Б. Б. Мамраев- филология ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет17/27
Дата12.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8960
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27

Резюме 
В данной статье рассматривается вопрос о важности обеспечения в обществе  прав ребенка. 
Каждый  ребенок  должен  знать  свои  права,  обязанности,  чтобы  с  легкостью  ими  оперировать  в 
нужной  для  него  ситуации.  Благополучие  детей  и их  права  всегда  вызывали  пристальное  внимание 
международного сообщества.   
Summary 
This article discusses the importance of ensuring children's rights in society. Every child should know 
their rights and responsibilities that can easily handle them in the right situation for him. The well-being of 
children and their rights have always attracted attention of the international community. 
 

103 
 
БИОЛОГИЯ САБАҒЫНДА CASE-STUDY ӘДІСІН ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
М.Ж. Махамбетов, 
жаратылыс ғылымдары магистрі, Х.Досмұхамедов Атырау мемлекеттік 
университетінің оқытушысы 
Г.Б. Исмаилова
, қалалық №3 мектептің биология пәні мұғалімі 
 
Бүгінгі  күні  білім  беруді  әлемдік  бағыттарға  сәйкестіндіру  білім  беру  үрдісінің  жаппай 
жаңашылдануына  әкелмек.  Осы  орайда  қазіргі  әлемдік  білім  стандарттарына  сәйкес  Қазақстанда 
Назарбаев  Университеті  және  зияткерлік  мектептерінде  оқытудың  озық  технологиялары  мен 
әдістемелері  арқылы  білім  берілуде.  Елбасы  аталмыш  Халықаралық  деңгейдегі  отандық  оқу 
орындарының  білім  берудегі  тәжірибелерін,  әдістемелері  мен  технологияларын  пайдалану  арқылы 
Қазақстандағы  барлық  оқу  орындарының  қатарын  жаңашыл  бетбұрысқа  бұруды  тапсырды.  Осы 
орайда  Елбасы  шетелдік  оқыту  әдістемелері  мен  технологияларды  қолдануды  ұсынған  еді.  Қазіргі 
кезде  білім беру  жүйесінде  оқушының  сабақтарда өзінің  ойын  еркін  білдіру,  белсене  араласу  сияқты 
қасиеттерін арттыру мақсатында көптеген әдістер бар. Солардың ішінде шетелдік әдістердің бірі case-
study (кейс-стади) әдісі. Кейс әдісі  нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге 
мүмкіндік  береді.
  Ол  оқушыларды  пәнді  оқуға,  білімді  терең  меңгеруге,  ақпаратты  өңдеуге  және 
талдауға,  әр  түрлі  жағдайларды  саралауға  мүмкіндік  береді.  Әсіресе  кейс-стади  әдісін  мектептегі 
биология  курсында  қолданғаннын пайдасы  мол  болып  келеді.  Сол  сияқты  ол оқушыларды   биология 
сабағында  тақырып  бойынша  еркін  сөйлеп  және  болжауына  мүмкіндіктерді  береді.  Кейс  әдісі  латын 
тілінен  шиеленіскен  немесе  ерекше  жағдай  дегенді  білдіреді.  Бұл  әдіс  көп  уақыт  пен  материалдық 
шығынды  қажет  ете  қоймайды.  Кейс  әдісін  интерактивті  әдістің  бір  нұсқасы  ретінде  немесе  кәсіби 
әрекеттің  белгілері  бар  шағын  іскерлік  ойын  ретінде   қарастырсақ  та  болады.  Бұл  технологияда  оқу 
материалын  терең  үйренушілерге  проблемалық  жағдайлар  арқылы  ұсынылады,  студент  аталған 
жағдайды шешуге шешім қабылдау барысында белсенді зерттеу және шығармашылық әрекеті арқылы 
үйренеді. 
Заманауи  білім  беру  үдерісі  ең  алдымен  жеке  тұлғаға  бағытталып,  оқушының  іскерлігін, 
коммуникативтік құзыреттілігін дамыту міндеттерімен ұштасып жатқандықтан, білім мазмұнын құрудың 
әдіснамасын  дұрыс  таңдап  алу  қажеттілігі  туындайды.  Ол  үшін  қазіргі  заман  талабына  сай  биология 
курсынан  материалды  меңгертуде  озық  технологияларды,  ұтымды  әдіс-тәсілдерді  пайдалану,  білім 
беру  саласында  жүйелі  жұмыстар  атқару  –  еліміздегі  ең  маңызды  әрі  кезек  күттірмейтін  ауқымды 
мәселелердің бірі болып отыр. 
Биология курсында CASE STUDY әдісі келесі дағдыларды дамытады: 
1.  Аналитикалық  дағдылар.  Оларға  келесілерді  жатқызуға  болады:  деректердің  мәліметтерден 
айыру  шеберлігі,  маңызды  және  маңызды  емес  ақпараттарды  айыра  білу,  талдау,  елестету  және 
оларға  қол  жеткізу,  жіберіп  алған  ақпаратарды  тауып,  оларды  қалпына  келтіру  шеберлігі  және  т.б. 
Нақты  және  логикалық  ойлау  қабілеті.  Бұл  әсіресе,  ақпарат  сапасы  төмен  болған  жағдайда  өте 
маңызды. 
2.  Тәжірибелік  дағдылар.  Кейсте  көрсетілген  нақты  жағдайларымен  салыстырғанда  мәселенің 
күрделілігі  төмен  деңгейі  экономикалық  теорияларда,  әдістер  мен  принциптерде  қолданылатын 
тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді. 
3.  Шығармашылық  дағдылар.  Ережеге  сай  жалғыз   CASE-пен  мәселе  шешілмейді.  Мұнда, 
логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте 
маңызды. 
4.  Коммуникативті  дағдылар.  Олардың ішінен төмендегілерді  атап  айтуға  болады:  дискуссияны 
жүргізу  шеберлігі,  қоршаған  адамдардың  көзін  жеткізу.  Көрнекі  материалды  және  басқа  медиа 
заттарды  қолдану  –  топтарға  бірлесу,  өз көзқарасын  қорғау,  оппоненттердің көзін жеткізу,  қысқа  да 
нұсқа есеп дайындау. 
5. Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: 
адамдардың  өзін  -  өзі  бағалау  тәртібі,  тыңдай  білу,  дискуссияны  қолдау  немесе  қарама  –  қарсы 
көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б. 
6.  Өзіндік  саралау.  Пікірталас  кезінде  келіспеушілік  басқалардың  және  өзінің  пікірін  жете 
түсінуге  және  талдауға  септігін  тигізеді.  Туындаған  моральдық  және  этикалық  мәселелер  оларды 
шешудің 
әлеуметтік 
дағдыларынқалыптастыруды 
талап 
етеді.   
  
Кейс  әдісін  қолдану  тек  оқытумен  ғана  шектелмейді,  бұл  әдіс  зерттеу  әдісі  ретінде  де  белсенді 
қолданылады.  Сонымен  қатар,  оқудағы  оқу,  білім  және  ізденіс  мазмұнын  біріктіру  арқылы 
oқытушының  кәсіптік  құзыреттілігін  жоғарылатудың  нақты  тәсілдерінің  бірі.  Бұл  әдістің  тиімділігі,  ол 
басқа оқу әдістерімен оңай  байланысуы мүмкін. Сол себепті де биология курсында кейс стади әдісін 
қолдану - оқушының креативті ойлауын дамытып, сабақтың мазмұнын  ерекше құруға шығармашылық  
мүмкіндігін кеңейтуге жағдай жасайды. 

104 
 
Резюме 
В данной статье рассматриваются вопросы применения метода кейс-стади на уроках биологии в 
школе.  Характеризуется  основные  методы  данного  метода  и  особенности  ситуационного  обучения, 
мышления учащихся в курсе биологии. 
 
 
ЭСТЕТИЧЕСКОЕ И ЭКОЛОГИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ НА УРОКАХ ЛИТЕРАТУРЫ 
 
Камелова Т.К., 
учитель русского языка и литературы средней школы № 3 г. Атырау  
                                      
Роль  природы  в  нравственном  воспитании  школьников  нельзя  переоценить.  Природа  широко 
отражена  в  искусстве  –  краской,  словом,  мелодией.  Она  как  бы  сама  открывает  перед  нами  свою 
красоту.  Художники  и  писатели,  изображая  природу,  учат  видеть  не  только  самое  броское,  яркое, 
громадное,  величественное,  мощное.  Они  обращают  внимание  на  то,  что  не  очень  приметно, 
буднично,  что  сопровождает  повседневно  жизнь  и  труд  человека  в  природе.  Воспитывая  умение 
видеть  красоту,  выразительность,  неповторимость  явлений  природы,  школа  и  семья  одновременно 
учат детей дорожить «миром естественной красоты и гармонии» (Ч.Айтматов). 
Многолетний  опыт  учебно-воспитательной  работы  убеждает,  что  природа  не  только  объект 
познания,  не  только  сфера  активной  деятельности  учащихся,  но  и  частица  их  бытия, 
взаимоотношений,  всего  строя  их  жизни.  Природа  —  огромной  важности  воспитательный  фактор, 
накладывающий свой отпечаток на весь характер педагогического процесса. Роль природы в учебной 
работе определяется, прежде всего, активной  деятельностью, участием физических и духовных сил 
ребенка в познании.  
Первый из дошедших до нас величайших памятников литературы - «Слово о полку Игореве» - 
содержит  удивительные  эпизоды,  свидетельствующие  о традиции  изображения  человека  в  единстве 
со  всем  окружающим  миром.  Неизвестный  древний  автор  «Слова»  говорит  о  том,  что  природа 
принимает  самое  активное  участие  в  человеческих  делах.  Сколько  предупреждений  о  неизбежном 
трагическом  финале  похода  князя  Игоря  она  делает:  и  лисицы  лают,  и  разражается  зловещая 
небывалая гроза, и кровав был восход и заход солнца. 
Эту  традицию  донесли  до  нас  многие  мастера  художественного  слова.  Классические 
произведения, будь то «Евгений Онегин» А. С. Пушкина или «Мертвые души» Н. В. Гоголя, «Война и 
мир»  Л.  Н.  Толстого  или  «Записки  охотника»  И.  С.  Тургенева,  совершенно  немыслимы  без 
замечательных  описаний  природы.  Природа  в  них  участвует  в  поступках  людей,  помогает 
формированию мировоззрения героев. 
Таким  образом,  можно  констатировать  тот  факт,  что  говоря  о  русской  литературе 
предшествующих столетий, и в том числе XIX века, мы в первую очередь имели в виду ту или иную 
степень единства, взаимосвязи между человеком и природой. 
Говоря  же  о  русской  литературе  XX  века,  мы  вынуждены  рассуждать  преимущественно  об 
экологических проблемах, возникших на нашей планете. 
Примечательно,  что  еще  А.П.  Чехов  считал,  что  при  нынешних  взаимоотношениях  между 
человеком  и  природой  человек  обречен  быть  несчастным  при  любой  социальной  системе,  любом 
уровне  материального  благополучия.  Чехов  писал:  «Человеку  нужно  не  три  аршина  земли,  не 
усадьба,  а  весь  земной  шар,  вся  природа,  где  на  просторе  он  мог  бы  проявить  все  свойства  и 
особенности своего своеобразного духа». 
И  неудивительно,  что  многие  писатели  уделяли  теме  природы  так  много  внимания.  Из 
писателей-прозаиков  можно  выделить  П.  Бажова,  М.  Пришвина,  В.  Бианки,  К.  Паустовского,  Г. 
Скребицкого,  И.  Соколова-Микитова,  Г.  Троепольского,  В.  Астафьева,  В.  Белова,  Ч.  Айтматова,  С. 
Залыгина, В. Распутина, В. Шукшина, В. Солоухина и других. Многие поэты писали о красоте родной 
земли, о бережном отношении к матери-природе. Это Н. Заболоцкий, Д. Кедрин, С. Есенин, А. Яшин, 
В. Луговской, А. Т. Твардовский, С.Евтушенко и другие поэты. 
В  настоящее  время  взаимодействие  общества  и  природы,  человека  и  среды  его  обитания 
составляет  существо  экологической  проблемы.  Это  и  загрязнение  атмосферы,  морей,  рек,  океанов, 
возникновение эпидемий, неизвестных ранее болезней, нарушение температурного баланса.  
 Человечество должно осознать себя как единое целое в своем отношении к природе. И к этому 
отношению мы, учителя, должны приучать детей со школьной скамьи.  
Изучение  литературного  произведения  в  классе  учитель  нацеливает  на  решение  сложного 
комплекса  образовательных и  воспитательных  задач.  Среди  них  важнейшее  значение  имеют  задачи 
нравственного  и  эстетического  воспитания.  Активная  воспитательная  сила  литературного 
произведения  заключается  в  том,  что  оно  не  оставляет  равнодушным  человека,  затрагивает  в  нем 

105 
 
самые  сокровенные  мысли,  побуждает  его  к  нравственному  самовоспитанию,  духовным 
размышлениям, развивает в нем чувство красоты. 
Изучая литературные произведения, учитель показывает эстетическое своеобразие творчества 
писателя в целом или его отдельного произведения. 
Учащиеся 
приходят 
к 
выводу, 
что  основное 
отличие 
художественного 
познания 
действительности  от  научного  заключается  в  том,  что  писатель  в  своем  произведении  раскрывает 
отношение человека к действительности и действительности к человеку. 
Чтение  и  анализ  литературного  произведения,  обсуждение  нравственных  и  эстетических 
вопросов акцентирует внимание учащегося на сложности произведения, на его своеобразии. Анализ 
литературного произведения – неотъемлемая часть целостного познания.  
Источник  эстетического  воздействия  литературного  произведения  в  его  подлинной 
художественности. 
Внимание к эстетическому содержанию литературного произведения приводит к необходимости 
вдумчиво,  пристально  всматриваться  в  текст,  размышлять,  наблюдать.  Впечатление  от  чтения 
остается  целостным,  когда  читатель  творчески  оценивает  и  содержание  и  форму,  когда  перед  ним 
открывается красота идеалов писателя.  
Высший  уровень  восприятия  произведения  заключается  в  том,  что  за  сюжетом,  конфликтом, 
идеей, формой находится образ писателя. 
Особую роль в эстетическом воспитании играют художественно – изобразительные средства и в 
целом  стиль  писателя  и  поэта.  Умение  видеть  метафоричность  языка,  своеобразие  ритма, 
композиционную стройность и логичность приходит к школьнику в результате длительной работы над 
собой. 
На  уроках  литературы  наряду  с  целями:  навыки  эстетического  осмысленного  чтения, 
формированием воспринимать явления жизни, отраженные в художественном произведении, умением 
разбираться  в  основных  специфических  средствах  искусства  слова,  понимания  и  ощущения 
художественной  функции  изобразительно-выразительных  средств,  мы  не  должны  забывать  об 
экологическом  воспитании.  Решать  все  эти  задачи  позволяют  произведения  о  природе.  Учитель 
помогает  учащимся  увидеть  переданную  в  произведениях  красоту,  открыть  её,  научить  «видеть, 
слышать» и беречь природу. 
Школа  несет  ответственность  за  воспитание  людей,  готовых  держать  в  своих  руках 
экологическое будущее страны.  
Формирование  экологической  культуры  –  это  составная  часть  нравственного  и  эстетического 
воспитания, без этого не мыслится интеллигентная личность, и уроки литературы играют здесь очень 
важную роль.  
Түйіндеме 
             Мақалада орыс әдебиеті сабағында ұлы ақындар мен жазушылардың  шығармалары арқылы  
оқушылардың  жеке тұлғасын  қалыптастыруда  эстетикалық және  экологиялық  тәрбие  берудің   өзекті 
мәселелері қамтылған. 
Summary 
        The  article  considers  the  actual  problems  of  aesthetic  and  environmental  education  of  pupils  on  the 
lessons of literature through works of great poets and writers. 
 
Список использованной литературы: 
1.Ч.Айтматов. Цитата.  
2. А.П. Чехов. Цитата. 
3.  В.А.Сухомлинский.  О  Воспитании.  Издательство  политической  литературы.  Москва,  1975  г. 
270 стр. 
4. Н. А. Кушаев. Основы эстетического воспитания. М.: Просвещение, 1986. 235 стр. 
   
 
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ОҢАЙБАЙ КӨШЕКҰЛЫНЫҢ ӨСУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ж.Б.Абренова, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 
 
Оңайбай  Көшекұлының  пешенесіне  еңістен  басталғанымен,  бел  асқан  сайын  биікке  өрлей 
түсетін тау соқпағындай өршіл өмір жолдары жазылған екен. Оңайбай Көшекұлы «Бақсай» совхозында 
ұзақ  жыл  жұмыс  жасап  жүремін  деп  ойлап  жүрген.  Себебі,  шаруашылық  үнемі  алға  басып,  малшы-
механизатор  қауымымен  де,  қарамағындағы  мамандармен  де  жақсы  қарым-қатынас  орнатқан  еді. 
Оның үстіне ыстық, суығын қатар көріп, шаруашылықтың қызу ортасында жұмыс жасау қатты ұнаған 
да. Бірақ Оңайбай Көшекұлының жолы кенет басқа арнаға ауысып кетті.  

106 
 
1966 жылдың қазан айында Оңайбай Көшекұлын облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы 
Мұқамбет Айтуұлы Есенов шақырып алып: - Совхоз директоры болып жақсы жұмыс жасадың, - деді. – 
Біз  осында  ақылдаса  келіп,  сені  облыстық  партия  комитетінің  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің 
меңгерушісі етіп тағайындасақ деген ойға табан тіреп отырмыз. 
Оңайбай  Көшекұлы  көп  кешікпей  облыстық  партия  комитетінің  ауыл  шаруашылығы  бөлімінің 
меңгерушісі болып шыға келді. Бұл жұмысты ол бар болғаны бір-ақ жыл істеді. Өзін облыстық партия 
комитетінің  аппаратында  дайындап  алып,  басқа  жұмысқа  жіберетінін  Оңайбай  Көшекұлы  бірден 
түсінді. Себебі, ол мұны партиялық жұмыс әдісінен ұққан-ды. Оның үстіне мұны Маңғыстау ауданына 
бірнеше  рет  іссапармен  жіберген-ді.  Маңғыстау  ауданына  барған  сайын  Оңайбай  Көшекұлы  аудан 
экономикасымен мұқият танысып, оның тыныс-тіршілігіне талдау жүргізді.  
Колхозшылардың тұрмыс деңгейі тым төмен екен. Қаржының жетіспеуінен мал қораларының, 
тұрғын үй, басқа да мәдени, өндірістік объектілер құрылыстары жүргізілмеді десе де болады. Ал Өзен 
мен  Шевченко  қалаларындағы  кәсіпорындарда  жалақы  жоғары  төленетін.  Колхоздардың  адамдары 
солай  қарай  ағып  жатты.  Бір  сөзбен  айтқанда,  Маңғыстау  облыс  орталығынан  тым  шалғай  жатқан, 
әлеуметтік жағынан дамымаған аудан еді.  
М.Есенов Оңайбай Көшекұлын шақырып: 
-  Қонаев  жолдас  Маңғыстау  ауданының  ерекшелігін  ескеріп,  оған  тәжірибесі  мол  жас  жігітті 
жіберу керек деген ақыл айтты. Сол себепті біз бұл орынға сені жіберуге келістік, - деді. 
Ол  кезде  облыстық  партия  комитетінің  айтқанын  орындамау  тәртіпсіздік  деп  қаралатын. 
Сондықтан  Оңайбай  Көшекұлы  дәлел  айтып,  бас тарта  алмады.  Ал  бұл  кезде ол  басшылық  жұмыста 
әбден ысылып, көп тәжірибе жинақтаған еді. Сонымен қатар істің ағымын екшей саралап, тың істерді 
бастауға жаттыққан-ды.  
Бірақ  Оңайбай  Көшекұлы  ауданның  тым  артта  қалған  мешеулігін  және  оның  көкейкесті 
мәселелерін  Қонаевтан  басқа  кісінің  шеше  алмайтынын  түсіндіріп,  сондықтан  ол  кісінің  қабылдауын 
сұрады.  В.К.Севрюков  Оңайбай  Көшекұлының  өтінішін  дұрыс  түсініп,  келесі  күні  оны  Д.А.Қонаевқа 
кіргізді. 
-  Бұл  жұмысқа  өз  еркіңмен  келістің  бе,  әлде  сені  күштеп  жіберіп  отыр  ма?  –  деп  сұрады 
Дінмұхамед Қонаев. 
Оңайбай  Көшекұлы  бұл  жұмысқа  өзін  күштеп  жібергенін,  ал  облыстағы  бұл  шалғай  жатқан 
ауданның  әлеуметтік-экономикалық  даму  жағынан  өте  артта  қалғанын,  оны  шешуге  республиканың 
күші мен қаржысының қажет екенін, аудан басшысын өзгертумен іс бітпейтінін, тиісті көмек болмаса 
аз  ғана  уақыттан  кейін  өзін  де  кінәлі  деп  босатуға  болатынын  ашып  айтты.  Д.А.Қонаев  оның  сөзін 
үзбей дұрыс тыңдап алды да: 
-  Аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  сайланғасын  барлық  мәселені  жазып, 
Севрюковке  әкеліп  тапсыр.  Ал  ол  Орталық  Комитет  пен  Министрлер  Кеңесінің  қаулы  жобасын 
дайындайды, сосын мәселені шешеміз, - деді де Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Севрюковке қарады. – 
Василий  Кузьмич,  Оңайбай  Көшекұлының  жұмысын  да,  қызметтегі  әрмен  қарай  өсуін  де  назарға 
аларсың. 
Дінмұхамед  Ахметұлы  Қонаевтың  бұлай  деп  айтуына  Оңайбай  Көшекұлының  батыл  да  іскер 
сөзі  ұнаған  болу  керек  деп  пайымдауға  болады.  Ал  сол  сәтте  Оңайбай  Көшекұлы  Д.А.Қонаевтың 
кабинетінен  қанағаттанып  шыққан-ды.  Себебі,    республика  бірінші  басшысының  көмек  көрсетуге 
ыңғай білдіруі оған дем беріп, тың іске құлшындырған болатын [1, 19-31б].  
Оңайбай  Көшекұлы  Маңғыстау  аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  1968 
жылдың қаңтар айында сайланған еді. Бұл кезең қыстың толық қуатына мініп, шаруашылықты қысып 
тұрған шағы болатын. Енді ол алдымен қыстақ орындарын түгел аралап шықты. Бұл сапардан бірінші 
хатшының көңілі жүдеп қайтты. Өйткені, малшылардың тұрмысы, мал жағдайы нашар екен. Көптеген 
колхоздардың  малдары  ашық  аулада  жатады,  ең  болмаса  төбесін  қалқалаған  ықтасын  да  жоқ. 
Мұнымен қатар жемшөп жетіспей, шаруашылықтарда көп мал шығын болған. 
Сол шақта да қыс қатты болып, мал мен жанды қыса түсті. Сол себепті директор мал азығын 
толықтыруға  күш  салды.  Қаладағы  дайындау  кеңсесінің  базасынан  жем  алу  үшін  директор  Оңайбай 
Көшекұлының өзі оған тым ертелеп барып, жем тиейтін машиналарды қақпаға тіреп қоятын. Тағы бір 
қиындығы,  жемді  қаптап  алу  қажет.  Оған  адамдар  жалдап,  тиісті  құжаттарды  жасақтағаннан  кейін 
жем  тиетуге  барады.  Бұл  жұмыстың  тез  жүруі  үшін  Оңайбай  Көшекұлы  оны  өзі  бақылап  тұратын. 
Әрине,  осы  істің  бәрі  көп  уақытты  жұтып  та  қоятын.  Сосын  жем  тиелген  барлық  машиналарды  өзі 
бастап, совхозға қарай жол тартады. 
Бірде  ферма  орталығы  Томанға  осылай  жем  алып  келді  де  Оңайбай  Көшекұлы  оны  ауыл 
адамдарының  көлігімен  машиналарға  таратуды  селолық  Кеңестің  төрағасы  Б.Есжановқа  тапсырды. 
Себебі,  қалың  қардан  қыстақтарға машина бара  алмайтын-ды. Өзі басқа  шаруамен  кетіп, келесі  күні 
қайтып  келгенде  жем  қыстақтарға  әлі  жеткізілмеген  екен.  Төраға  адамдардың  бір-біріне  сілтеп, 
ұйымдаспағанын айтты. Директор ештеңе деместен фельдшерлік пунктке ауыл адамдарын шақыртты. 

107 
 
Оған  негізінен  зейнеткерлер  жиналды.  Оңайбай  Көшекұлы  отырғандарды  бір  шолып  алып,  қоңыр 
даусын соза сөз бастады: 
-  Сіздер  совхозда  тікелей  жұмыс  жасамағанмен  шаруашылықпен  тығыз  байланыста 
отырсыздар.  Себебі,  біреуіңіздің  балаңыз,  келесіңіздің  ағайын-туыстарыңыз  бізде  қызмет  істейді.  Ал 
совхоз  да  Сіздерге  барынша  көмектесіп,  пішен  береді.  Демек,  шаруа  ортақ.  Олай  болса,  ана  жемді 
көліктеріңізбен  малшыларға  тасып  берсеңіздер  біз  де  риза  болар  едік.  Адамдар  үнсіз  тарасты.  Бірақ 
біреуі ат шанаға  тиеп,  тағы  біреуі  түйеге  артып,  қап-қап  жемді  әр  малшыға  қарай таси  бастады. Бір 
тәулік 
ішінде 
жан-жақтағы 
қыстақ 
орындарына 
жем 
түгел 
жеткізілді. 
Мәні, 
осындай 
ұйымдастырушылық істі мұнда да өрістете түсу қажеттігі туындады. 
Бұдан  кейін  қандай  көмек  керек  екенін  нақты  айтып,  Оңайбай  Көшекұлы  Қазақстан 
Компартиясының  Орталық  Комитетіне  тікелей  хат  жазды.  Ол  кезде  облыстық  партия  комитетіне 
соқпай  бірден  жоғарыға  ұсыныс  беруді  айыптап,  тіпті  партия  комитетіндегі  кейбір  адамдар  мұны 
бағынбау деп есептеп, дөңайбат көрсете бастады. Ал Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші 
хатшысы  Оңайбай  Көшекұлының  хаты  бойынша  Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті  мен 
республиканың  Министрлер  Кеңесі  екі  рет  қаулы  қабылдап,  көптеген  негізгі  мәселелерді  шешті.  Бұл 
аудан экономикасының ілгері жылжуына әсер етті.  
Оңайбай  Көшекұлының  тіпті  аз  ұйықтап,  көп  жүруі  әдетке  айналды.  Оның  бұл  ұмтылысы 
далаға  кетпей,  іс  біртіндеп  алға  басты.  Сөйтіп,  белгіленген  шаралар  тиянақтылықпен  жүзеге 
асырылып, шаруашылықтар жылды пайдамен аяқтады. Балық өнеркәсібі мен темір жол көлігі, мұнай 
барлау  экспедициялары  да  жақсы  көрсеткіштерге  қол  жеткізді.  Ал  Оңайбай  Көшекұлы  аудандық 
партия комитетінің бюросы мен пленумдарының талқылануына ең өзекті мәселелерді ұсынып отырды. 
Бұларды жан-жақты талқылап алып, сол бойынша нақты мәселелерді тағы бір пысықтап, содан кейін 
ғана  шешім  қабылданатын.  Белгіленген  істерді  жүзеге  асыруда  Оңайбай  Көшекұлы  жарты  жолда 
қалып  қоймай,  оны  аяғына  дейін  жеткізіп  отыратын  және  оған  білікті  мамандарды  жұмылдырып, 
нәтижесін  үзбей  сұрап  отыруды  ұмытқан  емес.  Керекті  жерінде  адамдарға  тікелей  көмек  көрсетіп, 
қолдап,  қостап  жүретін.  Сонымен  қатар  қарамағындағы  адамдардың  орынсыз  жазалануына  жол 
бермеді.  Себебі,  ауылда  қиындықты  көріп,  ауыртпалықтарды  сезініп  өсуі  Оңайбай  Көшекұлының 
бойына мұң-мұқтажға сергек қарау қасиетін қалыптастырған еді. Осы орайда бір мысал келтіре кетуге 
болады. 
Бозашы  учаскесінде  қоныс  тепкен  бір  жылқышының  боранда  малы  өліп,  ісі  сотқа  берілді. 
Оңайбай  Көшекұлы  арнайы  кісі  жіберіп,  анығын  білгенде  жылқышының  кінәсі  болмай  шықты.  Көз 
аштырмайтын  боранда  жылқы  ығып,  малшының  күші  жетпей  қалған.  Ауданның  бірінші хатшысы  бұл 
жағдайды  М.Есеновке  хабарлап,  оның  жазығы  жоқ  екенін  және  істі  жаптыруды  сұрады.  Бұл  өтініш 
орындалып, жылқышы тұтқыннан босатылды.  
Оңайбай  Көшекұлы  аудан  басшылары  ретінде  малшыларды  жиі  аралап,  олардың  күнделікті 
жағдайларымен танысып, мұқтаж заттарын сұрап жүрді. Әсіресе, алыс ауыл адамдарына аса қажетті 
ыдыс-аяқ  сатып  алуларына  қамқорлық  жасады.  Мұның  өзі  малшылардың  көңіл-күйін  көтеріп,  бірінші 
хатшыға  деген  сенімін  арттыра  түсті.  Осындай  бір  шаруашылықтарды  аралау  кезінде  ол  Түрікмен 
республикасына  жақын  Темірбаба  аймағында  мал  тұяғы  тимеген  шұрайлы  жер  бар,  бірақ  тұщы  суы 
жоқ деп естіген.  
Оңайбай Көшекұлы аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы Т.Қағазовпен және аудандық 
ауыл  шаруашылығы  басқармасының  бастығы  Қ.Бисеновпен  сол  жерді  көруге  шықты.  Бұл  өте  қашық 
аймақ  екен  (500-600  шақырымдай).  Бұлар  шаршап-шалдығып  келгенде  алты  отар  жайылып  жүреді. 
Мал  Түрікменнің  Красноводск  ауданындағы  ХХІІ  партсъезд  совхозына  қарайды  екен.  Ал  отардағы 
қойлар  теңіз  суын  ішіп  шыққанда  аудан  басшылары  таңданып,  жаңалық  ашқандай  болды.  Өйткені, 
олар  мал  теңіз  суын  ішеді  деп  ойламайтын.  Мұндағы  малшылармен  сөйлесе  келе,  бұлардың  ертеде 
көшіп  кеткен  Форт-Шевченконың  қазақтары  екендерін  білді.  Малшылар  жағдай  жасалса,  елге 
оралғысы  келетіндерін  бүкпесіз  айтты.  Олар  артынан  көшіп  келіп,  «Ералиев»,  «Сам»  совхоздарына 
және  басқа  шаруашылықтарға  орналасты.  Бірінші  хатшы  осы  малшыларға  жағдайларын  жасауға, 
балаларын оқытуға көп көмек, қамқорлық жасады.  
Оңайбай  Көшекұлының  жатпай-тұрмай  атқарған  қызметіне  адамдармен  тіл  табыса  жұмыс 
жасауы  аудан  экономикасының  өрлеуіне  тікелей  ықпал  етті.  Бесжылдық  жоспар  орындалып,  1970 
жылы  ауданның  бірталай  еңбекшілері  үкіметтің  орден-медальдарына  ие  болды.  Солардың  ішінде 
Оңайбай  Көшекұлы Еңбек Қызыл Ту  орденімен наградталды. Облыс  жұртшылығы, облыс  басшылары 
Оңайбай Көшекұлының ұйымдастырушылық қабілетін жоғары бағалап, оған ыстық ықылас көрсететін 
болды.  Осы  орайда  айта  кеткен  жөн,  Оңайбай  Көшекұлы  ұшқыр  сөздерді  жақсы  көреді  және  өзі  де 
ондай  нәрселерді  жанынан  жылдам  шығарып,  айтып  тастайтын.  Сонымен  қатар  Оңайбай  Көшекұлы 
Мұрат,  Кердері  Әубәкір,  Шернияз  сияқты  ертедегі халық  ақындарының  өлеңдерін  жатқа біліп, кейде 
алқалы  ортада  айтып  отырады.  Мұның  өзі  Оңайбай  Көшекұлы  атамыздың  әдебиетке  деген,  жалпы 
өнерге  деген  құштарлығын,  халық  мұрасын  қастерлейтінін  анық  аңғартқандай.  Мұның  үстіне  халық 

108 
 
жазушылары  Әбу  Сәрсенбаевпен,  Хамит  Ерғалиевпен,  академик-жазушы  Зейнолла  Қабдоловпен 
достық байланыстарын қоссақ, бұл пікіріміздің дәлелді бола түсетіні анық [1, 28-42б].
  
Маңғыстау аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болған жылдары небәрі бір жылдың 
ішінде аудан аумағында төрт қабатты мектеп, аурухана және тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, жылу 
қазандығы  орнатылды.  Бұрынғы  он  екі  ұжымшардың  орнына  жеті  қаракөл  қой  шаруашылығы 
құрылды. Шаруашылықтар  басшылығына  қолынан іс  келетін  кадрлар тартылды. Жер  асты тұщы  суы 
бар  жерлерді  табу  мақсатында  барлау-іздестіру  жұмыстары  қолға  алынып,  соның  нәтижесінде  Сам 
бойындағы  жер  асты  суынан  Бейнеуге  дейін  су  құбыры  тартылып,  пайдалануға  берілді.  Осының 
арқасында  елді-мекендерді  ауыз  сумен  қамтамасыз  ету  мәселесі  бірте-бірте  шешімін  таба  бастады. 
Шалғайдағы ауданның күрделі проблемаларын білгірлікпен шеше білген басшы облысқа да қажет еді. 
1970  жылдың  басында  облыстық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып  Саламат  Мұқашұлы 
Мұқашев,  ал  облыстық  атқару  комитетінің  төрағалығына  бұған  дейін  Маңғыстау  ауданының  бірінші 
хатшысы болып істеген Оңайбай Көшекұлы сайланды [2]. 
 
Облыс  орталығының  жағдайы  онша  емес-ті.  Тұрғын  үй,  мәдени-тұрмыстық  объектілер 
жетіспей,  қаланың  санитарлық  жайы  нашар  болатын.  Қала  халқын  ет  пен  сүт  өнімдерімен,  ауыз 
суымен  қамтамасыз  ету  ісі  үздік-создық  жүргізілетін.  Мал  шаруашылығы  мен  мұнай  өнеркәсібінің 
көптеген  өзекті  мәселелері  де  өз  шешімін  күтіп  тұрды.  Бұл  жұмыстарды  жолға  қоюдың  оңай 
болмайтыны  түсінікті  де.  Бір  сөзбен  айтқанда,  анталаған  сан  мәселенің  шешімін  тауып,  облыс 
жағдайын  жақсартуға  қолдан  келгеннің  бәрін  жасау  керек.  Осындай  қиыншылықтарға  қарамастан 
Оңайбай Көшекұлы бұл қызметке келісімін берді. Ол облыс экономикасының жай-күйін тағы пысықтап, 
ойына бекітті.  
Нағыз  емтихан  КОКП  Орталық  Комитетінде  басталды.  Оңайбай  Көшекұлы  оның 
нұсқаушыларының,  секторлар  меңгерушілерінің,  ұйымдастыру-партия  жұмысы  бөлімі  бастығы 
орынбасарларының,  Орталық  Комитет  хатшыларының  сансыз  сұрақтарына  үздіксіз  жауап  берді. 
Соңында  одан  бекіп  шықты.  1970  жылдың  қазан  айындағы  халық  депутаттары  облыстық  Кеңесінің 
сессиясында  ол  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасы  болып  сайланды.  Бұл  Оңайбай  Көшекұлының 
Одақтық және республикалық дәрежеге көтерілуінің алғашқы баспалдағы болатын.  
Сол  уақыттағы  облыс  орталығының  тұрғын  үй  құрылысы  сын  көтермейтін  дәрежеде  болды. 
Қамыс  пен  шикі  тастан  салынған  ескі  үйлер  ескіріп,  көбі  құлау  жағдайында  тұрды.  Сонымен  қатар 
бытысқан барактар да жеткілікті болатын. Оның үстіне облыстың құрылыс базасы да нашар еді. Облыс 
басшылары  республикаға  бұл  жұмысты  кешенді  түрде  және  түпкілікті  шешу  жөніндегі  талай  мәселе 
қойды да. Осыған орай Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Министрлер Кеңесінің үш рет, 
КСРО Министрлер Кеңесінің бір рет қаулысы қабылданды. Әрине, бұл қаулыларда көрсетілген барлық 
шаралар  толық  орындалмады.  Әсіресе,  тұрғын  үй  құрылысының  екінші  тресін  құру  ұзақ  уақыт  бойы 
шешілмеді.  Ал  облыстағы  құрылыс  трестері  қуатының  төмендігі  ескеріліп,  бұған  Алматы,  Шымкент, 
Орал, Ақтөбе қалаларының үй құрылысы комбинаттары тартылды. Осының нәтижесінде Авангард пен 
Привокзальный деп аталатын екі шағын аудан, тоғыз қабатты қонақ үйі, тұрмыстық қызмет үйі және 
басқа  да  көптеген  медициналық  білім  беру  ғимараттары  бой  көтерді.  Әрине,  мұның  бәрі  керекті 
орындар қаулылар алғаннан кейін тап-тұйнақтай болып бірден салына қалмағаны баршаға аян. Онда 
облыс басшыларының, соның ішінде халық депутаттары облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы 
Оңайбай  Көшекұлының  үлкен  еңбегі  бар.  Ол  салынатын  үйлердің  жайлы,  ғимараттардың  сайлы 
болуына  баса  назар  аударып,  құрылыс  барысын  үнемі  өзі  тікелей  бақылап  отырды.  Мәселен,  тоғыз 
қабатты қонақ үйінің жобасында оның ішіне темір кереуеттер қойылуы керек екен. Оңайбай Көшекұлы 
орман өнеркәсібі министрлігінің Шымкент қаласындағы фабрикасына барып, ағаш кереуеттер жасауға 
тапсырыс  берді.  Сонымен  қатар  драма  театрының  ішін  әсемдеуге  қажетті  материалдар  алдыруға  да 
белсене араласты. Мұндай жағдайды тізе берсек, үлкен де ұзын тізім жасауға болар еді.  
Облыстағы  құрылысқа  қатысты  тағы  бір  күрделі  мәселе  болатын.  Атап  айтқанда,  Жайық 
өзенінің жыл сайынғы көктемгі су тасуынан жағалау құлап, көптеген үйлер зардап шегіп жатты. Осы 
себепті  қаланың  ортасындағы  Жайық  өзенінің  жағалауларын  бекіту  қажеттігі  туындады.  Республика 
Министрлер  Кеңесінің  1976  жылғы  бір  төралқа  мәжілісінде  Оңайбай  Көшекұлы  бұл  мәселені  көтеріп, 
оған  қаржы  бөлуді  сұрады.  Сол  сәтте  мәжілісті  басқарып  отырған.  Б.Әшімов  әзілін  кекесінмен 
араластырып: 
- Көшеков жолдасты Москваға жібермеу керек екен, - деді. – Москва қаласының ортасындағы 
өзен жағаларын көріп, қаражат жетпей жатқанда Жайықты Москва өзеніне теңестіргісі келеді.  
Оңайбай  Көшекұлы  пікірінен  қайтпай,  су  тасқынының  қала  тұрғындарына  келтіріп  отырған 
зиянын дәлелдеп, реніш білдірді. Содан кейін ғана Б.Әшімов райынан қайтып: 
- Жақсы, ақша бөлейік. Бірақ материалдық ресурстарды өзің тап, - деді.  
Темір жол министрлігінің облыстағы көпір салатын отрядында мұндай материалдық ресурстың 
көзі бар болатын. Сол жылы облысқа 250 мың сом бөлініп, 1,3 миллион сомның жаға бекіту жұмысы 

109 
 
орындалған  еді.  Бөлінген  қаржының  жетіспеген  бөлігі  басқа  объектілерге  пайдаланылмай  қалған 
қаражаттан алынды. Ол кезде облыстық атқару комитеті төрағасының мұндай іске құқығы болмады.  
Ауыл  шаруашылығының  жайы  да  ұйымдастырушылық  көп  күш-жігер  жұмсауды  қажет  етті. 
Соның  ішінде  мал  шаруашылығын  өркендетудің  көкейкесті  мәселелері  алда  тұрды.  Кейбір 
аудандардағы  жоспарлау  жұмысында  солақайшылдыққа  жол  беріліп,  оны  түзетуге  бірталай  қажыр-
қайрат жұмсалды.  
Облыс  ауқымындағы  істі  ұйымдастыруда  Оңайбай  Көшекұлы  қолынан  келгеннің  бәрін  істеді. 
Тіпті басын қатерге тіккен кездер де болды. Әсіресе, Теңіз ауданы жағында жер өртеніп, одан кейінгі 
жылдары Каспий теңізінің суы басқанда Оңайбай Көшекұлы оқиғалардың қызу ортасында жүрді. 
 
Облыстың  бірінші  басшысы  С.Мұқашев  пен  облыстық  атқару  комитетінің  төрағасы  Оңайбай 
Көшекұлының  іскерлігіне,  өзара  татулығына,  жұмысқа  принципшілдігіне,  күрделі  мәселелерді  кеңесе 
отырып, байсалды түрде түбегейлі шешетіндіктеріне көпшілік куә болды. Кейінгілері ағаларынан үлгі-
өнеге алуға тырысты.  
1973 жылдың сәуірінде Гурьев облысынан енші алып, Маңғыстау облысы құрылып, Шевченко 
қаласы  облыстың  орталығы  деп  аталды.  Мұнайлы  аймақтың  экономикасын  дамытып,  әлеуметтік 
мәселелерін шешу оңай болмады. Облыс басшылары С.Мұқашев пен О.Көшекұлы бастаған азаматтар 
түн  ұйқысын  төрт  бөліп,  уақытпен  санаспай  жұмыс  істеді.  Одақ  пен  республика  басшыларының 
алдына  батыл  және  өткір  мәселелер  қоя  білді.  Оларды  өз  дәрежесінде  жүзеге  асыруға  бар  күш-
жігерлерін жұмсады.  
Маңғыстау  облысы  жеке  бөлініп  шыққан  соң,  облыс  басшылары  С.Мұқашев  пен  О.Көшекұлы 
Гурьев  облысының  әлеуметтік-экономикалық  мәселелерімен  алаңсыз  айналысып,  алдына  қойған 
міндеттерді толық жүзеге асырды деп нық сеніммен айтуға болады. Бүгінгі жеткен жетістіктер, әсіресе, 
мұнай-газ саласындағы табыстар сол жылдардағы тынымсыз еңбектің, тиімді басқара білудің нәтижесі 
екені сөзсіз [2]. 
 
1977  жылы  Оңайбай  Көшекұлы  үшін  шарықтау  кезеңі  болды.  Оңайбай  Көшекұлы  Қазақстан 
Компартиясы Гурьев облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Облыс жағдайын 
жетік  білетін  және  бұл  бағытта  өзінің  көп  күшін жұмсаған  Оңайбай  Көшекұлы  соны  да  тың  ойларын 
жүзеге асыру үшін жаңа жұмысқа жаңа жігермен кірісті. 
Бұл  шақта  облыс  өнеркәсібі  елеулі  кезеңіне  қадам  басқан-ды.  Еділ-Жайық  арасында  және 
Кеңқияқ  Жаңажол  кен  орындары  ашылып,  «Жайықмұнайгаз»  газ-мұнай  өндіру  басқармасы  мен 
«Ақтөбемұнай»  өндірістік бірлестігі  құрылып,  шаңырақ  көтерді. Бұдан  кейін  атақты  Теңіз  мұнайының 
көмбесі табылды. Көптен сөз болып жүрген Атырау қаласын табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі өз 
шешімін тапты. Ол кезде облыс ауқымындағы темір жол жағдайы да тым төмен болатын. Бұл мәселеге 
де  Оңайбай  Көшекұлы  Қазақстан  Компартиясының  XV  съезінде  сөйлеп,  Мақат-Индер  темір  жолын 
салу, темір жолдың базасын нығайту жөнінде келелі ұсыныс жасады.  
Оңайбай Көшекұлы туралы сөз қозғағанда, оның іскер басшы, сұрғыла саясат адамы екенін де 
ұмыт қалдырмауымыз қажет.  
Оңайбай  Көшекұлы  туралы  айту  қызық  та  қиын.  Қызығы  сол,  ол  кісінің  еліне  жасаған  адал 
қызметі  адамды  қызықтырады  да  сүйсіндіреді.  Ал қиындығы,  Оңайбай  Көшекұлының ауқымы  зор  ісін 
толық қамтып, халыққа түгел жеткізе алмай жатамыз. Әрине, бұл кісінің бойындағы биік қадір-қасиеті 
де  үлкен  еңбекті  қажет  ететін  бөлек  тақырып,  бөлек  мәселе.  Сөйтіп,  тоқсан  ауыз  сөздің  тобықтай 
түйіні  бар  дегендей,  Оңайбай  Көшекұлы  -  алдындағы  ағалары  ардақ  тұтып,  інілері  үнемі  ізет 
көрсететін, халқына қадірлі жайсаң адам.  
Облыстың  ауыл  шаруашылығы  саласын  дамытуға  да  Оңайбай  Көшекұлы  мол  тәжірибесін 
пайдаланып, көп күш жұмсағанын айта кету жөн.  
Ауыл  шаруашылығы  жайында  бұрынғы  халық  депутаттары  облыстық  Кеңесінің  төрағасы, 
Қазақстан  Республикасының  халық  депутаты,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдарының  кандидаты 
Шайдолла Каримов ой қозғады: 
«Менің ойымша, адам туралы ұшқары пікір айтудан аулақ болу үшін оны әуелі дұрыс түсініп, 
дұрыс  біліп  алу  қажет.  Осы  тұрғыдан  қарағанда  мен  Оңайбай  Көшекұлымен  көп  жұмыстас  болып, 
қызмет  бабымен жиі  кездестік  те.  Бұдан мынадай түйін  жасауға  болады.  Бұл кісінің  адамдық  қасиеті 
сан  қырлы.  Ол  ең  алдымен  қарапайымдылығымен  дараланады.  Сонымен  қатар  биік  мансаптың 
менмендік буына піспей, өзін бір қалыпты ұстаудан айныған жоқ. Қай уақытта барсаңыз да қазақтың 
алып даласындай алды кең еді. Оңайбай Көшекұлымен сөйлесіп шыққаннан кейін қанағаттанып, тіпті 
қанаттанып  шығатын  едік.  Кейбіреулері  кемшілікті  мыжып  айтпай,  тұспалдап-ақ  жеткізетін.  Осы 
ағамыздың  ұрысқанының  өзі  басқалардың  ақыл  айтқанымен  пара-пар  болатын.  Ол  мол  тәжірибесін 
кейінгі  толқын  бізге  үйретуден  жалыққан  емес.  Орнықты  ойы  мен  дәлелді  сөзі  адамды  тұсап 
тастайтын.  Ағамыз,  әсіресе,  ауыл  шаруашылығы  саласының  қыры  мен  сырын  жетік  білді.  Мұның  өзі 
осы кісінің өмір тәжірибесін, тіршілік ғибратын бойына мол жинақтауының игі жемісі болса керек. 

110 
 
Оңайбай  Көшекұлы  ағамыз  туындаған  мәселелерді  шебер  шеше  білетін.  Осыған  орай,  мына 
жағдайды  да  айта  кету  қажет.  Мен  Индер  аудандық  партия  комитетінің  бірінші  хатшысы  болып 
сайланғаннан кейін бір айға жетпей бір топ тұрғындар келіп, поселкеге газ беру мәселесін көтерді. Бұл 
істі жүзеге асыру үшін автоматты газ бөлетін станция жетіспейтін еді. Осы кезде Оңайбай Көшекұлы 
келе  қалды.  Мұны  естіген  ағамыз  сол  бойда  Саратов  қаласымен  сөйлесіп,  мәселені  шешіп  берді. 
Жалпы,  бұл  кісі  адам  тағдырына  қамқорлықпен  қарайтын.  Тіпті  құлдырап  бара  жатқан  адамды  да 
сүйейтін еді. Қорыта айтқанда, биік адамгершілікті ол өзіне серік ете білді,» - деп Шайдолла Каримов 
ойын аяқтады. 
Облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Оңайбай Көшекұлы кісілігімен де, кішілігімен де 
көрінгенін  тағы  бір  еске  сала  кеткен  жөн.  Ол  аппараттарындағы  адамдарға,  аудандардағы 
қызметкерлерге  қамқорлық  жасап,  көмектесе  жүруді  басты  міндетім  деп  санады  және  осыған  орай 
қызметтенді де. 
 
Оңайбай  Көшекұлы:  «Мен  1977  жылдың  ақпан  айында  облыстық  партия  комитетінің 
Пленумында  бірінші  хатшы  болып  сайландым.  Облыс  орталығының  абаттанып,  көркеюіне,  жаңа 
құрылыстардың бой көтеруіне қосқан үлесімді әлі күнге мақтаныш етемін,» - деп Атыраудың тарихына 
үлесінің барлығына мақтан етеді [3]. 
 
Кеңес  Одағының  экономикасы  мен  мәдениетінің  өркендеуіне  сүбелі  үлес  қосқан  көрнекті 
қайраткері - Оңайбай Көшекұлын облыстың жасы да, кәрісі де жақсы біледі. Оның барлық өнегелі өмір 
жолы елдің көз алдында өтіп жатыр. Ол екінің бірі емес, ерекше әйгілі, елге қадірлі адам [4, 99б].  
Сайып  келгенде,  Оңайбай  Көшекұлының  іскерлігіне,  мәселені  әріден  ойлап  шешетіндігіне 
көпшілік  әбден  тәнті  болған-ды.  Оңайбай  Көшекұлы  бұл  басшылық  қызметті  үзіліссіз  тоғыз  жыл 
атқарды. Облыстың индустриясы, ауыл шаруашылығы еселеп артып, құрылыс қарқын алды, халықтың 
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары едәуір жақсарды. 
Бүгінде Атырау өңірі дүние жүзіне танымал мұнай және газ кендері көптен ашылған, болашағы 
зор аймаққа айналып отыр. Мұны Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың көрегенділігінің, жүргізіп отырған 
салиқалы саясатының арқасында және сол жылдары облысқа басшылық еткен Оңайбай Көшекұлы мен 
басқа көптеген тұлғалардың және солардың жұмысын жалғастырған азаматтардың еңбегі деп білеміз.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет