ПӘнді оқытуға арналған әдістемелік ұсыныстар



Pdf көрінісі
Дата12.03.2017
өлшемі77,13 Kb.
#8944

Қазақстан Республикасы білім және  ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Химиялық технология және жаратылыстану факультеті

География және туризм кафедрасы

        

050609 – География мамандығы студенттеріне арналған

Топография және геодезия негіздері пәнінен

ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар


Әдістемелік ұсыныстарды

 бекіту парағы             

ПМУ ҰС Н 7.18.1/05

                                                БЕКІТЕМІН

Химиялық технология және 

жаратылыстану факультетінің  деканы

________________ Қ.Қ.Ахметов                                                                        

                                                   «_____»____________2009 ж.

Кұрастырушы: б.ғ.к., доцент Габдулхаева Б.Б. _____________

 

География және туризм кафедрасы



ПӘНДІ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Топография және геодезия негіздері пәні

050609 – География мамандығы студенттеріне арналған

Кафедра мәжілісінде ұсынылған «___» __________ 2009 ж. №___хаттама

Кафедра меңгерушісі ___________________________ Калиева А.А.

 

      



Химиялық технология және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік 

кеңесімен мақұлданған

«___» __________2009 ж. № ___ хаттама

 

ОӘҚ төрайымы_________________________У.Д. Бүркітбаева



Андатпа

Топография   және   негіздері   пәні   бойынша   пәнді   оқытуға   арналған

әдістемелік   ұсыныстар   050609   -   География   мамандығы   бойынша   бакалавр

дайындауындағы пәнді оқытуы процессінің маңызды оқу жұмысының түрі

болып табылады. 

Топография – Жер туралы ғылым, ол құрлық бетін геометриялық түрде

зерттейді. Жергіліқті жердің түсірілімі - топографиядағы жер бетін зерттеуде

негізгі әдіс болып келеді. Бұл далалық және камералды жұмыстардың күрделі

кешенді   түрдегі   жұмыс.   Графикалық   құжаттар   карталарда   көрсетілмейтін

топографиялық   сипаттаумен   (жергілікті   жер   туралы   физикалық-

географиялық және экономикалық мәліметтер) толықтырылады. 

Топографиялық   құжаттар   мемелекеттік   қорғау,   қоғам   өндіріс,

ғылымынң көптеген мақсаттарын шешуде пайдаланады. Осыған байланысты

топографияға   топографиялық   карталардан   және   әуефотосүреттерден

жергілікті   жер   туралы   ақпарат   алуының   тиімді   әдісінің   құрастырылуы,

топокарталардың    қасиеттерін және оларды даоа мен камерал жағдайында

пайдалануы табылады.

Пәнді оқыту мақсаты: топографиялық карталар мен әуесүреттерден

жергілікті жер туралы тиімді әдіс арқылы ақпараттар алу, оларды барлау және

арнайы түсірімдерді жобалауда пайдалану.

Пәннің оқыту міндеттері: 

–  негізгі   міндетті   студенттер   топографияның   географиялық   ғылымдармен,

яғни   ландшафттану,   геоморфология,   гидрологияны   және   т.б.   байланысты

екенін жақсы білу;

-   картадан географиялық табиғи қатынасын, топографиялық түсірімдердегі

жергілікті жердің географиялық ерекшелігін терең тану; 

-  жергілікті жерде бағдарлау;

-  план және карта ұғымдарын қалыптастырып, оларды айыра білу;

-  геодезиялық өлшем әдістерімен танысу;

-  қателік теориясынын элементтерімен танысу.



  

Әдебиет

Негізгі:

1. Қалыбеков Т.Қ. Топография және геодезия негіздері. Алматы, Ана-тілі. 

1993

2. Қуанышбаев С.Б. Карталар мен пландар. Алматы, Қазақ университеті. 1998



3. А.С.Харченко и А.П.Божок. топография с основами геодезии. М.Высшая 

школа, 1986

4. Г.В.Господинов, В.Н.Сорокин Топография. МГУ, 1974

5. Колдько В.Д. Практические работы на топографических картах 

(методические указания). Алма-Ата: Кітап, 1985

6. Грюнберг Г. Ю. Картография с основами топографии. – М., 1991

7. Иваньков П.А. Основы геодезии, топографии, и картографии. – М., 1994.

8. Нұрпейісова М.Б. Геодезия және маркшейдірлік іс. – А., 1993.

9. Нұрпейісова М.Б. Геодезия.– А., Республикалық баспа кабинеті., 1993, 120 

б.

10.



Яников Г.В. Практическое пособие по основам топографии и 

картографии. – М., 1971.



Қосымша:

11.


Б.Б.Серапинас. Топографические карты. Фотоснимки и геодезические 

измерения. М: МГУ. 1979

12.

Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5000, 1:2000, 



1:1000, 1:500. М. Недра. 1973

13.


Захаров А.И. Новые теодолиты и оптические дальномеры. М. Недра. 

1978


14.

Комков И.Г., Костриц И.Б. Гидрографическая сеть и ее изображение на 

топографических картах7 М.ВТУ.1975

15.


Минин Е.А. О выборе масштаба топографической съемки для подсчета 

запасов полезных ископаемых. 1973. Геодезия и картография. – № 7.

16.

Асур В. А., Муравин М.М. Руководство по летней         геодезической и 



топографической практике. – М., 1989.

17.


Андреев Н.В. Методическое пособие по факультативному курсу     

«Топография и картогрфия»

18.

Лебедев М.К. Топографическое черчение: Учебник для техникумов. М.,



Недра, 1981. 176 с.

19.


Волков Н.М. Составление и редактирование карт. М., Недра, 1971.

20.


Руководство по обновлению топографических карт. М., ОНТИ 

ЦНИИГАиК, 1977.



Пәннің мазмұны

№ 1 тақырып. Кіріспе. Топография және геодезия пәндері.

Топографияның   және   геодезияның   анықтамасы,   мазмұны   және

міндеттері.   Топография   және   геодезия   пәндері,   оқыту   объектілері.

Картографиялық-геодезиялық ғылым жүйесіндегі және басқа да пәндердегі

топографияның   орны   мен   рөлі.   Курстың   оқу   міндеттері.   Топографияның

геодезия, әуеғарыштық зерттеу әдістері, география және басқа да ғылымдар

мен   байланысы.   Топографиялық-геодезиялық   жұмыстардың   болашағы   мен

даму   тарихы.   Қазақстан   ғалымдарының   ғылымның   дамуына   қосқан   үлесі.

Шет   елдердегі     топографияның   қазіргі   кездегі   дамуы.   Топографиялық-

геодезиялық және картографиялық жұмыстар және олардың ұйымдастыруы

туралы жалпы түсінік.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[3],[7],[8],[9]. 



  №   2   тақырып.   Жердің   пішіні   мен   көлемі   туралы   жалпы

мағлұматтар. Масштаб.

Масштабтар:   сандық,   сызықтық,   көлбеулік,   атаулы.   Көлбеу   масштаб,

құрылуы   және   теориясы.   Сызықтық   және   көлбеу   масштабты   қолдану

Координаталар   жүйесі   жіне   биіктік   жүйесі,   топографияда   қолдану.

Масштабтын дәлдігі. Карта бойынша арақашықтықты өлшеу.

Карта бойынша ауданды өлшеу.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[3],[8],[9],[15]

№ 3 тақырып. Сызықтарды бағдарлау. 

Географиялық   және   магниттік   мередиандар.   Мағниттік   бұрмалану.

Сызықтардың   шын   және   магниттік   азимуттары.   Румб.   Мередиандардың

жақындауы.   Дирекциондық   бұрыштар.   Азимуттар,   дирекционыдық

бұрыштар сызықтардың румбасы және полигон бұрыштарының арасындағы

байланыстар. Тура және кері геодезиялық есептер. Өлшеулердің қателіктері

туралы түсінік (қателіктің түрлері, олардың қасиеттері, қателіктердің сандық

сипаттамасы).

Ұсынылатын әдебиет: [1],[3],[4],[6],[8],[9] 

№   4   тақырып.   Топографиялық   карталардың   географиялық

мазмұны

Топографиялық   карталар   мен   пландар   туралы   түсінік,   олардың

қасиеттері,   ерекшелігі,   жүйесі,   талаптары,   құрастырудағы   жалпы   схемасы.

Топографиялық   карталар   мен   пландардың   мазмұны,   математикалық   негізі,

картографиялық   бейнелуі,   қосымша   мәліметтер.   Топографиялық   карталар

мен пландардың масштабтық реті.

 

Топографиялық карталарда бейнеленетін



нысандар.   Масштабты,   масштабтан   тыс   және   сызықтық   шартты   белгілер.

Гидрографиялық   тораптың   бейнеленуі.   Өсімдік   жамылғысы   мен   грунттың

бейнеленуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[2],[3],[4],[5],[6],[7],[8],[19],[20]



№   5   тақырып.   Топографиялық   карталар   мен   пландардың

номенклатурасы мен разграфкасы. 

Карталарды графтау және номенклатуралау түсініктері. Қатарлар мен

бағаналар.   Карта   парағының   жақтаушасы.   Географиялық   координаталарды

анықтау.   Топографиялық   карталардың   геодезиялық   негізі.   Мемлекеттік

геодезиялық   торап   пунктері   мен   түсіріс   негіздемесінің   нүктелері.

Топографиялық   карталар   проекциялары.   Координата   торлары   және

топографиялық   карталардың   рамкасы.   Топографиялық   карталар   мен

пландардың шартты белгілері, жазулар мен цифрлық белгілерінің жүйелері.

Топографиялық карталардағы картографиялық генерализация.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[2],[3],[4],[6],[7],[8],[9],[10],[19],[20]



№ 6 тақырып. Геодезиялық тордың тірегі. 

Картада жер бедерін бейнелеу тәсілдері. Горизонтальдар. Жер бедерінің

қима   биіктігі.   Жатыс.   Еңістелу   бұрышы.   Биіктік   белгілері.   Жер   бедерінің

негізгі   элементтері   мен   пішіндері.   Жер   бедері   бейнесін   жалпылау.

Топографиялық карта бойынша жергілікті жердің бедер пішіндерін зерттеу.

Жергілікті жердегі өлшеу түрлері. Жергілікті жердің нүктелерін бекіту және

белгілеу.   Жергілікті   жердің   сызықтарын   өлшеу   аспаптары.   Сызықтарды

штрихты бірқалыпты ленталармен өлшеу. Эклиметримен еңістік бұрыштарды

өлшеу.   Жергілікті   жерде   нүктелердің   горизонталды   және   вертикалды

бұрыштарын өлшеу. Техникалық теодолиттер, олардың құрылысы.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[8],[9],[15],[16],[17] 

№ 7 тақырып. Түсіру жұмыстарын ұйымдастыру. 

Теодолиттік түсіріс. Нүктелер арасындағы биіктікті анықтау. Нивелир,

оны   құрастыру   және   жөндеу.   Нивелирлік   рейка.   Нивелирмен   биіктікті

анықтау   тәсілдері.  Тригонометриялық  нивелирлеу.   Тахеометриялық   түсіріс.

Дистанциялық   түсіру   мәні,   түрлері,   ерекшеліктері,   маңызы.   Ғарыштық

түсіріс   туралы   түсінік.   Көз   мөлшермен   түсіру.   Көз   мөлшермен   түсірудің

негізгі

 

қасиеттері.



 

Аэрофототүсірісті

 

жасау.


Аэрофототүсірістердің   геометриялық  

 

  қасиеттері.



Аэросүреттерді   дешифрлеу.   Жердегі   фототопографиялық

түсіріс


.

  Жергілікті   жерде   координаталарды,   биіктіктерді   өлшеудің   қазіргі

кездегі мүмкіндіктері.

Ұсынылатын әдебиет: [1],[3],[4],[7],[8],[9],[11],[12],[13],[14].




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет