мекемелер мен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның
ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәһар
болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол
адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге
бөлді. Бұл топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта
құдаймен мәңгілік патшалыққұратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге
мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.
Христиан
дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах
Фома
Аквинский (1225-1274) болды. Оның саяси көзқарастары "Билеушілердің
басқаруы туралы", "Теологияның жиынтығы" деген еңбектерінде қаралды.
Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің
қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аристотельдің адам
қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз
мұқтаждығын, қажеттілігін жеке-дара қанағаттандыра алмайды.
Сондықтан
мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың пешенесіне әуел бастан
жазылған деп түсіндірді. Мемлекеттік биліктің мақсаты - "ортақигілікке"
жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін
феодалдық-сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі
бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды.
Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек, оның
түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы би- леуі тиіс. Осыған ұқсас
саяси көзқарас мұсылман дінінде де орын алды. Ислам саяси билік дін
басыларының қолында болуын көздеді.
Құранның талабы бойынша қай
мұсылман болмасын Аллаға, оның өкіліне және билік иесіне бағынуы тиіс.
Алғашқы исламның үйретуінше діни билік те, ақсүйектік билік те
пайғамбардың қолында болу керек, ал ол қайтыс
болған соң пайғамбардың
орынбасарлары - халифтарға көшуге тиіс. Басында солай болды да. Тіпті,
мемлекет мүлкі де құдайдікі деп есептелді. Бірақ 945 жылдан бастап имамдар
негізінен діни беделмен шектеліп, нағыз билік ақсүйек- сұлтандарға
ауысты.XX ғасырда феодализм ыдырап, капиталистік қатынастар пайда бола
бастады. Жас буржуазияны жақтаушылар католик шіркеуінің озбырлығына,
оның діни қатқан қағидаларына қарсы шығып,
адам құқығын, ар-намысын
қорғауға шақырды. Бұл дүниедегі қызықтан бас тартуды уағыздайтын католик
көзқарастарына ақылмен тәжірибенің құдіретіне сенуді қарсы қойды. Адам
мәселесі, оның мемлекетпен арақатынасы саяси ілімде маңызды орын алады.
Қоғамдық санада бұл бағыт "гуманизм" деп аталады. Жаңа буржуазиялық
идеологияны жасау үшін антикалық дәуірдің үлгілерін, идеалын
пайдаланғандықтан, бұл бағытты Қайта өрлеу деп те атайды. Алдыңғы
қатарлы оқымыстылар шіркеу мекемелерін сол кездегі феодализмге, католик
дініне қарсы бағытталған
әлеуметтік-саяси қозғалыс - реформацияның тұрғысынан сынға алынды.
Олардың талабы ертедегі христиан дініне сәйкес
шіркеуді өзгерту және
демократияландыру болды. Сонымен қатар гуманистердің көпшілігі халыққа
сенбеді, бұқараның революцияшылдығынан қорықты. Осының бәрі
гуманистер көзқарасында қарама-қайшылықтар тудырды. Мұны біз олардың
еңбектерінен де көреміз.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілі буржуазиялық саяси ғылымның негізін
салушы
Никколо Макиавелли (1469-1527) болды. Оның
атақты
шығармалары "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар",
"Флоренцияның тарихы". Макиавелли діни көзқарасқа қарсы болды.
Шындықтың белгісі сенім емес, тәжірибе деп білді. Ол мемлекет деген атауды
ғылымға, әдебиетке бірінші боп кіргізді. Мемлекетті билік жүргізуші мен оған
бағыныштылардың қарым-қатынасы деп ұқты. Ол республикалық мемлекетті,
еркіндікті, теңдікті қалады. Мемлекет ерікті болса ғана қуатты, абыройлы бола
алады. Патша рақымсыз, сараң, опасыз, қаһар болмай,
қайырымды, адал,
қамқоршыл, мырза болуға тырысуы керек. Бірақ елдің бірлігі мен қол
астындағы адамдардың берілгендігіне келгенде, Макиавелли әділдік пен
адамгершілік емес, алға қойған саяси мақсат тұрғысынан қарады. Ол мақсатқа
жету үшін амал, айланың қай түрін болса да қолдануға кеңес берді.
Мемлекеттің басын қосып, жаңарту үшін сөзге түсінбейтін кертартпалармен
күресте жауыздық пен күшті пайдалануға болады.
Қаталдық өзіңе
бағыныштылардың пайдасы үшін бір-ақ рет қолданылуы керек. Бірақ
Макиавеллидің бұл ескертпесі көп жағдайда еске 66, алынбай, "мақсат әдіс,
тәсілді ақтайды" деген қағида кейін ма- киавеллизм деген атпен тарап кетті.
Қайбір жауыз патшалар Макиавелли де қаталдықты қолдаған деп, өздерінің
қара ниеттерін ақтағылары келеді.
Достарыңызбен бөлісу: