рухани гүлдендіретін еңбек, соның арқасында ол бүкіл адамзат қоғамына
кызмет етеді деп санады. Одан әрі ол: «Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып
кел, Малын болса сыйламай тұра алмас ел», - деп еңбектің қандай түрі болса
да пайдалы, одан арлануға болмайтындығын үйретті. Абай еңбекшілердің хал-
ахуалын, өмірін жақсарту үішін қоғамның экономикалық негізін өзгерту керек
деп түсінді. Сондықтан ол қазақтардың прогресті дамуын егіншілік, қолонер,
сауда сияқты экономиканың үш тетігімен тығыз байланыстыра қарады.
Данышпан атамыз: «Түбінде баянды еңбек егін салған, жасынан оқу оқып,
білім алған», - деп көрегендік ойын түйеді. Ал қолөнері қандай жағдайда
болсын адам қолында қалатындығын көрсете келіп, «алдау қоспай адал
еңбегін сауған қолөнері - қазақтың әулиесі сол» деп жоғары бағалайды.Ақын
өзгерістің негізгі күші ағартушылық деп ұқты, «Өсек, өтірік, мақтаншақ,
еріншек, бекер мал шашпақ» сияқты кемшіліктерді көрсету арқылы халықты
түзетуге тырысты. Ол үшін «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап
қой» деп ақыл берді. Әсіресе, жастарға үлкен үміт артты. Адамның
адамгершілік қасиетін арттыруға жұмылдырды. «Бірің қазақ, бірің дос,
көрмесең істің бәрі бос», - деп, ұлттық бүтіндік, ішкі татулык,
ынтымақтастыққа шақырды. Өз халқымыздың мүддесі үшін күресте достық,
татуластық, бірлік керектігіне назар аударды.Сол кездегі тарихи жағдайда
өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын
ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп, кәсіпті, сауданы меңгеруге кеңес
берген - Абай. Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да,
экономикалық реформаны да бірінші ұсынған - ұлы Абай. Яғни, данышпан
ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын
жойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: