Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


  Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар



Pdf көрінісі
бет14/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

11. 
Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар. 
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар 
бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік. 
1. 
Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, 
қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын 
фәлсафашысы Т. Гоббс(1588—1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы 
және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды. 
2. 
Бихевиористіканықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс- 
тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің 
ерекше түрі. 
3. 
Инструменталистіканықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды 
(зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану 
мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. 


 
Даль(1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен 
жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді. 
4. 
Структурсистік анықтамабилікті басқарушы мен бағынушының 
арасындағы қатынастың ерекше түрі деп ұғады. Олар кейбір адамдарды 
туғанынан, табиғатынан әміршіл, басқарғысы келіп тұратын болады, ал 
басқалары көнбіс, көнгіш, басқа біреу өз ырқын билеп, басқарып, жол көрсетіп 
тұрғанын ұнатады, қалайды дейді. Солардың арасында, олардың ойынша, 
билік қатынастары туады. 
5. 
Конфликтіліканықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді 
реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді. 
Біраз ғалымдар билікті кең мағынасында басқаларға тигізілетін жалпы 
ықпалретінде қарайды. 
П. Моррис, А. Гидденс сияқтылар, жоғарыдағы көзқараспен келіспей, билікті 
біреуге немесе бірдеңеге тигізетін жай ғана ықпал, әсер емес, оларды өзгертуге 
бағытталған іс-әрекет дейді. 
Америка саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан "Билік және қоғам" 
деген кітабында билікті шешім қабылдауға қатысу мүмкіндігі ретінде 
сипаттайды. 
Сонымен, біз билік туралы ғалымдардың арасында ортақ пікір, анықтама жоқ 
екенін байқадық. Батыстың әлеуметтанушысы Р. Мартин билік махаббат 
сияқты, күнделікті тілімізде жиі пайдаланылады, іштей сезіледі, бірақ сирек 
анықталады деп бекер айтпаған. Оның себебі, француздың саясаттанушысы 
Ж. К. Шевалье айтқандай, адамдарды биліктің жалпы ұғымының 
айналасындағы айтыс-тартыстан гөрі нақтылы, шын мәніндегі биліктің өзі 
көбірек ойландырған, магнитше тартқан. 
Дегенмен, ғылым болғандықтан анықтама беріледі. Мысалы, "Философиялық 
энциклопедиялық сөздікте" билік туралы былай делінген: "Сөздің жалпы 
мағынасында билік өз еркінде жүзеге асыруға қабілеттілік пен мүмкіндік, 
адамдардың жүріс-тұрысы, іс-әрекетіне қайсыбір амал-әдістер — бедел, 
құқық, 
күштеу 
арқылы 
шешуші 
ықпал 
жасау" 
("Фшософский 
энциклопедическийсловоръ". М., 1983, 85-бет).Біздінше, билік деп біреудің 
екіншілерге әмірін жүргізіп, олардың іс-әрекеті, қызметіне ықпал етуін 
айтады. Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму 
барысында бола бермек. Ол ең алдымен коғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін 
керек. Онсыз барлык, катысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. 
Билік адамдар арасындағы қарым-қатынастарды, адамдар, қоғам және 
мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. 
Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек. Алғашқы қауымдық 


 
коғамда билік қоғамдық сипатта болды. Ол кезде билікті қауым бастығын 
сайлайтын ру-ру мен тайпалардың барлық мүшелері бірігіп іске асыратын. 
Әлеуметтік бөлшектену өрістеп, мемлекеттің пайда болуына байланысты ру 
басшыларының адамгершілік беделі төмендеп, оның орнына ақсүйектер 
билігінің беделі ұлғайды. Биліктің аппараты дүниеге келді, адамдарды еркінен 
тыс, ыктиярсыз еркіне көндірген мекемелер пайда болды. Олар мемлекет 
ретінде қоғамнан дараланып, оқшауланып, оның үстінен қарайтын органға 
айналды. Құлдық қоғамда саясат, саяси билік пайда болды. Сондықтан саяси 
биліктің пайда болуын қазіргі саясаттануда мемлекеттің пайда болуымен 
байланыстырады. 
Әдетте, "билік" деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету 
бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата-аналар билігі, 
мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани 
билік және т.т. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік-саяси салада ғана 
айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады. 
Биліктің басқа түрлерімен салыстарғанда саяси биліктің мынадай 
ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары 
тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның 
атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше 
тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін козғауы, басқа 
мекемелерге қарағанда билік органдарының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің 
жұмыс тәртібін белгілеуде жеке-дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш 
қолдана алуы және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет