– капиталистік қатынастарға жол ашқан Ұлы Француз революциясы. Екіншісі
– алдымен Англияда, сосын Франция және басқа Батыс Еуропа елдеріндегі
күрделі өнеркәсіптік өзгерістерді капитализмді одан әрі нығайтты. Бұған орай
жаңа қоғамдық құрылыс пайда болды. Өсіп келе Жатқан буржуазия
еркіндікке, жылдам алға дамуға, заңдылыққа тырысты. Сондықтан бұл кездегі
буржуазиялық саяси идеологияның бас бағыты либерализм (ерікті, азат деген
латын тілінен шыққан) болды.
Сонымен қатар, капиталистер мен пролетариаттың арасындағы таптық
күрестің
үдеуіне
байланысты
кертартпалық
пікірлер
де
туа
бастады.Пролетариат күресінің алғашқы кезеңінде өз үмітін Сен-Симон,
Фурье, Оуэн сияқты утопиялық социалистердің іліміне артты. Олар буржуазия
орнатқан тәртіптерді қатты сынады. Жұмысшы табының өмірі қаншалықты
ауыр екенін сипаттады. Сен-Симон әркім қабілетіне қарай жұмыс істейтінін
және еңбегіне қарай ақы алатын қоғамдық құрылымның болуы мүмкіндігін
туралы пікір айтты. Осыған байланысты еңбек ету құқығын алдыңғы қатарға
қойды. Оуэн өнеркәсіп революциясының маңызын жоғары бағалады. Утопист
– социолистер қала мен деревня арасындағы, дене еңбегі мен ой еңбегі
арасындағы қарама – қарсылықты жоюдың қажеттілігін ұсынды. Олар
материалдық игіліктерді әділ бөлу мәселесіне баса назар аударды. Утопист-
социалистердің озық ойларымен қатар кемшіліктері де болды. Олар қоғамдық
дамудың заңдылықтарын түсінбеді, қоғамдық өмірді қайта құрудың шынайы
жолдарын көрмеді, жұмысшы табына тек жапа шегуші тап деп қарады.
Достарыңызбен бөлісу: