Саясаттану пәні бойынша дифференциалды сынақ сұрақтары. 2021-2022 оқу жылы Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет32/45
Дата03.05.2023
өлшемі0,82 Mb.
#89356
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45
Байланысты:
Саясаттану сессия

Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық 
және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы 
саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде 
мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың 
негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз 
билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге 
асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы 


 
саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін 
дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе 
билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге 
біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым 
бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм 
индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар 
Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық 
саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта 
дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар 
халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық 
әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде 
қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса 
маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда 
тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән 
құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге 
ұласады. 
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың 
қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп 
есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің 
сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және 
оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру 
тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі 
негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні 
бағынушылардың үстінен қарай тын және олардың тіршілік әрекеттеріне 
бағдар беретін күшке айналдырады. 
Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды 
жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың 
ассоциативтік 
бірлестігінің 
бастапқы 
кезендерінен 
бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің 
әлеуметтік, мораль дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, 
авторитаризм, авторитарлық — тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар 
мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді. 
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп 
шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды 
саяси қауым дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік- саяси 
факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз 
бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік 
үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның 
ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық талынған, саяси 
жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің 
дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі 
қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады.
[5]
 


 
Саяси режим тұлғаның саяси шынайылықты және оның проблемаларын 
түсінуіне шешуші ықпалын тигізетін саяси еркін қалыптастыра отырып, 
белгілі бір деңгейде тұлғаның әлеуметтік-саяси белсенділігін шектейді. 
Сондықтан да, саяси режим – абстрактілі категория емес, ол шынайы 
әлеуметтік-саяси мазмұнға ие. Ол сонымен бірге адамның ішкі дүниесін, оның
құндылық 
бағдарларын 
қалыптастырады. 
Саяси режим саяси жүйенің құрылымдық элементтеріне, олардың саяси 
басымдылықтарына, биліктік әсер етудің әдістерін, құралдарын таңдауына 
ықпал 
етеді. 
Саяси режимнің қызмет етуі қоғамның саяси мәдениетіне, адамдардың саяси 
тәжірибесіне, халықтың діліне айтарлықтай әсер етіп, тұлғаның қандай да бір 
саяси 
режимді 
қалауын 
қалыптастырады. 
Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – 
билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің 
атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы 
субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. 
Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын 
қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, 
оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік 
құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік 
әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп 
шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды 
саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси 
факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз 
бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік 
үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның 
ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анықталынған, саяси 
жинақылық 
төмен. 
Қоғам үшін ашықтықтың белгілі бір дәрежесі мен саяси бәсекелестіктің болуы 
тән. Саясат элитарлық әрекет деп танылып, саяси элита топтарының арасында 
ашық, заңдастырылған саяси күрес жүреді. Тарихи тұрғыдан қарасақ, бұл, 
мәселен өнеркәсіптік және аграрлық экономикалық элиталардың арасындағы 
күрес болуы мүмкін. Мысалы, XVII ғ. Ағылшын революциясы 1688 ж. даңқты 
революция деген атауға ие болған оқиғамен аяқталды, соның нәтижесінде 
күресуші элитарлық топтар арасында келісімге қол жеткізілінді. Осы 
компромисс және одан кейінгі саяси процесс Англияда саяси консесуалдық 
мәдениетті қалыптастырып, Англияның саяси өмірінің ірге 
тасын
қалады. 
Ағылшын 
демократиясының 
көптеген 
ерекшеліктері 
өздерінің 
тамырын 
осы 
саяси
дәстүрден 
алған. 


 
Авторитарлық-бюрократиялық 
режим. 
Мұндай режим саяси дағдарыс жағдайында пайда болады. Ол, әсіресе саяси 
өзгерістерді басынан кешіріп отырған өтпелі қоғамдарға тән. Режимнің ең 
маңызды саяси міндеті – қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау мен әлеуметтік 
дағдарыстың таптардың, этникалық, әлеуметтік топтардың ашық теке-тіресіне 
ұласып кетпеуін қадағалау. Сол себепті, үстемдік етуші саяси элита 
ептілігімен ерекшеленеді, ол қарсы тұрушы күштердің үстінде тұруға 
ұмтылады, әлеуметтік демагогияға, кеңтаралымды үндеулерге жүгінеді, 
популистік 
бағдарламаларды 
ұсынады. 
Режимнің міндеті – бұқараны тыныштандыру, олардың саяси процеске 
қатысуын шектеу. Мұндағы негізгі ұран: саясатпен айналысу қажет емес, тек 
қана еңбек ету керек. Режим белгілі бір лидерге харизма жасай отырып, оның 
танымалдығын пайдалануы мүмкін. Режимде үстем партияны, халықты 
біріктіретін идеологияны қалыптастыруға деген тенденция пайда болады. 
Авторитарлық-әскери 
режим. 
Әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген әскерилер қалыптастырған 
режим. Оған дағдарыстан шығудың жолын іздеу және төтенше, әскери 
тәртіптерді орнатуға ұмтылу тән. Бұл режим кезінде халықтың саяси 
белсенділігі айтарлықтай жоғары болмайды, қоғамда төтенше заңдар әрекет 
етеді. Жеке адамның бостандығы, құқығы шектелінеді, жаппай күш 
көрсетудің ашық шараларын қолдану заңды деп танылады. 
Алайда әскерилер экономиканы тиімді басқара және әлеуметтік мәселелерді 
жемісті шеше алмайтындықтан, әскери режим өз танымалдығын тез жоғалтып 
алады. Сонымен қатар әскери режим үшін негізгі қауіпті әскерилер 
арасындағы жікшілдік тудырады. Қатардағы әскери бұқараға жақын тұрған 
атаққұмар полковниктер төңкеріс жасау арқылы генералдарды билік басынан 
тайдыруы 
мүмкін. 
Тоталитаризм. 
Бәсекелесуші олигархияның автократиялық режимінде қатаң әлеуметтік 
қарсы тұру жоқ болғандықтан, бұл режим біртіндеп либералдық демократия 
режиміне 
өзгеруі 
мүмкін. 
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен 
(лат. totalis-жалпы, жаппай, барлығын қамтитын), яғни акциялардың, 
әрекеттердің 
бәрін 
қамтып, 
жекелікті 
жоққа 
шығарушылығымен 
ерекшеленетін ерекше саяси режим. Саяси өмірде тоталдық идеясы ежелден 
белгілі. Адамдардың тіршілік әрекеттерін жаппай қадағалау мен оны толықтай 
реттеудің қажеттілігін ежелгігрек философы Платон (б.д.д.428-348 


 
Қытай императоры Цинь Ши-Хуанди (б.д.д. 259-210 жж) Фацзы (легистер) 
мектебінің идеяларына сүйене отырып, билікті орталықтандыру мен 
бірпікірлілікті қалыптастыру арқылы тоталитарлық идеяларды жүзеге асыруға 
талпынды. Ол ұлы қытай ойшылы Конфуцийдің еңбектерін еркін ойлаудың
уағыздаушысы 
ретінде 
отқа 
жақты. 
Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси 
процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер 
осы 
ХХ 
ғ. 
пайда 
болды. 
Итальяндық фашистердің лидері Бенито Муссолини өзінің 1932 ж. жарық 
көрген «Фашизм доктринасы» атты еңбегінде тоталитаризмнің бір түрі 
фашизмнің идеологиялық концепциясын нақты және айқын түрде баяндап 
берді. Онда ол, ең алдымен,мемлекетшіл ретінде көрінеді. Ол: «Мемлекет 
халықтың ұжданы мен еркінің білдірушісі болды. Либерализм Мемлекетті 
индивид үшін жоққа шығарды; фашизм индивидтің нағыз мәнінің 
жоқтаушысы ретінде Мемлекет құқығына көңіл аударады» деп есептеді. 
Мемлекеттің басымдылығына баса назар аудара отырып, ол әрдайым бұл 
терминді бас әріппен жазады: «Мемлекеттің фашистік концепциясы барлығын 
қамтиды: одан тыс ешқандай адами, рухани құндылықтар болмайды немесе 
ондай құндылықтардың мәні өте төмен болады. Осындай түсініктегі фашизм 
тоталитарлық және фашистік Мемлекет – ол өзіне барлық құндылықтарды 
жинап алатын синтез және бірігу, - халықтың барлық өмірін түсіндіреді, 
дамытады және күш береді».
жж) ұсынып, талдаған болатын. Ол идеалды мемлекетте адамдардың барлық 
өмірі қатаң ережелерге бағынуы керек деп есептеді. Тек мемлекет қана жеке 
мүдделерді ортақ мүдделерге бағындырып, заңдарды қолдану арқылы қоғамда
тәртіп 
орнатуға 
міндетті. 
Тоталитарлық жүйе ретіндегі коммунизм идеологиясы жаңа тапсыз қоғам 
құрудың кеңестік тәжірибесінің негізінде қалыптасты. Әрине, оның бастапқы 
принциптерін К.Маркс берген болатын, ол пролетариаттың таптық 
диктатурасының ерекше креативтік рөлі туралы ережелерінде еуропалық 
елдердегі революциялық тәжірибені зерттеу негізінде осы диктатураның 
тарихи болмай қалмайтындығы мен қажеттілігін баса атап өтті. К.Маркстың 
іліміндегі пролетариат диктатурасын орнату қажеттілігі идеясын мойындай 
отырып, В.И.Ленин бұл диктатураның орнауы таптық күрестің тарихи 
кезеңіне, азамат соғысына, мемлекетаралық қайшылықтарға алып келеді деп 
көрсетті. Аталған саяси процесте күш көрсету факторы шығармашылық рөл 
атқарады. Тек күш қолданудың негізінде ғана жаңа қоғамның пайда болуы 
және 
дамуы 
мүмкін. 
Яғни, «сталинизм» ерекше ілім болып саналмайды, өйткені ол өзінің мазмұны 
бойынша Лениннің тоталитарлық идеяларын іс жүзінде толықтай 


 
жүзеге 
асырған 
тоталитарлық 
практика
еді. 
Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген 
елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы 
күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, 
Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік 
бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен 
тоталитарлық
тенденциялар 
қалыптасты. 
Демократиялық режим. Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, 
халық, демос (гр.сөзі demos – халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, 
билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған 
билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын 
басқару формасы болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет