өлеңімен топ жарды. Сондай-ақ,
қазақы әйелдің көрікті келбетін арттырып,
көзтартар кимешектерімен ортаға шыққан отана-
лары «Асыл аналар» вокалдық тобы «Үшқоңыр»,
«Домалақ ана» және Ш. Қалдаяқовтың әндерінен
попурри айтып, көпшілікпен қосыла шырқады.
Думанды кеште әсіресе, Серік Сабырбековтің дом-
бырамен салған «Жайлаукөл кештері» әні жүрек
қылын ерекше тербетті.
Ел ұйытқысы, айбыным!
Аталмыш тақырыпта қР Конституциясының 20 жылдығына
орай 01731 әскери бөлімінде ауған соғысы ардагерлері мен жас
сарбаздар бас қосқан жиын өтті.
Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ
Биыл ардақты Ата Заңымызға 20 жыл толып
отыр. Жыл өткен сайын, мемлекеттің әр саласындағы
бағындырылған белестер мен жеткен жетістіктер, нақты
нәтижелер мен жүйелі жоспарлар, бір сөзбен айтқанда
қоғамның дамуы Ата Заңмен тікелей әрі тығыз байла-
нысты екендігі белгілі. Жыл басынан бері Тараз қаласы
ауған соғысы ардагерлері атаулы мерекенің қарсаңында
облыстың барлық әскери бөлімдерін аралап, жас сар-
баздармен кездесу ұйымдастырып, ұрпақ сабақтастығы
негізінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, айбынды Ата
Заңымыздың қадір-қасиетін, тарихын жастарға
түбегейлі түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. Кезекті
кездесу Қант зауыты аумағына қарасты 01731 әскери
бөлімінде өтті. Шараға ауған соғысы ардагерлері мен
аталмыш әскери бөлімнің 150-ге жуық сарбазы қатысты.
- Ата Заң - елдің жан-жақты дамуы мен
тыныштығының тірегі, кемел келешегінің кепілі. Әскери
техникаларды еркін игерген жас жауынгерлердің ерік
жігерінің арқасында бүгінде елдің ұйқысы тыныш, өмірі
бейбіт, - деді «Тараз қаласы Ауған соғысы ардагерлері
мен мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
Дүкенбай Ермеков.
Әскери оқу-жаттығу алаңында өткен кездесуде
ауған соғысы ардагері Шухрат Абдубахат пен ҚР қарулы
күштер қызметкері, зейнеттегі подполковник Алмат
Жантөбетов әскери өмірдегі Ата Заңның орны мен
маңызы жайлы және ауған соғысындағы естеліктерімен
бөліссе, ардагер Пәрімбек Сәдібеков қазақтың қара
домбырасын қолына алып, ана жайлы ән шырқады.
Жас сарбаздар ардагерлерге сұрақтар қойып, әскери
тақырыпта әңгіме өрбітті. Шара соңында ардагер
Дүкенбай Ермеков Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат
бөлімі мен қалалық ауған соғысы ардагерлері атынан
01731 әскери бөлімі ұжымына Алғыс хат табыс етті.
Еліміз 1995 жылы өзінің талғам –талқысынан өткен басты
құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады.
Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің
барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. қастерлі
құндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың
нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді
орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата заң тәуелсіздігіміз бен
тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі
тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. Атаулы мерекеге
орай біз заң саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың пікірін
білген едік. Айта кетерлігі, жалпы республика бойынша адвокаттар,
заңгерлер және құқық қорғау саласында қызмет атқарып жүрген
мамандардың басым көпшілігі нәзік жандыларымыз екен.
«Ханда қырық кісінің ақылы болса,
Биде қырық кісінің ары мен білімі бар»
Қаныш Сәтбаев
8
// «ЖАМБыл - ТАРАЗ» // №35 (1270), 26 ТАМыЗ 2015 Жыл //
құрақ көрпе
Желідегі жазбалар
ЖЕтіСіППіз...
Бәрі кабинетте болды. Ағайдың алдында отырмын, көзімді
мөлитіп алдым. Алдында ғана дәлізде көргенде шошаңдап-ақ
жүргенмін. Бірақ алдында тым артық олай етпей-ақ қояйын
дедім.
- Ал айт,- деді ағай.
- Айтқанда, сәл аздау болып тұр. Емтиханға кірмей қалатын
сияқтымын,- дедім өтірік басымды салбыратып.
Сәл дауысын төмендетіп:
- Әй, маған да сол аздау болып тұр. Сен қос, мен де
қосайын.
- Құрметті ырбиған Тырбиғанұлы, анау әшкиіңіздің ар-
тында көз тұр, көздің төменгі жағынан бір сөздер шығып
жатыр. Жоғары жақтағы миыңыздың содан хабары бар ма?
Ұялсаңызшы, жетер осы. Тағы елу студент бар ғой,- дедім.
ырбиған Тырбиғанұлының одырайған көздері шодырайып
кетті де:
- Әй, сен де қызықсың, бәрінің есеп-қисабы бар ғой. Ол елу
студенттікі «уже» есептеулі. Өзің біл!,- деп салды.
- Өзім білсем, өзім білейін.
- Тоқта! Сен де мені түсінші?-деді. Көздерінде әйелінің
ақша сұрап тұрған суреті тұр. - Қарасам, енді бұл кісінің көздері
мөлдіреп кетіпті. Ал менің жаным елжіреп кетті.
Құрысын, шошып кеттім.
Сосын аяп кеттім.
Мейлі!,- деп ақшамды қостым-дағы, есікке қарай таяп
кеттім.
- Әп, бәрекелді! Бүгін үйде бір «сюрприз» бар деп еді.
Сюрпризге сюрприздей ақша керек,-деп ырбиған Тырбиғанұлы
артымда қуанып қалды. Артыңдағыларға қуаныш сыйлап
жүрген қандай жақсы, иә?!
***
Бүгін бір жақсы жігітпен таныстым.
Таңның самалын тотыдайын таранып қарсы алып, әр кешті
терезеге телмірумен өткізетін едім. Қазір ойлап қоямын, есі
дұрыс адамның жігіті терезеден келе ме? Оның үстіне төртінші
қабат болса?!
Не керек, бүгін , «саябақта» деп өзімше болып айтпай-ақ
қояйын, жұмысқа бара жатқан қотыр-шотыр жолдың үстін ұшы
үшкір топлиыммен топ-топ етіп басып кетіп бара жатыр едім,
артымнан бір жігіт дауыстап :
-Қарындас, сізбен танысуға бола ма?,- деді. Кәдімгідей
басқаша сезім бойымды билеп келе жатыр еді, түріме қарап:
- Қалжыңдаймын...-деді.
- Өй, сен де. Маздаған бір үмітті сөндірдің!-деп өзімше бо-
лып кете бардым. Осының бәрін көріп тұрған тағы бір жігіт бар
екен. Құдай біледі, мені аяп кетті-ау деймін:
- Қара қыз, ол сізге қарамаса, сіз маған қараңыз,-деді.
Әлгіден қалған көңіл бар... Ұрыссам ба екен? Бірақ «бұған
да жетпей жүрген тағы жеті қыз бар ғой, сорымды асыра
бермейін» деп әлгі жігітпен таныстым. Қазір бір айдан асты,
бізде «махаббатизация» кәдімгідей. Екеуміз жолда келе жа-
тырмыз. Ол маған:
- Жаным, маған қарызға ақша берші? -дейді.
- Қойшы!
- Неге?
- Үйленген соң, бермей кетесің! - дедім.
Қатырдым-ау деймін,ә? Ойланып қалды ол да.
Ол мені үйіне таныстыруға алып бармақшы. Мен де
бармақшымын...
- Әке, Ана! Мінекей келіндеріңіз! Замангүл Жалғанқызы!
- Жетісіпсің! – деді ырбиған Тырбиғанұлы.
- Жетісіппін! – дедім мен де. ырбиған Тырбиғанұлына
көзімді қысып:
- Жақсы болды, келесі жылға сізге көп клиент, клиент
деппін ғой,студент жинап беремін ,- дедім.
***
Ал ағайын,тойға келіңіздер! Қанша клиент, клиент
деппін ғой, студент жинағанымды тойдың қалай өткенінен
көресіздер!!!
Асылзат ЖұМАБАй
Отырыс
Тоғызыншы сынып жетекшісі
Роза Ілиясқызы бүгін ашу-
лы. Оқушыларының ләм-мим
д е м е с т е н т ү н г і о т ы р ы с
жасағаны жанына батты. Білімге
қаншалықты шорқақ болса, би
алаңын соншалықты қыздырып
ала жөнелетін өз сыныбына
өкпесі қара қазандай.
- Отырыс жасау кімнің идеясы
болды? Көңіл көтергенше білім
алып, сабақ оқымайсыңдар ма?,-
деді ұстаз.
- Біз отырыс жасамадық,- деді
оқушылар да бірауыздан.
- Бәрің бардыңдар ма?
- Жоқ, біз отырыс жасаған
жоқпыз
- Отырысты кімнің үйіне
жасадыңдар?
- Біз отырыс жасаған жоқпыз
Неше сұрақ қойса да жауап ала алмаған мұғалім «расында, отырыс жасамаған екен» деген
ойға келді. Дегенмен, істің анық-қанығын тексеру мақсатында енді қулыққа көшті:
-
Марат ұят емес пе? Ұл-қыздар 5 мыңнан жинағанда қаттылық жасап мың теңгені әзер
беріпсің ғой?!.
-
Ой, апай қойыңыз! Мен де 5 мың бердім! - деді Марат жұлып алғандай...
Саматтың есебі
Қорадағы қой, өрістегі малдың түгелдігі,
бөтен іздеу - Саматтың мойнында. Тірлігі
тап-тұйнақтай балақайдың санағы да
тапиядай. Ойда қанша қой қалды, қырда қанша
сиыр жүр, тіпті көрші қолаңның қорасындағы
қозы-лақтың санынан да қателескен емес.
Мал санаудан мүдірмеген бала неге екенін
мектептегі математика пәніне келгенде
жаңылып, есебі ақсап тұр. Екінші сыныпқа
барса да, санды санға қоса алмай әлегі
шығады да жүреді.
Бірде математика пәнінің мұғалімі Айғаным
апай:
- 2-ге 2-ні қосса қанша болады?,- деді.
Самат үнсіз тұра берді.
- 2-ден 2-ні алса ше?
Самат басын шайқады.
Айғаным апайы:
- Математиканы түсінбейсің бе? Әлде мен
сені түсінбей жүрмін бе? Ойыңды еркін жеткізе
алмай ұялатын шығарсың, а?,- дегені сол
Самат сайрай жөнелді.
- Апай өз ойымды айтсам болады ма?
- Әрине, болады! Айта ғой?
- Менің қорамдағы шұнақ екі ешкіме,
көршінің ақсақ тоқтысы мен ісегін қосқанда
4 болады. Ал екі ала сиырды папам базарға
сатуға алып кеткенде қора бос қалды,- деді.
Жанұя бақытын зерттеуші
Ол бар ғұмырын «Жанұя бақыты мен шаңырақ шаттығының құпиялары» атты көп
томдықтарына арнады. Оның кітаптарын оқығандар жер-жерден жиі қоңырау шалып, отбасылық
кеңес алуының арқасында бақытты ғұмыр кешкендерін айтудан бір жалыққан емес.
Өзі 12 рет неке құра тұрып, әлі де бойдақтардың қатарында жүрген психология
ғылымдарының кандидаты, профессор мырзаға жұбы жазылмаған жұбайлар қарыздар екенін
айтып, үздіксіз алғыс білдіруде ...
Жақсы көру
-Анашым, махаббат деген мектепте Дамир мен Дастан ғой иә,- деді бірінші сыныпқа барып
жүрген Әсәнәй.
-Олар неге екеу? Махаббат деген біреу болмай ма?,- дедік анасы екеуміз тіліне қызығып.
-Менде екеу! Дастан кәмпит береді сол үшін, ал Дамирді диктанттан көмектесетіні үшін
жақсы көремін,-деді...
Кітапқұмар
Бұлғақтың Базарбай атасы өте білімді
кітапқұмар кісі болыпты. Кітаптан кітап
қоймайды екен. Бар ғұмырын мал бағуға
арнап өткен атадан бүгінде қой да қалмады
- балалары бәрін сатып жіберген. Алай-
да атасына еліктеген немересі Бұлғақ та
кітапқұмар жігіт. Ол да кітапты жастанып
ұйықтап, қолтықтап оянады. Бір ерекшелігі
Бұлғақ өз кітаптарының бір бетін де оқып
көрген емес. Ол оны басшыларға кіргенде әр
парағын әмиян ретінде қолданады. Есесіне
атасы сияқты малшы емес - басшы!
Достарыңызбен бөлісу: |