Строительные нормы республики казахстан


 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР



Pdf көрінісі
бет6/65
Дата03.05.2023
өлшемі1,43 Mb.
#89271
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
3 02 07 2014

4 МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАР
 
4.1 Нормативтік талаптар мақсаты
 
Нормативтік талаптар мақсаты – олардың бүкіл пайдаланылуы кезеңінде қоғамдық 
ғимараттар қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың денсаулығын, мүліктерді қорғау 
және қоршаған ортаны қорғау, адамдардың келуі, демалуы және еңбек етуі үшін қолайлы 
жағдай жасау.
4.2 Функционалдық талаптар
 
4.2.1 Ғимараттарда халықтың тіршілік қызметінің күнделікті, кезеңдік және 
эпизодтық қажеттіліктерін (бос уақыт және демалыс, тауарлар мен қызметтер тұтыну, 
рухани қажеттілік) қамтамасыз ету үшін жағдай жасалуы тиіс.
4.2.2 Ғимараттардың кӛтергіш конструкцияларының құрылысын жүргізген кезде 
есептелген пайдалану жағдайларында тӛмендегілерге жол берілмейтіндей жобалануы 
және салынуы тиіс:


ҚР ҚН 3.02-07-2014* 
 

- ғимараттарды пайдалануды тоқтату қажеттігіне алып келетін шекті жағдайға жету 
салдарынан конструкциялардың бүлінуіне;
- конструкциялардың немесе ғимараттардың деформациялануы немесе жарықтардың 
пайда болуы салдарынан пайдалану қасиеттерінің бұған жол берілмейтіндей нашарлауына;
- конструкциялардың олардың есептік параметрлерін бұзатындай зақымдалуына.
4.2.3 Қоғамдық ғимараттар келушілер мен ондағы жұмысшылар ғимараттың ішінде 
және қасында жүргенде, ғимаратқа кіріп-шыққанда, сондай-ақ оның жылжымалы 
элементтері мен инженерлік жабдығын пайдаланғанда жарақат алу ықтималдығы 
болмайтындай салынуы және жабдықталуы тиіс.
4.2.4 Ӛрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық ғимараттар ӛрт ошағын 
ерте анықтау, ерте хабар беру, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, ӛртті сӛндіру үшін тиісті 
жағдайлардың жасалғандығы ескеріле отырып жабдықталуы керек.
4.2.5 Қоғамдық ғимараттар ғимараттың қызмет ету мерзімі аралығында үй-
жайлардың ауасында ластаушы заттардың мӛлшеріне, микроклиматқа, жарықтандыруға, 
инсоляцияға, күннен қорғалуға, шуылға, вибрацияға және сәулеленуге байланысты 
адамдардыңң денсаулығына қауіп тӛндіруді болдырмауды ескере отырып жобалануы 
және салынуы тиіс.
4.2.6 Қоғамдық ғимараттар аумақта қоршаған ортаға келтірілетін кері әсерлерді 
барынша азайту бойынша қойылатын экологиялық талаптардың сақталуымен 
орналастырылуы қажет.
4.2.7 Қоғамдық ғимараттар мен іргелес аумақтар қозғалыс мүмкіндігі шектеулі 
келушілерді қоса алғанда, барлық адамдардың олардың мақсатты орындарына сәйкес 
кедергісіз жүріп-тұруына жағдай жасауды ескере отырып жобалануы және салынуы қажет.
4.2.8 Ғимараттар мен ондағы жылыту, салқындату, жарықтандыру және желдету 
қондырғылары пайдаланылатын энергия қуатының талап етілетін мӛлшері климаттық 
жағдайлардың ескерілуімен барынша тӛмен болатындай жобаланып, салынуы қажет.
4.2.9 Ғимараттар табиғи ресурстарды кешенді пайдалану шартының орындалуы 
арқылы жобалануы, салынуы, атап айтқанда құрылыс конструкцияларының, олардың
материалдарының және бӛліктерінің бүлінгеннен кейін қайта қолданылатынына немесе 
рециклингке, экологиялық талаптар жағынан сәйкес келетін қайталама материалдардың 
пайдаланылатынына кепілдік берілуі тиіс.
4.2.10 Қоғамдық ғимараттарды жобалаған уақытта аумақтың кӛгалдандырылуы мен 
кӛркейтілуіне бағытталған іс-шараларды қарастыру қажет. 
4.2.11 *Қоғамдық ғимараттар мен құрылыстарды жобалау кезеңінде объектінің 
Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал, объектілері тізіміне жататынын 
анықтау және объектінің терроризмге қарсы қорғаудың тиісті жүйесін жасау үшін 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысымен бекітілген 
Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын 
талаптарға сәйкес шаралар қабылдау қажет (Толықтырылды – ҚТҮКШІК 15.11.2018 ж. 
№235-НҚ бұйрық)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет